104-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға кәсiптiк білім беру және оларды кәсiптiк даярлау
1. Түзеу мекемелерiнде кәсiбi (мамандығы) жоқ сотталғандарды сол мекемеде немесе босанған соң сотталушы жұмыс iстей алатын бастапқы кәсiптiк білім беру немесе кәсiптiк даярлау жүзеге асырылады.
2. Жұмыс iстеуге тiлек бiлдiрген I және II топтағы мүгедектер, 60 жастан асқан еркектер мен 55 жастан асқан әйелдер кәсiптiк даярлауға тартылуы мүмкiн.
3. Сотталғандардың кәсiптiк білім алу мен кәсiптiк даярлауға көзқарасы олардың түзелу дәрежесiн анықтау кезiнде ескерiледi.
4. Сотталғандарға кәсiптiк білім беру мен оларды кәсiптiк даярлау білім мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органмен келісім бойынша Әдiлет министрлігі белгiлейтiн тәртiппен жүзеге асырылады.
104-бап Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi № 244-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiспен.
15-тарау
БАС БОСТАНДЫFЫНАН АЙЫРУFА
СОТТАЛFАНДАРFА ТӘРБИЕЛIК ЫҚПАЛ ЕТУ
105-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысы
1. Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысы оларды түзеуге, сотталғандардың қоғамдық пайдалы қызметпен айналысуға ұмтылысын, еңбекке адал көзқарасын қалыптастыруға, заңдардың талаптарын және қоғамда қабылданған басқа да мiнез-құлық ережелерiн сақтауға, сотталғандардың білімiн, олардың білім және мәдени деңгейiн арттыруға және одан әрi дамытуға бағытталған.
2. Сотталғандардың жүргiзiлген тәрбие шараларына қатысуы олардың түзелу дәрежесiн анықтау кезiнде, сондай-ақ көтермелеу және жазалау шараларын қолдану кезiнде ескерiледi.
3. Түзеу мекемесiнiң күн тәртібінде сотталғандардың қатысуы мiндеттi тәрбие шаралары көзделуi мүмкiн.
4. Сотталғандармен тәрбие жұмысы түзеу мекемесiнiң түрi, жазалау мерзiмi, ұстау жағдайлары, олардың жеке басының дара ерекшелiктерi және олардың жасаған қылмыстарының мән-жайлары ескерiле отырып, саралап жүргiзiледi.
106-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысының негiзгi бағыттары, нысандары мен әдiстерi
1. Түзеу мекемелерiнде адамгершiлiк, құқықтық, еңбек, дене тәрбиесi, сондай-ақ оның сотталғандарды түзеу мақсатына жетуге жағдай тудыратын басқа түрлерi жүргiзiледi.
2. Сотталғандармен тәрбие жұмысы психологиялық-педагогикалық әдiстер негiзiнде дара, топтық және жаппай нысандарда ұйымдастырылады.
107-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың өздiгiнен қызмет ету ұйымдары
1. Сотталғандардың өзiн-өзi басқару элементтерiн дамыту мақсатында түзеу мекемелерiнде сотталғандардың өздiгiнен қызмет ету ұйымдары құрылады, олар түзеу мекемелерi әкiмшiлiгiнiң бақылауымен жұмыс iстейдi.
2. Сотталғандардың өздiгiнен қызмет ету ұйымдарына қатысуы түзелу дәрежесiн анықтау кезiнде ескерiледi.
3. Өздiгiнен қызмет ету ұйымдарының мiндеттерi мыналар болып табылады: қоғамға пайдалы бастамаларды ынталандыру және сотталғандардың түзелуiне ықпал жасау; еңбектi, тұрмысты және бос уақытты ұйымдастыру мәселелерiн шешуге қатысу; тәртiп пен реттіліктi қолдауда әкiмшiлiкке жәрдемдесу, сотталғандар арасында салауатты өзара қатынасты қалыптастыру; сотталғандарға және олардың туған-туысқандарына әлеуметтiк көмек көрсету.
4. Сотталғандардың өздiгiнен қызмет ету ұйымдарының мүшелерi қосымша жеңiлдiктер мен артықшылықтарды пайдаланбайды. Өздiгiнен қызмет ету ұйымдары мен олардың мүшелерi түзеу мекемесi әкiмшiлiгiнiң өкiлеттiктерiне ие бола алмайды.
5. Сотталғандардың өздiгiнен қызмет ету ұйымдарын құру мен олардың жұмысының тәртібін Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі белгiлейдi.
6. Түзеу мекемелерiнде өзiн жақсы көрсеткен сотталғандардың арасынан мекеме ұжымдары мен топтарының кеңестерi құрылады. Түзеу мекемелерiнде қызметi жазаны атқарудың мақсатына, тәртібі мен ережелерiне қайшы келмесе, сотталғандардың өзге де өздiгiнен қызмет ету ұйымдары құрылуы мүмкiн.
7. Түрмелерде және камералық үлгiдегi үй-жайларда ұсталатын сотталғандар арасында өздiгiнен қызмет ету ұйымдары құрылмайды.
107-бап Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi № 244-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiспен.
108-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың орта білім алуын ұйымдастыру
1. Түзеу мекемелерiнде 30 жасқа толмаған сотталғандардың мiндеттi орта білім алуы ұйымдастырылады.
2. Отыз жастан асқан сотталғандар мен I және II топтағы мүгедектер орта білімдi өздерiнiң қалауы бойынша алады.
3. Емтихан тапсыру үшiн оқушылар Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарына сәйкес жұмыстан босатылады.
4. Сотталғандардың орта білім алуға ұмтылысы көтермеленедi және олардың түзелу дәрежесiн анықтау кезiнде ескерiледi.
5. Өмiр бойы бас бостандығынан айыруды өтеушi сотталғандар орта білім алуға тартылмайды. Оларға өздiгiнен білімiн көтеру үшiн жазаны өтеудiң тәртібі мен ережелерiне қайшы келмейтiн жағдайлар жасалады.
6. Мектептердiң педагогикалық ұжымдары тәрбие жұмысында түзеу мекемесiнiң әкiмшiлiгiне көмек көрсетедi.
7. Сотталғандардың орта білім алуын ұйымдастыру білім беру мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органмен келісім бойынша Әдiлет министрлігі белгiлейтiн тәртiппен жүзеге асырылады.
108-бап Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi № 244-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiспен.
109-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға қолданылатын көтермелеу шаралары
1. Сотталғандарға жақсы мiнез-құлқы, еңбекке, оқуға адал қарағаны, өзiне-өзi қызмет ету ұйымдарының жұмысына және тәрбие шараларына белсене қатысқаны үшiн мынадай көтермелеу шаралары қолданылуы мүмкiн:
алғыс жариялау;
сыйлықпен марапаттау;
сыйақы беру;
қосымша посылка немесе сәлемдеме алуға рұқсат беру;
телефон арқылы қосымша сөйлесуге рұқсат беру;
қосымша қысқа мерзiмдi немесе ұзақ мерзiмдi кездесуге рұқсат беру;
мереке күндерi тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi нәрселердi сатып алуға бiр айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi сомада қосымша ақша жұмсауға рұқсат беру;
бұрын қолданылған жазаны мерзiмiнен бұрын алып тастау.
2. Колония-қоныстарда жазасын өтеушi сотталғандарға, осы баптың 1-тармағында аталған көтермелеу шараларынан басқа, демалыс және мереке күндерiн колония-қоныстың шегiнен тыс жерде өткізуге рұқсат беру түрiнде көтермелеу шарасы қолданылуы мүмкiн.
3. Жақсы мiнездемелi сотталғандарға осы Кодекстiң 73-бабының 2-тармағында және 82-бабының 4-тармағында көзделген шаралар да қолданылуы мүмкiн.
4. Өзiнiң түзелгенiн дәлелдеген сотталғандар жазаны өтеудiң шартты-мерзiмiнен бұрын босатуға ұсынылуы, сондай-ақ жазаның өтелмеген бөлiгiн жазаның неғұрлым жұмсақ түрiмен ауыстыруға ұсынылуы мүмкiн.
5. Жақсы мiнездемелi сотталғандар жөнiнде кешiрiм жасау туралы өтiнiш қозғалуы мүмкiн.
110-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға көтермелеу шараларын қолдану тәртібі
1. Алғыс түріндегі көтермелеу ауызша немесе жазбаша, қалған көтермелеу - тек жазбаша қолданылады.
2. Сотталғандарға көтермелеу ретiнде жыл iшiнде қосымша төрт посылкаға немесе сәлемдемеге дейiн алуға рұқсат етiлуi және қосымша төрт қысқа мерзiмдi немесе ұзақ кездесулер берiлуi мүмкiн.
3. Бұрын қолданылған жазаны мерзiмiнен бұрын алуға осы Кодекстiң 111-бабының 1-тармағында аталған жазаларды өтей бастаған күнiнен алты айдан ерте жол берiлмейдi.
111-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға қолданылатын жазалау шаралары
1. Сотталғандарға жазаны өтеудiң белгiленген тәртібін бұзғаны үшiн мынадай жазалау шаралары қолданылуы мүмкiн:
ескерту немесе сөгiс;
екi айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерiнде тәртiптiк айыппұл;
түзеу колонияларында немесе түрмелерде ұсталатын сотталғандарды он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге айыптылық оқшаулау орнына шығару;
жалпы және қатаң режимдегi түзеу колонияларында ұсталатын, жазаны өтеудiң белгiленген тәртібін қасақана бұзушы сотталған еркектердi камералық үлгiдегi үй-жайларға, ал қатаң режимдегi колонияларда - алты айға дейiнгi мерзiмге жалғыз адамдық камераларға ауыстыру;
жазаны өтеудiң белгiленген тәртібін қасақана бұзушы сотталған әйелдердi үш айға дейiнгi мерзiмге камералық үлгiдегi үй-жайларға ауыстыру.
2. Бас бостандығынан айыруды колония-қоныстарда өтеушi сотталғандарға жатақханалардан тыс тұру құқығының күшiн жою және жұмыстан бос уақытта отыз күнге дейiн мерзiмге жатақхана шегiнен шығуға тыйым салу түріндегі жаза қолданылуы мүмкiн.
3. Жазаны өтеудiң белгiленген тәртібін қасақана бұзушылар болып табылатын сотталғандарға осы Кодекстiң 73-бабының 4-тармағында және 82-бабының 4-тармағында көзделген шаралар да қолданылуы мүмкiн.
111-бап Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 мамырдағы № 47-ІІ Заңымен енгiзiлген толықтырумен.
112-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың жазаны өтеудiң белгiленген тәртібін қасақана бұзуы
1. Сотталушының еңбектен негiзсiз бас тартуы; алкогольдi, есiрткiлердi, басқа да есеңгiрететiн заттарды пайдалануы; ұсақ бұзақылық; түзеу мекемесi әкiмшiлiгiнiң өкiлдерiн қорқыту, қорлау немесе оларға бағынбау; түзеу мекемелерiнде пайдалануға рұқсат етiлмеген нәрселердi жасау, сақтау немесе беру (алу); құмар ойындарға қатысу; сот тағайындаған мiндеттi емделуден жалтару; ереуiлдер немесе өзге де топтық бағынбаулар ұйымдастыру, сондай-ақ оларға белсене қатысу; жыныстық сипаттағы лайықсыз iс-әрекеттердi жасауы; осы бапта аталған жөнсiздiктердi жасауға бағытталған сотталғандар топтарын ұйымдастыру немесе оларға белсене қатысу бас бостандығынан айыруға сотталғандардың жазаны өтеудiң белгiленген тәртібін қасақана бұзуы болып табылады.
2. Бiр жыл iшiнде айыптық, тәртiптiк оқшаулау орнына, камералық үлгiдегi үй-жайларға не жалғыз адамдық камераға шығару түріндегі жазаға тартылған сотталушының жазаны өтеудiң белгiленген тәртібін өзге қайталап бұзушылығы қасақана бұзушылық деп танылуы мүмкiн.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған құқық бұзушылықтарды жасаған сотталушы өзiне осы Кодекстiң 111-бабының 1-тармағында көзделген шараларды: сотталған еркектердi камералық үлгiдегi үй-жайларға немесе жалғыз адамдық камераларға көшiру, сотталған әйелдердi камералық үлгiдегi үй-жайларға көшiру, айып оқшаулау орнына орналастыру шаралары тағайындалу жағдайында жазаны өтеудiң белгiленген тәртібін қасақана бұзушы деп танылады.
4. Сотталушы түзеу мекемесi бастығының қаулысымен, айып салумен бiрге тағайындалған жазаны өтеудiң тәртібін қасақана бұзушы деп танылады.
112-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 21 желтоқсандағы № 363-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiс және толықтырумен.
113-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға жазалау шараларын қолдану тәртібі
1. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға жазалау шараларын қолдану кезiнде тәртiп бұзуды жасаудың мән-жайы, сотталушының жеке басы және бұрынғы мiнез-құлқы ескерiледi. Қолданылатын жаза әрекеттiң ауырлығы мен сипатына сәйкес болуға тиiс. Жаза әрекет анықталған күннен бастап он тәулiктен кешiктiрiлмей, ал тексеру жүргiзiлген болса - оның аяқталған күнiнен бастап, бiрақ әрекет жасалған күннен үш айдан кешiктiрiлмей қолданылады. Жаза әдетте, дереу орындалады және тек ерекше жағдайларда ғана - оны қолданған күннен бастап бiр айдан кешiктiрiлмей орындалады. Бiр тәртiп бұзушылық үшiн бiрнеше жаза қолдануға тыйым салынады.
2. Ескерту немесе сөгiс түріндегі жаза ауызша немесе жазбаша, ал қалған жазалар - тек жазбаша қолданылады. Жаза түзеу мекемесi бастығының немесе оның орнындағы адамның қаулысымен қолданылады.
3. Тәртiптiк айыппұл түріндегі жаза осы Кодекстiң 112-бабының 1-тармағында келтiрiлген жазаны өтеудiң белгiленген тәртібін бұзғаны үшiн ғана қолданылады. Қаулы сотталушыға қол қойдырылып жарияланады. Айыппұлдың өндiрiп алынған сомасы республикалық бюджетке аударылады.
4. Сотталушыны камералық үлгiдегi үй-жайға және жалғыз адамдық камераға көшiру онда ұстаудың мерзiмi көрсетіліп жүргiзiледi.
5. Камералық үлгiдегi үй-жайға көшiрiлген сотталушыға камералық үлгiдегi үй-жайға көшiруден басқа жазаның барлық шаралары қолданылуы мүмкiн.
6. Колонияның балалар үйiнде емiзулi балалары бар әйелдер, жүктілігi және тууы бойынша жұмыстан босатылған әйелдер айыптық оқшаулау орнына және камералық үлгiдегi үй-жайларға көшiрiлмейдi.
7. Егер сотталушы тәртiптiк жазаны өтеу күнiнен бастап алты ай iшiнде жаңа жазаға тартылмайтын болса, ол жазасы жоқ деп саналады.
113-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 21 желтоқсандағы № 363-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiспен.
114-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды айыптық
оқшаулау орындарында, камералық үлгiдегi үй-жайларда және
жалғыз адамдық камераларда ұстау ережелерi
1. Айыптық оқшаулау орнына көшiрiлген бас бостандығынан айыруға сотталғандарға кездесуге, телефон арқылы сөйлесуге, тамақ өнiмдерiн сатып алуына, посылкалар, сәлемдемелер мен бандерольдар алуға тыйым салынады. Олардың күн сайын ұзақтығы бiр сағат сейiлдеуге құқығы бар.
2. Жазалау тәртібімен камералық үлгiдегi үй-жайға немесе жалғыз адамдық камераларға көшiрiлген сотталғандардың:
ай сайын тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi нәрселердi сатып алуға бас бостандығын өтеу кезеңiнде тапқан қаражатынан төрт айлық есептi көрсеткiш мөлшерiнде жұмсауға;
алты ай iшiнде бiр посылка немесе сәлемдеме мен бiр бандероль алуға;
ұзақтығы бiр жарым сағаттық күн сайынғы сейiлдеудi пайдалануға;
түзеу мекемесi әкiмшiлiгiнiң рұқсатымен алты айдың iшiнде бiр қысқа мерзiмдi кездесуге құқығы бар.
3. Айыптық оқшаулау орнына шығарылған, камералық үлгiдегi үй-жайға немесе жалғыз адамдық камераларға көшiрiлген сотталғандар басқа сотталғандардан бөлек жұмыс iстейдi.
4. Сотталғандар айыптық оқшаулау орындарынан, камералық үлгiдегi үй-жайлардан немесе жалғыз адамдық камералардан қылмыстық-атқару жүйесiнiң емдеу-профилактикалық мекемелерiне көшiрiлген жағдайда олардың аталған емдеу мекемелерiнде болу мерзiмi жазаның өтеу мерзiмiне есептеледi.
115-бап. Түзеу мекемелерiнiң бас бостандығынан айыруға сотталғандарға көтермелеу
және жазалау шараларын қолданатын лауазымды адамдары
1. Осы Кодекстiң 109 және 111-баптарында атап өтiлген көтермелеу және жазалау шараларын қолдану құқығын түзеу мекемелерiнiң бастықтары немесе олардың орнындағы адамдар пайдаланады.
2. Топ бастықтарының мынадай көтермелеу шараларын қолдануға құқығы бар:
алғыс жариялау;
жылына қосымша бiр посылка немесе сәлемдеме алуға рұқсат ету;
тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi нәрселердi сатып алуға қосымша ақша жұмсауға рұқсат ету;
топ бастығының бұрын қолданған жазасын мерзiмiнен бұрын алу.
3. Топ бастықтарының мынадай жазалау шараларын қолдануға құқығы бар:
ескерту немесе сөгiс.
16-тарау
АЛУАН ТҮРЛI ТҮЗЕУ МЕКЕМЕЛЕРIНДЕГI ЖАЗАЛАРДЫ
АТҚАРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
116-бап. Жалпы режимдегi түзеу колониялары
1. Жалпы режимдегi түзеу колонияларында дағдылы жағдайларда осы түзеу мекемесiне келген сотталғандар, сондай-ақ жазасын өтеудiң қатаң және жеңiлдетiлген жағдайларынан көшiрiлген сотталғандар жазасын өтейдi.
2. Жазаны өтеудiң белгiленген тәртібін бұзғаны үшiн жазасы болмаған және дағдылы жағдайларда жаза мерзiмiнiң кемiнде алты айын өтегенi бойынша еңбекке адал қараған жағдайда сотталушы жеңiлдетiлген жағдайларға көшiрiлуi мүмкiн.
3. Өзiнiң түзелгенiн дәлелдеген және тағайындалған жаза мерзiмiнiң үштен екiсiн жеңiлдетiлген жағдайларда кемiнде алты айын өтеген сотталғандар жеңiлдiктi жағдайларға көшiрiлуi мүмкiн.
4. Дағдылы, жеңiлдетiлген және жеңiлдiктi жағдайларда жазасын өтеушi сотталған адамдар - жазаны өтеудiң белгiленген тәртібін қасақана бұзушылар-қатаң жағдайға көшiрiлуi мүмкiн. Жеңiлдетiлген және жеңiлдiктi жағдайларда жазасын өтеушi сотталған адамдар - жазаны өтеудiң белгiленген тәртібін бұзушылар дағдылы жағдайға көшiрiледi.
5. Бас бостандығынан айыру орындарында әдейi жасаған қылмысы үшiн сотталған адамдар да бастапқы кезеңде қатаң жағдайларда ұсталады.
6. Жазаны өтеудiң қатаң жағдайларынан дағдылы жағдайларына көшiру жазаны өтеудiң белгiленген тәртібін бұзғаны үшiн жазасы болмаған кезде алты айдан ерте жүргiзiлмейдi.
7. Жазаны өтеудiң қатаң жағдайларынан дағдылы жағдайларына, дағдылы жағдайларынан жеңiлдетiлген және жеңiлдiктi жағдайларына қайта көшiру осы баптың 2, 3 және 6-тармақтарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
8. Жалпы режимдегi басқа түзеу колониясынан ауыстырылған сотталғандар жазасын өздерiне ауыстырылғанға дейiн белгiленген жағдайларда өтейдi.
116-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 21 желтоқсандағы № 363-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiспен.
117-бап. Жалпы режимдегi түзеу колонияларында жазаны өтеудiң жағдайлары
1. Жазасын жалпы режимдегi түзеу колонияларында дағдылы жағдайларда өтеушi сотталғандар жатақханаларда тұрады. Оларға:
тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi нәрселердi сатып алуға өздерiнiң жеке шоттарындағы қаражаттан ай сайын төрт айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде жұмсауға;
жыл iшiнде төрт қысқа мерзiмдi және төрт ұзақ уақыт кездесуге;
жыл iшiнде алты посылка немесе сәлемдеме және алты бандероль алуға рұқсат етiледi.
2. Жазасын жеңiлдетiлген жағдайларда өтеушi сотталғандар жатақханаларда тұрады. Оларға:
тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi нәрселердi сатып алуға өздерiнiң жеке шоттарындағы қаражаттан ай сайын сегiз есептiк көрсеткiш мөлшерiнде жұмсауға;
жыл iшiнде алты қысқа мерзiмдi және алты ұзақ уақыт кездесуге;
жыл iшiнде он екi посылка немесе сәлемдеме және он екi бандероль алуға рұқсат етiледi.
3. Жазасын жеңiлдiктi жағдайларда өтеушi сотталғандарға бостандықтағы өмiрге ойдағыдай бейiмделуi мақсатында түзеу колониясы бастығының қаулысымен түзеу колониясы шегiнен тыс қадағалауда арнаулы жатақханаларда тұруға рұқсат етiледi. Олар түзеу мекемесi орналасқан ауданның шегiнде еркiн жүрiп-тұра алады, туған-туыстарымен кездесу құқықтары шектелмейдi.
4. Жазасын қатаң жағдайларда өтеушi сотталғандар жабық үй-жайларда тұрады. Оларға:
тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi нәрселердi сатып алуға ай сайын бас бостандығынан айыруды өтеу кезеңiнде тапқан қаражатын ғана жұмсауға;
жыл iшiнде екi қысқа мерзiмдi және екi ұзақ уақыт кездесуге;
жыл iшiнде үш посылка немесе сәлемдеме және үш бандероль алуға;
ұзақтығы бiр жарым сағаттық күн сайынғы сейiлдеудi пайдалануға рұқсат етiледi.
118-бап. Қатаң режимдегi түзеу колониялары
1. Қатаң режимдегi түзеу колонияларында дағдылы жағдайларда осы түзеу мекемесiне келген сотталғандар, сондай-ақ жазаны өтеудiң қатаң және жеңiлдетiлген жағдайларынан көшiрiлген сотталғандар жазасын өтейдi.
2. Сотталғандар жазаны өтеудiң белгiленген тәртібін бұзғаны үшiн жазасы болмаған және дағдылы жағдайларда жаза мерзiмiнiң кемiнде тоғыз айын өтеу бойынша еңбекке адал қараған жағдайда жеңiлдетiлген жағдайларға көшiрiлуi мүмкiн.
3. Өзiнiң түзелгенiн дәлелдеген және тағайындаған жаза мерзiмiнiң үштен екiсi мен кемiнде үш айын жеңiлдетiлген жағдайларда өтеген сотталғандар жеңiлдiктi жағдайларға көшiрiлуi мүмкiн.
4. Дағдылы, жеңiлдетiлген және жеңiлдiктi жағдайларда жазасын өтеушi сотталған адамдар - жазаны өтеудiң белгiленген тәртібін қасақана бұзушылар қатаң жағдайға көшiрiлуi мүмкiн. Жеңiлдетiлген және жеңiлдiктi жағдайларда жазасын өтеушi сотталған адамдар - жазаны өтеудiң белгiленген тәртібін бұзушылар-дағдылы жағдайға көшiрiледi.
5. Бас бостандығынан айыру орындарында әдейi жасаған қылмыстары үшiн сотталған адамдар да бастапқы кезеңде қатаң жағдайларда ұсталады.
6. Ұстаудың қатаң жағдайларын дағдылы жағдайларға көшiру жазаны өтеудiң белгiленген тәртібін бұзғаны үшiн жазалары болмаған кезде тоғыз айдан ерте жүргiзiлмейдi.
7. Жазаны өтеудiң қатаң жағдайларынан дағдылы жағдайларына немесе дағдылы жағдайларынан жеңiлдетiлген және жеңiлдiктi жағдайларына көшiру осы баптың 2, 3 және 6-тармақтарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
8. Қатаң режимдегi басқа түзеу колониясынан ауыстырылған сотталғандар жазаларын өздерiне көшiрiлгенге дейiн белгiленген жағдайларда өтейдi.
118-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 21 желтоқсандағы № 363-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерістермен.
119-бап. Қатаң режимдегi түзеу колонияларындағы жазаны өтеудiң жағдайлары
1. Қатаң режимдегi түзеу колонияларында дағдылы жағдайларда жазасын өтеушi сотталғандар жатақханаларда тұрады. Оларға:
тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi нәрселердi сатып алуға өздерiнiң жеке шоттарындағы қаражаттан ай сайын үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде жұмсауға;
жыл iшiнде үш қысқа мерзiмдi және үш ұзақ уақыт кездесуге;
жыл iшiнде төрт посылка немесе сәлемдеме және төрт бандероль алуға рұқсат етiледi.
2. Жазасын жеңiлдетiлген жағдайларда өтеушi сотталғандар жатақханаларда тұрады. Оларға:
тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi нәрселердi сатып алуға өздерiнiң жеке шоттарындағы қаражаттан ай сайын жетi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде жұмсауға;
жыл iшiнде төрт қысқа мерзiмдi және төрт ұзақ уақыт кездесуге;
жыл iшiнде алты посылка немесе сәлемдеме және алты бандероль алуға рұқсат етiледi.
3. Жазасын жеңiлдiктi жағдайларда өтеушi сотталғандарға түзеу колониясы бастығының қаулысымен түзеу колониясының шегiнен тыс жерде қадағалауда арнаулы жатақханаларда тұруға рұқсат етiледi. Олар түзеу мекемесi орналасқан ауданның шегiнде еркiн жүрiп-тұра алады, туған-туысқандарымен кездесу құқығы шектелмейдi.
4. Жазасын қатаң жағдайларда өтеушi сотталғандар жабылатын үй-жайларда тұрады. Оларға:
тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi нәрселердi сатып алуға ай сайын бас бостандығынан айыруды өтеу кезеңiнде еңбекпен тапқан қаражатын ғана жұмсауға;
жыл iшiнде екi қысқа мерзiмдi және бiр ұзақ уақыт кездесуге;
жыл iшiнде екi посылка немесе сәлемдеме және екi бандероль алуға;
ұзақтығы бiр жарым сағат күн сайынғы сейiлдеудi пайдалануға рұқсат етiледi.
120-бап. Айрықша режимдегi түзеу колониялары
1. Айрықша режимдегi түзеу колонияларындағы дағдылы жағдайларда осы түзеу мекемесiне келген сотталғандар, сондай-ақ қатаң және жеңiлдетiлген жағдайлардан көшiрiлген сотталғандар жазасын өтейдi.
2. Жазаны өтеудiң белгiленген тәртібін бұзғаны үшiн жазасы болмаған, еңбекке адал қараған жағдайда дағдылы жағдайларда жаза мерзiмiнiң кемiнде бiр жылын өтеуi бойынша сотталғандар жеңiлдетiлген жағдайларға көшiрiлуi мүмкiн.
3. Дағдылы және жеңiлдетiлген жағдайларда жазасын өтеушi сотталған адамдар - жазаны өтеудiң белгiленген тәртібін қасақана бұзушылар қатаң жағдайға көшiрiлуi мүмкiн. Жеңiлдетiлген жағдайда жазасын өтеушi сотталған адамдар - жазаны өтеудiң белгiленген тәртібін бұзушылар-дағдылы жағдайға көшiрiледi.
4. Бас бостандығынан айыру орындарында әдейi жасаған қылмыстары үшiн сотталған адамдар мен аса ауыр қылмыстары үшiн сотталғандар бастапқы кезеңде қатаң жағдайларда ұсталады.
5. Қатаң жағдайлардан дағдылы жағдайларға көшiру жазаны өтеудiң белгiленген тәртібін бұзғаны үшiн жазасы болмаған жағдайда бiр жылдан ерте жүргiзiлмейдi.
6. Жазаны өтеудiң қатаң жағдайларынан дағдылы жағдайларына немесе дағдылы жағдайларынан жеңiлдетiлген жағдайларына қайта көшiру осы баптың 2 және 5-тармақтарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
7. Жалпы режимдегi басқа түзеу колониясынан ауыстырылған сотталғандар жазасын өздерiне ауыстырылғанға дейiн белгiленген жағдайларда өтейдi.
120-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 21 желтоқсандағы № 363-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiспен.
121-бап. Ерекше режимдегi түзеу колонияларында жазаны өтеудiң жағдайлары
1. Ерекше режимдегi түзеу колонияларында дағдылы жағдайларда жазасын өтеушi сотталғандар жатақханаларда тұрады. Оларға:
тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi нәрселердi сатып алуға өздерiнiң жеке шоттарындағы қаражаттан ай сайын екi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде жұмсауға;