2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы
(Қазақстан Республикасының Президентінің Әкімшілігі)
(Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 Қаулысы 1, 2, 3, 4-қосымшалар)
(үзінді)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың:
1, 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің;
2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
1-ҚОСЫМША
101 - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
«Мемлекет басшысының қызметін қамтамасыз ету»
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1076729 мың теңге (бір миллиард жетпіс алты миллион жеті жүз жиырма тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы Қазақстан Республикасы Президентінің Арнайы өкілі жөніндегі ереже туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 18 сәуірдегі № 2955 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 11 ақпандағы № 805 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінің штат саны мен құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 31 наурыздағы № 1327 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін жеңіл қызметтік автомобильдерді пайдалануды ретке келтіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысы; «Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының және Жоғарғы Соттың судьяларының Қазақстан Республикасының шегінде қызметтік іссапарлары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысы; «Мемлекеттік қызметшілерді оқыту тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 қарашадағы № 706 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Мемлекет басшысының қоғамдық-саяси тұрақтылықты, халық пен мемлекеттік билік бірлігін, Конституцияның мызғымастығының, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, мемлекеттің егемендігін, конституциялық құрылысын қорғау мен күшейту, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету жөніндегі саясатын жүзеге асыру, Қазақстанның күллі халқының игілігі үшін экономикалық дамуы үшін қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың конституциялық қағидаларын өмірге енгізу, қазақстандық патриотизмді және мемлекет өмірінің неғұрлым маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу, елдің әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын тұжырымдау, оны іске асыру шаралары кешенін жасау, әлеуметтік-экономикалық реформаларды іске асыру тетігі мен тактикасын жетілдіру, өзінің лауазымдық міндеттерін тиімді орындау мен кәсіби шеберлігін жетілдіру үшін қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес кәсіби қызметі аясында білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімін, білік-дағдыларын жаңарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: 1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Мемлекет басшысы жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін құжаттамалық, құқықтық, ұйымдық, ақпараттық-талдау, хаттамалық және сыртқы саяси жағынан қамтамасыз ету;
2) мемлекеттік органдардың қызметіне жалпы бақылау, соның Мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларының орындалуына жалпы бақылау жасау;
3) Республика Президентінің шешімдерін мүлтіксіз, жан-жақты әрі уақтылы орындау;
4) Республика Президентін елдегі және шетелдегі істің жай-күйі уақтылы әрі толық хабардар ету;
5) мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру;
6) «Байқоңыр» кешенін Ресей Федерациясының жалға алуы жағдайларында Қазақстан Республикасының заңдық құзыретін және «Байқоңыр» ғарыш айлағында тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету;
7) Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы Арнайы өкілінің аппаратын материалдық-техникалық және ақпараттық-техникалық жарақтандыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 | | Мемлекет басшы- сының қызметін қамтама- сыз ету | | | |
2 | | 001 | Орталық органның аппараты | Мемлекеттік органға жүктелген функцияларды орындау мақсатында ор- талық орган аппаратын ұстауды қамтамасыз ету, соның ішінде: - Мемлекет басшысының қатысуымен елде және шетелде өтетін іс-ша- раларды дайындау мен өткізу, іске асыру мерзімі қаңтар- желтоқсан; - Мемлекет басшысының жергілікті өкілді органдармен, атқарушы және өзге де мемлекет- тік органдармен тұрақ- ты өзара іс-қимылын қамтамасыз ету, іске асыру мерзімі қаңтар- желтоқсан; - Мемлекет басшысы актілерінің, жарлық- тары мен өкімдерінің жобаларын әзірлеуді, шығаруды және жария- лауды қамтамасыз ету, іске асыру мерзімі қаңтар-желтоқсан; - Мемлекет басшысы ак- тілері мен тапсырмала- рының орындалуын бақылау мен тексеруді қамтамасыз ету, іске асыру мерзімі қаңтар- желтоқсан; - елдегі және шетел- дегі ішкі және сыртқы саяси, әлеуметтік- экономикалық жағдайға талдау жасау, іске асыру мерзімі қаңтар- желтоқсан; - ішкі және сыртқы саясаттың өзекті мәсе- лелері бойынша ақпа- раттық-талдау материа- лдарын дайындау, іске асыру мерзімі қаңтар- желтоқсан; - Президент Әкімшілі- гінің саяси партиялар- мен, БАҚ-пен, діни және өзге де қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету, іске асыру мер- зімі қаңтар-желтоқсан; - "Қазақстан-2030" Стратегиясын, Қазақс- тан Республикасының 2010 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспарын, Президент- тің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдаула- рын іске асыру жөнінде іс-шараларды өткізу, іске асыру мерзімі қаңтар-желтоқсан; - бірқатар мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын бақылау мен үйлестіруді жүзеге асыру (іске асыру мерзімі қаңтар- желтоқсан): - "Қазақстан Республи- касының 2005-2010 жыл- дарға арналған денсау- лық сақтау ісін рефор- малау мен дамыту", Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығымен бекітілген; - «Қазақстан Республи- касында 2005-2010 жыл- дарға арналған білім беру ісін дамыту», Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығымен бекітілген; - «2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұ- ра», Қазақстан Респу- бликасы Президентінің 2004 жылғы 13 қаңтар- дағы № 1277 Жарлығымен бекітілген; - «2001-2010 жылдарға арналған тілдерді қол- дану мен дамыту», Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығымен бекітілген. | жыл бойына | Қазақстан Респу- бликасы Прези- дентінің Әкім- шілігі |
3 | | 007 | Мемле- кеттік қызмет- шілердің білік- тілігін арттыру | Мемлекеттік қызметші- лердің біліктілігін арттыру жөніндегі қыз- меттерді алты тақырып бойынша сатып алу: 1) мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет; 2) экономика; 3) ақпараттық технологиялар; 4) мемлекет және құқық; 5) әлеуметтік саясат; 6) электрондық құжат айналымы Мемлекеттік тілге және ағылшын тіліне оқыту. | жыл бойына | Қазақстан Респу- бликасы Прези- дентінің Әкім- шілігі |
4 | | 009 | Мемле- кеттік орган- дарды мате- риалдық- техни- калық жарақ- тандыру | Жұмсақ жиһаз бен сейф сатып алу. | жыл бойына | «Байқо- ңыр» ға- рыш айла- ғындағы Қазақстан Респу- бликасы Прези- дентінің арнаулы өкілі |
5 | | 017 | Ақпарат- тық жү- йелердің жұмыс істеуін қамтама- сыз ету және мемле- кеттік орган- дарды ақпарат- тық-тех- никалық қамтама- сыз ету | Шығыс материалдарын, Интернет жүйесіне қосылу қызметтерін сатып алу | жыл бойына | «Байқо- ңыр» ға- рыш айла- ғындағы Қазақстан Респу- бликасы Прези- дентінің арнаулы өкілі |
6 | | 100 | «Бай- қоңыр» ғарыш айла- ғындағы арнайы өкіл- діктің аппараты | Мемлекеттік органға жүктелген функцияларды орындау мақсатында «Байқоңыр» ғарыш айла- ғындағы арнайы өкіл- діктің аппаратын ұс- тауды қамтамасыз ету, соның ішінде: - Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы «Байқоңыр» ғарыш кешенін пайдаланудың негізгі қағидаттары мен талаптары туралы 1994 жылғы 28 наурыз- дағы келісімін, Қазақ- стан Республикасының заңдық құзыретін және «Байқоңыр» ғарыш айла- ғында тұратын Қазақ- стан Республикасы азаматтарының консти- туциялық құқықтарын қамтамасыз ету бөлі- гіндегі 1994 жылғы 10 желтоқсандағы жалдау шарттары мен қосымша келісімдерді іске асыру. | жыл бойына | «Байқо- ңыр» ға- рыш айла- ғындағы Қазақстан Респу- бликасы Прези- дентінің арнаулы өкілі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижелері:
- орталық органның аппаратын 370 штат бірлігі шамасында ұстауды қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін толығымен қамтамасыз ету, соның ішінде мемлекеттік органдардың қызметіне және нормативтік-құқықтық актілердің орындалуына бақылау жасау;
- бір мемлекеттік инспектордың жылына 5 іссапарда болуы (16 адам);
- «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы арнайы өкілдіктің аппаратын 6 штат бірлігі шамасында ұстауды қамтамасыз ету;
- 70 адамның біліктілігін арттыру;
- 54 адамды мемлекеттік тілге оқыту;
- 15 адамды ағылшын тіліне оқыту;
- «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы арнайы өкілдікті материалдық-техникалық және ақпараттық-техникалық жарақтандыруды қамтамасыз ету;
- 1 жұмсақ жиһаз бен 1 сейф сатып алу.
Түпкі нәтижелері:
- елдің саяси тұрақтылығын, ұлттық қауіпсіздігін, мемлекеттік егемендігін нығайту, азаматтық қоғамды дамыту, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, халықтың саяси мәдениетін қалыптастыру, азаматтарды мемлекет басқару мен шешімдер қабылдауға тарту, атқарушылық билік жүйесін орталықтан алу, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту;
- экономиканың индустриялық және инновациялық дамуы, кәсіпкерлік ортаны дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, республика азаматтарының әлеуметтік жағдайын жақсарту, сапалы әрі қол жетімді білім беру, денсаулық сақтау;
- мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, елде тұратын түрлі этностық топтардың мәдениеті мен тілдерін дамыту, рухани өркендеу мен конфессияаралық келісім;
- өңіраралық және халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
- мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттырудағы қажеттілігін 55%-ға, мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік тілге оқытуды 79%-ға, мемлекеттік қызметшілерді ағылшын тіліне оқытуды 92%-ға қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық тиімділігі:
- Президент Әкімшілігінің бір мемлекеттік қызметшісін қамтуға жұмсалатын қаржылай шығындар 2395,9 мың теңге;
- бір қызметкердің көлік шығыстарына жұмсалатын орташа шығындар 359,5 мың теңге;
- бір қызметкердің іссапар шығыстарына жұмсалатын орташа шығындар 634,7 мың теңге;
- «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы арнайы өкілдіктің бір мемлекеттік қызметшісіне жұмсалатын қаржылай шығындар 1793,3 мың теңге;
- бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыруға жұмсалатын орташа шығындар 8,78 мың теңге;
- бір мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік тілге оқытуға жұмсалатын орташа шығындар 15,05 мың теңге;
- бір мемлекеттік қызметшіні ағылшын тіліне оқытуға жұмсалатын орташа шығындар 13,2 мың теңге.
Уақтылы орындалуы:
Жасалған шарттарға және қойылған міндеттерге сәйкес жыл бойына орындалуы.
Сапасы: Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін белгіленген мерзімдерді ескере отырып, іс-шараларды 100% сапалы және уақтылы орындау. Кәсіби мемлекеттік қызметтің талаптарына сай, қазіргі экономикалық жағдайларға орай мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру; мемлекеттік тілді оқыту курсынан өткеннен кейін мемлекеттік қызметшілердің 67 %-ы мемлекеттік тілде іс жүргізуге көшкен; ағылшын тілін оқыту курсынан өткеннен кейін мемлекеттік қызметшілердің 33 %-ы ағылшын тіліндегі құжаттармен жұмыс істейді; біліктілікті арттыру курстарынан өткеннен кейін мемлекеттік қызметшілердің 14,3 %-ы жоғары лауазымдарға тағайындалған.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
2-ҚОСЫМША
101 - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
«Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының стратегиялық
аспектілерін болжамды-талдамалық қамтамасыз ету»
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 79398 мың теңге (жетпіс тоғыз миллион үш жүз тоқсан сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 16 маусымдағы № 1235 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты жөніндегі Ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 13 тамыздағы № 3614 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 30 қыркүйектегі № 977 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ҚР Басшылығының республиканың саяси, әлеуметтік, экономикалық дамуының түрлі салаларында шешімдер қабылдауы, мемлекеттің стратегиялық даму аспектілерін ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан әзірлеу және негіздеу үшін баламалы ғылыми-талдамалық базаны қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: - Қазақстан Республикасының сыртқы саясат стратегиясы мен ұлттық қауіпсіздігі саласында тұжырымдамалық негіздер мен практикалық ұсынымдарды әзірлеу;
- шет мемлекеттердің сыртқы саяси бағыты мен әлемдегі және шектес өңірлердегі әскери-стратегиялық ахуалға талдау мен болжау;
- Қазақстан Республикасындағы экономикалық, әлеуметтік, этнодемографиялық және қоғамдық-саяси ахуалға талдау мен болжау;
- экологиялық қауіпсіздік проблемаларын зерттеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 002 | | Мемле- кеттің ішкі және сыртқы саяса- тының страте- гиялық аспек- тілерін болжам- ды-тал- дамалық қамтама- сыз ету | 1. Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты аспектілері шеңберінде ұлттық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бойынша практикалық ұсыныстар мен ұсыным- дарды қамтитын ғылыми-талдамалық зерттеулердің орындал- уын қамтамасыз ету, атап айтқанда: - Қазақстан Республи- касының геосаяси орта- сы мен сыртқы саяса- тының негізгі страте- гиялық аспектілері саласында: - Қазақстанның айнала- сындағы елдердің (ҚХР, РФ, Түркия, Иран, Пәкстан, Ауғанстан ішкі саяси, әлеумет- тік-экономикалық даму проблемаларын зерделеу; - Қазақстанның РФ-мен, ҚХР-мен, АҚШ-пен, Түр- киямен, ЕО елдерімен, ТМД мемлекеттерімен екі жақты қарым- қатынастарын талдау; - Орталық Азия аймағындағы жалпы жағдайға сыртқы саяси мониторинг; - аймақтық интеграция- ның ерекшеліктерін, аймақтық қауіпсіздік проблемаларын және т.б. зерттеу. - Қазіргі Қазақстанда- ғы саяси және әлеумет- тік үдерістер саласында: - Қазақстан Республи- касының әлеуметтік- саяси мониторингі; - республикадағы ішкі саяси және әлеуметтік үдерістердің дамуын талдау және болжау; - Қазақстандағы көші-кон үдерістеріне талдау және т.б. - Экономикалық қауіпсіздік саласында: - Қазақстан Республи- касының экономикалық қауіпсіздік пробле- маларын зерттеу; - әлемдік экономиканың даму үрдістерін зерт- теу және олардың Қазақстан экономика- сына әсерін талдау; - ғаламдану проблема- ларын және олардың Қазақстанға әсерін зерттеу; - Республикадағы әлеу- меттік-экономикалық жағдайларға мониторинг және т.б. 2. Халықаралық, қоғам- дық және саяси ұйым- дармен тақырыптық кон- ференциялар, кездесу- лер, дөңгелек үстел- дер, брифингтер, сон- дай-ақ бұқаралық ақ- парат құралдарымен баспасөз конференция- ларын ұйымдастыру және өткізу. Аталған қызмет бағытының орындылығы ұлттық ай- мақтық қауіпсіздіктің тұрақты жүйесін құру жөнінде ортақ тұжырым- дар әзірлеу үшін халы- қаралық сарапшылардың қатысуымен қауіпсіз- дікті қамтамасыз ету- дің өзекті проблема- ларын тұрақты талдау, зерттеу, талқылау қа- жеттігімен байланысты. 3. Қазақстан Республи- касының және оның саяси көшбасшысының ел ішіндегі, сонымен қатар шетелдегі де жа- ғымды бедел-бейнесін насихаттау және қолдау үшін халықаралық ғылы- ми-зерттеу орталықта- рымен және ұйымдармен байланыстар ұйымдас- тыруды қамтамасыз ету. 4. Негізгі құралдарды сатып алу. | жыл бойына | Қазақс- тан Рес- публи- касының Прези- денті жанын- дағы Қазақ- стан страте- гиялық зерттеу- лер ин- ституты |
ҚР Үкіметінің 2006.11.22. № 470к қаулысымен 7-тармақ өзгертілді
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
- шамамен 4 ірі халықаралық іс-шараларды (конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар): «Орталық Азия өңірі: экономикалық бірігу перспективалары», «Қазақстандағы мемлекеттік басқару жүйесінің реформасы: перспективалар мен үрдістер», «Каспий өңіріндегі өңірлік ынтымақтастық перспективалары», «Қауіпсіздік және өңірлік ынтымақтастық мәселелері жөніндегі жыл сайынғы Алматы конференциясы» тақырыптары бойынша өткізу;
- 4 әлеуметтік зерттеулерді: «Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдай», «Қазақстан Республикасындағы орташа топтың жай-күйі мен даму перспективалары», «Қазақстан Республикасында әлеуметтік ширығудың өсу перспективалары», «Қазақстан халқының саяси белсенділігінің артуының саяси артық көрушілігі мен перспективалары» тақырыптары бойынша жүргізу;
- жүргізіліп жатқан зерттеулерді талдау баяндамалары, ғылыми мақалалар мен монографиялар түрінде жариялау, атап айтқанда, конференциялар материалдарының 4 жинағын, 6 монография (ішкі саясат мәселелері бойынша - 1, сыртқы саясат мәселелері бойынша - 3, экономикалық саясат мәселелері бойынша - 2 шығару), олар Қазақстан дамуындағы өзекті мәселелерге арналатын болады;
- төрт мерзімді басылымды шығару: «Казахстан - Спектр» (ғылыми сипаттағы материалдар жариялау - 4 нөмір), «ANALYTIC» (таза ғылыми зерттеу шеңберінен тыс тұрған қолданбалы сипаттағы талдау материалдарын жариялау - 6 нөмір), «Central Asia's Affairs» (әлемнің жетекші талдау орталықтарының сарапшыларымен тікелей диалог орнату мүмкіндігін беретін Орталық Азияда ағылшын тілінде шығатын бірден-бір басылым - 4 нөмір), «Қоғам және Дәуір» (халықаралық қатынастар мен аймақтық қауіпсіздіктің өзекті мәселелеріне, Қазақстан дамуының ішкі саяси және экономикалық мәселелеріне, қазіргі уақыттағы тарихи-философиялық және мәдени проблемаларға арналған - 4 нөмір);
- өткізілетін конференцияларды жазып алу мен көруді қамтамасыз ету үшін 1 бейнекамера мен 1 теледидар сатып алу;
- ҚСЗИ қызметкерлерінің кабинеттерін жабдықтау мен еңбек жағдайын жақсарту үшін 10 дана компьютер, 10 дана принтер, 15 дана ауасүзгі, 5 дана сейф сатып алу;
- баспа өнімінің ішкі парақтарын өздігінен іріктеуді жүзеге асыратын 1 парақіріктегіш құрал-жабдық сатып алу;
- редакциялық-баспа кешенінің тиімді де жедел жұмысын қамтамасыз ететін 1 цифрлы фотоаппарат сатып алу.
Түпкі нәтиже:
- шет мемлекеттердің сыртқы саяси бағытын, әлемдегі әскери-стратегиялық ахуалға, Қазақстан Республикасындағы экономикалық, әлеуметтік, этнодемографиялық және қоғамдық-саяси ахуалға болжау жасау арқылы Қазақстан Республикасының тұрлаулы да қауіпсіз дамуын қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық тиімділігі:
- журналдар мен монографиялар шығару бойынша бір баспа қызметін көрсетудің орташа жылдық құны 169,2 мың теңге;
- бір әлеуметтану зерттеуін жүргізудің орташа құны 1 250 мың теңге;
- бір халықаралық конференция өткізудің орташа құны 165 мың теңге;
- бір қатысушыға шаққандағы халықаралық конференциялар құнының арақатысы 1,0 мың теңге.
Уақтылы орындалуы және сапасы:
- тиісті кезеңге арналған жоспар бойынша іс-шаралардың орындалуын 100 % сапалы да уақтылы ұйымдастыру, сондай-ақ елдегі ахуалдың дамуына байланысты жоспардан тыс іс-шаралар өткізу, зерттеулер жүргізу және т.б.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
3-ҚОСЫМША
101 - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
«Мұрағат қорының, баспа басылымдарының сақталуын қамтамасыз ету және оларды арнайы пайдалану» деген 003 республикалық
бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 88011 мың теңге (сексен сегіз миллион он бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; «Қазақстан Республикасы Президентінің Архивін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 14 қаңтардағы № 1502 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 15 маусымдағы № 52 өкімі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорының ақпарат тасығыштардың барлық түрлерінде тұрақты мемлекеттік сақтауды жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: 1) Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігін қызметінде пайда болатын құжаттарды және мұрағатта сақталған басқа да құжаттарды тұрақты мемлекеттік сақтау, олардың сақталуын және мемлекеттік есепке алынуын; мекемелердегі уақытша ведомстволық сақтаудағы құжаттарға мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;
2) Мұрағатты ҚР Президенті Әкімшілігінің және басқа да мемлекеттік мекемелердің құжаттарымен жасақтау;
3) Мұрағат қорларына ғылыми-анықтамалық аппаратты дайындау және дамыту;
4) Мұрағат құжаттарын жан-жақты пайдалануды ұйымдастыру және оларды ғылыми жариялау;
5) Құжаттаманы басқаруды ұйымдастыруға қатысу және оның жағдайын бақылау;
6) Мемлекеттік құпиялар бар құжаттармен жұмыста құпиялылық режимін сақтау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 003 | | Мұрағат қорының, баспа басылым- дарының сақтал- уын қам- тамасыз ету және оларды арнайы пайда- лану | 1. Қазақстанның жаңа тарихын зерделеу үшін зерттеушілерге дерек- темелік құжаттық база- ны кеңейту мақсатында құжаттардың құндылығы- на сараптама жүргізіп, істерді мемлекеттік сақтауға қабылдау. 2. Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз етуді жақсарту үшін: - ерекше құжаттардың көшірмелерінің сақтан- дыру қорын құру үшін микрофотокөшірме жасау; - қабылданған істерді тігу және түптеу, құжаттардың беттерін қалпына келтіру, құ- жаттардың нашар көрі- нетін мәтіндерін ком- пьютерлік графикамен қайта жасау; - микрофильмдер мен қағаздағы құжаттарға цифрлау жүргізу. 3. Азаматтардың, ҚР Президенті Әкімшілігі- нің, мемлекеттік ор- гандар мен мекемелер- дің, қоғамдық бірлес- тіктердің ақпараттық қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін: - тақырыптық және әлеуметтік-құқықтық сұрауларын орындау; - зерттеушілерге оқу залына қажетті құжаттар беру. 4. Мұрағаттық ақпаратты іздестіруді жақсарту үшін: - «Электрондық мұра- ғат» және «Электрондық құжат айналымы» мұра- ғаттық технологияларын енгізуді жүргізу; - мұрағат қорларына каталог пен ғылыми- анықтамалық аппаратты жетілдіруді жүргізу. 5. Тарихи-мұрағат мұрасын танымал етуге және ғылыми айналымға жаңа фактологиялық материалды енгізу үшін мақалалар мен ғылыми жарияланымдар әзірлеп, тарихи-құжаттамалық көрмелер өткізу. 6. Бақылауды қамтама- сыз ету үшін мұрағат- тың мекемелерінде - жинақтау көздерінде мұрағаттардың құжат- тандырылуы және ведо- мстволық сақталуы жағдайын тексеру. 7. Мұрағаттық құжат- тардың сақталу режимін қамтамасыз ету үшін, құжаттардың материал- дық негізін сақтап қалу жөніндегі қалпына келтіру-алдын алу жұ- мыстарын жүргізу, сондай-ақ «Электрондық мұрағат», «Электрондық құжат айналымы» авто- маттандырылған бағдар- ламаларының жұмыс істеуі үшін негізгі құрал-жабдыктар сатып алу. | жыл бойына | Қазақ- стан Респу- бликасы Прези- дентінің Мұрағаты |