3. Тауар таңбасын тiркеу туралы шешiмi оны Тауар таңбаларының мемлекеттік тiзiлiмiне енгiзгенге дейiн неғұрлым ертерек басымдығы бар өтiнiмнiң анықталуына байланысты қайта қаралуы мүмкiн.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4. Өтiнiм иесi өзiне сараптама қорытындысы жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiм iшiнде дәлелдi қарсылықты табыс етуге құқылы, оны қарау нәтижесi бойынша сараптама жасау ұйымының түпкiлiктi қорытындысы шығарылады.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
5. Осы баптың 4-тармағына сәйкес шығарылған сараптама қорытындысымен келiспеген жағдайда өтiнiм берушi өзiне сараптама қорытындысы жiберiлген күннен бастап оған үш ай iшiнде уәкiлеттi органға қарсылық бере алады. Қарсылық келiп түскен күннен бастап төрт ай iшiнде оны апелляциялық кеңес қарауға тиiс.
13-бап. Өтiнiм берушiнiң құқықтары
Өтiнiм берушiнiң:
1) өтiнiмдi сараптаманың кез келген кезеңiнде керi қайтарып алуға;
2) өтiнiмге сараптама жасау барысында туындайтын мәселелердi қарауға қатысуға;
3) толық сараптама аяқталғанша өтiнiм материалдарын мәнi бойынша өзгертпей, оларды толықтыруға, анықтауға немесе түзетуге;
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) алғашқы өтiнiмде көрсетiлген тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердi бөлектелген өтiнiмдер арасында бөле отырып өтiнiмдi бөлектеу туралы оны қараудың кез келген кезеңiнде сараптама аяқталғанға дейiн өтiнiш бiлдiруге;
4) сұрау салуға жауап беру немесе қарсылық бiлдiру үшiн белгiленген мерзiмдi ұзарту, бiрақ алты айдан аспайтын мерзiмге ұзарту туралы өтiнiш беруге;
5) өткiзiп алынған мерзiмдi қалпына келтiру туралы, бiрақ өткiзiп алынған мерзiм аяқталған күннен екi айдан кешiктiрмей қалпына келтiру туралы өтiнiш беруге;
6) қарсы қойылған материалдармен танысуға құқығы бар.
4-тарау. Тауар таңбасын тіркеу
14-бап. Тауар таңбаларының мемлекеттік тiзiлiмi
1. 09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Tayap таңбасына куәлiк бере отырып сараптама жасау ұйымы тауар таңбаларының мемлекеттік тізіліміне:
1) тауар таңбасының бейнесi;
2) оның иелерi туралы мәлiметтер;
3) тауар таңбасын тiркеудiң нөмiрi мен күнi;
4) тауар таңбасы тiркелген тауарлар мен қызметтердiң тiзбесi;
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
5) сараптама жасау ұйымына берiлген өтiнiмнiң нөмiрi мен күнi;
6) егер конвенциялық басымдық белгiленген болса, алғашқы
өтiнiм берiлген ел, оның нөмiрi және берiлген күнi;
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 7) тармақша толықтырылды (бұр. ред. қара)
7) қорғалатын тауар таңбасына құқық беру туралы мәлiметтердi қоса алғанда, тауар таңбасын тiркеуге қатысты басқа да мәлiметтер енгiзiледi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Тауар таңбаларының мемлекеттік тiзiлімi жалпыға ортақ болып табылады. Мүдделi тұлғалардың өтiніші бойынша сараптама жасау ұйымы Тауар таңбаларының мемлекеттік тiзiлiмiнен көшiрме бередi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа реадкцияда (бұр. ред. қара)
4. Тауар таңбасының иесi өзiнiң тегiнiң, атының және қалауы бойынша әкесiнiң атының, сондай-ақ тұратын жерiнiң, не атауы мен орналасқан жерiнiң өзгерістерi туралы мәлiметтердi қоса алғанда, тiркеуге қатысты өзгерістер туралы сараптама жасау ұйымына хабардар етiп отыруға мiндеттi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Осы баптың 4-тармағында көрсетiлген өзгерістердi, сондай-ақ техникалық сипаттағы қателердi түзету үшiн өзгерістердi сараптама жасау ұйымы Мемлекеттік тiзiлiмге, ал уәкiлеттi орган тауар таңбасына берiлген куәлiкке енгiзедi.
15-бап. Тiркеудiң қолданылу мерзiмi
1. Тауар таңбасының тiркелуi өтiнiм берiлген күннен бастап он жыл бойы қолданылады.
2. Тауар таңбасын тiркеудiң қолданылу мерзiмi оның қолданылуының соңғы жылы iшiнде берiлген иесiнiң өтiнiшi бойынша әр жолы он жылға ұзартылып отырылуы мүмкiн. Тiркеудiң қолданылу мерзiмiнiң ұзартылуы туралы мәлiметтер Тауар таңбаларының мемлекеттік тiзiлiмiне және куәлiкке енгiзiледi.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлген өтiнiш беру мерзiмi тiркеудiң қолданылу мерзiмi аяқталған соң алты ай iшiнде берiлген иесiнiң арызы бойынша қалпына келтiрiлуi мүмкiн.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
16-бап. Тiркеу туралы мәлiметтердi жариялау
Тауар таңбаларының мемлекеттік тiзiлiмiне енгiзілген тауар таңбасын тiркеуге қатысты мәлiметтердi, сондай-ақ тiркеуге қатысты бұдан былайғы өзгерістердi Тауар таңбаларының мемлекеттік тiзiлiмiне тiкелей жазылған соң сараптама жасау ұйымы бюллетеньде жариялайды.
Мемлекеттік тiзiлiмге және ұжымдық тауар таңбасына берiлген куәлiкке ұжымдық тауар таңбасының иелерi туралы мәлiметтер қосымша енгiзiледi.
17-бап. Тауар таңбасын қайта тiркеу шарттары
Тiркелуінiң қолданылу мерзiмi өтiп кеткен тауар таңбасы тiркеудiң қолданылуы тоқтатылған күннен бастап үш жыл бойы бұрынғы иесiнен басқа тұлғаның атына қайта тiркелмейдi.
Осы шарт тауар таңбасының иесi тiркеудiң қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн бас тартқан жағдайда да қолданылады.
18-бап. Тауар таңбасына берiлетiн куәлiк
1. 09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2. Тауар таңбасына берілген куәлік тауар таңбасының тіркелу фактiсiн, оның басымдығын, куәлiкте көрсетiлген тауарлар мен қызметтерге қатысты тауар таңбасына иесiнiң айырықша құқығын куәландырады.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Куәлiктiң нысанын уәкiлеттi орган белгiлейдi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 18-1-баппен толықтырылды
18-1-бап. Тауар таңбасын жалпы жұртқа белгiлi деп тану
1. Қазақстан Республикасының аумағында тiркелген немесе халықаралық шарттарға орай қорғалатын тауар таңбасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасында құқықтық қорғалмай-ақ, бiрақ белсендi пайдаланылуы нәтижесiнде осы тұлғаның Қазақстан Республикасында кеңiнен танымал болған белгiсi жеке немесе заңды тұлғаның өтiнiмi бойынша Қазақстан Республикасында жалпы жұртқа белгiлi тауар таңбасы деп танылуы мүмкiн.
2. Жалпы жұртқа белгiлi тауар таңбасына осы Заңмен тауар таңбасы үшiн көзделген құқықтық қорғау берiледi.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген белгiнi немесе тауар таңбасын жалпы жұртқа белгiлi деп тану негiзiнде оның иесiне тауар таңбасы жалпы жұртқа белгiлi деп танылған күннен бастап он жыл бойы қолданылатын сертификат берiледi.
Сертификат иесiнiң өтiнiшi бойынша және тауар таңбасының жалпы жұртқа белгiлi екенiн растайтын мәлiметтер табыс етiлген жағдайда оның қолданылу мерзiмi келесi он жылдық мерзiмге ұзартылуы мүмкiн.
Жалпы жұртқа белгiлi тауар таңбасын тiркеу туралы, оның иесi туралы мәлiметтер және осындай тiркеуге қатысты кейiнгi өзгерістер Жалпы жұртқа белгiлi тауар таңбаларының мемлекеттік тiзiлiмiне енгiзiледi және бюллетеньде жарияланады.
Сертификат беру туралы шешiм қабылданған кезде осы Заңның 12-бабының 3-тармағында көзделген ережелер қолданылады.
5-тарау. Тауар таңбасын пайдалану
19-бап. Тауар таңбасын пайдалану шарттары
1. Тауар таңбасының иесi тауар таңбасын пайдалануға мiндеттi.
2. Делдалдық қызметтi жүзеге асыратын кәсiпкерлер тауар жасаушы келісім берген жағдайда өз таңбасын олар өткiзетiн тауарларда тауар жасаушының тауар таңбасымен қатар пайдалануға, сондай-ақ оны жасаушының тауар таңбасының орнына қоюға құқылы.
3. Ұжымдық тауар таңбасының иелерi ұжымдық тауар таңбасымен қатар өздерi шығаратын тауарларда өз тауар таңбаларын пайдалана алады.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Кез келген мүдделi тұлға тiркелген күннен бастап бес жыл немесе қарсылық бiлдiрудiң алдындағы бес жыл бойы мүлдем пайдаланылмауына байланысты тауар таңбасын тiркеудiң қолданылуына қарсы уәкiлеттi органға қарсылық бiлдiре алады. Қарсылық куәлiкте көрсетiлген барлық тауарларға немесе олардың бiр бөлiгiне қатысты болуы мүмкiн және оны апелляциялық кеңес, түскен күннен бастап алты ай iшiнде қарауға тиiс.
Тауар таңбасын пайдаланудың дәлелi болып оның тiркелуiне себеп болған тауарларда және (немесе) олардың бумасында тауар таңбасы иесiнiң немесе осы Заңның 21-бабының 2-тармағына сәйкес тауар таңбасына құқық беру туралы шарттың негiзiнде осындай құқық берiлген тұлғаның қолдануы есептеледi. Тауар таңбасын жарнамада, баспа басылымдарында, ресми бланкiлерде, маңдайшаларда немесе Қазақстан Республикасында өткiзiлетiн көрмелерде тауарлардың көрсетiлуi кезiнде қолдану оның пайдаланылғаны болып танылуы мүмкiн.
Тауар таңбасының иесi беретiн оны пайдалану дәлелдемесi қарсылықта көрсетiлген уақыт кезеңiне қатысты болуға тиiс.
Тауар таңбасының пайдаланылмауына байланысты оның қолданылуын тоқтату туралы мәселенi шешу кезiнде тауар таңбасы өзiне қатысты емес жағдайларға байланысты пайдаланылмағаны жөнiнде иесi ұсынған дәлелдемелер назарға алынады.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
5. Тiркелген тауар шығарылған жердiң атауымен араласып кеткен дәрежеге дейiн бiрдей немесе ұқсас тауар таңбасын тауар шығарылған жердiң атауын тiркеу күнiне дейiн кемiнде алты айға дейiн риясыз пайдалана бастаған тұлғалар оны кейiннен уәкiлеттi орган белгiлейтiн мерзiм шегiнде, бiрақ аталған тiркеу күнiн есептегенде, кемiнде жетi жыл пайдалану құқығын сақтайды. Тауар таңбасы пайдаланылмаған немесе тауар шығарылған жердiң атауы тiркелген күнге дейiн алты айдан аз уақыт пайдаланылған кезде тауар таңбасының қолданылуы мерзiмiнен бұрын тоқтатылады.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды
6. Жалпы жұртқа белгiлi тауар таңбасынан аумайтындай дәрежеде онымен бiрдей немесе ұқсас және тауар таңбасы жалпы жұртқа белгiлi деп танылғанға дейiн тiркелген тауар таңбаларының иелерi уәкiлеттi орган белгiлеген, бiрақ жетi жылдан кем емес мерзiм iшiнде оларды әрi қарай пайдалану құқығын сақтайды.
20-бап. Ескертпе таңбалау
Тауар таңбасына куәлік иесі тауар таңбасына қатар тұстан пайдаланылып отырған белгі Қазақстан Республикасында тіркелген тауар таңбасы екенiн көрсететiн латынның (R) әрпi түріндегі ескертпе таңбалауын не "тауар таңбасы", "товарный знак" немесе "тiркелген тауар таңбасы" деген сөз белгiлерiн соға алады.
21-бап. Тауар таңбасына құқықты беру
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Куәлiкте көрсетілген барлық тауарлар мен қызметтерге не олардың бiр бөлiгiне қатысты тауар таңбасына берiлген ерекше құқықты оның иесi басқа тұлғаға шарт бойынша беруi мүмкiн.
Егер ол тауарға немесе оның жасаушысына қатысты жаңылыстыруға себепшi болатын болса, тауар таңбасына құқықты беруге жол берілмейдi.
Тауар таңбасына құқықтың ауысуы, оның iшiнде оны шарт бойынша немесе құқық мирасқорлығы тәртібімен беру уәкiлеттi органда тiркелуге тиiс.
2. Тауар таңбасын пайдалану құқығын тауар таңбасының иесi (лицензиар) басқа тұлғаға (лицензиатқа) куәлiкте көрсетiлген барлық тауарлар мен қызметтерге не олардың бiр бөлiгiне қатысты лицензиялық шарт бойынша беруi мүмкiн.
Лицензиатқа тауар таңбасын пайдалануға рұқсат беретiн лицензиялық шарт тауарлардың немесе қызметтердiң сапасы лицензиар тауарлары мен қызметтерiнiң сапасынан төмен болмайтыны және лицензиардың осы ереженің орындалуына бақылау жасауға құқығы бар екенi туралы ереженi қамтуға тиiс. Тауар таңбасына құқықтың күшi тоқтатылғанда, лицензиялық шарттың қолданылуы тоқтатылады.
Тауар таңбасына құқықтың басқа тұлғаға ауысуы лицензиялық шартты тоқтатуға әкеп соқпайды.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Тауар таңбасына құқықты беру туралы шарт немесе лицензиялық шарт жазбаша түрде жасалып, уәкiлеттi органда тiркелуге тиiс. Тiркеу туралы жазбаша нысан мен талаптарды сақтамау шарттың жарамсыздығына әкеп соғады.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 22-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
22-бап. Заңды тұлғаны бөлу түрiнде қайта ұйымдастыру кезiнде тауар таңбасына құқықты беру
Заңды тұлға бөлiнген кезде тауар таңбасына құқық тауарлар өндiру немесе қызметтер көрсету қолына көшкен жаңадан пайда болған заңды тұлғаға ауысады.
Тауар таңбасының тiркелуiне себеп болған тауарлар өндiрудiң немесе қызметтер көрсетудiң бiр бөлiгi жаңадан пайда болған заңды тұлғалардың әрқайсысында сақталып қалған жағдайда, жаңа заңды тұлғалар, олардың келісімi болған жағдайда, тауар таңбасының тең иеленушісi болып табылады.
6-тарау. Тауар таңбасын тіркеудің қолданылуын
тоқтату
23-бап. Тауар таңбасын тiркеуге дау айту
1. Тауар таңбасын тiркеуге, егер ол осы Заңның 7-бабының 1-тармағының 1)-3) тармақшаларын қоспағанда, 6 және 7-баптарда белгiленген талаптарды бұза отырып жүзеге асырылса, бүкiл қолданылу мерзiмi бойы немесе егер ол осы Заңның 7-бабының 1-тармағының 1)-3) тармақшаларында белгiленген талаптарды бұза отырып жүзеге асырылса, тауар таңбасы тiркелген күннен бастап бес жыл iшiнде дау айтылып, ол толық немесе iшiнара жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Кез келген мүдделi тұлға осы баптың 1-тармағында көрсетiлген негiздер бойынша тауар таңбасының тiркелуiне қарсы уәкiлеттi органға қарсылық бере алады.
Тауар таңбасының тiркелуiне қарсы қарсылықты ол түскен күннен бастап алты ай iшiнде апелляциялық кеңес қарауға тиiс. Қарсылық берушi тұлғаның, сондай-ақ тауар таңбасы иесiнiң даудың қаралуына қатысуға құқығы бар.
24-бап. Тауар таңбасының тiркелуiн қолдануды тоқтату және оны жарамсыз деп тану
1. Тауар таңбасының тiркелуiн қолдану:
1) осы Заңның 15-бабында көзделген оның қолданылу мерзiмiнiң аяқталуына байланысты;
2) заңды тұлғаның таратылуына немесе жеке тұлғаның - тауар таңбасы иесiнiң кәсiпкерлiк қызметiнiң тоқтатылуына байланысты;
3) тауар таңбасы иесiнiң одан бас тартуы туралы берген жазбаша арызы негiзiнде;
4) осы Заңның 19-бабының 4-тармағына сәйкес тауар таңбасы пайдаланылмаған жағдайда;
5) араласып кеткен дәрежеге дейiн бiрдей немесе ұқсас тауар шығарылған жер атауы осы Заңның 19-бабының 5-тармағына сәйкес тiркелген жағдайда тоқтатылады.
2. Осы Заңның 23-бабының 1-тармағында көрсетiлген негiздер бойынша апелляциялық кеңестiң немесе соттың шешiмiмен, тауар таңбасының тiркелуi толық немесе iшiнара жарамсыз деп танылады.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Сараптама жасау ұйымы Тауар таңбаларының мемлекеттік тiзiлiмiне тауар таңбасын тiркеудiң қолданылуы тоқтатылуына немесе оның, жарамсыз деп танылуына байланысты оның күшiн жою туралы жазба енгiзедi.
7-тарау. Тауарлар шығарылған жер атауларын құқықтық
қорғау және оларды тіркеу шарттары
25-бап. Тауарлар шығарылған жерлердiң атауларын құқықтық қорғау
1. Қазақстан Республикасында тауар шығарылған жерлердiң атауларын құқықтық қорғау осы Заңда көзделген тәртiппен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына орай оларды тiркеу негiзiнде берiледi.
2. Тауар шығарылған жер атауын пайдаланудың ерекше құқығы айрықша қасиеттерi тек қана немесе негiзiнен табиғи жағдайларды және (немесе) адам факторларын қоса алғанда, географиялық ортаға байланысты осы географиялық объектiде кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын, тауарлар өндiретiн бiр немесе бiрнеше заңды немесе жеке тұлғаларға берiлуi мүмкiн.
26-бап. Тауарлар шығарылған жерлердiң атаулары ретiнде тiркелетiн белгiлер
Тауарлар шығарылған жерлердің атаулары ретiнде тарихи атауларын қоса алғанда, елдердiң, елдi мекендердiң, жерлердiң атаулары, сондай-ақ басқа да географиялық объектiлердiң атаулары немесе олардың тауарларының көрiнiс атауларымен ұштасымы тіркелуі мүмкін.
27-бап. Тауарлар шығарылған жерлердiң атаулары ретiнде тiркелмейтiн белгiлер
Тауарлар шығарылған жерлердiң атаулары ретiнде:
1) тауар шығарылған жерге қатысты жаңылысуға әкеп
соқтыратындай географиялық көрсеткiштер болып табылатын;
2) тауар өндiрiлген нақты жердi үстiрт түрде көрсететiн, бiрақ тауардың басқа аумақтан шығарылғаны жөнiнде қате түсiнiк беретiн белгiлер;
3) тауар жасалған жермен байланысты емес және Қазақстан Республикасында белгiлi түрдегi тауарлар белгiсi ретiнде жалпыға ортақ қолданысқа енген белгілер тiркелмейдi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 28-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
28-бап. Тауар шығарылған жердiң атауына және тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын беруге өтiнiм жасау
Тауар шығарылған жердiң атауына және тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын беруге өтiнiм (бұдан әрi - өтiнiм) сараптама жасау ұйымына берiледi.
29-бап. Өтiнімге қойылатын талаптар
1. Өтiнiм тауар шығарылған жердiң бiр атауына қатысты болуға тиіс.
2. Өтiнiм бiр үлгi бланкiде берiлуге және:
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1) өтiнiм берушiнi (өтiнiм берушiлердi), сондай-ақ оның (олардың) орналасқан жерiн немесе тұрғылықты жерiн көрсете отырып, атауға сараптама жүргiзу және (немесе) атауға құқық беру туралы өтiнiштi;
2) мәлiмделген белгiнi;
3) тауардың түрiн;
4) тауардың айрықша қасиеттерінің сипаттамасын;
5) тауар өндiрiлген жердің нұсқамасын (географиялық объектiнiң шекарасы) қамтуға тиiс.
3. Өтінімге:
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1) сараптама жүргiзу жөніндегі сараптама жасау ұйымының қызмет ақысының төленгенiн растайтын құжат қоса тiркелуге тиiс. Төлем мөлшерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi;
2) құзыреттi органның өтiнiм берушiнiң аталған географиялық объектiде тұрып жатқаны және ерекше қасиеттерi сол географиялық объектiге тән табиғи жағдайлармен және (немесе) адам факторларымен байланысты тауар шығаратыны туралы қорытындысы;
3) мәлiмделген тауар шығарылған жер атауын тауар шығарылған елде пайдалану жөніндегі шетелдiк өтiнiм берушiнiң құқығын растайтын құжат;
4) iс жүргiзу өкіл арқылы жүргiзiлген жағдайда сенімхат қоса тiркелуге тиiс.
4. Өтiнiм мен оған қоса тiркелетiн құжаттар мемлекеттік тiлде немесе орыс тiлінде тапсырылады. Етер құжаттар басқа тiлде тапсырылса, онда өтiнiм берушi екi ай iшiнде олардың мемлекеттік тiлдегi немесе орыс тiліндегі аудармасын тапсыруға тиiс.
8-тарау. Тауар шығарылған жер атауына сараптама
30-бап. Сараптама жүргiзу тәртібі
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Өтiнiм берiлген күннен бастап алты ай iшiнде сараптама жасау ұйымы сараптама жүргiзедi, оның барысында оның осы Заңның 26, 27 және 29-баптарында белгiленген талаптарға сәйкестiгi тексерiледi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Сараптама барысында сараптама жасау ұйымы қосымша материалда сұратуға құқылы, олар өтiніш берушiге сұрау жiберiлген күннен бастап үш ай iшiнде тапсырылуға тиiс.
Қосымша материалдарды не осы мерзiмдi ұзарту туралы өтiнiштi өтiнiм берушi белгiленген мерзiмде тапсырмаған жағдайда іс жүргiзу тоқтатылып, өтiнiм керi қайтарып алынған болып есептеледi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 31-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
31-бап. Сараптама нәтижелерi бойынша шешiмдер
1. Сараптама нәтижелерi бойынша уәкiлеттi орган:
1) 09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
2) тауар шығарылған жер атауын тiркеу және (немесе) тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығын беру туралы;
3) тауар шығарылған жер атауын тiркеуден және (немесе) тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығын беруден бас тарту туралы тиістi шешiм қабылдайды.
2. Өтiнiм берушi өзiне тiркеуден бас тарту туралы шешiм жiберілген күннен бастап үш ай мерзiмде сараптама шешiмiн қайта қарау туралы өтiнiш бiлдiрiп, дәлелдi қарсылық тапсыруға құқылы.
Қайта шығарылған сараптама шешiмiмен келiспеген жағдайда өтiнiм берушi осы Заңның 12-бабының 5-тармағында көзделген тәртiппен қарсылық бере алады.
32-бап. Өтiнiм берушiнiң құқықтары
Тауар шығарылған жер атауына сараптама жүргiзiлген кезде өтiнiм берушiге осы Заңның 13-бабында көрсетiлген құқықтар берiледi.
9-тарау. Тауар шығарылған жер атауын пайдалану
құқығын тіркеу және беру
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 33-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
33-бап. Тауарлар шығарылған жер атауларының мемлекеттік тiзiлiмiн жүргiзу тәртібі
1. Сараптама жасау ұйымы тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығына куәлiк берумен бiрге Тауарлар шығарылған жер атауларының мемлекеттік тiзiлiмiне тауар шығарылған жердiң атауын, тiркелу нөмiрi мен күнiн, тауардың айрықша қасиеттерiнiң сипаттамасын, тұрғылықты жерлерiн (орналасқан жерлерiн), өтiнiмнiң нөмiрi мен берiлген күнiн көрсете отырып тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығының барлық иелерi туралы мәлiметтердi және көрсетiлген мәлiметтердегi одан кейiнгi барлық өзгерістердi, сондай-ақ тiркеуге қатысты басқа да мәлiметтердi енгiзедi.
2. Тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығының иесi тiркеу туралы мәлiметтерге қатысты өзгерістер жайында сараптама жасау ұйымына хабарлап отыруға мiндеттi. Өзгерістер туралы жазбаны сараптама жасау ұйымы Тауарлар шығарылған жер атауларының мемлекеттік тiзiлiмiне және куәлiкке түсiредi.
3. Тауарлар шығарылған жер атауларының мемлекеттік тiзiлiмi жалпыға бiрдей қолжетiмдi болып табылады. Мүдделi тұлғалардың өтiнiшi бойынша сараптама жасау ұйымы Тауарлар шығарылған жер атауларының мемлекеттік тiзiлiмiнен көшiрме бередi.
34-бап. Тауар шығарылған жер атауын тiркеудiң және тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығының қолданылу мерзімдері
1. Аталған географиялық объект аумағында өндiрiлетiн тауардың ерекше қасиеттерi сақталған жағдайда тауар шығарылған жер атауларын тiркеу мерзiмсiз қолданылады.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығы сараптама жасау ұйымына өтінім берiлген күннен бастап он жыл бойы қолданылады.
3. Тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығының қолданылу мерзiмi тауар шығарылған жер атауының тiркелуiне қатысты тауардың ерекше қасиеттерi сақталған жағдайда оның қолданылуының соңғы жылында берiлген иесiнiң өтiнiшi бойынша әр жолы он жыл ұзартылып отырады.
4. Тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығының қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiш осы Заңның 29-бабына сәйкес құзыреттi органның қорытындысымен бiр мезгiлде тапсырылады. Тiркеудiң қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы мәлiметтер Тауарлар шығарылған жерлердiң атауларының мемлекеттік тiзiлiмiне және куәлiкке енгiзiледi.
5. Осы баптың 3-тармағында белгiленген өтiнiм беру мерзiмi тiркеудiң қолданылу мерзiмi аяқталған соң алты айдың iшiнде берiлген иесiнiң арызы бойынша қалпына келтiрiледi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 35-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
35-бап. Тiркеу туралы мәлiметтердi жариялау
Тауар шығарылған жер атауын тiркеуге және тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығын беруге қатысты мәлiметтердi, сондай-ақ бұдан былайғы өзгерістердi Тауарлар шығарылған жерлердiң атауларының мемлекеттік тiзiлiміне тiкелей жазылған соң сараптама жасау ұйымы бюллетеньде жариялайды.
36-бап. Тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығына берiлетiн куәлiк
1. 09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2. Куәлiк тауар шығарылған жер атауының тiркелу фактiсiн және куәлiкте көрсетiлген тауар иесiнiң осы тауарды пайдалану жөніндегі айрықша құқығын куәландырады.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Куәлiктiң нысанын уәкiлеттi орган белгiлейдi.
10-тарау. Тауар шығарылған жер атауын
пайдалану
37-бап. Тауар шығарылған жер атауын пайдалану шарттары
1. Тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығының иесiне оны пайдаланудың айрықша құқығы берiледi.
2. Тiркелген тауар шығарылған жер атауымен бiрдей немесе араласып кету дәрежесiне дейiн ұқсас географиялық көрсеткiштi тiркемей, оны бiртектес тауарларға қатысты пайдалануға жол берiлмейдi.
3. Минералды суларды, шараптарды немесе күштi спирт ішімдiктерiн бiрыңғайландыратын географиялық көрсеткiштер болып табылатын немесе соларды қамтитын тауарлар шығарылған жерлердiң атауларын, егер бұл орайда тауар шығарылған нақты жер көрсетiлсе не аударма пайдаланылса немесе белгiде "түрiнде", "үлгiсiнде", "стилiнде" деген немесе басқа да осындай сөздер қоса жазылса, осы жерден шығарылмаған осындай тауарларды белгiлеу үшін пайдалануға жол берiлмейдi.
4. Тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығын иелiктен айыру, оны бiреуге беру туралы өзге де мәмiлелер және лицензиялық шарт негiзiнде тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығын беруге жол берiлмейдi.