3. 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4. Қосылған құн салығы осы баптың 2-тармағында белгiленген тәртiппен тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) алынған салық кезеңiнде есепке жатқызылады.
Егер осы баптың 4-1-тармағында өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығы осы Кодекстiң 221-бабына сәйкес төленген жағдайда, төленген салық қосылған құн салығын төлеу жөніндегі салық мiндеттемесi орындалған салық кезеңiнде есепке жатқызылады.
4-1. Егер шот-фактураның жазбасы осы Кодекстің 242-бабының 4-тармағында көрсетілген тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізу бойынша айналым жасау күнінен кейін жүзеге асырылса, қосылған құн салығы шот-фактура жазу күнінің сол салық кезеңінде есепке жатқызылады.
5. Қосылған құн салығын төлеушiде салық салынатын және салық салынбайтын, оның iшiнде қосылған құн салығынан босатылған айналымдар болған кезде, қосылған құн салығы осы Кодекстің 239-бабында көзделген тәртiппен есепке жатқызылады.
ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 235-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
236-бап. Есепке жатқызылмайтын қосылған құн салығы
Қосылған құн салығы, егер:
1) қосылған құн салығын төлеушiнiң кәсiпкерлiк қызметiне жатпайтын шаралар өткізумен байланысты тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi);
2) қонақүй ретiнде пайдаланылатын ғимараттарды қоспағанда, тұрғын үй қорындағы ғимараттарды (ғимараттың бiр бөлiгiн);
3) негізгi құралдар ретiнде сатып алынған жеңiл автомобильдердi;
4) жалдау шартына сәйкес жөндеу шығыстарын жалға берушi өтеген және жөндеудi жүзеге асырған жалға алушының салық салынатын айналымы болып табылатын жағдайларды қоспағанда, тұрғын үй қорындағы жалға алынған ғимараттарды жөндеуге пайдаланылған тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетудi);
5) өтеусiз алынған мүлiктi (тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi), осындай мүлiк Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден әкелiнген және осы мүлiктi алушы импорт кезiнде қосылған құн салығын төлеген жағдайларды қоспағанда, алумен байланысты төленуге тиiс болса, есепке жатқызылмайды.
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II Заңымен 237-бап өзгертілді
237-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету
1. Бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығы мынадай жағдайларда:
1) салық салынатын айналым мақсаттарында пайдаланылмаған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша;
2) негiзгi құралдарды қоса алғанда, тауарлар бүлiнген, жоғалған жағдайда (төтенше жағдайлар салдарынан туындаған реттердi қоспағанда), олар бойынша;
Негізгі құралдар бүлінген, жоғалған жағдайда, қосылған құн салығы негізгі құралдардың теңгерім құнына жататын құн бөлігінің есебінен алып тасталады;
3) табиғи монополиялар субъектiсi нормативтен тыс шеккен шығыстар бойынша;
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4) осы Кодекстiң 242-бабында белгiленген ережелер сақталмаған жағдайда ;
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5) осы Кодекстің 209-бабының 3-тармағында көрсетілген жағдайларда, қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлік күшін жойған кезде есептен шығарылып тасталуға тиіс.
2. Осы баптың мақсаттары үшiн тауардың (мүлiктiң) барлық немесе жекелеген сапасының (өзiндiк қасиеттерiнiң) нашарлауы, соның салдарынан осы тауардың (мүлiктің) салық салынатын айналым мақсатында пайдалануға келмей қалуы тауардың (мүлiктiң) бүлiнуiн бiлдiредi.
Салдары тауардың (мүлiктiң) жойылуына және (немесе) ысырап болуына әкеп соққан оқиға тауардың (мүлiктің) жоғалуы деп ұғынылады. Салық төлеушi табиғи залалдың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген нормалар шегiнде шеккен тауар (мүлiк) ысырабы жоғалту болып табылмайды.
3. Осы Кодекстiң 218-бабының 2-тармағында аталған жағдайларда алынған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) құны өзгерген кезде, бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы тиiсiнше түзетiледi.
4. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету осы баптың 1 және 3-тармақтарында аталған жағдайлар туындаған нақ сол салық кезеңiнде жүргiзiледi.
238-бап. Күмәндi мiндеттемелер бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасын түзету
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) ( бұр. ред. қара)
1. 235-баптың 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларының негізінде есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасынан басқа, туындаған кезінен бастап үш жыл ішінде қанағаттандырылмаған, сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша міндеттемелер күмәнді болып танылады және осындай тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы ол есепке жатқызылған кезден бастап үш жыл өткен соң есептен шығарып тасталуға тиіс.
Егер қосылған құн салығы шығарып тасталғаннан кейiн қосылған құн салығын төлеушi тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн ақы төлеген жағдайда, осы аталған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша салық сомасы сол ақы төленген салық кезеңіндегі есепте қалпына келтiрiлуге тиiс.
2. Қосылған құн салығын өнiм берушi-төлеушi банкрот деп танылған жағдайда, бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомаларын есептен шығарып тастау банкрот деп танылған қосылған құн салығын өнiм берушi-төлеушiнi заңды тұлғалардың мемлекеттік тiзiлiмiнен алып тастау туралы әдiлет органдарының шешiмi шығарылған салық кезеңiнде жүргiзiледi.
3. 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) ( бұр. ред. қара)
ҚР 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 239-бап өзгертілді
239-бап. Қосылған құн салығы салынбайтын өткізу бойынша айналымдар болған кезде қосылған құн салығын есепке жатқызу тәртібі
1. Салық салынбайтын айналымдар мақсаттары үшiн пайдаланылатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша өнiм берушiге төленуге тиiс және импорт бойынша қосылған құн салығы есепке жатқызылмайды.
2. Салық салынатын және салық салынбайтын айналымдар болған кезде қосылған құн салығын төлеушiнiң таңдауы бойынша барабарлық немесе бөлек есептеу әдiсiмен анықталған қосылған құн салығының сомасы есепке жатқызылады.
Есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомасын анықтаудың таңдап алынған әдiсi күнтiзбелiк жыл iшiнде өзгертiлмеуге тиiс.
3. Осы бапқа сәйкес есепке жатқызылмайтын қосылған құн салығы салық салынатын табысты анықтау кезiнде осы Кодексте белгiленген тәртіппен шегерiмге жатқызылады.
240-бап. Барабарлық әдiсi
1. Есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы барабарлық әдiс бойынша салық салынатын айналымның жалпы айналым сомасындағы үлес салмағына қарай анықталады.
2. Осы баптың 1-тармағының мақсаттары үшiн бағалы қағаздармен жүргiзiлетiн операцияларды жүзеге асыру кезiнде бағалы қағаздарды өткізу кезiнде алынған өсiм өткізу бойынша айналымға қосылады.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) ( бұр. ред. қара)
3. Тауарлар сатып алынатын күні қолданыста болған салық заңнамасына сәйкес олар жөнінде қосылған құн салығы бойынша есепке алу көзделмеген қосылған құн салығынан босатылған тауарларды өткізу кезінде осы баптың 1-тармағының мақсаттары үшін сату жөніндегі айналымға тауарды өткізу құны мен баланстық құны арасындағы оң айырма қосылады.
ҚР 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 241-бап өзгертілді
241-бап. Бөлек есептеу әдiсi
1. Бөлек есептеу әдiсi бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомасын анықтау кезiнде, қосылған құн салығын төлеушi алған, салық салынатын және салық салынбайтын айналымдар мақсаттары үшiн пайдаланылатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша шығыстар мен қосылған құн салығының сомалары бойынша бөлек есеп жүргiзедi.
2. Есепке жатқызудың барабарлық әдiсiн пайдаланатын банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың және микрокредиттiк ұйымдардың кепiлдегi мүлiктi (тауарларды) алуға және өткізуге байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығының сомаларын есепке алу бойынша бөлек есептеу әдiсiн қолдануға құқығы бар.
3. Қаржы лизингiне мүлiктi берген кезде есепке жатқызудың барабарлық әдiсiн пайдаланатын лизинг берушінің қаржы лизингiне мүлiктi беруге байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығының сомасын есепке алу бойынша бөлек есептеу әдiсiн қолдануға құқығы бар.
39-тарау. Шот-фактура
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II Заңымен 242-бап өзгертілді
242-бап. Шот-фактура
1. Шот-фактура осы баптың 8-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, барлық қосылған құн салығын төлеушiлер үшiн мiндеттi құжат болып табылады.
2. Қосылған құн салығы салынатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) өткізудi жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеушi аталған тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) алушы тұлғаға, осы баптың 8-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, қосылған құн салығы көрсетiлген шот-фактураны беруге мiндеттi.
3. Осы Кодекстiң 235-бабына сәйкес қосылған құн салығын есепке жатқызу үшiн негiздеме болып табылатын шот-фактурада:
1) шот-фактураның реттiк нөмiрi мен толтырылған күнi;
2) тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) берушi мен алушының тегi, аты, әкесiнiң аты не толық атауы, мекен-жайы және тiркеу нөмiрi, сондай-ақ өнiм берушiнiң қосылған құн салығы бойынша есепке қойылғаны туралы куәлiктiң нөмiрi;
3) өткiзiлетiн тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) атауы;
4) салық салынатын айналымның мөлшерi;
5) қосылған құн салығының ставкасы;
6) қосылған құн салығының сомасы;
7) қосылған құн салығы ескерiлген тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) құны көрсетiлуге тиiс.
4. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, шот-фактура өткізу бойынша айналым жасалған күннен кешiктiрiлмей жазылады және берушiнiң басшысы мен бас бухгалтерiнің, не осыған уәкiлеттi өзге де лауазымды адамдардың қолымен куәландырылады.
Қосылған құн салығы салынатын электр энергиясын, су, газ сатуды, байланыс қызметтерін, коммуналдық қызмет көрсетулерді, темір жол тасымалдарын, көлік-экспедиторлық қызмет көрсетуді, банк операцияларын жүзеге асыратын салық төлеушілер салық кезеңінің қорытындысы бойынша шот-фактуралар жазып беруге құқылы.
5. Егер осы тармақта өзгеше белгiленбесе, салық салынатын айналымның мөлшерi шот-фактурада тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) әрбiр атауы бойынша бөлек көрсетiледi.
Егер мұндай шот-фактураға өткiзiлетiн тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) тiзбесi көрсетiлген құжат қоса тiркелген болса, айналымның жалпы мөлшерiн көрсетуге жол берiледi.
Бұл ретте шот-фактурада құжаттың нөмiрi мен күнiне, сондай-ақ оның атауына сiлтеме болуға тиiс.
5-1. Лизинг беруші өзі беретін лизинг нысанасына жазатын шот-фактурада салық салынатын айналым мөлшері оған сыйақы және қосылған құн салығы сомалары енгізілместен қаржы лизингінің шартына сәйкес барлық лизинг төлемдерінің жалпы сомасы ескеріле отырып көрсетіледі.
5-2. Жүкті жөнелтушілер немесе алушылар үшін жүктерді тасымалдауға шот-фактураның жазбасын, егер аталған тасымалдау көлік экспедициясы шартына сәйкес жүргізілсе, экспедитор жүзеге асырады. Мұндай шот-фактураларда салық салынатын айналымның мөлшері тасымалдаушылар және басқа да жеткізушілер көлік экспедициясы шартының шеңберінде орындаған және көрсеткен жұмыстар мен қызметтер құны ескеріле отырып көрсетіледі.
Осы тармаққа сәйкес шот-фактуралардың жазбасы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
6. Ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимiн қолданатын қосылған құн салығын төлеушiлер уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен және нысан бойынша шот-фактуралар жазады.
Осы тармақта көрсетiлген қосылған құн салығын төлеушiлер осы Кодекстiң 388-бабының 2-тармағына сәйкес табыс бойынша есептелген салық сомасынан аспайтын жалпы сомаға қосылған құн салығын қоса отырып шот-фактуралар жазады.
7. Сыртқы сауда келісім-шарттары бойынша тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) өткізу жағдайларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) құны және қосылған құн салығының сомасы шот-фактурада Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен көрсетiледi.
8. Шот-фактураны ресiмдеу мынадай жағдайларда:
1) бухгалтерлiк есеп жүргiзуде негiздеме болатын бастапқы құжаттарды қолдана отырып, банктер арқылы халыққа көрсетiлген коммуналдық қызметтер, байланыс қызметтерi үшiн есеп айырысуды жүзеге асырғанда;
2) жолаушыларды тасымалдау жол билеттерiмен ресiмдегенде;
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) фискальды жады бар бақылау-касса машиналарын қолданып және бақылау чегін бере отырып, тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізген жағдайда;
4) қосылған құн салығынан босатылатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) табыс еткен кезде талап етiлмейдi.
243-бап. Салық салынатын айналым түзетiлген кезде шот-фактуралар жасау
1. Салық салынатын айналым мөлшерiн түзету кезiнде қосымша шот-фактура жасалады, онда:
1) қосымша шот-фактураның рет нөмiрi мен жасалған күнi;
2) қосымша шот-фактурасы жасалатын шот-фактураның рет нөмiрi мен жасалған күнi;
3) тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) берушi мен алушының атауы, мекен-жайы және тiркеу нөмiрi;
4) қосылған құн салығын есепке алмай, салық салынатын айналымды түзету мөлшерi;
5) қосылған құн салығының сомасы көрсетiледi.
2. Қосымша шот-фактураны тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) берушi жасайды және аталған тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) алушы растайды.
40-тарау. Салықты есептеу және төлеу тәртібі
244-бап. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиiс қосылған құн салығы
Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиiс қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстiң 245-бабына сәйкес салық салынатын айналым бойынша есептелген қосылған құн салығының сомасы мен осы Кодекстiң 235-бабына сәйкес есепке жатқызылған салық сомасы арасындағы айырма ретiнде анықталады.
2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен 244-1-баппен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
244-1-бап. Жекелеген жағдайларда салық төлеудің тәртібi
1. Ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын ұйымдар қосылған құн салығын төлеуді осы баптың 3-тармағында белгіленген тәртіппен жүргізеді.
2. Осы баптың мақсатында ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын ұйымдарға бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін:
1) қоғамдық тамақтану саласындағы қызметті қоспағанда, жылдық жиынтық табысының кемінде 90 процентін мына қызмет түрлерін:
ет және ет өнімдерін өндіруді;
жемістер мен көкөністерді қайта өңдеуді және консервілеуді;
өсімдіктер мен жануарлар майын өндіруді;
сүтті қайта өңдеу мен ірімшік өндіруді;
ұн-жарма өнеркәсібі өнімдерін өндіруді;
жануарлар үшін дайын жемшөп өндіруді;
нан өндіруді;
балалар тағамын және диеталық тағам өнімдерін өндіруді жүзеге асыру нәтижесінде алынуға тиіс (алынған) табыстар құрайтын;
2) шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қоспағанда, арнаулы салық режимдерін қолданбайтын;
3) акцизделетін өнімді өндіру, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асырмайтын ұйымдар жатады.
3. Осы Кодекстің 244-бабына сәйкес есептелген қосылған құн салығына салық сомасы 70 процентке азайтылады.
ҚР 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 2005.22.11 № 89-III (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) Заңдарымен 245-бап өзгертілді
245-бап. Қосылған құн салығының ставкалары
2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
1. Қосылған құн салығының ставкасы 14 процентке тең болады және осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, салық салынатын айналым мөлшерiне қолданылады.
2006.06.05 № 140-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
2. Осы Кодекстiң 222-224-1, 224-2-баптарында аталған тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткізу бойынша айналымдарға қосылған құн салығы нөлдiк ставка бойынша салынады.
2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
3. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, салық салынатын импорт бойынша қосылған құн салығының ставкасы осы Кодекстiң 220-бабында белгiленген салық салынатын импорт мөлшерiнiң 14 процентiне тең болады.
Жеке тұлғалар оңайлатылған тәртiппен өткiзетiн тауарлар импорты кезiнде қосылған құн салығын осы Кодекстiң 516-бабының 2-тармағына сәйкес жиынтық кедендiк төлем құрамында төлей алады, оның мөлшерi Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес айқындалады.
13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 246-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
246-бап. Салық кезеңi
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 1 тармақ жаңа редакцияда (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Осы баптың 2-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, қосылған құн салығын төлеушінің қалауы бойынша күнтізбелік ай не тоқсан қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі болып табылады.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Егер алдыңғы тоқсан үшiн бюджетке төленуге тиiс қосылған құн салығының орташа айлық сомасы 1000 айлық есептiк көрсеткiштен астам болса, онда салық кезеңi күнтізбелік ай болып табылады.
3. 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4. Ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимiн қолданатын қосылған құн салығын төлеушiлер үшiн аталған арнаулы салық режимiнiң күшi қолданылатын қызметтi жүзеге асырудан бюджетке төленуге тиiс қосылған құн салығы бойынша салық кезеңi салық жылы болып табылады.
Басқа да қызмет түрлерiн жүзеге асырудан бюджетке төленуге тиiс қосылған құн салығы бойынша салық кезеңi осы баптың 1-3-тармақтарына сәйкес айқындалады.
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II Заңымен 247-бап өзгертілді
247-бап. Салық декларациясы
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығын төлеушi әрбiр салық кезеңi үшiн қосылған құн салығы бойынша декларацияны салық кезеңiнен кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей табыс етуге мiндеттi.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимiн қолданатын қосылған құн салығын төлеушiлер әр тоқсан үшiн қосылған құн салығы бойынша декларацияны есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей табыс етуге мiндеттi.
3. Декларациямен бiрге салық кезеңi iшiнде (осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайда - есептi тоқсан iшiнде) сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша шот-фактуралардың тiзiлiмi табыс етiледi. Шот-фактуралар тiзiлiмiнiң нысанын уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.
13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 248-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
248-бап. Қосылған құн салығын төлеу мерзiмдерi
1. Егер осы Кодекстің 389-бабында өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығын төлеушi қосылған құн салығы бойынша декларацияны тапсыру үшiн мерзiмi белгiленген күнге дейiн немесе сол күнi бюджетке әрбiр салық кезеңi үшiн салық төлеуге мiндеттi.
2. Осы Кодекстің 250-бабында аталған жағдайларда салық төлеушi төлеуге тиiс қосылған құн салығын қоспағанда, импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығы уәкiлеттi мемлекеттік органмен келісім бойынша кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен, кеден төлемдерiн төлеу үшiн Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгiленген күнi төленедi.
3. Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзiмi осы Кодекстiң 249-бабында белгiленген тәртiппен өзгертiлуi мүмкін.
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 249-бап өзгертілді
249-бап. Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзiмiн өзгерту
1. Салық органдары егер:
1) импортталатын тауарлар өнеркәсiптiк ұқсатуға арналған;
2) су, газ, электр энергиясы импортталатын тауарлар болып табылған жағдайларда импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзiмiн өзгертедi.
2. Осы баптың мақсаты үшiн, егер бұл орайда төменде аталған шарттардың ең болмаса бiреуi орындалатын болса:
1) өндiрiстiк ұқсатудан кейiн алынған өнiмде (тауарда) пайдаланылған тауарлардан өзгеше алғашқы кез келген төрт белгi деңгейiнде сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының коды болса;
2) өндiрiс процесiнде тауарларға қосымша еңбек пайдаланыла отырып, химиялық әсер жасалса, өндiрiс процесiнде тауарларды одан әрi пайдалану оларды өнеркәсiптiк ұқсату деп ұғылады.
3. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығын төлеу мерзiмiн өзгерту өсiмпұл есептелмей, кеден органы кедендiк жүк декларациясын қабылдаған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзiмге жасалады.
4. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығын төлеу мерзiмiн өзгерту мына құжаттар:
уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша өтiнiш;
тауарларды беруге арналған шарттың (келісім-шарттың) көшiрмесi негiзiнде жасалады.
Төлеу мерзiмiн өзгертуге құқығын растау үшiн салық органдары қосылған құн салығын төлеушiнiң өндiрiстiк қуаттарын және үй-жайларын тексерiп қарауға құқылы.
5. Уәкiлеттi мемлекеттік орган өнеркәсiптiк ұқсату үшiн үнемi импорт бойынша тауарларды алып тұратын қосылған құн салығын төлеушiлерге, қосылған құн салығын өзгертiлген мерзiмдер бойынша төлеткiзе отырып, тауарларды кедендiк ресiмдеудi жүзеге асыруы үшiн күнтiзбелiк жыл iшiнде қолданылатын рұқсат бередi.
Осы тармақта көзделген рұқсат, қосылған құн салығын төлеу мерзiмiн кеден органы кедендiк жүк декларациясын қабылдаған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзiмге өзгерте отырып, тауарларды кедендiк ресiмдеуге негiздеме болып табылады.
Рұқсат алу үшiн уәкiлеттi мемлекеттік органға осы баптың 4-тармағында аталған құжаттар, сондай-ақ қосылған құн салығын төлеушiнің тiркелген жерi бойынша салық органының оның өндiрiстiк қуаттары мен үй-жайларының бар-жоғы жөніндегі қорытындысы табыс етiледi.
5-1. Салық органдары осы баптың 1-тармағында көрсетiлген импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзiмiн өзгерту туралы шешiмдi қосылған құн салығын төлеушiден өтiнiш пен осы бапта белгiленген растау құжаттарын алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қабылдайды.
6. Төлеу мерзiмдерi осы бапқа сәйкес өзгертiлген салық сомаларын өтеудi үш айлық кезең iшiнде салық органдары өткiзiлген тауарларға (жұмыстарға, қызмет көрсетуге) қатысты қосылған құн салығы бойынша бюджетпен өзара есепке жатқызу әдiсiмен жүргiзедi.
Өтелмеген берешектiң сомасына аталған үш айлық кезең аяқталғаннан кейiнгi бiрiншi күннен бастап өсiмпұл есептеледi.