Сапасы: қордың қатысушылары - астық қабылдау кәсіпорындарындағы астық сапасының төмендеу немесе оны жоғалту фактілеріне жол бермеу және астық қолхаттары бағдарламасы бойынша несиелендіру көлемін көбейту.
"Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту:
Тікелей нәтиже: қор филиалдары арқылы шағын кредит алған үй шаруашылығының саны: 2007 жылы - 9 692 адам, 2008 жылы - 16154 адам;
кәсіпкерліктің негіздерін үйренген ауыл халқының санын ұлғайту 2007 жылы - 26 000 адам;
шағын кредиттік ұйымдардың желісін ауылдық жерлерде құру және дамыту.
Түпкі нәтиже: ауыл халқының табысын ұлғайту, қосымша жұмыс орындарын құру, ауыл халқының кәсіпкерлік қабілетін жетілдіру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 1 қарыз алушыға шағын кредит беру бойынша Қордың шығындары: 2007 жылы - 7,5 мың теңге, 2008 жылы - 5,3 мың теңге.
Уақтылығы: республикалық бюджеттен бөлінген бюджетті қаражатты игеру;
жоспарға сәйкес өткізілген семинарлардың саны: 2007 жылы - 1300.
Сапасы: үй шаруашылығын Қор филиалдары арқылы шағын кредитпен қамту: 2007 жылы - 0,9%, 2008 жылы - 1,6%.
"ҚазАгро" Ұлттық холдингі акционерлік қоғамының жарғылық капиталын құру:
Тікелей нәтиже: жоғары кәсіби мамандарды жалдау, материалдық-техникалық құндылықтарды (кеңсе жиhазы, көлік, ұйымдастыру техникасы және тағы басқа) және қызметтерді (кеңсе жалдау, коммуналдық қызметтер және тағы басқа) сатып алу;
ауылшаруашылық саласында аналитикалық зерттеулер жүргізу.
Түпкі нәтиже:»"ҚазАгро" Ұлттық холдинг" акционерлік қоғамының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, арнайы ұйымдарға қаржылық және басқару менеджментін жүзеге асыру, арнайы ұйымдардың»"ҚазАгро" Ұлттық холдинг" акционерлік қоғамына берілген қызметін ынталандыру, ауыл шаруашылық өнеркәсібінің дамуында басыңқы және әлеуетті текшелерді анықтау.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: синергетикалық тиім есебінен аграрлық сектордың инвестициялық тартымдылығын арттыру.
Уақыттылығы: белгіленген мерзімдерде»"ҚазАгро" Ұлттық холдинг" акционерлік қоғамына жүктелген мәселелерді орындау және шұғыл шығындарды жабу.
Сапасы: корпоративті басқару және траспаренттік принциптер негізінде мемлекеттік басқаруды модернизациялау.
"Қазагромаркетинг" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту:
Тікелей нәтиже: 16 облыстық өкілдерге ғимарат сатып алу және әдістемелік орталық құру арқылы "Қазагромаркетинг" акционерлік қоғамының жүйесінің тиімді жұмыс атқаруын қамтамасыз ету.
2008 жылы жүзеге асырылатын көрме-жәрмеңке кешендерінің құрылысының инвестициялық жобалар бойынша техникалық-экономикалық және жобалық-сметалық құжаттарын дайындау.
Түпкі нәтиже: агроөнеркәсіп кешенінің субъектілері ақпарат көздеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету;
ауыл тұрғындары және агроөнеркәсіп кешенінің субъектілері ақпараттандырылуы және білім деңгейін жоғарлату.
2008 жылы жүзеге асырылатын көрме-жәрмеңке кешендерінің құрылысының инвестициялық жобалар бойынша техникалық-экономикалық және жобалық-сметалық құжаттарын бекіту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:»"Қазагромаркетинг" акционерлік қоғамының облыстық өкілдіктері шығыны деңгейін 10% төмендету;
ауыл тұрғындары және агроөнеркәсіп кешенінің субъектілеріне қосымша ақпарат көздерін алуға қамтамасыз етуді ұйымдастыру жолымен кәсіпкерлік ортаның бастауларына іске асыруға қолайлы жағдай жасау;
"Қазагромаркетинг" акционерлік қоғамымен ұсынылып отырған қызметтердің жылдамдығы мен сапасын арттыру;
Уақтылығы: іс-шаралар жоспары бойынша бюджеттік бағдарламаның жүзеге асырылуын бекітілген уақытта атқару.
Сапасы: агроөнеркәсіп кешенінің дамуының негізгі бағыттары бойынша ауыл тұрғындары мен агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің ақпаратты-маркетингтік және кеңестік қызметтерін қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
138-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Ормандарды сақтау және республиканың орманды аумақтарын көбейту»
деген 044 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597(бұр.ред.қара) ; 2007.06.11. № 1052 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 95314 мың теңге (тоқсан бес миллион үш жүз он төрт мың теңге).
ҚР Үкіметінің 2007.06.11. № 1052 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі арасындағы»Ормандарды сақтау және республика аумағының орманды жерлерін көбейту жобасын дайындауға грант бөлу туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 1 сәуірдегі Заңы; Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Ормандарды сақтау және республика аумағының орманды жерлерін көбейту жобасы) және Қазақстан Республикасы мен Ғаламдық экологиялық қордың атқарушы ұйымы ретінде қатысушы Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Траст-қордың гранты туралы келісімді (Ормандарды сақтау және республика аумағының орманды жерлерін көбейту жобасы) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 7 маусымдағы Заңы «2005-2007 жылдарға арналған «Жасыл ел» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 632 қаулысы; "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге (Ормандарды сақтау және республика аумағының орманды жерлерін көбейту жобасы) және Қазақстан Республикасы мен Ғаламдық экологиялық қордың атқарушы ұйымы ретінде қатысушы Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі арасындағы траст-қордың гранты туралы келісімге (Ормандарды сақтау және республика аумағының орманды жерлерін көбейту жобасы) қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 қазандағы № 984 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: республиканың орманды алқаптарын сақтау және қалпына келтіру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жобаны үйлестіру, орман шаруашылығы секторында консультациялық қызметті орындау, орманды қалпына келтіру және орманды қорғау жұмыстарына тауарлармен, материалдармен және тиісті техникамен жабдықтау, Қазақстан Республикасының аумағында ормандарды аумақтарды барынша көбейту және сақтау және өрттің алдын алу үшін орман питомниктерін, тұрғын үй-жайларды, өрт сөндіру станцияларын, өртті бақылау мұнараларын, суару арналарын және орман питомниктері қорғандарын салу.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597(бұр.ред.қара) ; 2007.06.11. № 1052 (бұр.ред.қар) Қаулыларымен 6-тармақ өзгертілді
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 044 | | Ормандарды сақтау және республиканың орманды аумақтарын көбейту | | | |
2 | | 004 | Сыртқы қарыздар есебінен жобаны іске асыру | Операциялық шығыстарға ақы төлеуді қоса алғанда, жобаны үйлестіру жөніндегі консультациялық қызметтерге ақы төлеу. Өртпен күресу және инфрақұрылымды ұстау үшін тауарлар, материалдар және жеке жабдықтар сатып алу. Кеңселік және компьютерлік құрал-жабдықтарды сатып алу. орман питомниктері үшін құрал-жабдықтар, тракторлар мен өсімдік отырғызатын машиналар сатып алу. Күзетуге және орман өрттерін жоюға арналған машина құралдарын және көлік сатып алу. | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті |
3 | | 016 | Жобаны республикалық бюджеттен сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру есебінен іске асыру | Операциялық шығыстарды қоса алғанда, жобаны үйлестіру жөніндегі консультациялық қызметтерге ақы төлеу. Өртпен күресу және инфрақұрылымды ұстау үшін тауарлар, материалдар және жеке жабдықтар сатып алу.Кеңселік және компьютерлік құрал-жабдықтарды сатып алу. Орман питомниктері, тракторлар, өсімдік отырғызатын машиналар үшін құрал-жабдықтар сатып алу. Өртті бақылау мұнараларын салуға арналған жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу станциясын салуға арналған жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу. Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің біржолғы қарыз комиссиясын төлеу. Операциялық шығындарды қоса алғанда жобаны үйлестіру мен іске асыру жөніндегі жергілікті 27 консультанттың қызметтерін сатып алу. | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті |
4 | | 018 | Жобаны грант есебінен іске асыру | Саяси құқықтық, ұйымдастыру және ақпараттық құрылымды жетілдіру. Орман серіктестіктерін дамыту. Жайылымдық сексеуіл алқаптарын басқаруды жетілдіру. | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті |
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 (бұр.ред.қара) Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді; 2007.06.11. № 1052 (бұр.ред.қара) Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: жобаны үйлестіру жөніндегі консультанттардың қызметтері, сондай-ақ орман шаруашылығы секторында 100 пайызға ұсынылды, орман питомниктері үшін сатып алынған тауарлар мен материалдар, өртпен күресуге арналған жеке жабдықтар және МОТР инфрақұрылымын ұстау 20 пайызға, үйлестіру жөніндегі топтар 90 пайызға жабдықталды, 1 өсімдік отырғызатын ауыр машина, 2 өсімдік отырғызатын жеңіл машина, 3 толық еріксіз келтірілген жеңіл машина сатып алынды. Өрт бақылау мұнаралары құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу.
Түпкі нәтиже: іргелі зерттеулер, жаңғырту мен инфрақұрылымды салу және құрал-жабдықтар, тиімді орман басқару арқылы орман қорғау мен орманды қалпына келтіру бойынша шараларды күшейту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: ертіс бойы өңірінде орманды алқаптардың 1 гектарында ормандарды қалпына келтіру құны 70 пайызға жерсілкінуімен 27 000 теңге, Қызылорда облысында 55 пайызға жерсінуімен 25 650 теңге құрайды.
Уақтылығы: іс-шараларды орындауда белгіленген мерзімді ескере отырып, кесте бойынша жоспарланған жұмыстарды 80 пайызға орындау.
Сапасы: бағдарлама аяқталғаннан кейін мемлекеттік қызметтер тұтынушыларының қорытынды мөлшерін 100 пайызға деп алғанда, жобалық аумақ халқының 10 пайызға 2007 жылы мемлекеттік қызметтердің сапасына қанағаттанатын болады.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 138-1-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
138-1-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
045 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне ормандарды күзету, қорғау, молайту әрі орман
өсіру жөніндегі берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер"
деген республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 300 000 мың (үш жүз миллион) теңге.
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды күзету, қорғау, молайту әрі орман өсіру жөніндегі нормалар мен нормативтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 қаңтардағы № 53 қаулысы; "2005-2007 жылдарға арналған»"Жасыл ел" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 632 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: орман шаруашылығының мемлекеттік мекемелерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: ормандарды күзету, қорғау, молайту жөніндегі орман қорғау мекемелері жұмысының тиімділігі.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- ламалардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 045 | | Облыстық бюджеттер- ге, Астана және Алматы қалалары- ның бюджет- теріне орман- дарды күзету, қорғау, молайту әрі орман өсіру жөніндегі берілетін ағымдағы нысаналы трансферт- тер | Қостанай облысы орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемелерінің материалды- техникалық базасын жарақтандыру. | шілде- желтоқсан | Қазақстан Республика- сы Ауыл шаруашылығы министрлігі- нің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қостанай облысының орман қорғау мекемелері мынадай техникамен жабдықталатын болады: өрт сөндіру машинасы - 8 бірлік; күзет машинасы - 3 бірлік; 5-6 тонналық трактор - 3 бірлік; 3 тонналық трактор - 23 бірлік; 1,4 тонналық трактор - 5 бірлік; экскаватор - 1 бірлік; бульдозер - 7 бірлік; 3-5 тонналық самосвал - 2 бірлік; төрткорпусты соқа - 10 бірлік; дискілі мала - 11 бірлік; орман ағашын отырғызатын машина - 9 бірлік.
Түпкі нәтиже: нормативтерге сәйкес өртке қарсы техника және құрал-жабдықтармен, күзет машиналарымен, өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етілу.
Қаржы-экономикалық нәтиже: ормандарды молайтуды ұлғайту.
Уақыттылығы: өртке қарсы жұмыстарды және ормандарды молайту іс-шараларын жүргізу.
Сапасы: орман өрттерінің және заңсыз ағаш кесу көлемін қысқарту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
139-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Агроөнеркәсіп кешені, су және орман шаруашылығы салаларының дамуын нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету»
деген 046 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 147527 мың теңге (бір жүз қырық жеті миллион бес жүз жиырма жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19-бабы, «Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 1149 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: агробизнестің тиімді жүйесін құру және ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын көтеру үшін нормативтік-әдістемелік базамен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: агроөнеркәсіптік кешенді, су, орман және аңшылық шаруашылығы және ауылдық аумақтарды реттеу кезіндегі шаралар негізділік деңгейін көтеру үшін ұсынымдарды, нормативтерді, стандарттарды және әдістемелерді әзірлеу.
ҚР Үкіметінің 2007.29.12. № 1391 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 046 | | Агроөнеркәсіп кешені, су және орман шаруашылығы салаларының дамуын нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету | Ауыл шаруашылығын және ауылдық аумақтарды дамыту, су шаруашылығы, балық шаруашылығы, орман және аңшылық шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау және карантин, ветеринария, мал шаруашылығы саласында 52 шамасындағы нормативті-әдістемелік тақырыптарды (ұсыныстар, ережелер, нұсқаулықтар, бағдарламалар, нормативтер, мемлекеттік стандарттар) әзірлеу бойынша жыл сайын қызметке ақы төлеу. | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі |
ҚР Үкіметінің 2007.29.12. № 1391 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: ұсынымдарды, нормативтерді, стандарттарды және әдістемелерді сатып алу агроөнеркәсіптік кешеннің, су, орман және аңшылық шаруашылығының қазіргі бар нормативтік-әдістемелік қамтамасыз етуінің рыноктық жағдайға және Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру процесі шеңберінде қажетті халықаралық талаптарға жылдам бейімделуіне мүмкіндік туғызады. Жеткізушілер әзірлеген 52 шамасындағы нормативті-әдістемелік тақырыптарды Ауыл шаруашылығы министрлігінің қабылдауы.
Түпкі нәтиже: осы бюджеттік бағдарламаны іске асыру агробизнестің тиімді жүйесін құру және ауылдық аумақтарды дамыту үшін әдістемелік, нормативтік, құқықтық базасын қамтамасыз етеді.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: агроөнеркәсіп кешенінің, су, орман шаруашылығы және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы бір тақырыпты әзірлеуге орта есеппен 3 миллион теңге қажет болады.
Уақтылығы: іс-шаралар жоспарында көзделген қызмет көрсетуді белгіленген мерзімде орындау.
Сапасы: нормативтік-әдістемелік тақырыптың қабылдануы қазіргі кездегі агротехнологияларды және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу технологияларын қолдануға, ауыл шаруашылығы тиімділігінің және ауылдық аумақтарға қызмет көрсетуші инфрақұрылымдардың өсуіне, ауылдық елді мекендердің экономикалық әлеуетінің өсуіне, оларды экологиялық қауіпсіздікпен қамтамасыз етуге ықпал ететін болады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
140-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Тракторларды, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс
машиналары мен тетіктерін мемлекеттік есепке алу және тіркеу»
деген 047 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 217 601 мың теңге (екі жүз он жеті миллион алты жүз бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің (Салық Кодексі) 410, 411, 412-баптары; «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы Заңының 4-бабы; «Агроөнеркәсіптік кешенін және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 14-бабы; Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 8 қыркүйектегі»Мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы" № 467 бұйрығы (2003 жылдың 8 қарашасында Әділет министрлігінде № 2564 тіркеуден өтті); Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 8 қыркүйектегі»"Жыл сайынғы мемлекеттік техникалық бақылаудан өткізу ережесін бекіту туралы"»№ 468 бұйрығы (2003 жылдың 8 қарашасында Әділет министрлігінде № 2563 тіркеуден өтті); Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы «Емтихан қабылдау және тракторист-машинист куәлігін беру ережесін бекіту туралы» № 33 бұйрығы (2003 жылдың 8 қарашасында Әділет министрлігінде № 2725 тіркеуден өтті); Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылғы 14 қазандағы»"Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар механизмдерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдердің кепілін тіркеу ережесін бекіту туралы"»№ 567 бұйрығы (2005 жылдың 10 қарашасында Әділет министрлігінде № 3928 тіркеуден өтті).
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: басқару құқығына емтихан қабылдау және тракторист-машинист куәліктерін беру, сондай-ақ тракторларға, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдеріне мемлекеттік тіркеу жүргізу жолымен жол жүрісіне қатысуға рұқсат беру жөніндегі заңнамаларда белгіленген мемлекеттік функцияларды қамтамасыз ету; тракторлардың, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерінің иелеріне қаржы ұйымдарының және екінші деңгейдегі банктің қаржы ресурстарын алуды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: тракторлардың, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерінің иелерін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерімен, техникалық паспорттармен және тракторист-машинист куәліктерімен, машинаның кепілін тіркеу туралы куәліктермен қамтамасыз ету.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 047 | | Тракторларды, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен тетіктерін мемлекеттік есепке алу және тіркеу | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен нысандардың үлгісіне сәйкес 135 000 бірлік техникалық паспорттарды сатып алу. «Көлік құралдары және олардың тіркемелері үшін қаптамалы жарықшағылыстырғышты мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілер» 1176-2003 ҚР СТ стандартына сәйкес 148 370 бірлік мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін сатып алу. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен нысандардың үлгісіне сәйкес 30 500 бірлік тракторист-машинист куәліктерін сатып алу. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен нысандардың үлгісіне сәйкес 12 000 бірлік машинаның кепілін тіркеу туралы куәліктерін сатып алу | Наурыз -желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі |
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: тракторлардың, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерінің иелері:
- 135 000 дана техникалық паспортпен;
- 148 370 дана мемлекеттік тіркеу белгісімен;
- 30 500 дана тракторист-машинист куәлігімен;
- 12 000 дана машинаның кепілін тіркеу туралы куәлікпен қамтамасыз етіледі.
Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасындағы тракторларды, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін жол жүрісіне қатысуы қамтамасыз етіледі.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: мемлекеттік тіркеу жүргізу үшін тракторлардың, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерінің иелері мынадай арнайы өнімдермен төмендегідей бағада қамтамасыз етіледі:
- техникалық паспорт - 228 теңгеден;
- мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі - 1 210,4 теңгеден;
- тракторист-машинист куәлігі - 223 теңгеден;
- машинаның кепілін тіркеу туралы куәлігі - 36 теңге.
Уақтылығы: тракторлардың, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерінің иелеріне техникалық паспорттар, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілер, тракторист-машинист куәліктері, кепілдік тіркеу куәлігі өз уақытында беру. Кепілдемені тіркеу туралы куәлік.
Сапасы: сатып алынатын техникалық паспорттар, кепілдік тіркеу куәлігі, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілер, кепілдемені тіркеу туралы куәліктер, тракторист-машинист куәліктері Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарына сәйкес болуы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
141-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Шаруашылықаралық арналар мен гидромелиоративтік құрылыстардың апатты учаскелерін күрделі жөндеу және қалпына келтіру»
деген 054 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 431335 мың теңге (төрт жүз отыз бір миллион үш жүз отыз бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 135-бабы.