5-1. Салық органдары осы баптың 1-тармағында көрсетiлген импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзiмiн өзгерту туралы шешiмдi қосылған құн салығын төлеушiден өтiнiш пен осы бапта белгiленген растау құжаттарын алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қабылдайды.
6. Төлеу мерзiмдерi осы бапқа сәйкес өзгертiлген салық сомаларын өтеудi үш айлық кезең iшiнде салық органдары өткiзiлген тауарларға (жұмыстарға, қызмет көрсетуге) қатысты қосылған құн салығы бойынша бюджетпен өзара есепке жатқызу әдiсiмен жүргiзедi.
Өтелмеген берешектiң сомасына аталған үш айлық кезең аяқталғаннан кейiнгi бiрiншi күннен бастап өсiмпұл есептеледi.
7. Тауарларды өнеркәсiптiк ұқсатусыз өткiзген жағдайда, қосылған құн салығы осы Кодекстiң 244-бабына сәйкес белгiленген тәртiппен өсiмпұл салына отырып есептеледi.
23.11.02 ж. № 358-II; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2005.22.11 № 89-III (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 250-бап өзгертілді
250-бап. Импортталатын тауарларға арналған қосылған құн салығын есепке жатқызу әдiсiмен төлеу
1. Қосылған құн салығы осы бапта мынадай тауарлардың:
1) жабдықтың;
2) ауылшаруашылық техникасының;
3) автомобиль көлігінің жылжымалы жүк құрамының;
3-1) тiкұшақтар мен ұшақтардың;
3-2) темір жол локомотивтерi мен вагондардың;
2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен 3-3) тармақшамен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
3-3) теңіз кемелерінің;
4) қосалқы бөлшектердің;
5) пестицидтердiң (улы химикаттардың) импорты бойынша белгiленген тәртiппен есепке жатқызу әдiсiмен төленедi.
Аталған тауарлар тізбесін және оны қалыптастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Бұл ретте осы тiзбеге Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiсi жоқ немесе Қазақстан Республикасының қажеттерiн жаппайтын тауарлар енгiзiледi.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 1-1 тармақ жаңа редакцияда (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1-1. Осы баптың 1-тармағының ережелері қосылған құн салығын төлеуші өзінің өндірістік мұқтаждары үшін әкелетін тауарларға қатысты қолданылады.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Қосылған құн салығын төлеушi кеден органына қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлiктiң көшiрмесiн, сондай-ақ қосылған құн салығы бойынша декларацияда осы баптың 1-тармағында аталған тауарлардың импорты бойынша төленуге тиiс қосылған құн салығының сомасын көрсету жөніндегі және аталған тауарларды нысаналы пайдалану туралы міндеттемені табыс етедi.
Міндеттеме, уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген нысанда екi дана етiп толтырылады.
Мiндеттеме негiзiнде тауарларды еркiн айналысқа шығару - белгiленген тәртiппен кеден төлемдерiн, ал акцизделетiн тауарлар бойынша акциздердi де төлеген жағдайда, қосылған құн салығы iс жүзiнде төленбей жүргiзiледi.
3. Мiндеттемеде көрсетiлген қосылған құн салығының сомасы қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда осы Кодекстiң 235-бабына сәйкес бiр мезгiлде есепке жатқызыла отырып, салықтың есептелген сомасы ретiнде көрсетiледi.
4. Осы баптың 1-тармағында аталған тауарларды одан әрi пайдалануға осы Кодекске сәйкес қосылған құн салығы салынуға тиiс.
41-тарау. Қосылған құн салығы бойынша
бюджетпен өзара қатынас
29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 251-бап өзгертілді
251-бап. Есепке жатқызылған салық сомасы салық кезеңi iшiнде есептелген салық сомасынан асып кеткен жағдайларда бюджетпен өзара қатынас
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, есепке жатқызылған салық сомасының салық кезеңi iшiнде есептелген салық сомасынан асып кетуi қосылған құн салығы бойынша алдағы төлемдердiң есебiне жатқызылады.
2. Нөлдiк ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша осы баптың 1-тармағында аталған асып кету сомасы, егер де мына шарттар орындалатын болса:
1) қосылған құн салығын төлеушi нөлдiк ставка бойынша салық салынатын тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) тұрақты өткізудi жүзеге асырып отырса;
2) қайтарып алуға өтiнiш берген айдың алдындағы үш айдың әрқайсысы үшiн нөлдiк ставка бойынша салық салынатын өткізу жөніндегі айналым өткізу бойынша жалпы салық салынатын айналымның кемiнде 70 процентi болса, қосылған құн салығын төлеушiге осы Кодекстің 252-бабында белгiленген тәртiппен қайтарылады.
3. Осы баптың 2-тармағында белгiленген шарттар орындалмаған жағдайда, асып кеткен сома қосылған құн салығын төлеушiге оның өткен салық кезеңдерi үшiн қосылған құн салығы бойынша мiндеттемелерiн есепке ала отырып, нөлдiк ставка бойынша салық салынатын айналымының мақсаттары үшiн пайдаланылған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша есепке жатқызылған салық сомасы бөлiгiнде қайтарылады.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 4 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарына сәйкес қайтарылуға тиiс қосылған құн салығының сомасын анықтау кезiнде қосылған құн салығын төлеушiнiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ашылған банк шоттарына валюталық түсiм түсiрген не Қазақстан Республикасының аумағына сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлiк) операциялар бойынша экспортталған тауарларды сатып алушы қосылған құн салығын төлеушiге берiлген тауарларды нақты әкелу жүзеге асырылған тауарлардың экспорты есепке алынады.
Қайтарылуға тиіс қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) операциялар бойынша тауарлар экспорты болған жағдайда, сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) шарттың (келісім-шарттың), сондай-ақ сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) операция бойынша экспортталған тауарлардың қосылған құн салығын төлеушіге сатып алушы берген тауарлар бойынша импорттық жүк кеден декларациясының болуы есепке алынады.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 4-1 тармақпен толықтырылды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1. Осы бапқа сәйкес қайтарылуға тиіс қосылған құн салығының сомасын анықтау кезінде кеден органының кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысанда және тәртіппен ұсынылған Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауарларды экспорт режимінде әкету фактісін растайтын мәліметтері есепке алынады.
Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауарларды экспорт режимінде әкету фактісін растайтын мәліметтер үшін кеден органы жауапты болады.
5. Егер нөлдiк ставка бойынша салық салынатын айналымдары бар қосылған құн салығын төлеушi қосылған құн салығының сомасын қайтару туралы салық органына өтiнiш жасамаса, онда осы баптың 2-тармағында аталған асып кету сомасы есептi салық кезеңiнен кейiнгi салық кезеңiнде қосылған құн салығы бойынша алдағы төлемдер есебiне есепке жатқызылады.
6. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында аталған жағдайлардан басқа мынадай жағдайларда:
1) грант қаражаттары есебiнен алынатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) берушiлерге осы Кодекстiң 253-бабында көзделген тәртiппен төленген;
2) дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктер шетелдiк дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерге ресми пайдалануға, сондай-ақ осы өкiлдiктердiң дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық қызметкерлерiне, олармен бiрге тұратын отбасыларының мүшелерiн қоса алғанда, жеке пайдалануға арналған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулердi) берушiлерге осы Кодекстiң 254-бабында көзделген жағдайларда төлеген қосылған құн салығы;
3) бюджетке артық төленген қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстің 39 және 40-баптарында белгiленген тәртiппен қайтарылуға тиiс.
23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2005.22.11 № 89-III (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 252-бап өзгертілді ; 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 252-бап жаңа редакцияда (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
252-бап. Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар
бойынша қосылған құн салығын қайтару
1. Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша қосылған құн салығын қайтару салық органы қосылған құн салығын төлеушінің уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша салықты қайтару туралы өтінішін алған кезден бастап алпыс жұмыс күні ішінде және:
1) салық кезеңі ішіндегі қосылған құн салығы жөніндегі декларация;
2) осы Кодекстің 223-бабына сәйкес тауарларды экспорттық растау үшін қажетті құжаттар;
3) осы Кодекстің 224-1-бабына сәйкес тауарлардың арнайы экономикалық аймақтардың аумағында өткізілгенін растау үшін қажетті құжаттар;
4) өзі өндірген тауарларды осы Кодекстің 224-2-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған салық төлеушіге өткізгенін растау үшін осы Кодекстің 224-2-бабының 3-тармағына сәйкес қажетті құжаттар;
5) өзі өндірген тауарларды осы Кодекстің 224-2-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында аталған салық төлеушілерге өткізгенін растау үшін осы Кодекстің 224-2-бабының 4-тармағына сәйкес қажетті құжаттар;
6) салық органы жүргізген салықтық тексеру актісіне сәйкес қайтаруға ұсынылған салық сомасының дұрыстығын растау не осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайда, салықтық тексеру актісіне салық органының қорытындысы негізінде жүргізіледі.
Осы тармаққа сәйкес қосылған құн салығын қайтару тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
2. Қосылған құн салығын қайтару:
1) қосылған құн салығын осы салықты төлеушінің аталған салық пен салықтың басқа да түрлері бойынша салық берешегін өтеу есебіне есепке жатқызу жолымен жүргізіледі.
Егер заңды тұлға қосылған құн салығын төлеуші болып табылса, онда қосылған құн салығын қайтару қосылған құн салығын оның құрылымдық бөлімшесінің осы және басқа да салық түрлері бойынша салық берешегін өтеу есебіне есепке жатқызу жолымен де жүргізіледі.
Егер заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі қосылған құн салығын төлеуші болып табылса, қосылған құн салығын қайтару қосылған құн салығын заңды тұлғаның осы және басқа да салық түрлері бойынша салық берешегін өтеу есебіне есепке жатқызу жолымен де жүргізіледі;
2) тауарлардың импорты кезінде төленуге тиіс қосылған құн салығының есебіне есепке жатқызу;
3) осы Кодекстің 221-бабына сәйкес төленуге тиіс қосылған құн салығының есебіне есепке жатқызу;
4) қосылған құн салығын төлеушінің осы және басқа да салық түрлері бойынша салық берешегі болмаған жағдайда қосылған құн салығын қайтару оның дербес салық төлеушілер болып табылатын құрылымдық бөлімшелерінің осы және басқа да салық түрлері бойынша салық берешегін өтеу есебіне есепке жатқызу;
5) қосылған құн салығын төлеушінің банк шотына ақша аудару жолымен жүргізіледі;
6) қосылған құн салығын төлеушінің салық берешегі болмаған жағдайда, салық төлеуші қосылған құн салығын салықтың басқа да түрлері бойынша алдағы уақыттағы төлемдер есебіне есепке жатқызу жолымен қайтаруды талап етуге құқылы.
3. Қосылған құн салығын қосылған құн салығын төлеушінің банк шотына қайтару оның салық берешегі болмаған кезде жүргізіледі.
Егер заңды тұлға қосылған құн салығын төлеуші болып табылса, қосылған құн салығын банк шотына қайтару оның құрылымдық бөлімшелерінің осы және басқа да салық түрлері бойынша салық берешегі болмаған кезде де жүргізіледі.
4. Егер салықтық тексеру жүргізілген мерзім ішінде қарсы салықтық тексеру жүргізілген кезде анықталған бұзушылықтар жойылмаса, қосылған құн салығын төлеушіге салықты қайтару солар бойынша бұзушылықтар анықталмаған не жойылған сомалар шегінде жүргізіледі.
Егер бұзушылықтар салықтық тексеру аяқталғаннан кейін жойылса, салықты қайтару уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысанда және тәртіппен салықтық тексеруді жүргізген салық органының қорытындысы негізінде салықтық тексеру өткізусіз жүргізіледі.
Осы бапқа сәйкес расталған, бірақ белгіленген мерзімдерде қайтарылмаған қосылған құн салығының сомасына қайтару мерзімі бұзылған әрбір күн үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландыру ресми ставканың 2,5 еселенген мөлшерінде өсімпұл есептеледі.
Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау үшін қарсы тексеру тағайындау туралы шешім уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен, мынадай жағдайлар:
1) қарсы тексерулер:
бұл салық төлеушінің қосылған құн салығын қайтаруға өтініш берген кезінің алдындағы он екі ай кезең ішінде аталған салық төлеушіге айына кемінде бір рет тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізуді жүзеге асырған берушілерге;
электр және жылу энергиясын, суды, газды, байланыс қызметін берушілерге;
осы тармақтың 3) тармақшасына сәйкес қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығы расталған кезде жүргізілмейтіні;
2) камералық бақылау жүргізу кезінде бұзушылықтары анықталған берушілер (Қазақстан Республикасының аумағында экспортталған тауарлар өндірісі мен айналымы процесіне қатысқан тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді беруші салық төлеушілерді қоса алғанда) міндетті қарсы тексеруге жататыны;
3) егер қосылған құн салығын төлеушінің берушісі салық төлеушілердің мониторинг жүргізуіне тиіс болса, салық қызметі органдары осы Кодекске сәйкес осы берушілер ұсынатын салық есептілігінің негізінде қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растауы мүмкін екендігі ескеріле отырып қабылданады.
5. Осы бапта көзделген қосылған құн салығы:
1) шағын бизнес субъектілері;
2) шаруа (фермер) қожалықтары;
3) ауыл шаруашылық өнімін өндіруші заңды тұлғалар үшін белгіленген арнаулы салық режимінде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеушілерге қайтарылмайды.
6. Нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығы салынатын және олар бойынша өтініш берілген айналымдар жасалған салық кезеңінен кейін он екі ай өткен соң салықты қайтару туралы өтініш берген қосылған құн салығын төлеушілерге осы бапта көзделген қосылған құн салығын қайтару жүргізілмейді.
253-бап. Грант қаражаттары есебiнен сатып алынатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша төленген қосылған құн салығын қайтару
1. Грант қаражаттары есебiнен алынатын тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) берушiлерге төленген қосылған құн салығын, егер бiр мезгiлде мынадай шарттар сақталса:
1) тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) алынатын грант қаражаттары мемлекеттер, мемлекеттер үкiметтерi, халықаралық ұйымдар желісі бойынша берiлсе;
2) тауарлар (жұмыстар, қызметтер) тек грант мақсаттарын iске асыру үшiн ғана алынса;
3) тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету грант алушымен не грант мақсаттарын жүзеге асыру үшiн грант алушы тағайындаған орындаушымен жасалған шартқа (келісім-шартқа) сәйкес жүзеге асырылса, салық органдары отыз жұмыс күнi ішiнде қайтарады.
2. Осы бапқа сәйкес грант алушыларға қосылған құн салығын қайтару осы Кодекстің 252-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген тәртiппен, қосылған құн салығы грант қаражаттары есебiнен төленгенiн растайтын құжаттар негiзiнде жүргiзiледi. Қосылған құн салығының грант қаражаттары есебiнен төленгенiн растайтын құжаттардың тiзбесiн уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.
ҚР 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 254-бап өзгертілді
254-бап. Қосылған құн салығын Қазақстан Республикасында тiркелген дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерге қайтару
1. Осы Кодекстің 251-бабы 6-тармағының 2) тармақшасында көзделген қосылған құн салығын қайтару Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда мұндай қайтару көзделген жағдайда жүргiзiледi.
2. Қосылған құн салығы сомаларын Қазақстан Республикасында тiркелген дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерге қайтару осы дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктер жасаған жиынтық ведомостардың (тiзiлiмдердiң) және қосылған құн салығының төленген фактiсiн растайтын құжаттардың (шот-фактуралардың, чектердiң және т.б.) көшiрмелерi негiзiнде жүзеге асырылады.
Жиынтық ведомостар (тiзiлiмдер) уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген нысанда орындалып, дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктер жанама салықтар (қосылған құн салығы және акциз) бойынша жеңілдiктер беру кезiнде өзара түсiнiстiк принципiн сақтау жөніндегі Ноталармен алмасуды растау үшiн Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігіне табыс етедi. Расталғаннан кейiн жиынтық ведомостар (тiзiлiмдер) уәкiлеттi мемлекеттік орган қайтару жүргiзудi белгiлейтiн салық органына тапсырылуға тиiс.
Егер жиынтық ведомостарға (тiзiлiмдерге) қоса тiркелетiн құжаттарда қосылған құн салығының сомалары жеке жолмен бөлiнiп көрсетiлмесе, салық бойынша қайтарымды алу құқығы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) берушiлерден олардың қосылған құн салығын шот-фактураға енгізуi туралы растауы алынған кезде ғана мүмкiн болады.
3. Салық органдары дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерге салықты қайтаруды Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігінен жиынтық ведомостар (тiзiлiмдер) алғаннан кейiн отыз жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырады.
Бюджеттен қайтарылуға тиiс салық сомалары дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктердiң және (немесе) осы өкiлдiктердiң дипломатиялық, әкiмшiлiк-техникалық қызметшiлерiнiң тиiстi шотына аударылады.
9-бөлім. Акциздер
42-тарау. Жалпы ережелер
255-бап. Акциздердi қолдану
Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға, сондай-ақ тiзбесi осы Кодекстiң 257-бабында анықталған қызмет түрлерiне акциз салынады.
04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 256-бап өзгертілді
256-бап. Төлеушiлер
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетiн тауарлар шығаратын;
2) акцизделген тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына импорттайтын;
3) Қазақстан Республикасының аумағында бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткізудi жүзеге асыратын;
4) егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бұрын Қазақстан Республикасының аумағында аталған тауарлар бойынша акциз төленбесе, конкурстық массаны, тәркiленген, иесi жоқ акцизделетiн тауарларды, сондай-ақ мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке өткен және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекет меншiгiне өтеусiз берiлген акцизделетiн тауарларды өткізудi жүзеге асыратын;
5) Қазақстан Республикасының аумағында қызметтiң акцизделетiн түрлерiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар акциз төлеушiлер болып табылады.
2. Осы баптың 1-тармағының ережелерi ескерiле отырып, резидент емес заңды тұлғалар және олардың құрылымдық бөлiмшелерi де акциз төлеушiлер болып табылады.
29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 257-бап өзгертілді
257-бап. Акцизделетiн тауарлар мен қызмет түрлерiнiң тiзбесi
1. Мыналар:
1) спирттің барлық түрлерi;
2) алкоголь өнiмi;
3) темекi бұйымдары;
4) 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5) 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен алып тасталды
6) 29.11.03 ж. № 500-II ҚР Заңымен алып тасталды
7) бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отыны;
8) жеңiл автомобильдер (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын автомобильдерден басқа);
9) 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен алып тасталды
10) шикi мұнай, газ конденсаты акцизделетiн тауарлар болып табылады.
2. Қызметтің акцизделетiн түрлерi мыналар болып табылады:
1) ойын бизнесi;
2) лотереяны ұйымдастыру мен өткізу.
04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара) ; 2005.22.11 № 89-III (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 258-бап өзгертілді
258-бап. Акциз ставкалары
1. Акциз ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi және тауар құнына процентпен (адвалорлық) және (немесе) заттай нысандағы өлшем бiрлiгiне абсолюттiк сомада (тұрлаулы) белгiленедi.
2. Алкоголь өнiмiне акциздер ставкасы осы баптың 1-тармағына сәйкес не онда су араластырылмаған (жүз проценттiк) спирттiң болу көлемiне байланысты бекітіледi.
3. Спирттiң барлық түрлерiне акциз ставкалары спирттiң бұдан әрi пайдаланылу мақсаттарына қарай сараланады.
Алкоголь өнiмдерiн өндiру үшiн өткiзілетiн спиртке акциз ставкасы алкоголь өнiмдерiн өндiру үшiн пайдаланбайтын адамдарға өткiзiлетiн спиртке белгiленетiн базалық ставкадан төмен белгiленуi мүмкiн.
4. Ойын бизнесi объектілерiне акциздiң базалық ставкасының ең жоғары және ең төмен шектерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бiр жылға есептеп белгiлейдi.
Жергiлiктi өкiлдi органдар ойын бизнесi объектiлерiне белгiленген базалық ставкалар шегiнде қызметiн бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушiлер үшiн бiрыңғай акциз ставкасын белгiлейдi.
5. Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес жеке тұлғалар оңайлатылған тәртiппен өткiзетiн акцизделетiн тауарларға акциз ставкалары осы баптың 1-тармағына сәйкес белгiленедi және осы Кодекстiң 516-бабының 2-тармағына сәйкес жиынтық кедендiк төлем құрамына қосылуы мүмкiн, оның мөлшерi Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес айқындалады.
6. Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының кедендік аумағында еркін айналым үшін шығарылатын акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлеріне акциз ставкалары осы баптың 1-тармағына сәйкес белгіленеді және осы Кодекстің 516-бабының 3-тармағына сәйкес жиынтық төлемнің құрамына енгізілуі мүмкін. Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесін және жиынтық төлемнің ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Жиынтық төлем осы Кодекстің 276-278-баптарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде төленеді.
43-тарау. Қазақстан Республикасында өндірілетін,
өткізілетін акцизделетін тауарларға және
акцизделетін қызмет түрлеріне салық салу
ҚР 2006.31.01. № 125-III Заңымен 259-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) (күшіне енетін мерзімін қара)
259-бап. Салық салу объектiсi
1. Мыналар:
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) акциз төлеушiнiң өзi жасап шығарған және (немесе) өндiрген және (немесе) ыдысқа құйылған акцизделетiн тауарлармен жүзеге асыратын мынадай операциялары:
акцизделетiн тауарларды өткізуi;
акцизделетiн тауарларды алыс-берiс негiзiнде ұқсатуға беруi;
алыс-берiс, оның iшiнде акцизделетiн шикiзат пен материалдарды ұқсату өнiмдерi болып табылатын акцизделетiн тауарларды беруi;
жарғылық капиталға жарнасы;
заттай ақы төлеген кезде акцизделетiн тауарларды пайдалануы;
тауар өндiрушiнiң акцизделетiн тауарларды өзiнiң құрылымдық бөлiмшелерiне тиеп жөнелтуi;
тауар өндiрушiлердің жасап шығарған және (немесе) өндiрген және (немесе) ыдысқа құйылған тауарларды өздерiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына және акцизделетін тауарларды өзі өндіруі үшін пайдалануы;
2) бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуi;
3) бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткізуi;
4) тәркiленген және (немесе) иесi жоқ, мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке өткен және мемлекет меншiгiне өтеусiз берiлген акцизделген тауарларды өткізуi;