2) қалған авариялар жөніндегі материалдарды - уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне жібереді.
Комиссияның шешімі бойынша аварияның себептерін тексеру материалдары объект орналасқан жердегі сотқа жіберілуі мүмкін.
14-6-бап. Тексеру қорытындылары
1. Объект иесі аварияның себептерін тексерудің нәтижелері бойынша он күн ішінде бұйрық шығарады.
Бұйрықта аварияның мән-жайы мен себептері туралы комиссияның қорытындылары жариялануға, оның салдарын жою жөніндегі шаралар, сондай-ақ мұндай авариялардың алдын алу жөніндегі және кінәлі адамдарды жауапқа тарту туралы шаралар белгіленуге тиіс.
2. Объект иесі аварияны тексеру нәтижелері бойынша ұсынылған іс-шаралардың орындалу мерзімі туралы жазбаша хабарламаны уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне табыс етеді.
3. Егер авария техникалық құрылғылардың конструкциялық кемшіліктерінен болса, қауіпті объект иесі оны әзірлеушіге рекламация, ал уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне оның көшірмесін жібереді.
14-7-бап. Аварияларды тексеру жөніндегі шығыстар
Аварияны тексеруге байланысты барлық шығыстарды қауіпті өндірістік объектінің иесі көтереді.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
5-тарау.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік
бақылау
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
15-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік
бақылау
1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылауды кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптарын орындауы мақсатында уәкілетті орган жүзеге асырады.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы;
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторының орынбасарлары - уәкілетті орган басшысының орынбасарлары;
Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары - уәкілетті органның барлық санаттағы мамандары;
облыстар мен қалалардың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары - уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары;
облыстар мен қалалардың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторларының орынбасарлары - уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары;
облыстар мен қалалардың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары - уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің мамандары жатады.
2. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың:
1) өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі нормативтік құқықтық актілер талаптарының орындалуын тексеру үшін қажетті құжаттармен танысуға;
2) анықталған өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар беруге;
3) адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіретін бұзушылықтар кезіндегі ерекше жағдайларда, талап арызды сотқа белгіленген мерзімде міндетті түрде табыс ете отырып, үш күннен аспайтын мерзімге субъектінің қызметіне тыйым салуға құқығы бар. Бұл орайда қызметке тыйым салу актісі сот шешімі шығарылғанға дейін қолданылады.
16-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылау
1. Өндірістік бақылау қауіпті өндірістік объектілерде авариялар туындау қаупін мейлінше азайту, олардың салдарынан болатын залал мен материалдық шығын мөлшерін кеміту мақсатында жүзеге асырылады.
2. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті өндірістік бақылаудың міндеттері қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының орындалуын қамтамасыз ету, жолсыздықтардың мән-жайлары мен себептерін анықтау болып табылады.
17-бап. Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңдарының бұзылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауаптылықта болады.
Қазақстан Республикасының