Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін акциздік маркаларымен
таңбалаудың тәртібін бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 ж. 26 тамыздағы № 1251 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 10.07.00 ж. № 1040; 08.11.01 ж. № 1421; 14.11.02
ж. № 1207; 15.06.04 ж. № 657; 2005.23.05. № 495 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2006 ж. 22 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 14.11.02 ж. № 1207 қаулысымен кіріспе өзгертілді; ҚР Үкіметінің 15.06.04 ж. № 657 қаулысымен тақырыбы, кіріспесі, 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
Акциздік маркаларының қозғалысын, акциздердің бюджетке уақытылы және толық түсуін бақылауды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін акциздік маркаларымен таңбалаудың тәртібі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 26 тамыздағы № 1251 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 15.06.04 ж. № 657 қаулысымен тақырыбы және мәтіндегі сөздер өзгертілді (бұр. ред. қара)
Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін акциздік
маркаларымен таңбалаудың тәртібі
1. Жалпы ережелер
1. ҚР Үкіметінің 14.11.02 ж. № 1207 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
2. Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін
акциздік маркаларымен таңбалаудың тәртібі
ҚР Үкіметінің 10.07.00 ж. № 1040; 08.11.01 ж. № 1421; 14.11.02 ж. № 1207; 15.06.04 ж. № 657 (бұр. ред. қара); 2005.23.05. № 495 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді
2. Мыналар:
нормативтiк-техникалық құжаттамаға сәйкес тұтыну ыдысына құйылған алкоголь өнiмi (шарап материалын және сыраны қоспағанда);
темекi бұйымдары және құрамында темекi бар өзге де бұйымдар (бұдан әрi - темекi бұйымдары).
3. Акцизделетін тауарларды өндірушілер Қазақстан Республикасының аумағында сатуға арналған дайын өнімге акциз маркаларын желімдеуді өндіріс процесінде не таңбалау үшін белгіленген технология бойынша өзінің аумағында басқа оқшау жерде жүргізеді.
4. Еркін айналысқа арналған тауарларды шығарудың кеден режиміне сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін акцизделетін тауарларды акциз маркаларымен таңбалау, заңдарда белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерде жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2005.23.05. № 495 қаулысымен 4-1-тармақпен толықтырылды
4-1. Банкроттың мүлкiн (активтерiн) сататын конкурстық басқарушылар, конкурстық массаға енгiзiлген акцизделетін тауарларды акциздiк маркалармен таңбалауды өзiнiң аумағындағы оқшауланған орында таңбалау үшiн белгiленген технология бойынша жүргiзеді.
ҚР Үкіметінің 14.11.02 ж. № 1207; 15.06.04 ж. № 657 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 5-тармақ өзгертілді
5. Акциз маркаларымен міндетті таңбалануға жататын акцизделетін тауарлар акциз маркаларының белгіленген түрлерімен және/немесе сыйымдылықпен таңбаланады.
Мыналарға акциздік маркаларының:
алкоголь өнімдерін - жеті таңбалы баспаханалық немірлеуі болады, түстері бойынша ажыратылады және бec түрге бөлінеді: арақ, күшті алкогольді ішімдіктер, әлсіз алкогольді ішімдіктер, шарап пен коньяк және пайдаланылатын сыйымдылығына (бұдан әрі - сыйымдылық) қарай 0-0,24 литр, 0,25 литр, 0,26 литр және одан көп болып бөлінеді;
темекi бұйымдарына - екі таңбалы сериясы және марканы шығарған жылы болады.
Алкоголь өнімдерін таңбалау мынадай түрде жүзеге асырылады:
Марканың түрі | Өнімнің атауы |
арақ | арақ және ерекше арақтар |
күшті алкогольді сусындар | күшейтілген ликер-арақ бұйымдары және этил спиртінің көлемді үлесі 30 % жөне одан көп өзге күшті алкогольді ішімдіктер |
әлсіз алкогольді сусындар | шарап сусындары, әлсіз градус- ты ликер-арақ бұйымдары және этил спиртінің көлемді үлесі 30 %-тен аз өзге әлсіз алкогольді ішімдіктер |
шарап | шараптар, шампан |
коньяк | коньяк, бренди |
ҚР Үкіметінің 15.06.04 ж. № 657 (бұр. ред. қара); 2005.23.05. № 495 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 6-тармақ өзгертілді
6. Мыналар:
Қазақстан Республикасынан тысқарыға экспортталатын;
Қазақстан Республикасының аумағына "бажсыз сауда жасайтын дүкен", "кеден қоймасы" кеден режимдерінде әкелінетін;
жалғыз даналарда жарнама және (немесе) көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына "тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкелу" және "тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкету" кедендiк режимдерiнде әкелiнетiн;
Қазақстан Республикасының кеден аумағы арқылы тауарлар транзитi кеден режимінде өтетін;
Қазақстан Республикасының кеден аумағына Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген акцизсіз әкелу нормасының шектерінде жеке тұлғалар әкелетін (жіберетін) акцизделетін тауарлар акциз маркаларымен міндетті таңбалануға жатпайды.
ҚР Үкіметінің 2005.23.05. № 495 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, кеден режимдерінде ресімделген және акциз маркаларымен таңбалауды көздемейтін акцизделетін тауарлар, Қазақстан Республикасының кеден аумағында сатылуы жағдайында бажсыз сауда жасайтын дүкендерден басқа, заңдарда белгіленген тәртіппен акциздi төлей отырып, акциз маркаларымен міндетті таңбалануға жатады.
8. Таңбаланбаған тәркіленген және мемлекеттің пайдасына бас тарту режимінде ресімделген, сапасы бойынша ГОСТ-қа сәйкес келетін алкоголь өнімі, мамандандырылған мемлекеттік кәсіпорынның таңбалауына жатады.
3. Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлеріне
акциздік маркаларын желімдеудің тәртібі
ҚР Үкіметінің 08.11.01 ж. № 1421 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
9. Темекі бұйымдарына акциздік маркаларын желімдеудің тәртібі.
Қораптың аузын ашқан кезде акциз таңбасы бүлінуі тиіс.
Акциз таңбасы былайша орналастырылады:
1) сүзгiлi сигареттiң жұмсақ қорабындағы мәтін немесе үстіңгі бетін жабатын акциз маркасындағы сурет қораптың алдыңғы бетінің бағытына бағдарлануы тиіс және орталықта орналасуы тиіс (оң және сол шетінен, алдыңғы және артқы қабырғадан бірдей аралықта). Қорапты целлофанмен қаптау (егер мұндай көзделсе) қорапқа желімделген акциз маркасының үстінен жүргізілуі тиіс;
2) сүзгiлi сигареттiң қайырма қақпақты қорабындағы марка артқы бетінде орналасуы және бұрышын жауып, қораптың бүйір бетіне өтуі тиіс. Қорапты целлофанмен қаптау (егер мұндай көзделсе) қорапқа желімделген акциз маркасының үстінен жүргізілуі тиіс.
3) сүзгiсiз сигарет қорабында акциздiк маркасы қораптың сол және оң шетiнен бiрдей аралықта артқы бетiнде тiгінен орналасады әрi қорапты ашар жердi басып өтедi;
4) папирос қорабындағы мәтiн немесе үстiңгi бетiн жабатын акциз маркасындағы сурет қораптың алдыңғы бетiнiң бағытына бағдарлануы тиiс және орталықта (оң және сол шетiнен, алдыңғы және артқы қабырғалардан бiрдей аралықта) орналасуы тиiс.
10. Алкоголь өніміне арналған акциз маркасын желімдеудің тәртібі:
1) Акциз маркасы шөлмектегi (шыны, хрусталь, фарфор, керамика және т.б) аузына жақсы жабысып және оның аузын ашқан кезде бүлiнетiндей болып, ыдыстың тығындық қалпақшаларының (немесе полиэтилен тығындарының) үстiне желiмделедi. Желiмделген акциз таңбасының үстiне мөлдiр материалдан жасалғандарды (термоқалпақшаларды) қоспағанда, қандай да бiр болмасын капсулды қолдануға тыйым салынады.
2) "Тетра Пак" үлгiсiндегi қорапқа акциз маркасы жоғарғы бiрiктiрме тiгiсiнiң ұзына бойына қораптың үстiн жаба отырып желiмделедi және орталығында орналасуы тиiс (қораптың алдыңғы және артқы қабырғасынан, оң және сол шетiнен бiрдей арақашықтықта).
11. Акциз маркаларын желiмдеу кезiнде марканы тауардан бүлдiрмей алуға мүмкiндiк бермейтiн желiм пайдаланылуы тиiс.
Акциз маркаларын желiмдеуге арналған желiм оның кебуі мен тауардан ажыратылып қалуын болдырмау үшiн жоғары және төмен температураларға, ылғалдың түрлi деңгейлерiне төзiмдi болуы және акциз маркасын қайталап пайдаланудың мүмкін болмауын қамтамасыз етуi тиiс.