Мемлекеттік бағдарлама бойынша жұмыс көлемі 279 млн. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2004 жылғы нақты орындаудан 2,2%-ға жоғары, бірақ жоспардағыдан 19,9%-ға төмен.
2005 жылғы қаржы-шаруашылық қызмет қорытындылары бойынша Қоғамның жалпы кірісі жоспарланған 678,6 млн. теңгенің орнына 602,86 млн. теңгені (алдын-ала жоспарланғаннан 88,8%) құрады. Кірістің нақты мөлшері 2004 жылғы ұқсас көрсеткіштерден 9,9%-ға немесе 54,5 млн. теңгеге жоғары.
Қоғам бюджетінің кіріс бөлігінің орындалмауының негізгі себебі, жоғарыда көрсетілгендей, телекоммуникациялық қызмет көрсету көлемінің азаюы, бюджеттік бағдарламаларды дамыту жөніндегі шарттарды Дамыту жоспарында жоспарланғаннан аз сомада бекіту және министрліктердің ұлттық операторларға орталықтандырылған сервистік жүйелі-техникалық қызмет көрсетуге көшу кестесін сақтамауы болып табылады.
2005 жылға Қоғамның шығыстары жоспарланған 626,8 млн. теңгенің ("үнемдеу" шығыстары 58,4 млн. теңгені құрады) орнына 568,3 млн. теңгені (90,7%) құрады. Нақты көрсеткіш 2004 жылғы ұқсас көрсеткіштен 15%-ға артық, бұл ақшалай баламада 75 млн. теңгені құрайды.
2005 жылғы қаржы-шаруашылық қызмет қорытындылары бойынша Қоғамнан 34,52 млн. теңге (жоспарланған 51,9 млн. теңгенің орнына) мөлшерінде таза кіріс алынды. Бұл ретте, 2005 жылғы қорытындылар бойынша мемлекеттік акциялар пакетіне 4,89 млн. теңге сомасында дивидендтер төленді.
Есеп беру кезеңінде мемлекеттік бюджетке төленген салықтың құны және басқа төлемдер 173,1 млн. теңгені құрады.
2006 жылы Қоғам қызметінің негізгі бағыттары Қазақстан Республикасында "электронды үкімет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі жұмыстарды орындау, аппараттық-бағдарламалық құралдардың сервистік жүйелі-техникалық қызмет көрсетуі және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін сүйемелдеу және телекоммуникациялық қызметтер көрсету болады.
2006 жылы Қоғамның жалпы сомасы 865,7 млн. теңге кіріс алуы күтілуде, күтілетін шығыстар 838,9 млн. теңгені құрайды.
2006 жылғы қорытындылар бойынша 26,77 млн. теңге сомасында таза кіріс алу күтілуде, оның 8,03 млн. теңгесі мемлекеттік акциялар пакетіне дивидендтер төлеуге бағытталатын болады.
2006 жылы Қоғам бюджетке 225,6 млн. теңге сомасында салық және басқа міндетті төлемдерді төлеуді жоспарлап отыр.
«Қазпочта» АҚ
«Қазпочта» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) «Республикалық мемлекеттік почта байланысы кәсіпорнын және оның еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1940 қаулысына сәйкес Республикалық мемлекеттік почта байланысы кәсіпорнын қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылды.
Компанияның миссиясы Қазақстанның бүкіл аумағында жоғары сапалы деңгейдегі почта-жинақтау қызметтеріне еркін қол жетімділікті қамтамасыз етуден тұрады.
2004 жылдың қорытындылары бойынша Қоғам қабылдаған жазба хат-хабарлар саны 32,8 млн. бірлікті құрады, қабылданған сәлемдемелер саны 1,5 млн. бірлікті, жеткізілген мерзімді басылымдар - 156,9 млн. бірлікті құрады. 2005 жылы қабылданған жазба хат-хабарлар саны 41,6 млн. бірлікті құрады, бұл өткен жылдың деңгейінен 26,8%-ға жоғары. Қабылданған сәлемдемелердің саны - 1,8 млн. бірлік, бұл өткен жылғыдан 20,0%-ға жоғары, мерзімді басылымдар - 162,3 млн. бірлік, бұл өткен жылдың деңгейінен 3,4%-ға жоғары. Ақшалай төлемдердің көлемі 2004 жылмен салыстырғанда 26,7%-ға ұлғайды және 198,1 млрд. теңгені құрады.
2006 жылы шығыс ақылы айналым көлемінің 2005 жылдың деңгейіне қарағанда 6,1%-ға, ақшалай төлемдердің көлемі 6,5%-ға өсуі күтілуде.
Ақылы алмасу көлемінің құрылымы былай сипатталады: мерзімді басылымдарға жазылу және сату - 81,9%-ға, жазба хат-хабарлар - 17,1%, сәлемдемелер - 0,8%, жедел почта қызметтері - 0,2%.
Ақшалай төлемдердің көлемінде зейнетақылар және жәрдемақылар 73,7%-ды, еңбекақы - 22,5%-ды, ақшалай аударымдар - 3,8%-ды құрайды.
2005 жылы агенттікте қызметтердің мынадай түрлерін енгізу жалғасты:
екінші деңгейдегі банктердің агенті ретінде тұтынушылық несиелеу және ұялы байланыс қызметіне төлемдер қабылдау.
2004-2005 жылдар кезеңінде жалпы сомасы 7,9 млрд. теңгеден астам тұтынушылық несие берілді, несие алушылар саны 40 мың адамға жетті; ұялы байланысқа төлемдер 6,4 млн. теңгеден көп сомада қабылданды.
Қаржы-шаруашылық қызмет қорытындылары бойынша 2004 жылы Қоғамның кірісі 7 111,0 млн. теңгені, 2005 жылы 2004 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 27,8%-ға өсіп, 9 087,9 млн. теңгені құрады. 2004 жылы шығыстар 6952,6 млн. теңгені, 2005 жылы - 8914,8 млн. теңгені құрады, нәтижесінде 2005 жылы Қоғамның таза кірісі 173,15 млн. теңге деңгейіне жетті, бұл 2004 жылдың көрсеткіштерінен 9,0%-ға жоғары.
2006 жылы кірістер 9673,11 млн. теңге, шығыстар - 9483,01 млн. теңге, таза кіріс - 190,10 млн. теңге деңгейінде күтілуде, бұл 2005 жылмен салыстырғанда 9,8%-ға немесе 16,95 млн. теңгеге өседі.
«Қазақтелеком» АҚ
«Қазақтелеком» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Компания) «Қазақтелеком» ұлттық акционерлік компаниясы «Қазақтелеком» ұлттық акционерлік компаниясын құру туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 17 маусымдағы № 666 қаулысына сәйкес мемлекеттік өңірлік және мамандандырылған телекоммуникация кәсіпорындарының мүлкін Республиканың бүкіл аумағында кең ауқымды байланыс қызметтерінің көрсететін акционерлік қоғамның жарғылық қорына беру жолымен құрылды.
Компанияның бағалауы бойынша 2005 жылмен салыстырғанда 2006 жылы өсті және 260 млрд. теңгеден асады. Нарық құрылымының өзгеруі ұялы байланыс нарығы үлесінің өсуі есебінен болады, оның үлес салмағы телекоммуникациялық нарық көлемінің 40,5%-ын құрайды.
Телекоммуникациялар нарығындағы Компанияның үлесі 2005 жылы 2004 жылғы 50%-дан 2005 жылы 48%-ғa дейін төмендеді.
Жергілікті байланыс нарығындағы Компанияның үлесі 2005 жылы 95%, қалааралық - 90%, ТМД елдерімен халықаралық - 84%, алыс шетелдермен - 74% деп бағаланады. Деректер беру нарығындағы Компания үлесінің бағасы 60 %-ды, Интернет жүйесінде 61%-ды құрайды.
Нарықтың жоғары үлесі көбінесе тарихи қалыптасқан клиенттік қормен түсіндіріледі. Кейбір жергілікті нарықтарда және корпорациялық клиенттер нарығында Компанияның үлесі анағұрлым төмен.
Компанияның жиынтық кірісі 2004 жылы - 95238 млн. теңге, 2005 жылы - 118231 млн. теңге, 2006 жылы жиынтық кірісті 115973 млн. теңге мөлшерінде алу жоспарлануда.
Жиынтық шығыс мынадай түрде қалыптасты: 2004 жыл - 68 316 млн. теңге, 2005 жыл - 83 808 млн. теңге, және 2006 жылы - 86 578 млн. теңге.
Таза кірістің мөлшері 2004 жылы 26 917,6 млн. теңгені құрады.
2004 жылдың қорытындылары бойынша мемлекет бюджетіне мемлекеттік акциялар пакетіне дивидендтер 2451,7 млн. теңге сомасында төленді. 2004 жылы мемлекеттік бюджетке төленген салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің мөлшері 19 384 млн. теңгені құрады.
2005 жылы Компанияның таза кірісі 33982,3 млн. теңгені құрады. 2005 жылдың қорытындылары бойынша мемлекет бюджетіне мемлекеттік акциялар пакетіне дивидендтер 3095, 2 млн. теңге сомасында төленді. 2005 жылы мемлекеттік бюджетке төленген салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің мөлшері 23 093,4 млн. теңгені құрады.
2006 жылдың таза кірісінің мөлшері 29 394,8 млн. теңге деңгейінде бағаланады. 2006 жылы мемлекеттік бюджетке төлеуге жоспарланған салықтар мен басқа төлемдердің мөлшері 23 190,4 млн. теңгені құрайды.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-тың (бұдан әрі - Компания) тасымалдау процесінде темір жол саласының функционалдық тұтастығын және ыңғайлы басқарылуын қамтамасыз етуге негізделген холдингтік құрылымы бар. Қазақстанда темір жол саласын реформалау 1997 жылы құрылған «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрамында қазақстандық үш темір жолды біріктірумен және оның құрамында бір мезгілде алты жол басқармасын құрумен басталды.
Тасымалдауға ұсынылатын негізгі тауар өнімдері астық, мұнай, кен, минералдық тыңайтқыштар және т.б. сияқты жаппай үйме және құймалы жүктер болып табылады.
2004 жылы жүк айналымы 163 420 млн. т-км құрады, бұл жүк тиеу көлемінің өсімі есебінен 2003 жылғы деңгейден 10,7% асады.
Компанияның жиынтық кірісі 2004-2006 жылдар бойынша мынадай түрде қалыптасты: 2004 жыл - 248 925 млн. теңге, 2005 жыл - 259 847,22 млн. теңге, 2006 жыл - 316 274,21 млн. теңге.
Компанияның жиынтық шығысы 2004 жылы 237 452 млн. теңгені, 2005 жылы - 263 028,05 млн. теңгені, 2006 жылы - 316 274,21 млн. теңгені құрады.
Компанияның 2004 жылы алған таза кірісі 11 472 млн. теңгені құрады. Мемлекеттік акциялар пакетіне дивидендтер 1147 млн. теңге құрады. 2004 жылдың қорытындылары бойынша бюджетке 16 272,7 млн. теңге салықтар мен басқа да төлемдер төленді.
2005 жылдың қорытындылары бойынша Компания 31 80,8 млн. теңге зиян шекті. 2005 жылы бюджетке 13 435 млн. теңге салықтар мен басқа да міндетті төлемдер төленді.
Компанияның 2006 жылғы жиынтық кірісі мен жиынтық шығысы 316 274,2 млн. теңге деңгейінде жоспарлануда. 2006 жылдың қорытындылары бойынша бюджетке 17 070 млн. теңге сомасында салықтар мен басқа да міндетті төлемдер аудару жоспарлануда.
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» ААҚ
Машина жасау саласындағы қызметті жүзеге асыратын «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ (бұдан әрі - Компания) «Қазақстан Республикасы қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 13 наурыздағы № 244 қаулысының негізінде жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен құрылды.
Қазіргі уақытта Компанияның кәсіпорындары елдің отын-энергетика, көлік, ақпараттық-телекоммуникация секторлары үшін өнім шығаруды игерді. Шығарылатын өнім мен көрсетілетін қызметтер номенклатурасы өндіріс құрылысы елеулі дәрежеде бұрынғы қорғаныс-өнеркәсіп кешенінен мұраға қалған болып табылады және қосалқы бөлшектер мен жинақтауыштар өндірісі, техникалар мен жабдықтарды ағымдағы және күрделі жөндеу басым еліміздің дамып келе жатқан экономикасының қажеттіліктеріне сай келмейді.
2004 жылы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Компания қызметінің қаржылық көрсеткіштерінің жақсаруында оң үрдістер байқалды.
Қаржылық есептілік деректері бойынша ("Делойт и Туш" ЖШС тәуелсіз аудиторы куәландырған) 2004 жылды Компания 351,00 млн. теңге сомасында оң қаржылық нәтижесімен аяқтады, ал өткен жылдың сәйкес кезеңінде Компанияның зияны 529,40 млн. теңгені құраған болатын.
2004 жылы бас Компания сияқты оның құрамына кіретін кәсіпорындардың көпшілігі залал шекпейтін деңгейге шықты.
Негізгі қаржылық көрсеткіштің едәуір жақсаруы 2003 жылға қарағанда 2004 жылы шығарылған және өткізілген өнім көлемінің ұлғаюымен байланысты, бұл өз кезегінде кәсіпорындар шығаратын өнімдерді өткізу нарығын іздестіру жөнінде Компания жүргізген жұмыстың нәтижесі болып табылады.
Компанияның жалпы кірісі 2004 жылы 7817,49 млн. теңгені құрады, осы көрсеткіштің 2003 жылдың параметрлеріне ұлғаюы (4274,84 млн. теңге) 83 % құрады.
Кірістердің едәуір өсуі негізінен дайын өнімді (қызметтерді) сату көлемінің өсуімен негізделген. Компания жүргізген жұмыстың нәтижесі болып табылады.
2004 жылғы жалпы шығыс 7466,48 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткішінен 2514,7 млн. теңгеге немесе 52% асады. Шығыстар өсімі негізінен өндіріс көлемінің ұлғаюына байланысты.
2004 жылы Компания бюджетке 1282,69 млн. теңге мөлшерінде салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді аударды.
2004 жылдың қорытындылары бойынша мемлекеттік акциялар пакетіне дивидендтер 31,85 млн. теңге мөлшерінде төленді.
Есепті 2005 жылды компания сондай-ақ 96,90 млн. теңге мөлшерінде оң қаржы нәтижесімен аяқтады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Компанияның таза кірісі 254,11 млн. теңгеге қысқарды. 2005 жылы Компания мемлекеттік акциялар пакетіне 0,99 млн. теңге төлеуді жоспарлап отыр.
2005 жылдың қорытындылары бойынша Компанияның жалпы кірісі 1091,28 млн. теңгені құрады, бұл 2004 жылдың көрсеткішінен (7817,49 млн. теңге) 3173,79 мың теңгеге асады. Осылайша, кірістер өсімінің қарқыны көрсетілген кезеңде 41% құрады.
Кірістердің өсуі негізінен дайын өнімді (қызметтерді) сату көлемінің өсуімен негізделген.
Компанияның жалпы шығыстары 10 894,38 млн. теңге құрады, бұл өткен жылдың көрсеткішінен (7466,48 млн. теңге) 3427,90 мың теңгеге немесе 46% асып түседі, Шығыстар өсімі негізінен өнімді өткізу көлемінің ұлғаюына байланысты.
2005 жылғы салықтар мен басқа да міндетті төлемдер сомасы 1572,77 млн. теңгені құрады.
Компанияның 2006 жылға арналған бюджетіне сәйкес кәсіпорындар шығарған өнім 8756,41 млн. теңгені құрайды, бұл алдындағы жылмен салыстырғанда 30% өсім құрайтын болады. Бұл өсім шығарылатын өнім номенклатурасын кеңейтуге және «КАМАЗ-Инжиниринг» ЖШС-та жинау өндірісін ұйымдастыруға байланысты болды.
Өндірістің осы көлемінде күтілетін таза кіріс 1040,26 млн. теңгені құрайды, бұл алдындағы жылдың деңгейінен (96,90 млн. теңге) 10,7 есе асып түседі. Таза кірістің күрт көтерілуі «(С.М. Киров атындағы машзавод» АҚ кәсіпорынның «Ұлан» АҰАҚ-ғы (992,33 млн. теңге) іске асыру, сондай-ақ кәсіпорындағы тоқтап тұрған ғимараттар мен жабдықтарды іске асыру нәтижесінде алуды жоспарлап отырған негізгі емес қызметтен түсетін кірістердің ауқымды көлеміне байланысты болуда.
Тұтастай алғанда Компанияның 2006 жылы күтіп отырған кірістері 12 254,32 млн. теңгені құрайды. Алдыңғы жылмен салыстырғанда осы көрсеткіштің өсімі 11,5 % жоспарланып отыр, бұл өткізілген өнім көлемінің ұлғаюына байланысты болуда.
Компанияның шығыстары 11 214,06 млн. теңгені құрайды.
2006 жылы Компания бюджетке 1460,92 млн. теңге мөлшерінде салықтар мен басқа да төлемдер төлеуді жоспарлауда.
2006 жылдың қорытындылары бойынша Компания мемлекеттік акциялар пакетіне 15,44 млн. теңге мөлшерінде дивидендтер төлеуді жоспарлап отыр.
«Астана халықаралық әуежайы» АҚ
«Астана халықаралық әуежайы» АҚ-тың (бұдан әрі - Қоғам) миссиясы Қазақстан Республикасының заңнамасы мен халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес әуе кемелеріне және жолаушыларға, почта мен жүктерге үлгілі, қауіпсіз және тұрақты қызмет көрсетуді қамтамасыз етуден тұрады.
Әуежайдың өндірістік қызметі әуежай арқылы қозғалыс көлемінің екі негізгі көрсеткіші негізінде қаралған: қызмет көрсетілетін рейстер мен қызмет көрсетілетін жолаушылардың саны бойынша.
Қызмет көрсетілген рейстер санының даму үрдісі, алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 2004 жылы 15%-ға және 2005 жылы 25%-ға өсумен сипатталады. Тиісінше қызмет көрсетілген жолаушылардың саны да 25 %-ға және 33 %-ға өсті. Көрсетілген көрсеткіштер жөніндегі орташа тәуліктік деректер 2004 жылы - әуе кемелерінің 36 ұшып-қонуын және қызмет көрсетілген 1366 жолаушыларды, 2005 жылы - тиісінше 45 және 1801 құрады.
Осы үрдістің анықтаушы факторы қазіргі бағыттарда рейстер жиілігін арттыру мен жаңа бағыттарды ашу болып табылады. 2004-2005 жылдары Астана қаласының әуежайында қызмет көрсетілген рейстер мен жолаушылардың жалпы көлемінде ішкі авиатасымалдар негізгі үлесте (70%) құрайтынын атап өткен жөн, бұл Қазақстанның барлық ірі қалаларының елордамен байланысын қамтамасыз ету үшін ішкі әуе желілерінің жүйесін кеңейтуге байланысты.
Әуежайдағы өндіріс көлемі өсуінің жалпы оң үрдісі қаржылық көрсеткіштер үрдісіне де әсер етті.
Астана қаласы әуежайының кірісі 2005 жылы 5142,27 млн. теңгені құрады, бұл 2004 жылдың жоспары деңгейінен 16%-ға (710 млн. теңгеге) және деңгейінен 30 %-ға артты.
Қоғамның 2005 жылғы операциялық қызметінің кірісі жоспардан 21%-ға (734 млн. теңгеге) артуымен сипатталады. 31% әуежайлық қызметтер ұсынудан алынған кірістер операциялық қызмет кірісі өсімінің негізгі факторы болды.
2005 жылы әуежайдың шығыстары 4 742,92 млн. теңгені құрады, 2004 жылдың жоспары деңгейінен 16%-ға (670 млн.теңгеге) және деңгейінен 45%-ға артты.
2004 жылдың деңгейіне шығыстардың ұлғаюына жаңа әуежайдың пайдалануға берілуіне байланысты пайдалануға беру шығыстарына шығындардың ұлғаюы себеп болды, соның ішінде:
- коммуналдық қызметтерге - 74 %-ға (55 млн. теңгеге);
- ғимараттарды ұстап тұруға - 34 % (15 млн. теңгеге);
- мүлік салығы бойынша 37 %-ға (22 млн. теңгеге).
Қоғамның 2005 жылғы қызмет қорытындылары оң қаржылық нәтижемен сипатталады және 399,36 млн. теңгені құрайды. Салық салынғаннан кейінгі таза кіріс 384,08 млн. теңгеге бағалануда.
2004-2005 жылдардағы бюджетке салықтар мен басқа төлемдер сомасы жылдар бойынша тиісінше 556,5 теңгені және 750,4 млн. теңгені құрады.
2005 жылы бюджетке негізгі төлемдердің барлық сомасы 2004 жылмен салыстырғанда 34,8%-ғa ұлғайды. Төлемдердің едәуір ұлғаюы былайша түсіндіріледі:
- мүлік салығы сомасының 28%-ға ұлғаюы қайта жаңартылған ұшу-қону алаңының пайдалануға берілуіне байланысты;
- корпоративті табыс салығы бойынша төлемдердің 4 еседен астам (62,7 млн. теңгеге) ұлғаюы 2002 жылмен салыстырғанда 2003 жыл қорытындылары бойынша алынған табыстың ұлғаюына байланысты;
- қызметкерлердің 2004 жылы орташа жалақыларының өсуіне байланысты жеке табыс салығы бойынша төлемдердің 2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы 48%-ға (9,2 млн. теңгеге) ұлғайғаны байқалуда.
Директорлар кеңесінің және акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен 2003 жылдың қорытындылары бойынша алынған Қоғамның таза кірісі толық көлемінде кредиттік міндеттемелерді өтеуге, ал 2004 жылдың қорытындылары бойынша - кредиттік міндеттемелерді өтеу мен негізгі жабдықты сатып алуға бағытталды.
2006 жылдың өндірістік көрсеткіштері шамамен 17130 қызмет көрсетілген рейстер мен 706 825 қызмет көрсетілген жолаушыларды құрайды, бұрынғы жоспарланған рейстер деңгейін 3,2%-ғa (540 рейске) және қызмет көрсетілген жолаушыларды 8%-ға (49 275 жолаушыға) арттырады. Бұл үрдіс рейстер жиілігінің ұлғаюына және олардың коммерциялық тиелімі дәрежесіне байланысты.
Астана қаласы әуежайының кірістері 2006 жылы 9 015,71 млн. теңге сомасын құрайды, бұл 2005 жылғы деңгейден 75,3%-ға немесе 3873,4 млн. теңгеге артады.
Әуежайдың шығыстары 2006 жылы 10 223,97 млн. теңгені құрайды, бұл 2005 жылғы деңгейден 115,6 %-ға (5481,0 млн. теңгеге) артады.
Шығыстар өсімінің негізгі себебі өткізу үшін сатып алынған материалдар құнының 37,6%-ға (597 млн. теңгеге) артуынан болып табылады.
Алдын ала бағалау бойынша Қоғамның 2006 жылғы қызметінің қорытындыларында 1208,26 млн. теңге сомасында зиян жоспарлануда.
«Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» АҚ
«Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» акционерлік қоғамы (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» АҚ (бұдан әрі - Компания) Қазақстан Республикасының энергетика жүйесін басқаруды құрылымдық қайта құру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 28 қыркүйектегі № 1188 қаулысына сәйкес құрылды.
Компанияның миссиясы - Қазақстан Республикасының бірыңғай энергетика жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік саясат шеңберінде қазіргі заманғы техникалық, экономикалық, экологиялық талаптарға сай келетін Ұлттық энергетика желісін (бұдан әрі - ҰЗЖ) сенімді басқаруды жүзеге асыру.
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес компания өңіраралық деңгейдегі тораптар бойынша электр энергиясын беру және Электр энергиясын желіге босатуды техникалық диспетчерлеу мен электр қуатын тұтыну жөніндегі қызметтерді жеткізуші ретінде Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілді.
2004 жылы Компания 32,80 млрд. кВт.с. көлемінде электр энергиясын беру жөнінде қызметтер көрсетті, 2003 жылмен салыстырғанда өсу 22%-ды құрайды. Беру көлемінің айтарлықтай ұлғаюының негізгі себебі "Қырғызстан-Қазақстан-Қырғызстан" қоғамының желілері арқылы электр энергиясының транзитіне шарт жасасу болды.
2005 жылы Компанияның желілері бойынша электр энергиясын беру көлемі 31,40 млрд. кВт.с. мөлшерінде бағаланып отыр, бұл 2004 жылдың көрсеткішінен 4,3%-ға төмен және негізінен, Екібастұз МАЭС-2-ден электр энергиясын экспорттық жеткізу көлемінің азаюына байланысты.
2006 жылы Компанияның желілері бойынша электр энергиясын беру көлемі 30,40 млрд. кВт.с. мөлшерінде бағаланып отыр, бұл 2005 жылдың көрсеткішінен 3,3 %-ға төмен. Бұл ретте, ұсынылған жеңілдіктерді ескере отырып электр қуатын беру жөніндегі қызметтер көлемі 2005 жылмен салыстырғанда 1,9 %-ға ұлғаятын болады.
Компанияның негізгі қызметінің кірістері 2004 жылы 16835,70 млн. теңгені (2003 жылғы деңгейден 6,9%-ға жоғары), 2005 жылы - 18904,90 млн. теңгені (2004 жыл көрсеткішінен 12,3%-ға жоғары) құрады. Компанияның 2005 жылғы кірістерінің өсімі 2005 жылғы 1 сәуірден бастап қызметтердің реттелетін түрлеріне жаңа тарифтер енгізілуіне, электр қуатын жеткізудің орташа ұзақтығының ұлғаюына және электр қуатын реттеу жөніндегі қызметтер көлемінің көбеюіне байланысты.
2006 жылы негізгі қызметтен түсетін кірістер 20 968,4 млн. теңге мөлшерінде бағаланып отыр.
2004 жылы Компанияның негізгі қызмет бойынша шығыстары 14 958,5 млн. теңге мөлшерінде қалыптасты. 2005 жылы Компанияның негізгі қызмет бойынша шығыстары 17 250,7 млн. теңгені құрады немесе 2004 жылдың көрсеткішінен 15,3 %-ға жоғары, ал 2006 жылы - 20 222,7 млн. теңге (2005 жылғыдан 16,0 %-ға жоғары). Негізгі қызмет бойынша шығыстардың өсуі, негізінен, негізгі құралдардың қолданысқа енгізілуімен негізделген амортизациялық аударымдардың және мүлік салығының ұлғаюына, ағымдағы шығыстарға жатқызылатын кредиттер бойынша пайыздардың ұлғаюына байланысты, бұл да Қазақстанның Ұлттық электр желісін жаңғырту жобасы бойынша негізгі құралдардың енгізілуіне байланысты. Бұдан басқа, 2005 жылы Қоғам комиссияларды, сондай-ақ кредиттік шарттарға қол қоюға байланысты басқа да шығыстарды соған сәйкес төлейтін "Қазақстанның Солтүстігі-Оңтүстігі" транзитінің 500 кВ екінші электр беру желісін салу" жобасын іске асыру шеңберінде Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкімен (бұдан әрі - ХҚДБ), Еуропа Қайта Құру және Даму Банкімен (бұдан әрі - ЕҚКДБ) және Қазақстанның Даму Банкімен кредиттік келісімдер жасау жоспарланып отыр.
2004 жылы Компанияның таза пайдасы 1191,00 млн. теңгені құрады. 2005 жыл қорытындылары бойынша Компанияның таза пайдасы 8,80 млн. теңгені құрады. 2006 жыл қорытындылары бойынша Компанияның таза пайдасы 130,00 млн. теңге мөлшерінде бағаланып отыр. 2004 жылмен салыстырғанда 2005 және 2006 жылдары таза пайданың азаюы ағымдағы шығыстарға жатқызылатын жобалар бойынша тартылған кредиттерге қызмет көрсету жөніндегі, сондай-ақ компанияның Астана қаласына көшірілген қызметкерлеріне тұрғын үй сатумен байланысты шығындардың едәуір ұлғаюына байланысты. Бұдан басқа, 2005 жыл қорытындылары бойынша компанияның қаржылық нәтижесіне бағамдық айырмадан зиянды есептеу әсер етті.
Қазақстанның бүкіл энергия жүйесінің жұмыс істеуінің сенімділігі мен тиімділігін арттыру мақсатында Компания ХҚДБ мен ЕКДБ-ның қарыз қаражатын тарта отырып, «Қазақстан Республикасының Ұлттық энергия желісін жаңғырту» жобасын іске асыруда. Жобаның жалпы құны 43,8 млрд. теңге. Жобаның іске асырылуы кезеңінде жаңа буын жоғары вольтті коммутациялық аппараттар мен әлемдік жетекші өндірушілердің басқа электр техникалық жабдықтарын енгізу базасында Ұлттық электр желісін техникалық қайта қаруландыруға бағытталған 77,7% қаражат игерілді.
2004 жылы Компания "Қазақстанның Солтүстігі-Оңтүстігі" транзитінің 500 кВ екінші электр беру желісін салу" жобасын іске асыру жөніндегі жұмысты бастады, жобаның жалпы құны шамамен 41,4 млрд. теңгені құрайды. Жобаны іске асырудан бастап жобаның құнынан шамамен 7 % игерілді.
Құрылыс шамамен 326 млн. АҚШ доллары сомасына дейін халықаралық және қазақстандық даму институттарының қарыз қаражатын тарту есебінен жүзеге асырылады:
мемлекеттік кепілдікпен берілген ХКДБ қарызы 100 АҚШ доллары;
ЕКДБ синдикатталған қарызы - 147,8 млн. АҚШ доллары;
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қарызы - 21 млн. АҚШ доллары және 6,97 млрд. теңге.
Сондай-ақ Компания "Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы" өңіраралық ЭБЖ салу" Жобасын іске асыруға қатысады.
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі және "Батыс Транзит" АҚ арасында мемлекеттік-жеке серіктестіктер базасында концессиялық келісім жасалды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 7 қазандағы № 1008 қаулысына сәйкес Компания «Батыс транзит» АҚ акционерлерінің бірі бола отырып (жарғылық капиталдың 20% мөлшерінде), жобаны іске асыруға қатысады.