Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., №8-9, 53-құжат; № 20, 116-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 77, 79-құжаттар; № 13, 86-құжат; № 16, 97-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16-құжат; № 4, 28-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 23-баптың 2-тармағындағы “шикі мұнайды және газ конденсатын өндірумен және (немесе) өткізумен айналысатын” деген сөздер “мұнай операцияларымен айналысатын, сондай-ақ шикі мұнайды және газ конденсатын өткізетін” деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 46-бапта:
1-тармақта:
9-1) тармақша «қызметін» деген сөздің алдынан «мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімдерді қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
32) тармақшадағы «баж болып табылады.» деген сөздер «баж;» деген сөзбен ауыстырылып, тармақ мынадай мазмұндағы 33) тармақшамен толықтырылсын:
«33) мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына рента салығы болып табылады.»;
2-тармақта:
4) тармақша «республикалық» деген сөздің алдынан «мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімдерді қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша «республикалық» деген сөздің алдынан «мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімдерді қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 49-1-бапта:
1) тармақшаның төртінші абзацындағы «жатады» деген сөз алып тасталып, тармақша мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«қызметін өнімді бөлу туралы келісімшарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі жатады;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) мұнай секторы кәсіпорындары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа да түсімдерден (жергілікті бюджеттердің есебіне жатқызылатын түсімдерді қоспағанда), оның ішінде мұнай келісімшарттарының талаптарын бұзғаны үшін түсетін түсімдерден (жергілікті бюджеттердің есебіне жатқы-зылатын түсімдерді қоспағанда);»;
4) 59-баптың 7-1) тармақшасы алып тасталсын;
5) 76-баптың 4-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын.
2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н.НАЗАРБАЕВ |
Астана, Ақорда, 2007 жылғы маусымның 29-ы.
№ 269-ІІІ ҚРЗ