“Әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық
комиссия құру туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 шілдедегі № 758 Қаулысы
(2006.15.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2006 ж. 7 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң
2005 жылғы 21 шілдедегі
№ 758 қаулысына
Қосымша
ҚР Үкіметінің 2006.15.03. № 172 қаулысымен құрам өзгертілді (бұр.ред.қара)
Әкімшілік заңнаманы жетілдіру мәселелері жөніндегі
ведомствоаралық комиссияның құрамы
Қосдәулетов - Қазақстан Республикасының
Дулат Рашитұлы Әділет вице-министрі,
төрайымның орынбасары;
Ноздрин Валерий - Қазақстан Республикасы
Владимирович Жоғарғы Сотының судьясы
(келісім бойынша);
Ыбырайым Нұрлан - Қазақстан Республикасы
Мұхтарбекұлы Парламентінің Мәжілісі
Аппараты Басшысының орынбасары
(келісім бойынша);
Бояркин Сергей - Қазақстан Республикасының
Иванович Парламенті Мәжілісінің
депутаты (келісім бойынша);
Үкібаев Ермек - Қазақстан Республикасы
Елеуханұлы Республикалық ұланы қолбасшысының
бірінші орынбасары (келісім бойынша);
Ақанов Айқан - Қазақстан Республикасының
Ақанұлы Денсаулық сақтау вице-министрі;
Бектұров Азат - Қазақстан Республикасының
Ғаббасұлы Көлік және коммуникация
вице-министрі;
Жаңбыршин - Қазақстан Республикасы
Қозы-Көрпеш Есімұлы Қорғаныс министрінің
экономика және қаржы
жөніндегі орынбасары;
Нұршабеков Ризат - Қазақстан Республикасы
Рахатбекұлы Ақпараттандыру және байланыс
агенттігі төрағасының орынбасары;
Оразбаев Бірлік - Қазақстан Республикасының
Есіркепұлы Энергетика және минералдық
ресурстар вице-министрі;
Палымбетов Болат - Қазақстан Республикасының
Әбілқасымұлы Экономика және бюджеттік
жоспарлау вице-министрі;
Смайылов Әлихан - Қазақстан Республикасының
Асханұлы Қаржы вице-министрі;
Уандықов Ерік - Қазақстан Республикасының
Құсманұлы Қоршаған ортаны қорғау
вице-министрі;
Үмбетәлиев Мәди - Қазақстан Республикасының
Тоқтарұлы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау вице-министрі;
Радостовец Николай - Қазақстан Республикасы
Владимирович Тауар өндірушілер мен
экспорттаушылар
одағының президенті
(келісім бойынша);
Құрбанбаева Гүлнәр - Қарағанды облысы кәсіпкерлер
Төретайқызы қауымдастығының директоры
(келісім бойынша);
Амандықов Қайрат - Қазақстан Республикасының
Якудаұлы Кәсіподақтар одағы федерациясы
төрағасының орынбасары
(келісім бойынша);
Нұрғалиев Тұрсынхан - Астана қаласы кәсіпкерлерінің
Оразұлы құқықтарын қорғау жөніндегі
қауымдастығы заң қызметінің
басшысы (келісім бойынша);
Балиева - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Зағипа Яхияқызы министрi, төрайым
Жұмағұлов - Қазақстан Республикасы Әдiлет
Ерлан Әскерұлы министрлігі Заңнама департаментiнiң
директоры, хатшы
Әмiров - Қазақстан Республикасының Парламентi
Иран Әмiрұлы Сенатының депутаты (келісім бойынша)
Жолдасбаева - Қазақстан Республикасының Парламентi
Нұрлығайым Шалданқызы Сенатының депутаты (келісім бойынша)
Бақтыбаев - Қазақстан Республикасы Бас
Iлияс Жақыпбекұлы прокурорының бiрiншi орынбасары
(келісім бойынша)
Айманбетова - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi
Гүлбану Зарлыққызы төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Айтжанов - Қазақстан Республикасының Ауыл
Дулат Нулиұлы шаруашылығы вице-министрi
Баймағанбетов - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Серiк Нұртайұлы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы)
төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Баталов - Қазақстан Республикасының Индустрия
Асқар Болатұлы және сауда вице-министрi
Досжан - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
Ардақ Дүкенбайұлы ақпарат және спорт вице-министрi
Досмұхаметов - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы
Қанат Мұхаметкәрiмұлы мен қаржы ұйымдарын реттеу және
қадағалау агенттiгi төрағасының
орынбасары (келісім бойынша)
Кәрбозов - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Қозы-Көрпеш Жапарханұлы қауiпсiздiк комитетi төрағасының
орынбасары (келісім бойынша)
Күренбеков - Қазақстан Республикасы Президентінің
Амантай Жәнкеұлы Күзет қызметi бастығының орынбасары
(келісім бойынша)
Орымбаев - Қазақстан Республикасы Табиғи
Ардақ Сиязбекұлы монополияларды реттеу агенттiгi
төрағасының орынбасары
Петров - Қазақстан Республикасының Төтенше
Валерий Викторович жағдайлар вице-министрi
Райымбеков - Қазақстан Республикасы Жер
Қаналбек Өтжанұлы ресурстарын басқару агенттiгi
төрағасының орынбасары
Тортаев - Қазақстан Республикасы Статистика
Бауыржан Қадырұлы агенттігі төрағасының орынбасары
Шпекбаев - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
Алик Жатқамбайұлы вице-министрi
Айсағалиева - Қазақстан кәсiпкерлерi форумының
София Серiкбайқызы атқарушы директоры (келісім бойынша)
Доскенов - Орталық Қазақстан кәсiпкерлерi
Талғат Қазыкенұлы қауымдастығының президентi - Қазақстан
кәсiпкерлерi форумы Қарағанды қаласы
бойынша өкiлдiгiнiң директоры (келісім
бойынша)
Ермаков - "Секрет+Сервис" кәсiпкерлерге қызмет
Владимир Александрович көрсету орталығы" мекемесiнiң
директоры (келісім бойынша)
Палташева - Алматы кәсiпкерлерi қауымдастығының
Мұнавара Тұрсынқызы директоры (келісім бойынша)
Шестаков - Қазақстан Кеден брокерлерi
Геннадий Алексеевич қауымдастығының төрағасы (келісім
бойынша)
Баймаханов Мұрат - "Қазақ гуманитарлық заң университеті"
Тәжімұратұлы акционерлік қоғамы мемлекет және
құқық теориясы мен тарихы
кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының
докторы, профессор, Қазақстан
Республикасы Ұлттық ғылым
академиясының академигі
(келісім бойынша)
Жиреншин - Қазақ гуманитарлық-заң университетi
Қазбек Әбусағитұлы конституциялық және әкiмшiлiк құқық
кафедрасының меңгерушiсi, заң
ғылымдарының докторы, профессор
(келісім бойынша)
Жұмағұлов Марат - заң ғылымдарының кандидаты
Иманғалиұлы (келісім бойынша)
Нұғманова Эльмира - заң ғылымдарының
Әбдікқызы кандидаты (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2005 жылғы 21 шілдедегі
№ 758 қаулысымен
бекітілген
Әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру мәселелерi
жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң кесiмдерiн және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы ереженi басшылыққа алады.
2. Комиссияның мiндеттерi мен құқықтары
3. Комиссияның негiзгі мiндеттерi:
1) қолданыстағы әкiмшiлiк заңнаманы талдау;
2) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне енгізу үшiн ұсынылған өзгерістер мен толықтыруларды қарау;
3) мемлекеттік органдардың әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөніндегі ұсыныстарын қарау;
4) әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру жөнiндегі ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына енгізу;
5) Комиссияның құзыретiне жататын өзге де мiндеттердi жүзеге асыру болып табылады.
4. Өзiнiң мiндеттерiне сәйкес Комиссияның:
1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара iс-қимыл жасауға;
2) әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізуге;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкiлдерiн (келісім бойынша) Комиссияның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша Комиссияның отырыстарына шақыруға және тыңдауға;
4) Комиссияның мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi материалдарды мемлекеттік және басқа да ұйымдардан заңнамада белгiленген тәртiппен сұратуға және алуға;
5) Комиссияға жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн қажеттi өзге де құқықтарға құқығы бар.
3. Комиссия қызметiн ұйымдастыру
5. Комиссия төрағасы оның қызметiне басшылық етедi, отырыстарына төрағалық етедi, жұмысын жоспарлайды, шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның функциясын орынбасары орындайды.
6. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
7. Жұмысты ұйымдастыруды, тиiстi құжаттарды, материалдарды дайындауды және Комиссия отырысының хаттамасын ресiмдеудi Комиссия хатшысы жүзеге асырады.
Комиссияның отырысына материалдар оны өткiзгенге дейiн кемiнде 3 күн бұрын Комиссия мүшелерiне жiберiледi.
ҚР Үкіметінің 2006.15.03. № 172 қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Комиссияның отырыстары күнтізбелік жылғы айдың екінші дүйсенбісінде, қажет болған кезде Комиссия төрағасы белгілейтін өзге де күндерде де өткізіледі. Комиссияның отырысы Комиссия мүшелері жалпы санының кемінде жартысы қатысқан кезде заңды деп саналады.
9. Отырыстардың күн тәртібін, сондай-ақ олардың өткiзiлетiн орны мен уақытын Комиссия төрағасы Комиссия мүшелерiнiң келісімi бойынша белгiлейдi.
ҚР Үкіметінің 2006.15.03. № 172 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
10. Комиссияның шешiмдерi ашық дауыс берумен, сондай-ақ Комиссия мүшелеріне сұрау салу жолымен қабылданады және егер, олар үшiн Комиссия мүшелерi жалпы санының көпшiлiк дауысы берiлген болса, қабылданды деп есептеледi, Комиссия отырысы хаттамамен ресiмделедi және ұсынымдық сипатта болады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi.
Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiрге құқығы бар, ол бiлдiрiлген жағдайда жазбаша түрде жазылуы және Комиссия отырысының хаттамасына қоса берiлуi тиiс.
11. Комиссияның құзыретiне қатысты қажеттi материалдарды әзiрлеу үшiн ұйымдар, жоғарғы оқу орындары, сондай-ақ ғалымдар мен жоғары біліктi мамандар тартылуы мүмкiн.
12. Комиссия өз қызметiн Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi негiзiнде тоқтатады.