7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
- қазақ тілінің бірыңғай терминологиялық жүйесін әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасы Yкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясының 4 отырысын өткізу;
- гуманитарлық, экономикалық-қаржылық, техникалық, білім беру және басқа бағыттар бойынша 29 салалық терминологиялық секция құру;
- республика аумағында топонимикалық атауларды фонетикалық, лексикалық және графикалық принциптерін сәйкестендіру және ретке келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы ономастика комиссиясының 2 отырысын өткізу;
- Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі Үкіметтік комиссиясы мен оның жанындағы тұрақты түрде жұмыс істейтін тілдерді дамыту, терминология және ономастика мәселелері жөніндегі сараптама топтардың кемінде 4 отырысын өткізу;
- отандастар ісі жөніндегі комиссияның 4 отырысын өткізу;
- тілдерді дамытуға арналған кемінде 20 жалпы республикалық іс-шара (конференциялар, семинарлар, жиналыстар, дөңгелек үстелдер, конкурстар, байқаулар) өткізу;
- шетелде тұратын отандастардың өзекті мәселелері бойынша кемінде 4 іс-шара (конференциялар, семинарлар, жиналыстар, дөңгелек үстелдер) өткізу;
- Қазақстан халықтары тілдерінің 1 республикалық фестивалін және шетелде тұратын қазақ жастарының 1 өнер және спорт фестивалін өткізу;
- кемінде 2000 мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік тілге оқыту;
- республикалық ұлттық-мәдени орталықтарының жексенбілік мектептерінде 660 оқушыға қазақ тілін оқыту;
- мемлекеттік органдардың пилоттық топтарында мемлекеттік тілді білу деңгейіне тестілеу жүргізу;
- «Басқару», «Құқық қорғау органдары», «Қызмет көрсету саласы» номинациялары бойынша мемлекеттік тілді оқытудың бағдарламаларын әзірлегені және жасағаны үшін сыйлық алушы номинанттарды анықтау;
- тілдерді дамыту мәселелері бойынша 2 әлеуметтік зерттеу жүргізу;
- шетелдерде тұратын отандастардың проблемалары жөнінде 2 әлеуметтік зерттеу жүргізу;
- қоғамда қазақ тілін дамытуға бағытталған «Тіл және қоғам» мамандандырылған альманағының 4 нөмірін басып шығару;
- мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың қажеттіліктерін қамтамасыз ететін қазақ тіліндегі «Балапан» журналының 6 нөмірін шығару;
- терминология мен ономастиканы жетілдіру бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы бюллетендерінің 4 және Мемлекеттік ономастика комиссиясы бюллетеньдерінің 4 нөмірін шығару;
- шетелде тұратын отандастардың ғылыми және шығармашылық ұйымдарымен тұрақты қатынасты қолдау үшін "Туған тіл" мамандандырылған альманағының 2 нөмірін әзірлеу және басып шығару;
- республика аумақтарының әкімшілік аумақтық елді мекендерді, барлық түрдегі объектілердің көрнекі атауларын мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау, бизнес, гидронимдер (көл, өзендер) атауларын қамтитын 16 ономастикалық көрсеткіш құрастыру және шығару;
- кемінде 20000 дана қазақ тілін жеделдетіп оқыту оқулықтар мен оқыту-әдістемелік құралдарын, терминология мен ономастиканың өзекті мәселелері бойынша анықтамалықтар шығару;
- шетелде тұратын қазақ диаспорасына қазақ тілін жеделдетіп оқыту бойынша кемінде 7000 дана оқу-әдістемелік құралдар шығару;
- «Орысша-қазақша сөздігін», «Қазақша-орысша сөздігін», «Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігін», «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігін» қалыпқа келтіру, қайта өңдеу және әрқайсысын 100000 дана таралыммен шығару.
Түпкі нәтиже:
- қоғамдық өмірдің барлық салаларында мемлекеттік тілдің ролін арттыру;
- этникалық топтардың тілдерін дамыту;
- шетелдерде тұратын отандастардың ұлттық-мәдени, рухани және тілдік қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
- мемлекеттік тілді дамытудың іс-шараларын (конференциялар, семинарлар, байқау, жиналыстар және т.б.) өткізу шығындарының орташа құны - 1 874 000 теңге;
- әлеуметтік зерттеулер жүргізудің орташа шығыны - 1 478 000 теңге;
- қазақ тілін жеделдетіп оқыту жөнінде оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдарын және мемлекеттік тілдің өзекті мәселелері жөніндегі анықтамалықтарды, шетелде тұратын қазақ диаспорасына арналған оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар әзірлеудің және шығарудың орташа шығыны - 862 теңге;
- сөздіктерді қалыпқа келтіру, қайта өңдеу және шығарудың орташа шығыны - 981 теңге;
- жексенбілік мектептердің оқушыларын қазақ тіліне оқытудың орташа шығыны - 15 014 теңге;
- мемлекеттік қызметкерлерді мемлекеттік тілге оқытудың орташа шығыны - 49 234 теңге.
Уақтылығы:
- тілдерді қолдану мен дамытудың және шет елдерде тұратын отандастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларына сәйкес іс-шаралар өткізу;
- іс-шараларды жоспарда белгіленген мерзімдерге сәйкес өткізу.
Сапасы:
- республика азаматтарының қазақ тілін меңгеру деңгейін жетілдіру;
- шетелдерде тұратын отандастардың тілдік қажеттіліктерін толыққанды іске асыруды қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
70-ҚОСЫМША
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне
мәдениет объектілерін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері»
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 10 663 511 мың теңге (он миллиард алты жүз алпыс үш миллион бес жүз он бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 4 мамырдағы № 111 «Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 624 «Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысы; Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 30 қыркүйектегі № 1009 «Көне Отырарды қалпына келтірудің» 2005-2009 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: тұрғындардың демалысы, мәдениеті жүйесін қамтамасыз ету және қалыптастыру, мәдени мұралар, театр және концерт мәдениетін дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: мәдениет инфрақұрылымын дамыту.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 (бұр.ред.қара); 2007.25.09. № 834 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 6-тармақ өзгертілді
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 006 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мәдениет объектілерін дамытуға берілеті н нысаналы даму трансферттерi | Мәдени нысандарды дамыту үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің сәйкес облыстық бюджеттер, Астана және Алматы қалаларының бюджетін дамыту үшін нысаналы даму трансферттерді аудару, "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" ҚР Заңын жүзеге асыруға сәйкес бекітілген қабылданған заңнама бойынша жобалық-сметалық құжаттарын іске асыру: - С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының ғимаратын салу (Техника-экономикалық негіздемеге Мемлекеттік сараптаманың 15.02.2005ж. № 12-15/05 қорытындысы); Астана қаласының тұрғындары үшін қысқамерзімді демалыс аймағы - "Қоянды" су қоймасының құрылысы (Техника-экономикалық негіздемеге Мемлекеттік сараптаманың 15.07.2004ж. № 2-321/04 қорытындысы ); - Астана қаласында 3500 орындық әмбебап киноконцерт залының құрылысы, оның ішінде тауар жеткізілмеген, толық жеткізілмеген немесе сапасыз жеткізілген жағдайда Тапсырыс берушіге төленген аванс сомасын сөзсіз қайтаруды қамтамасыз ететін сақтандыру полисін мердігер ұйым беретін болса, материалдар мен жабдықтарға тапсырыс беру үшін оның құнының елу пайызынан аспайтын мөлшерде аванс аудару (Техника-экономикалық негіздемеге Мемлекеттік сараптаманың 22.02.2006ж. № 2-93/06 және 19.05.2006ж. № 2-238/06 қорытындысы); - Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылындағы мәдениет үйіне жаңғырту жүргізу (Техника-экономикалық негіздемеге Мемлекеттік сараптаманың 14.09.2004ж. № 20-320/204 қорытындысы); - Отырар қалашығы мен Отырар шұратындағы қазбалар үстіне жабынды құрастырма салу. - Конгресс-холл құрылысын салу, оның ішінде тауар жеткізілмеген, толық жеткізілмеген немесе сапасыз жеткізілген жағдайда Тапсырыс берушіге төленген аванс сомасын сөзсіз қайтаруды қамтамасыз ететін сақтандыру полисін мердігер ұйым беретін болса, материалдар мен жабдықтарға тапсырыс беру үшін оның құнының елу пайызынан аспайтын мөлшерде аванс аудару; - «Шабыт» шығармашылық сарайын салу, оның ішінде тауар жеткізілмеген, толық жеткізілмеген немесе сапасыз жеткізілген жағдайда Тапсырыс берушіге төленген аванс сомасын сөзсіз қайтаруды қамтамасыз ететін сақтандыру полисін мердігер ұйым беретін болса, материалдар мен жабдықтарға тапсырыс беру үшін оның құнының елу пайызынан аспайтын мөлшерде аванс аудару. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Астана мен Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері |
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Астана қаласының тұрғындары үшін «Қоянды» су қоймасындағы қысқамерзімді демалыс аймағының және С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының ғимаратын салу және Астана қаласында 3500 орындық әмбебап киноконцерт залының құрылыс жұмыстарының орындалуы. Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылындағы мәдениет үйіне жаңғырту жүргізу және Отырар қалашығы мен Отырар шұратындағы қазбалар үстіне жабынды құрастырма салу жұмыстарының орындалуы Мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамадан өткен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама және Конгресс-холл мен «Шабыт» шығармашылық сарайының құрылысын бастау.
Түпкі нәтиже: мәдени нысандарды пайдалануға беру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: жобалардың жүзеге асу тиімділігіне жүргізілген талдау қорытындысы бойынша.
Уақтылығы: жасалған келісімшарттар мен жұмыс өндірісіне байланысты кестесіне сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
71-ҚОСЫМША
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау»
деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 811253 мың теңге (сегіз жүз он бір миллион екі жүз елу үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Заңының 31-бабы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері» қаулысы; Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 24 қарашадағы № 1161 «2006-2008 жылдарға арналған мәдениет саласын дамыту бағдарламасын бекіту туралы» қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мәдениетті дамытуға және тарихи-мәдени құндылықтарды сақтауға жағдай жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: жүйелік комплектілеу негізінде мәдени-ағарту және ғылыми-зерттеу жұмысын жүзеге асыру, тарихи-мәдени ескерткіштер мен мұражайлық маңызы бар заттарды зерттеу мен әйгілендіру, еліміздің ұлттық мәдени игілігін мұражай ісі саласында қолдану мен зерттеу үрдісін материалдық-техникалық, технологиялық, ұйымдастырушылық, ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 007 | | Тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау | Бейнелеу өнері, қолданбалы өнер, халық шығармашылығы, антиквар және көркем фотосурет көрмелерін өткізуді ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету; тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау, тіркеу, жинақтау және қайта жөндеуді қамтамасыз ету бойынша "Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайы", "Қазақстан Республикасының Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы", "Музыкалық үрмелі аспаптардың бірегей мемлекеттік коллекциясы мұражайы", "Республикалық кітап мұражайы" және "Ордабасы Ұлттық-тарихи-мәдени қорығының" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарының жұмысын қамтамасыз етуге ағымдағы трансферттер бөлу. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бұйрығымен бекітілген Тізбеге сәйкес негізгі құралдарды сатып алу үшін берілген күрделі трансферттер: - "Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайына", "Қазақстан Республикасының Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайына", "Музыкалық үрмелі аспаптардың бірегей коллекциясына", "Республикалық кітап мұражайы", "Ордабасы ұлттық тарихи-мәдени қорығына". "Қазақстан Республикасының Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратында күрделі жөндеудің 1 кезеңін жүргізуге күрделі трансферттер. - Зергерлік өнер мен ұсталық шеберлікті дамыту мақсатында тарихи ескерткіштерді сақтау және зерттеу, жүйелендіру, жиналуын жүзеге асыру. Негізгі активтерді сатып алу. Қазақстанда мемлекеттік мұражай бейнесін жасау және тарихын көрсету үшін тарих және мәдениет ескерткіштерін жинау, жүйелеу, сақтау және зерттеу үрдістерін ғылыми әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру. Мемлекеттік сараптама қорытындысы мен жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес күрделі жөндеу жүргізу. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бұйрығымен бекітілген Тізбеге сәйкес негізгі активтерді сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мемлекеттік алтын және бағалы металдар мұражайы Қазақстан Республикасы Президенттік мәдени орталығы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
- мұражайтану жөнінде 250 лекция өткізу;
- 4100 экскурсия өткізу;
- мұражайтану саласында 150 ғылыми мақала жариялау;
- 30 халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысу;
- 5 халықаралық ғылыми-форумға қатысу;
- 15 халықаралық ғылыми-практикалық семинарға қатысу;
- мұражай тану мәселесі бойынша 400 ғылыми кеңес өткізу;
- 110 тақырыптық көрме өткізу;
- 3 ғылыми-теориялық симпозиумға қатысу;
- 35 жылжымалы көрме өткізу;
- 27 басқа іс-шаралар өткізу (дөңгелек үстелдер және т.б.);
- 1000 экспонатты қалпына келтіру.
Алтын және бағалы металдар мемлекеттік мұражайы қорларын толықтыру үшін экспонаттар, Қазақстан территориясының археологиялық картасын және археологиялық бұйымдардың көшірмесін сатып алу.
Қазақстан Республикасының Президенттік мәдени орталығына әдебиеттер, 3 бірліктен аз емес активтер сатып алу.
«Қазақстан Республикасының Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратында күрделі жөндеудің 1-кезеңін жүргізу.
Қазақстан Республикасының Президенттік мәдени орталығы ғимаратында күрделі жөндеудің 1 кезеңін жүргізу.
Түпкі нәтиже: мұражайлық мәндегі және тарихи мәдени ескерткіштерді танымалдандыру және жүйелі комплектілеу негізінде мәдени-ағарту және ғылыми зерттеу қызметін жүргізу. "Қазақстан Республикасының Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратында күрделі жөндеу жүргізудің 19 пайыз және Қазақстан Республикасының Президенттік мәдени орталығы ғимаратында күрделі жөндеу жүргізудің 33 пайыз орындау.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір экспонаттың сақталуын қамтамасыз етудің орташа шығыны - 2026 теңге.
Уақтылығы: іс-шараларды бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес атқару.
Сапасы: республика халқының мәдени-рухани деңгейін арттыру және Қазақстанның ерекше тарихи-мәдени мұраларымен әлемдік қауымдастықты таныстыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
72-ҚОСЫМША
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін сақтауды қамтамасыз ету»
деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 1 060 820 мың теңге (бір миллиард алпыс миллион сегіз жүз жиырма мың тенге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 2006 жылғы 15 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы, 1992 жылғы 2 шілдедегі «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 34 және 36-баптары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 қазандағы № 1052 «Алматы облысында «Тамғалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи мұражай-қорығы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қыркүйектегі № 1009 «2005-2009 жылдарға арналған «Көне Отырарды қалпына келтіру» бағдарламасы» атты қаулысы, Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері» қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мұражай-қорықтардың құрамына кіретін мәдениет тарихы ескерткіштерінің сақталуын қамтамасыз ету, тарихи және мәдени ескерткіштерді салу және жаңғырту, елдің мәдени мұрасын тиімді пайдалану, туризмді дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: ескерткіштер мен еске алу орындарын мемлекеттік есепке алуды қамтамасыз ету, жаңа ескерткіштерді анықтау, археологиялық экспедициялар мен экскурсияларды жүргізу, ескерткіштерді қайта жаңғырту. Тарихи және мәдени ескерткіштерді қайта жаңарту, консервациялау және салу.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 008 | | Тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін сақтауды қамтамасыз ету | | | |
2 | | 100 | Тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін сақтауды қамтамасыз ету | Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайының аумағында орналасқан археологиялық және архитектуралық тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтау. Негізгі құралдарды сатып алу. «Ұлытау» Ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорығының аумағында орналасқан археологиялық және архитектуралық тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтау. Негізгі активтерді сатып алу. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының аумағында орналасқан археологиялық және архитектуралық тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтау. Негізгі активтерді сатып алу. «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби мемориалдық Абай қорық-мұражайының аумағында орналасқан археологиялық және архитектуралық тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтау. Мемлекеттік сараптама қорытындысы мен жобалық-сметалық құжат негізінде күрделі жөндеу жүргізу. Негізгі активтер сатып алу. «Көне Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының аумағында орналасқан археологиялық және архитектуралық тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтау. "Тамғалы" мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайының аумағында орналасқан археологиялық және архитектуралық тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтау. Негізгі құралдарды сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы "Ұлытау" Ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорығы "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұрайы "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық Абай қорық-мұражайы "Көне Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы "Тамғалы" мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы |
3 | | 101 | Тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін қалпына келтіру | Ежелгі мешіттерді, тарихи кешендерді, кесенелерді және архитектуралық-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру және қайта жаңарту жұмыстарын жүргізу. Бұйымдарын қайта жаңарту және консервациялау. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі |
4 | | 102 | Қазақ халқының мәдени мұрасын зерттеу жүйесін құру | ЮНЕСКО-ның алдын-ала тізіміне енгізілген мәдени және аралас объектілерді қорғау зонасы мен территориясының шекарасын анықтау бойынша жұмыстар жүргізу. Қазақстанның тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізімін қайта қарау және нақтылау, Қазақстанның дүниежүзілік, республикалық және жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін басып шығару үшін материалдар дайындау. Ақмола, Ақтөбе және Павлодар облыстарының тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығын басылымға дайындау. Монғолия территориясында табылған руникалық жазумен жазылған ескі түріктік тас мүсінінің көшірмесін қайта жаңарту. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі |
5 | | 103 | Тарихи -мәдени мұра ескерткіштерін салу | Петропавл қаласында «Абылай хан резиденциясы» кешенін қайта жаңғырту жөніндегі жұмыстарды аяқтау. Минск қаласында жауынгерлерге стела орнату жөніндегі жұмыстарды аяқтау. Душанбе қаласында тәжік-ауған шекарасын күзету жөніндегі қызметін атқару кезінде қаза болған қазақстандық жауынгерлердің құрметіне Монумент орнату | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі |
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
- Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы: тасымал компьютер, компьютер қондырғыларының комплектісін сатып алу - 2 комплект сатып алу;
- «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорығы: компьютер қондырғыларының комплектісін сатып алу - 2 бірлік, үстелдер - 6 дана, тумбалық үстелдер - 10 дана және орындықтар - 11 дана сатып алу;
- «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы: мұражай экспозициясына арналған экспонаттар сатып алу - 150 дана, мұражайдың ғылыми кітапхана қорын толықтыру үшін әдебиеттер - 600 дана, археология және этнография музейі үшін кондиционерлер және кеңсе жиһазын сатып алу;
- «Жидебай-Бөрілі» Абай мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалды қорық-мұражайы: тоңазытқыш, компьютер қондырғыларының комплектісін - 5 комплект, экспонаттар - 25 бірлік, сандық бейнекамера және кескіш сатып алу;
- «Тамғалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы: далалық археологиялық құрал және газбен дәнекерлеуші аппарат сатып алу.
«Жидебай-Бөрілі» Абай мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайында күрделі жөндеу жүргізу.
2006 жылы басталған жалғасатын тарихи кешендерді қалпына келтіру және консервациялау жүргізу: Семей қаласындағы ежелгі бірмұнаралы және екімұнаралы мешіттер, XIX ғасыр, Берел қорымынан алтын археологиялық бұйымдар (б.з.д. Y-IV ғ.); Ақыртас сарай кешені (VI-VIII ғғ.); Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің әшекейлеу және өңдеу бөліктерінде жөндеу жұмыстары және шатырын қайта құру; Тұрбат архитектуралық-мәдени кешені нысандарын қайта жаңарту (Ысқақ ата және Жәбірейіл ата мавзолейлері, XIII-XVI ғ.); Баба ата қорғанды-сарай кешені ескерткіштері (XVII ғ.).