Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлер саны үнемі ұлғаюда. Қазақстан ботаниктері Қызыл кітаптың келесі шығарылымында өсімдіктер түрін 407-ке дейін көбейтуді көздеуде. Халықаралық Табиғатты Қорғау Одағының Қызыл кітабында аталған киіктер қазір қауіпті жағдайда.
Табиғи-қорық қоры объектілерінің қазіргі орналасуын есепке алу республика флорасы мен фаунасының гендік қорының қоймасы бола алатын жаңа қорғалатын учаскелер ұйымдастыруға жарамды қосымша аумақтарды анықтауға мүмкіндік берді. Табиғи-қорық қорының объектілерін пайдалану жөніндегі ұсыныстармен бірге олардың тізбесі қоршаған ортаны қорғау, орман және аңшылық шаруашылығы, балық шаруашылығы саласындағы мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелерінің, облыс әкімдіктерінің, үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстары бойынша жасалды. Бұдан басқа «Мемлекеттік табиғи-қорық қорының проблемалары және перспективалық дамуына» арналған парламенттік тыңдаулардың ұсынымдары ескерілді. Республиканың табиғи-pecypc әлеуетінің қазіргі жай-күйіне кешенді баға беріліп, соның негізінде кейіннен оларға ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәртебесін бере отырып, міндетті түрде резервке алуды қажет ететін аумақтар мен учаскелер анықталды.
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттерi
Бағдарламаның мақсаты Қазақстан Республикасының барлық табиғи-климаттық аймақтарында ЕҚТА жүйесін дамыту жолымен биологиялық сан алуандылықты, табиғи-қорық қорының объектілерін, табиғи және мәдени мұраны сақтау болып табылады.
Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:
1) Қазақстан Республикасындағы биологиялық сан алуандылықты аумақтық қорғаудың қазіргі жай-күйіне талдау жасау негізінде бірінші кезектегі табиғи кешендерге EҚTA мәртебесін беру үшін оларды айқындау;
2) 2006-2009 жылдарға әртүрлі санаттағы кеңейтілетін және жаңадан құрылатын ЕҚТА-ны кезең-кезеңімен ұйымдастыру тәртібін белгілеу.
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігi
5.1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін құру
және кеңейту тәртібi
ЕҚТА саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес республикалық маңызы бар ЕҚТА Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылады. ЕҚТА құру жөніндегі материалдарды ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган әзірлеп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізеді. ЕҚТА құру жөніндегі жұмыстарды орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен «Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтары жүйесін дамыту бағдарламасы» негіз болып табылады.
ЕҚТА құрудың жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемесі ЕҚТА ұйымдастыруға құжаттық негіз болып табылады. ЕҚТА қызметін ұйымдастыру оны басқару жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру процесі үш кезеңді қамтиды, олар жаратылыстану-ғылыми негіздеме, жерге орналастыру жобасы және ЕҚТА құрудың техникалық-экономикалық негіздемесі жобаларын әзірлеуді және бекітуді көздейді.
1. Жаратылыстану-ғылыми (бұдан әрі - ЖҒ) негіздеме ЕҚТА құру үшін ұсынылатын аумақты зерделеуді көздейді, бұл ретте мынадай факторлар қаралады:
1) аумақтың табиғи-қорық қорының табиғи ландшафтары мен объектілерінің қазіргі жай-күйі;
2) осы аумақта орналасқан табиғи-қорық қоры объектілерінің экологиялық, ғылыми, рекреациялық және мәдени құндылығы;
3) аумақты функционалды пайдалану;
4) халқы және оның қоныстануы;
5) жұмыс істеп тұрған инженерлік желілер;
6) қоршаған ортаға антропогендік әсер ететін негізгі факторлар;
7) қазіргі ерекше қорғалатын аумақтар.
Аумақты әдеби және табиғи зерттеулер материалдарының негізінде генетикалық резервтің табиғи эталондары, уникумдары мен объектілері, ғылыми зерттеулер, оқу-ағарту, білім беру, рекреация және туризм нысаны ретінде ландшафтарға кешенді баға беріледі.
Аумақты кешенді бағалау негізінде ЕҚТА санаты мен түрін, оны қорғау мен пайдалану режимін таңдау негізделеді.
2. Жерлерді ЕҚТА-да резервте қалдыру.
ЕҚТА даму жүйесінің бекітілген бағдарламасы жерлерді EҚTA-да резервте қалдыру үшін негіз болып табылады.
ЕҚТА үшін жерді резервте қалдыру Қазақстан Республикасының жер заңнамасы айқындаған тәртіппен облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астана) әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
Резервте қалдырылған жер учаскелерін ЕҚТА жерлерінің құрамына беру кезінде оларға жер пайдалану құқығын беру Жер кодексі және Қазақстан Республикасының «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңы айқындаған тәртіппен ЕҚТА санатына (республикалық немесе жергілікті маңызы бар) байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астана) әкімдігінің қаулыларымен жүргізіледі.
3. ЕҚТА жоспарлаудың техникалық-экономикалық негіздемесі (бұдан әрі - ТЭН).
TЭН және оның құрамына енетін жер бөліп беру жобасы (жерге орналастыру жобасы):
ЕҚТА шекарасының, координаттарының сипаттамасын, меншік иелері мен жер пайдаланушылардың ЕҚТА құрамына алып қойылатын (сатып алынатын) жер учаскелерінің санаттары мен алаңдарын, меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерін алып қоймай олардың ЕҚТА құрамына қосылатын санаттары мен алаңдарын, сондай-ақ күзет аймағының шекарасы мен алаңдарын;
меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін сатып алуға және (немесе) оларды алу жөніндегі залалдарды жабуға, қорғалу аймақтарында шаруашылық қызметті шектеуге байланысты, сондай-ақ жерді алып қоймай, ЕҚТА құрған жағдайларда жұмсалатын шығындарды;
инфрақұрылым құруға және ЕҚТА-ны күтіп-ұстауға, мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін күзету, қорғау және қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды орындауға жұмсалатын шығындарды;
аумақты белгіленген функционалды аймақтарға бөлуді, қорғалу режимінің түрлері мен рекреациялық жүктемелер нормаларын айқындай отырып, осы аймақтар шегінде табиғи кешендерді реттелмелі туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда пайдалану шарттарын;
экологиялық туризмді дамытуды ескере отырып, ерекше қорғалатын табиғи аумақты жоспарлау жобасын және оның инфрақұрылымын (инфрақұрылымды дамытудың бас жоспарын), туристік соқпақтарды, қарап көру алаңдарын, демалу алаңқайларын, көлікке арналған тұрақтарды, кемпингтерді, шатырлы лагерьлерді, қонақ үйлерді, мотельдерді, туристік базаларды, қоғамдық тамақтандыру, сауда және басқа да мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектілерді, құбырларды, электр және байланыс желілерін, жолдарды қамтиды.
ЕҚТА құру, күтіп ұстау және дамыту жөніндегі іс-шаралар мен шығыстар айқындалады.
5.2. Заңды тұлғалардың мәртебесі бар қазіргі ерекше қорғалатын табиғи
аумақтарды кеңейту және жаңаларын құру
5.2.1. Мемлекеттік табиғи қорықтар
Мемлекеттік табиғи қорық (бұдан әрі - МТҚ) - әдеттегі, сирек кездесетін және бірегей табиғи кешендерді қаз-қалпында сақтауға арналған ғылыми табиғат қорғау мекемесі мәртебесі бар қорықтық күзет режимі белгіленген ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Қорықтар аумағында қандай да болсын шаруашылықтық қызметке тыйым салынған және ғылыми-зерттеу жұмыстары ғана жүргізіледі. Мәдени-ағарту, оқу және туристік іс-шаралар арнайы бөлінген учаскелерде ғана жүргізілуі мүмкін.
Жаратылыстану-ғылыми негіздемелер жобаларымен 2009 жылға дейінгі кезеңде табиғи кешендері қорықтармен бірге біртұтас нысанды құрайтын қазіргі төрт табиғи қорыққа іргелес аумақтарда қорық режимін белгілеу мақсатында олардың ауданын кеңейту қажеттілігі айқындалған (3-кесте).
3-кесте
Қазіргі мемлекеттік табиғи қорықтарды кеңейту
1. Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы, Шығыс Қазақстан облысы |
Орналасқан жері | Оңтүстік-Батыс Алтай, Марқакөл көлі, Күршім және Азутау жоталары |
Құрылған жылы | Қаз.ССР Министрлер Советінің 1976 жылғы 4 тамыздағы № 365 қаулысы |
Алаңы | Қазіргісі - 75048 га. Кеңейту - 27923 га |
Кеңейту себептері | Тұяқты және жыртқыш жануарлардың мекендеу және қоныс аудару орындарын, құстардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін, албырт тектес балықтар мекендейтін және көбейетін орындарды қорғау |
Күзет режимі | Кез-келген шаруашылық қызметке жол берілмейтін қорықтық режим. Ғылыми-зерттеу және мониторинг жұмыстарын жүргізуге рұқсат етіледі |
Кеңейту жөніндегі іс-шараларды өткізу мерзімі | 2007 жылдың ІV-тоқсаны |
2. Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы, Шығыс Қазақстан облысы |
Орналасқан жері | Мемлекеттік орман қорының: Алтай орман тәжірибелік станциясының Черноубинск орманшылығы, Зырян орман шаруашылықтық өндірістік кәсіпорнының Верхнетурсугун орманшылығы жерлерінде құрылған |
Құрылған жылы | Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 3 маусымдағы № 1519 қаулысы |
Алаңы | Қазіргісі - 56078 га. Аумағын кеңейту - 30344 га |
Кеңейту себептері | Самырсын екпелерін, қоныс аударатын тұяқты жануарларды, эндемикалық флора түрлері өсетін жерлерді қорғау |
Күзет режимі | Кез-келген шаруашылық қызметке жол берілмейтін қорықтық режим. Ғылыми-зерттеу және мониторинг жұмыстарын жүргізуге рұқсат етіледі |
Кеңейту жөніндегі іс-шараларды өткізу мерзімі | 2007 жылғы ІV-тоқсан |
3. Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы, Ақмола облысы |
Орналасқан жері | Қорық Астана қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 150 шақырым қашықтықта орналасқан. Қорғалжын көлдерінің жүйесі мен Теңіз көлін, сондай-ақ оларға іргелес екі километрлік дала аймағын қамтиды |
Құрылған жылы | Қазақ ССР Министрлер Советінің 1968 жылғы 16 сәуірдегі № 124 қаулысымен құрылған |
Алаңы | Қазіргі алаңы - 258963 га. Аумақты кеңейту - 110000 га: Қыпшақ және Керей көлдерін қоса алғанда, Теңіз көлінен батысқа және оңтүстік-батысқа қарай дала учаскесі - 70000 га; Жарсуат, Сухое және Қызылкөл көлдерін қоса алғанда, Есей көлінен Нұра өзеніне дейін шығысқа қарай орналасқан аймақ - 40000 га |
Кеңейту себептері | Батыс даласы киіктер төлдеуге тұрақты түрде келетін орын ретінде маңызды, осында сондай-ақ дала суырының үлкен колониялары бар. Шығыс аумағы - қабан мекендейтін орын, көлдер - суда жүзетін құстар, соның ішінде олардың Қызыл кітапқа енгізілген түрлері тұрақты жиналып тұратын орындар |
Күзет режимі | Шаруашылық қызметтің барлық түріне жол берілмейтін қорықтық режим. Ғылыми-зерттеу және мониторинг жұмыстарын жүргізуге рұқсат етіледі |
ЖҒ және ТЭН әзірлеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу мерзімі | 2007 жылғы ІV-тоқсан |
Кеңейту жөніндегі іс-шараларды өткізу мерзімі | 2008 жылғы ІV-тоқсан |
4. Алакел мемлекеттік табиғи қорығы, Алматы облысы |
Орналасқан жері | Қорық мемлекеттік жер қоры жерлерінде, Тентек өзенінің, Алакөл көлі аралының атырабында орналасқан (Средний, Үлкен Аралтөбе, Кішкене Аралтөбе аралдары) |
Құрылған жылы | 1998, ҚР Үкіметінің қаулысы және облыс әкімінің 1995 жылғы 30 мамырдағы № 53 шешімі |
Алаңы, мың га | Қазіргі алаңы - 19773 га, соның ішінде негізгі учаскесі - 16453, филиалы - (Алакөл көлінің аралы) - 3320 Аумақ 90 мың га алқапта Сасықкөл, Алакөл, Қошқаркел көлдерінің төңірегіндегі бағалы аумақтарды енгізу (ЕҚТА дамыту бағдарламасының Ғаламдық экологиялық қоры Жобасы шеңберінде) және екінші кезекте - Арғанаты тауының 120,0 мың га жерін қосу есебінен кеңейтіледі |
Кеңейтудің негіздемесі | Жыл құстары және жануарлардың Қызыл кітапқа енгізілген түрлері (арқар) мекендейтін жерлерді - көлдер жүйесі жағалауының сулы-батпақты жерлерінің бірегей экологиялық жүйелері мен құм белдеулерін қорғау |
Күзет режимі | Кез-келген шаруашылық қызметке жол берілмейтін қорықтық режим. Ғылыми-зерттеу және мониторинг жұмыстарын жүргізуге рұқсат етіледі |
ЖҒ және ТЭН әзірлеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу мерзімі | 2007 жылғы ІV-тоқсан |
Кеңейту жөніндегі іс-шараларды өткізу мерзімі | 2008 жылғы ІV-тоқсан |
Бағдарламада Шығыс Қазақстан облысында Тарбағатай МТҚ құру көзделген. Бұл табиғат қаз-қалпында сақталған, биологиялық сан алуандылық деңгейі жоғары және Еуразия құрлығының фауна үшін басымдық-маңызы зор аумақтарға жатады. Қорықты құрудың қысқаша сипаттамасы және оны ұйымдастыру себептері төменде келтіріліп отыр.
4-кесте
Жаңа мемлекеттік табиғи қорықтар құру
Тарбағатай мемлекеттік табиғи қорығы, Шығыс Қазақстан облысы |
Орналасқан жері | Тарбағатай жотасы, Шығыс Қазақстан облысы |
Ауданы | 250000 га |
Ұйымдастыру негізі | Бірегей субальпілік өсімдіктерді қорғау: Тарбағатай жотасы флорасының жеткілікті дәрежеде зерттелмеуі |
Қорғау объектілері | Флора: Сиверс алмасы, майқараған, ледебур бадамы, алтай рауғашы, ақшыл секпігүл, үшкір кекек, алтай қасқыржидегі, тарбағатай таушешегі, Попов дембеті, қызғылт семізот, марал түбірі. Фауна: арқар, марал, қара аққұтан, ителгі, бүркіт, дуадақ, соқыртышқан, дала және кәдімгі сұртышқан, ұзын құйрықты саршұнақ, ақкіс |
Күзет режимі | Шаруашылық қызметтің барлық түріне жол берілмейтін қорықтық режим. Ғылыми-зерттеу және мониторинг жұмыстарын жүргізуге рұқсат етіледі |
ЖҒ және ТЭН әзірлеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу мерзімі | 2009 жылғы ІV-тоқсан |
5.2.2. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер
Экологиялық жүйелерді қорғау жолдарының бірі табиғи кешендерді сақтауды экологиялық ағарту, халықтың демалысы мүдделерімен және реттелмелі шаруашылық қызметпен ұштастыра отырып, қорықтармен салыстырғанда едәуір кең аумақта экологиялық тепе-теңдікті сақтай алатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру болып табылады. Осы аумақтарда табиғат пайдалану антропогендік қысымның кейбір түрлерін шектейтін нысаналы іс-шаралар жүргізу жолымен қалпына келу жөніндегі экожүйелердің қабілетіне негізделеді. Мұндай ЕҚТА-тарға мемлекеттік ұлттық табиғи парктері (МҰТП) жатады.
Бағдарламада қазіргі МҰТП ауданын кеңейту және осындай жаңа парктер құру көзделген (5 және 6-кестелер).
5-кесте
Қазіргі мемлекеттік ұлттық табиғи парктерді кеңейту
1. Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Алматы облысы |
Орналасқан жері | Іле Алатауы жотасының солтүстік беткейі шегінде, Батыста Шамалған өзенінен бастап шығыста Түрген өзеніне дейін |
Құрылған жылы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 22 ақпандағы № 228 қаулысы |
Алаңы | Қазіргісі - 199702 га. Кеңейту - 35000 га |
Кеңейту себептері | Тұяқты және жыртқыш жануарлар, сирек кездесетін құстар мекендейтін орын |
Күзет режимі | Қорықтық, қаумалдық және реттелмелі |
ЖҒ және ТЭН әзірлеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу мерзімі | 2008 жылғы ІV-тоқсан |
2. Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Алматы облысы |
Орналасқан жері | Алматы облысы, үш әкімшілік ауданның: Ұйғыр, Райымбек және Еңбекшіқазақ аудандарының аумағында |
Құрылған жылы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 ақпандағы № 213 қаулысы |
Алаңы | Қазіргісі - 93150 га. Кеңейту - 104850 га |
Кеңейту себептері | Қарақұйрық мекендейтін орындарды, сексеуіл тоғайларын, бірегей гидрологиялық объектілерді қорғау |
Күзет режимі | Қорықтық, қаумалдық және реттелмелі |
Кеңейту жөніндегі іс-шараларды өткізу мерзімі | 2007 жылғы ІV-тоқсан |
3. Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Павлодар облысы |
Орналасқан жері | Павлодар облысы, Баянауыл ауданының аумағы |
Құрылған жылы | Қаз. ССР Министрлер Советінің 1985 жылғы 12 тамыздағы № 276 қаулысы |
Алаңы | Қазіргісі - 50688 га. Кеңейту - 72990 га |
Кеңейту себептері | Арқар мекендейтін орындарды, көк шұнақ шөпті боз селеу дала аймақты эталондік типті қорғау |
Күзет режимі | Қаумалдық |
Кеңейту жөніндегі іс-шараларды өткізу мерзімі | 2007 жылғы ІV-тоқсан |
4. Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Қарағанды облысы |
Орналасқан жері | Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы аумағында |
Құрылған жылы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 желтоқсандағы № 1212 қаулысы |
Алаңы мың га. | Қазіргісі - 90323 га. Аумақты кеңейту - 50000 га |
Кеңейту негізі | Арқар мекендейтін орын, бүркіт, сұңқар, ителгі, қара дегелек, үкі, дуадақ, көк шұнақ шөпті боз селеу даланы, эндемиктер (қарқаралық бөріқарат, қарқаралық шайыр) қорғау |
Күзет режимі | Қорықтық, қаумалдық және реттемелі |
ЖҒ және ТЭН әзірлеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу мерзімі | 2007 жылғы IV-тоқсан |
Кеңейту жөніндегі іс-шараларды өткізу мерзімі | 2008 жылғы IV-тоқсан |
5. «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары |
Орналасқан жері | Төрт орман шаруашылығы - Зеренді, Арықбалық, Озерный және Айыртау аумақтарының мемлекеттік орман қоры жерлеріндегі Көкшетау таулы орманды массиві |
Құрылған жылы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 10 сәуірдегі № 415 қаулысы |
Алаңы | Қазіргісі - 134511 га. Кеңейту 80994 га |
Кеңейту себептері | «Көкшетау» МҰТП бекітілген ерекше қорғаныш және су реттеу маңызы бар орман қорының шоқ ормандары учаскелеріне ЕҚТА мәртебесін беру |
Қорғау режимі | Қорықтық, тапсырысты және реттемелі |
ЖҒ және ТЭН әзірлеу жөніндегі іс-шараларды өткізу мерзімі | 2007 жылғы IV-тоқсан |
6-кесте
Жаңа мемлекеттік ұлттық табиғи парктер құру
1. Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Алматы облысы |
Орналасқан жері | Алматы облысы, үш әкімшілік ауданның: Ақсу, Сарқанд және Алакөл аудандарының аумағында |
Алаңы | 407465 га |
Құру себептері | Жоңғар Алатауы жотасының орталық бөлігінің солтүстік беткейлерінің экожүйелерін сақтау, зерттеу және рекреациялық пайдалану |
Қорғау және зерттеу объектілері | Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері: барыс, қызыл қасқыр, арқар, қоңыр аю, Орта Азия сілеусіні, Орта Азия кәмшаты, сабаншы, шұбар күзен, тас сусары, қара аққұтан, бүркіт, түрлі-түсті шымшық |
Күзет режимі | Қорықтық, қаумалдық және реттелмелі |
ЖҒ және ТЭН әзірлеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу мерзімі | 2007 жылғы ІV-тоқсан |
Құру жөніндегі іс-шараларды жүргізу мерзімі | 2008 жылғы ІV-тоқсан |
2. Ақжайлау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Шығыс Қазақстан облысы |
Орналасқан жері | Шығыс Қазақстан облысы |
Алаңы | 40000 га |
Паркті ұйымдастыру негізі | Минералдарға аса бай (гагаринит, синхизит, беферстит, циртолит, астрофиллит, эвксенит, фенакит, гельвин және басқалар - 90 минералға дейін) эгирин-рибекит граниттерін: бірегей геологиялық объектілерді сақтау, зерттеу және рекреациялық пайдалану. Өсімдіктер дүниесінің эндемикалық және сирек кездесетін өкілдерін, жануарлардың жойылып бара жатқан түрлері: арқар, бүркіт, ителгі және басқалар мекендейтін жерлерді қорғау. |
Қорғау объектілері | Бірегей геологиялық объектілер, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің эндемикалық, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері. |
Күзет режимі | Қорықтық және қаумалдық |
ЖҒ және ТЭН әзірлеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу мерзімі | 2008 жылғы ІV-тоқсан |
3. Мерке-Жайсан мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Жамбыл облысы |
Орналасқан жері | Жамбыл облысы, Мерке және Шу аудандары |
Алаңы | 159000 га |
Паркті ұйымдастыру негізі | Бірегей табиғи және тарихи-мәдени мұраларды сақтау |
Қорғау объектілері | Бірегей тарихи ескерткіштер, эндемикалық, сирек кездесетін жануарлар және өсімдіктер түрлері |
Күзет режимі | Қорықтық және қаумалдық |
ЖҒ және ТЭН әзірлеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу мерзімі | 2008 жылғы ІV-тоқсан |
4. «Бұйратау» мемлекеттік табиғи паркі, Қарағанды және Ақмола облыстары |
Орналасқан жері | Қарағанды және Ақмола облыстары, Ерейментау тау алқабы |
Алаңы | 103588 га |
Ұйымдастыру себептері | Қуаң даланың бірегей табиғи кешендерін сақтау, зерттеу және рекреациялық пайдалану |
Қорғау объектілері | Ерейментау таулы-дала алқабының экожүйелері, жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің эндемикалық, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өкілдері, геоморфологиялық объектілер |
Күзет режимі | Қорықтық, қаумалдық және реттелмелі |
ЖҒ және ТЭН әзірлеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу мерзімі | 2008 жылғы ІV-тоқсан |
5.2.3. Мемлекеттік табиғи резерваттар
Мемлекеттік табиғи резерват (бұдан әрі - МТР) - бұл осы аумақта ландшафтық және биологиялық сан алуандылықты сақтауға және қалпына келтіруге, ондағы табиғи ресурстардың орнықты дамуын және теңгерілген дәрежеде пайдаланылуын қамтамасыз етуге арналған күзет режимі әртүрлі ЕҚТА.
2009 жылға дейін дала, сулы-батпақты және су маңындағы экожүйелерді сақтау мақсатында бір табиғи резерватты құрып, екеуінің ЖҒ және ТЭН әзірлеу ұсынылады (7-кесте).
7-кесте
Құруға ұсынылатын мемлекеттік табиғи резерваттар
1. Ертіс өзенінің жайылмасы мемлекеттік табиғи резерваты, Павлодар облысы |
Алаңы | 370000 га |
Орналасқан жері | Ертіс өзенінің жайылмасы,»Ертіс өзенінің жайылмасы мемлекеттік табиғи қаумалының базасында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік шекарасынан бастап Ресеймен арадағы солтүстік шекараға дейін |
Ұйымдастыру себептері | Ертіс өзені жайылмасының флорасы мен фаунасының сирек кездесетін және бағалы түрлерін, сондай-ақ тарихтың археологиялық ескерткіштерін: ертедегі мекендер мен молаларды, палеонтологиялық олжаларды қорғау |
Қорғау объектілері | Өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің барлық сирек кездесетін және бағалы түрлері қорғалуға жатады |
Күзет режимі | Қорықтық, қаумалдық және реттелмелі |
ЖҒ және ТЭН әзірлеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу мерзімі | 2009 жылғы ІV-тоқсан |
2. Алтын дала мемлекеттік табиғи резерваты, Қостанай облысы |
Алаңы мың га. | 489794 га |
Орналасқан жері | Қостанай облысының Наурызым, Әулиекөл, Амангелді және Жангелді аудандарының орманды-дала, дала және жартылай шөлейт экожүйелерінің учаскелері |
Ұйымдастыру себептері | Ірі сүт қоректілердің (киік, құлан) және құстардың (дуадақ, тарғақ, құстардың жыртқыш және сулы-батпақты түрлерінің кешені) сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерінің таралымдарын сақтау және қалпына келтіру үшін ғаламдық маңызы бар Қазақстан жазығының далалы және жартылай шөлейт аймағының бірегей ландшафтарын, сулы-батпақты жерлерін қорғау |
Қорғау объектілері | Қаз-қалпындағы орманды-дала, далалы және жартылай шөлейт кешендерінің учаскелерін киік төлдейтін жерлер, қоныс аударатын жолдар мен жазғы жайылымдар, сондай-ақ суда жүзетін құстардың сирек кездесетін түрлері салатын суы тұщы және аздап ащылау аса ірі сулы-батпақты жерлер |
Күзет режимі | Қорықтық, қаумалдық және реттелмелі |
ЖҒ және ТЭН әзірлеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу мерзімі | 2008 жылдың IV-тоқсаны |
3. Ақжайық мемлекеттік табиғи резерваты, Атырау облысы |
Орналасқан жері | 46042' - 47002' с.е.; 51010'- 52002' ш.б. географиялық координаттары шегінде Каспий теңізінің жағалауын қамтитын Жайық өзені атырабының учаскесі |
Алаңы | 111500 га |
Ұйымдастыру негізі | Каспий-Қара теңіз-Шығыс Африка ұшу жолында суда жүзетін құстардың қоректенетін және ұя салатын орны болып табылатын Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігінің жағалауымен іргелес Жайық өзені атырабының бірегей сулы-батпақты жерлерін, сондай-ақ балықтардың бекіре және басқа да бағалы түрлері қоныс аударатын және жайылатын аудандарды қорғау |
Қорғау объектілері | Фауна мен флораның бағалы және құрып кету қаупі төнген 34 түрі мен олар мекендейтін жерлер |
Күзет режимі | Қорықтық, қаумалдық және реттелмелі |
Құру жөніндегі іс-шараларды жүргізу мерзімі | 2008 жылғы IV-тоқсан |