Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартының үлгі нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1036 Қаулысы
(2013.23.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1108 Қаулысымен күші жойылды
«Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартының үлгі нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 29 шілдедегі № 9-2/702 бұйрығын қараңыз
«Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартының үлгі нысаны бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 31 қазандағы
№ 1036 қаулысымен
бекітілген
Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартының
үлгі нысаны
ҚР Үкіметінің 2009.30.10. № 1728 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
№ ____ 200__ жылғы «___»__________ ___________ сериясы ___________
Бірлесіп Тараптар, ал жеке Тарап деп аталатын, бұдан әрі «Сақтандырушы» деп аталатын, ___________________ атынан ___________ негізінде әрекет ететін ________________ бір тараптан және «Сақтанушы» деп аталатын, ___________ атынан ____________ негізінде әрекет ететін _____________________________________________________ екінші тараптан Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі және «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңы (бұдан әрі - Заң) негізінде төмендегі туралы осы Міндетті сақтандыру шартын (бұдан әрі - Шарт) жасасты:
1. Терминдер мен айқындамалар
ҚР Үкіметінің 2010.08.10. № 1042 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Шартта мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) қолайсыз табиғат құбылысы фактісі бойынша тексеру актiсi (бұдан әрі - тексеру актісі) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген нысан бойынша Заңда көзделген талаптармен қолайсыз табиғат құбылысының (құбылыстарының) әсерi мен егiстіктің ішінара немесе толық жойылуы арасындағы себеп-тергеулік байланысты растайтын құжат;
2) пайда алушы - пайдасына шарт жасалған сақтандырушы немесе өзге тұлға;
3) қолайсыз табиғат құбылысы - нәтижесiнде өсiмдiк шаруашылығының өнiмi жойылған немесе бүлiнген (ұзақ мерзiмдi - құрғақшылық, үсiп кету, жылудың жетiспеуi, топырақтың шамадан тыс ылғалдануы, ауаның асыра ылғалдануы, су тасқыны, судың жетіспеуі, қуаңшылық; қысқа мерзiмдi - бұршақ, нөсер, үсiк шалу, қатты жел, сел) табиғат құбылысы;
4) өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру объектісі - сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушының шығынын iшiнара немесе толық өтеуге байланысты сақтанушының мөлшерi Заңға сәйкес белгiленетiн мүлiктiк мүдделерi;
5) бағалаушы (тәуелсiз сарапшы) - бағалау қызметiн жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға;
6) егiстiктiң толық жойылуы - одан әрi өсiруге және астық жинауға арналған шығындар астықтан түсетiн болжамды кiрiстен асып түсетiн, егiстiкке қолайсыз табиғат құбылысы әсерiнiң салдары;
7) егістіктің ішінара жойылуы - өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрін өндірудің бір гектарынан түсетiн бағалау немесе нақты кiрiсі міндетті сақтандыру шартын жасау сәтінде белгіленген өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрін өндірудің бір гектарына арналған шығындар нормативінің мөлшерінен аз болатын егiстiкке қолайсыз табиғат құбылысы әсерiнiң салдары;
8) астықтан түсетiн болжамды кiрiс - өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен егістіктің жойылған алаңын анықтау әдістемесіне сәйкес комиссия айқындайтын кiрiс;
9) өсiмдiк шаруашылығының өнiмi - ауыл шаруашылығы дақылдарын (дәндi, майлы дақылдар, қант қызылшасы, мақта) өңдеу процесiнде алынған өнiм;
10) өсiмдiк шаруашылығы - өсiмдiк шаруашылығы өнiмiн өндiрумен айналысатын ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушiлерді - жеке және заңды тұлғаларды қамтитын ауыл шаруашылығы саласы өндiрiстерінің кешенi;
11) сақтандырушы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өсiмдiк шаруашылығында мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алған, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге адамға (пайда алушыға) шартта айқындалған сома (сақтандыру сомасы) шегiнде сақтандыру төлемiн жүргiзуге мiндеттi заңды тұлға;
12) сақтанушы - өсiмдiк шаруашылығы өнiмiн өндiру жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын және сақтандырушымен міндетті сақтандыру шартын жасасқан адам;
13) сақтандыру сомасы - мiндеттi сақтандыру объектiсi сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде осы шарт бойынша сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiн бiлдiретiн ақша сомасы;
14) сақтандыру сыйлықақысы - сақтанушы міндетті сақтандыру шартында айқындалған мөлшерде сақтандырушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн жүргiзу мiндеттемелерiн қабылдағаны үшін сақтандырушы сақтанушыға төлеуге мiндеттi ақша сомасы;
15) сақтандыру жағдайы - басталуына орай міндетті сақтандыру шарты сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн оқиға.
2. Шарттың мәнi
2. Осы Шарт бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтанушының мөлшері Заңға сәйкес айқындалатын шығынын ішінара немесе толық өтеуге байланысты Сақтанушының мүліктік мүдделерін Сақтандырушы сақтандыру қорғауымен қамтамасыз етеді.
3. Осы Шарттың әрекеті ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлерде өсімдік шаруашылығының өнімдерін өсіру және өсімдік шаруашылығы өнімін сақтау жөніндегі қызметке қолданылмайды.
4. Сақтандырушы қолайсыз табиғат құбылысынан өзге себептер бойынша туындаған Сақтандырушының шығынын сақтандыру қорғауымен қамтамасыз етпейді.
3. Сақтандыру сомасының және сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi
5. Сақтандыру сомасының мөлшері Сақтанушы өсімдік шаруашылығының өнімдерін өсіру жөніндегі шығындарды жүзеге асыратын барлық алаңға көбейтілген, бір гектарға арналған шығындар нормативіне сәйкес өсімдік шаруашылығы өнімдерінің әрбір түрі бойынша белгіленеді.
6. Осы Шарт бойынша сақтандыру сомасы осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Қосымшаға сәйкес ___________________________ (____________________________________) теңге мөлшерінде белгіленеді.
7. Сақтандыру сомасының мөлшерінен тыс залалды және/немесе зиянды өтеуді Сақтанушы өз есебінен жүзеге асырады.
8. Осы Шарт бойынша сақтандыру сыйлықақысы __________________ (________________________________) теңгені құрайды және осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Қосымшаға сәйкес мерзімде және тәртіппен айқындалады.
9. Сақтанушы Шартта белгіленген сақтандыру сыйлықақысын бір уақытта төлеу шарты бойынша оны төлемеген жағдайда міндетті сақтандыру шарты жасалмаған деп саналады.
10. Осы Шартта белгіленген сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеу шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының кезекті сомасы уақтылы төленбеген кезде Сақтанушы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде Сақтандырушыға тұрақсыздық айыбын төлейді.
11. Егер сақтандыру жағдайы кезекті сақтандыру сыйлықақысын төлегенге дейін не төлем уақыты өтіп кеткенде туындаса, Сақтандырушы сақтандыру төлемін азайта отырып, төленбеген сақтандыру сыйлықақысын есепке алуға құқылы.
4. Сақтандыру жағдайлары
ҚР Үкіметінің 2010.08.10. № 1042 қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
12. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру кезіндегі сақтандыру жағдайларына тексеру актісінде тіргелген қолайсыз табиғат құбылыстары немесе олардың жиынтығы нәтижесінде Сақтанушыға залал келтірілген өсімдік шаруашылығы өнімінің жойылуы немесе бүлінуі жатады.
13. Сақтандыру жағдайының басталғанын, сондай-ақ келтірілген залалды Сақтанушы айғақтайды.
5. Тараптардың құқықтары мен міндеттерi
14. Сақтандырушы:
1) сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтанушымен және бағалаушымен (тәуелсіз сарапшымен) бірлесіп, қолайсыз табиғат құбылысының әсеріне ұшыраған өсімдік шаруашылығы өнімінің нақты және (немесе) бағалау кірісін айқындау жөнінде жұмыс жүргізуге;
2) құзыретті ұйымдардан сақтандыру жағдайының басталуын растайтын құжаттарды сұратуға;
3) сақтандыру жағдайының басталуы нәтижесінде сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындау үшін бағалаушыны (тәуелсіз сарапшыны) тартқан жағдайда оның есептерін пайдалануға;
4) бағалау кірісін дербес немесе бағалаушыны (тәуелсіз сарапшыны) тарта отырып айқындауға құқылы.
15. Сақтандырушы:
1) Сақтанушыны өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру ережесімен таныстыруға;
2) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге;
3) қолайсыз табиғат құбылысы басталған кезде қолайсыз табиғат құбылыстарының әсеріне ұшыраған алаңдарды айқындау жөнінде тексеру жүргізу үшін Сақтанушының өтініші бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы құрған комиссияның құрамына өз өкілін жіберуге;
4) соның салдарынан Сақтанушы шығынға ұшыраған сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтанушы өндіретін өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлері бойынша Заңда және осы Шартта белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімде сақтандыру төлемін жүргізуге;
5) өзі тартатын бағалаушының (тәуелсіз сарапшының) қызметтеріне ақы төлеуге міндетті.
16. Сондай-ақ Сақтандырушының Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерінде және осы Шартта көзделген өзге де құқықтары мен міндеттері бар.
17. Сақтандырушының ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің агротехнологиясын сақтау жөнінде талаптар қоюға құқығы жоқ.
18. Сақтанушы:
1) осы Шартта белгіленген мерзімде сақтандыру төлемін алуға;
2) Сақтандырушыдан міндетті сақтандыру талаптарын, осы Шарт бойынша өз құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді талап етуге;
3) келтірілген залал туралы жүргізілген бағалаудың нәтижелерімен танысуға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Шартта көзделген тәртіппен Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту немесе оның мөлшерін азайту туралы шешімі бойынша дауласуға;
5) қолайсыз табиғат құбылысына ұшыраған егістік алаңында өсірілген өсімдік шаруашылығы өнімінің әрбір түрінен алынған нақты немесе бағалау кірісін бағалау нәтижесімен келіспеген жағдайда сотқа жүгінуге;
6) Шарт жасасу кезінде сақтандыру сомасын есептеу үшін шығындар нормативтерінің бір түрін таңдауға құқылы.
19. Сақтанушы:
1) әрбір жеке ауыспалы егіс даласында өзінің мүліктік мүдделерін сақтандыруға;
2) Шартта белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімде сақтандыру сыйлықақысын төлеуге;
3) сақтандыру жағдайынан келтірілген залалды азайтуға шаралар қабылдауға;
4) дереу, бірақ сақтандыру жағдайының басталуына алып келуі мүмкін қолайсыз табиғат құбылысының болу фактісі туралы өзіне мәлім болғаннан кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей бұл туралы Сақтандырушыны қол жетімді тәсілмен (ауызша, жазбаша) хабарландыруға. Ауызша нысандағы хабарлама кейіннен (жетпіс екі сағат ішінде) жазбаша расталуға тиіс. Егер Сақтанушының көрсетілген іс-қимылды дәлелді себептермен орындауға мүмкіндігі болмаса, ол мұны құжат түрінде растауға тиіс;
5) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына қолайсыз табиғат құбылысының әсеріне ұшыраған алаңды белгілеу жөнінде комиссия құру туралы өтініш беруге:
қысқа мерзімді құбылыс кезінде - оның басталған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде;
ұзақ мерзімді құбылыс кезінде - гидрометеорологиялық қызмет органының және (немесе) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның қолайсыз табиғат құбылысы фактісін растайтын анықтамасы болған кезде егістікке оның әсер етуі анықталғаннан кейін он жұмыс күні ішінде;
6) Сақтандырушыға сақтандыру мәніне қатысты жасалған немесе жасалатын барлық сақтандыру шарттары туралы хабарлауға;
7) сақтандырушының және бағалаушының (тәуелсіз сарапшының) өкілдеріне қолайсыз табиғат құбылысы болған аумақты қарау үшін жағдай жасауға, жинау жұмыстары аяқталғанға дейін олардың егістіктер мен көшеттердің жай-күйін бақылауына кедергі келтірмеуге;
8) Сақтандырушыға сақтандыру төлемін алу үшін қажетті барлық құжаттарды ұсынуға міндетті.
20. Сақтанушының Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерінде және осы Шартта көзделген өзге де құқықтары мен міндеттері бар.
6. Сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындау және оны жүзеге асыру тәртібi
ҚР Үкіметінің 2008.28.06. № 642 Қаулысымен 21-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21. Сақтандыру төлемінің мөлшерін анықтау Заңға және осы Шартқа сәйкес жүргізіледі:
1) егін толық жойылған жағдайда зиян мөлшері өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартын жасасқан сәтте белгіленген өсімдік шаруашылығы өнімінің түрін өсірудің бір гектарына арналған шығындар нормативінің қолайсыз табиғат құбылысы әсер ететін осы өнім түрін өсіру алаңына көбейтілген мөлшері ретінде анықталады;
толық жойылған жағдайда ЗМ = (ШН * S га);
S - қолайсыз табиғат құбылысының әсеріне ұшыраған алаң;
ЗМ - зиян мөлшері;
ШН - шығындар нормативі;
2) егін ішінара жойылған жағдайда қолайсыз табиғат құбылысының әсеріне ұшыраған алаңнан жиналған өнім көлемі астық жинау кезінде міндетті бағалауға жатады. Бұл ретте кіріс мынадай тәртіппен есептеледі:
өсімдік шаруашылығы өнімі түрінің барлық көлемі сатылғаннан кейін нақты кіріс бойынша;
өсімдік шаруашылығы өнімі түрінің барлық көлемі сатылғанға дейін бағалау кірісі бойынша;
егер алынған астық ішінара сатылса және астықтың сатылмаған бөлігі бар болса, онда осы Шарттың 21-тармағының 2) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарына сәйкес;
ішінара жойылған кезде ЗМ = (ШН - қолайсыз табиғат құбылысының әсеріне ұшыраған алаңның 1 га-дан алынатын кіріс) * S га (қолайсыз табиғат құбылысының әсеріне ұшыраған алаң).
ҚР Үкіметінің 2009.30.10. № 1728 Қаулысымен 22-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
22. Сақтанушы сақтандыру төлемі туралы талапты Сақтандырушыға мынадай құжаттармен қоса сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы өтініш түрінде жазбаша нысанда береді:
міндетті сақтандыру шартының көшірмесі;
егістіктің орналасу картасының (схемасының) көшірмесі;
гидрометеорологиялық қызмет органының және (немесе) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның қолайсыз табиғат құбылысы фактісін растайтын анықтамасы;
Сақтанушының ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына қолайсыз құбылыстың әсеріне ұшыраған алаңдарды белгілеу жөніндегі комиссия құру туралы өтінішінің осы өтініштің қабылданғаны туралы белгісі бар көшірмесі;
сондай-ақ егістік ішінара жойылған жағдайда Сақтандырушы кірістің алынғанын растайтын құжаттарды ұсынады, атап айтқанда:
өсімдік шаруашылығы өнімін сатып алу-сату шарттарының көшірмелері;
шот-фактуралардың көшірмелері, тауар-көлік жүк қағазы;
Сақтанушының немесе тәуелсіз сарапшының кірісін бағалау актісі.
ҚР Үкіметінің 2010.08.10. № 1042 қаулысымен 23-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
23. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы құжаттардың толық тiзбесi мен олардың қабылданған күнi көрсетiлген анықтаманы екі данада жасауға мiндеттi. Анықтаманың бір данасы өтініш берушіге беріледі, өтініш берушінің алу туралы белгісі бар екінші данасы сақтандырушыда қалады.
ҚР Үкіметінің 2010.08.10. № 1042 қаулысымен 23-1-тармақпен толықтырылды
23-1. Сақтанушы шарттың 22-тармағында көзделген құжаттарды бермеген кезде сақтандырушы шұғыл, бірақ үш жұмыс күнінен кешіктірмей, сақтанушыны жетпейтін құжаттар туралы жазбаша түрде хабардар етеді.
24. Егістік толық жойылған жағдайда Сақтандырушы бағалау кірісін айқындауды жүргізбейді.
25. Егістік толық жойылған жағдайда сақтандыру төлемі тексеру актісі мен осы Шарттың 22-тармағында көзделген құжаттар негізінде тексеру актісіне қол қойылған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
26. Егер сақтандыру жағдайы осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде болса, сақтандыру төлемі жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 2009.30.10. № 1728 Қаулысымен 26-1-тармақпен толықтырылды
26-1. Шарт бойынша пайда алушы болып табылалы. Пайда алушының деректемелерін сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы өтініште көрсетеді.
27. Осы Шарт бойынша сақтандыру сомасы толық төленген кезде осы Шарттың қолданылуы тоқтатылады.
28. Сақтандыру төлемінен бас тарту туралы шешімді Сақтандырушы қабылдайды және Сақтанушыға осы Шарттың 22-тармағында көрсетілген барлық құжаттар ұсынылған күннен бастап жеті күнтізбелік күн ішінде бас тарту себептерінің уәжделген негіздемесімен бірге жазбаша нысанда хабарланады.
7. Сақтандырушыны сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босату
29. Егер сақтандыру жағдайы:
1) қажетті қорғаныс және аса қажеттілік жағдайында жасалған іс-әрекеттерді қоспағанда, Сақтанушының сақтандыру жағдайының басталуына бағытталған не оның басталуына ықпал ететін қасақана іс-әрекеті;
2) Сақтанушының Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерінде белгіленген тәртіппен сақтандыру жағдайымен себептік байланыстағы қасақана қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар деп танылған іс-әрекеті салдарынан болса, Сақтандырушы сақтандыру төлемін толық немесе ішінара төлеуден бас тартуға құқылы.
30. Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуы үшін, сондай-ақ мыналар да негіздеме болуы мүмкін:
1) Сақтанушының Сақтандырушыға сақтандыру объектісі, сақтандыру тәуекелі, сақтандыру жағдайы және оның салдары туралы көрінеу жалған мәліметтерді хабарлауы;
2) Сақтанушының сақтандыру жағдайынан келтірілген залалды азайту жөніндегі шараларды қасақана қабылдамауы;
3) Сақтанушының Сақтандырушыға сақтандыру жағдайы басталуының мән-жайларын тексеруге және оған келтірілген залалдың мөлшерін белгілеуге кедергі жасауы;
4) егер Сақтандырушы сақтандыру жағдайының басталғаны туралы уақтылы білгені не Сақтандырушыда бұл туралы мәліметтердің болмауы оның сақтандыру төлемін жүзеге асыру міндетіне әсер етпегені дәлелденбесе, Сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарланбауы;
5) осы Шарттың 19-тармағының 5) тармақшасында белгіленген мерзімді бұза отырып, қолайсыз табиғат құбылысының әсеріне ұшыраған алаңдардың мөлшерін айқындау жөнінде комиссия құру туралы жергілікті атқарушы органға өтініш беру;
6) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген басқа да жағдайлар.
8. Форс-мажорлық жағдайлар
31. Егер дүлей апаттарды, әскери іс-қимылды, ядролық жарылыстың әсерін, көтерілістерді, халықтық толқуларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының құқықтық кесімдерінде көзделген тыйым салу шараларын қоса алғанда, еңсерілмейтін күш салдарынан тиісті орындау мүмкін болмаса, егер осы мән-жайлар Тараптардың осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауына тікелей әсер етсе, Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерін ішінара немесе толық орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
32. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары салдарынан осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындаудың мүмкіндігі болмаған Тарап олар туындаған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей екінші Тарапты бұл туралы жазбаша хабардар етуге және тиісті айғақтар ұсынуға міндетті.
33. 31-тармақта көрсетілген мән-жайларды құзыретті мемлекеттік органдар мен ұйымдар растауға тиіс.
34. Тиісінше хабарламау Тарапты осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босататын негіздеме ретінде жоғарыда көрсетілген кез келген мән-жайға сүйену құқығынан айырады.
35. Егер еңсерілмейтін күш мән-жайлары бір айдан астам жалғасатын болса, Тараптардың кез келгені осы Шартты бір жақты тәртіппен бұзуға құқығы бар.
9. Сақтандыру шартының қолданылу мерзімі және орны
ҚР Үкіметінің 2009.30.10. № 1728 Қаулысымен 36-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
36. Осы Шарт Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеген сәттен бастап күшіне енеді және Тараптар үшін міндетті болады әрі 20__ жылғы «____»____ дейін қолданылады.
37. Егер заңнамалық кесімдерде өзгеше көзделмесе, сақтандыру сыйлықақысы осы Шартта көзделгендей бөліп төленген жағдайда, Шарт бірінші сақтандыру жарнасы түскен сәттен бастап күшіне енеді.
38. Сақтандыру қорғауының қолданылу кезеңі Шарттың қолдану мерзімімен сәйкес келеді.
39. Осы Шартқа сәйкес Шарттың қолданылу орны Қазақстан Республикасының аумағы болып табылады.
10. Сақтандыру шартын тоқтату негіздерi
40. Осы Шарттың қолданылуы мынадай:
1) осы Шарттың қолдану мерзімі аяқталған;
2) Шарттың қолдану мерзімі ішінде орын алған барлық сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемі жүзеге асырылған жағдайларда тоқтатылады.
41. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген жағдайларда Шарт мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.
11. Тараптардың жауапкершілігi
42. Тараптар өздерінің осы Шарт бойынша қабылданған міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда Тараптарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген жауапкершілік жүктеледі.
12. Шарт талаптарына өзгерістер енгізу тәртібi
43. Шарт талаптарына өзгерістер енгізуге осы Шарт Тараптарының бұл туралы жазбаша келісімге қол қоюы жолымен ғана рұқсат етіледі.
13. Дауларды шешу тәртібi
44. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру жөніндегі қатынастардан туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады.
14. Қосымша талаптар
45. Осы Шартқа қосымша, өзгерістер мен толықтырулар оның ажырамас бөлігі болып табылады және егер олар жазбаша нысанда жасалған әрі оларға екі Тарап қол қойған жағдайда ғана олардың заңды күші болады.
46. Тараптардың ешқайсысының осы Шарттың талаптарынан туындайтын өз құқықтары мен міндеттерін бұған екінші тараптың жазбаша келісімінсіз үшінші тарапқа беруге құқығы жоқ.
47. Осы Шарттың талаптарымен көзделмеген қалған өзара қатынастар Қазақстан Республикасының Азаматтық заңнамасымен реттеледі.
48. Шарт Тараптардың әрқайсысы үшін бір данадан, әрқайсысының бірдей заңды күші бар 2 данада жасалды.
ҚР Үкіметінің 2009.30.10. № 1728 Қаулысымен бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.23.12. № 1386 Қаулысымен бөлім жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15. Тараптардың деректемелерi
«САҚТАНДЫРУШЫ» | «САҚТАНУШЫ» |
Атауы: ___________________________________________ | Атауы: ______________________________________________ |
Мекенжайы: ______________________________________ | Мекенжайы: _________________________________________ |
БСН _____________________________________________ | ЖСН/БСН ___________________________________________ |
ЖСК ____________________________________________ | ЖСК _______________________________________________ |
БСК ____________________________________________ | БСК ________________________________________________ |
Резиденттік белгісі ________________________________ | Резиденттік белгісі ____________________________________ |
Экономика секторының коды ________________________________________________ | Экономика секторының коды ____________________________________________________ |
ҚР Үкіметінің 2009.30.10. № 1728 Қаулысымен қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Өсімдік шаруашылығындағы
міндетті сақтандыру шартының
үлгі нысанына қосымша
200__ жылғы «___»______________
____________________облысы_________________ табиғи климаттық аймағы бойынша
______________________ __________________ жасалған №__
(ауыл шаруашылығы өндірушісінің атауы)
өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасы мен сақтандыру
сыйлықақысының есебi бойынша
Егістіктерді орналастыру карта-схемасына сәйкес егістік нөмірі | Жалпы алаңы, (га) | Бос алаң, га (егілмеген, оның ішінде парлар) | Нақты егілген алаң, (га) |
барлығы | түрлері бойынша |
| | | | |
| | | | |
кестенің жалғасы
Өсімдік шаруашылығы өнімнің түрлері | 1 га арналған норматив шығыны | Сақтандыру сомасы (теңге) | Сақтандыру тарифі (%) | Сақтандыру сыйлықақысы |
код | теңге |
| | | | | |
| | | | | |