айырбас бағамы саясатын қоса ақша-кредит саясатын жүргiзу мақсатында iшкi валюта нарығында валюта сату әрi iшкi валюта нарығында шет ел валютасына деген сұраным мен ұсынымның арасындағы алалықты бәсеңдетуге;
шет елдегi дипломатиялық және басқа да өкiлдiктердi ұстау мен iссапар шығындарын, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінің мемлекеттік сыртқы қарызына қызмет көрсетудi қоса өнiм (жұмыс, көрсетiлетiн қызмет) импортын төлеу үшiн мемлекеттік бюджеттiң қаражаты мен Қазақстан Ұлттық Банкi сметасы (бюджетi) есебiнен теңгенi шет ел валютасына айырбастауды жүзеге асыру;
басқа шет ел валютасын сатып алу үшiн шет ел валютасын сату;
Қазақстан Ұлттық банкінің алған кредитi бойынша негiзгi соманы, және сыйақыны , сондай-ақ комиссиялық және басқа iлеспе шығындарын қайтару;
шығынды алтын-валюта активтерiн қалыптастырылған провизиялар (резервтер) есебiнен есептеп шығару.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 59-бап өзгертiлдi; 2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен 59-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III (01.07.2006. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 59-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
59-бап. Алтын-валюта активтерiнiң өтiмдiлiгi және
олардың сақталуы
Қазақстан Ұлттық Банкі алтын-валюта активтерінің өтімділігін және сақталуын, сондай-ақ тәуекел қалыпты деңгейде болған кезде ұзақ мерзімді перспективада кірістілігін қамтамасыз ете отырып, олармен операциялар жасайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi алтын-валюта активтерiн ұлттық валютаның тұрақтылығын және айырбасталуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының мiндеттемелерi бойынша төлемдердi жүзеге асыру үшiн қажеттi деңгейде ұстап тұруға тиiс.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 60-бап өзгертiлдi; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 60-бап жаңа редакцияда; 2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен 60-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
60-бап. Алтын-валюта активтерiн қайта бағалау шоты
Қазақстан Ұлттық Банкінің активтерiн немесе мiндеттемелерiн бағалау өзгерістерінің салдары болып табылатын алтын-валюта активтерi бойынша бағамдық айырмалар олар пайда болған есептi кезеңнiң iске асырылмаған кiрiстерi немесе шығыстарының шоттарына жатқызылады. Қаржы жылы iшiнде Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес есептелген, iске асырылған кiрiс/шығыс сомасы есептi кезеңінің кiрiстерi мен шығыстарының тиiстi шоттарына жiберiледi. Қаржы жылының аяқталу нәтижелерi бойынша iске асырылмаған кiрiстер мен шығыстар тиiстi қайта бағалау шоттарына жатқызылады. Қайта бағалау шоттарында алтын валюта активтерінің түрлерi бойынша қалдық қалмаған жағдайда туындайтын терiс бағамдық айырма есептi кезеңнiң шығыстарына жатқызылады.
Алтын-валюта активтерiн қайта бағалаудан iске асырылған кiрiстер толық көлемiнде резервтiк капиталды ұлғайтуға жiберiледi.
11 Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің бақылау
және қадағалау функциялары
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 61-бап өзгертiлдi; 2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен 61-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
61-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің (реттеу мен қадағалауды
жүзеге асыру принциптерi
Қазақстан Ұлттық Банкi қаржылық ұйымдардың қызметiн реттеу мен қадағалауға қатысады, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ықпал ету шараларын және санкциялар қолданады. Қазақстан Ұлттық Банкi банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға өз құзыретi шегiнде санкция қолданған кезде бұл туралы уәкілеттi органға хабарлайды.
Қазақстан Ұлттық Банкінің реттеушi функциялары Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесуге бағытталған.
Қазақстан Ұлттық Банкi қаржылық ұйымдардың жедел қызметiне араласпайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi өз функцияларын орындау үшiн мемлекеттік органдардан, қаржылық және өзге де ұйымдардан, сондай-ақ олардың қауымдастықтарынан (одақтарынан) қажеттi статистикалық есептілiктi және қажет болған жағдайда өзге де қосымша ақпаратты сұратуға әрi алуға құқылы.
ҚР 07.12.96 ж. № 50-1; 11.07.97 ж. № 154-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 09.07.03 ж. № 482-II Заңдарымен 62-бап өзгертiлдi; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 62-бап жаңа редакцияда; 2005.08.07. № 69-III (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III (01.07.2006. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 62-бап өзгертілді
62-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің қаржылық ұйымдардың
қызметiн реттеу мен қадағалау жөніндегі негiзгi
өкiлеттiктерi
Қазақстан Ұлттық Банкi осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілеріне сәйкес қаржылық ұйымдарға лицензия берудi, оларды бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады.
Осы мақсаттарда Қазақстан Ұлттық Банкi:
1) қаржылық ұйымдар мен олардың клиенттерi орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдауға;
2) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда қаржылық ұйымдардың банк операцияларын жүргiзуiне лицензиялар берудiң шарттары мен тәртібін айқындауға;
2-1) банк операцияларын жүргізу тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда уәкілетті органға қорытынды беру шарттары мен тәртібін айқындауға;
3) Қазақстан Ұлттық Банкінің құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша қаржылық ұйымдар мен өзге де тұлғалардың қызметiн тексерудi жүзеге асыруға;
4) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және азаматтардан өзiнiң бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруға қажеттi мәлiметтер алуға өкiлеттi.
Қазақстан Ұлттық Банкi уәкiлеттi органмен, басқа мемлекеттердiң орталық банктерiмен және қадағалау органдарымен ынтымақтастық жасайды және өздерiнiң бақылау функцияларын жүзеге асыруға қажеттi ақпарат алмасуға құқылы.
ҚР 16.07.99 ж. № 436-1 Заңымен 62-1-баппен толықтырылды; ҚР 18.12.00 ж. № 128-II Заңымен 62-1-бап өзгертілді
62-1-бап. 10.07.03 ж. № 483-II ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 62-2-баппен толықтырылды (01.07.2006. бастап қолданысқа енгізілді)
62-2-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің бақылау функцияларын
жүзеге асыру
Қазақстан Ұлттық Банкі осы Заңға және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне сәйкес реттелуі өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша:
1) Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үй-жайларының техникалық жарақтануын және жабдықтарын алдын ала қарап шығу;
2) біліктілік талаптарына сәйкестікті белгілеу;
3) тексерілетін орынға барып немесе құжаттық нысанда:
қаржы ұйымдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында валюталық операцияларды және валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға олардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауы тұрғысынан; Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін тұтастай немесе жекелеген мәселелер бойынша, сондай-ақ олардың Қазақстан Ұлттық Банкіне табыс ететін есептері мен мәліметтерінің дұрыстығын зерделеу үшін тексеру жүргізу арқылы бақылау функцияларын жүзеге асырады.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 62-3-баппен толықтырылды (01.07.2006. бастап қолданысқа енгізілді)
62-3-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің тексерулер ұйымдастыру мен
жүргізу тәртібінің ерекшеліктерi
1. Қазақстан Ұлттық Банкі қаржы ұйымдарының (олардың филиалдарының), сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында валюталық операцияларды және валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың қызметін тексеруді осы бапта көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік пен лицензиялау мәселелерін реттейтін заңнамалық актілеріне сәйкес дербес не басқа мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың мамандарын тарта отырып жүргізеді.
2. Қазақстан Ұлттық Банкі жүргізетін тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:
1) жоспарлы - қаржы ұйымдарын (олардың филиалдарын), сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында валюталық операцияларды және валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыратын басқа да тұлғаларды Қазақстан Ұлттық Банкінің тексеру жоспарларына сәйкес жылына бір реттен асырмай тексеру;
2) жоспардан тыс - жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінде жазылған фактілер, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар бойынша, Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарынан сауалдар түскен кезде, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары бұзылғаны туралы айғақтайтын ақпарат пен материалдар алған кезде, Қазақстан Республикасының ұлттық және экономикалық қауіпсіздігіне, оның қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төнген кезде тағайындалатын, сондай-ақ бұдан бұрын анықталған Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылықтардың жойылуын бақылау мақсатындағы тексеру.
3. Тексеру жоспарлары тоқсан сайын жасалады және оны Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы бекітеді.
4. Қазақстан Ұлттық Банкі тексеру жүргізу басталарда тексеруші топқа тексерілетін тұлға ұсынуға міндетті құжаттардың (мәліметтердің) тізбесін көрсете отырып, алдағы тексеру туралы тексерілетін тұлғаны жазбаша хабардар етуге құқылы.
Тексеру тағайындау туралы Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары не Қазақстан Ұлттық Банкі аумақтық филиалының басшысы бекіткен актіні тексерілетін тұлғаға тапсырған кез тексеру жүргізудің басталуы болып есептеледі.
5. Тексеру Қазақстан Ұлттық Банкінің тексеру тағайындау туралы актісінің негізінде жүргізіледі.
Тексеру тағайындау туралы актіде:
1) актінің нөмірі және жылы, айы, күні;
2) тексеру тағайындаған органның атауы;
3) тексеру жүргізуге уәкілетті адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы;
4) өзіне қатысты тексеру жүргізу тағайындалған, тексерілетін тұлғаның атауы, оның орналасқан жері, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, сондай-ақ өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органда тексерулерді тіркеу үшін талап етілетін басқа да мәліметтер;
5) тексеру түрі (жоспарлы, жоспардан тыс);
6) тексерілуге жататын мәселелер;
7) тексеру жүргізу мерзімі;
8) тексеру жүргізудің құқықтық негіздері, оның ішінде міндетті талаптары тексерілуге жататын нормативтік құқықтық актілер;
9) жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтініштері бойынша және бұрын анықталған Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылықтардың жойылуын бақылау мақсатындағы тексерулерді қоспағанда, тексеру кезеңі;
10) лауазымын, тегін, аты-жөнін көрсете отырып, актіге қол қоюға уәкілетті адамның қолы және мөр көрсетіледі.
6. Тексеру тағайындау туралы акт өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен міндетті түрде тіркеледі.
7. Объектіге тексеру үшін келген Қазақстан Ұлттық Банкінің лауазымды адамдары өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органда тіркелгені туралы белгісі бар тексеру тағайындау туралы актіні және қызметтік куәлігін көрсетуге міндетті.
8. Тексеру тағайындау туралы актіні қабылдаудан бас тартылған немесе тексеруді жүзеге асыратын Қазақстан Ұлттық Банкінің лауазымды адамдарының тексеру жүргізуге қажетті материалдарды пайдалануына кедергі келтірілген жағдайда тиісті акт жасалады. Актіге тексеруді жүзеге асыратын Қазақстан Ұлттық Банкінің лауазымды адамы және тексерілетін тұлғаның уәкілетті қызметкері қол қояды.
9. Тексеру тағайындау туралы актіде көрсетілген лауазымды адам (адамдар) ғана тексеру жүргізе алады.
10. Тексерілетін тұлға Қазақстан Ұлттық Банкінің тексеру тағайындау туралы актісін алғаннан кейін келесі күннен кешіктірмей тексеруші топ басшысының атына:
1) тексеру жүргізуді қамтамасыз етуге жауапты басшы және оны алмастыратын адам туралы;
2) тексерілетін тұлғаның қажетті құжаттар (мәліметтер) дайындауға, оларды тексеруші топқа (адамға) уақтылы беруге жауапты мамандары туралы ақпаратты көрсете отырып, хат табыс етеді.
11. Тексеру жүргізілетін кезеңде тексерілетін тұлға тексеруші топқа (адамға):
1) алғашқы талап етуі бойынша тексеруге қатысты кез келген қажетті құжаттарды (мәліметтерді) қағаз және электрондық жеткізгіштерде не олардың көшірмелерін тексеру нәтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін алуын, сондай-ақ тексеру жүргізу үшін қажетті кез келген ақпарат көздеріне қол жеткізуін;
2) автоматтандырылған дерекқорға (ақпараттық жүйелерге) тексеру мәніне сәйкес қол жеткізуін;
3) қажет болған кезде кез келген лауазымды адамдар мен қызметкерлердің жүргізілетін тексеруге, олардың қызметтік міндеттеріне және (немесе) тексерілетін тұлғаның қызметіне қатысты мәселелер бойынша түсіндірме (ауызша немесе жазбаша) беруін;
4) тексерілетін тұлғаның ғимаратынан жеке үй-жай берілуін (болған жағдайда), оған еркін кіру мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
12. Тексерілетін тұлғаның осы баптың 11-тармағында көрсетілген талаптардың бірін бұзуы тексерілетін тұлғаға не оның басшысына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ықпал ету шаралары мен санкцияларды қолдануға негіз болып табылады.
13. Тексеру жүргізу мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс, жекелеген мәселелерді қосымша зерделеу қажет болған не тексерудің едәуір көлеміне байланысты ерекше жағдайларда Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары не Қазақстан Ұлттық Банкі аумақтық филиалының басшысы тексеру жүргізу мерзімін ұзартуы мүмкін, бірақ бұл күнтізбелік отыз күннен аспауы керек.
Тексеру мерзімі ұзартылған жағдайда, өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органда тіркей отырып, тексеруді ұзарту туралы қосымша акт ресімделеді, онда тексеру тағайындау туралы алдыңғы актінің тіркеу нөмірі мен жылы, айы, күні және ұзарту себебі көрсетіледі.
14. Тексеру нәтижелері бойынша тексеруші топ (адам) тексеру нәтижелері туралы акт жасайды.
Тексеру нәтижелері туралы актіде:
1) актінің жасалған жылы, айы, күні мен орны;
2) тексеру жүргізген органның атауы;
3) тексеру жүргізуге негіз болған тексеру тағайындау туралы актінің күні мен нөмірі;
4) тексеру жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы;
5) тексерілетін тұлғаның атауы, оның орналасқан жері, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, ал тексеру жүргізген кезде тексерілетін тұлғаның өкілі қатысқан жағдайда оның тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы;
6) тексеру жүргізілген орын және кезең;
7) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты туралы мәліметтер;
8) тексерілетін тұлға өкілінің, сондай-ақ тексеру жүргізу кезінде қатысқан жағдайда басқа да тұлғалардың актімен танысуы немесе танысудан бас тартуы туралы мәліметтер, олардың қолы немесе қол қоюдан бас тартуы;
9) тексеру жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолы көрсетіледі.
Тексеру нәтижелері туралы актіге тексеру нәтижелеріне байланысты қажетті құжаттар (мәліметтер) немесе олардың көшірмелері қоса берілуі мүмкін.
Тексеру жүргізу мерзімі аяқталуынан кешіктірмей тексеруші топ (адам) тексерілетін тұлға басшысының атына, тексерілетін тұлғада түпнұсқасы болатын құжаттардың көшірмелерін қоспағанда, танысу және қол қою үшін тексерудің нәтижелері туралы актінің екі данасын қосымшаларының көшірмелерімен қоса жібереді.
Тексерілетін тұлғаның басшысы (оның орынбасары) не тексеру жүргізуді қамтамасыз етуге жауапты басшы тексеру нәтижелері туралы актінің бірінші данасын қабылдайды, актінің екінші данасының әрбір парағына қол қояды, оның соңғы парағына лауазымын, тегін, атын, әкесінің атын көрсете отырып, алған күні туралы белгі қояды және тексеру нәтижелері туралы актіні алған күннен кейінгі келесі күнінен кешіктірмей, тексеру нәтижелері бойынша ескертулері және (немесе) қарсылықтары болса көрсете отырып, Қазақстан Ұлттық Банкінің тексеруші тобына (адамына) екінші дананы табыс етеді.
15. Тексерілетін тұлғаның басшысына (оның орынбасарына) тексеру тағайындау туралы актіде көрсетілген тексеруді аяқтау мерзімінен кешіктірілмей тексеру нәтижелері туралы актінің жіберілген күні тексеру мерзімінің аяқталуы деп есептеледі.
16. Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ықпал ету шаралары мен санкцияларды қолданған жағдайда тексерілетін тұлға анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде қабылданған шаралар туралы жазбаша есепті (ақпаратты) Қазақстан Ұлттық Банкі белгілеген мерзімде оған табыс етуге міндетті.
17. Тексеру жүргізген кезде Қазақстан Ұлттық Банкінің лауазымды адамдары тексерілетін тұлға құжаттарының сақталуын қамтамасыз етуге және алынған ақпараттың құпиялығын сақтауға, тексерілетін тұлғаның және оның клиенттерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіруге тікелей не жанама әкеп соғатын іс-әрекеттерден тартынуға тиіс.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 02.03.01 ж. № 162-II Заңдарымен 63-бап өзгертiлдi
63-бап. 10.07.03 ж. № 483-II ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II Заңдарымен 64-бап өзгертiлдi
64-бап. 10.07.03 ж. № 483-II ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
12 Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің есеп беруi
65-бап. Қаржы жылы
Қазақстан Ұлттық Банкінің қаржы жылы күнтiзбелiк есептеу бойынша 1 қаңтардан басталып, 31 желтоқсанда аяқталады.
ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен 66-бап жаңа редакцияда; ҚР 16.07.99 ж. № 436-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III (01.07.2006. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) Заңдарымен 66-бап өзгертілді
66-бап. Есеп беру
Қазақстан Ұлттық Банкi жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуiне жылдық есеп берiп отырады.
Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Ұлттық Банкінің жылдық есебiн қарап, оны бекіту туралы шешiм қабылдайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi келісілген мерзiмде Қазақстан Республикасының жиынтық қаржы балансын жасау үшiн бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға Қазақстан Ұлттық Банкінің жылдық бухгалтерлiк балансын және кiрiстерi мен шығыстары туралы есебiн берiп отырады.
ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен 67-бап өзгертілді; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 69-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 67-бап өзгертілді
67-бап. Жылдық есеп
Қазақстан Ұлттық Банкінің жылдық есебi:
- ақша-кредит саясаты және қаржы рыногының жай-күйi туралы баяндаманы;
- Қазақстан Ұлттық Банкінің өткен жылғы қызметi туралы есептi;
- Қазақстан Ұлттық Банкінің жылдық шоғырландырылған қаржылық есептiлiгiн қамтиды.
ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен 68-бап өзгертілді; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 69-III (бұр. ред. қара) Заңымен 68-бап өзгертілді
68-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметiн тексеру
Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмi негiзiнде Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметiн тексерудi, оның iшiнде қаржылық есептiлiк аудитiн құрылтайшыларының құрамына мемлекеттiң орталық банкiне аудит жүргiзу тәжiрибесi бар аудиторлық ұйым - Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) мүшесi кiретiн аудиторлық ұйым жыл сайын жүзеге асырады.
Тексерiс кезiнде алынған әрбiр ақпарат құпия деп саналады және аудиторлық ұйым оны үшiншi жаққа жеткiзгенi үшiн жауап бередi.
Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ұйымдарының қызметiне жасалған кез келген мемлекеттік органның тексерiсi Қазақстан Республикасы Президентінің келісімiмен не болмаса тапсыруы бойынша ғана жүзеге асырылады.
13 Тарау. Қорытынды ережелер
ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен 69-бап өзгертілді
69-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің таратылуы
Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының тиiстi Заңын қабылдау жолымен таратылуы мүмкiн, Қазақстан Ұлттық Банкi таратылған жағдайда оның мүлкi тиiстi Заңда көрсетiлген банк құқығын иеленушiге бередi.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 70-бап өзгертілді
70-бап. Ақпарат алу жөніндегі өкiлеттiк
Қадағалау мен бақылау жөнiнде Қазақстан Ұлттық Банкiне жүктелген функциялардың сапалы уақтылы орындалуын қамтамасыз ету, осы Заңның талаптарын iске асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi банкте, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда шоты бар Қазақстан Республикасы аумағындағы кез келген жеке және заңды тұлғадан қажеттi ақпарат алуға құқылы, бұл ретте алынған мәлiметтер жария етiлмеуге тиiс.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 70-1-баппен толықтырылды; ҚР 03.05.01 ж. № 182-II Заңымен 70-1-бап жаңа редакцияда; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III (01.07.2006. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 70-1-бап өзгертілді
70-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi көрсететiн қызметтердiң өтемдiлiгi
Қазақстан Ұлттық Банкi банк операцияларын және басқа да қызметтердi ақылы негiзде атқаруға құқылы. Қазақстан Ұлттық Банкi көрсететiн қызметтері үшiн ақының түрлерi мен мөлшерлерiн өз бетiнше белгiлейдi.
Қазақстан Ұлттық Банкi, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын, өзге де қорлар мен ұйымдарды басқару жөніндегі қызметтердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының Yкіметі мен бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға көрсетiлетiн банктiк және өзге де қызметтер үшiн ақы алмайды.
ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен 71-бап жаңа редакцияда
71-бап. Наразылық пен қуынымның ескiру мерзiмi
Қазақстан Ұлттық Банкінің кредит шарттарының тиiсiнше орындалмауы жөнiнде заемшыларға қоятын талаптарына наразылық пен қуынымның ескеру мерзiмi қолданылмайды.
ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 08.12.97 ж. № 200-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II Заңдарымен 72-бап өзгертiлдi
72-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің жауапкершiлiгi және дауларды шешу тәртібі
Қазақстан Ұлттық Банкi өзiнiң мiндеттемелерiн орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiппен жауап бередi.
Қазақстан Ұлттық Банкi, банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар және олардың құрылтайшылары (қатысушысы), заңды және жеке тұлғалар арасында осы Заңды орындау үшiн туындайтын барлық даулар Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес сот тәртібімен шешiледi.
Заңды және жеке тұлғаларға өзінің бақылау және қадағалау қызметіне байланысты заңсыз іс-әрекетімен немесе әрекетсіздігімен зиян келтірілгені үшін Ұлттық Банк және оның лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заң актілерімен көзделген жауаптылықта болады.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 73-бап өзгертiлдi
73-бап. 10.07.03 ж. № 483-II ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 74-бап өзгертiлдi
74-бап. Осы Заңның күшiне енуi
Осы Заң жарияланған күннен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының