1-3. Дебиторлық берешек сомасын растайтын салықтық тексеру актiсi және дебиторлардың банк шоттарындағы ақшасынан өндiрiп алу туралы хабарлама болған кезде олар өзара есеп айырысулардың салыстыру актiсiн табыс етпейдi.
1-4. Салық төлеушi салық берешегiн өтеген жағдайда дебиторлар тiзiмi мен өзара есеп айырысулардың салыстыру актiсi табыс етiлмейдi.
2. Салық төлеушi мен оның дебиторының арасындағы өзара есеп айырысуды салыстыру актiсiнде мынадай мәлiметтер болуға тиiс:
1) салық төлеушi мен оның дебиторының атауы, олардың тiркеу нөмiрлерi;
2) салық төлеушi мен оның дебиторы тiркеу есебiнде тұрған салық органының атауы;
3) салық төлеушi мен оның дебиторының банк шоттарының деректемелерi;
4) дебитордың салық төлеушiге берешек сомасы;
5) салық төлеушi мен оның дебиторының заңды деректемелерi, мөрi және қойылған қолдары;
6) салыстыру актiсiнiң жасалған күнi.
3. Өзара есеп айырысуды салыстыру актiсiнiң немесе дебиторлық берешек сомасын растайтын салықтық тексеру актiсiнiң негiзiнде салық органы салық төлеушiнiң салық берешегi сомасын өндiрiп алу туралы инкассолық өкiмдi дебитордың банк шотына ұсынады.
4. Салық төлеушi дебиторының банкi немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымы осы Кодекстiң 50-бабында белгiленген талаптарға сәйкес салық төлеушiнiң салық берешегi сомасын өндiрiп алу туралы салық органы ұсынған инкассолық өкiмдi орындауға мiндеттi.
5. Осы баптың ережелерiне сәйкес өзара есеп айырысуды салыстыру актiсi бола отырып салық органының хабарламасын табыс еткен кезден бастап тоқсан жұмыс күнi iшiнде салық төлеушiнiң пайдасына дебитор төлем жүргiзген жағдайда, салық органы жүргiзiлген төлемдер сомасы шегінде салық төлеушінің салық берешегі сомасын өндіріп алу туралы инкассолық өкімін дебитордың банк шотына ұсынуға құқылы.
23.11.02 ж. № 358-II; 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 53-бап өзгертілді
53-бап. Салық төлеушінің билік ету шектелген мүлкін өткізу есебінен салық берешегі есебінен өндіріп алу
1. Салық төлеушінің - заңды тұлғаның және жеке кәсіпкердің банк шоттарында ақшасы, қолма-қол ақшасы және дебиторларының банк шоттарында ақшасы болмаған немесе жеткiлiксiз болған жағдайларда салық органдары оның келісімінсіз салық берешегінің сомасы шегінде салық төлеушінің билік ету шектелген мүлкінен өндіріп алуды жүргізуге құқылы.
2. Салық төлеуші билік ету шектелген мүліктің шектеу алып тасталғанға дейін сақталуын және тиісінше күтіп-ұсталуын қамтамасыз етуге міндетті. Ол орындалмаған жағдайда, салық төлеуші билік ету шектелген мүлікті аукционға дайындау жөніндегі шығындарды өтеуге міндетті және аталған мүлікке қатысты заңсыз әрекеттері үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
54-бап. Салық төлеушінің билік ету шектелген мүлкін салық берешегі есебіне өткізу тәртібі
Билік ету шектелген мүлікті өткізу мамандандырылған аукционда жүзеге асырылады, оның жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
ҚР 16.05.03 ж. № 416-II Заңымен 55-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 55-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
55-бап. Салық төлеушінің-жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғамның жарияланған акцияларын мәжбүрлеп шығару
Осы Кодекстiң 49-бабының 1)-4) тармақшаларында көзделген барлық шаралар қолданылғаннан кейін салық төлеуші-жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғам салық берешегі сомаларын өтемеген жағдайда, уәкілеттi мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен, сотқа жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы талап-арызбен жүгiнуге құқылы.
56-бап. Салық төлеушіні банкрот деп тану
1. Осы Кодекстің 49-бабында көзделген барлық шаралар қолданылғаннан кейін салық берешегі сомасын заңды тұлға, жеке кәсіпкер өтемеген жағдайда, салық органы Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес оны банкрот деп тану жөнінде шаралар қолдануға құқылы.
2. Банкрот деп танылған заңды тұлғаны тарату тәртібі Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
10-тарау. Салық міндеттемесін тоқтатудың негіздері
57-бап. Жеке тұлғаның салық мiндеттемесiн тоқтату
Жеке тұлғаның салық мiндеттемесi:
1) қайтыс болғанда;
2) оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешiмi күшiне енгенде тоқтатылады.
58-бап. Заңды тұлғаның салық мiндеттемесiн тоқтату
Заңды тұлғаның салық мiндеттемесi:
1) толық таратылғаннан кейiн;
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) қосылу (қосылған заңды тұлғаға қатысты), бiрiгу және бөліну жолымен толық қайта ұйымдастырылғаннан кейiн тоқтатылады.
2. Ерекше бөлім
3-бөлім. Жалпы ережелер
11-тарау. Салық және бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдердің түрлері
13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 59-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
59-бап. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасында осы Кодексте белгiленген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер қолданылады.
2. Салықтар тiкелей және жанама болып бөлiнедi. Жанама салықтарға қосылған құн салығы мен акциз жатады.
3. Салық және басқа да мiндеттi төлемдердiң сомалары Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне және тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы заңдарда белгiленген тәртіппен тиiстi бюджеттердiң кiрiсiне түседi.
13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 60-бап толықтырылды
60-бап. Салықтар
1. Корпорациялық табыс салығы.
2. Жеке табыс салығы.
3. Қосылған құн салығы.
4. Акциздер.
4-1. Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына рента салығы.
5. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдерi.
6. Әлеуметтiк салық.
7. Жер салығы.
8. Көлiк құралдары салығы.
9. Мүлiк салығы.
04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді); 2005.22.11 № 90-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01 бастап қолданысқа енді) ҚР Заңдарымен 61-бап өзгертілді
61-бап. Алымдар
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркегенi және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені үшiн алым.
2. Жеке кәсiпкерлердi мемлекеттік тiркегенi үшiн алым.
3. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және олармен жасалған мәмiлелердi мемлекеттік тiркегенi үшiн алым.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 3-1 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3-1. Жылжымалы мүлiк кепiлiн және кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тiркегенi үшiн алым.
4. Радиоэлектрондық құралдарды және жиiлiгi жоғары құрылғыларды мемлекеттік тiркегенi үшiн алым.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 5 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5. Көлік құралдарын мемлекеттік тiркегенi үшiн алым.
6. 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
ҚР 22.10.04 ж. № 601-II Заңымен 61-бап 6-1-тармақпен толықтырылды
6-1. 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
7. 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
8. Дәрi-дәрмек құралдарын мемлекеттік тiркегенi үшiн алым.
8-1. Туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу үшін алым.
9. Автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру алымы.
2006.05.07. № 156-III ҚР Заңымен 9-1-тармақпен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
9-1. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қойғаны үшін алым.
10. Аукциондардан алынатын алым.
11. алынып тасталды
12. Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым.
13. Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат беру үшiн алым.
62-бап. Төлемақылар
1. Жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақы.
2. Жер бетіндегі көздердiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы.
3. Қоршаған ортаға эмиссия үшiн төлемақы.
4. Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы.
5. Орманды пайдаланғаны үшiн төлемақы.
6. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлемақы.
7. Радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлемақы.
ҚР 05.07.04 ж. № 568-II Заңымен 7-1-тармақпен толықтырылды (2005 ж. 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)
7-1. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын бергені үшін төлемақы.
8. Кеме жүретiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы.
9. Сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастырғаны үшiн төлемақы.
63-бап. Мемлекеттік баж
Мемлекеттік баж
ҚР 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара) Заңымен 64-бап өзгертілді
64-бап. Кеден төлемдерi
1. Кеден бажы.
2. Кеден алымдары.
3. Алдын ала шешiм қабылдағаны үшiн төлемақы.
4. Алымдар.
12-тарау. Салық есебінің ережелері және салық есептілігі
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II Заңымен 65-бап өзгертілді
65-бап. Салық есебiнiң ережелерi
1. Салық төлеушiлер салық салу объектілерi мен салық салуға байланысты объектiлердi осы Кодексте белгiленген тәртiп пен шарттар бойынша есептеу әдiсiмен айқындайды.
2. Шетел валютасымен жасалатын операция салық салу мақсатында операция (төлем) жасалған күнгі валюта айырбастаудың рыноктық бағамы қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңгемен қайта есептеледі.
3. Салық мақсаттары үшiн тауар-материалдық қорлар есебi бухгалтерлiк есеп жөніндегі ережелерге сәйкес жүргiзiледi.
4. Барлық салықтарға қатысты баспа-бас айырбас операциялар осы операцияларды шот-фактуралармен мiндеттi түрде ресiмдей отырып қолданылатын бағалар бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткізу ретiнде қарастырылады.
66-бап. Есеп құжаттамасын жасау және сақтау
1. Салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердi айқындау үшiн, сондай-ақ салық мiндеттемелерiн есептеу үшiн негiз болатын бастапқы құжаттар, бухгалтерлiк есептiң тiркелiмдерi және өзге де құжаттар есеп құжаттамасы болып табылады.
2. Есеп құжаттамасы қағазда және (немесе) электрондық көздерде жасалады және осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, есеп құжаттамасы жасалған кезеңнен кейiнгi салық кезеңiнен бастап, осындай құжаттама қатысты болатын әрбiр салық түрi немесе басқа да мiндеттi төлем үшiн осы Кодексте белгiленген талап қою мерзiмi өткенге дейiн сақталады.
3. Қызметiн жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарға сәйкес жүзеге асыратын салық төлеушiлердің есеп құжаттамасы келісім-шарттың қолданылуы аяқталған кезеңнен кейiнгi салық кезеңi үшiн осы Кодексте белгiленген талап қою мерзiмi өткенге дейiн сақталады.
4. Тiркелген активтердiң, соның iшiнде қаржы лизингi бойынша берiлген (алынған) активтердің құнын растайтын есеп құжаттамасы осындай актив бойынша амортизациялық аударымдар есептелетiн соңғы салық кезеңi үшiн осы Кодексте белгiленген талап қою мерзiмi өткенге дейiн сақталады. Амортизациялауға жатпайтын тiркелген активтердің құнын растайтын есеп құжаттамасы салық салу мақсатында осындай активтер өткiзiлген салық кезеңi үшiн осы Кодексте белгiленген талап қою мерзiмi өткенге дейiн сақталады.
5. Бастапқы құжаттарды және бухгалтерлiк есеп тiркелiмдерiн салық төлеушi мемлекеттік тiлде немесе орыс тілінде жасайды.
Шет тiлдерде жасалған жекелеген құжаттар болған кезде салық органы олардың мемлекеттік тiлге немесе орыс тілiне аударылуын талап етуге құқылы.
6. Есеп құжаттамасы электрондық көздерде жасалған кезде салық төлеушi мониторинг кезiнде және тексеру барысында салық органдарының талап етуi бойынша мұндай құжаттардың қағазға түсiрiлген көшiрмелерiн беруге мiндеттi.
13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 67-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
67-бап. Бөлек есеп және оны жүргiзу тәртібі
1. Осы Кодексте салық салудың әртүрлi шарттары көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiлер салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердің бөлек есебiн жүргiзуге мiндеттi.
2. Салық төлеушiлер бөлек есепке алуды осы Кодексте белгiленген ерекшелiктердi ескере отырып, бухгалтерлiк есепке алу деректерi негiзiнде жүргiзедi. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, бөлек есепке алу әрбiр қызмет түрi бойынша жеке жүргiзiледі.
2-1. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартта өзгеше көзделмесе, жер қойнауын пайдаланушы келісім-шарт шеңберiнде жүзеге асырылатын қызмет бойынша және келісім-шарт шеңберiнен тыс қызмет бойынша салық мiндеттемелерiн есептеу үшiн бөлек есепке алуды жүргiзуге мiндеттi.
3. Белгiлi бiр қызмет түрiне жатқызылған барлық кiрiстер мен шығыстар тиiстi есеп құжаттамасымен расталуға тиiс.
23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 68-бап өзгертілді
68-бап. Салық есептілігi
1. Салық есептілігi дегенiмiз осы Кодекстiң 67-бабының ережелерiн ескере отырып, салық төлеушi, салық агенті салық органдарына табыс ететiн, салық мiндеттемелерiн есептеу туралы ақпараты бар құжаттама.
2. Салық есептілігіне осы тармақта көрсетілген мынадай құжаттар, сондай-ақ олардың қосымшалары мен қосымша нысандары кіреді:
салықтың әрбiр түрi және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналары және Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша салық төлеушi жасайтын салық декларациялары, есеп-қисабы;
арнаулы салық режимдерiн қолдануға патент алуға өтiнiштер;
осы Кодекстiң 397 және 531-баптарына сәйкес салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердi тiркеу және қайта тiркеу туралы өтiнiштер;
қосылған құн салығын бюджеттен қайтарып алуға өтiнiштер;
қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық шарттар нормаларын қолдануға берiлген өтiнiштер;
шот-фактуралар тізілімі;
осы Кодекске сәйкес электрондық мониторингке жататын, салық төлеушiлер табыс ететiн құжаттама.
3. Салық есептілігі - салық төлеушiнiң, салық агентiнiң осы Кодексте белгiленген тәртiпке сәйкес салық органдарына берiлген жазбаша өтiнiшi және (немесе) электрондық құжаты, онда салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлер туралы, сондай-ақ салық мiндеттемелерiн есептеу мен салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеу мен төлеуге байланысты басқа да деректер туралы мәлiметтер болуға тиiс.
4. Салық декларациясы мен есеп-қисабында көрсетiлуге тиiстi белгiлi бiр деректер болмаған жағдайда, оған уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген тиiстi қосымшалар табыс етiлмейдi.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 5 тармақпен толықтырылды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5. Шаруа (фермер) қожалықтарына және қызметтің жекелеген түрлеріне арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, қызметтерін уақытша тоқтата тұрған жағдайда дара кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар тіркеу есебінде тұрған жері бойынша салық органдарына уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша алдағы кезеңге қызметті уақытша тоқтата тұру туралы өтініш береді. Қызмет өтініште көрсетілген, бірақ он екі айдан аспайтын мерзімге уақытша тоқтатылуға жатады.
Салық төлеуші қызметті уақытша тоқтата тұрудың ағымдағы кезеңінің аяқталу күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қызметті уақытша тоқтату туралы кезекті өтініш беруге құқылы.
Салық органдары қызметті уақытша тоқтата тұру туралы немесе қызметті уақытша тоқтата тұрудан бас тарту туралы хабарламаны өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жібереді. Салық берешегінің болуы немесе осы Кодекстің 69-бабының 7-2-тармағына сәйкес салық есептілігін табыс етпеу қызметті уақытша тоқтата тұрудан бас тартуға әкеп соғады.
Қызметті уақытша тоқтата тұрудан бас тартылған жағдайда салық төлеуші осы Кодексте белгіленген тәртіппен өзінің салық міндеттемелерін орындайды.
Қызметті уақытша тоқтата тұру туралы немесе қызметті уақытша тоқтата тұрудан бас тарту туралы хабарлама салық төлеушінің (өкілінің) өзіне қол қойғызу арқылы немесе жөнелту мен алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен тапсырылуға тиіс.
Салық төлеуші қызметті уақытша тоқтата тұру туралы хабарламаны алған жағдайда қызметті уақытша тоқтата тұру туралы өтініште көрсетілген күннен бастап қызметі уақытша тоқтатыла тұрған деп есептеледі.
Қызметті уақытша тоқтата тұру қызметті қайта бастаған күнге дейін алдағы салық кезеңдері үшін салық есептілігін тапсырмау үшін негіз болып табылады.
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 69-бап өзгертілді
69-бап. Салық есептілігiн жасау мен табыс ету тәртібі
1. Салық есептілігiн салық төлеушi, салық агенті не олардың өкілдері осы Кодекске сәйкес уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен және нысандар бойынша дербес жасайды.
Осы Кодексте салық салудың әртүрлi шарттары көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiлер мұндай қызметтiң әрбiр түрi үшiн бөлек салық есептілігiн жасайды.
Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартта өзгеше көзделмесе, бөлек есеп жүргiзу қажеттілігi көзделген жер қойнауын пайдаланушылар келісім-шарт шеңберiнде жүзеге асырылатын қызмет бойынша және келісім-шарт шеңберiнен тыс қызмет бойынша бөлек салық есептілігiн жасайды.
2. Салық есептілігi қағазда және (немесе) электрондық көздерде мемлекеттік тiлде немесе орыс тілінде жасалады. Салық есептілігi электрондық көздерде жасалған кезде салық төлеушi, салық агентi уәкiлеттi мемлекеттік органның талап етуi бойынша осындай құжаттардың қағазға түсiрiлген көшiрмелерiн табыс етуге мiндеттi.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 3 тармақ жаңа редакцияда (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
3. Қағазға түсірілген салық есептілігіне салық төлеуші, салық агенті (басшы және бас бухгалтер) не оның уәкілетті өкілі қол қоюға, сондай-ақ ол салық төлеушінің, салық агентінің не оның уәкілетті өкілінің мөрімен расталуға тиіс. Салық есептілігі электронды түрде жасалған кезде электрондық құжат салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталуға тиіс.
4. 29.11.03 ж. № 500-II ҚР Заңымен алынып тасталды
5. Салық төлеушi, салық агентi салық есептілігiн жасаған кезде, оның iшiнде мұндай есептіліктi оның өкiлi жасаған жағдайда, салық есептілігiнде көрсетiлген деректердiң дұрыстығы үшiн жауаптылық салық төлеушіге, салық агентiне жүктеледі.
6. Салық төлеушi, салық агентi салық есептілігiн тиiстi салық органдарына осы Кодексте белгiленген тәртiппен және мерзiмде табыс етедi.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 7 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
7. Салық төлеушi (заңды тұлға) қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешiм қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде ол туралы салық органына жазбаша хабарлайды.
Салық төлеушiнi (заңды тұлғаны) қосу, бiрiктiру, бөлу жолымен қайта ұйымдастырған немесе таратқан кезде қайта ұйымдастырылған немесе таратылған әрбiр салық төлеушiге салық кезеңi басталғаннан қайта ұйымдастыру немесе тарату аяқталған күнге дейiн өткізу актiсiнiң, тиiсiнше бөлу немесе тарату балансының негiзiнде бөлек салық (тарату) есептілігi жасалады.
Таратудың салық есептілігі заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуына немесе таратылуына байланысты құжаттық тексерудi жүргiзу туралы өтiнiшпен бір уақытта өткізу актiсiн, бөлу немесе тарату балансын бекiткен күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде тапсырылады.
Табыс ету мерзімі таратудың салық есептілігін табыс ету күні басталмайтын салық есептілігі (тарату есептілігін қоспағанда) осы тармақтың үшінші бөлігінде белгіленген мерзімге дейін табыс етіледі.
Заңды тұлғаны бөлiп шығару жолымен қайта ұйымдастыруға байланысты құжаттық тексерудi жүргiзу туралы өтiнiш бөлу балансын бекiткен күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде тапсырылады.
Осы тармақтың ережелерi қайта құру, сондай-ақ басқа заңды тұлғаны бiрiктiру жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаларға қолданылмайды.
7-1. Жеке кәсiпкер кәсiпкерлiк қызметтi тоқтату туралы шешiм қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде ол туралы салық органына жазбаша хабарлайды.
Кәсiпкерлiк қызметтi тоқтату туралы шешiм қабылданған күннен бастап бiр ай iшiнде жеке кәсiпкер салық органына салық кезеңi басталғаннан берi кәсiпкерлiк қызмет тоқтатылған күнге дейiн жасалған салық есептілігiн табыс етедi.
Осы тармақта көрсетiлген салық есептілігiмен бiрге жеке кәсiпкер кәсiпкерлiк қызметтiң тоқтатылуына байланысты құжаттық тексерудi жүргiзу туралы өтiнiш береді.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 7-2- тармақпен толықтырылды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7-2. Осы Кодекстің 68-бабының 5-тармағында көрсетілген жағдайда қызмет уақытша тоқтатылған кезде салық кезеңі басталғаннан қызмет тоқтатылатын күнге дейін салық есептілігі жасалады. Осы тармақта көрсетілген есептілік қызметті уақытша тоқтату туралы өтінішпен бір уақытта табыс етіледі.
Қызметті уақытша тоқтату туралы кезекті өтініш қызметті уақытша тоқтатудың ағымдағы кезеңінің аяқталу күнінен кешіктірілмейтін мерзімде тапсырылған жағдайда осы тармақта көзделген салық есептілігі табыс етілмейді.
8. Салық төлеушiлер, салық агенттерi салық есептілігiн өз қалауы бойынша:
1) өзi келу тәртібімен;
2) хабарланатын етiп почта арқылы тапсырыстық хатпен;
3) уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген жағдайларда ақпаратты компьютерлiк өңдеуге болатын электронды түрде табыс етуге құқылы.
9. Құжаттарды салық органы қабылдаған күн немесе есептілік жөнелтілімi электрондық почта арқылы жеткiзiлгендiгi туралы хабарланған күн салық есептілігi салық органына табыс етiлген күн болып табылады.
Почта ұйымына немесе өзге де байланыс ұйымына осы Кодексте белгiленген мерзiмнiң соңғы күнiнде сағат жиырма төртке дейiн тапсырылған салық есептілігi почта немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдаған уақыты мен күнi қойылған белгiсi болса, мерзiмiнде табыс етiлген деп саналады.
10. Салық есептілігi алдын ала камералдық бақылаусыз қабылданады.
Егер салық есептілігінде:
1) салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетілмесе не дұрыс көрсетілмесе;
2) салық кезеңі көрсетілмесе;
3) осы баптың қолтаңба мен салық есептілігін куәландыруға қатысты талаптары бұзылса;
4) уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген электрондық пiшiмнiң құрылымы бұзылса, салық есептілігi салық органына берiлмеген болып есептеледi.
11. Егер осы Кодексте және (немесе) жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартта өзгеше көзделмесе, бөлек есепке алуды жүргiзу кезiнде салық есептілігiн табыс ету әрбiр қызмет түрi бойынша, ал жер қойнауын пайдаланушылар үшiн жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр келісім-шарт бойынша жеке жүргiзiледi.
70-бап. Салық декларациясын табыс ету мерзiмiн ұзарту
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Салық төлеушiден салық декларациясын табыс етудiң осы Кодексте белгiленген мерзiмiне дейiн жазбаша (электрондық) өтiнiш алынған жағдайда, уәкiлеттi мемлекеттік орган салық декларациясын және (немесе) салық төлеушілер табыс ететін, электрондық мониторингке жататын құжаттаманы табыс ету мерзiмiн үш айдан аспайтын мерзiмге ұзартуға құқылы.
2. Осы бапқа сәйкес салық декларациясын табыс ету мерзiмiн ұзарту салық төлеу мерзiмiн өзгертпейдi.
71-бап. Салық есептілігiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 1 тармақ жаңа редакцияда (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық декларациясына, есеп-қисабына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге осы Кодексте көзделген талап қою мерзімі ішінде жол беріледі.