«2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың
паспортарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі)»
(ҚР Үкіметінің 2005.12. 12.№ 1235 Қаулысына 208-222-қосымшалар)
(үзінді)
Осы редакция 2006 ж. 31 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналардың:
208, 209, 210, 211, 212, 213, 214, 215, 216, 217, 218, 219, 220, 221, 222-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің;
2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
208-қосымша
221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 4569514 мың теңге (төрт миллиард бес жүз алпыс тоғыз миллион бес жүз он төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы Заңы; "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Заңының 6-бабы; "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 9 , 10-баптары; "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы Заңы; "Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы Заңы; "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңы; "Патент заңы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңы; "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі Заңы; "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 29 маусымдағы Заңы; "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 3 , 15, 16, 19, 21, 22-баптары; "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңы; Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік реестрі және оларды мемлекеттік тіркеуді ретке келтіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 4 наурыздағы № 3379 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысы; "Жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 сәуірдегі № 392 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режиміне қолдау жасау, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: заң жобаларын әзірлеу, консультациялық және сараптамалық жұмыстар жүргізу, қолданыстағы заңнаманы жүйелеу, нормативтік құқықтық актілерге сараптама жасау, қолданыстағы заңдарды түсіндіру, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларын, өнеркәсіптік меншіктің объектілерін жасауға және пайдалануға байланысты пайда болатын авторлық құқық, өнеркәсіптік меншік құқығы саласындағы қатынастарды реттеу, мемлекеттік органдарды Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің дерекқорларымен қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмалары мен мемлекеттік органдардың жасаған өтініштері бойынша Қазақстан Республикасының және шетел мемлекеттерінің соттарында мемлекеттің мүддесін құқықтық қорғау, нотариалдық және адвокаттық қызметпен, мүлікті бағалау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензиялар беру, діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау, әділет органдарының және қылмыстық атқару
жүйесінің ақпараттық жүйелеріне уақытылы және толық техникалық
қызмет көрсету және сүйемелдеу, жылжымайтын мүлік құқықтарын және жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркеу, Қазақстан Республикасы азаматтарына төлқұжаттары мен жеке куәліктерін беру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 | | Мемлекет- тің қызме- тін құқық- тық қамта- масыз ету | | | |
2 | | 001 | Орталық органның аппараты | Бекітілген штат санының лимитіне сәйкес 332 бірлік санында Қазақстан Республикасы Әділет министр- лігінің орталық аппаратын және оның комитет- терін ұстау. Бекітілген лимитке сәйкес 13 қызметтегі жеңіл автомобиль- дерді ұстау және жалдау. Іске асыру мерзімі: қаңтар-желтоқсан. Спорт-сауықтыру іс-шараларын өткізу. Іске асыру мерзімі: қаңтар-желтоқсан. Заңнамада белгіленген тәртіппен мына салаларда, мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететін стратегиялық функцияларды іске асыру: 1) Заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру: 50 заңнамалық актілер бойынша қолданыстағы заңнамаға талдау жүргізу. Жобаның сапасын, негізде- месін және заңды- лығын бағалау жобаны қабылдау- дың болуы мүмкін тиімділігін анықтау және болуы мүмкін теріс зардаптарын айқындау үшін консультациялық және эксперттік қызметтерді, ғылыми, оның ішінде ғылыми криминологиялық, сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу. 40 заң жобасын әзірлеу үшін заңгер- ғалымдар мен тәжірибе алып жүрген заңгер- лерді тарту. 55 заң жобасын ғылыми сараптама- дан, 20 заң жобасын ғылыми криминологиялық сараптамадан өткізу. Заң жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмыс топтарының отырыстарын құру, ұйымдастыру және өткізу. 6 конференция мен дөңгелек үстел өткізуді қамтамасыз ету. Жасалған шарттар- ға сәйкес қызмет көрсетулерге ақы төлеу. Ғылыми мақалаларды, қолданыстағы заң- намаға жүргізіл- ген талдау қорытындыларын, конференциялар мен дөңгелек үс- телдер матери- алдарын, қабыл- данған заңдарға ғылыми-практика- лық түсінікте- мелерді бұқара- лық ақпарат құралдарында жариялау. Қазақстан Республикасының Заңдар жинағын дайындау. Іске асыру мерзімі: қаңтар-желтоқсан. 2) Зияткерлік меншік құқығын қорғау: Шетелдік делегацияның, сарапшылардың қатысуымен, сабақтас құқықтар шығармалары мен объектілеріне, өнеркәсіптік меншік объектіле- ріне, селекциялық жетістіктерге, интегралдық микросхемалар топологияларына құқықтарды қорғау мәселелері жөніндегі өңірлік семинарларды, көпшілік акцияларды мыналармен ұйымдастыру және өткізу: - көліктік құралдар мен үй-жайларды (аудандарды) жалға алу; - буфеттік қызмет көрсету; - ілеспе аудармамен қамтамасыз ету; - стенографиялық жазбамен қамтамасыз ету; - полиграфиялық өнім дайындау; - брошюралар шығару; - кеңсе және өзге де тауарларды сатып алу. Зияткерлік меншік объектілерін тіркеу туралы куәлік бланкі- лерін дайындау; Әдістемелік әдебиеттер мен нормативтік құқықтық актілерін шығару. Іске асыру мерзімі: қаңтар-желтоқсан. 3) Құқықтық ақпаратпен қамтамасыз ету; Жасалған шарттарға сәйкес нормативтік құқықтық актілерді жинақтау және есепке алу бойынша қызметтерге ақы төлеу. Мемлекеттік тізілімге 2900 нормативтік құқықтық актілер енгізу. Құқықтық ақпарат беруді қамтамасыз ету. Аумақтық бөлімшелерді қоса алғанда 1132 мемлекеттік органдар бойынша жаңарту мерзімділігі айына кемінде 1 рет "Заң" дерекқорын жыл сайын орнату және өзектілендіру. Іске асыру мерзімі: қаңтар-желтоқсан. 4) Соттарда мемлекеттің мүддесін қорғау: Қазақстан Республикасының, шетел мемлекетте- рінің, халықара- лық төрелік соттарында мемлекеттің мүддесін тиімді құқықтық қорғауды қамтамасыз ету. Орталық атқару органдарына құқықтық мәселелер жөніндегі консультациялық қызметтерді көрсету практика- сын реттеу. Жасалған шарттарға сәйкес төрелік шығындар мен қызметтерге ақы төлеу. Іске асыру мерзімі: қаңтар-желтоқсан. 5) Лицензиарлар- дың функцияларын орындау: Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нотариалдық және адвокаттық қызметті лицензиялауды өткізу. Жеке және заңды тұлғаларға нотариалдық және адвокаттық қызметпен, жылжымайтын мүлікті бағалау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензиялар дайындау. 6) Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеу бойынша шығындарды өтеуді қамтамасыз ету. Жылжымайтын мүлікке құқықтар- ды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз ету. 7) Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу бойынша шығындарды өтеуді қамтамасыз ету. 8) Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Әділет министр- лігі |
3 | | 002 | Аумақтық орган- дардың аппа- раттары | Бекітілген штат санының лимитіне сәйкес 2901 бірлік санында Қазақстан Республикасы Әділет министрлі- гінің аумақтық әділет органдарын ұстау. Қызметтік жеңіл автомобилі- нің 26 ұстау. Заңды тұлғаларды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының нормативтік құқықтық актілерін, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру. Құқықтық көмек пен заң қызметін көрсетуді ұйымдастыру және құқықтық насихатты қамтамасыз ету. Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласында мемлекет саясатын іске асыру. Заң шығармашылығы қызметін және Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру. Іске асыру мерзімі: қаңтар- желтоқсан. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Әділет министр- лігі, оның аумақтық органдары |
4 | | 007 | Мемлекет- тік қыз- метшілер- дің білік- тілігін арттыру | Мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін 7 тақырып бойынша қызмет көрсетулерді сатып алу: 1) Қазақстан халқына Президенттің жыл сайынғы Жолдауы жарығында құқықтық мәдениетті, құқықтық оқытуды және тәрбиелеуді қалыптастыру бойынша әділет органдарының міндеттері. 2) Адамдарды сату бойынша қылмыстарды болдырмау және алдын алу мәселелері жөніндегі халықаралық құқықтық актілерді қолданудың өзекті мәселелері және әділет органдарының басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауы. 3) Мемлекеттік сатып алу заңнамасының өзекті мәселелері; 4) Халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету жүйесін жетілдіру; 5) Әкімшілік құрылысының өзгеруі жағдайында аумақтық органдары жұмыстарының мәселелері бойынша неке мен отбасы және апос- тильдеу туралы қолданыстағы заңнаманың өзекті проблемалары; 6) Адвокатура қызметін ұйымдастыруды жетілдірудің проблемалық мәселелері және құқықтық қорғау органдарының дәлелдеу қызметінде сараптық зерттеу- лердің ролі; 7) Қолданыстағы жекеленген заңнама актілерін жетілдірудің тәжірибелік мәселелері. Мемлекеттік және ағылшын тілдеріне оқыту. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Әділет министр- лігі, оның аумақтық органдары |
5 | | 008 | Мемлекет- тік орган- дардың ғимарат- тарын, үй-жайла- ры мен құрылыс- тарын күрделі жөндеу | Алты облыстың аумақтық әділет органдарының, соның ішінде Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарының ғимараттарына, үй-жайлары мен құрылыстарына күрделі жөндеу жүргізу. Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық-атқару жүйесі басқармасының ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Әділет министр- лігі, оның аумақтық органдары |
6 | | 009 | Мемлекет- тік орган- дарды мате- риалдық- техникалық жарақ- тандыру | Орталық аппаратқа және аумақтық бөлімшелерге негізгі құралдарға жататын тауарларды: проекторды, көшірме орталығын, қағаз жойғышты, лингафон кабинетін, ксероксті, темір сейфтерін, көшірме аппараттарын, офистік жиһаз сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Әділет министр- лігі, оның аумақтық органдары |
7 | | 017 | Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекет- тік органдарды ақпарат- тық-техни- калық қамтамасыз ету | Шығыс материалдарын, оның ішінде: телекоммуникация- лық қызметтер, Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін сатып алу; Есептеу техникасын сатып алу; Әділет органдарының есептеу техникасы мен ақпараттық желілерінің құралдарына жүйелік-техника- лық қызметтер көрсету; Лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу; | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Әділет министр- лігі, Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті және оның аумақтық бөлімше- лері |
8 | | 100 | Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті- нің аппараты | Бекітілген штат санының лимитіне сәйкес 173 бірлік санында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің аппаратын ұстау. Қылмыстық жазаларды атқару саласында мемлекет саясатын іске асыру, Қылмыстық жазаларды атқаратын органдар мен мекемелерде құқықтық тәртіпті және заңдылықты қамтамасыз ету. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жедел-іздестіру қызметін жүргізу. Іске асыру мерзімі: қаңтар-желтоқсан. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Әділет министр- лігі, Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті және оның аумақтық бөлімше- лері |
9 | | 101 | Қылмыстық-атқару жүйесінің аумақтық органда- рының аппарат- тары | Бекітілген штат санының лимитіне сәйкес 1055 бірлік санында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің аумақтық органдарын ұстау. Заңнамаға сәйкес, мекемелер мен органдарда қылмыстық жазаларды атқару бойынша жұмыстар ұйымдастыру. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жедел-іздестіру қызметін жүргізу. Іске асыру мерзімі: қаңтар-желтоқсан. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Әділет министр- лігі, Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
50 заңнамалық актілер бойынша қолданыстағы заңнаманы талдаудан өткізу;
әзірленетін заң жобаларының саны - 40;
55 заң жобасын ғылыми сараптамадан және 20 заң жобасын ғылыми криминологиялық сараптамадан өткізу;
заң жобалау жұмыстары бойынша өткізілетін конференциялар мен дөңгелек үстелдер саны - 6;
сабақтас құқықтық шығармалары мен объектілеріне, өнеркәсіптік меншік объектілеріне, селекциялық жетістіктерге, интегралдық микросхемалар топологияларына құқықтарды қорғау мәселелері жөніндегі өткізілетін өңірлік семинарлар, көпшілік акциялар саны - 6 (4 семинар және 2 көпшілік акция);
зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі шығарылатын әдістемелік әдебиеттер мен нормативтік құқықтық актілер саны кемінде 2000 бірлік;
есептеу техникасын: жалпы қажеттіліктен 50 % құрайтын дербес компьютер - 628 бірлік, жалпы қажеттіліктен 50 % құрайтын принтерлер - 560 бірлік, жалпы қажеттіліктің 50 %, құрайтын үздіксіз қоректендіру көздері - 560 бірлік;
лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді: вирусқа қарсы Касперский бағдарламасын - 92 бірлік сатып алу;
негізгі құралдарға жататын тауарларды жалпы қажеттіліктен 70 %, құрайтын: проектор - 1 бірлік, көшірме орталығы - 1 бірлік, қағаз жойғыш - 1 бірлік, лингафон кабинеті - 1 бірлік, ксерокөшірме аппараты - 1 бірлік, темір сейфін - 9 бірлік, көшірме аппараттары - 204 бірлік, офистік жиһаз сатып алу;
жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саны кемінде 634168 және жылжымалы мүлікті және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу саны кемінде 26897 құрайды;
дайындалатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік бланкілері саны кемінде 50000 бірлік;
мемлекеттік тізілімге енгізілетін нормативтік құқықтық актілер саны кемінде 2900 бірлік;
құқықтық ақпарат берумен қамтамасыз етілетін мемлекеттік органдары саны кемінде 1132 бірлік;
дайындалатын лицензия бланкілерінің саны, оның ішінде түрлері бойынша: адвокаттық қызметін лицензиялауға - 900 бірлік, нотариалдық қызметін лицензиялауға - 600 бірлік, мемлекеттік бас лицензия - 500 бірлік;
кәсіби деңгейін арттыру - 376 адам;
мемлекеттік тілге оқыту - 115 адам;
ағылшын тіліне оқыту - 50 адам;
6 облыстың аумақтық әділет органдарында күрделі жөндеу жүргізу;
Шығыс-Қазақстан облысының қылмыстық-атқару жүйесі басқармасының ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу.
Соңғы нәтиже:
жаңа қабылданған нормативтік құқықтық актілерге және оларды қолдануға азаматтардың, мемлекеттік органдардың, заңды тұлғалардың қол жеткізуі;
мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режимін қолдау;
Қазақстан Республикасы азаматтарының және ұйымдарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;
мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби деңгейін 11,6% арттыруды қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметкерлерді мемлекеттік тілге 3,5% оқыту және ағылшын тіліне 1,5% оқыту.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі орталық аппаратының, оның комитеттерінің бір қызметкерін ұстауға жылына орташа шығындар 2949,8 мың теңге, аумақтық әділет органдары аппараттарының бір қызметкерін ұстауға - 666,4 мың теңге және қылмыстық-атқару жүйесі аумақтық органдары аппараттарының бір қызметкерін ұстауға - 723,2 мың теңге құрайды;
заң жобалау жұмыстары бойынша бір конференция мен дөңгелек үстел өткізуге шығындар 1116,33 мың теңге;
зияткерлік меншік құқықтар жөнінде бір семинар өткізуге шығындар - 235,0 мың теңге;
зияткерлік меншік құқықтар жөнінде бір көпшілік акция өткізуге шығындар 290,0 мың теңге;
жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеудің біреуін өткізудің орташа шығыны 723,47 мың теңге құрайды;
жылжымалы мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеудің біреуін өткізудің орташа шығыны 1384,35 мың теңге құрайды;
нотариалдық және адвокаттық қызметпен айналысу құқығына бір лицензия дайындауға шығыстар - 50 теңге;
бір мемлекеттік бас лицензия дайындауға шығыстар - 115 теңге;
заңды тұлғаларды тіркеудің бір бланкісін дайындауға шығыстар - 30 теңге;
мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруға орташа шығындар - 11,2 мың теңге;
бір мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік тілге оқытуға - 50,5 мың теңге;
бір мемлекеттік қызметшінің ағылшын тіліне оқытуға - 30,1 мың теңге;
әділет және қылмыстық-атқару жүйесі аумақтық органдарының әкімшілік ғимараттарын күрделі жөндеу жұмыстарына орташа шығыстар - 53025,0 мың теңге;
Уақтылығы:
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жүктелген функцияларды орындауды уақтылы қамтамасыз ету;
жасалған шарттарға сәйкес мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін уақтылы арттыру және оларды мемлекеттік, ағылшын тілдеріне оқыту.
Сапа:
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және оның ведомстволарына жүктелген функцияларға сәйкес, халыққа мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуін және ұсыну сапасын қамтамасыз ету;
қазіргі замандағы кәсіби мемлекеттік қызмет талаптарына, экономикалық жағдайларға сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру;
мемлекеттік тілді оқу курстарын өткеннен кейін, іс жүргізу мемлекеттік тілге көшкен мемлекеттік қызметшілердің үлесі 30%;
ағылшын тілін оқу курстарын өткеннен кейін, ағылшын тіліндегі құжаттармен жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің үлесі 1 %;
кәсіби деңгейін арттыру курстарын өткеннен кейін, жоғары лауазымға тағайындалған мемлекеттік қызметшілердің үлесі 2,5%.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
209-қосымша
221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Сот сараптамаларын жүргізу"
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 667617 мың теңге (алты жүз алпыс жеті миллион алты жүз он жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Сот сараптамасы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 12 қарашадағы Заңы; "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 3 , 17-баптары; "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы орталығы" мемлекеттік мекемесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 11 тамыздағы № 1245 қаулысы; "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысы; "Қазақстан Республикасының сот сараптама жүйесін дамыту тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 8 ақпандағы № 119 қаулысы; "Қазақстан Республикасының сот сараптамасы жүйесін дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 қазандағы № 1072 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: сот сараптамасындағы қылмыстық азаматтық істердің және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің материалдары бойынша Қазақстан Республикасының сот ісін жүргізудің қажеттілігін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының сот сараптамасы қызметін толық ғылыми және әдістемелік қамтамасыз ету; бірыңғай және тәуелсіз сот сараптама жүйесінің қызметін бұдан әрі жетілдіру; азаматтық сот ісін жүргізуде сот сараптамасының ролін арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
сот-сараптама қызметін ұйымдастыру және Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен сот сарапшыларына лицензиялар беру;
сот-сараптама органдарының материалдық-техникалық базасын нығайту;
сот сараптамасы саласында ғылыми-зерттеу жұмысын үйлестіру және жүргізу;
сот сараптама қызметінің институционалдық және ұйымдастырушылық негізін дамыту;
сарапшы кадрларын іріктеу жүйесін кәсіби даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жетілдіру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- ламалардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 002 | | Сот сарапта- маларын жүргізу | Сот сараптамасы саласындағы мекемеге жүктелген негізгі функция- ларды орындау үшін штат саны 609 бірлік. Сот сараптамасы орталығын және оның 17 ғылыми- өндірістік лабораториясын ұстау. Іске асыру мерзімі: қаңтар-желтоқсан. Сот сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 8 ақпандағы № 119 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының сот сараптамасы жүйесін дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар өткізу, оның ішінде қызметтік ғимаратын сатып алу. Ресми WEB-сайтын құру: "Қазақстан Республикасы Әділет министрлі- гінің Сот сараптамасы орталығы" мемлекеттік мекемесі Интернет желісіне енуді сүйемелдеу және қызмет көрсетулер. Сот сараптамасы орталығын материалдық- техникалық жабдықтармен жарақтандыру үшін жабдықтар мен есептеу техникасын сатып алу. Қызметтік ғимарат сатып алу. Іске асыру мерзімі: қаңтар-желтоқсан. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касының Әділет министрлігі. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі- нің Сот сараптамасы орталығы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: сараптамалар саны 43 түрі бойынша кемінде 60000 құрайды;
WEB-сайтан құру - 1 бірлік;
қызметтік ғимарат сатып алу - 1 бірлік;
сот сараптамасы орталығын материалдық-техникалық жарақтандыру үшін жалпы қажеттіліктен 20% құрайтын жабдықтар мен есептеу техникасын, оның ішінде: