«Биологиялық саналуандықты сақтауға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға гранттар
беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен қорлардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1035 Қаулысы
(2009.27.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № 150 Қаулысымен күші жойылды
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Биологиялық саналуандықты сақтауға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен қорлардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 587 Қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2006 жылғы 31 қазандағы
№ 1035 қаулысымен
Бекітілген
Биологиялық саналуандықты сақтауға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға гранттар
беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен қорлардың тізбесi
Халықаралық ұйымдар
1. Азия Даму Банкі (АДБ/АDВ)
2. Дүниежүзілік туристік ұйым
3. Дүниежүзілік Тағы Табиғат Қоры (WWҒ)
4. Ғаламдық экологиялық қор (ҒЭҚ/GЕҒ)
5. Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі (ЕКДБ/ЕВRD)
6. Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі (ХҚДБ/IВRD)
7. Халықаралық ауыл шаруашылығын дамыту қоры (IFAD)
8. Мәдениет және білім саласындағы ынтымақтастық жөніндегі ұйым (ЮНЕСКО/UNESKO)
9. Біріккен Ұлттар Ұйымының Хатшылығы (БҰҰ/UN)
10. БҰҰ-ның азық-түлік және ауыл шаруашылығы жөніндегі ұйымы (ФАО/ҒАО)
11. БҰҰ-ның Даму бағдарламасы (БҰҰДБ/UNDР)
12. БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы (ЮНЕП/UNЕР)
13. ТМД елдеріне арналған Еуропа Одағының Техникалық көмек бағдарламасы ТАСИС бағдарламасы (TACIS)
Мемлекеттік ұйымдар
1. Американ халықаралық даму жөніндегі агенттігі (ЮСАИД/USAID)
2. «British Council» Британ кеңесі (БК/ВС)
3. Герман техникалық ынтымақтастық жөніндегі қоғамы (GTZ)
4. Дат халықаралық даму жөніндегі агенттігі (DANIDA)
5. Ұлыбритания халықаралық даму жөніндегі департаменті (DFID)
Yкіметтік емес ұйымдар мен қорлар
«Seimar Social Fund» корпоративтік қоры
«Қазақстанның биологиялық саналуандығын сақтау қоры» корпоративтік қоры.