Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшiн рұқсат етiлген
қаржылық активтердiң және материалдық емес активтердi қоспағанда,
өзге де мүлiктiң тiзбесiн бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1236 қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 11 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшiн рұқсат етiлген қаржылық активтердiң және материалдық емес активтердi қоспағанда, өзге де мүлiктiң тiзбесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң
2004 жылғы 26 қарашадағы
№ 1236 қаулысымен
бекiтілген
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру
үшін рұқсат етiлген қаржылық активтердiң және
материалдық емес активтердi қоспағанда,
өзге де мүлiктiң тiзбесi
1) мемлекеттік және агенттік бағалы қағаздармен;
2) халықаралық қаржы ұйымдарының (ХҚҰ) бағалы қағаздарымен;
3) корпоративтік бағалы қағаздармен;
4) жылжымайтын мүлiк (MBS) және активтер (ABS) кепілдікке қойылған бағалы қағаздармен;
5) акциялармен;
6) репо және кері репо операцияларымен;
7) депозиттермен (салымдармен);
8) кепiлдiк арқылы бағалы қағаздарды қарызға берумен (securities lending);
9) стандартты туынды қаржы құралдарымен;
10) құрылымдық өнімдермен;
11) валюталармен шектеледi.