Ақтау порты арқылы Иран және Әзірбайжан бағытында астықты тұрақты тасымалдау қамтамасыз етілетін болады. Астықты тасымалдау перспективасы жылына 600 мың тонна есебінен қаралып отыр.
3.5. Теңіз көлігін дамыту проблемалары
Қазақстанның теңіз көлігінің алдында күшті жақтарының әлеуетін толық шамада іске асыруға және өзінің осал жақтарын барынша азайтуға мүмкіндік беретін жұмыс істеудің сапалы жаңа деңгейіне өту міндеті тұр.
Қазіргі кезеңде теңіз көлігі өз қызметінің негізгі көрсеткіштерін перспективті жоспарлау кезінде қиыншылықтарға тап болды. Теңіз көлігі тасымалдардың баламалы бағдарғыларымен және көршілес елдердің бәсекелес шетелдік кеме қатынасы компанияларымен қатаң бәсеке жағдайында, әлемдік тауар нарықтарының тез өзгеретін және болжауы қиынға түсетін жағдайда жұмыс істейтінін есепке алу қажет.
Осыны негізге ала отырып, отандық теңіз көлігінің мынадай негізгі проблемаларын атап өтуге болады:
1. Қазіргі уақытта теңіз порттары бағытындағы бағыттардың тартылымдылығы баламалы бағыттарға қарағанда шамалы, ұлттық теңіз сауда флоты каспий маңындағы мемлекеттердің кеме қатынасы компанияларына бәсекелес емес.
2. Қазақстан Республикасында мұнайды өндіру мен бөлудің ұзақ мерзімді болжамды теңгерімі негізінде көмірсутегін тасымалдау кезіндегі негізгі басымдылық құбыр көлігіне беріледі. Жаңа экспорттық құбыр жүйелерін дамыту 2006 - 2010 жылдары Ақтау порты арқылы жіберілетін мұнай көлемінің айтарлықтай төмендеуіне әкеледі. Теңіз көлігін құбыр көлігімен бірге қазақстандық шикізатты тасымалдаудың негізгі арнасы ретінде қарау қажет.
3. Сервистік инфрақұрылымның, оның ішінде кемелерге, кеме механизмдері мен жабдыққа техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөніндегі кеме жөндеу базасының жоқтығы. Көмірсутегі шикізатын барлау жөніндегі жұмыстар жүргізілетін Каспий теңізінің қазақстандық секторында 150-ден acтам кеме жұмыс істейді. Қазақстандық кеме жөндеу базасын құру отандық және шетелдік кемелерге халықаралық стандарттар деңгейінде қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасы теңіз көлігі қызметтерінің аясын кеңейтеді.
Бұрын аталған сервистік инфрақұрылымды құру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 шілдедегі № 763 қаулысымен бекітілген Ұлттық теңіз сауда флотын құрудың 2004 - 2006 жылдарға арналған бағдарламада көзделген. Алайда, қаржы ресурстарының болмауы мен Құрық портының дамымауы оларды іске асыруды кейінірек кезеңге ауыстыру қажеттілігіне соқтырды.
4. Каспий теңізінің қазақстандық секторында теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен қоршаған ортаны қорғаудың кешенді жүйесінің жоқтығы.
5. Теңіз тасымалына барлық қатысушылардың өзара қарым-қатынастарын регламенттеу және кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар халықаралық теңіз конвенцияларына қосылу және сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде шаралар қабылдау қажет.
6. Кадр тапшылығы. Теңіз порттары мен теңіз сауда флотының қызметі үшін кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесін құру жөнінде шаралар кешенін одан әрі қабылдау қажет.
Теңіз көлігінің тиімді жұмысын және оны дамытудың жоғары қарқынын қамтамасыз ету мақсатында жоғарыда көрсетілген проблемаларды шешу маңызды болып табылады.
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттерi
Бағдарлама 2006 - 2012 жылдар кезеңін қамтиды. Ұлттық теңіз көлігін дамыту көлік қызметтерінің қажетті көлемін қамтамасыз ету жөніндегі негізгі бағыттардың бірі болып отыр.
Бағдарлама мақсаты: елдің экспорттық-импорттық, каботаждық және транзиттік жүк тасымалдарына қажеттіліктерін толық көлемде қамтамасыз ететін және қазіргі заманғы техникалық базаға ие қазіргі заманғы жоғары технологиялық теңіз көлігін құру.
Осы бағдарламаның мақсатына қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:
халықаралық нормалардың талаптарына сәйкес келетін порт және сервистік инфрақұрылымды дамыту және бәсекеге қабілетті жаңасын құру;
білікті менеджменті мен персоналы және флотты Каспий теңізінде де, әлемдік су жүйесінің өзге де бассейндерінде тиімді пайдалану перспективасы бар қазіргі заманғы және бәсекеге қабілетті флотты құру арқылы ұлттық сауда флотын одан әрі дамыту;
халықаралық конвенциялар мен келісімдерге одан әрі қосылуға, ұлттық заңнаманың көршілес мемлекеттердің заңнамасымен үйлестіруге, теңіз тасымалы процесіне қатысушылардың құқықтық қарым-қатынастарын тиісті реттеу және теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында нормативтік құқықтық кесімдерді қабылдауға бағытталған теңіз көлігі саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;
Каспий теңізінің қазақстандық секторында теңізде жүзу қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етудің кешенді жүйесін құру;
теңіз көлігі саласында кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін құру жөнінде шаралар кешенін қабылдау;
теңіз көлігін қажетті мемлекеттік қолдау шараларымен ынталандыру.
Бағдарламаны іске асыру барысында жекелеген белгіленген іс-шаралардың да, тұтастай алғанда бүкіл Бағдарламаның да барынша тиімділігіне:
бағдарламалық іс-шараларды орындауға арналған шығындарды оңтайландыру;
теңіз көлігін дамыту жөніндегі шаралардың дәйектілігін белгілеу;
бағдарламалық іс-шараларды қаржыландырудың анағұрлым ұтымды және тиімді схемаларын пайдалану есебінен қол жеткізу жоспарланып отыр.
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктерi
Бағдарламаны іске асыру екі кезеңмен жүзеге асырылады.
I-кезең: 2006 - 2008 жылдар
Бағдарламаны іске асырудың бірінші кезеңі ішінде теңіз көлігін дамыту саласындағы негізгі басымдықтар мынадай бағыттар болып табылады:
Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды ескере отырып, порттардың өндірістік қуатын жүктерді қайта тиеудің болжанған өсуін қамтамасыз ететін деңгейге дейін кеңейту жөніндегі бірінші кезең жұмыстарын аяқтау;
теңіз порттарында кемелер қозғалысын басқару жүйелерін және теңіз порттарында құтқару операцияларын басқару жүйелерін құру;
шикі мұнайды және мұнай өнімдерін, сусымалы және үйінді жүктерді тасымалдауға арналған кемелерді, сондай-ақ қосалқы флот кемелерін жеке меншікке сатып алуды және жасауды қоса алғандағы ұлттық теңіз сауда флотын дамыту;
меншікті қызмет көрсету және жөндеу кәсіпорындарын дамыту үшін жағдайлар жасау;
халықаралық конвенциялардың талаптарына сәйкес білікті кадрлар даярлау үшін теңіз оқу-тренажерлық орталығын құру;
Каспий теңізінің қазақстандық секторы қоршаған ортасы жай-күйіне теңіз көлігінің әсер ету мониторинг жүйесін енгізу.
II-кезең: 2009 - 2012 жылдар
Теңіз көлігі саласының теңдестірілген қызметін және қойылған міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында дамудың негізі бағыттары мыналар болып табылады:
теңіз порттарының өндірістік қуаттарын кезең-кезеңімен жүктерді қайта тиеудің болжанған өсу деңгейіне жеткізе отырып кеңейту және жаңғырту жөніндегі жұмыстарды аяқтау;
бәсекеге қабілетті қазақстандық теңіз сауда флотын құру;
Каспий теңізінің қазақстандық секторында кемелер қозғалысын және құтқару операцияларын басқарудың өңірлік жүйесін құру;
Каспий бойынша жүзетін ұлттық теңіз флоты және басқа да сауда кемелеріне қызмет көрсету үшін кеме жасау және кеме жөндеу объектілерін дамыту;
теңіз көлігі саласының кадрларын даярлау және біліктілігін арттыруды тәжірибелік қамтамасыз ету;
теңіз ортасына бақыланбайтын әсер етулерді болдырмау үшін ISO 14001:2004 халықаралық стандартына сәйкес теңіз көлігі объектілерінде қоршаған ортаны басқару жүйесін енгізу;
теңіз көлігі қалдықтарымен қоршаған ортаны ластауды болдырмау жүйесін енгізу.
5.1. Теңіз портының инфрақұрылымын дамыту
Порт инфрақұрылымының жаңасын құру және қолданыстағысын жаңғырту көлік секторын, атап айтқанда теңіз тасымалын дамыту ісінің aca маңызды бөлігі болып табылады. Yкіметтің 2004 - 2005 жылдар ішінде қабылданған хаттамалық шешімдеріне сәйкес қолданыстағы Aқтaу, Баутино теңіз порттарын және жаңадан құрылып жатқан Құрық портын дамыту перспективалары белгіленген.
Ақтау порты
Барлық қажетті көлік коммуникациялары және жүктердің кез келген түрлерін өңдеуге мүмкіндік беретін инфрақұрылымы бар Ақтау теңіз сауда порты экспорттық-импорттық және транзиттік жүктерді тасымалдауға қатысу үшін анағұрлым перспективті порт болып табылады.
Порттың 2005 жылғы жағдай бойынша қолданыстағы өндірістік қуаты жобалық қуатқа жетті. Осыған байланысты қазіргі аумағының шеңберінде инфрақұрылымды жетілдірумен бірге портты солтүстік бағытта кеңейтіп, одан әрі дамыту қажеттілігі туындап отыр.
Жаңа гавань шеңберінде порт терминалдары мен қорғау гидроқұрылыстарын сала отырып, Ақтау теңіз сауда портының өндірістік аумағын кеңейту оны қайта жаңартудың екінші кезеңі шеңберінде іске асыруға жоспарланған. Порт аумағының жалпы ауданы 81,722 га құрайды және ол «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» РМК-ның шаруашылық жүргізуінде.
Ақтау портын Солтүстік бағытта дамыту жобасын жылдам іске асыру үшін қолайлы инвестициялық жағдайлар жасауға «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы да ықпал ететін болады.
Жобалау, салу және пайдалануға беруді ескерумен 2006 - 2008 жылдар кезеңінде құрылыс жұмыстарын жүргізу көзделіп отыр. Жобаның жалпы құны 32,7 млрд. теңгені құрайды. Ақтау теңіз портын кеңейту мұнай құю жүктерін ауыстырып тиеудің жыл сайынғы көлемін 20 млн. тоннаға дейін және құрғақ жүктерді 3 млн. тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Жобаны іске асыру мемлекеттік-жекеменшік серіктестік қағидатын қолдануды көздейді және ол Ақтау порты базасында көліктік-логистикалық орталықты құруға ықпал етеді.
Жобаны іске асырудың көрсетілген моделі Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясының негізгі қағидаттарының біріне сәйкес, сол қағидат бойынша теңіз порттарын салу және оларға техникалық қызмет көрсету, негізінде, жекеменшік секторының жауапкершілігі аясына кіретін болады, өз кезегінде жалпы пайдаланымдағы теңіз инфрақұрылымы мемлекет жауапкершілігінің аясында болады, бұл ретте шығындар, мүмкіндігінше, порт алымдары есебінен және кеме иелері мен стивидорлық компаниялармен жасалған шарттардың негізінде өтелетін болады.
Баутино порты
Қазақстанның мұнайгаз секторында өндірулерді жандандыру, шельфтегі перспективті кен орнын өндіру жөніндегі жобаларды қоса алғанда, сондай-ақ жапсарлас инфрақұрылымды дамыту Баутино порты арқылы жүктерді ауыстырып тиеу көлемін және кеме қатынасы қарқындылығын одан әрі ұлғайтуға ықпал етеді. Баутино портының инфрақұрылымдық дамуы шельфте жасанды аралдарды құру үшін мұнай жабдығы мен құрылыс материалдарын жөнелту жөніндегі бункерлік база мен терминалдарды құруды көздейді.
Порт бағытында Маңғыстау - Баутино темір жол желісін салу жобасының перспективті іске асырылуымен шельфтегі операцияларды қамтамасыз етуді де, халықаралық қатынаста жүктерді қайта өңдеуді ұйымдастыруды да көздейтін жүк ағынының кең спектріне қол жеткізу қамтамасыз етіледі.
2003 - 2005 жылдары «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» РМК «Баутино жүк ауданы» филиалы үшін сомасы 305 млн. теңгеден астам тиеу-түсіру техникасын, оның ішінде жүк көтергіштігі 16132 тонна порталдық кран мен порталдық тиегіштерді сатып алды.
Баутино жүк ауданының порт инфрақұрылымын одан әрі жаңғырту мақсатында құны шамамен 3 млрд. теңге жұмыстарды жүргізуді көздейтін "Баутино жүк ауданын кеңейту" жобасының техника-экономикалық негіздемесі әзірленді.
Қажетті жұмыстарды жүргізу сызбасы мынадай іс-шараларды жүргізуді көздейді:
1) аумақты суға батқан кемелерден тазарту;
2) түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу;
3) сусымалы және бас жүктер үшін айлақ салу, сондай-ақ жолаушылар айлағын салу;
4) теңіз портының әкімшілік ғимаратын және қоймалық үй-жайларды салу.
Теңізде жүзу қауіпсіздігін арттыру мақсатында 2006 - 2007 жылдарда Түпқараған шығанағында Кемелер қозғалысын басқару жүйесі құрылады.
Баутино портын кешенді дамыту жөніндегі шараларды іске асыруға жағалау маңындағы жер учаскелерінің меншік нысандары әртүрлі бірнеше меншік иелерінің бар болуы қиындық туғызып отыр. Осыған байланысты, Баутино портын одан әрі дамыту мақсатында оны игерудің кешенді бағдарламасын әзірлеу қажет.
Құрық порты
Құрық портын дамыту Қазақстанның «Баку - Тбилиси - Джейхан» жобасына қатысуына бағдарланған ірі мұнай құю терминалдарының бірі болып табылатын, мұнайды қайта тиеу және сақтау бойынша мамандандырылған терминал құруды көздейді.
Мұнай құю терминалы резервтік паркті және ірі салмақты танкерлерге қызмет көрсетуге арналған шығару айлақтарын қамтиды. Құрық порты ауданындағы осындай кемелердің өтуі үшін қажетті тереңдіктер жағалаудан үштен алты километр қашықтықта орналасқан.
Осы ауданды кешенді дамыту мақсатында Каспий мұнай шельфінде теңіз операцияларын қолдау үшін қажетті бірқатар өндірістік объектілер орналастыру болжанып оты. Теңіз мұнай операцияларын қолдау базасы, металл құрылымын өндіру бойынша зауыт, кеме салу - кеме жөндеу базасы, мұнай және газ дайындау жөніндегі кешен және басқа да қосалқы объектілер салынады.
Бұдан басқа кірме жолдарды, сумен қамтамасыз етуді, отын газымен қамтамасыз етуді, электрмен қамтамасыз етуді, қоймаларды қоса алғанда, жапсарлас инфрақұрылымдық объектілерді құру талап етіледі.
Құрық портында инфрақұрылымды құру 70,3 млрд. теңге мөлшерінде бағаланады. Дамыту жобасын әзірлеуді мұнай өндіру компанияларымен бірлесіп «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ жүзеге асырады.
Орта мерзімдік перспективада мемлекеттік порттық қадағалауды белгіленген тәртіппен жүзеге асыру және теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін порттық теңіз әкімшілігі құрылатын болады.
Теңізде жүзу қауіпсіздігін арттыру мақсатында 2007 - 2009 жылдарда А.Бекович-Черкасский шығанағында Кемелер қозғалысын басқару жүйесі құрылатын болады.
5.2. Теңіз сауда флотын дамыту
Теңіз көлігімен тасымалдануға жататын мұнай құю және құрғақ жүктер көлемінің артуы жөніндегі болжамды деректерге сәйкес отандық сауда флотының одан әрі дамуы көзделуде.
Танкерлік флот
Қазіргі уақытта «Қазақтеңізкөлікфлоты» компаниясы пайдаланатын танкерлік флот мұнайды Ақтау - Махачкала және Ақтау - Баку бағыттарында жылына 3 млн. тонна көлемінде тасымалдауды қамтамасыз етуге қабілетті. Heкa порты бағытында мұнай иран порттарына жоғары танкерлердің кіру бойынша жүк көтергіштігі шектеулерге байланысты жүк көтергіштігі 5 мың тоннаға дейінгі кемелермен тасымалданады.
Танкерлік флотты одан әрі қалыптастыру кезінде транс каспийлік көліктік жүйе шеңберінде мұнайды тораптық тасымалдауды жүзеге асыру үшін іpі салмақты мұнай құю кемелерін пайдалану мүмкіндігі көзделуде. Тасымалдардың ең аз өзіндік құнын қамтамасыз ететін ірі салмақты танкерлердің оңтайлы типтерін айқындау үшін мұндай кемелерді жасау, жеткізу және техникалық қызмет көрсету мәселелерін пысықтай отырып зерттеулер жүргізу қажет. Ірі салмақты танкерді жасаудың болжамды құны 6-6,7 млрд. теңгені құрайды. Жылына 20 млн. тонна мұнайды тасымалдау үшін қажетті кемелер саны - 5 бірлік. Тиісінше, ірі салмақты танкерлік флотты құру бағдарламасы бойынша қаржы көлемі 33,2 млрд. теңгені құрауы мүмкін.
Құрғақ жүк флоты
Ақтау порты арқылы құрғақ жүктерді қайта тиеу бойынша болжамдық деректер негізінде құрғақ жүк флотын құру жоспарланып отыр. Құрғақ жүк кемелерін жасау және сатып алу саясаты каспий маңы мемлекеттерінің нақты жүк базасы және порттық инфрақұрылымының өндірістік қуаттылығы әлеуетін есепке алып жүзеге асырылатын болады. Екі құрғақ жүк кемесін жасау және сатып алу жоспарланып отыр. Бұл мақсаттарға 2,4 млрд. теңге шығыны болжанып отыр.
Жолаушылар жүк тасымалы артқан жағдайда паромдарды салу және сатып алу туралы мәселе қаралатын болады.
Теңіз операцияларын қамтамасыз ету флоты
Каспий теңізінің қазақстандық секторы жер қойнауын 2006 - 2012 жылдарда игеру жөніндегі жоспарларға сәйкес теңіз кен орындарын игеру орындарына бағытталған жүк ағынының өсуі күтілуде.
Жасанды аралдарды жасау үшін қажетті тас жынысының жылдық орташа көлемі 1 млн-нан 2 млн. тоннаға дейін болуы мүмкін. Жекелеген кезеңдерде, жұмыстар қарқындағанда бұл көлемнің жылына 4 млн. тоннаға дейін артуы мүмкін.
Каспий теңізі қазақстандық секторының жағалаулық белдеуін дамытудың кешенді жоспарына сәйкес, теңіз операцияларын қамтамасыз ету флотының кемелеріне қосымша жылдық қажеттілік 2006 жылдан бастап 2012 жылға дейін шамамен 147 бірлікке жетеді.
Кеме типі/Жылдар | 2006 | 2007 | 2008 | 2009 | 2010 | 2011 | 2012 |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Бұрғылауға арналған жабдықтау баржасы (таяз жүзетін) | 1 | 4 | 8 | 14 | 19 | 24 | 25 |
Бұрғылау жабдықтарын тасымалдауға арналған баржалар | - | 4 | 2 | 1 | 9 | 6 | 8 |
Монтаждық баржалар (крандық таяз жүзетін) | - | 1 | 2 | - | 7 | 6 | 6 |
Технологиялық баржалар | - | 1 | 3 | 3 | 9 | 10 | 10 |
Тіркеп сүйрегіштер | 1 | 2 | 4 | 7 | 10 | 12 | 12 |
Терең жүзетін жабдықтау кемесі | - | - | - | - | - | - | 5 |
Бұрғылау жабдықтарын тасымалдауға арналған кемелер | - | - | - | - | - | - | 2 |
Терең жүзетін крандық кемелер | - | - | - | - | - | - | 2 |
Аралдарды салуға арналған көліктік баржалар | 8 | 13 | 26 | 37 | 25 | 25 | 18 |
Көліктік баржаларға арналған тіркеп сүйрегіштер | 8 | 13 | 26 | 37 | 25 | 25 | 18 |
Құбыр төсейтін кемелер және баржалар | 2 | 2 | 4 | 8 | 8 | 12 | 10 |
Құбыр тасымалдайтын кемелер және баржалар | 2 | 2 | 4 | 8 | 8 | 12 | 10 |
Танкерлік баржалар | 1 | 1 | 1 | 1 | 4 | 5 | 7 |
Жолаушы кемелері | 1 | 1 | 1 | 1 | 4 | 5 | 7 |
МНМС | - | - | - | - | 2 | 2 | 2 |
Құтқару кемелері | - | - | - | - | - | 1 | 1 |
Өрт сөндіру кемелері | - | - | - | - | 2 | 2 | 2 |
Флот бірлігі барлығы | 24 | 44 | 81 | 117 | 132 | 147 | 145 |
Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясының теңіз операцияларын қамтамасыз ету флотының құрамы жүк базасынан, кемелердің әмбебаптығы мен өтімділігінен, Каспий теңізінің және жүзу ауданының географиялық ерекшеліктерінен, басқа компаниялардың флот құрамынан қалыптасатын болады.
«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» АҚ меншікті теңіз операцияларын қамтамасыз ету флотын дамытудың бастапқы кезеңінде баржа-алаңшаны, трюмдық баржаларды, бункерлік кемелерді, таяз шөгетін мұздық класты тіркеп сүйрегіштерді, буксерлер-құтқарғыштарды, вахталық ауысымды жеткізу кемелерін, өрт сөндіру кемелерін, льялды және фекальды суларды жинауға арналған кемелерді, зерттеу кемелерін (гидрографиялық), мұнай қоқысын жинаушыларды иемденуді жоспарлап отыр.
Флоттың сандық және сапалық құрамын анықтау кезінде шельфті кен орындарын қазудың қолда бар технологиялары негізге алынады. Теңіз операцияларын қамтамасыз етудің отандық флотын дамытудың бастапқы кезеңінде негізінен көліктік қызметтерді жүзеге асыру болжанып отыр, ал құбыр төсейтін кемелер, жерснарядтар, кабель төсегіш кемелер үлгісіндегі меншікті бірегей объектілерді салу жекелеген жобаларды іске асыру шеңберінде қаралатын болады.
Теңіз операцияларын қамтамасыз ету флотын дамытуға барлығы жыл сайын 3-3,6 млрд. теңге көлеміндегі сома жұмсалады.
5.3. Теңіз көлігінің қосалқы инфрақұрылымын дамыту
5.3.1. Кеме жөндеу өндірісін құру
Каспий теңізінің қазақстандық секторында зерттеу және игеру бойынша жұмыстар көлемінің қарқынды өсуі алдағы жылдарда жұмыс жасайтын кемелер санын және сонымен байланысты қызмет көрсету нарығының артуын көздейді.
Каспий бассейніндегі кеме жөндеу базалары Ресей, Әзірбайжан және Иран аумақтарында орналасқан, онда 20-дан аса кеме жасау және кеме жөндеу кәсіпорындары өз қызметін жүзеге асыруда. Негізінен олардың қызметі кеме жөндеу жұмыстары өндірісінен, шельфтік жұмыстарды қамтамасыз етуге арналған әртүрлі класты және мақсаттағы кемелерді жасау және қызмет көрсетуден, өнеркәсіп объектілері үшін болат құрылымдар өндірісінен тұрады.
Қазіргі уақытта Қазақстанның каспийлік өңірінде Атырау қаласында орналасқан тек бір "Кемежөндеуші" кеме жөндеу кәсіпорны бар. Қанағаттанарлықсыз өндірістік-экономикалық жағдай, жиі тоқтап тұруы және аз санды құрамы (75 адам) осы кәсіпорында кеме жөндеуді жоспарлау болашағының әлсіз екенін көрсетеді.
Қазақстан екі «Ер-Сай Каспиан Контрактор» және «Керреl Kazakhstan» өндірістік алаңшасының құрылысы жүргізілуде. Теңіз операцияларын қамтамасыз ету үшін теңіз платформаларының металл құрылымдарын жинау жөніндегі жұмыстар өндірістік алаңшалардағы жұмыстарының негізгі түрі болады және кеме жөндеу жұмыстарын орындау көзделмеген.
Қазақстанда жұмыс істейтін кемелерді жөндеу мәселелерін шешу қажеттілігін негізге ала отырып А.Бекович-Черкасский шығанағы жағалауындағы Құрық порты ауданындағы кеме жөндеу зауытын салу нұсқасы қаралуы мүмкін. Толқыннан табиғи қорғалған және тереңдігі 5,5 метрге дейінгі шығанақ айдыны кеме жасау және кеме жөндеу зауытын орналастыруға ыңғайлы және ұтымды орын болып табылады.
2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Ақтау және Баутино порттарында Каспий теңізі айдынында әртүрлі жұмыстарға тартылған 100-ден аса кеме (зерттеу кемелері, тіркеп сүйрегіштер, жүзбелі бұрғылау қондырғылары, балық аулайтын, мұнай құю танкерлері, құрғақ жүк кемелері, жолаушы кемелері) тіркелген. Каспий теңізінің қазақстандық секторының мұндай кен орындарын қазу жөніндегі жұмыстар көлемінің өсуі салдарынан жақын арада кемелер саны айтарлықтай өсуі мүмкін.
Бекітілген нормативтерге сәйкес әрбір кеме жоспарлы инспекциядан және әрбір бес жыл сайын жөндеуден, сондай-ақ жоспарлы инспекция мен жөндеу арасында аралық инспекциядан өтуі тиіс.
Осылайша, Қазақстанда кеме жөндеу зауытын салу үшін барлық алғышарттар бар. Кеме жөндеу кешені бойынша инвестициялар шамамен 4,8 млрд. теңгені құрайды.
5.3.2. Теңізде жүзу қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды
қамтамасыз ету жүйесін құру
Ұлттық теңіз сауда флотын, теңіз порттық және сервистік инфрақұрылымын дамыту Теңізде адам өмірін қорғау жөніндегі халықаралық конвенция (СОЛАС-74), Теңізшілерді даярлау мен оларға диплом беру және олардың вахтада болуы туралы халықаралық конвенция (ПДМНВ-95) және Кемелердің қауіпсіз пайдаланылуын басқару және ластануын болдырмау жөніндегі халықаралық кодексі (МКУБ) талаптарына сәйкес теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шараларды міндетті сақтаумен жүзеге асырылуы қажет.
Каспий теңізінің қазақстандық секторында теңізде адам өмірі қауіпсіздігін, кеме жүргізудің қауіпсіздігін және тиімділігін, іргелес жағалаулық аудандарда және жұмыс жүргізу орындарында қоршаған ортасын кеме қатынасының мүмкін жағымсыз әсерінен қорғауды қамтамасыз ету міндеттерін шешу үшін:
1) Түпқараған шығанағындағы КҚБЖ-дан, Ақтау порты КҚБЖ-дан, А.Бекович-Черкасский шығанағындағы КҚБЖ-дан, Жайық-Каспий бассейніндегі КҚБЖ-дан және көмірсутекті шикізатты игеру аудандарында орналасқан жергілікті КҚБЖ-дан тұратын кемелер қозғалысын басқарудың аймақтық жүйесін (КҚБАЖ);
2) өзінің құрамына Ақтау портында орналасқан құтқару операцияларын басқару жүйесін (ҚОБЖ), Баутино, Құрық, Атырау порттарында орналасқан құтқару операцияларын басқарудың локалдық жүйесін және Каспий теңізінің қазақстандық жағалауы бойынша 30 км қашықтықта біркелкі орналасқан ретрансляциялық пункттерді қамтитын құтқару операцияларын басқарудың өңірлік жүйесін (ҚОБӨЖ) құру қажет.
Теңіз көлігінде қоршаған ортаны қорғау жүйесін құру үшін:
Каспий теңізінің қазақстандық секторы қоршаған ортасының жай-күйіне теңіз көлігінің әсер ету мониторингін;
ISO 14001:2004 халықаралық стандартына сәйкес теңіз көлігі объектілерінде қоршаған ортаны басқару жүйесін;
теңіз көлігі қалдықтарымен қоршаған ортаны ластауды болдырмау жүйесін енгізу қажет.
КҚБАЖ құрған кезде кемелердің кез-келген ту астында жүзуі үшін тең жағдайлар мен мүмкіндіктер қамтамасыз етіледі, яғни халықаралық кеме қатынасын қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасалады. Басқару сондай-ақ балық аулау өндірісіне де және қызметтік - қосалқы флотқа да қолданылатын болады.
Теңізге мұнай және мұнай өнімдерінің құйылуымен байланысты төтенше жағдайларда КҚБЖ-дан ақпарат қоршаған ортаны қорғау органдарына жедел жеткізілуі тиіс.