2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін бір ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
6) өтiнiм берушiде әрбір лицензияға осы Заңда айқындалатын мiндеттi резервтер түрiнде (республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiшпен) ойын бизнесi саласында мынадай қызмет түрлерiн жүзеге асыру үшiн:
казино және ойын автоматтары залдарын - 60 000 мөлшерiнде;
букмекерлік кеңселерді- 40 000 мөлшерiнде;
тотализаторларды - 10 000 мөлшерiнде қамтамасыз етудiң болуы.
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Өтініш беруші Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына әрбір лицензияны алу үшін уәкілетті органға (лицензиарға) өзінің осы Заңда белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды табыс етеді.
2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен тақырыбы өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
14-бап. Міндетті резервтер
2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Міндетті резервтерді ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына арналған лицензияларды алуға үміткер өтінім берушілер әрбір қызмет түрі үшін әрбір лицензияға осы Заңда белгіленген мөлшерде қалыптастырады және банктің клиентпен жасасқан шарты негізінде және алғаш талап ету бойынша (талап етуге дейінгі салым) салымды беру шарттарында Қазақстан Республикасының аумағындағы банктерде салым шарттарында орналастырылады.
2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Ойын бизнесін ұйымдастырушы міндетті резервтерді осы Заңда белгіленген тәртіппен және шарттарда орналастыруды тұрақты негізде қамтамасыз етуге міндетті.
3. 2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Міндетті резервтер Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тек қана ойын бизнесін ұйымдастырушының құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысушыларға ұтысын төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындау мақсатында және ойын бизнесін ұйымдастырушының шоттары мен кассасында ақша жетіспеген жағдайда ғана пайдаланылуы мүмкін.
5. Егер міндетті резервтердің сомасы осы Заңда белгіленген мөлшерден азайған жағдайда, ойын бизнесін ұйымдастырушы осындай азайған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде міндетті резервтерді әрбір лицензияланатын қызмет түрі үшін осы Заңда белгіленген мөлшерге дейін толықтыруға міндетті.
2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
6. Ойын бизнесін ұйымдастырушы кемінде үш айда бір рет уәкілетті органға банктік салым шартын жасаған кезде ашылған банктік шоттар бойынша ақшасының болуы және қозғалысы туралы анықтама табыс етеді.
2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
15-бап. Ойын мекемелеріне, букмекерлік кеңселердің немесе тотализаторлардың кассаларына келудің тәртібі мен ерекшеліктері
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге:
1) жиырма бір жасқа дейінгі жеке тұлғалардың;
2) құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдардың;
3) мүліктік өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар, атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және осы саладағы қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізген адамдардың қатысуына тыйым салынады.
2. Ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор жұмысы, мөлшерлемелер қабылдау және өткізілетін құмар ойындар және (немесе) бәс тігу қағидаларын ойын бизнесін ұйымдастырушы ойын мекемесінде, букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың кассасында көрінетін жерге, сондай-ақ ойын бизнесін ұйымдастырушының интернет-ресурсында (ол болған кезде) орналастырады және онда мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс:
1) ойын мекемесінің, букмекерлік кеңсенің немесе тотализатордың атауы;
2) ойын бизнесін ұйымдастырушының орналасқан жері, банктік деректемелері, сәйкестендіру нөмірі, интернет-ресурсы (ол болған кезде) көрсетіле отырып, оның атауы;
3) Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиясы, оның қолданылу мерзімі туралы ақпарат;
4) құмар ойындармен және (немесе) бәс тігумен шектен тыс әуестенудің зияны туралы ескерту;
5) құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуды өз бетінше шектеу тәртібі;
6) құмар ойынға және (немесе) бәс тігуге қатысушыларға, сондай-ақ олардың жақын туыстарына психологиялық көмек көрсететін мамандардың (мекемелердің, ұйымдардың, қызметтердің) орналасқан жері мен байланыс телефон нөмірлері;
7) құмар ойынға және (немесе) бәс тігуге қатысушының жеке басын анықтау тәртібі;
8) өткізілетін құмар ойындардың және (немесе) бәс тігудің түрлері;
9) бәс тігуге қатысушылар мөлшерлемелер жасайтын оқиға қорытындысының нәтижелерін анықтау үшін пайдаланылатын ақпарат көздерінің тізбесі;
10) құмар ойында және (немесе) бәс тігуде тікелей пайдаланылатын негізгі терминдер мен анықтамалар;
11) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес ойын бизнесін ұйымдастырушы мен құмар ойынға және (немесе) бәс тігуге қатысушының құқықтары мен міндеттері;
12) құмар ойынға және (немесе) бәс тігуге қатысу шарттары;
13) құмар ойынның және (немесе) бәс тігудің, сондай-ақ ойын сессиясының өткізілу тәртібі;
14) құмар ойында және (немесе) бәс тігуде мөлшерлемелерді қабылдау шарттары;
15) тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушының бәс тігуді ұйымдастырудағы делдалдық үшін сыйақысының (комиссиясының) мөлшері;
16) құмар ойынға және (немесе) бәс тігуге қатысушыға ұтыс төленуге тиісті нәтиже;
17) дауларды қарау тәртібі;
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
18) уәкілетті орган бекіткен, ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойын дарының және (немесе) бәс тігудің үлгілік қағидаларында көзделген өзге де мәліметтер.
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің қағидалары уәкілетті орган бекіткен ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің үлгілік қағидаларына сәйкес болуға тиіс.
3. Ойын бизнесін ұйымдастырушы:
1) ойын мекемесіне, букмекерлік кеңсеге немесе тотализаторға (букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың кассасына) еркін келуге Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін шектеулер белгілеуге;
2) ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор (букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың кассасы) жұмысы, мөлшерлемелер қабылдау және өткізілетін құмар ойындар және (немесе) бәс тігу қағидаларын бұзатын адамдарды құмар ойындарға жібермеуге құқылы.
2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 15-1-баппен толықтырылды
15-1-бап. Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуды шектеу
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Жиырма бір жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы уәкілетті органға өзін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдардың тізіміне енгізу туралы өтініш беру арқылы өзінің алты айдан он жылға дейінгі мерзімге құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуын өз бетінше шектей алады.
Өтініште тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуын шектеу мерзімі, жеке немесе электрондық-цифрлық қолтаңба қамтылуға тиіс. Берілген өтініш қайтарылуға немесе кері қайтарып алуға жатпайды.
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Жақын туыстары, отбасы мүшелері азаматтың әрекет қабілетін шектеу туралы заңды күшіне енген сот шешімі негізінде уәкілетті органға мұндай адамды құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдар тізіміне енгізу туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдар тізіміне енгізу туралы өтініш беру, сондай-ақ тізімді жүргізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдар туралы ақпарат құпия болып табылады.
Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдар туралы ақпаратқа қол жеткізе алатын тұлғалар өтініш берушінің немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз не өзге де заңды негіз болмаса, оны таратуға жол бермеу талабын сақтау арқылы оның құпиялылығын қамтамасыз етеді.
Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдар туралы мәліметтер кәсіптік, қызметтік қажеттілікке, сондай-ақ еңбек қатынастарына байланысты белгілі болған адамдар оның құпиялылығын қамтамасыз етуге міндетті.
Кәсіптік, қызметтік қажеттілікке қарай, сондай-ақ еңбек қатынастарына байланысты құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдар тізіміне қол жеткізу құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдарға, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға уәкілетті органның атына жекелеген сұрау салулар бойынша және құпиялылықты қамтамасыз ету мен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де талаптарды сақтау шартымен қамтамасыз етілуі мүмкін.
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4. Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуын шектеу мерзімі өткенге дейін Қазақстан Республикасының азаматы шектеуді жаңа мерзімге ұзарту туралы өтініш бере алады.
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5. Уәкілетті орган құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуын өзін-өзі шектеу мерзімі аяқталған күннен кейін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдар тізіміне енгізілген адамдарды тізімнен алып тастайды.
Осы баптың 2-тармағына сәйкес құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдар тізіміне енгізілген адамды уәкілетті орган азаматтың әрекет қабілетін шектеудің күшін жою туралы заңды күшіне енген сот шешімі негізінде тізімнен алып тастайды.
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6. Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдар тізіміндегі адамдармен құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады.
6-тармақтың екінші, үшінші бөліктері 2021 ж. 4 қаңтарда қолданысқа енгізілді
Бәс тігуге қатысушы мен букмекерлік кеңсе немесе тотализатор арасында, ұтыс төлеуді қоса алғанда, қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз төлемдерді, оның ішінде электрондық ақшаны пайдалана отырып, бірыңғай есепке алу жүйесінің қатысуынсыз қабылдауға (жүзеге асыруға) тыйым салынады.
Бірыңғай есепке алу жүйесі құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдар тізіміндегі адамнан (оның пайдасына) қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз төлемдерді, оның ішінде электрондық ақшаны пайдалана отырып қабылдаудан (жүзеге асырудан) бас тартуға міндетті.
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
7. Ойын бизнесін ұйымдастырушылар осы Заңның 15-бабының 1-тармағына сәйкес құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуына тыйым салу белгіленген жеке тұлғаларға құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға рұқсат етуден бас тартады.
16-бап. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен Заң 16-1-баппен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 16-1-бап жаңа редакцияда
16-1-бап. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, сондай-ақ бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
4. Ойын бизнесін ұйымдастырушылар мемлекеттік бақылау субъектілері болып табылады.
5. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша уәкілетті орган анықтаған бұзушылықтарды өзі дербес жою құқығын бақылау субъектілеріне беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.
6. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау ойын бизнесін ұйымдастырушылар уәкілетті органға ұсынған есептілікті, банктік салым шартын жасаған кезде ашылған банктік шоттар бойынша ақшаның бар-жоғы және қозғалысы туралы анықтамаларды, сұрау салу арқылы уәкілетті ұйымдар мен мемлекеттік органдардан мәліметтерді және түрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстыру жолымен жүргізіледі.
7. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бақылау субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда, уәкілетті орган бұзушылықтар анықталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынымды ресімдейді және жібереді.
8. Ұсыным бақылау субъектісіне қол қойғызып, жеке өзіне немесе жөнелту және алу фактілері расталатын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.
Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол - ұсынымға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
2) поштамен - тапсырысты хатпен;
3) электрондық тәсілмен - уәкілетті орган сұрау салған кезде хатта көрсетілген бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына уәкілетті орган жөнелткен күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
9. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
10. Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті органға ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
11. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді.
12. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау тоқсанына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.
16-2-бап. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
16-3-бап. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
17-бап. Өтпелі және қорытынды ережелер
1. Осы Заң 2007 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап ойын бизнесі саласындағы қызметпен шұғылдану құқығына 2007 жылғы 1 сәуірге дейін берілген лицензиялардың күші тоқтатылады.
Қазақстан Республикасының
Астана, Ақорда, 2007 жылғы қаңтардың 12-сі.
№ 219-III ҚРЗ