3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қылмыстық-атқару жүйесі үшін жоғары кәсіби білімді мамандарды даярлау және қызметкерлерінің біліктілігін арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: қылмыстық-атқару жүйесі мамандарын сапалы даярлауды қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- ламалар- дың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 016 | | Жоғары кәсіптік білімді мамандар даярлау | Қылмыстық-атқару жүйесіне жоғары білімді мамандар даярлау және қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі мекемеге жүктелген функцияларды орындау үшін 300 бірлік штат саны бар Қостанай заң институтын ұстау (медициналық және коммуналдық-тұрмыстық жабдықтарды, спорттық мүкәммал сатып алу; ғимараттар мен құрылыстарға күрделі жөндеу жүргізу; қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың істегі қабілетін және сейсмикалық тұрақтылығын зерттеу жұмыстарын жүргізу, өлшеу жұмыстарын жүргізу, топографиялық- геодезиялық және инженерлік-геологиялық іздеулер бойынша жұмыстар, ғимараттарды күрделі жөндеу жөніндегі жобалау- сметалық құжаттама әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізу, оны мемлекеттік сараптамадан өткізу). | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Әділет министр- лігі. Қазақстан Республи- касы Әділет министр- лігі Қылмыстық-атқару жүйесі комите- тінің Қостанай заң институты. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
1. күндізгі нысан бойынша курсанттар оқыту - 750 адам, соның ішінде бірінші курсқа 200 адам қабылдау;
2. курсанттарды сырттай нысан бойынша оқыту - 200 адам;
3. қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру - 338 адам;
4. күндізгі нысан бойынша курсанттар оқытып шығару - 190 адам, соның ішінде үздік бітіргендер - 28 адам;
5. сырттай нысан бойынша курсанттар оқытып шығару - 189 адам, соның ішінде үздік бітіргендер - 13 адам;
6. күндізгі нысан бойынша курсанттарды оқудан шығару - 16 адам;
7. сырттай оқу бойынша курсанттарды оқудан шығару - 2 адам.
Соңғы нәтиже: қылмыстық-атқару жүйесін жоғары кәсіби білімді мамандармен 80% қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық тиімділігі: бір курсантты ұстауға шартты шығындар жылына - 142,3 мың теңге, Қостанай заң институтының бір қызметкерін ұстауға жылына - 515,5 мың теңге.
Уақытылығы: қылмыстық-атқару жүйесі үшін сапалы дайындықпен орта кәсіби білімді мамандармен 100% қамтамасыз ету.
Сапасы:
1. Оқудан шығарылған курсанттардың жалпы санынан үлесі 5 %;
2. Жоғарғы оқу орнын үздік бітірген жоғарғы кәсіптік білімі бар түлектердің жалпы санынан үлесі -11%.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
221-қосымша
221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау"
деген 017 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 31886 мың теңге (отыз бір миллион сегіз жүз сексен алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 4-тарау, 5 , 11, 20-баптары; "Қазақстан Республикасы ішкі істер, қылмыстық-атқару жүйесі органдарының тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерге ақшалай өтемақы алуға құқығы бар әскери қызметшілері, қызметкерлері лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 31 наурыздағы № 483 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлеріне қызметтік міндеттерін немесе қызметтік борышын атқару кезеңінде мертіккен кезде, ал олар қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оны алуға құқығы бар адамдарға бір жолғы өтемақы төлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 299 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерін бастапқы даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: қылмыстық-атқару жүйесі қызметіне дайындалған кадрларды нығайту және қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- ламалар- дың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 017 | | Кадрлардың біліктілі- гін арттыру және оларды қайта даярлау | Қызметке кандидаттарды және қатардағы мен кіші басшы құрамдағы арнайы атағы бар адамдарды бастапқы даярлау жөніндегі мекемеге жүктелген функцияларды орындау үшін (компьютерлер және коммуналдық- тұрмыстық жабдықтар сатып алу, ғимараттар мен құрылыстарға күрделі жөндеу жүргізу; қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың істегі қабілетін және сейсмикалық тұрақты- лығын тексеру жұмыстарын жүргізу, өлшеу жұмыстарын жүргізу, топографиялық- геодезиялық және инженерлік-геология- лық зерттеулер бойынша жұмыстар, ғимараттарды күрделі жөндеу жөніндегі жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізу, оны мемлекеттік сараптамадан өткізу) 41 штат саны бар Оқу орталығын ұстау. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касының Әділет министр- лігі. Қазақстан Республи- касы Әділет министр- лігі Қылмыстық-атқару жүйесі комите- тінің Оқу орталығы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: қызметке кандидаттарды және қатардағы мен кіші басшы құрамдағы арнайы атағы бар адамдарды бастапқы даярлау - 815 адам.
Соңғы нәтиже: қылмыстық-атқару жүйесі қызметін кандидаттармен және қатардағы мен кіші басшы құрамдағы адамдармен 70% қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық тиімділік: алғашқы даярлық курсының бір тыңдаушысын ұстауға шартты шығындар жылына - 16,5 мың теңге, Оқу орталығының бір қызметкерін ұстау - 449,0 мың теңге.
Уақтылылық: қылмыстық-атқару жүйесінде қызметке дайын кадрларды 100% нығайту және қамтамасыз ету.
Сапа: қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде қызметке кандидаттар және қатардағы мен кіші басшы құрамдағы арнайы атағы бар адамдар үлесі - 100%.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
222-қосымша
221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес"
деген 104 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2430 мың теңге (екі миллион төрт жүз отыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 31 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексінің 97-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында нашақорлықтың және есірткі бизнесінің одан әрі таралуына тиімді қарсы іс-қимыл жүйесінің негізгі буындарын нығайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
1) нашақорлыққа қарсы насихат өткізу;
2) нашақорлық құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсордың заңсыз айналымына қарсы іс-әрекет жасау тетігін жетілдіру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 104 | | Нашақор- лыққа және есірткі бизнесі- не қарсы күрес | Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдар арасында есірткіге қарсы тақырыпта ақпараттық материалдарды шығарумен және таратумен байланысты (плакаттар, буклеттер және кітапшалар дайындау) іс-шаралар өткізу. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Әділет министр- лігі. Қазақстан Республи- касы Әділет министр- лігінің Қылмыстық -атқару жүйесі комитеті және оның аумақтық органда- ры, түзеу мекеме- лері. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
1) буклеттер саны - 10000 дана;
2) брошюралар саны - 10000 дана.
Соңғы нәтиже: нашақорлыққа тәуекелді сотталғандардың жалпы санынан 29% нашақорлыққа бейімділігінен арылған адамдар.
Қаржы-экономикалық тиімділік: нашақорлыққа қарсы насихат жүргізу үшін бір сотталғанға шартты шығындар жылына - 0,1 мың теңге.
Уақытылық: Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдар арасында есірткіге қарсы тақырыпта ақпараттық материалдарды шығарумен және таратумен байланысты (плакаттар, буклеттер және брошюралар дайындау) іс-шараларды 100% өткізу.