7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижелері:
78,0 млн. гектар алаңда аса қауіпті зиянды организмдердің жаппай дамуы мен таралу ошақтарын анықтау. 7,5 млн. гектар алаңда зиянкестердің, аурулардың және арамшөптердің пайда болуына, дамуына және таралуына жүйелі түрде зерттеу жүргізу. Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдардың әдістемелік орталығын 61 бірлік көлік құралдарымен, 146 бірлік зертханалық жабдықтармен, 258 бірлік оргтехникамен, 61 бірлік кеңселік жиһаздармен, бухгалтерлік есеп жүргізуге арналған "ЛУКА" бағдарламасымен қамтамасыз ету.
2,8-3,0 млн. гектар алаңда аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы химиялық өңдеу.
Түпкілікті нәтижелері: Аса қауіпті зиянды организмдердің қоныстанғаны анықталған алаңдармен салыстырғандағы химиялық өңдеулермен қамту алаңдарының пайызы:
аса қауіпті зиянкестер бойынша - 100%; бидайдың аурулары (тат және септориоз) бойынша - 40,3%.
2,8-3,0 млн. гектар алаңда ауыл шаруашылығы дақылдарының аса қауіпті зиянды организмдерінің санын қауіпсіз (ЗЭШ зияндылықтың экономикалық шегінен төмен) деңгейге дейін азайту; Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді аса қауіпті зиянды организмдердің дамуы мен таралуының мейлінше анық болжамдарымен қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтижесі:
Зиянды және аса қауіпті зиянды организмдердің пайда болуына, дамуына және таралуына жүйелі түрде бақылау және зерттеу жүргізудің 1 гектарына жалпы шығын - 5,15 теңге;
ауыл шаруашылығы дақылдарының және алқаптардың 1 гектарында аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы іс-шаралар жүргізуге жалпы шығын - 1000 теңге.
Уақтылығы: аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы оңтайлы мерзімде жүргізілген химиялық өңдеулердің пайызы - 100%.
Сапасы: аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы жүргізілген химиялық өңдеулердің уақтылығы мен сапасына қанағаттанған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің пайызы - 80 пайыздан жоғары.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
89-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Өсімдіктер карантині»
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 779880 мың теңге (жеті жүз жетпіс тоғыз миллион сегіз жүз сексен мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 18-бабы; «Карантиндік объектілердің және аса қауіпті зиянды организмдердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1295 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жекелеген мемлекеттік мекемелерін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 15 қаңтардағы № 19 қаулысы; «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден қорғау жөніндегі ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 1 тамыздағы № 773 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы аумағында карантиндік объектілердің таралуының алдын алу мен оған жол бермеу және қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: карантиндік объектілердің ошақтарын анықтау, оқшаулау, жою, олардың бұдан әрі таралуының алдын алу және оны болдырмау, карантиндік объектілер мен бөтен текті түрлердің түрлік құрамын айқындау, себілетін және отырғызылатын материалдағы жасырын залалдануды анықтау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 004 | | Өсімдік- тер карантині | | | |
2 | | 100 | Өсімдік- тер карантині жөніндегі мемлекет- тік меке- мелер | Республикалық каран- тиндік зертхана: 35 штат бірлігі бар мемлекеттік мекеме ұстау; карантинге жатқызыл- ған өнімге және үлгі- лерге зертханалық фитосанитариялық сараптама жүргізу, оның ішінде биоло- гиялық объектілердің болуын анықтау және олардың түрлік құрамын айқындау; оргтехника, зертхана- лық құрал-жабдықтар сатып алу. Республикалық жеміс- жидек дақылдарының жерсіндіру - карантиндік көшеттігі: 12 штат бірлігі бар мемлекеттік мекеме ұстау; Жеміс-жидек дақылда- рындағы зиянкестерді, өсімдік ауруларын және арамшөптердi анықтауға сараптама- лар мен талдау жүргі- зу, өсімдіктердің жетілу кезеңінде (қалемшелер, көшет- тер, тұқымдар, түйнек, жуашық, тамыртүйнек, жеміс үлгісі) карантинге жатқызылған материалды зерттеу; жеміс-жидек және басқа да дақылдардың тірі өсімдіктерін өсіру, тексеріліп жатқан карантинге жатқызылған материал- дарды күту жөніндегі агротехникалық іс- шаралар жүргізу; карантиндік тексеру аяқталғаннан кейін отырғызу, егу немесе тұқымдық сау материал шығару; оранжереяға жылу беру үшін жылыту бойлерін сатып алу. Республикалық дәндi дақылдардың жерсін- діру-карантиндік көшеттігі: 18 штат бірлігі бар мемлекеттік мекеме ұстау; дәнді, дәнді-бұршақты дақылдар мен жүгері- нің келіп түскен импорттық сорт үлгілерінің карантин- дік объектілермен жасырын залалдануына сараптамалар мен талдау жүргізу; дәнді, дәнді-бұршақты дақылдардың, жүгері- нің және басқа дақылдардың келіп түскен импорттық сорт үлгілерін өсіру және сараптама жасау; карантиндік тексеру аяқталғаннан кейін сау тұқым материалын шығару; оргтехника, ауыл шаруашылығы техника- сын, зертханалық құрал-жабдықтарын сатып алу. | Қаңтар- желтоқ- сан | Қазақстан Республи- касының Ауыл шаруашы- лығы министр- лігі |
3 | | 101 | Каран- тиндік зиянкес- тердің, өсімдік аурула- рының және арамшөп- тердің таралу ошақтарын анықтау, оқшаулау және жою | Қазақстан Республика- сы Үкіметі айқындаған тізбе бойынша каран- тиндік объектілердің таралау ошақтарын айқындау, оқшаулау және жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, соның ішінде: - карантиндік объектілердің болуына зерттеулер жүргізу; - мынадай химиялық препараттар сатып алу: карантиндік зиянкес- терге қарсы күрес жүргізу үшін, оның ішінде запасты жаңар- ту және толықтыру үшін инсектицидтер; карантиндік арамшөп- терге қарсы күрес жүргізу үшін, оның ішінде запасты жаңар- ту және толықтыру үшін 175-200 мың гектар алаңға герби- цидтерді сатып алу; - кедендік процедура- лар жүргізу; - химиялық препарат- тарды, соның ішінде запасты сақтау; - химиялық препарат- тарды, оның ішінде запасты белгіленген жерге жеткізу; - 182,0-209,0 мың гектар алаңда каран- тиндік зиянкестер мен арамшөптерге қарсы химиялық күрес. | Қаңтар- желтоқ- сан | Қазақстан Республи- касының Ауыл шаруашы- лығы министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижелері:
1400,0-1500,0 мың га алаңда және 70 кәсіпорында карантиндік зиянкестердің, өсімдік аурулары мен арамшөптердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою;
182,0-209,0 мың га алаңда анықталған карантиндік зиянкестердің, өсімдік аурулары мен арамшөптердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою;
карантиндік объектілердің болуына жүргізілген шамамен 25 мың зертханалық сараптама нәтижесінде деректер алу;
Республикалық карантиндік зертхананы, 6 бірлік оргтехникамен, 30 бірлік құрал-жабдықтармен және 10 бірлік басқа да зертханалық жабдықтармен қамтамасыз ету;
шамамен 230 сорт үлгілеріне және 4000 дана әртүрлі жеміс-жидек дақылдарының және басқа дақылдардың өсірілген тірі өсімдіктеріне жүргізілген зерттеулер кезінде деректер алу;
Республикалық жеміс-жидек дақылдарының жерсіндіру - карантиндік көшеттігін оранжереяға жылу беру үшін 1 бірлік жылыту бойлерімен қамтамасыз ету;
дәнді дақылдардың өсу кезеңінде карантинге жатқызылған материалдың шамамен 70 сорт үлгілеріне жүргізілген зерттеулер кезінде деректер алу;
Республикалық дәнді дақылдарының жерсіндіру - карантиндік көшеттігін 2 бірлік оргтехникамен, 3 бірлік ауыл шаруашылығы техникасымен, 1 бірлік зертханалық жабдықтармен қамтамасыз ету.
Түпкілікті нәтижелері: Қазақстан Республикасының аумағына карантиндік объектілердің таралуына жол бермеу.
Қаржы-экономикалық нәтижесі:
ауыл шаруашылығы дақылдары мен 1 га егістік жердегі карантиндік зиянкестер мен арамшөптерге қарсы іс-шараларға жұмсалатын жалпы шығындар шамамен 3786,6 теңгені құрайды;
ауыл шаруашылығы дақылдары мен 1 га егістік жердегі карантиндік зиянкестер мен арамшөптердің ошақтарын анықтау жөніндегі іс-шаралар жүргізуге жұмсалатын жалпы шығындар шамамен 32,0 теңгені құрайды;
1 кәсіпорынды зерттеуге жұмсалатын жалпы шығындар шамамен 16192,0 теңгені құрайды;
карантиндік объектілердің болуына 1 зертханалық сараптама жүргізуге жұмсалатын жалпы шығын 631 теңгені құрайды;
дәнді дақылдардың өсу кезеңінде карантиндік материалдың 1 сорт үлгісіне тексеру жүргізуге жалпы шығын 141,9 теңгені құрайды;
1 сорт үлгісіне және 1 дана жеміс-жидектер және басқа дақылдардың өсірілген тірі өсімдіктеріне зерттеу жүргізуге жұмсалатын жалпы шығын 914 теңгені құрайды.
Уақтылығы: аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы оңтайлы мерзімдерде жүргізілген химиялық өңдеу - 100%.
Сапасы: карантиндік зиянкестер мен арамшөптерге қарсы химиялық өңдеулердің уақытылы және сапалы жүргізілуімен қанағаттанған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер - 90% астам.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
90-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Тұқымдық және көшет материалының сорттық
және себу сапаларын анықтау»
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 163020 мың теңге (бір жүз алпыс үш миллион жиырма мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы; Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 23 тамыздағы № 454 бұйрығымен бекітілген Сорттық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру ережесі (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 22 қыркүйекте № 3082 болып тіркелген).
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің түсімділігін арттыру, өсімдік шаруашылығы өнімінің сапасын жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: бүкіл егіс алаңына егу сапасына тексерілген тұқымдарын себуді қамтамасыз ету, отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, бірегей және элиталық тұқымды, бірінші, екінші және үшінші репродукциялы тұқымды өндірушілер, мемлекеттік сорт сынайтын учаскелер мен станциялар, мемлекеттік тұқым ресурстары үшін ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымының сапасына уақтылы және білікті сараптама жүргізу, олардың сапасының қолданыстағы мемлекеттік стандарттарына сәйкестігін айқындау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 005 | | Тұқымды және көшет материа- лының сорттық және себу сапаларын анықтау | Тиісті мемлекеттік стандарттармен көзделген барлық сапа көрсеткіштері бойынша (өнгіштігі (немесе тіршілікке бейімділігі), ылғал- дылығы, 1000 дәннің салмағы, тазалығы, зиянкестермен жайла- нуы, аурулармен дерт- тенуі) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, бірегей және элиталық тұқым- ды, бірінші, екінші және үшінші репродук- циялы тұқымды өндіру- шілер, мемлекеттік сорт сынайтын учаске- лер мен станциялар, мемлекеттік тұқым ресурстары үшін ауыл шаруашылығы өсімдік- терінің тұқымының сорттық және егу сапасына 247,0 мың зерттеулер жүргізу. | 2006 жылғы қаңтар- желтоқ- сан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижелер: 2,0-2,1 млн. тонна көлемінде тұқымдық материалдың сорттық және себу сапасы жағдайының шынайы нәтижелерін алу.
Түпкілікті нәтижелері: ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымының сапасын 100% тексеруді қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері пайдаланатын кондиционды тұқымдарды себуді 100% жүзеге асыру.
Қаржы-экономикалық нәтижесі: тұқым сапасына сараптама жүргізу бойынша 1 зерттеудің құны 660 теңгені құрайды.
Уақтылығы: осы бағдарламада көзделген белгіленген мерзімде іс-шараларды орындау, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымының сапасына дер кезінде сараптама жасау жазғы дақылдар - көктемгі себуге дейін, ал күздік дақылдар - күзгі себуге дейін.
Сапасы: егілетін тұқымдардың сапасы жақсарады, кондиционды тұқымдардың үлесі 100% құрайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
91-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік қолдау»
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1350171 мың теңге (бір миллиард үш жүз елу миллион бір жүз жетпіс бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9 , 11-баптары; «Агроөнеркәсіп кешеніне кредит берудің және оны субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 наурыздағы № 259 қаулысы; «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 9 , 12-баптары; «Арнайы шоттағы ақшаны пайдалану және уақытша бос қаражатты орналастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 қыркүйектегі № 973 қаулысы; «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдауға арналған бюджет қаражатын басқару үшін агентті айқындау және бюджет қаражатынан агенттің қызметіне ақы төлеу мөлшері мен тәртібін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 997 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеуді дамытуды ынталандыру; ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу жөніндегі отандық кәсіпорындар өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ауыл шаруашылығы өндірісін қолдау және оның нәтижелігін жоғарлату; ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеуді дамытуды ынталандыру, отандық өндірістің ауыл шаруашылығы шикізатын өңдейтін отандық кәсіпорындар өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру; ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін және тамақ өнеркәсібінің отандық кәсіпорындарын сапа менеджменті жүйесі халықаралық стандарттарына ИСО, ХАССП көшіру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: лизинг алушылар төлейтін және кейіннен республикалық бюджетке қайтарылатын сыйақы бөлігінің сомасына лизинг алушыларға лизингке берілетін ауыл шаруашылығы техникасының құнын арзандату; Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігімен Кредиттік келісім бойынша тиісті сыйақы (мүдде) бөлігінің сомасына лизинг алушыларға лизингке берілетін құрал-жабдықтың құнын арзандату; міндетті сақтандыру төлемінің бір бөлігін сақтандырушыға қайтару арқылы өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды мемлекеттік қолдау; өндірістік мақсаттар үшін айналымдағы қорларды толықтыруға екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттердің проценттік ставкалары бойынша ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу кәсіпорындары төлейтін төлемдердің сомасын жартылай арзандату, ИСО 9000 және ХАССП халықаралық стандарттар негізінде сапа менеджментінің жүйесіне олардың жеделдетіп өтуіне көмектесу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 006 | | Агроөнер- кәсіптік кешенді дамытуды мемлекет- тік қолдау | | | |
2 | | 103 | Ауыл шаруашы- лығы техника- сының қаржы лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу | "Агроөнеркәсіп кеше- ніне кредит берудің және оны субсидиялау- дың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 наурыздағы № 259 қаулысымен бекітілген лизингтік негізде 2003 жылы ауыл шаруа- шылығы техникалары- мен қамтамасыз етуге кредит беру және сый- ақы (мүдде) ставкасын өтеу ережесіне сәй- кес, лизинг негізінде ауыл шаруашылығы техникасымен қамтама- сыз ету. | желтоқ- сан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығының министр- лігі |
3 | | 105 | Ауыл шаруашы- лығы өнімдерін өңдейтін кәсіп- орындарға арналған жабдық- тардың қаржы лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу | "Агроөнеркәсіп кеше- ніне кредит берудің және оны субсидиялау- дың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 наурыздағы № 259 қаулысымен бекітілген ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарына жабдықтарды лизингтік негізде қамтамасыз етуге кредит беру және сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу ережесіне сәйкес банктерге-қарыз алушыларға сыйақы (мүддесін) ставкасын өтеуі. | 2006 жылдың 4 тоқсан бойы | Уәкілетті ұйым Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігі Қазақстан Республи- касы Қаржы министр- лігі |
4 | | 106 | Өсімдік шаруашы- лығындағы сақтанды- руды қолдау | Қазақстан Республика- сының Үкіметімен белгіленетін тәртіп- пен өсімдік шаруашы- лығындағы қолайсыз табиғи құбылыстардан міндетті сақтандыру- ды мемлекеттік қолдау үшін қаражаттарды бөлу. Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгілене- тін тәртіппен өсімдік шаруашылығындағы мін- детті сақтандыруды мемлекеттік қолдау үшін бюджет қаражат- тарын басқару үшін агент қызметтерін төлеу. | қаңтар- желтоқ- сан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығының министр- лігі |
5 | | 107 | Екінші деңгейде- гі банк- тер ауыл шаруашы- лығы өнімін өңдейтін кәсіп- орындарға олардың айналым қаражатын толықты- руға беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидия- лау | Қазақстан Республика- сы Үкіметінің қаулы- сымен бекітілген екінші деңгейдегі банктер ауыл шаруашы- лығы өнімін қайта өңдейтін кәсіпорын- дарға олардың айналым қаражатын толықтыруға беретін кредиттер бойынша сыйақы став- касын субсидиялау Ережесіне сәйкес екінші деңгейдегі банктер ауыл шаруа- шылығы өнімі қайта өңдейтін кәсіпорын- дарға олардың айналым қаражатын толықтыруға беретін кредиттері бойынша банктік сыйақы бөлігін арзандату. | Қаңтар- желтоқ- сан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігі |
6 | | 111 | Ауылшару- ашылық өнімдері өндірісі мен рыно- гын бас- қару жүйесін дамытуды субсидия- лау | АӨК салалары кәсіп- орындарының халықара- лық стандарттар сапа менеджментін әзірлеу, енгізу және сертифи- кациялау қызметі құнының (50% дейін) бөлігін өтеу. | қаңтар- желтоқ- сан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижелері:
1. Ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша шығындарды 197743,0 (жүз тоқсан жеті миллион жеті жүз қырық үш мың) теңгеге арзандату.
2. Сақтандырушылар (ауылшаруашылығы тауарын өндірушілермен) алдында сақтандыру жағдайлары бойынша өз міндеттерін атқарған сақтандыру компанияларына 50 пайыздық сақтандыру төлемінің кепілдігін қамтамасыз ету.
3. Технологиялық жабдықтардың лизингі бойынша шығындардың 12428,0 (он екі миллион төрт жүз жиырма сегіз мың) теңгеге арзандауы.
4. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарының айналым қаражатын толықтыруға беретін банктік кредиттер бойынша қызмет көрсету шығындарын төмендету.
5. Агроөнеркәсіптік кешендері салаларының кәсіпорындары ИСО 9000 және ХАССП халықаралық стандарттар негізіндегі сапа менеджмент жүйесін әзірлеу, енгізу және сертификациялау.
6. Еліміздің ДСҰ кіру кезіндегі отандық кәсіпорындарының іс-әрекеті мен тиімділігінің жаңа сапалы деңгейге шығуы, олардың өту жөніндегі кезеңін жеделдету, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және шикізатын қайта өңдеу сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Түпкілікті нәтижесі:
1. Лизинг негізінде алынатын ауыл шаруашылығы техникасын арзандату есебінен ауыл шаруашылығы өндірушілердің табыстылығын арттыру;
2. Өсімдік шаруашылығындағы сақтандыру қызметі нарығының дамуы және қалыптасуы, өсімдік шаруашылығындағы өнімді қайта өндіру кепілден жоғарлату;
3. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жөніндегі отандық кәсіпорындардың бәсекелестік қабілеті мен тиімділігін қамтамасыз ету мәселелерін шешу, ішкі және сыртқы рыноктарда өткізу рыногы үшін бәсекелестік күреске қатысу, экспорттық потенциалын, өнімдер сапасын арттыру;
4. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындары үшін шикізаттарды өндіру мен сатып алуын дамыту;
5. Отандық өндірілген ауыл шаруашылығы шикізаттарының қайта өңдеу үлесін көбейту, шығарылатын өнімдердің түрлерін кеңейту;
6. Ішкі рынокты ауыл шаруашылығы шикізаттарынан қайта өңделген жоғары сапалы өнімдермен қанықтыру, ішкі рыноктан импортты біртіндеп ығыстыру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын көбейту және бюджетке кірісті көбейту (әлеуметтік, жеке тұлғалардан және басқа да салық).
Қаржы-экономикалық нәтижесі:
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының негізгі қаражаттарын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің сыйақы ставкасын өтеу сомасына арттыру;
Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге шығындарды төмендету;
Ауылшаруашылығы ұйымдарының зиянсыз кепілдігін құру, ауыл шаруашылығына сақтандыру компанияларының қосымша қаржы ресурстарын бөлу мүмкіндігі;
Айналым қаражатын толықтыруға беретін банктік кредиттер бойынша қызмет көрсету және технологиялық жабдықтардың лизингтік төлем сомаларын арзандатумен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарының пайдасын жоғарылату, өндірісті жетілдіру және өнімді өндіру үшін кәсіпорындардың айналым қаражаттарын босату, халықаралық деңгейде стандартталған, сенімділігі мен қауіпсіздігі талаптарға сай, рынокта барынша талап етілетін және тұтынушылар сенімімен қолданатын.
Уақтылығы: шараларды белгіленген мерзімде орындау күтілуде.
Сапасы:
1. Сыйақы ставкасын өтеу есебінен аграрлық сектордың машина-тракторлық паркін жаңартуға қажетті қаржылық қызметтердің қолайлығын арттыру.
2. Ауылшаруашылығы дақылдарын сақтандырумен жүз пайызды қамту және осы негізде ауылшаруашылық тауар өндірушілерін екінші деңгейлі банктегі несиелік ресурстармен қамтамасыз ету.
3. Импорт алмастыратын және экспортқа бағытталған ауыл шаруашылығы шикізаттарын қайта өңдеу өнімдерінің өндіріс кезеңдерін жетілдіру және дамыту, өндірістік шығындары мен бағаларын төмендету есебінен оның бәсекелестік қабілетін арттыру. Агроөнеркәсіптік кешен салаларының өндірістік мәдениетін арттыру, еліміздің ДСҰ-ға кіру кезіндегі отандық кәсіпорындары өнімдерінің сапасы мен тиімділігін жақсарту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
92-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«С. Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық
университеті техника факультетінің оқу корпусын салу»
деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 94000 мың теңге (тоқсан төрт миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Парламентінің «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы (екінші оқылым) 2005 жылғы 9 қарашадағы № 23-ІІІ ҚРП қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: инженерлік сала мамандарын, магистранттар, аспиранттар және докторанттар дайындау сапасын жақсарту, студенттердің сапалы оқуы үшін қазіргі заманғы оқу-ғылыми және инновациялық инфрақұрылымдар (агроөнеркәсіп саласында оқу-ғылыми орталық құру) әлемдік тенденцияларға сәйкес ғылыми зерттеулер жүргізу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: агроөнеркәсіп кешенінде жоғары білікті, бәсекеге қабілетті, мамандар даярлау үшін жағдай жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 007 | | С.Сей- фуллин атындағы Қазақ мемле- кеттік агротех- никалық универ- ситеті техника факуль- тетінің оқу корпусын салу | Техникалық факультет оқу ғимараты құрылысының жобалық сметалық құжаттамасын (бұдан әрі - ЖСҚ) әзірлеу және мемлекеттік сараптама өткізу. Бекітілген ЖСҚ-ға сәйкес техникалық факультет оқу ғимаратының құрылыс монтаж жұмыстарын, сонымен қатар дайындық жұмыстарын бастау. | Қаңтар- желтоқ- сан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығының министр- лігі |