2. Облигациялар шығарылымын жою тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.»;
14) 34-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Базалық активі аталған ұйымдардың эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын, депозитарлық қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздарды шығару және орналастыру арқылы Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының бағалы қағаздарын қайталама рынокта сатуды жоспарлаушы тұлға шығарылым туралы уәкілетті органды оның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен хабардар етуге міндетті.»;
2-тармақтағы «Эмитент не эмитенттердің -» деген сөздер алып тасталып, «шығаруды жүзеге асырған эмитент не өзге де тұлға» деген сөздер «орналастыруды жүзеге асырған Қазақстан Республикасының резидент ұйымы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «депозитарийге» деген сөзден кейін «және уәкілетті органға оның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын;
15) 36-бапта:
1-тармақтағы «осы Заңға» деген сөздерден кейін «және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақтағы «мәмілені тіркеуді, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда,» деген сөздер «мәмілені және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де құжаттарды тіркеуді» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 41-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«41-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық құпия
1. Бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық құпияны мынадай (осы баптың 2-тармағында белгіленгендерді қоспағанда):
1) бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесіндегі және нақтылы ұстауды есепке алу жүйесіндегі жеке шоттардағы акционерлік қоғамның жай акциялары мен оның жай акцияларына айналдырылған эмиссиялық бағалы қағаздарының қалдықтары мен қозғалысы туралы;
2) бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесіндегі және нақтылы ұстауды есепке алу жүйесіндегі жеке шоттардағы, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілгендерден басқа, эмиссиялық бағалы қағаздардың болу-болмауы және олардың иелері туралы, осы шоттардағы эмиссиялық бағалы қағаздардың қалдықтары мен қозғалысы туралы ақпарат құрайды.
2. Мынадай:
1) акционерлік қоғамның ірі акционерлеріне қатысты бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесіндегі және нақтылы ұстауды есепке алу жүйесіндегі жеке шоттардағы жай акциялардың қалдықтары мен қозғалысы туралы;
2) осы Заңның 19-тарауына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ашуға жататын эмиссиялық бағалы қағаздар мен олардың ұстаушылары туралы;
3) қор биржасының ережелеріне сәйкес оған берілуге тиіс эмиссиялық бағалы қағаздар мен олардың ұстаушылары туралы;
4) осы бағалы қағаздар бойынша төлемдерді жүзеге асыру мақсатында ашуға жататын эмиссиялық бағалы қағаздар мен олардың ұстаушылары туралы ақпарат бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық құпияны құрамайды.»;
17) мынадай мазмұндағы 47-1-баппен толықтырылсын:
«47-1-бап. Лицензиат органдары
Лицензиат (Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган тіркеген тіркеушіні, трансфер-агентті, сондай-ақ брокерді және (немесе) дилерді қоспағанда) міндетті түрде мынадай алқалы органдарды қалыптастырады:
1) директорлар кеңесі - басқару органы;
2) басқарма - атқарушы орган;
3) ішкі аудит қызметі - бақылаушы орган.»;
18) 48-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) өтініш берушінің оны құру мақсаттарын ашатын бизнес-жоспарының болуы, қызметінің негізгі бағыттарын және оған өтініш беруші бағдар жасаған рынок сегменті, қызмет түрлері, маркетинг жоспары, өтініш берушінің кәсіптік қызметімен байланысты тәуекелдер және оларды азайтудың тәсілдері, қаржылық перспективасы (есептік балансы, алғашқы үш қаржы (операциялық) жылындағы кірістер мен шығыстардың есептері), еңбек ресурстарын тарту жоспары;»;
3-тармақ алып тасталсын;
19) 49-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Лицензиат уәкілетті органның жазбаша нұсқамасында көрсетілген қаржылық және (немесе) өзге де есептіліктегі деректерді түзету жөніндегі талаптарды орындамаған кезде, пруденциалдық нормативтерді және басқа да міндетті нормалар мен лимиттерді есептеуді уәкілетті орган өздері түзеткен есептілік негізінде жүзеге асырады.»;
20) 54-бапта:
1-тармақтағы «басқармасының бірінші басшысы» деген сөздерден кейін «(тіркеушінің атқарушы органының, трансфер-агенттің функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлға)» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
2) тармақша алып тасталсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мінсіз іскерлік беделі жоқ;»;
5) тармақшадағы «басқармасының бірінші басшысы» деген сөздерден кейін «(тіркеушінің атқарушы органының, трансфер-агенттің функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлға)» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақта:
1) тармақшаның бірінші бөлігінде:
«тәуелсіз директоры,» деген сөздер алып тасталсын;
«басқармасының бірінші басшысы» деген сөздерден кейін «(тіркеушінің атқарушы органының, трансфер-агенттің функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлға)» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлікте «Тәуелсіз директорды қоспағанда, директорлар» деген сөздер «Директорлар» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Уәкілетті орган осы бапта көрсетілген тұлғаларды өтініш берушінің (лицензиаттың) аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейді деп тану үшін жеткілікті деректердің негізінде қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуге құқылы.»;
9-тармақтың бірінші бөлігінде:
2) тармақша «басшы қызметкерге» деген сөздерден кейін «және (немесе) лицензиатқа» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшадағы «қолдануы негіздері бойынша кері қайтарып алуға құқылы.» деген сөздер «қолдану;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) уәкілетті орган осы бапта көрсетілген тұлғаларды өтініш берушінің (лицензиаттың) аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейді деп тану үшін жеткілікті деректердің негізінде қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету негіздері бойынша кері қайтарып алуға құқылы.»;
21) 56-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) инсайдерлік ақпарат пайдаланылып жасалған бағалы қағаздармен мәмілелер бағалы қағаздар бағаларымен айла-шарғы жасау мақсатында жасалған мәмілелер деп танылады.»;
22) мынадай мазмұндағы 56-1-баппен толықтырылсын:
«56-1-бап. Инсайдерлік ақпаратқа билік етуді және оны
пайдалануды шектеу
1. Инсайдерлік ақпаратқа осы Заңға сәйкес оны ашқан сәтке дейін коммерциялық құпияны құрайтын ақпарат жатады.
Жалпыға бірдей қолжетімді ақпараттың негізінде жүргізілген эмитенттің бағалы қағаздардың құнын бағалау және (немесе) эмитенттің мүліктік жағдайын бағалау қамтылған ақпарат инсайдерлік ақпаратқа жатпайды.
2. Инсайдерлер, сондай-ақ олардың аффилиирленген тұлғалары:
1) инсайдерлік ақпаратты пайдалану арқылы өз мүдделерінде немесе үшінші тұлғалардың мүдделерінде бағалы қағаздармен мәмілелер жасауға;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, инсайдерлік ақпаратты немесе оған негізделген ақпаратты үшінші тұлғаларға беруге немесе үшінші тұлғалар үшін қол жетерліктей жасауына;
3) үшінші тұлғаларға инсайдерлік ақпаратқа негізделген бағалы қағаздармен мәмілелер жасасу туралы ұсынымдар беруге құқығы жоқ.»;
23) 61-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
24) 63-баптың 6-тармағы алып тасталсын;
25) 64-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Уәкілетті орган берген банкілік қарыз беру операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар брокер және (немесе) дилер уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен факторинг операцияларын (төленбеу тәуекелін қабылдай отырып, (тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) сатып алушыдан төлем талап ету құқықтарын сатып алуды) және форфейтинг операцияларын (сатушыға айналымсыз вексельді сатып алу арқылы тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алушының борыштық міндеттемесін төлеуді) жүзеге асыруға құқылы.»;
6-тармақта:
бірінші абзацтағы «қағаздар шығарылымын» деген сөздер «қағаздарды» деген сөзбен, 2) тармақшадағы «олардың шығарылымын» деген сөздер «оларды» деген сөзбен, 3) тармақшадағы «қағаздар шығарылымын» деген сөздер «қағаздарды» деген сөзбен ауыстырылсын;
1) тармақшадағы «бағалы қағаздардың бүкіл шығарылымын» деген сөздер «барлық орналастырылатын эмиссиялық бағалы қағаздарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
26) 65-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Тіркеушінің лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған, одан айырған жағдайларда уәкілетті орган бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесін жүргізу жөнінде эмитент жаңа шарт жасасқан тіркеушіге оларды кейіннен беру үшін бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесін құрайтын деректердің резервтік көшірмелерін алып қоюға құқылы.»;
27) 67-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Лицензияның қолданылуы бір айдан астам мерзімге тоқтатыла тұрған, сондай-ақ лицензиядан айырған жағдайда бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі шарт бұзылады.»;
28) 72-баптағы «тиісті санаттағы біліктілік куәліктері бар қызметкерлерден тұратын, саны кемінде үш адам болатын» деген сөздер «құрамында кемінде үш адам болатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
29) 80-бапта:
1-тармақта:
2) тармақшадағы «оның депоненттерінің» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес тиісті лицензиясыз брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын өзге тұлғалардың» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша қаржы құралдарындағы және (немесе) ақшадағы клиринг қызметін көрсетеді.»;
2-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«қаржы құралдары бойынша кірісті төлеу жөніндегі және оларды өтеу кезінде төлем агентінің функцияларын орындауды;»;
3) тармақшадағы «ашуды;» деген сөз «ашуды жүзеге асырады.» деген сөздермен ауыстырылып, 4) тармақша алып тасталсын;
30) 81-баптың 2-тармағының 7) тармақшасы алып тасталсын;
31) 84-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қор биржасы акционерлерінің жалпы жиналысы акцияларды шоғырландыру (қор биржасының орналастырылған акцияларының жалпы санына қарай әрбір акционерге тиесілі акциялардың сандық арақатынасы сақталған кезде, осы қор биржасының жарияланған акцияларының санын азайту) мақсатында олардың шығарылымын тіркеумен бір мезгілде жарияланған акциялар шығарылымының күшін жою туралы шешім қабылдауға құқылы. Шығарылатын акциялардың жиынтық құны акциялар шығарылымының күші жойылған күнгі қор биржасының жарғылық капиталының мөлшеріне сәйкес келуге тиіс.»;
32) 85-баптың 4-тармағында:
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) қор биржасындағы сауда-саттықты тоқтата тұрудың және қайта бастаудың шарттары мен тәртібін;»;
7) тармақша алып тасталсын;
33) 88-баптың 2-тармағының 8) тармақшасындағы «функцияларын» деген сөз алып тасталып, тармақ мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) қор биржасындағы сауда-саттықты тоқтата тұрудың және қайта бастаудың шарттары мен тәртібін айқындау функцияларын;»;
34) 18-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«18-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы өзін-өзі реттейтін
ұйымдар және өзара сақтандыру қоғамдары»;
35) мынадай мазмұндағы 100-1-баппен толықтырылсын:
«100-1-бап. Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының
жауапкершілігін өзара сақтандыру қоғамдары
1. Инвесторларға бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары келтірген залалдарды өтеуді қамтамасыз ету мақсатында бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен өзара сақтандыру қоғамдарын құруға құқылы.
2. Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының өзара сақтандыру қоғамдарын құрудың және олардың жұмысының ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»;
36) 101-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) акционерлік қоғамның бағалы қағаздарының аукциондары мен оған жазылудың шарттарын және өткізу тәртібін белгілейтін ішкі құжатта қамтылған;»;
37) 106-бапта:
1-1) және 3) тармақшадағы «себептері туралы;» деген сөздер «себептері туралы ақпаратты өзінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес атап көрсетуге тиіс.» деген сөздермен ауыстырылып, 4) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының ақпарат алмасу көзделетін халықаралық шарттары негізінде бағалы қағаздар рыногындағы қызметтік және коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді береді.»;
38) мынадай мазмұндағы 113-2-баппен толықтырылсын:
«113-2-бап. Нақтылы ұстаушының клиенттері туралы
ақпаратты ашу
Нақтылы ұстаушы «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне бағалы қағаздар нарығы және акционерлік қоғамдардың мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған нақтылы ұстау туралы шартқа сәйкес нақтылы ұстаушыға өзі туралы мәліметтерді ашуға құқық бермеген клиенттің орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі тиісті қосалқы шотын ашу үшін міндетті түрде қажет болатын деректемелерін оларды орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі тиісті қосалқы шотта көрсету үшін орталық депозитарийге ұсынуға міндетті.».
17. «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 132-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 15, 95-құжат):
1) 1-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) қаржы қызметтері - сақтандыру рыногына, бағалы қағаздар рыногына, жинақтаушы зейнетақы қорларына қатысушылардың қызметі, банк қызметі, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған лицензиялар негізінде жүзеге асырылатын банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізу жөніндегі ұйымдардың қызметі, сондай-ақ орталық депозитарийдің және лицензиялауға жатпайтын өзара сақтандыру қоғамдарының қызметі.»;
Осы Заң ресми жарияланған күннен бастап алты ай өткеннен кейін 2) тармақша қолданысқа енгізілді
2) 9-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «заң актілерінде», «кері қайтарып алу», «кері қайтарып алады» деген сөздер тиісінше «лицензиялау туралы заңнамасында», «айыру», «одан айырады» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 10-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке және заңды тұлғалардың банктің және банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуына келісім беру және келісім беруден бас тарту, банктердің еншілес ұйым құруына және оған ие болуына рұқсат беру тәртібін айқындайды, аталған келісімдерді және рұқсаттарды береді не беруден бас тартады;»;
5) тармақша алып тасталсын;
Осы Заң ресми жарияланған күннен бастап алты ай өткеннен кейін 3) тармақшанын 7 абзацы қолданысқа енгізілді
10) тармақшадағы «лицензияны кері қайтарып алу туралы» деген сөздер «лицензиядан айыру туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 11-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жеке және заңды тұлғалардың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуына келісім беру және келісім беруден бас тарту, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйым құруына және оған ие болуына рұқсат беру тәртібін айқындайды, аталған келісімдерді және рұқсаттарды береді не оларды беруден бас тартады;»;
Осы Заң ресми жарияланған күннен бастап алты ай өткеннен кейін 4) тармақшасының 4 абзацы қолданысқа енгізілді
10) тармақшадағы «лицензияны кері қайтарып алу туралы» деген сөздер «лицензиядан айыру туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 12-бапта:
5)-7) тармақшалар алып тасталсын;
9) тармақшадағы «және бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыру құқығына берілген біліктілік куәліктерінің тізілімін» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 14-2) тармақшамен толықтырылсын:
«14-2) бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары үшін тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуы жөніндегі талаптарды белгілейді;»;
6) 13-бапта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жеке және заңды тұлғалардың ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуына келісім беру және келісім беруден бас тарту тәртібін, аталған келісімді алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптарды айқындайды, осындай келісімді береді не беруден бас тартады;»;
мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) жинақтаушы зейнетақы қорларының еншілес ұйым құруына және ие болуына рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту, жинақтаушы зейнетақы қорының басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына едәуір қатысуына рұқсат беру тәртібін айқындайды, аталған рұқсаттарды береді не беруден бас тартады;
4-2) жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуы жөніндегі талаптарды белгілейді;»;
Осы Заң ресми жарияланған күннен бастап алты ай өткеннен кейін 6) тармақшасының 7 абзацы қолданысқа енгізілді
7) тармақшадағы «лицензиясын қайтарып алу туралы» деген сөздер «лицензиясынан айыру туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 13-1-бапта:
тақырыбындағы «бағалы қағаздар эмитенттерін,» деген сөздерден кейін «кредиттік бюроларды,» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақта:
орыс тілдегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
«бағалы қағаздар эмитенттерін,» деген сөздерден кейін «кредиттік бюроларды,» деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Ұйым тексеру тобынан сауалды алған күні не сауалда белгіленген мерзімдерде тексеру нәтижелері туралы аралық және қорытынды есептерге қоса тіркеу үшін барлық қажетті мәліметтер мен құжаттарды, соның ішінде олардың көшірмелерін табыс етуге міндетті.»;
12-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Уәкілетті орган қажет болған жағдайда тексеру нәтижелері туралы қорытынды есеп жасау мерзімін ұзарта алады.».
2-бап.
1. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап үш айдың ішінде заңды тұлғалар өз қызметін оның ережелеріне сәйкес келтірсін.
3. Осы Заңның 1-бабы 17-тармағының 2) тармақшасы, 3) тармақшасының жетінші абзацы, 4) тармақшасының төртінші абзацы, 6) тармақшасының жетінші абзацы ол ресми жарияланған күннен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2007 жылғы ақпанның 19-ы.
№ 230-III ҚРЗ