7) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 7-1), 7-2), 7-3) және 7-4) тармақшалармен толықтырылды
7-1) ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асырады;
7-2) 2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 7-3) тармақша өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
7-3) өзі айқындайтын тәртіппен ақпаратты жүйелі түрде жинауды және интернет-ресурстардың мазмұнын интернет-казино, Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлар белгілерінің болуы-болмауы тұрғысынан талдауды жүзеге асырады;
7-4) тотализаторлар мен букмекер кеңселері кассаларының тізілімін жүргізеді;
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 7-5) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
7-5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ойын бизнесі қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 7-6) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
7-6) құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдардың тізімін жүргізеді;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Өзге мемлекеттік органдар ойын бизнесі саласындағы қызметті мемлекеттік реттеуді Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
9-бап. Ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялау
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялау осы Заңға және Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Құмар ойындар саласындағы қызмет өтінім берушіге әрбір ойын мекемесіне он жыл мерзімге берілетін лицензия негізінде жүзеге асырылады.
Бәс тігу саласындағы қызмет өтінім берушіге букмекерлік кеңсе не тотализатор қызметіне он жыл мерзімге берілетін лицензия негізінде жүзеге асырылады.
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Лицензиялық алымның, қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақының мөлшері, оларды есептеу және төлеу тәртібі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалады.
2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен бап 4-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Лицензиялар туралы деректер лицензиардың электрондық тізіліміне енгізіледі.
10-бап. Ойын бизнесін ұйымдастырушыларға және ұтыстарға салық салу
Ойын бизнесін ұйымдастырушыларға және ұтыстарға салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (2021 ж. 4 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
11-бап. Ойын мекемелерінің, букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың (букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлар кассаларының) орналасатын жері
2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 4 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Казино, ойын автоматтары залдары, букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассалары) Алматы облысында Қапшағай су қоймасының жағалауында және Ақмола облысының Бурабай ауданында жергілікті атқарушы органдар айқындайтын аумақтар шегінде орналастырылуға жатады.
Казиноны, ойын автоматтары залдарын, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассаларын) орналастыруға арналған аумақтардың шекараларын жергілікті атқарушы органдар уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау қажет болатын жағдайларды, сондай-ақ тарихи-мәдени мұра объектілерінің жойылу және бүліну қатері төнген, қорғаныс мұқтаждары мен елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайларын қоспағанда, жергілікті атқарушы органдардың казиноны, ойын автоматтары залдарын, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассаларын) орналастыруға арналған аумақтардың шекараларын өзгертуіне тыйым салынады.
2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 4 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген аумақтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында казиноны, ойын автоматтары залдарын, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассаларын) орналастыруға тыйым салынады.
2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 3-тармақ жаңа редакцияда; 2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Казино, ойын автоматтары залдары, букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассалары) тұрғын емес үй-жайларда орналастырылуға тиіс. Оларды тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттардың) тұрғын емес үй-жайларында, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен олардың кешендерінің ғимараттарында және басқа да өндірістік, коммуналдық объектілерде және қойма объектілерінде, ғибадат үйлерінде (құрылыстарында), мемлекеттік органдар мен мекемелердің, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет ұйымдарының, әуежайлардың, вокзалдардың ғимараттарында, қалалық және қала маңы қатынастарындағы қоғамдық көліктің барлық түрлерінің станциялары мен аялдамаларында орналастыруға тыйым салынады.
Букмекерлік кеңсе мен тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушыға бәс тігуге қатысушыларға өздері нәтижесіне мөлшерлемелер жасаған оқиғаның дамуы мен нәтижесін байқауға мүмкіндік беретін жабдықты букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассаларынан тыс жерге орналастыруға, сондай-ақ бәс тігуге қатысушыларға букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың электрондық кассаларына қол жеткізу үшін, байланыс қызметтерін қоса алғанда, техникалық құралдарды немесе қабылданған мөлшерлемелер, төленген және төленбеген ұтыстар туралы ақпарат беруге тыйым салынады.
2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды; 2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Көрінеу заңсыз ойын мекемесін ашу не ойын бизнесін ұйымдастыру үшін ғимаратты, үй-жайды немесе құрылысты беруге, сондай-ақ көрінеу заңсыз ойын бизнесін жүзеге асыру (ұйымдастыру) үшін ойын жабдығын, бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған жабдық беруге тыйым салынады.
12-бап. Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын жалпы талаптар
2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Бір казинода кемінде отыз ойын үстелі орнатылуға тиіс.
2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Ойын автоматтары залында кемінде алпыс ойын автоматы орнатылуға тиіс.
2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Әрбір ойын автоматы тиісті ойын жабдығына қатысты Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сай болуға тиіс.
2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.26.11. № 356-IV ҚР Заңынмен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Ойын бизнесін ұйымдастырушы құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысушыларға ұтыстарды төлеуді жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуі негізінде, өткізілетін құмар ойындардың және (немесе) бәс тігудің ережелерінде көзделген мөлшерде және мерзімде, бірақ осы құмар ойынның және (немесе) бәс тігудің нәтижелері шығарылған сәттен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірмей жүргізеді.
5. Ойын автоматтарын немесе олардың бөліктерін казинодағы және ойын автоматтары залдарындағы қабырғаларға, терезе мен есіктің ойықтарына монтаждауға тыйым салынады.
2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Ойын автоматына технологиялық түрде салынған ұтыс пайызы тоқсан бес пайыздан төмен болмауға тиіс.
2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Ойын мекемелерінің, букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың кассалары мен ойын орындары жазылған ақпаратты кемінде жеті тәулік сақтауды қамтамасыз ететін және құмар ойнына және (немесе) бәс тігуге барлық қатысушылардың әрекеттерін тіркейтін бейне жазу жүйелерімен жабдықталуға тиіс.
2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 7-1-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 4 қаңтарда қолданысқа енгізілді)
7-1. Букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассалары металл есікпен, брондалған шынымен және жеке күзет ұйымының немесе аумақтық ішкі істер органы кезекші бөлімінің орталықтандырылған пультіне қосылған дабыл сигнализациясымен жарақтандырылуға тиіс.
2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
8. Кассада немесе ойын бизнесін ұйымдастырушының шоттарында құмар ойынға және (немесе) бәс тігуге қатысушыға ұтысты төлеу үшін ақша жетіспеген жағдайда ойын бизнесін ұйымдастырушы осы Заңның 14-бабында белгіленген ережелерді ескере отырып, жетпеген сомаға міндетті резервтерді пайдалануы тиіс.
2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
9. Букмекер кеңсесінің немесе тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы аппараттық-бағдарламалық кешен мен бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған жабдық арқылы жасалған мөлшерлемелердің жалпы сомасын қабылдауды, оның бірыңғай есебін жүргізуді, бәс тігуге қатысушылардың мөлшерлемелерін өңдеуді және ұтысты төлеуді жүзеге асыруға және қамтамасыз етуге міндетті.
2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
10. Букмекер кеңсесінің қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы нәтижесіне бәс тігілетін оқиғаны өз бетінше айқындайды.
2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
11. Тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы ат спорты жарыстары (атшабыстар, ат жарыстары) және (немесе) ит жарыстыру шеңберінде болатын алдағы нақты оқиғаларға мөлшерлемелер қабылдайды.
2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 12-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді); 2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 12-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 4 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 12-тармақ өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
12. Букмекерлік кеңсе немесе тотализатор мөлшерлемелерді букмекерлік кеңсенің немесе тотализатордың тиісті кассасы және (немесе) букмекерлік кеңсенің немесе тотализатордың электрондық кассасы арқылы қабылдайды. Букмекерлік кеңсе немесе тотализатор бірыңғай есепке алу жүйесінде есепке алынбаған ақша есебінен мөлшерлемелер қабылдауға құқылы емес.
2009.28.08 № 192-IV ҚР Заңымен 12-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
13. Ойын бизнесін ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға міндетті.
2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 14-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 14-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
14. Букмекерлік кеңсе қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы мөлшерлемелерді аппараттық-бағдарламалық кешен есептеген коэффициенттер негізінде және аккредиттелген спорт федерациялары өткізетін немесе халықаралық спорт ұйымдары, федерациялары, комитеттері аясында өткізілетін спорттық жарыстар шеңберінде болатын алдағы нақты оқиғаларға ғана қабылдайды.
2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 15-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 15-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
15. Букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар аппараттық-бағдарламалық кешенмен жабдықталуға тиіс. Букмекерлік кеңсе немесе тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы мөлшерлемені қабылдағанға дейін бәс тігуге қатысушыны тіркеуді қатысушының жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін деректерді енгізе отырып, аппараттық-бағдарламалық кешен арқылы жүргізуге міндетті.
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 15-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
15-1. Ойын бизнесін ұйымдастырушы ойын мекемесінде, букмекерлік кеңсенің және тотализатордың үй-жайларында, казино мен ойын автоматтары залының кассаларында, букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың кассалары мен электрондық кассаларында, өзінің интернет-ресурстарында (олар болған кезде) көрнекі жерге құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысудың қауіп-қатерлері мен зияны туралы ескертуді орналастырады.
Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысудың қауіп-қатерлері мен зияны туралы ескертуде болжамды теріс салдар қамтылуға тиіс.
Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысудың қауіп-қатерлері мен зияны туралы ескертудің мәтінін, эскиздерін уәкілетті орган бекітеді.
2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 16-тармақпен толықтырылды
16. Мыналар:
2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) экономикалық қызмет саласында жасаған қылмысы үшін не ауырлығы орташа қасақана қылмыстар, ауыр қылмыстар, аса ауыр қылмыстар үшін алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы бар адам құрылтайшысы, қатысушысы немесе бенефициарлық меншік иесі болып табылатын заңды тұлға;
2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) салықтық берешегі бар немесе банкрот деп танылған заңды тұлғаның құрылтайшысы, қатысушысы немесе бенефициарлық меншік иесі болып табылған тұлға құрылтайшысы, қатысушысы немесе бенефициарлық меншік иесі болып табылатын заңды тұлға ойын бизнесін ұйымдастырушы бола алмайды (заңды тұлғаның акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) тікелей және (немесе) жанама түрде иелене, пайдалана, оларға билік ете және (немесе) басқара алмайды).
2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 17-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
17. Осы баптың 16-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген адам ойын мекемесінде басшылық лауазымға тағайындала алмайды.
2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 12-1-баппен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 12-1-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
12-1-бап. Букмекерлік кеңсенің немесе тотализатордың аппараттық-бағдарламалық кешені
2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Аппараттық-бағдарламалық кешен сервері «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексіне) сәйкес бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген компьютерлік жүйе болып табылатын бақылау-касса машинасының фискалдық режимімен қамтамасыз етілуге тиіс. Аппараттық-бағдарламалық кешеннің сервері Қазақстан Республикасының аумағында ойын бизнесін ұйымдастырушы орналасқан жерде болуға тиіс.
2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Букмекерлік кеңсе немесе тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы бәс тігу қорытындысының нұсқаларына ұтыстардың коэффициенттерін есептеуді, қабылданған мөлшерлемелерді есепке алуды, бәс тігу нәтижелері бойынша ұтыстарды есептеуді, ұтыстарды және олар бойынша төлемдерді есепке алуды аппараттық-бағдарламалық кешен арқылы жүзеге асыруға тиіс.
2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Аппараттық-бағдарламалық кешен букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассаларымен өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге және уәкілетті органға Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ақпаратты жинауды және ұсынуды жүзеге асыруға тиіс.
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
4. Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылар мәліметтерді беру бойынша автоматтандырылған өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында аппараттық-бағдарламалық кешендерді мемлекеттік кірістер органдарының және қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйелерімен интеграциялауды қамтамасыз етуге міндетті.
Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін мемлекеттік кірістер органдарының және қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы беруге жататын мәліметтерді беру тәртібін, олардың тізбесі мен нысанын тиісті мемлекеттік органдар белгілейді.
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 12-2-баппен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
12-2-бап. Бірыңғай есепке алу жүйесі
1. Бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін уәкілетті орган бекітілген қағидалар мен біліктілік талаптарына сәйкес айқындаған заңды тұлға қамтамасыз етеді.
2. Бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаға мынадай талаптар қойылады:
1) серверлері Қазақстан Республикасының аумағында орналастырылған бірыңғай есепке алу жүйесінің функцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық-техникалық құралдардың болуы;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде төлем қызметтерін көрсетуге арналған есептік тіркеуден өту немесе банк операцияларын жүргізуге лицензиясының болуы.
3. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының аумағында тіркелмеген;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдардың тізбесіне енгізілген;
3) атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар және атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және осы саладағы қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізген;
4) экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар не ауырлығы орташа қасақана қылмыстар, ауыр қылмыстар, аса ауыр қылмыстар үшін заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар адамдар және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты тұлғалар тізбесіне енгізілген адамдар құрылтайшылары (қатысушылары) және (немесе) атқарушы органы және (немесе) үлестес тұлғасы болып табылатын заңды тұлғалар бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлға ретінде әрекет ете алмайды.
2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 13-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
13-бап. Өтінім берушілерге лицензия алу үшін қойылатын біліктілік талаптары
1. Өтінім берушілерге лицензия алу үшін мынадай біліктілік талаптары қойылады:
2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) тотализатордың немесе букмекер кеңсесінің қызметін жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетiн меншiк құқығындағы үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөлiктерiнiң) болуы;
2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
1-1) казино қызметін жүзеге асыру үшiн үш жұлдыздан кем емес санаттағы қонақүй кешенінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетiн меншiк құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөлiктерiнiң) болуы;
2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 1-2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1-2) ойын автоматтары залы қызметін жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетiн меншiк құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі казино қызметі жүзеге асырылатын үш жұлдыздан кем емес санаттағы қонақ үй кешеніндегі ғимараттың (ғимарат, құрылыс, құрылысжай бөліктерінің) болуы;
2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2) казино және ойын автоматтары залы қызметін жүзеге асыру үшін меншік құқығындағы ойын жабдығының болуы;
2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
2-1) букмекер кеңсесі мен тотализатордың қызметін жүзеге асыру үшін бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған меншік құқығындағы жабдықтың болуы;
2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен күзет қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия алған заңды тұлғалармен шарттардың болуы;
2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 4) тармақша өзгертілді
4) ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің қазақ және орыс тілдерінде әзірленген қағидаларының болуы;
2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
5) казиноның және ойын автоматтары залының қызметін жүзеге асыру үшін қолданылатын заңдастырылған белгілердің қазақ және орыс тілдеріндегі үлгілері мен номинацияларының болуы;