Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға
2007 жылға арналған квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1255 Қаулысы
(2007.23.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2007.23.07. № 618 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2007 жылға арналған квота республиканың экономикалық жағынан белсенді халқына шаққанда 0,98 пайыз мөлшерінде, оның ішінде:
бірінші және екінші санатқа (ұйымның басшы құрамы, жоғары және арнаулы орта кәсіптік білімі бар мамандар) - 0,35 пайыз;
үшінші санатқа (білікті жұмысшылар) - 0,50 пайыз;
төртінші санатқа (маусымдық ауыл шаруашылығы жұмыстарымен айналысатын жұмысшылар) - 0,13 пайыз мөлшерінде белгіленсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |