11. Жинақтаушы зейнетақы қоры лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұруының себептерін белгіленген мерзімде жоймаса, уәкілетті органның лицензиядан айыруы үшін негіз болып табылады.
12. Өзіне қатысты уәкілетті орган ықпал етудің шектеулі шараларын немесе санкция қолданған жинақтаушы зейнетақы қоры, оның шешіміне сот тәртібімен шағымдануға құқылы. Уәкілетті органның аталған шешімдеріне шағымдану, оның орындалуын тоқтата тұрмайды.
13. Егер уәкілетті орган ірі қатысушылардың немесе олардың
лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің тәртіп бұзушылығы, заңсыз іс-әрекеттері немесе әрекетсіздігі ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайын нашарлатқандығын айқындаса, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында келтірілген шаралар ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушыларына да қолданылады.»;
8) 42-4-баптың 1-тармағында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) эмитенті аталған қор болып табылатын жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерінің акцияларды пайдалану және оған билік ету бойынша құқығы тоқтатыла тұрады;»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жинақтаушы зейнетақы қорын басқару жөніндегі жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерінің барлық құқықтары, сондай-ақ эмитенті аталған қор болып табылатын акцияларды пайдалану құқығы уақытша әкімшілікке (жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша меңгерушісіне) өтеді.»;
9) 49-2-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Есептілікті ұсыну тәртібі мен оның нысандары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысының - заңды тұлғасының басшы қызметкерлерінің құрамы өзгерген жағдайда, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы - заңды тұлғасы растаушы құжаттарды қоса бере отырып, басшы қызметкерлердің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді табыс етеді.»;
10) 55-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы «шарттарды» деген сөзден кейін «, сондай-ақ уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жағдайларды» деген сөздермен толықтырылсын;
11) 57-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Зейнетақы активтерін немесе жинақтаушы зейнетақы қорын инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын ұйымдар, қаржылық және (немесе) өзге де есептілік мәліметтерін түзету бойынша жазбаша нұсқамада көрсетілген уәкілетті органның талаптарын орындамаған жағдайда, пруденциялдық нормативтердің және басқа да міндетті нормалар мен лимиттердің есебін уәкілетті орган өздері түзеткен есептілік негізінде жүзеге асырады.».
10. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 49-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2002 ж. № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат;№ 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат):
1) 11-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы «тоқтатуға құқылы.» деген сөздер «тоқтатуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) осы Заңда және (немесе) серіктестіктің жарғысында көзделген олардың құқықтарын бұзған серіктестік органдарының шешімдеріне сот тәртібімен дау айтуға құқылы.»;
2) 12-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «етпеуге міндетті.» деген сөздер «етпеуге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) серіктестікке қатысушылардың тізілімін жүргізген жағдайда осы Заңның 17-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген мәліметтердің өзгергені туралы атқарушы органға, сондай-ақ тіркеушіге жазбаша хабарлауға міндетті.»;
3) 17-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасындағы «тәртібі болуға тиіс.» деген сөздер «тәртібі;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
«7) серіктестікке қатысушыларға және үлестерді сатып алушыларға серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты ұсыну тәртібі және мерзімі;
8) серіктестікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері болуға тиіс»;
4) 29-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Серіктестік мүлкіндегі үлес кепілін тіркеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Тіркеуші серіктестікке қатысушылардың тізілімін жүргізген жағдайда серіктестік мүлкіндегі үлес кепілін тіркеу осы Заңның және (немесе) серіктестік жарғысының талаптарын сақтаған кезде тіркеушінің ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.»;
5) 43-бапта:
2-тармақта:
5) тармақшадағы «серіктестіктің» деген сөздің алдынан «оларды бекіту серіктестіктің жарғысында серіктестіктің өзге органдарының құзыретіне жатқызылған құжаттардан басқа;» деген сөздермен толықтырылсын;
11) тармақшасындағы «шешім шығару жатады.» деген сөздер «шешім шығару;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) серіктестікке қатысушыларға және үлестерді сатып алушыларға серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты ұсыну тәртібін және мерзімдерін бекіту жатады.»;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Қатысушылардың жалпы жиналысы, егер серіктестіктің жарғысында өзгеше айқындалмаса, серіктестіктің ішкі қызметіне қатысты мәселелер бойынша жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің өзге де органдарының кез келген шешімінің күшін жоюға құқылы.»;
6) 46-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жалпы жиналыстың күн тәртібіне «әр түрлі», «өзге де», «басқа» және осыларға ұқсас тұжырымдауларды қоса алғанда, жалпылама ұғымдағы мәселелерді енгізуге тыйым салынады.»;
7) 50-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«50-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік органдарының
шешімдеріне дау айту»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің өзге де органдарының шешімдеріне дау айту осы баптың бірінші бөлігінде көзделген тәртіп пен мерзімдерде жүзеге асырылады.»;
8) 65-бап мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
«3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті қайта құру нәтижесінде құрылған акционерлік қоғам қоғамның акцияларын тек қана жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары арасында орналастырады (сатады). Қайта құрылған жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушыларына берілетін акциялардың саны әрбір қатысушының үлесінің баланстық құнының қайта ұйымдастырылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің меншікті капиталының жалпы мөлшеріне арақатынасы негізінде айқындалады.
4. Құрылатын акционерлік қоғамның жарғылық капиталы оған қабылдау-тапсыру актісіне сәйкес берілген активтер мен міндеттемелер арасындағы айырмаға тең болады және «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.».
11. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 13, 195-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 23, 922-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 142-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 24, 153-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат):
1) 15-бап мынадай мазмұндағы 7-1) және 7-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-1) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиядан айыру немесе оның қолданылуын тоқтата тұру туралы немесе қаржы ұйымдарын консервациялауды жүргізу бойынша шешім қабылдаған;
7-2) сот банкті, жинақтаушы зейнетақы қорының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғаған;»;
2) 39-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Сауда-саттық ұйымдастырушыларының сауда-саттық жүйелерінде ашық сауда-саттық әдісімен жасалған «репо» операциялары бойынша оның нысанасы болып табылатын мүлікке тыйым салу осы «репо» операциялары жабылғаннан кейін ғана қолданылуы мүмкін.»;
3) 40-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Сауда-саттық ұйымдастырушыларының сауда-саттық жүйелерінде ашық сауда-саттық әдісімен жасалған «репо» операциялары бойынша оның нысанасы болып табылатын мүлікке тыйым салу азаматтық іс жүргізу барысында осы «репо» операциялары жабылғаннан кейін ғана қолданылуы мүмкін.».
12. «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 86-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат):
1) 16-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасындағы «жүзеге асырмау негіздеме болып табылады.» деген сөздер «жүзеге асырмау;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның өтінішхаты негіздеме болып табылады.»;
2) мынадай мазмұндағы 18-1-баппен толықтырылсын:
«18-1-бап. Қаржы ұйымының аудитін жүргізу ерекшеліктері
1. Қаржы ұйымының аудиторлық есебін жасау және оны уәкілетті органға ұсыну мерзімдері қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісімен айқындалады.
2. Қаржы ұйымының аудиторлық есебі бір мезгілде қаржы ұйымына және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға ұсынылады.
3. Қаржы ұйымының аудиторлық есебін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға ұсынудың белгіленген мерзімдері бұзылған жағдайда қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган аудиторлық есепті белгіленген мерзімде ұсыну туралы жазбаша нұсқама жіберуге құқылы.
4. Аудиторлық ұйым жазбаша нұсқаманы орындамаған жағдайда қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган лицензияның қолданылуын тоқтата тұру қажеттілігі туралы өтінішхатпен уәкілетті органға жүгінуге құқылы.».
13. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат):
1) 3-бапта:
он үшінші абзац «жағдайларды» деген сөзден кейін «, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларды» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы жиырмасыншы және жиырма бірінші абзацтармен толықтырылсын:
«мінсіз іскерлік бедел - кәсібилілікті, адалдықты, экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар немесе ауырлығы орташа қылмыстар, ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылықтың жоқ екендігін растайтын фактілердің болуы;
заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін жанама иелену не акцияларын иелену (олармен дауыс беру) - басқа заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін иелену (олармен дауыс беру) арқылы заңды тұлғаның, заңды тұлғаның ірі қатысушысының немесе бірлесіп заңды тұлғаның ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешімдерін айқындау мүмкіндігі;»;
2) 26-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан да көп процентін тікелей иеленетін немесе ең аз талап етілетін рейтингі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан да көп процентімен дауыс беру мүмкіндігі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының акцияларын (қатысу үлестерін) иелену (олармен дауыс беру) арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан да көп процентін жанама иеленуді немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан да көп процентімен жанама дауыс беруді көздейтін Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғасы үшін аталған рейтингтің болуы талап етілмейді.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары - жеке тұлғалар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын өздеріне меншік құқығында тиесілі мүлік құнынан аспайтын мөлшерде төлейді.»;
4-тармақта:
мынадай мазмұндағы 3-1), 3-2) және 3-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайының ықтимал нашарлауы жағдайларында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қайта капиталдандыру жоспарын;
3-2) растайтын құжаттарды қоса тіркей отырып, мінсіз іскерлік бедел туралы мәліметтерді;
3-3) жеке тұлға тұратын елдің салық органдары немесе өзге де уәкілетті тұлғалары растаған кірістер мен мүлік туралы мәліметтерді;»;
4-тармақшадағы «, сондай-ақ сотталғандығы бар-жоғы туралы, әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, қаржы, салық салу саласында құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылғаны туралы» деген сөздер алып тасталсын;
5-тармақта:
2) тармақшадағы «1)-3)» деген цифрлар «1), 2), 3) және 3-1)» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) оның басшы қызметкерлерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді;»;
4-тармақшадағы «, сондай-ақ сотталғандығы бар-жоғы туралы, әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, қаржы, салық салу саласында құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылғаны туралы» деген сөздер алып тасталсын;
6-тармақта:
1) тармақшада:
«1-3)» деген цифрлар «1), 2), 3) және 3-1)» деген сөздермен, «3-6)» деген цифрлар «2-1), 3), 4), 5) және 6)» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша «тізбесін» деген сөздің алдынан «осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
«11-1. Мыналар бойынша:
1) кезектен тыс акционерлердің жалпы жиналысын шақыру немесе директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысын шақырудан бас тартқан жағдайда оны шақыру туралы сотқа талап-арызбен жүгіну;
2) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне қосымша мәселелер енгізу;
3) директорлар кеңесінің отырысын шақыру;
4) аудиторлық ұйымның қоғамның өз есебінен аудит өткізуі мәселелері бойынша акционерлердің шешім қабылдауын көздейтін олардың арасында жасалған келісім негізінде әрекет ететін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиынтығы он және одан да көп проценті өздеріне тиесілі акционерлер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары болып табылмайды.»;
13-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акциялары санының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының санына проценттік қатынасының ұлғаю жағына өзгеруі жағдайында, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы уәкілетті органға растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көздері туралы ақпарат ұсынуға тиіс.»;
3) 26-1-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жай-күйінің ықтимал нашарлауы жағдайында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұсынылған қайта капиталдандыру жоспарының тиімсіздігі;
3-2) өтініш беруші - жеке тұлғада, өтініш беруші - заңды тұлғаның басшы қызметкерінде мінсіз іскерлік беделдің болмауы;»;
10) тармақша «тізбесін» деген сөздің алдынан «осы Заңның 26-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 33-баптың 2, 7, 10, 12 және 13-тармақтарындағы «он төрт» деген сөздер «отыз» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) 34-бапта:
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мінсіз іскерлік беделі жоқ;»;
4-тармақта:
1) тармақшаның бірінші бөлігіндегі «тәуелсіз директоры» деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөліктегі «Тәуелсіз директорды қоспағанда, директорлар» деген сөздер «Директорлар» деген сөзбен ауыстырылсын;
9-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасындағы «қолдануы негіздері бойынша кері қайтарып алуға құқылы.» деген сөздер «қолдануы;» деген сөзбен ауыстырылып, бөлік мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) осы бапта аталған тұлғаларды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келмейді деп тану үшін жеткілікті деректер негізінде қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету негіздері бойынша кері қайтарып алуға құқылы.»;
6) 43-бап мынадай мазмұндағы 3-5) тармақшамен толықтырылсын:
«3-5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін тәуекелдерді басқару жүйесінің болуы жөнінде талаптар белгілейді;»;
7) 46-бап мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
«11-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы уәкілетті органның жазбаша нұсқамада көрсетілген, қаржылық және (немесе) өзге де есептілікке деректерді түзету жөніндегі талаптарын орындамаған кезде, пруденциялдық нормативтерді және басқа да міндетті нормалар мен лимиттерді есептеуді уәкілетті орган өзі түзеткен есептілік негізінде жүзеге асырады.»;
8) 53-2-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
«Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына сотқа шағымдану оны орындауды тоқтата тұрмайды.»;
9) 53-3-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы «сатуды қолдануға құқылы.» деген сөздер «сатуды;» деген сөзбен ауыстырылып, тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) осы Заңның 34-бабында аталған тұлғаларды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттерін қолданыстағы заңнаманың талаптарына сай келмейді деп тану үшін жеткілікті деректер негізінде бір мезгілде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерінің лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісімді кері қайтарып ала отырып, қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуді қолдануға құқылы.»;
10) 54-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) уәкілетті орган қолданған шектеулі ықпал ету шараларының талаптарын орындамаған;»;
11) 59-баптың 1-тармағының 1-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1) уәкілетті орган қолданған шектеулі ықпал ету шараларының талаптарын орындамаған;»;
12) 74-1-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Есептілікті ұсыну тәртібі мен нысандары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы - заңды тұлғаның басшы қызметкерлерінің құрамы өзгерген жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы - заңды тұлға растайтын құжаттарды тіркей отырып, басшы қызметкерлердің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметті ұсынады.».
14. «Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 1-2, 4-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) миноритарлық инвестор - дауыс беретін акциялардың он процентінен аз (қатысушылар дауысының жалпы санының он процентінен аз) мөлшерінде инвестицияны жүзеге асырған инвестор;»;
2) 2-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Инвестицияларды жүзеге асыру кезінде туындайтын және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының қолданылатын аясына қатысты қатынастарға осы Заңның ережелері Қазақстан Республикасының осындай заңдарына қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.»;
3) 3-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Инвесторлардың кәсіпкерлік қызметтің инвестициялар жүзеге асырылатын объектілері мен түрлеріне қатысты құқықтары мен міндеттері осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде және тиісті шарттарда белгіленеді.»;
4) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«6-бап. Мемлекеттік органдардың инвесторларға қатысты
қызметінің жариялылығы және инвесторлардың
инвестициялық қызметті жүзеге асыруға байланысты
ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету
1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының инвесторлардың мүдделерін қозғайтын ресми хабарлары және нормативтік құқықтық актілері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жарияланады.
2. Миноритарлық инвесторларды қоса алғанда, инвесторлардың заңды тұлғаларды тіркеу туралы, олардың жарғылары туралы, жылжымайтын мүлікпен мәмілелерді тіркеу туралы, берілген лицензиялар туралы ақпаратқа, сондай-ақ олардың инвестициялық қызметті жүзеге асыруымен байланысты коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтымайтын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделген өзге де ақпаратқа еркін қол жеткізуі қамтамасыз етіледі.».
15. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат):
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 6-2) және 6-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-2) корпоративтік веб-сайт - Интернет желісіндегі қоғамға тиесілі және уәкілетті орган белгілеген талаптарға жауап беретін ресми электронды сайт. Жария компаниялар үшін корпоративтік веб-сайттың болуы міндетті;
6-3) корпоративтік хатшы - директорлар кеңесінің мүшесі болып табылмайтын акционерлік қоғамның не қоғамның атқарушы органының қызметкері, оны қоғамның директорлар кеңесі тағайындайды және қоғамның директорлар кеңесіне есеп береді, сондай-ақ өз қызметі шеңберінде акционерлер жиналысының және қоғамның директорлар кеңесінің отырыстарын дайындауды және жүргізуді бақылайды, акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдарды және қоғамның директорлар кеңесінің отырысына материалдарды қалыптастыруды қамтамасыз етеді, оларға қол жеткізудің қамтамасыз етілуін бақылайды. Корпоративтік хатшының құзыреті және қызметі қоғамның ішкі құжаттарымен айқындалады;»;
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) миноритарлық акционер - акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларының он процентінен азы тиесілі акционер;»;
12) тармақшада «ұйымдардың - сол қоғамның аффилиирленген тұлғаларының лауазымды адамдарымен бағыныштылығы жағынан байланысты емес;» деген сөздерден кейін «мемлекеттік қызметші болып табылмайтын;» деген сөздермен толықтырылсын;
2) мынадай мазмұндағы 4-1-баппен толықтырылсын:
«4-1-бап. Жария компания
1. Мынадай өлшемдерге сәйкес келетін қоғам жария компания болып танылады:
1) қоғам өзінің жай акцияларын, осы акцияларды инвесторлардың шектеусіз тобына ұсына отырып, бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған және (немесе) ұйымдастырылған нарығына орналастыруды жүзеге асыруға тиіс;
2) қоғамның орналастырылған жай акцияларының жалпы санының кемінде отыз проценті, олардың әрқайсысы қоғамның орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан қоғамның жай акцияларының бес процентінен аспайтын акционерлерге тиесілі болуға тиіс;