|
|
5.3. Заңды тұлғаларды құрмай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру Заңды тұлғалардың құқығы жоқ ЕҚТА мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттік табиғат ескерткіштері жатады. Осы ЕҚТА түрлері жер алынбай құрылады және оларда орналасқан табиғи-қорық қорының объектілерін қорғау Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың табиғат пайдалануға белгілеген тыйым салулары мен шектеулерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардың сақтауы арқылы қамтамасыз етіледі. 5.3.1. Мемлекеттік табиғи қаумалдар Мемлекеттік табиғи қаумал - мемлекеттік табиғи-қорық қорының бір немесе бірнеше объектілерін сақтауға және молықтыруға арналған шаруашылық қызметтің тапсырыстық режимі немесе реттелмелі режимі бар ЕҚТА. Қаумалдар зоологиялық, ботаникалық, гидрологиялық, геологиялық, геоморфологиялық, гидрогеологиялық, топырақты, ландшафты және кешенді қаумалдар болуы мүмкін. Қазақстан Республикасының аумағында республикалық маңызы бар барлығы 55 мемлекеттік табиғи қаумал ұйымдастырылған. Бағдарламада табиғи қаумалдардың аумақтарында орналасқан табиғи-қорық қорының объектілерін, мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелеріне бекітілмегендерінде тиімді түрде қорғауды қамтамасыз ету мақсатында оларды осы бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік мекемелеріне бекітіп беру көзделеді. Сондай-ақ Бағдарламада көрсетілген аумақтарда биологиялық сан алуандылықты сақтау және оны орнықты дамыту мақсатында осы аумақтар бекітілген мемлекеттік мекемелерді қажетті мөлшердегі контейнер типті тұрғын ғимараттармен, көлік құралдарымен, қызметтік қарумен, нысанды киім-кешекпен қосымша жарақтандыру көзделеді және мемлекеттік инспекторларды ұстауға арналған қаражат көзделеді. Сулы-батпақты алқаптардың биологиялық сан алуандылығын сақтау жөніндегі халықаралық келісімдерді орындау және «Ақ тырна мен басқа да суда жүзетін құстарды сақтау үшін қоныс аудару маршруттары мен сулы-батпақты алқаптарды дамыту» Ғаламдық экологиялық қор және қоршаған ортаны қорғау бойынша БҰҰ бағдарламасының жобасын іске асыру шеңберінде Наурызым мемлекеттік табиғи қорығына бекітіп берілетін республикалық маңызы бар жаңа «Жарсор-Ұрқаш» мемлекеттік табиғи қаумалын ұйымдастыру көзделуде (8-кесте). 8-кесте Республикалық маңызы бар жаңа мемлекеттік табиғи қаумалдар құру Қаумалдың атауы | Қаумалдың түрі | Қорғау объектілері | Алқабы, га | Қостанай облысы | Жарсор-Ұрқаш | Кешенді | Ақ тырнаны қоса алғанда, маусымдық қоныс аудару кезеңінде тырналардың жаппай жиналған үйірлерін және олар мекендейтін жерлерді қорғау | 30000 |
5.4. Жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жүйесін дамыту Жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар желісін дамыту берекесіз жүргізілді және атқарушы органдардың бастамашылығына, ғылыми және қоғамдық ұйымдардың белсенділігіне байланысты болды. Қазіргі кезде Қазақстанда төрт түрлі жергілікті маңызы бар 63 ЕҚТА ұйымдастырылған, олар: табиғи парктер, табиғат ескерткіштері, қорықтық аймақтар, дендропарктер және жергілікті маңызы бар қаумалдар, олардың ішінде Батыс Қазақстан облысының аумағында - 8, Қарағанды облысында - 11, Қостанай облысында - 13, Солтүстік Қазақстан облысында - 2, Оңтүстік Қазақстан облысында - 28, Алматы қаласы - 1. Заңды тұлға мәртебесімен 3 табиғи парк қана жұмыс істейді, олар - «Медеу» (Алматы қаласы), «Бұйратау» (Қарағанды облысы), Шалқар (Батыс Қазақстан облысы). Соңғысы 2004 жылдың қазан айында құрылды. ЕҚТА желісін одан әрі дамыту республика аймақтарының табиғатын қорғаудың аса көкейкесті міндеттерінің бірі болып табылады және облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдары бекіткен жергілікті маңызы бар ЕҚТА желісін дамытудың орта мерзімді және ұзақ мерзімді аймақтық бағдарламалары негізінде орындалуда. Мүдделі мемлекеттік және өзге ұйымдардан келіп түскен ұсыныстардың негізінде мына мемлекеттік табиғи парктерді құруды бірінші кезектегі объектілер ретінде облыстық әкімдіктерге ұсынуға болады, олар - Көксай (Жамбыл облысы), Бектауата (Қарағанды облысы), Шідерті-Өлеңті (Павлодар облысы) сондай-ақ табиғат ескерткіштерін, дендропарктерді ұйымдастыру, жергілікті деңгейдегі экологиялық желінің басқа да элементтерін қалыптастыру есебінен аймақтық EҚTА желісін кеңейту ұсынылады. 6. Қажетті ресурстар және Бағдарламаны қаржыландыру көздерi Осы Бағдарламаны қаржымен қамтамасыз ету көздері: республикалық бюджеттің, жергілікті бюджеттің қаражаты және халықаралық гранттардың қаражаты болып табылады. Жалпы алғанда Бағдарламаны іске асыруға: республикалық бюджеттен 147,81 млн. теңге, оның ішінде жылдар бойынша: 2007 жылы - 5,5 млн. теңге; 2008 жылы - 72,33 млн. теңге; 2009 жылы - 69,98 млн. теңге; халықаралық гранттар қаражаты есебінен 9,3 млн. теңге, оның ішінде жылдар бойынша: 2007 жылы - 7,5 млн. теңге, 2008 жылы - 1,8 млн. теңге көзделуде. Бағдарламада жер бөлуге, күрделі құрылысқа, техника, жабдықтар, басқа да негізгі құралдар сатып алуға және ЕҚТА-ды ұстауға жұмсалатын шығыстардың есеп-қисабы көзделмеген, өйткені мұндай есеп-қисаптар оларды құрудың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу барысында ғана жасалуы мүмкін. Осы бағдарламаға 2-қосымшаға сәйкес контейнер үлгісіндегі тұрғын үйлер, көлік құралдарын, қызметтік қару, нысанды киім сатып алуға және республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторларды ұстауға республикалық бюджеттен жұмсалатын шығыстар 129,9 млн. теңгені құрайды. 7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер Бағдарламаның шараларын жүзеге асыру қолданыстағы және жаңа ЕҚТА ұлғайту бойынша: Қазақстан Республикасының табиғи-қорық қорының аумағын 1258,66 га кеңейтуге (ЕҚТА үлесі мемлекет аумағының 1,8%-ын құрайды); ірі сүтқоректілер (киік, құлан) мен құстардың (дуадақ, тарғақ, жыртқыш және сулы-батпақты құстардың кешені) сирек кездесетін және құрып бара жатқан түрлерінің таралымын сақтау және қалпына келтіру үшін терең мәні бар Қазақстанның далалы және жартылай шөлді аймақтарының сулы-батпақты жерлерін, мемлекеттің ландшафты және биологиялық саналуандылығын қорғауды күшейтуге; жануарлардың сирек кездесетін түрлерін (барыс, қызыл қасқыр, арқар, қоңыр аю, орта азиялық сілеусін, орта азиялық кәмшат, сабаншы, шұбар күзен, тас сусары) қорғау аумағын, мекендеу орнын және албырт тектес балық түрлерін көбейту аумағын кеңейтуге; тамаша субальпілік өсімдіктерді (Сиверс алма ағашы, майқараған, ледебуров бадамы, алтай рауғашы, ақшыл секпігүл, инелі кекіре, алтай қасқыржидегі, тарбағатай таушешегі, Попов дембеті, қызғылт семізот, марал түбірі), өсімдіктер әлемінің эндемикалық және сирек кездесетін түрлерін, тарихи археологиялық ескерткіштерді: бағзы заманғы тұрақтар мен қазбаларды, палеонтологиялық табылғандарды қорғауға алу; аймақтарда қоршаған ортаның тұрақты жай-күйі мен биологиялық сан алуандылығын ұзақ мерзімді сақтауға кепілдік беретін қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін құруға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының ЕҚТА-ын құру және дамыту жөніндегі мәліметтер 9-кестеде келтірілген. 9-кесте 2007-2009 жылдарға арналған ЕҚТА-ны құру және кеңейту бойынша мәліметтер Әкімшілік облыс | ЕҚТА санаты | Атауы | Ауданы, мың. га | Кеңейту | Құру | Ақмола | МТҚ | Қорғалжын | 110,0 | | Алматы | МТҚ | Алакөл | 210,0 | | | Шарын | 104,85 | | Жоңғар Алатауы | | 407,465 | Атырау | МТР | Ақжайық | | 111,5 | Шығыс Қазақстан | МТҚ | Марқакөл | 27,923 | | Батыс Алтай | 30,344 | | | МҰТП | Бұйратау | | 103,588 | Қарағанды | МҰТП | Қарқаралы | 50,0 | | Павлодар | МҰТП | Баянауыл | 72,99 | | Қостанай | табиғи қаумал | Жарсор-Ұрқаш | | 30,0 | Барлығы: | 606,107 | 652,553 | Жиыны: | | | 1258,66 мың. га |
8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары Р/с № № | Іс-шаралар | Аяқтау формасы | Орындауға жауаптылар | Орындау мерзімі | Көзделіп отырған шығыстар, млн. теңге | Қаржыландыру көзі | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | | Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды кеңейту және құру | 1 | Қазіргі ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды кеңейту | 1.1 | Қорықтар | 1 | Алакөл МТҚ аумағын кеңейтудің ЖҒ және ТЭН әзірлеу | ЖҒ және ТЭН | АШМ (жинақтау), Қоршағанортамині, ЖРА | 2007 жылғы желтоқсан | 2007 жыл - 2,5 | Халықаралық гранттар | Алакөл МТҚ аумағын кеңейту | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | АШМ (жинақтау), Қоршағанортамині, ЖРА | 2008 жылғы желтоқсан | * | Республикалық бюджет | 2 | Марқакөл МТҚ аумағын кеңейту | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | АШМ (жинақтау), Қоршағанортамині, ЖРА | 2007 жылғы желтоқсан | * | Республикалық бюджет | 3 | Батыс Алтай МТҚ аумағын кеңейту | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | АШМ (жинақтау), Қоршағанортамині, ЖРА | 2007 жылғы желтоқсан | * | Республикалық бюджет | 4 | Қорғалжын МТҚ аумағын кеңейтудің ЖҒ және ТЭН әзірлеу | ЖҒ және ТЭН | АШМ (жинақтау), Қоршағанортамині, ЖРА | 2007 жылғы желтоқсан | 2007 жыл - 2,5 | Халықаралық гранттар | Қорғалжын МТҚ аумағын кеңейту | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | АШМ (жинақтау), Қоршағанортамині, ЖРА | 2008 жылғы желтоқсан | * | Халықаралық гранттар | 1.2 | Ұлттық парктер | 1 | Іле Алатауы МҰТП аумағын кеңейтудің ЖҒ және ТЭН әзірлеу | ЖҒ және ТЭН | АШМ (жинақтау), Қоршағанортамині, ЖРА | 2008 жылғы желтоқсан | 2008 жыл - 2,5 | Республикалық бюджет | 2 | "Көкшетау"» МҰТП аумағын кеңейтудің ЖҒ және ТЭН әзірлеу | ЖҒ және ТЭН | АШМ (жинақтау), Қоршағанортамині, ЖРА | 2007 жылғы желтоқсан | 2007 жыл - 2,5 | Республикалық бюджет |
3 | Шарын МҰТП аумағын кеңейту | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | АШМ (жинақтау), Қоршағанортамині, ЖРА | 2007 жылғы желтоқсан | * | Республикалық бюджет | 4 | Баянауыл МҰТП аумағын кеңейту | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | АШМ (жинақтау), Қоршағанортамині, ЖРА | 2007 жылғы желтоқсан | * | Республикалық бюджет | 5 | Қарқаралы МҰТП аумағын кеңейтудің ЖҒ және ТЭН әзірлеу | ЖҒ және ТЭН | АШМ (жинақтау), Қоршағанортамині, ЖРА | 2007 жылғы желтоқсан | 2007 жыл - 3,0 | Республикалық бюджет | Қарқаралы МҰТП аумағын кеңейту | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | АШМ (жинақтау), Қоршағанортамині, ЖРА | 2008 жылғы желтоқсан | * | Республикалық бюджет | 2 | Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру | 2.1 | Қорықтар | 1 | Тарбағатай МТҚ аумағын құрудың ЖҒ және ТЭН әзірлеу | ЖҒ және ТЭН | АШМ (жинақтау), Қоршағанортамині, ЖРА | 2009 жылғы желтоқсан | 2009 жыл - 3,0 | Республикалық бюджет | 2.2 | Ұлттық парктер | 1 | Жоңғар Алатауы МҰТП аумағын құрудың ЖҒ және ТЭН әзірлеу | ЖҒ және ТЭН | АШМ (жинақтау), Қоршағанортамині, ЖРА | 2007 жылғы желтоқсан | 2007 жыл - 2,5 | Халықаралық гранттар | Жоңғар Алатауы МҰТП аумағын құру | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | АШМ (жинақтау), Қоршағанортамині | 2008 жылғы желтоқсан | * | Халықаралық гранттар | 2 | "Мерке-Жайсан" МҰТП аумағын құрудың ЖҒ және ТЭН әзірлеу | ЖҒ және ТЭН | АШМ (жинақтау), Қоршағанортамині, ЖРА | 2008 жылғы желтоқсан | 2008 жыл - 2,0 | Республикалық бюджет | 3 | "Бұйратау"» МҰТП аумағын құру | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | АШМ (жинақтау), Қоршағанортамині, ЖРА | 2008 жылғы желтоқсан | * | Республикалық бюджет | 4 | "Ақжайлау" МҰТП құрудың ЖҒ және ТЭН әзірлеу | ЖҒ және ТЭН | АШМ (жинақтау), Қоршағанортамині, ЖРА | 2008 жылғы желтоқсан | 2008 жыл - 2,0 | Республикалық бюджет | 2.3 | Табиғи резерваттар | 1 | "Алтын-Дала" МТР құрудың ЖҒ және ТЭН әзірлеу | ЖҒ және ТЭН | АШМ (жинақтау), Қоршағанортамині, ЖРА | 2008 жылғы желтоқсан | 2008 жыл - 1,5 | Халықаралық гранттар | 2008 жыл - 0,85 | Республикалық бюджет |
2 | "Ертіс өзенінің жайылмасы"» МТР құрудың ЖҒ және ТЭН әзірлеу | ЖҒ және ТЭН | АШМ (жинақтау), Қоршағанортамині, ЖРА | 2009 жылғы желтоқсан | 2009 жыл - 2,0 | Республикалық бюджет | 3 | «Ақжайық» МТР құру | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | АШМ (жинақтау), Қоршағанортамині, ЖРА | 2008 жылғы желтоқсан | * | Республикалық бюджет | 2.4 | Табиғи қаумалдар | | Жарсор-Ұрқаш табиғи қаумалын құру | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | АШМ (жинақтау), Қоршағанортамині, ЖРА | 2007 жылғы желтоқсан | 2008 жыл - 0,3 | Халықаралық гранттар | | Республикалық бюджет қаражатының жиыны: | | | | 2007 жыл - 5,5 2008 жыл - 7,35 2009 жыл - 5,0 | Республикалық бюджет | | Халықаралық гранттар қаражатының жиыны: | | | | 2007 жыл- 7,5 2008 жыл- 1,8 | Халықаралық гранттар |
Ескертпе: * шығыстар көлемі, ЖҒ және ТЭН әзірленгеннен кейін айқындалатын болады; 2008 және 2009 жылдарға арналған шығыстар көлемі тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нақтыланатын болады. Аббревиатуралардың толық жазылуы: АШМ - Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі; Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау министрлігі; ЖРА - Қазақстан Республикасы жер ресурстарын басқару агенттігі. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасына 1-қосымша Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік мекемелеріне бекітіп берілетін мемлекеттік табиғи қаумалдардың мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін қорғау жөніндегі инспекторлардың қажетті санын бөлу р/с № № | Қаумалдың атауы | Орналасқан жері | Алқабы, мың га | Рельеф нысаны | Қажет инспекторлар саны, адам | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы | 1 | Атбасар мемлекеттік зоологиялық табиғи қаумалы | Ақмола облысы, Атбасар ауданы | 75,1 | Жазық-жоталы | 3 | 2 | Шығыс мемлекеттік зоологиялық табиғи қаумалы | Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы | 100,0 | Жазық-жоталы | 5 | 3 | Ерейментау мемлекеттік зоологиялық табиғи қаумалы | Ақмола облысы, Ерейментау ауданы | 35,0 | Жазық-жоталы | 2 | | Барлығы: | | | | 10 | Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы | 4 | Тоқты мемлекеттік зоологиялық табиғи қаумалы | Алматы облысы, Алакөл ауданы | 187,0, оның ішінде 161,1 Алакөл МОШМ жерінде | Жоталы | 2 | | Барлығы: | | | | 2 | «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі | 5 | Балқаш маңы мемлекеттік зоологиялық табиғи қаумалы | Алматы облысы, Балқаш ауданы | 509,4, оның ішінде 351,8 Бақанас МОШМ жерінде | Жоталы | 8 | 6 | Жоғарғы Көксу мемлекеттік зоологиялық табиғи қаумалы | Алматы облысы, Қарабұлақ ауданы, Талдықорған МОШМ | 240,0 | Жоталы | 13 | 7 | Қоқан мемлекеттік зоологиялық табиғи қаумалы | Алматы облысы, Сарқанд ауданы | 4,9, оның ішінде 0,9 Бөрлітөбе МОШМ жерінде | Жоталы | 1 | 8 | Аңдысай мемлекеттік зоологиялық табиғи каумалы | Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы | 1000,0 | Жоталы-жазық | 16 | | Барлығы: | | | | 38 |
Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі | 9 | Қараой мемлекеттік кешенді табиғи қаумалы | Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас МОШМ | 509,0, оның ішінде 123,1 Бақанас МОШМ жерінде | Жоталы | 21 | 10 | Алматы мемлекеттік табиғи қаумалы (кешенді) | Алматы облысы, Қарасай, Талғар және Райымбек аудандары | 542,4 | Таулы, жоталы | 23 | | Барлығы: | | | | 44 | Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы | 11 | Новинский мемлекеттік зоологиялық табиғи қаумалы | Атырау облысы, Құрманғазы ауданы | 4,5 | Жазық-жоталы | 1 | 12 | Бударин мемлекеттік зоологиялық табиғи қаумалы | Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық және Зеленов аудандары | 80,0, оның ішінде 31,7 Чапаев және Орал МОШМ | Жазық-жоталы | 1 | 13 | Кирсанов мемлекеттік зоологиялық табиғи қаумалы | Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі, Орал маңы және Терке аудандары | 61,0, оның ішінде 22,0 Бөрлі және Январцев МОШМ | Жазық-жоталы | 2 | 14 | Жалтыркөл мемлекеттік зоологиялық табиғи қаумалы | Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы | 19,0 | Жазық-жоталы | 1 | 15 | Қарақия-Қаракөл мемлекеттік зоологиялық табиғи қаумалы | Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы | 137,5 | Жоталы | 3 | 16 | Ақтау-Бозашы мемлекеттік зоологиялық табиғи қаумалы | Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы | 170,0 | Жоталы | 6 | | Барлығы: | | | | 14 | Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы | 17 | Тарбағатай мемлекеттік зоологиялық табиғи қаумалы | Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы | 240,0 | Таулы | 10 | 18 | Құлжа мемлекеттік зоологиялық табиғи қаумалы | Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы | 46,0 | Жоталы | 2 | | Барлығы: | | | | 12 | Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы | 19 | "Берқара сайы" мемлекеттік кешенді табиғи қаумалы | Жамбыл облысы, Жуалы ауданы | 17,5, оның ішінде 3,1 Жамбыл МОШМ жерінде | Таулы | 1 | | Барлығы: | | | | 1 |
Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі | 20 | Бектауата мемлекеттік зоологиялық табиғи қаумалы | Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы | 0,5 | Жоталы-жазық | 1 | 21 | Тораңғы мемлекеттік ботаникалық табиғи қаумалы | Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы | 0,048 | Жазық | 1 | 22 | Қоғашық мемлекеттік ботаникалық табиғи қаумалы | Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы | 15,0 | Жоталы-жазық | 1 | | Барлығы: | | | | 3 | Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы | 23 | Сарықопа мемлекеттік зоологиялық табиғи қаумалы | Қостанай облысы, Жангелдин ауданы | 51,2 | Жазық | 3 | 24 | Тауынсор мемлекеттік зоологиялық табиғи қаумалы | Қостанай облысы, Қамысты ауданы | 35,0 | Жазық | 2 | 25 | Торғай мемлекеттік зоологиялық табиғи қаумалы | Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы | 348,0 | Жазық-жоталы | 15 | | Барлығы: | | | | 20 | Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы | 26 | Қарғалы мемлекеттік зоологиялық табиғи қаумалы | Қызылорда облысы Шиелі және Жаңақорған аудандары | 13,3 | Жазық | 1 | | Барлығы: | | | | 1 | «Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи орман резерваты | 27 | "Ертіс жағалауы" мемлекеттік табиғи қаумалы (кешенді) | Павлодар облысы, Ақтоғай, Железин, Ертіс, Качир, Лебяжі, Май және Павлодар аудандары | 377,133 | Жазық | 16 | | Барлығы: | | | | 16 | Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі | 28 | "Қызылтау" мемлекеттік зоологиялық табиғи қаумалы | Павлодар облысы, Баянауыл ауданы | 60,0, оның ішінде 0,2 Баянауыл МҰТП аумағында | Жоталы | 3 | | Барлығы: | | | | 3 | «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі | 29 | Мамлют мемлекеттік зоологиялық табиғи қаумалы | Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы | 52,4 | Жазық | 2 |
30 | Смирнов мемлекеттік зоологиялық табиғи қаумалы | Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы | 240,0 | Жазық | 10 | 31 | Согров мемлекеттік зоологиялық табиғи қаумалы | Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев және Қызылжар аудандары | 134,1 | Жазық | 6 | | Барлығы: | | | | 18 | Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі | 32 | Задария мемлекеттік ботаникалық табиғи қаумалы | Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы | 8,4 | Жоталы | 1 | 33 | Жамбыл мемлекеттік ботаникалық табиғи қаумалы | Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы | 8,6 | Жоталы | 1 | 34 | Темір мемлекеттік ботаникалық табиғи қаумалы | Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы | 4,0 | Жоталы | 1 | 35 | Ақдала мемлекеттік ботаникалық табиғи қаумалы | Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы | 65,754 | Жоталы | 2 | | Барлығы: | | | | 5 | | Жиыны: | | | | 187 |
Ескертпе: күзететін мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелерінің (МОШМ) қолда бар орман қорғау қызметтері жүзеге асыратын мемлекеттік орман қорының жерлерінде орналасқан мемлекеттік табиғи қаумалдар есеп-қисап кестесіне енгізілген жоқ. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасына 2-қосымша Контейнер үлгісіндегі тұрғын үйлер, көлік құралдарын, қызметтік қару, нысандық киім-кешек сатып алуға және республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторларды ұстауға жұмсалатын шығындардың есеп-қисабы р/с № | Шығындар атауы | Өлшем бірлігі | Бірлік саны | Бірлік құны, мың теңге | Шығындар сомасы, мың теңге | Қаржыландыруды жылдар бойынша бөлу, мың теңге | 2008 | 2009 | 1 | 4 адам тұруға арналған жабдықталған контейнер үлгісіндегі тұрғын үй немесе өзіне өзі қызмет көрсететін құрастырмалы бір пәтерлі үй | дана | 20 | 710,4 | 14208,0 | 7104,0 | 7104,0 | 2 | Жол талғамайтын автомашина | бірлік | 31 | 1703 | 52793,0 | 26396,5 | 26396,5 | 3 | Қызметтік қару: қынапты карабин | бірлік бірлік | 94 94 | 42,0 53,0 | 3948,0 4982,0 | 1974,0 2491,0 | 1974,0 2491,0 | 4 | Нысандық киім: жазғы қысқы | жинақ жинақ | 187 187 | 16,2 31,3 | 3024,0 5859,0 | 1512,0 2929,5 | 1512,0 2929,5 | 5 | Инспекторлар жалақысының жылдық қоры | | 187 | 241,45 | 45152,1 | 22576,05 | 22576,05 | | Жиыны: | | | | 129966,1 | 64983,05 | 64983,05 |
Ескертпе: автомашиналар саны 3 инспектор құрамындағы ұтқыр топтардың қаумалдарды күзету жөніндегі жұмыстарды жүргізудің вахталық әдісі (қарауылдау) қолданылатынын ескере отырып, 6 инспекторға бір автомашина беру есебінен айқындалды; контейнер үлгісіндегі тұрғын үй саны қаумалдардың алқабына және орналасқан жеріне, оларды күзету ерекшеліктеріне байланысты анықталды.
|
|