Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған
жерлердің атаулары туралы 1999 ж. 26 шілдедегі № 456-1
Қазақстан Республикасының Заңы
(2005.22.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2007 ж. 2 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 3 баптар)
2-тарау. Тауар таңбасын құқықтық қорғау және оны тіркеу шарттары (4 - 10 баптар)
3-тарау. Тауар таңбасының сараптамасы (11 - 13 баптар)
4-тарау. Тауар таңбасын тіркеу (14 - 18 баптар)
5-тарау. Тауар таңбасын пайдалану (19 - 22 баптар)
6-тарау. Тауар таңбасын тіркеудің қолданылуын тоқтату (23 - 24 баптар)
7-тарау. Тауарлар шығарылған жер атауларын құқықтық қорғау және (25 - 29 баптар)
оларды тіркеу шарттары
8-тарау. Тауар шығарылған жер атауына сараптама (30 - 32 баптар)
9-тарау. Тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығын тіркеу (33 - 36 баптар)
және беру
10-тарау. Тауар шығарылған жер атауын пайдалану (37 - 38 баптар)
11-тарау. Тауар шығарылған жер атауын құқықтық қорғаудың (39 - 40 баптар)
қолданылуын тоқтату
12-тарау. Тауар таңбаларын иелерінің құқықтарын және тауарлар (41 - 44 баптар)
шығарылатын жерлердің атауларын пайдалану құқықтарын
қорғау
13-тарау. Қорытынды ережелер (45 - 48 баптар)
Осы Заң Қазақстан Республикасында тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын және тауар шығарылған жерлердің атауларын тіркеуге, құқықтық қорғауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) бюллетень - тауар таңбалары мен тауар шығарылған жерлердің атауларын қорғау мәселелері жөніндегі ресми мерзімдік басылымы;
2) тауар таңбасының немесе тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығының иесі - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, осы Заңға сәйкес тауар таңбасына айрықша құқыққа немесе тауар шығарылған жердің атауын пайдалануға айрықша құқыққа ие заңды тұлға немесе жеке тұлға;
3) географиялық көрсеткіш - бұл - белгілі бір аумақтан, аймақтан немесе жерден шығарылатын тауарды бірыңғайландыру көрсеткіші;
4) өтініш беруші - тауар таңбасын тіркеуге немесе тауар шығарылған жердің атауын тіркеуге және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын беруге өтініш берген заңды немесе жеке тұлға;
5) айрықша құқық - тауар таңбасын немесе тауар шығарылған жердiң атауын өз қалауы бойынша кез келген тәсiлмен пайдалануға оның иесінің мүліктік құқығы;
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 6) тармақша толықтырылды (бұр. ред. қара)
6) тауар таңбасын немесе тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану тауар таңбасы немесе тауар шығарылған жердің атауы қорғалатын тауарларда және (немесе) олардың бумасында оларды қолдану, тауар таңбасының немесе тауар шығарылған жердiң атауының белгiсi бар тауарды жасау, қолдану, әкелу, сақтау, сатуға ұсыну, сату, маңдайшаларда, жарнамада, баспа өнiмiнде немесе өзге iскерлiк құжаттамада қолдану, тауар таңбасына құқық беру, сондай-ақ оларды азаматтық айналымға өзгеше енгізу;
7) ұжымдық тауар таңбасы - бұл заңды тұлғалардың және (немесе) жеке кәсiпкерлердiң (бұдан әрi - бiрлестiк) қауымдастығының (одағының) немесе өзге де бiрлестiгiнiң немесе бiрыңғай сапалық немесе басқа да сипаттамалары бар олар шығаратын немесе сататын тауарларды (қызметтердi) белгiлеу үшiн қызмет ететiн тауар таңбасы;
8) Тауарлар мен қызметтердің халықаралық сыныптамасы - 1957 жылғы 15 маусымда Ницце келісімiмен қабылданған, кейiннен өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлген сыныптама;
9) тауар шығарылған жердiң атауы - бұл ерекше қасиеттерi тек қана немесе негiзiнен оны шығаратын жермен, оның iшiнде табиғи жағдайлармен және (немесе) адам факторларымен байланысты тауарды белгілеу үшiн пайдаланылатын географиялық көрсеткiш;
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 10) тармақша толықтырылды (бұр. ред. қара)
10) жалпыға бiрдей белгiлi тауар таңбасы - тауар таңбасы ретiнде пайдаланылып жүрген белгi немесе Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық келісімдерге орай, мүдделi тұлғалардың айғақтарына негiзделген құзыретті органның немесе соттың шешiмiмен жалпыға бірдей белгілі танылған тауар таңбасы;
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
11) патенттiк сенімдi өкiлдер - заңдарға сәйкес уәкiлеттi орган мен сараптама жасау ұйымы алдында жеке және заңды тұлғалардың өкiлi болу құқығы берiлген Қазақстан Республикасының азаматтары;
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
12) тауар таңбасы, қызмет көрсету таңбасы (бұдан әрi - тауар таңбасы) - осы Заңға сәйкес тiркелген немесе Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттарға орай тiркеусiз қорғалатын, бiр заңды немесе жеке тұлғаның тауарларын (қызметiн) басқа заңды немесе жеке тұлғаның бiртектес тауарларынан (қызметiнен) ажырату үшiн қызмет ететiн белгi.
2-бап. Қазақстан Республикасының тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы заңдары осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актерлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзге ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 3-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3-бап. Тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын, тауар шығарылған жерлердiң атауларын қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган
1. Уәкiлеттi мемлекеттік орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және тауар таңбаларын, қызмет таңбаларын, тауар шығарылған жерлердiң атауларын қорғау саласында мемлекеттік реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
2. Уәкiлеттi органның құзыретiне:
1) тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын, тауар шығарылған жерлердiң атауларын құқықтық қорғау саласында мемлекеттік саясатты iске асыруға қатысу;
2) тауар таңбаларына, қызмет көрсету таңбаларына, тауар шығарылған жерлердiң атауларына қорғау құжаттарын беру;
3) тауар таңбаларын, тауар шығарылған жерлердiң атауларын, қызмет көрсету таңбаларын пайдаланушы жеке және заңды тұлғалардың қызметiне бақылау;
4) хаттамаларды жазу және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау, әкiмшiлiк жазалар қолдану;
5) осы Заңда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру жатады.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 3-1-баппен толықтырылды
3-1-бап. Сараптама жасау ұйымы
1. Сараптама жасау ұйымы - мемлекеттік монополияға жатқызылған салаларда (тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын, тауар шығарылған жерлердiң атауларын, қорғау саласында қызмет көрсету) қызметiн жүзеге асыратын, уәкiлеттi органға ведомстволық бағынысты ұйым.
2. Сараптама жасау ұйымының құзыретiне:
1) тауар таңбаларына, қызмет көрсету таңбаларына, тауар шығарылған жерлердiң атауларына өтiнiмдер қабылдау;
2) тауар таңбаларына, қызмет көрсету таңбаларына, тауар шығарылған жерлердiң атауларына сараптама жүргiзу;
3) қорғалатын тауар таңбаларының, қызмет көрсету таңбаларының, тауар шығарылған жерлердiң атауларының мемлекеттік тiзiлiмдерiн жүргiзу;
4) тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары, тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы мәлiметтер жариялау;
5) Қазақстан Республикасының заңдарымен өзiне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру жатады.
2-тарау. Тауар таңбасын құқықтық қорғау және
оны тіркеу шарттары
4-бап. Тауар таңбаларын құқықтық қорғау
1. Қазақстан Республикасында тауар таңбаларын құқықтық қорғау осы Заңда белгiленген тәртiпте оларды тiркеу негiзiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына орай тiркеусiз берiледi.
2. Тауар таңбаларын құқықтық қорғау кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын кез келген заңды тұлғаларға немесе жеке тұлғаларға берiлуi мүмкiн.
3. Тауар таңбасына құқық куәлiкпен куәландырылады.
4. Тауар таңбасының иесi куәлiкте көрсетiлген тауарлар мен қызметтерге қатысты өзiне тиесiлi тауар таңбасын пайдалану мен оған иелiк етудің айрықша құқығына ие болады. Қазақстан Республикасында қорғалатын тауар таңбасын оның иесiнiң келісімiнсiз ешкiм де пайдалана алмайды.
5-бап. Тауар таңбасы ретiнде тiркелетiн белгiлер
1. Тауар таңбасы ретiнде бейнелеу, сөз, әрiп, цифр, көлем белгiлерi және өзге де белгiлер немесе бiр тұлғалардың тауарлары мен қызметтерiн басқа тұлғалардың бiртектес тауарларынан немесе қызметтерiнен ажыратуға мүмкiндiк беретiн олардың аралас үлгiлерi тiркелуi мүмкiн.
2. Тауар таңбасы кез келген бояулы түсте немесе бояулы түстер үйлесiмiнде тiркелуi мүмкiн.
6-бап. Тауар таңбасын тiркеуге жол бермейтiн абсолюттiк негiздер
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Ажыратылатын реңкi жоқ белгiлерден ғана тұратын:
1) тауарлардың белгiлi бiр түрiн белгiлеу үшiн жалпыға ортақ қолданысқа енген;
2) жалпыға ортақ қабылданған рәмiздер мен терминдер болып табылатын;
3) тауарлардың түрiн, сапасын, санын, қасиетiн, мақсатын, құндылығын, сондай-ақ олардың шығарылған немесе өткiзілген жерi мен уақытын көрсететiн;
4) тiркеу талап етiліп отырған тауарлардың табиғи немесе нобайлық кескiнделуiн көрсететiн;
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
5) бояулы түстi ғана бейнелейтiн;
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) тауарларды немесе көрсетiлген қызметтердi белгiлеу үшiн пайдаланылатын олармен тiкелей сипаттық және (немесе) ұқсастық байланысы бар;
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) сызықтарды, нүктелердi, қарапайым геометриялық фигураларды, сондай-ақ олардың бiртұтас кескiндемелiк қисындасуын құрмайтын және әрбiр жеке құрамдық элементке қарағанда қабылдаудың сапалық жаңа деңгейiн бермейтiн үйлесiмiн бiлдiретiн;
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) сөздiк сипаты жоқ, кәдiмгi қарiппен орындалған және тiлдiң (әрiптердiң және (немесе) цифрлардың, белгiлердiң) үш жеке бiрлiгiнен кем қисындасуынан тұратын жеке цифрларды, белгiлердi немесе әрiптер үйлесiмiн бiлдiретiн;
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды
9) нысаны оның тек қана функционалдық мiндетiне байланысты үш өлшемдi объектi болып саналатын;
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды
10) жарнамалық сипатта болатын;
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды
11) егер сөздердiң әрбiр жеке құрамдас бөлiгiнiң айырмашылық қабiлетi болмаса, ал олар бiрiгiп қабылдаудың сапалық өзге деңгейiн бермесе, күрделi жасанды құрылған сөздердi бiлдiретiн;
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды
12) ұйымдардың, экономика салаларының жалпы жұрт қабылдаған қысқартылған атаулары мен олардың аббревиатураларын бiлдiретiн;
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды
13) патенттелмейтiн дәрiлiк заттар болып саналатын тауар таңбаларын тiркеуге жол берiлмейдi.
Көрсетiлген белгiлер тауар таңбасында басымдық жағдайда болмаса, оның қорғалмайтын элементтерi ретiнде пайдаланылуы мүмкiн.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Мемлекеттік елтаңбаларды, тулар мен эмблемаларды, халықаралық ұйымдардың қысқартылған немесе толық атауларын және олардың елтаңбаларын, тулары мен эмблемаларын, ресми бақылаулық, кепiлдiк және сынамалық таңбаларды, мөрлердi, олимпиадалық рәмiздердi, наградаларды және басқа да айырым белгiлерiн, сондай-ақ араласып кеткен дәрежеге дейiн оларға ұқсас белгiлердi бейнелейтiн белгiлер тауар таңбалары ретiнде тiркелмейдi.
Егер белгi солардан ғана тұратын болмаса және егер оларды пайдалануға тиiстi құзыреттi органның немесе олардың иесiнiң келісімi бар болса, мұндай белгiлер қорғалмайтын элементтер ретiнде пайдаланылуы мүмкін.
3. Тауар таңбалары немесе олардың элементтерi ретiнде:
1) тауарға немесе оның жасаушысына қатысты жалған болып табылатын немесе жаңылыстыруы мүмкiн белгiлердi, оның iшiнде тауар шығарылған жерге қатысты жаңылыстыруы мүмкiн географиялық көрсеткiштердi;
2) тауар шығарылған нақты жердi үстiрт түрде көрсететiн, бiрақ тауар басқа аумақтан шығарылғаны туралы қате түсiнiк беретiн;
3) минералды суларды, шараптарды немесе күштi спирт ішімдiктерiн бiрыңғайландыратын географиялық көрсеткіштер болып табылатын немесе оларды қамтитын белгiлердi, осы жерден шығарылмаған сондай тауарларды белгiлеу үшiн, сондай-ақ егер аударма пайдаланылса немесе белгiде "түрiнде", "үлгiсiнде", "стилiнде" деген немесе басқа да осындай сөздер қоса жазылса, сол белгiлердi;
4) өзiнiң мазмұны жөнiнен қоғамдық мүдделерге, адамгершiлiк пен iзгiлiк принциптерiне қайшы келетiн белгiлердi тiркеуге жол берiлмейдi.
7-бап. Тауар таңбасын тiркеуден бас тартудың өзге де негiздерi
1. Тауар таңбалары ретiнде:
1) бiртектес тауарлар мен қызметтер жөнiнде басқа тұлғаның атына неғұрлым ертерек басымдықпен Қазақстан Республикасында тiркелген тауар таңбаларымен;
2) тауарлар мен қызметтердiң кез келген түрiне қатысты Қазақстан Республикасында жалпыға бiрдей белгiлi тауар таңбаларымен;
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) бiртектес тауарлар мен қызметтерге (керi қайтарып алынғандарынан басқа) қатысты басқа тұлғаның атына неғұрлым ертерек басымдықпен тiркеуге берiлген белгiлермен;
4) Қазақстан Республикасы аумағында белгiленген тәртiппен тiркелген сертификаттық таңбалармен;
5) тауар шығарылған жердiң осы атауын пайдалану құқығы иесiнiң атына тiркелетiн тауар таңбасының қорғалмайтын элементi ретiнде олар енгiзiлуi мүмкiн жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында қорғалатын тауар шығарылған жер атауларымен олар араласып кеткен дәрежеге дейiн бiрдей немесе ұқсас белгiлер тiркелуге жатпайды.
2. Тауар таңбалары ретiнде:
1) олардың неғұрлым ертерек басымдығы болған жағдайда басқа тұлғалардың атындағы Қазақстан Республикасында қорғалатын өнеркәсiптi үлгiлер;
2) 09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3) өтiнiм берiлген күнi авторлық құқықтарды бұзушылықпен Қазақстан Республикасында белгiлi әдебиет, ғылым және өнер туындыларының атаулары, белгiлi өнер туындылары мен олардың фрагменттерi, егер осындай құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркелетiн тауар белгiсiне басымдық берiлген күннен бұрын тiркеуден өтсе;
4) осы адамдардың, олардың мұрагерлерiнiң немесе құқық мирасқорларының жеке мүлiктiк емес құқықтарын бұза отырып, олардың тектерiн, есiмдерiн, бүркеншiк аттарын және солардан таралатын есiмдердi, портреттерi мен факсимилелерiн қайталайтын, сондай-ақ егер бұл белгiлер Қазақстан Республикасы тарихы мен мәдениетiнiң игiлiгi болып табылса, олар тиiстi құзыреттi органның рұқсатынсыз тiркелмейдi.
8-бап. Өтiнiм беру
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Тауар таңбасына өтiнiмдi сараптама жасау ұйымына бiр немесе бiрнеше өтiнiм иелерi бередi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Ұжымдық тауар таңбасына өтiнiм ұжымдық тауар таңбасын пайдалану туралы оған қатысушылардың келісімiне сәйкес бiрлестiк атынан берiледi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
9-бап. Tayap таңбасына берiлетiн өтiнiмге қойылатын талаптар
1. Өтiнiм бiр тауар таңбасына қатысты болуға тиiс.
2. Өтiнiм бiр үлгi бланкiде берiлуге және:
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1) өтiнiм берушiнi (өтiнiм берушiлердi), сондай-ақ оның (олардың) орналасқан жерiн немесе тұрғылықты жерiн көрсете отырып, белгiге сараптама жүргiзу туралы өтiнiштi;
2) мәлiмделген белгiнi;
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) Тауарлар мен қызметтердiң халықаралық сыныптамасына сәйкес тауарлардың және (немесе) қызметтердiң тiзбесiн қамтуға тиiс.
3. Өтінiмге:
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1) сараптама жүргiзу жөніндегі сараптама жасау ұйымы қызметтерiнiң ақысы төленгенiн растайтын құжат қоса тiркелуге тиiс. Төлем мөлшерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi;
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) iс жүргiзу өкiл арқылы жүзеге асырылған жағдайда сенімхат;
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды
3) ұжымдық тауар таңбасын өз атына тiркеуге уәкiлеттi ұйымның атауын, бұл таңбаны тiркеу мақсатын, осы таңбаны пайдалануға құқылы субъектiлер тiзбесiн, ұжымдық тауар таңбасымен белгiленетiн тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi мен бiрыңғай сапасын немесе өзге де сипаттамаларын, оны пайдалану шарттарын, оны пайдалануды бақылау тәртібін, ұжымдық тауар таңбасы жарғысының ережелерiн бұзғаны үшiн жауаптылықты қамтитын ұжымдық тауар таңбасы жарғысы (ұжымдық тауар таңбасына өтiнiм берiлген жағдайда) қоса тiркелуге тиiс.
4. Өтiнiм және оған қоса тiркелетiн құжаттар мемлекеттік тiлде немесе орыс тілінде табыс етiледi. Егер құжаттар басқа тiлде табыс етiлген болса, өтiнiм берушi екi ай мерзiмде олардың мемлекеттік тiлдегi немесе орыс тiліндегі аудармасын тапсырады.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
5. Өтiнiм берiлген күн осы баптың 2-тармағының талаптарына сай өтiнiмнің сараптама жасау ұйымына түскен күнi бойынша, егер аталған құжаттар бiр мезгiлде табыс етiлмеген жағдайда - табыс етiлген құжаттардың соңғысы келiп түскен күн бойынша белгiленедi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Өтiнiм құжаттарына қойылатын талаптарды уәкiлеттi орган белгiлейдi.
10-бап. Тауар таңбасының басымдығы
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Тауар таңбасының басымдығы сараптама жасау ұйымына өтiнiмнiң түскен күнi бойынша белгіленедi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Егер сараптама жасау ұйымына өтiнiм беру аталған күннен бастап алты ай iшiнде жүзеге асырылса, тауар таңбасының басымдығы (конвенциялық басымдық) Өнеркәсіптiк меншiктi қорғау жөніндегі Париж конвенциясына қатысушы елде, сондай-ақ онда көзделген халықаралық немесе аймақтық ұйымда тауар таңбасына бiрiншi өтiнiм (өтiнiмдер) берiлген күн бойынша белгiленуi мүмкiн. Конвенциялық басымдыққа өтiнiш жасалған кезде өтiнiм берушi алғашқы өтiнiм нөмiрiн, берiлген күнiн және ол берiлген елдi көрсетіп, алғашқы өтiнiмнiң куәландырылған көшiрмесiн қоса тiркеуi қажет.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Ресми танылған халықаралық көрмелердiң экспонаттарына орналастырылған тауар таңбасының басымдығы (көрмелiк басымдық), егер сараптама жасау ұйымына тауар таңбасына өтiнiм беру көрсетiлген уақыттан бастап алты ай iшiнде жүзеге асырылса, көрмеде экспонатты ашық көрсете бастаған күн бойынша белгiленуi мүмкiн.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Конвенциялық немесе көрмелiк басымдық құқығын пайдаланғысы келетiн өтiнiм берушi мұны тауар таңбасына өтiнiм берген кезде немесе өтiнiм сараптама жасау ұйымына түскен күннен бастап екi ай iшiнде көрсетуге және осындай талаптың заңдылығын растайтын тиiстi құжаттарды тапсыруға мiндеттi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 5-тармақ толықтырылды
5. Өтiнiм бөлiнген жағдайда өтiнiмдердiң әрқайсысы бойынша басымдық алғашқы өтiнiмнiң басымдық күнi бойынша белгiленедi.
Бөлiнген өтiнiмдер бойынша басымдық - сол өтiнiм берушiнiң алғашқы өтiнiмiнiң басымдық күнi бойынша, ал алғашқы өтiнiм бойынша неғұрлым ертерек басымдық белгiлеу құқығы бар болған кезде, егер бөлiнген өтiнiм берiлген күнге алғашқы өтiнiм қайтарылып алынбаса және қайтарылып алынған болып саналмаса және бөлiнген өтiнiмдi беру алғашқы өтiнiм бойынша шешiм шығарылғанға дейiн жүзеге асырылса осы басымдық күнi бойынша айқындалады.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды
6. Тауар таңбасының түрлi тауарларға қатысты көптеген басымдығы өтiнiм берушiнiң өтiнiшi бойынша әртүрлi тауарларға қатысты бiр белгiге берiлген оның бiрнеше өтiнiмi болған кезде белгiленуi мүмкiн.
3-тарау. Тауар таңбасының сараптамасы
11-бап. Сараптаманы жүргiзу тәртібі
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Сараптама жасау ұйымы өтiнiмдер сараптамасын кезең-кезеңмен жүргiзедi:
1) алдын-ала сараптама - өтiнiм түскен күннен бастап екi ай iшiнде жүргiзiледi, оның барысында өтiнiмнiң мазмұны, осы Заңның 5 және 9-баптарында белгiленген талаптарға сәйкес қажеттi құжаттардың бар-жоғы тексерiледi;
2) толық сараптама - өтiнiм берiлген күннен бастап он екi ай iшiнде жүргiзiледi, оның барысында мәлiмделген белгiнiң осы Заңның 6 және 7-баптарында белгiленген талаптарға сәйкестiгi тексерiледi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Сараптама жасау ұйымы сараптаманың кез келген кезеңiнде қосымша материалдар сұратуға құқылы, олар өтiнiм иесiне сұрау салу жiберiлген күннен бастап үш ай iшiнде табыс етiлуге тиiс.
Өтiнiм берушi қосымша материалдарды не көрсетiлген мерзiмдi ұзарту туралы өтiніштi белгiленген мерзiмде табыс етпеген жағдайда iс жүргiзу тоқтатылып, өтiнiм керi қайтарылып алынған болып есептеледi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
12-бап. Сараптама нәтижелерi бойынша шешiм
1. Алдын ала жасалған сараптама нәтижелері бойынша өтінім берушiге өтiнiмнiң қарауға қабылданғаны, оған тиiстi нөмiр берiлгенi, берiлген күнi және басымдық күнi белгiленгенi туралы не өтiнiмдi қарауға қабылдаудан бас тартылғаны туралы дәлелдi қорытынды түрiнде хабарланады.
2. Толық сараптама нәтижелерi бойынша уәкiлеттi орган тауар таңбасын тiркеу туралы немесе тiркеуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды. Тiркеу туралы шешiм тауарлар мен қызметтердiң бүкiл тiзбесiне не олардың бiр бөлiгiне қатысты болуы мүмкiн.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)