Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың құрамына енгізілетін жеке тұлғалардың дербес деректерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 маусымдағы № 460 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 26 ақпандағы № 117 Қаулысымен күші жойылды
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың құрамына енгізілетін жеке тұлғалардың дербес деректерінің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 5 маусымдағы
№ 460 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың құрамына енгізілетін
жеке тұлғалардың дербес деректерінің
тізбесі
Р/с № | Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың құрамына енгізілетін жеке тұлғалардың дербес деректерінің атауы |
1. | Тегі |
2. | Аты |
3. | Әкесінің аты |
4. | Тегі мен атының транскрипциясы |
5. | Туу туралы мәліметтер: туған күні; туған жері |
6. | Ұлты |
7. | Жынысы |
8. | Отбасылық жағдайы |
9. | Азаматтығы туралы мәліметтер: азаматтығы (бұрынғы азаматтығы); Қазақстан Республикасы азаматтығын алған күні; Қазақстан Республикасы азаматтығын жоғалтқан күні |
10. | Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) |
11. | Портреттік бейнесі (цифрланған фотосуреті) |
12. | Қолы |
13. | Заңды мекен-жайы, заңды мекен-жайын тіркеген (тіркеуден шығарған) күні |
14. | Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері: құжаттың атауы; құжаттың нөмірі; құжатты берген күні; құжаттың қолданылу мерзімі; құжатты берген орган |