Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Прмеьер-Министрінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 178-ө Өкімі
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексін іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдар:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге белгіленген тәртіппен енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін;
3) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес келтіру мақсатында бұрын қабылданған заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге тексеру жүргізсін және тиісті шаралар қабылдасын.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2007 жылғы 5 шілдедегі
№ 178-ө өкімімен
Бекітілген
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы
Еңбек кодексін іске асыру мақсатында қабылдануы қажет
нормативтік құқықтық актілердің
тізбесі
Р/с № | Нормативтік құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындау мерзімі | Орындауға жауапты мемлекеттік орган |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Азаматтық қызметке кіру және бос азаматтық қызметші лауазымына орналасуға конкурс өткізу ережесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | 2007 жылғы шілде | Еңбекмині |
2 | Азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | 2007 жылғы шілде | Еңбекмині |
3 | Тиісті уәкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласын- дағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау ережесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | 2007 жылғы шілде | Еңбекмині |
4 | Ұйымдағы кадрларды кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілі- гін арттыру жөніндегі жалпы талаптарды бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | 2007 жылғы шілде | БҒМ |
5 | Уақытша еңбекке жарамсыздығы екі айдан астам мерзім белгіленуі мүмкін аурулар түрлері- нің тізбесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | 2007 жылғы шілде | ДСМ |
6 | Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай ережесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | 2007 жылғы шілде | Еңбекмині (жинақтау), ЭБЖМ |
7 | Әлеуметтік жәрдемақылар- ды тағайындау және төлеу, сондай-ақ олардың мөлшерін анықтау ережесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | 2007 жылғы шілде | Еңбекмині (жинақтау), ЭБЖМ |
8 | Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласын- да мемлекеттік бақылау- ды ұйымдастыру және жүргізу ережесін бекіту | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | 2007 жылғы шілде | Еңбекмині |
9 | Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласын- дағы ақпаратты беру және мемлекеттік статистиканы жүргізу ережесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | 2007 жылғы шілде | Еңбекмині (жинақтау), СА |
10 | Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің еңбекақысын төлеу жүйесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | 2007 жылғы шілде | Еңбекмині (жинақтау), ЭБЖМ |
11 | Шетелдік жұмыс күшін тарту ережесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | 2007 жылғы желтоқсан | Еңбекмині |
12 | Акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұлттық компания- лардың, акционерлік қоғамдардың басшы қызметкерлерін еңбек төлеу мен сыйлықақы беру шарттары туралы үлгі ережені бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | 2007 жылғы шілде | Еңбекмині (жинақтау), Қаржымині, ИСМ, ЭМРМ, ЭБЖМ, ККМ, БҒМ, АШМ, МАМ, АБА |
13 | Азаматтық қызметшілерді аттестаттауды өткізу және шарттарының ережесін бекіту туралы | Уәкілетті органдардың бұйрықтары | 2007 жылғы шілде | Мүдделі мемлекеттік органдар |
14 | Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды, нұсқау беруді және білімдерін тексеруді жүргізу ережесі мен мерзімдерін бекіту туралы | Уәкілетті органның бұйрығы | 2007 жылғы шілде | Еңбекмині |
15 | Мемлекеттік еңбек инспекторлары актілері- нің нысандарын бекіту туралы | Уәкілетті органның бұйрығы | 2007 жылғы шілде | Еңбекмині |
16 | Ұйымдағы еңбек қауіпсіз- дігі мен еңбекті қорғау қызметі туралы үлгі ережені бекіту туралы | Уәкілетті органның бұйрығы | 2007 жылғы шілде | Еңбекмині |
17 | Қызметкерлерге жұмыс берушінің қаражаты есебінен сүт, емдеу- алдын алу тағамын, арнайы киім, арнайы аяқ-киім және басқа да жеке қорғану құралдарын беру ережесі мен нормаларын және Қызмет- керлерді жұмыс берушінің қаражаты есебінен ұжымдық қорғау құрал- дарымен, санитарлық- тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы | Уәкілетті органның бұйрығы | 2007 жылғы шілде | Еңбекмині (жинақтау), ДСМ |
18 | Еңбек кітапшаларының нысандарын және оларды жүргізу және сақтау ережесін бекіту туралы | Уәкілетті органның бұйрығы | 2007 жылғы шілде | Еңбекмині |
19 | Еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерді міндетті кезеңді аттестаттау жүргізу ережесін бекіту туралы | Уәкілетті органның бұйрығы | 2007 жылғы шілде | Еңбекмині |
20 | Қызмет салалары сәйкес келетін мемлекеттік органдар мен еңбек бойынша үлгі нормалар мен нормативтерді бекіту, ауыстыру және қайта қарау ережесін бекіту туралы | Уәкілетті органның бұйрығы | 2007 жылғы шілде | Еңбекмині |
21 | Қызметтеріне (тауарлары- на, жұмыстарына) тариф- терді (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекет- тік реттеу енгізілетін ұйымдар қызметкерлері- нің еңбек нормаларын және еңбекақы төлеу жүйесінің параметрлерін беру, қарау және келісу ережесін бекіту туралы | Уәкілетті органның бұйрығы | 2007 жылғы шілде | Еңбекмині |
22 | Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын, басшылар, мамандар мен басқа да қызметшілер лауазымдары- ның біліктілік анықтама- лығын және жұмысшы кәсіптерінің тарифтік- біліктілік сипаттама- ларын әзірлеу, байқау- дан өткізу, қайта қарау, бекіту және қолдану ережесін бекіту туралы | Уәкілетті органның бұйрығы | 2007 жылғы шілде | Еңбекмині |
23 | Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін және он сегіз жасқа толмаған қызмет- керлердің жүктерді тасуы мен қозғалтуының шекті нормаларын бекіту туралы | Уәкілетті органның бұйрығы | 2007 жылғы шілде | Еңбекмині (жинақтау), ДСМ |
24 | Әйелдердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін және әйелдер- дің жүктерді тасуы мен қозғалтуының шекті нормаларын бекіту туралы | Уәкілетті органның бұйрығы | 2007 жылғы шілде | Еңбекмині (жинақтау), ДСМ |
25 | Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеуі және бекітуі ережесін бекіту туралы | Уәкілетті органның бұйрығы | 2007 жылғы шілде | Еңбекмині |
26 | Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына және қосымша ақылы жыл сайынғы еңбек демалысына құқық беретін өндіріс- тердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдар- дың тізімін, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін бекіту туралы | Уәкілетті органның бұйрығы | 2007 жылғы шілде | Еңбекмині (жинақтау), ДСМ |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
СА - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
АБА - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі