Ең төменгі резервтiк талаптардың нормативтерiн өзгерту осындай шешiм қабылданған күннен бастап бiр айдан ерте қолданысқа енгiзiлмейдi.
Ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерi бұзылған кезде банктер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Қазақстан Ұлттық Банкi тарату комиссиясының төрағасы тағайындалған күннен бастап банктің тарату комиссиясына өзiнде резервтелген қаражатты он күндiк мерзiмде қайтарады.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 33-бап жаңа редакцияда
33-бап. Бағалы қағаздарды сатып алу және сату
Мемлекеттік және басқа да бағалы қағаздарды сатып алу мен сатуды Қазақстан Ұлттық Банкi жалпы ақша-кредит саясаты шеңберiнде жүзеге асырады.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 34-бап жаңа редакцияда; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 34-бап жаңа редакцияда
34-бап. Ақша-кредит саясатының негiзгi операциялары бойынша
сыйақы ставкалары
Қазақстан Ұлттық Банкi жүзеге асырылатын ақша-кредит саясаты шеңберiнде қаржы рыногындағы рыноктық сыйақы ставкаларына әсер ету мақсатында ақша-кредит саясатының негiзгi операциялары бойынша сыйақы ставкаларын белгiлейдi.
ҚР Президентінің 27.01.96 ж. № 2830 Заң күшi бар жарлығымен; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 35-бап өзгертiлдi; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 35-бап жаңа редакцияда
35-бап. Қарыздар
Қазақстан Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатының қабылданған бағдарларына сәйкес банктердiң қарыз алуының жалпы көлемiн реттейдi.
Банктерге берiлетiн қарыздарды беру мен өтеу тәртібін, талаптарын, түрлерiн, мерзiмдерiн және лимиттерiн Қазақстан Ұлттық Банкi айқындайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi қарыздарды өтiмдiлiгі жоғары және қауiпсiз бағалы қағаздармен және басқа активтермен қамтамасыз ете отырып та, қамтамасыз етпей де бiр жылдан аспайтын мерзiмге бередi. Бұл мерзiмдi Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы ұзартуы мүмкiн. Бұл орайда Қазақстан Ұлттық Банкi соңғы инстанциядағы қарыз берушi ретiнде банктерге қарыздарды Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгiлеген тәртiппен, шарттарда және мерзiмдерде беруге құқылы.
Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актілерінде көзделген мүлiк Қазақстан Ұлттық Банкінің қарыздары бойынша мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн кепiл заты бола алады.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 36-бап жаңа редакцияда
36-бап. Валюталық интервенциялар
Қазақстан Ұлттық Банкінің валюталық интервенциялары Қазақстан теңгесiнiң бағамына әсер ету мақсатында банкаралық немесе биржалық рыноктарда шетел валютасын сатып алу-сату және валюталық мәмiлелердiң басқа да түрлерiн жүргiзу жолымен дербес жүзеге асырылады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің валюталық интервенциялары жалпы ақша-кредит саясаты шеңберiнде жүргiзiледi.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен 36-1-баппен толықтырылды
36-1-бап. Депозиттер
Депозиттердi тарту мен өтеу тәртібін, талаптарын, мерзiмдерiн және тарту лимиттерiн Қазақстан Ұлттық Банкi айқындайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де депозиттер тартуға құқылы.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен 36-2-баппен толықтырылды
36-2-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзiмдi ноталары
Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзiмдi ноталары - Қазақстан Ұлттық Банкi эмиссиялайтын мемлекеттік бағалы қағаздар.
Қысқа мерзiмдi ноталарды шығару, орналастыру, айналысқа жiберу және өтеу тәртібі мен талаптарын Қазақстан Ұлттық Банкi айқындайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатының мақсаттарына сәйкес қысқа мерзiмдi ноталарды ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де шығаруды жүзеге асыруға құқылы.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен 36-3-баппен толықтырылды
36-3-бап. Коммерциялық вексельдердi қайта есепке алу
Қазақстан Ұлттық Банкi коммерциялық вексельдердi қайта есепке алу тәртібін және Қазақстан Ұлттық Банкінің коммерциялық вексельдердi қайта есепке алуға қабылдауы үшiн қойылатын талаптарды белгiлейдi.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 37-бап өзгертiлдi
37-бап. Банк операциялары бойынша сандық шектеулер
Қазақстан Ұлттық Банкінің тiкелей сандық шектеулерi деп операциялардың жекелеген түрлерi және мәмiлелерi бойынша ставкалардың ең жоғары деңгейлерi, кредит берудi тiкелей шектеу, сыйақы ставкаларын тұмшалау, жекелеген салалардың дамуын ынталандыру немесе тежеу мақсатында кредиттiң нақты түрлерiн тiкелей реттеу ұғынылады.
Қазақстан Ұлттық Банкi инфляциялық процестердi жанама ақша-кредиттiк реттеу әдiстерiмен тоқтату болмаған жағдайда тiкелей сандық шектеулер қолдануға құқылы.
7 Тарау. Ақша айналысы және ақша бiрлiгi
38-бап. Ақша бiрлiгi
Қазақстан Республикасының ақша бiрлiгi (ұлттық валютасы) Қазақстан теңгесi болып табылады. Қазақстан теңгесi 100 тиыннан тұрады.
Қазақстан Республикасының айналыстағы ақша белгiлерi банкноттар мен тиындардан тұрады.
Банкноттар мен тиындардың көрсетiлген құнының құрылымын Қазақстан Ұлттық Банкi белгiлейдi.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 39-бап жаңа редакцияда
39-бап. Төлем құралы
Қазақстан Ұлттық банкінің заң актілерінде, нормативтiк құқықтық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында бiрден-бiр заңды төлем құралы Қазақстан теңгесi болып табылады.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 40-бап өзгертiлдi; 2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен 40-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
40-бап. Банкноттар мен монеталарды шығару
Банкноттар мен монеталар шығаруды, олардың Қазақстан Республикасының аумағындағы айналысын ұйымдастыруды және айналыстан алуды тек қана Қазақстан Ұлттық Банкi жүзеге асырады.
Қазақстан Ұлттық Банкi банкноттар мен монеталарды заңды және жеке тұлғаларға сату арқылы айналысқа шығаруды жүзеге асырады.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 41-бап өзгертiлдi
41-бап. Ақша бiрлiгiнiң қамтамасыз етiлуi
Қазақстан Ұлттық Банкінің банкноттары мен тиындары Қазақстан Ұлттық Банкінің сөзсiз мiндеттемелерi болып табылады және оның барлық активтерiмен қамтамасыз етiледi.
Қазақстан Ұлттық Банкi алтын-валюта активтерiнiң көлемi туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ұдайы хабар жариялап тұрады.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 2005.08.07. № 69-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 42-бап өзгертілді
42-бап. Банкноттар мен тиындарды жасап шығару және олардың сипаттамасы
Қазақстан Ұлттық Банкi банкноттар мен тиындардың қажеттi мөлшерiне дiлгерлiктi анықтайды, олардың жасалып шығарылуын қамтамасыз етедi, қолдағы ақшаны сақтау, жою және инкассациялау тәртібін белгiлейдi.
Монеталар мынадай түрлерге бөлiнедi:
инвестициялық монеталар - инвестициялау және жинақтау объектiсi болып табылатын, қымбат металдардан жасалған монеталар;
коллекциялық монеталар - коллекциялау және жинақтау объектiсi болып табылатын, қымбат металдардан, сол сияқты қымбат емес металдардан жасалған, шектеулi таралыммен дайындалған мерекелiк, естелiк және өзге де арнайы соғылған монеталар;
айналыстағы монеталар - қымбат емес металдардан дайындалған және қолма-қол ақша айналысына арналған монеталар.
Қазақстан Республикасында шығарылған банкноттар мен тиындардың көрсетiлген құндық құрамы, нысаны және өрнектi кескiндемесi болуға тиiс. Банкноттар мен тиындардың аталған сипаттамалары баспасөзде жарияланады.
ҚР 16.07.99 ж. № 436-1 Заңымен 43-бап өзгертiлдi
43-бап. Банкноттар мен тиындардың қабылдауға қойылатын талаптар
Қазақстан Ұлттық Банкінің айналысқа шығарған банкноттары мен тиындары олардың белгiленген құнымен Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында төлемдердiң барлық түрлерi бойынша, сондай-ақ банк шоттарына, енгізу және ақша аудару үшiн қабылдауға мiндеттi, олар Қазақстан Республикасының барлық банктерiнде шектеусiз ұсатылады және айырбасталады.
Қазақстан Ұлттық Банкiнен басқа ешкiм Қазақстан Ұлттық Банкi шығарған банкноттар мен тиындарды жарамсыз деп жариялай алмайды.
2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен 43-1-баппен толықтырылды
43-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің банкноттар мен
монеталарды сатуы және сатып алуы
Қазақстан Ұлттық Банкінің банкноттар мен айналыстағы монеталарды сатуы, сатып алуы олардың белгіленген құны бойынша жүзеге асырылады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің инвестициялық және коллекциялық монеталарды сатуы және сатып алуы Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен 44-бап жаңа редакцияда
44-бап. Ақша бiрлiгiн айырбастау құқығы
Ақша бiрлiгiн айырбастауға Қазақстан Республикасы Президентінің құқығы бар. Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасы ақша бiрлiгiнiң қолданылу тәртібін, мерзiмiн және шарттарын белгiлейдi.
45-бап. Банкноттар мен тиындарды ауыстыру
Қазақстан Ұлттық Банкi банкноттар мен тиындардың бұрын қолданыста болғандардың төлемдiлiгiн анықтау және оларды айырбастау тәртібін белгiлейдi әрi бұл жөнiнде баспасөзде жарияланады.
ҚР 16.07.99 ж. № 436-1 Заңымен 46-бап өзгертiлдi; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 46-бап жаңа редакцияда
46-бап. Тозған және бүлiнген банкноттар
Тозған және бүлiнген, өзiнiң толық көлемiнiң кемiнде жетпiс процентi сақталған банкноттарды Қазақстан Ұлттық Банкi және Қазақстан Республикасының банктерi шектеусiз айырбастайды.
Тозған және бүлiнген, елу процентiнен астамы сақталған банкноттарды Қазақстан Ұлттық Банкi қабылдайды және өзi белгiлеген ережелерге сәйкес айырбастайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi жоғалған немесе жойылған банкноттар мен монеталарды өтеуге мiндеттi емес.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 47-бап өзгертiлдi
47-бап. Банкноттар мен тиындарды құқыққа қайшы жасағаны үшiн жауапкершiлiк
Банкноттар мен тиындарды құқыққа қайшы жасап шығаруға, сондай-ақ қолдағы ақшаны санкциясыз эмиссиясын iске асыруға кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес қылмыстық және мүлiктiк жауаптылыққа тартылады.
ҚР 29.03.00 ж. № 42-II Заңымен 47-1-баппен толықтырылды; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 47-1-бап өзгертілді
47-1-бап. Кассалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру
Қазақстанның Ұлттық Банкі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар мен олардың клиенттеріне кассалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, сондай-ақ банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қолма-қол ақшаны сақтауы, тасымалдауы және есепке алуы жөніндегі негізгі талаптарды белгілейді.
ҚР 16.07.99 ж. № 436-1 Заңымен тараудың атауы жаңа редакцияда
8 тарау. Ақша төлемі мен аударымын
ұйымдастыру
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 48-бап өзгертiлдi; ҚР 16.07.99 ж. № 436-1 Заңымен 48-бап жаңа редакцияда; ҚР 29.03.00 ж. № 42-II; 09.07.03 ж. № 482-II Заңдарымен 48-бап өзгертiлдi; 2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен 48-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
48-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша төлемдерi мен
аударымдарын және төлем жүйелерiн ұйымдастырудағы
және реттеудегi өкілеттiктерi
Қазақстан Ұлттық Банкi ақша төлемдерi мен аударымдарын ұйымдастырады, үйлестiредi, реттейдi және:
1) ақша төлемдерiн және (немесе) аударымдарын жүзеге асыру ережелерiн және тәсiлдерi қолданылуының ерекшелiктерiн, төлем нұсқауларының мазмұнына қойылатын негiзгi талаптарды;
2) қолма-қол ақшаны пайдалана отырып, төлемдердi жүзеге асыру тәртібі мен шарттарын белгiлейдi.
Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының аумағында төлем жүйелерінің жұмыс iстеуiнiң тиiмдiлігі мен сенiмділiгiн қамтамасыз етуге бағытталған нормативтiк құқықтық актілердi қабылдайды.
Төлем жүйелерiнің жұмыс iстеуiн қадағалауды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi:
төлем жүйелерiн ұйымдастыру және олардың жұмыс iстеу шарттары мен тәртібін айқындайтын нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдауға;
төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiнiң мониторингiн жүзеге асыруға және оны жүргізу тәртібін белгілеуге;
төлем жүйелерiн ұйымдастыруды және олардың жұмыс iстеуiн тексеруге;
төлем жүйелерiнiң қатысушыларынан және операторларынан ақпарат алуға;
Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес төлем жүйелерiне қатысушылардың қызметiн тексерудi жүзеге асыруға құқылы.
Қазақстан Ұлттық Банкi өзiнiң құзыретi шегiнде халықаралық (мемлекетаралық) төлемдер жүйесiн ұйымдастыруға қатысуға құқылы.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен 48-1-баппен толықтырылды
48-1-бап. 2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 49-бап өзгертiлдi
49-бап. Шоттар
Қазақстан Ұлттық Банкi шоттардың түрлерiн және құқықтық тәртібін, банктiк шоттарды ашу, пайдалану және жабу тәртібі мен шарттарын белгiлейдi.
ҚР 16.07.99 ж. № 436-1 Заңымен 50-бап жаңа редакцияда
50-бап. Ақша төлемi мен аударымын жүзеге асыру тәсiлдерi
Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын ақша төлемi мен аударымын жүзеге асыру тәсiлдерi Қазақстан Республикасының заң актілерінде және соларға сәйкес қабылданған нормативтiк құқықтық актілерінде белгіленедi.
51-бап. 11.07.97 ж. № 154-1 ҚР Заңымен алып тасталды
9 Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің операциялары
ҚР Президентінің 27.01.96 ж. № 2830 Заң күшi бар жарлығымен; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 52-бап өзгертiлдi; ҚР 16.07.99 ж. № 436-1 Заңымен 52-бап жаңа редакцияда
52-бап. Қазақстан Ұлттық Банкіндегі банк шоттарының иелерi
Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгiлеген тәртiппен Қазақстан Ұлттық Банкiнде банк шоттарын ашқан заңды тұлғалар және банктер ондағы банк шоттарының иелерi болып есептеледi.
ҚР 16.07.99 ж. № 436-1 Заңымен 52-1-баппен толықтырылды; 10.07.03 ж. N 483-II (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III (01.07.2006. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 52-1-бап өзгертілді
52-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің ұлттық валютамен операциялары және мәмiлелерi
Қазақстанның Ұлттық Банкi ұлттық валютамен мынадай операциялар жүргiзедi:
1) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Ұлттық Банкiнде ашылған банк шоттарының иелерiне бiр жылдан аспайтын мерзімге өтімділігі жоғары, тәуекелсіз бағалы қағаздармен және басқа да активтермен қамтамасыз етiлген кредиттер бередi;
2) өтеу мерзімі бір жылдан аспайтын вексельдердің бірінші сыныпты эмитенттерінің коммерциялық вексельдерін қайта есепке алады;
3) мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
4) Қазақстанның Ұлттық Банкi кредиттердi қамтамасыз ету үшiн жарамды деп есептейтiн депозиттiк сертификаттарды, борыштық бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
5) депозиттердi қабылдайды, ақша төлемi мен аударымдарын жүзеге асырады, бағалы қағаздар мен өзге де құндылықтарды сақтауға және басқаруға қабылдайды;
6) туынды қаржы құралдарымен операцияны жүзеге асырады;
7) қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жерлердегi банктер мен қаржы ұйымдарында шоттар ашады;
8) чек жазып бередi және вексельдер бередi;
9) егер осы Заңда тікелей тыйым салынбаған болса, басқа банк операцияларын, сондай-ақ өз міндеттеріне сәйкес өз атынан мәмілелерді жүзеге асырады.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 53-бап өзгертiлдi
53-бап. 10.07.03 ж. № 483-II ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР Президентінің 27.01.96 ж. № 2830 Заң күшi бар жарлықпен; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1 Заңдарымен 54-бап өзгертiлдi
54-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің операциялары бойынша шектеулер
Қазақстан Ұлттық Банкінің:
- осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, ұйымдарға қызмет көрсету, сондай-ақ заңды тұлғалардың акцияларын сатып алуға;
- қолданылып жүрген заңдарда рұқсат етiлгендердi қоспағанда саудамен және басқа да қызметпен шұғылдануға;
- Қазақстан Республикасының заң актілерінде тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, қамтамасыз етiлмеген кредиттер беруге;
- берiлген кредиттердi ұзарту немесе мерзiмi өткен вексельдердi жаңартуға рұқсат беру.
Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген жағдайлардан ерекшелiк тек қана Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының арнайы шешiмi бойынша жасалуы мүмкiн.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен Х Тараудың атауы өзгертiлдi
10 Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің сыртқы экономикалық
қатынастар саласындағы қызметi. Валюталық
құндылықтармен жүргiзiлетiн операциялар
55-бап. 10.07.03 ж. № 483-II ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР Президентінің 02.08.95 ж. № 2396 Заң күшi бар жарлығымен; 03.07.96 ж. № 18-1; 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 69-III (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III (01.07.2006. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 56-бап өзгертiлдi
56-бап. Валюталық реттеу және валюталық бақылау
Қазақстан Ұлттық Банкi:
а) Қазақстан Республикасында шет ел валютасының және шет ел валютасындағы бағалы қағаздар айналысының аясы мен тәртібін белгiлейдi, шет ел валютасында операциялар жүргiзуге қажеттi шектеулер енгiзедi, соның iшiнде осындай операциялар мен сыйақы ставкаларының көлемiне де енгiзiледi;
б) резиденттердiң және резидент еместердiң Қазақстан Республикасында валюталық операциялар жүргiзу ережелерiн белгiлейдi;
в) валюталық құндылықтарды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету және жiберу тәртібін белгiлейдi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы резиденттерінің шетел банктерiнде шоттар ашу тәртібін айқындайды;
г) Қазақстан Республикасының валюталық заңдарына сәйкес валюталық операцияларды, валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті лицензиялау, валюталық операцияларды тiркеу және олар туралы хабарлау, айырбастау пункттерiн тiркеу тәртібін белгiлейдi, сондай-ақ айырбастау пунктiнiң тiркеу куәлiктерiн бередi және олардың қолданылуын тоқтата тұрады;
д) Қазақстан Ұлттық Банкінің басқармасы айқындайтын тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгiлейдi;
е) алтын-валюта активтерiн құрайды және солармен операциялар жасайды;
ж) мемлекеттік органдармен келісім бойынша олардың құзыретiне сәйкес Қазақстан Республикасындағы резиденттер мен резидент еместер орындауға мiндеттi валюталық операциялар бойынша есепке алудың және есептiлiктiң тәртібі мен нысандарын белгілейдi;
з) 2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен алып тасталды
и) банктер мен өзге тұлғалардың Қазақстан Республикасының банктiк және валюталық заңдарын бұзу фактілері анықталған жағдайда, банктiк және валюталық заңдарда көзделген санкцияларды қолдануға құқылы;
к) халықаралық есеп айырысуды ұйымдастырады, шет елдермен қаржы - валюталық және кредиттiк-есеп айырысу қатынастарын жетiлдiредi;
л) жасасылған мемлекеттік шарттарға сәйкес шетелдiк және халықаралық ұйымдармен шет ел валютасын тартады;
м) 2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен алып тасталды
н) 2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен алып тасталды
о) 2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.07.2006. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
Қазақстан Ұлттық Банкi валюталық реттеу және валюталық бақылау жөнiнде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да функцияларды орындауға құқылы.
ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен; 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 2006.05.07. № 165-III (01.07.2006. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 57-бап өзгертiлдi
57-бап. Валюталық құндылықтармен және бағалы металдармен жасалатын операциялар
Қазақстан Ұлттық Банкi валюта құндылықтарымен және бағалы металдарымен мынадай операцияларды жүзеге асыруға:
- шет ел валютасын сатып алуға және сатуға;
- шет мемлекеттердiң үкiметтерi немесе халықаралық қаржы ұйымдары шығарған және Қазақстан Республикасының Үкіметі шетел валютасымен кепiлдiк берген бағалы қағаздарды сатып алуға, сатуға немесе олармен операциялар жүргiзуге;
- өздерi тiркелген мемлекеттердiң заңдары бойынша тиiстi құқығы бар банктерде, шет елдердiң орталық банктерi мен банктерiнде, қаржы институттарында, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдарында шот ашуға;
- өздерi тiркелген мемлекеттердiң заңдары бойынша тиiстi құқығы бар шетелдiк орталық банк, банктер мен басқа да қаржы институттары, шет елдер үкіметі мен олардың агенттерi, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары үшiн шот ашып, оны жүргiзуге, өкiл немесе корреспондент ретiнде iс-әрекет жасауға;
- аффинирленген алтынды, бағалы металдарды, асыл тастарды және одан жасалған бұйымдарды қабылдау мен сақтауды жүзеге асыруға;
- Қазақстан Республикасының аумағында және сыртқы рынокта аффинирленген алтын мен басқа да бағалы металдарды сатып алу мен сату жөнiнде операциялар жүргiзуге;
- қолданылып жүрген заңдарына белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасына валюталық құндылықтар мен бағалы металдарды әкелуге, сондай-ақ оларды шет ел банктеріндегі және мамандандырылған қаржы ұйымдарындағы өз шоттарына орналастыру үшiн шет елдерге шығаруға құқылы;
- ең төменгі деңгейін Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайтын кредиттік рейтинг бар эмитенттер шығарған бағалы қағаздарды сатып алуға, сатуға немесе олармен операциялар жүргізуге;
- ақша рыногының банкаралық депозиттер, репо және кері репо, депозиттік сертификаттар, коммерциялық қағаздар және ең төменгі деңгейін Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайтын кредиттік рейтингі бар эмитенттер шығарған басқа да борыштық міндеттемелер сияқты құралдарымен операцияларды жүзеге асыруға;
- форвард операциялары, своп операциялары және кредиттік рейтингін Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайтын деңгейден төмен емес қарсы әріптестермен опцион операциялары сияқты туынды қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асыруға;
- Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының шешімі бойынша басқа да операцияларды жүзеге асыруға құқылы.
ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 58-бап өзгертiлдi
58-бап. Алтын-валюта активтерi
Қазақстан Ұлттық Банкінің алтын-валюта активтерi Қазақстан теңгесiнiң сыртқы және iшкi тұрлаулылығын қамтамасыз ету үшiн жасалады, және пайдаланылады әрi олар:
- аффинирленген алтыннан;
- Қазақстан Ұлттық Банкiнде сақтаулы валюталық құндылықтардан;
- шет ел валютасындағы жай және аударым вексельдерiнен;
- шет елдер үкiметтерi немесе халықаралық қаржы ұйымдары шығарып, кепiлдiк берген бағалы қағаздардан;
- мұндай активтердiң өтiмдiлiгi мен сақталуы қамтамасыз етiлген жағдайда, шет ел валютасында деноминирленген басқа да сыртқы активтерден құралады.
Қазақстан Ұлттық Банкi алтын-валюта активтерiнiң құрылымын және олардың орналастырылуын анықтайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмiмен көзделген жағдайларды қоспағанда алтын-валюта активтерiн кредиттер (заемдар, несиелер) беру нысанында пайдалануға және Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резидентi еместерге кепiлдiктер немесе басқадай мiндеттемелер ұсынуға жол берiлмейдi.
Қазақстан Ұлттық Банкінің алтын-валюта активтерiнiң құрылымын ұлғайту және өзгерту:
бағалы металдар мен асыл тастарға қатысты қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес қазақстандық және басқа осындай металл өндiрушiлерден (сатушылардан) тазартылған алтын сатып алу;
Қазақстан теңгесiне (естелiк және кәдесый тиындарын қоса) шет ел валютасын және Қазақстан Республикасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резиденттерi мен резидентi еместерге шет ел валютасын сатып алу жолымен;
Қазақстан Ұлттық Банкінің шет ел валютасымен жүзеге асыратын депозит, салым, дилинг операцияларынан және шет ел валютасында деноминирленген бағалы қағаздар операцияларынан, сондай-ақ шет ел валютасымен беретiн кредиттерiнен түсетiн комиссиялық және басқа сыйақылар;
Қазақстан Ұлттық Банкінің тазартылған алтын, күмiс, платина және платина тобындағы басқа металдарды сату, салу және басқа операциялар жүргiзуiнен алынған шет ел валютасындағы түсiмдер;
Қазақстан Ұлттық Банкi халықаралық қаржы ұйымдарынан, шет мемлекеттердiң орталық банктерiнен және басқа кредиторлардан алған кредиттер;
осы Заңға және Қазақстан Ұлттық Банкi туралы ережеге сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкi көрсеткен консультациялық, баспа-ақпараттық және басқа да қызметтен алынған шет ел валютасындағы түсiмдер есебiнен жүргiзiледi.
Алтын-валюта активтерiн азайтуды Қазақстан Ұлттық Банкi мынадай жолмен жүргiзедi: