Осы баптың 4-тармағының ережелерiн бес жылдан артық мерзiмге қолдану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
7. Салық кезеңi, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша салық есептілігiн табыс етудiң тәртібі мен мерзiмдерi осы Кодекске сәйкес айқындалады.
04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) 120-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 120-бап өзгертілді
120-бап. Коммерциялық емес ұйымдарға салық салу
1. Осы Кодекстiң мақсаттары үшiн акционерлік қоғамдарды, мекемелердi және пәтер (үй-жайлар) иелерi кооперативтерiнен басқа тұтыну кооперативтерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес коммерциялық емес ұйым мәртебесi бар, өз қызметiн қоғамдық мүдденi көздеп жүзеге асыратын және мынадай шарттарға сай келетiн:
1) осындай қызметiне орай табыс алу мақсаты жоқ;
2) алынған таза табысты немесе мүлiктi қатысушылар арасында бөлмейтiн ұйым коммерциялық емес ұйым деп танылады.
2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
2. Коммерциялық емес ұйымның мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша, депозиттер бойынша сыйақы, грант, кіру және мүшелiк жарналар, кондоминиумға қатысушылардың жарналары, қайырымдылық және демеушiлiк көмек, өтеусiз берiлген мүлiк, өтеусiз негiздегі аударымдар мен қайырмалдық түрiнде алған табысы, осы баптың 1-тармағында аталған шарттар сақталған жағдайда, салық салуға жатпайды.
3. Осы баптың 1-тармағында аталған шарттар сақталмаған жағдайда, коммерциялық емес ұйымның табыстарына жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салынуға тиiс.
4. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлмеген табыстарға жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салынуға тиiс. Бұл ретте коммерциялық емес ұйым осы бапқа сәйкес салық салудан босатылған табыстар бойынша және жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салуға жататын табыстар бойынша бөлек-бөлек есеп жүргiзуге мiндеттi.
2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
5. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жататын табыстарды алған кезде коммерциялық емес ұйым шығыстарының шегерімдерге жатқызылуға тиіс сомасы салық төлеушінің қалауы бойынша барабарлық немесе бөлек есептеу әдісі бойынша айқындалады.
2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
6. Барабарлық әдіс бойынша шығыстардың жалпы сомасындағы шегерімге жатқызылуға тиісті шығыстар сомасы коммерциялық емес ұйым табыстарының жалпы сомасындағы осы баптың 2-тармағында көрсетілмеген табыстардың үлес салмағы негізге алына отырып айқындалады.
2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
7. Бөлек есептеу әдісі бойынша салық төлеуші осы баптың 2-тармағында көрсетілген табыстарға жататын шығыстар және жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жататын табыстарға қатысты шығыстар бойынша бөлек-бөлек есеп жүргізеді.
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 121-бап өзгертілді
121-бап. Әлеуметтiк салада қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
1. Қызметiн әлеуметтік салада жүзеге асыратын ұйымдарға жылдық жиынтық табысының кем дегенде тоқсан процентiн грант, қайырымдылық көмек, өтеусiз берiлген мүлiк, өтеусiз негiздегi аударымдар мен қайырмалдықтар түрiнде алынған табыстар, сондай-ақ қызметтің мынадай түрлерiнен:
1) косметологиялық қызметтердi қоспағанда, медициналық қызметтер көрсетуден;
2) мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту; бастауыш, негiзгi, орта, қосымша жалпы білім беру; бастауыш, орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білім беру; қызметтiң осы түрлерiн жүргiзу құқығына тиiстi лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын қайта даярлау және біліктіліктi арттыру саласында қызмет көрсетуден;
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)( бұр. ред. қара)
3) ғылым, спорт (коммерциялық сипаттағы спорттық ойын-сауық шараларынан басқа), мәдениет (шоу-бизнестi қоспағанда) саласында қызмет, тарихи-мәдени мұраны, мұрағаттық құндылықтарды сақтау бойынша, сондай-ақ балаларды, қарттар мен мүгедектердi қорғау және оларды әлеуметтiк қамсыздандыру саласында қызмет көрсетуден;
4) кiтапхана қызметiн көрсетуден алынуға тиіс (алынған) кіріс құрайтын ұйымдар жатады.
2. Әлеуметтiк салада қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға, мынадай шарттарға сай келетiн:
салық кезеңiнде мүгедектердiң саны қызметкерлердiң жалпы санының кемiнде 51 процентi болатын;
салық кезеңiнде мүгедектердiң еңбегiне ақы төлеу жөніндегі шығыстар еңбекке ақы төлеу бойынша жалпы шығыстардың кемiнде 51 процентiн (есту, сөйлеу, сондай-ақ көру қабiлетiнен айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдарда - кемiнде 35 процент) құрайтын ұйымдар да жатады.
Осы баптың ережелерi акцизделетiн тауарлар өндiру мен өткізу жөніндегі қызметтен және акцизделетiн қызмет түрлерiнен табыстар алатын ұйымдарға қатысты қолданылмайды.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған ұйымдардың табыстары, сондай-ақ грант, қайырымдылық көмек, өтеусiз берiлген мүлiк, өтеусiз негiздегi аударымдар мен қайырмалдықтар түрiнде алынған қаражат аталған қызмет түрлерiн жүзеге асыруға жұмсалған кезде салық салуға жатпайды.
4. Осы бапта көзделген шарттар бұзылған жағдайда, алынған табыстарға осы Кодексте белгiленген тәртiппен салық салынуға тиiс.
17-тарау. Салық салынатын табысты түзету
29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (бұр. ред. қара); 2005.22.11 № 89-III (бұр. ред. қара); 2005.23.12. № 107-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 122-бап өзгертілді
122-бап. Салық салынатын табысты түзету
1. Салық төлеушiнің салық салынатын табысынан салық салынатын табыстың үш процентi шегiнде мынадай шығыстар алып тасталуға тиiс:
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)( бұр. ред. қара)
1) шығыстардың әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынған табыстардан асып түскен сомалары шегінде әлеуметтік сала объектілерін ұстауға салық төлеушінің нақты жұмсаған шығыстары;
2) коммерциялық емес ұйымдарға өтеусiз берiлген мүлiк;
2-1) көмек алатын тұлға тарапынан арыз негiзiнде салық төлеушiнiң шешiмi болған жағдайда демеушiлiк көмек;
3) жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берiлген атаулы әлеуметтiк көмек.
2. Мүгедектердiң еңбегiн пайдаланатын салық төлеушiлер салық салынатын табысты мүгедектердің еңбегiне ақы төлеуге шығарылған шығыстар сомаларынан 2 еселенген және мүгедектерге төленетiн жалақы мен басқа да төлемдердiң есептелген әлеуметтiк салық сомасынан 50 процент мөлшеріндегі соманы азайтуға құқығы бар.
3. Салық төлеушiлер салық салынатын табысты үш жылдан артық мерзiмге берiлген негiзгi құралдардың қаржы лизингi бойынша алынған сыйақы сомасына, кейiннен оларды лизинг алушыға бере отырып, азайтады.
4. Жиынтық жылдық кірісінің кемінде 90 процентін ауыл шаруашылығына кредит беруден алынуға тиісті (алынған) кірістер құрайтын, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, кредиттік серіктестіктер, микрокредиттік ұйымдар салық салынатын табысты қызметтің осындай түрінен алынған табыс сомасына, сондай-ақ олардың активтерін орналастырудан алынған инвестициялық кіріс сомасына азайтады.
4-1. 2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
5 тармақ 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңының редакциясында, 01.01.06 ж. бастап қолданысқа енгізілді
5. Салық төлеушiнiң амортизациялық аударымдарды есептеп шығаруы осы Кодекстiң 110-бабының 2-тармағына сәйкес жүргiзiлген, пайдалануға алғаш енгiзiлген тiркелген активтердi үш жылдық кезең аяқталғанға дейiн өткiзген жағдайда жасалған қосымша шегерiм сомасы салық төлеушiнiң тiркелген активтердi өткiзген салық кезеңіндегі салық салынатын табысын арттыруға қатысты болады.
18-тарау. Залалдар
123-бап. Залал ұғымы
1. Түзетiлген жиынтық жылдық табыстан шегерiмдердiң асып түсуі кәсіпкерлiк қызметтен шегетін залал деп танылады.
2. Бағалы қағаздарды өткізуден шегетiн залал мыналар:
борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, бағалы қағаздар бойынша өткізу құны мен иемденіп алу құны арасындағы терiс айырма;
борыштық бағалы қағаздар бойынша - өткiзген күнгi дисконт амортизациясы мен (немесе) сыйлықақы есептегендегi өткізу құны мен иемденiп алу құны арасындағы терiс айырма.
23.11.02 ж. № 358-II; 2005.22.11 № 89-III (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 124-бап өзгертілді
124-бап. Залалдарды ауыстыру
1. Кәсiпкерлiк қызметтен шегетiн залалдар, сондай-ақ салық төлеушiнiң кәсiпкерлiк қызметiнде пайдаланылған үйлердi, (мұнай, газ ұңғымалары мен беріліс құрылғыларын қоспағанда) өткізуден шеккен залалдар кейiнгi салық кезеңдерiнiң салық салынатын табысы есебiнен өтеу үшiн үш жылға дейiнгi мерзiмге, үшiншi жылы қоса есептелiп, ауыстырылады.
Жер қойнауын пайдалану келісім-шарттары бойынша жүзеге асырылатын қызметке байланысты туындайтын залалдар жетi жылға дейiнгi мерзiмге, жетiншi жылы қоса есептелiп, ауыстырылады.
13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңына сәйкес 1-тармақтың үшiншi бөлiгi 01.01.06 ж. бастап алып тасталады
Салық төлеушi салық кезеңiнде осы Кодекстiң 110-бабының 2-тармағына сәйкес есептеп шығарылған амортизациялық аударымдарды шегерiмдерге жатқызу нәтижесiнде шеккен залалдарға осы баптың ережелерi қолданылмайды.
2005.23.12. № 107-III (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.05.06. № 146-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 2-тармақ өзгертілді (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Өткізілетін күні листингтің ең жоғары және ең жоғарыдан кейінгі санаттары бойынша қор биржасының ресми тізімдерінде тұрған акциялар мен облигацияларды, мемлекеттік бағалы қағаздарды, агенттік облигацияларды және олармен азаматтық-құқықтық мәмілелер Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңында жасалған жағдайда осы сауда алаңына жіберілген бағалы қағаздарды қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізуден шегетін залалдарды қоспағанда, бағалы қағаздарды өткізу кезінде туындайтын залалдар өткізілетін күні қор биржасының "А" және "В" ресми тізімдерінде тұрған акциялар мен облигацияларды, мемлекеттік бағалы қағаздарды, агенттік облигацияларды және олармен азаматтық-құқықтық мәмілелер Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңында жасалған жағдайда осы сауда алаңына жіберілген бағалы қағаздарды өткізу кезінде құн өсімінен түскен табыстарды қоспағанда, басқа бағалы қағаздарды өткізу кезінде алынған құн өсімінен түскен табыс есебінен өтеледі.
Егер осы залалдар орын алған кезеңiнде өтеле алмайтын болса, олар алдағы уақытқа үш жылға дейiнгi мерзiмге ауыстырылып, өткізу күніне қор биржасының "А" және "В" ресми тiзiміндегі акциялар мен облигацияларды, мемлекеттік бағалы қағаздарды, агенттік облигацияларды және олармен азаматтық-құқықтық мәмілелер Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңында жасалған жағдайда осы сауда алаңына жіберілген бағалы қағаздарды өткізу кезіндегі құн өсімінен түскен табысты қоспағанда, басқа бағалы қағаздарды өткізу кезiнде алынған құн өсiмiнен түскен табыс есебiнен өтелуге тиiс.
2006.20.02. № 127-III ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
3. Арнайы қаржы компаниясының Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын қызметінен шеккен залалы бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигациялардың айналым мерзімі ішінде ауыстырылады.
19-тарау. Корпорациялық табыс салығын есептеп
шығару тәртібі мен оны төлеу мерзімдері
125-бап. Корпорациялық табыс салығы сомасын есептеп шығару
Корпорациялық табыс салығы салық кезеңi үшiн осы Кодекстің 135-бабының 1-тармағында белгiленген ставканы осы Кодекстiң 124-бабына сәйкес ауыстырылатын залалдар сомасына азайтылған салық салынатын табысқа осы Кодекстiң 122-бабына сәйкес жүргiзiлген түзетулердi ескере отырып қолдану жолымен есептеп шығарылады.
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 126-бап өзгертілді
126-бап. Аванстық төлемдер сомасын есептеп шығару
1. Салық төлеушiлер осы Кодексте белгiленген тәртiппен аванстық төлемдердi енгізу жолымен салық кезеңi iшiнде корпорациялық табыс салығын төлейдi.
2. Салық кезеңi iшiнде төленетiн корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларын салық төлеушi ағымдағы салық кезеңi үшiн корпорациялық табыс салығының болжамды сомасын негiзге ала отырып, бiрақ егер осы бапта өзгеше көзделмесе, өткен салық кезеңi үшiн аванстық төлемдер сомаларының есебіндегі аванстық төлемдердің орташа айлық есептелген сомаларынан кем емес етiп есептеп шығарады.
3. 2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
4. Салық төлеушi төлеуге тиiс аванстық төлемдер сомалары салық кезеңi iшiнде тең үлестермен төленедi.
5. Салық төлеушi корпорациялық табыс салығы бойынша декларация тапсырғанға дейiнгi кезең iшiнде төленуге тиiс аванстық төлемдер сомаларының есебiн жасап, есептi салық кезеңiнің 20 қаңтарына дейiн салық төлеушiнiң тiркелген орны бойынша салық органына табыс етедi.
6. Корпорациялық табыс салығы бойынша декларация тапсырылғаннан кейiн төленуге тиiс аванстық төлемдер сомаларының есебiн салық төлеушi декларацияны тапсырған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде, бірақ есептік салық кезеңінің 20 сәуірінен кешіктірмей табыс етедi.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 7 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)( бұр. ред. қара)
7. Салық кезеңiнiң қорытындысы бойынша залал шеккен немесе салық салынатын табысы жоқ салық төлеушiлер корпорациялық табыс салығы бойынша декларация тапсырған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде, сондай-ақ жаңадан құрылған салық төлеушілер мемлекеттік тіркелген күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде салық кезеңi iшiнде төленуге тиiс аванстық төлемдердiң болжамды сомасының есебiн салық органына табыс етуге мiндеттi.
2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
8. Салық төлеушi салық кезеңi iшiнде, өткен салық кезеңi үшiн декларация тапсырғанға дейiн төленуге тиiс аванстық төлемдердiң сомаларын қоспағанда, салық кезеңiнiң алдағы айлары үшiн аванстық төлемдер сомаларының қосымша есебiн беруге құқылы.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 9 тармақпен толықтырылды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9. Осы баптың ережелері осы Кодекстің 120-бабы 1-тармағының шарттарына сәйкес келетін және жалпы белгіленген тәртіппен салық салынуға жататын табысы жоқ заңды тұлғаларға, сондай-ақ осы Кодекстің 121-бабының 1 және 2-тармақтарында белгіленген шарттарға сәйкес келетін заңды тұлғаларға қолданылмайды.
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 127-бап өзгертілді
127-бап. Корпорациялық табыс салығын төлеу мерзiмдерi мен тәртібі
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 1 тармақ жаңа редакцияда (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Салық төлеушілер корпорациялық табыс салығын төлеуді өзінің тұрып жатқан жері бойынша жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар корпорациялық табыс салығын төлеуді тұрақты мекеме орналасқан жер бойынша жүзеге асырады.
2. Салық төлеушiлер корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi бюджетке осы Кодекстің 136-бабында белгiленген салық кезеңi iшiнде, осы Кодекстiң 126-бабына сәйкес анықталған мөлшерде ағымдағы айдың 20-сынан кешiктiрмей ай сайын төлеп тұруға мiндеттi.
3. Салық кезеңi iшiнде енгiзiлген аванстық төлемдер сомалары салық кезеңi үшiн корпорациялық табыс салығы жөніндегі декларация бойынша есептеп шығарылған корпорациялық табыс салығын төлеу есебiне жатқызылады.
4. Салық төлеушi салық кезеңiнің қорытындысы бойынша корпорациялық табыс салығы бойынша түпкiлiктi есеп айырысуды (төлемдi) декларация тапсыру үшiн белгiленген мерзiмнен кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей жүзеге асырады.
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара) Заңымен 128-бап өзгертілді
128-бап. 29.11.03 ж. № 500-II ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңымен 129-бап өзгертілді
129-бап. Шетелдiк салықты есепке жатқызу
2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
1. Осы Кодекстің 91-бабына сәйкес түзетуге жататын кірістерді қоспағанда, Салық төлеушiнiң Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде төлеген табыс салығының және Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде алған кiрiстерi бойынша табысқа салынатын салық сомасы Қазақстан Республикасында корпорациялық табыс салығын төлеу кезiнде есепке жатқызылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген есепке жатқызылатын сомалардың мөлшерi салық төлеушiнiң әр мемлекетте алған табыстары бойынша нақты төлеген салық сомасы негiзге алына отырып, әр мемлекет бойынша жеке-жеке анықталады. Есепке жатқызылатын салық сомасының мөлшерi осы табыс бойынша Қазақстан Республикасында осы Кодекстiң 135-бабында белгiленген ставкамен есептелетiндей сомадан аспауға тиiс.
3. Осы баптың 1-тармағы қосарланған салық салуды болғызбау және табыстар мен мүлiктерге салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы халықаралық шарт жасасқан мемлекетте Қазақстан Республикасының резидент болып табылатын жеке және заңды тұлғаларының табыстарынан немесе мүлiктерiнен ұсталған және (немесе) төленген салыққа қолданылмайды, оған осындай халықаралық шарттың ережелерiне сәйкес Қазақстан Республикасында салық салынуға тиiс.
29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (бұр. ред. қара); 2005.23.12. № 107-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 130-бап өзгертілді
130-бап. Салық салуда жеңiлдiгi бар мемлекеттерде алынған табыс
1. Егер резидентке резидент емес заңды тұлғаның жарғылық капиталының 10 және одан астам процентi тiкелей немесе жанама тиесiлi болса немесе ол салық салуда жеңiлдiгi бар мемлекетте табыс алатын осы резидент емес заңды тұлғаның дауыс беретiн акцияларының 10 және одан астам процентiне ие болса, онда резидент емес заңды тұлға пайдасының резиденттiң мұндай резидент емес заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесiне негiзделе отырып айқындалатын резидент емес тұлғаның резидентке қатысты бөлiгi оның салық салынатын табысына енгiзiледi. Бұл ереже резиденттiң заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызмет ұйымдастырудың басқа нысандарына қатысуына да қолданылады.
1-1. Жеңiлдетiлген салық салынатын елде орналасқан және (немесе) тiркелген резидент емес заңды тұлға пайдасының бiр бөлiгi Қазақстан Республикасы Президентінің салық салынатын табысына қосылатын осы пайданың жалпы сомасы резидент еместің шоғырландырылған қаржылық есептілігiмен расталуға тиiс.
2. Егер шет мемлекетте салық ставкасы осы Кодекске сәйкес айқындалатын салық ставкасының 1/3-iнен аспайтын болса немесе мүлiктің нақты иесi немесе табыстың нақты иесi туралы құпияны сақтауға мүмкiндiк беретiн қаржы ақпаратының немесе компаниялар туралы ақпараттың құпиялығы туралы заңдар болса, ол салық салуда жеңiлдiгi бар мемлекет ретiнде қаралады.
Салық салуда жеңілдігі бар мемлекеттерге салық ставкасы резидент емес заңды тұлғаға қатысты мемлекет нақты қолданатын салық ставкасы осы Кодекске сәйкес айқындалатын ставканың 1/3-інен аспайтын мөлшерді құрайтын немесе мүліктің нақты иесі немесе табыстың нақты иесі туралы құпияны сақтауға мүмкіндік беретін қаржы ақпаратының немесе компаниялар туралы ақпараттың құпиялылығы туралы заңдары бар мемлекеттің әкімшілік-аумақтық бөлігі жатады.
Мұндай мемлекеттердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 130-1-баппен толықтырылды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
130-1-бап. Резиденттердің халықаралық шарттарды шет
мемлекеттерде қолдану тәртібi
1. Резидент Қазақстан Республикасы табысқа немесе мүлікке (капиталға) қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы халықаралық шарт (осы бапты қолдану мақсатында бұдан әрі - халықаралық шарт) жасасқан шет мемлекеттегі көзден табыс алған жағдайда, тиісті халықаралық шарт талаптарын орындаған кезде резидент шет мемлекетте мұндай табыстарға салық салудан босатуға немесе ішінара салық салуға мүмкіндік алу мақсатында көрсетілген мемлекетте халықаралық шарт ережелерін қолдануға құқылы.
2. Халықаралық шарт ережелері резиденттерге осы Кодекстің 193-бабында белгіленген шарттар орындалған кезде қолданылады.
3. Қазақстан Республикасының резиденттігін растау қажет болған жағдайда, резидент уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша, тәртіппен және мерзімде салық органына салық резиденттігін растау құжатын алуға өтініш береді.
20-тарау. Төлем көзінен ұсталатын салық
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (бұр. ред. қара); 2005.23.12. № 107-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 131-бап өзгертілді
131-бап. Төлем көзiнен салық салынатын табыстар
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, төлем көзiнен салық салынатын табыстарға:
1) 2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
2) қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның лицензиялары бар банктердегi және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы жеке тұлғалардың салымдары бойынша оларға төленетiн сыйақыларды қоспағанда, депозиттер бойынша сыйақы;
3) ұтыстар;
4) резидент емес тұлғалардың осы Кодекстiң 178-бабына сәйкес айқындалатын, Қазақстан Республикасындағы көздерден алған, осындай резидент еместердiң тұрақты мекемесiмен байланысы жоқ табыстары;
2006.20.02. № 127-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
5) қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде банктік заем операцияларын жүзеге асыратын ұйымдарға, кредиттік серіктестіктерге, Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компанияларына өленетiн кредиттер (заемдар) бойынша сыйақыны және резидент банктер мен лизинг берушiлерге төленетiн сыйақыны қоспағанда, заңды тұлғаларға борыштық бағалы қағаздар бойынша төленетiн сыйақыдан басқа сыйақы;
6) резидент-банктерге және жеке тұлғаларға төленетін сыйақыны қоспағанда, эмитент борыштық бағалы қағаздар бойынша шығару шарттарына сәйкес төлейтiн купон түріндегі сыйақы жатады.
1-1. Мыналар:
1) мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша сыйақылар және агенттік облигациялар;
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) орналастырылған зейнетақы активтері бойынша - жинақтаушы зейнетақы қорларына, орналастырылған активтер бойынша өмірді сақтандыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарына, пайлық және акционерлік инвестициялық қорларға және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін инвестициялық табыстар;
3) 2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
2006.05.06. № 146-III ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі); 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4) Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңында сатып алынған борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар төлем көзінен салық салуға жатпайды.
2. Ұтысты, сыйақыны төлеу кезiнде ұсталған салық сомасы осы салықтың төлем көзiнен ұсталғанын растайтын құжаттар болған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, қызметiн әлеуметтiк салада жүзеге асыратын ұйымдарды және салымдар (депозиттер) жөніндегі сыйақылар бойынша коммерциялық емес ұйымдарды қоспағанда, салық төлеушінің салық кезеңі ішінде есептелген корпорациялық табыс салығының есебiне жатқызылады.