ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: келесі іс-шараларға қатысу және өткізу: кемінде 7 байқау, 6 мерейтойлық іс-шаралар, 8 фестиваль, 7 мерекелік күндер, 25 басқа да іс-шаралар.
Түпкі нәтиже: халықтың мәдени деңгейін көтеру, Қазақстан туралы шетел азаматтары білімдерінің кеңеюі, өнер және мәдениет қайраткерлерінің шығармашылық әлеуетінің өсуі.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір іс-шараны жүргізуге жұмсалатын шығынның орташа құны 24 644 мың теңге.
Уақтылығы: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен бекітілген жоспарға сәйкес әлеуметтік-маңызды іс-шаралар өткізу.
Сапасы: адамдардың рухани қажеттілігін қанағаттандыру. Республикалық және халықаралық деңгейде имиджді арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
76-ҚОСЫМША
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Театр-концерт ұйымдарының жұмысын қамтамасыз ету»
деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 3381841 мың теңге (үш миллиард үш жүз сексен бір миллион сегіз жүз қырық бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 2006 жылғы 15 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері» қаулысы; 2005 жылғы 24 қарашадағы № 1161 «2006-2008 жылдарға арналған мәдениет саласын дамыту бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықтың рухани әлеуеті мен мәдени деңгейін арттыру, қазақстандық орындаушылардың шығармашылық шеберлігін және Қазақстан мәдениеті жетістігін дәріптеу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасы театр-концерт ұйымдарының тұрақты жұмысын ұйымдастыру, өндірістік-шығармашылық үрдістерді қамтамасыз ету; жаңа спектакль қойылымдары мен концерттік бағдарламаларды жүзеге асыру; репертуардың жанрлық-тақырыптық мазмұнын толтыру; аумақтардың көрермендеріне қызмет көрсету географиясын кеңейтумен Қазақстан және одан тыс аумақтарға гастрольдік сапарларды жүзеге асыру; халыққа арналған театр-концерт ұйымдарының қызметі жалпының қол жетуін қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 012 | | Театр-концерт ұйымдарының жұмысын қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасының азаматтарын - жеткіншек ұрпақтарды эстетикаға және адамгершілікке тәрбиелеуге бағытталған қазақ халық музыкалық-поэтикалық шығармашылығын, қазіргі композиторлардың шығармаларын, әлемдік мәдениеттің озық үлгілерін насихаттау жөніндегі қызмет түрін орындау. 15 республикалық театр-концерт ұйымдарының ағымдағы трансферттерін бөлу жолымен оларды мәдени өмір саласына енгізу мақсатында республика халқының барлық топтарына арналған театр-концерт шараларына қол жетуін қамтамасыз ету: Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрына, К.Байсеитова атындағы ұлттық опера және балет театрына, М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына, M.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрына, Ғ.Мүсірепов атындағы мемлекеттік балалар мен жасөспірімдерге арналған академиялық қазақ театрына, Н.Сац атындағы мемлекеттік балалар мен жасөспірімдерге арналған академиялық орыс театрына, Мемлекеттік республикалық музыкалық комедиялық ұйғыр театрына, Мемлекеттік республикалық музыкалық комедиялық корей театрына, Республикалық неміс драма театрына, Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясына, Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік халық аспаптар академиялық оркестріне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік "Салтанат" би ансамбліне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық би театрына, Классикалық музыканың "Қазақстан камераты" ансамбліне, "Ақ жауын" мемлекеттік камералы оркестріне. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бұйрығымен бекітілген Тізбеге сәйкес негізгі құралдарды сатып алу күрделі трансферттерін аудару: Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрына, К.Байсеитова атындағы ұлттық опера және балет театрына, М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына, M.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрына, Ғ.Мүсірепов атындағы мемлекеттік балалар мен жасөспірімдерге арналған академиялық қазақ театрына, Н.Сац атындағы мемлекеттік балалар мен жасөспірімдерге арналған академиялық орыс театрына, Мемлекеттік республикалық музыкалы комедиялық ұйғыр театрына, Мемлекеттік республикалық музыкалық комедиялық корей театрына, Республикалық неміс драма театрына, Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясына, Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік халық аспаптар академиялық оркестріне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік "Салтанат" би ансамбліне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық би театрына, Классикалық музыканың "Қазақстан камераты" ансамбліне, "Ақ жауын" мемлекеттік камералық оркестріне. Ғимараттарды күрделі жөндеуге күрделі трансферттер: М.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры, Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясына, Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік халық аспаптар академиялық оркестріне, Республикалық неміс драма театрына. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен бекітілген Жоспарға сәйкес Қазақстан және шет елдеріне гастрольдік сапарларды, сондай-ақ жаңа қойылымдарды іске асыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: кем дегенде 1857 спектакльдер, концерттер өткізу;
республикалық театр-концерт ұйымдарына кем дегенде 45 763 көрерменнің келуін қамтамасыз ету;
15 республикалық театр-концерт ұйымдарының негізгі құралдарын сатып алуға күрделі трансферттер;
M.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының күрделі жөндеуін аяқтау;
Республикалық неміс драма театрының күрделі жөндеуін жүргізу;
Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясы мен Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік халық аспаптар академиялық оркестрі ғимараттары күрделі жөндеуінің 1 кезеңін жүргізу.
Келесі бағыттар бойынша негізгі құралдарды сатып алу: дыбыстық, жарықтық, музыкалық қондырғылар; компьютерлік техника; костюмдер, сахна киімдерін тігу; жиhаз, музыкалық аспаптар, техникалық қондырғылар, тұрмыс техникаларын сатып алу.
Түпкі нәтиже: республика халқын мәдени қызмет көрсетумен толық қамту, репертуарды жанрлық-тақырыптық жаңа шығармалармен толықтыру, 1 театрдың күрделі жөндеуін жүргізуді 100% қамтамасыз ету, 1 оркестрдің күрделі жөндеуін 38%, филармонияның - 45% және 2-театрдың 97,3% орындау.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: спектакль, концерт, опера өткізудің орташа құны - 10 000 мың теңге.
Уақтылығы: репертуарлық жоспарға сәйкес жоспарланған театр-концерт іс-шараларын өткізу, белгіленген кестеге сәйкес материалдық-техникалық жабдықтау және жөндеу жұмыстарын жүргізу.
Сапасы: халықтың мәдени деңгейін арттыру, драмалық, опералық және балет спектакльдері қойылымдарын, концерттер сапасын арттыру; гастроль сапарларының бағыттарын кеңейту, өткізілетін спектакльдер мен концерттердің көркемдік сапасын арттыру, Қазақстан Республикасы кейбір аумақтарының халқына театр-концерт ұйымдары қызметіне қол жетуі; көрермендердің қазіргі талаптарына қойылымды жабдықтаудың толық сәйкестігі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
77-ҚОСЫМША
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Ақпараттың жалпыға қол жетімділігін қамтамасыз ету»
деген 014 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1296739 мың теңге (бір миллиард екі жүз тоқсан алты миллион жеті жүз отыз тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 1992 жылғы 2 шілдедегі «Тарихи-мәдени мұраларды қорғау мен пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы; 2006 жылғы 15 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы; 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы; 2005 жылғы 24 қарашадағы № 1161 «2006-2008 жылдарға арналған мәдениет саласын дамыту Бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ақпараттық-коммуникативтік технологиялар басымдықтарын енгізу арқылы қоғамның интеллектуалдық деңгейін және дәстүрлі кітапханалық сервисін дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: кітапхананың жұмысын динамикалық дамуына ықпал ету, түрлі әдебиет таратқыштар арқылы ақпаратты сақтау және тұрғындарға жеткізу, ақпараттық ортаны қалыптастыру және қазақстанның ақпараттық кеңістігін нығайту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 014 | | Ақпараттың жалпыға қол жетімділігін қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қызметкерлері мен оқырмандар жұмысы үшін тұтынушылардың ауқымды компьютерлік ресурстарға қол жетімділігін қамтамасыз ету, оларға тиімді жағдайлар жасау, оқырмандарды библиографиялық-анықтамалық, кітапханалық ақпараттар мен қамтамасыз етуді жүзеге асыру. Негізгі құралдар сатып алу. Мемлекеттік сараптама қорытындысы мен жобалық-сметалық құжат негізінде күрделі жөндеу жүргізу. Қытай Ұлттық кітапханасында Мәдениет орталығының жұмыс жасауы. Зағиптарға және олардың отбасы мүшелеріне, мектептегі нашар көретін оқушыларға қызмет көрсетуді жүзеге асыру, Республикалық кітапханада зағип және нашар көретін азаматтардың жалпы білім беретін, кәсіби және мәдени деңгейін көтеру. Құжаттарды қайта өңдеу және жаңғырту орталығын ашу және "РБНСГ-Вести" газетін шығару. Негізгі активтер сатып алу. Астана қаласындағы Ұлттық кітапханасы академиялық кітапхананың қызметкерлерімен пайдаланушылары үшін, сондай-ақ зағип және нашар көретін азаматтарға тиімді жағдайлар жасау, оқырмандардың интеллектуалды және мәдени, рухани қажеттілігін өтеуге бағытталған қажеттіліктерін арттыру, мәдени және ағартушылық қызметін жүзеге асыру. Негізгі құралдар сатып алу. Материалдық емес активтерді сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханасы Қазақстан Республикасының Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханасы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
- 3 номинация бойынша деректемелік ескерткіштердің тізімін дайындау;
- 3180 беттік көлемдегі жазба, мұрағат құжаттарын қалпына келтіру және консервациялау;
- 9300 беттік көлемдегі жазба, мұрағат құжаттарына электронды сандық нөмірлеу жүргізу;
- 170 кітап көрмесін және 12 тұсаукесер өткізу;
- 25 түрлі іс-шаралар өткізу (ақын, жазушылар мен мәдениет басқа да өкілдерінің қатысуымен оқыту конференциялары, дөңгелек үстелдер және шығармашылық кештер);
- халықаралық кітапханалық ұйымдардың мүшелігімен халықаралық кітапхана ынтымақтастығы бойынша 8 іс-шараға қатысу;
- 40 кітапханалық, ғылыми және ақпараттық басылымдар әзірлеу;
- 2 реабилитациялық байқау өткізу;
- қазақ және орыс тілдерінде әдебиеттерді дыбыстандыру - 400 сағат.
Құжаттарды қайта өңдеу және жаңғырту орталығын құру және "РБНСГ-Вести" газетін шығару арқылы көзі көрмейтін мүгедектерге қызмет көрсетуді жақсарту.
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына сатып алатындар: тұтынушыларға толық ақпараттар жеткізу мен толықтыру үшін түрлі білім салаласындағы әдебиеттер - 3000 дана, жиһаздар, компьютерлер - 10 комплект, принтерлер - 6 дана, кондиционерлер - 4 дана, стеллаждар - 20 дана, тасымалдауға арналған арбалар - 8 дана, сканерлер - 3 дана, көшірме аппараттары - 2 дана, термобиндер сатып алу.
Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханаға: қорды толықтыруға арналған әдебиеттер, оның ішінде арнайы әдебиет - 2050 дана; автокөлік - 1 бірлік; шкафтар, үстелдер, тумблер - 46 дана; брайлер принтері үшін дыбыс шығармайтын шкафтар - 2 дана; техникамен жабдықтау үшін компьютерлер - 3 дана; оқу және сканерлеу үшін «Поэт» сканері және бағдарламалық қамтамасыз ету; Video light VGA-нашар көретіндерге арналған электрондық үлкейткіш құрал сатып алу.
Қазақстан Республикасының Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханасына: медиа-басылымдарды сақтау үшін арнайы шкафтар - 30 дана; жиһаздар, қорды толықтыру үшін әдебиеттер және электрондық кітаптар (қазақстандық және шетелдік баспалардан), орташа класты серверлер, пайдаланушылардың жұмыс станцияларын, тифлокешен, мобильдік тренингтік класс - 1 дана, диссертациялардың электрондық базасын, ҚазҰЭК-ға арналған жабдықтар, материалдық емес активтер сатып алу.
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына күрделі жөндеудің 2 кезеңін жүргізу.
Соңғы нәтиже: оқырмандар сұраныстарын орындау сапасын арттыру, өзекті, тақырыптық, нақты электрондық база деректемелер қатарын құру, кітапханалар ісін дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, кітапханалық қызмет көрсетуді жетілдіру, материалдық-техникалық базаны жақсарту.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бір кітапты сақтаудың орташа құны - 2205 теңге.
Уақыттылығы: көрсетілген мерзімде жоспарланған іс-шараларды орындау.
Сапасы: Қазақстан Республикасы азаматтарының білім алу, интеллектуалдық, рухани қажеттіліктерін жоғарлату.
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
78-ҚОСЫМША
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Баспа мұрағатының сақталуын қамтамасыз ету»
деген 015 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 32583 мың теңге (отыз екі миллион бес жүз сексен үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңы, 1999 жылғы 23 шілдедегі «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері» қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының аумағында шығатын, сондай-ақ тапсырыс құпия емес басылымдардың бақылау даналарының негізінде баспасөз мұрағатының сақталуын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Республикадағы барлық тілде шығатын жарияланымдардың негізгі түрлеріне библиографиялық өңдеуді жүзеге асыру; Қазақстан Республикасы аумағында шығатын барлық баспасөз шығармаларын есепке алуды, бақылауды және оған ғылыми өңдеуді ұйымдастыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 015 | | Баспа мұрағатының сақталуын қамтамасыз ету | Баспа мұрағатының жасақтауын қамтамасыз ету, бақылау даналарының сақталуы, каталог, картотекаларды жүргізу, Мемлекеттік ұлттық кітап палатасында басып шығарушы ұйымдардың Мемлекеттік негізгі стандарттар (MHC) талаптарын сақтауына бақылау және статистикалық анықтамалықтар шығару. Негізгі құралдарды сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: баспа мұрағаты құжаттарының сақталуын, жасақталуын және қолданылуын қамтамасыз ету бойынша қажетті жағдайларға қол жеткізу.
Тікелей нәтиже: бақылау экземпляр баспаларын 72 079 экземплярда шығару, сонымен қатар:
кітаптар, брошюралар, автореферат - 4138 баспа бірлігі;
журналдар - 3 763 баспа бірлігі;
газеттер - 56 200 баспа бірлігі;
ноталар - 150 баспа бірлігі;
ұсақ баспа - 7 828 баспа бірлігі;
жырлар шығару - 48 номер 11 атпен.
Мемлекеттік ұлттық кітап палатасына: арнайы принтер; штрих-код сканері - 2 дана; коммуникатор; үздіксіз қоректену көзі - 4 дана сатып алу.
Түпкі нәтиже: барлық баспалардың баспа өнімдеріне 5 103 451 дана бойынша бақылау және оған ғылыми өңдеуді жүргізуді нығайту, Қазақстан Республикасындағы баспасөздің дамуы туралы статистикалық жинақтар дайындау.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір баспасөзді caқтап қамтамасыз етудің орташа шығыны - 5 мың теңге.
Уақтылығы: елдің баспа өнімдері туралы ақпаратпен көрсетілген мерзімде қамтамасыз ету, каталог, картотекалар жүйесін енгізу, анықтау және есепке алу, сондай-ақ барлық баспа жарияланымдарына статистикалық есеп жүргізу.
Сапасы: азаматтарды мұрағат құжаттарымен қамтамасыз ету арқылы олардың ақпараттық деңгейін көтеру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
79-ҚОСЫМША
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу»
деген 016 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 12077842 мың теңге (он екі миллиард жетпіс жеті миллион сегіз жүз қырық екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы; 2001 жылғы 21 маусымдағы «Салық және басқа міндетті түрдегі бюджетке төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық Кодексі); 1997 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; 1998 жылғы 24 наурызындағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; 1999 жылғы 23 шілдедегі «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 11 маусымдағы № 1388 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының қызметін тәуелсіз және кедергісіз жүргізудің халықаралық-құқықтық кепілдігі туралы Келісімінің ратификациясы туралы» 1995 жылғы 4 қыркүйектегі № 2452 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған Стратегиясы туралы» 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясын жүзеге асырудың алдағы шаралары туралы» 2006 жылғы 30 наурыздағы № 80 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында «электронды үкіметті» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан халықтары Ассамблеясы институтын нығайту туралы» 2005 жылғы 23 сәуірдегі № 1561 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Телерадио хабарлары мен мәліметтерді таратудың ұлттық спутниктік жүйесі туралы» 1996 жылғы 4 қазандағы № 1234 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасындағы көші-қон саясатының 2001-2010 жылдарға арналған салааралық бағдарламасын бекіту туралы» 2001 жылғы 29 қазандағы № 1371 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша 2005-2007 жылдарға арналған іс-шараларды бекіту туралы» 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» 2005 жылғы 27 қаңтардағы № 68 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Сирек және жоғалып бара жатқан жабайы тұяқты түрдегі аңдар мен ақбөкендер сақтау және қалпына келтірудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» 2005 жылғы 25 наурыздағы № 267 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұтыну нарығындағы бағаны тұрақтандыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» 2005 жылғы 5 мамырдағы № 430 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Экономиканың басымды секторларында пилоттық кластерлерді қалыптастыру мен дамыту жөніндегі жоспарды бекіту туралы» 2005 жылғы 25 маусымдағы № 633 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының агроөндірістік кешенін қарқынды дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» 2005 жылғы 30 маусымдағы № 654 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: елдегі экономикалық, қоғамдық-саяси маңызды оқиғаларды және мемлекеттік саясаттың негізгі бағыт бағдарларын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңінен жариялау және ақпараттық-насихаттауды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: мына бағыттарға бағытталған теледидар және радио бағдарламаларды, жарияланымдарды әзірлеу және тарату;
елдегі болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларға ақпараттық-насихаттық белсенді қолдау көрсету;
«Қазақстан-2030» даму Стратегиясын жүзеге асыруда халықты мемлекеттің қызметі туралы ақпараттандыруды қамтамасыз ету;
конфессияаралық қатынастарда қоғамдық әріптестік принциптерді, ұлтаралық бейбітшілік пен келісімді насихаттау және қолдау;
қазақстандық патриотизмді қалыптастыру;
Мемлекет басшысының «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» Жолдауын жүзеге асыру шараларына ақпараттық-насихаттық қолдауды қамтамасыз ету;
мемлекеттік ішкі және сыртқы негізгі оқиғалары жөнінде республиканың тұрғындарына нақты, шұғыл ақпараттар беру;
кіші және орта кәсіпкерлікті дамытуды ақпараттық-насихаттық қамтамасыз ету;
білім, мәдениет, денсаулық сақтау, спорт және әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатқа ақпараттық қолдау көрсету;
елдегі азық-түлік бөлігіндегі сұрақтарды жариялау;
тұрғын үй, «электронды үкімет» және басқа мемлекеттік бағдарламаларды жариялау;
мемлекеттік тілді дамыту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 016 | | Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу | | | |
2 | | 100 | Газеттер мен журналдар арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу | Мына негізгі тақырыптық бағыттар бойынша материалдар дайындау мен жариялау: Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерін ресми жариялау; еліміздің әлеуметтік, экономикалық қоғамдық саяси өмірін жариялау; Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының іске асу барысын жариялау; мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауын жариялау; елдің агроөнім саласындағы мәселелері бойынша материалдар жариялау; Қазақстанның жағымды инвестициялық бейнесін қалыптастыруға бағытталған материалдарды жариялау; мемлекеттік экономикалық саясатты ақпараттық қолдау; қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күресудің негізгі мәселелерін жариялау, құқық қорғау органдарының жағымды бейнесін қалыптастыру; білім, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамтамасыз ету және тұрғын үй-коммуналдық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жариялау; "Сирек және жоғалып бара жатқан жабайы тұяқты түрдегі аңдармен ақбөкендер сақтау және қалпына келтірудің 2005-2007 жылдарға арналған салалық бағдарламасын, Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, қазақ мемлекеттігінің құрылу тарихы, атаулы және мерекелік даталы күндер туралы материалдар жариялау; мемлекеттік жастар саясаты мәселелерін жариялау; қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуге бағытталған әдеби көркем шығармаларды орналастыру; мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру жөніндегі материалдарды орналастыру; мемлекеттік ұлттық саясатты, Қазақстан халықтары Ассамблеясының, ұлттық-мәдени орталықтардың қызметін жариялау; нашақорлық және eciрткі бизнесіне қарсы күресті, нашақорлыққа қарсы насихатты жариялау; мемлекеттің терроризм және экстремизмге қарсы күрес, қоғамда діни экстремизм және радикализм идеяларын қабылдамауды қалыптастыру жөніндегі қызметін жариялау; АҚТҚ/ЖҚТБ-мен күрес, халықты індеттің алдын-алу мәселелерімен таныстыру жұмыстарын жариялау; елдің көші-қон саясатын ақпараттық-насихаттық қолдау, шетелдегі отандастар мен қазақ диаспораларының өмірін жариялау; шетелдегі қазақ диаспораларын Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси өмірі туралы хабардар ету; Қарулы Күштер және әскери қызметінің жағымды имиджін қалыптастыру мен нығайтуға бағытталған материалдарды жариялау; мемлекеттің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы әдеби-көркем материалдарды орналастыру; салауатты өмір салтын насихаттау; құқықтық насихаттың басты мәселелерін жариялау; кіші және орта кәсіпкерлікті ақпараттық-насихаттық қолдау; отандық кітап шығаруды насихаттау аясында әдеби-көркем материалдарды орналастыру; қазіргі заманның басты мәселелерін, ТМД аумағындағы интеграциялық процестерді, ынтымақтастық елдерінің мәдени және тарихи байланыстарын жариялау; балалар және жасөспірімдердің патриоттық, интернационалдық, адамгершілік және рухани тәрбиесі мен өсуі туралы материалдар орналастыру; отандық телекоммуникацияларды дамытуды жариялау, жаңа ақпараттық технологияларды насихаттау; мемлекеттік ақпараттық саясат және БАҚ дамуының басты мәселелерін жариялау; әйел мәселесі, әйелдің қоғамдағы рөлін көтеру, гендерлік теңдік мәселелерін жариялау; қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жариялау; қоғам дамуының өзекті мәселелері жөнінде әлеуметтік сатиралық материалдарды жариялау; республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметшілердің және судьялардың әкімшілік бос лауазым орындарына орналасуға конкурстар туралы хабарламалар жариялау; елде бала тууды арттыру үрдістерін, ұзақ жасауды арттыруды, өлім азайтуды жариялау; өмір деңгейін арттыру мәселелерін жариялау; жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелері бойынша мемлекеттің қызметін жариялау; қазақ халқының мәдени мұрасын жариялау; Президент пен Үкіметтің қызметі мен мемлекеттік ресми шетел сапарларының барысын жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің елден тыс жерлерге қызметтік іссапарлары. Қазақстан Республикасы Үкіметінің веб-сайтын (www.government.kz) ақпараттық жүргізу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті |
3 | | 101 | Телерадио хабарларын тарату арқылы мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу | Мынадай негізгі тақырыптық бағыттар бойынша телерадио хабарларын тарату арқылы мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу, теледидар және радио бағдарламаларын шығару және трансляциялау: ақпараттық бағдарламаларда мемлекеттік билік пен басқарудың жоғары органдарының қызметін көрсету; талдау бағдарламаларында Президенттің, Үкіметтің, Парламенттің қызметтерін көрсету; "Қазақстан-2030" Стратегиясын іске асыру барысын және оң нәтижелерін көрсету; халықты еліміздің заңнама базасымен, Президенттің Жарлықтары, Yкіметтің қаулылары, әкімдері, өзге де нормативтік құқықтық кесімдер туралы хабардар ету; Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауын жариялау; eлдің агроөнімдер саласындағы мәселелерді көрсету; ҚР ішкі және сыртқы саясатын түсіндіру және насихаттау; мемлекеттік экономикалық және әлеуметтік саясатты ақпараттық қолдау; "Жаңа экономикалық саясат" теледидар бағдарламаларының циклін шығару; мемлекеттік ұлттық саясатты, Қазақстан халықтары ассамблеясының, ұлттық мәдени бірлестіктердің қызметін, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді ақпараттық қолдау; үкіметтік емес ұйымдардың қызметін ақпараттық қолдау; қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу; тілдер туралы Заңның іске асуын ақпараттық қолдау; мемлекеттік жастар саясатын ақпараттық қолдау; балалар мен жастарда мәдени-адамгершілікке тәрбиелеу; халықты қылмыстық және сыбайлас жемқорлықпен күрес барысы туралы хабардар ету; құқық қорғау органдарының, сот корпусының жағымды имиджін қалыптастыру; құқықтық насихат; сайлаушылар және сайлауды ұйымдастырушыларды құқықтық оқыту; мемлекеттің терроризм және экстремизммен күресі жөніндегі қызметін жариялау, қоғамда радикализм, діни экстремизм және терроризм идеяларын қабылдамауды қалыптастыру; Қарулы Күштер және әскери кәсіптің жағымды имиджін қалыптастыру және нығайту; есірткі бизнесі және нашақорлықпен күрес барысын көрсету, есірткіге қарсы насихат; АҚТҚ/ЖҚТБ қаупі және індеттің алдын алу жолдары туралы халықты хабардар ету; шағын және орта бизнесті, отандық тауар өндірушілерді және тауарларды, импорт алмасу бағдарламасын ақпараттық қолдау; мемлекеттік көші-қон саясатын ақпараттық қамтамасыз ету, шетелдегі отандастар, қазақ диаспорасының өмірін көрсету; әдеби-публицистикалық бағдарламалар; білім беру-танымды бағдарламалар; музыкалық-көңіл көтеру; отандық дене тәрбиесімен спортты ақпараттық қолдау; білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамтамасыз ету және тұрғын үй-коммуналдық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жариялау; 2006-2011 жылдарға арналған "Қазақстан балалары" мемлекеттік бағдарламасын, "Сирек және жоғалып бара жатқан жабайы тұяқты түрдегі аңдар мен ақбөкендер сақтау және қалпына келтірудің 2005-2007 жылдарға арналған" салалық бағдарламасын, Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын ақпараттық қолдау; атаулы және мерекелік даталы күндерге ақпараттық қолдау; халықты төтенше жағдайларда өзін өзі ұстауы мен қорғану тәсілдеріне үйрету; әйел мәселесін, қоғамдағы әйел рөлін арттыру, гендерлік теңдік мәселелерін жариялау; қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жариялау; халыққа денсаулықты нығайту мәселелері және салауатты өмір салтын насихаттау жөнінде жариялау; көркем, деректі фильмдер, сериалдар, мультипликациялық сериалдар; қазақстан театрларының спектакльдері; әлеуметтік роликтер; шет елдердің саяси, экономикалық, мәдени өмірін жариялау; "KazSat" және "Intelsat" транспондерін жалдау; "Мир" халықаралық телерадио компаниясында Қазақстанның экономикалық, саяси, мәдени өмірі туралы бағдарламаларды шығару және орналастыру. Қазақстан Республикасы мен ТМД елдерінде жүргізіліп жатқан реформалардың әлеуметтік-экономикалық және саяси бағыттары туралы Қазақстан мен ТМД елдерінің халықтарын хабардар ету. ТМД қатысушы елдерінің біртұтас экономикалық және мәдени кеңістік құрудағы Қазақстанның интеграциялық бастамасын жариялау. Электронды БАҚ мемлекеттік тілде мынадай тақырыптық және жанрлық бағыттарда теледидар және радио бағдарламаларын, деректі фильмдерді шығару: "Қазақстан-2030" Стратегиясын іске асыру барысы туралы; құқықтық тақырыпта; жеке адам, қоғам, мемлекет қауіпсіздігі қылмыспен, сыбайлас жемқорлықпен күрес барысы, мемлекеттің терроризм және экстремизмге қарсы күресі тақырыбында; ақпараттық бағдарламалар; экономикалық және қаржылық тақырыптардағы бағдарламалар; Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері туралы; қылмыстылық және сыбайлас жемқорлықпен күрес барысы туралы; қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу; жастар; балалар; спорттық, соның ішінде қазақстандық спортшылардың жоғары дәрежелерін; қоғамдық өмірдегі әйелдің рөлі, гендерлік саясат туралы; білім беру; мемлекеттік тілді үйрету; музыкалық-көңіл көтеру; ауыл шаруашылығы; мемлекеттік ұлттық саясат және Қазақстан халықтары ассамблеясы, ұлттық-мәдени орталықтар қызметі туралы; әдеби-көркем, мәдениеттану сипаттағы бағдарламалар; салауатты өмір салты туралы; шағын және орташа бизнес туралы; конфессияаралық келісім туралы; нашақорлық, темекі шегу және алкоголизмнің зияны туралы; әзіл-ысқақ; АҚТҚ/ЖҚТБ-ның алдын алу туралы; экологияның жағдайы және қоршаған ортаны қорғау туралы; ток-шоу жанрындағы бағдарламалар; кино, театр, әдебиет және өнер туралы мемлекеттік бағдарламаның icкe асуы туралы; Қазақстан Республикасы Астанасының құрылуы мен құрылысы туралы жариялау; көші-көн саласында тақырыптық радио бағдарламаларды өткізу; ақпараттық бағдарламалардың сурдо аудармасын және субтитрларын мемлекеттік тілде және орыс тілінде ұйымдастыру; салық заңнамалары бойынша қазақ және орыс тілдерінде телебағдарламалар мен роликтерді шығару және орналастыру; қазақ халқының мәдени мұрасын ақпараттық қолдау; Қазақстан Республикасы ғалымдарының ашқан ғылыми жаңалықтарын қолдау бойынша мемлекеттің қызметін жариялау; Қазақстан Республикасында тұратын халықтардың тарихы, тілі жайлы жариялау; салықтық заңнамаларды насихаттау; жол қозғалысының қауіпсіздігі мәселелері бойынша мемлекеттің қызметін жариялау. Президент пен Yкіметтің қызметі мен мемлекеттік ресми шетел сапарларының барысын жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің елден тыс жерлерге қызметтік іссапарлары. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетi |