Уақтылығы: жұмыстар жүргізу кестесіне және жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары және ережелеріне (ҚНжЕ) және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының нормаларына сәйкес.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
162-қосымша
215 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
«Астана қаласында халықаралық әуежай құрылысына кредит беру»
деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 110537 мың теңге (бір жүз он миллион бес жүз отыз жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: »Қазақстан Республикасы мен Жапонияның Халықаралық Экономикалық Ынтымақтастық Қоры арасындағы Астана қаласындағы әуежайды қайта жаңарту жобасы бойынша заем туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 19 мамырдағы Заңы; «Астана қаласында халықаралық әуежайды қайта жаңарту» жобасын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 29 маусымдағы № 611 қаулысы; «Қазақстан Республикасының транзит-көлік әлеуетін дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 желтоқсандағы № 1351 қаулысы; «Қазақстан Республикасы мен Жапонияның Халықаралық экономикалық ынтымақтастық қоры арасындағы Астана қаласындағы әуежайды қайта жаңарту жобасы жөніндегі қарыз туралы келісімге түзетуге қатысты Қазақстан Республикасы мен Жапон Халықаралық Ынтымақтастық Банкі арасындағы қосымша келісім-хатқа қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 маусымдағы № 637 қаулысы; «Астана халықаралық әуежайы» жабық акционерлік қоғамын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 мамырдағы № 483 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Астана қаласы әуежайының инфрақұрылым объектілерін дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық талаптармен сәйкестікке келтіру үшін Астана қаласы әуежайының жердегі инфрақұрылым объектілерін жаңғырту мен дамытуды жүзеге асыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 007 | | Астана қаласын- да халы- қаралық әуежай құры- лысына кредит беру | | | |
2 | | 004 | Сыртқы қарыздар есебінен жобаны іске асыру | ККАА/РСІ консорциумы- ның консалтингтік қызметтері. Астана қаласындағы әуежайдың ғимаратын және оған іргелес 3 Siemins- Marubeni-Laing-Alarko консорциумының құры- лыстарын қайта жаңарту жөніндегі құрылыс жұ- мыстары (келісім-шарт құны көлемінің 20%). | 3 тоқсан | Қазақстан Республи- касының Көлік және ком- муникация минис- трлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтижесі: Астана қаласы әуежайының құрылысына арналған Келісім-шарт шарттарына сәйкес келісім-шарттық бағасынан 2,5% мөлшерінде ұсталынатын қаражатты төлеу.
Соңғы нәтижесі: авиакомпаниялардың да, жолаушылардың да сапалы әуежайлық қызметтерге өсіп отырған қажеттілігін қанағаттандыру, әуежайдың негізгі өндірістік қорларын қайта жаңарту мен жаңарту арқылы ұшу қауіпсіздігінің тиісті деңгейін қамтамасыз ету; жолаушылар ағыны мен жүк ағынын ұлғайту; халықаралық нормаларға жауап беретін жердегі инфрақұрылымның деңгейін арттыру.
Қаржы-экономикалық тиімділік: қазіргі күнгі негізгі өндірістік қуаттармен, ғимараттармен, құрылыстармен, техникалық жабдықпен қамтамасыз ету жолымен әуежайлар қызметінің тиімділігін арттыру; әуе көлігінің тұрақты жұмыс істеуі.
Уақтылығы: 3 тоқсан.
Сапасы: құрылыс нормативтері мен ережелеріне (ҚНжЕ) және Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы нормаларына сәйкес келеді.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
163-қосымша
215 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
«Әлеуметтік маңызы бар облысаралық бағыттар бойынша
темір жол жолаушылар тасымалдарын субсидиялау»
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 8862200 мың теңге (сегіз миллиард сегіз жүз алпыс екі миллион екі жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: »Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы; «Қазақстан Республикасының темір жол көлігін қайта құрылымдаудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 ақпандағы № 145 қаулысы; «Әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1185 қаулысы; «Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1188 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы тұрғындарының темір жол тасымалдарына қажеттіліктерін қанағаттандыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша темір жол жолаушылар тасымалдарын ұйымдастырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын жабу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 009 | | Әлеу- меттік маңызы бар облыс- аралық бағыттар бойынша темір жол жо- лаушылар тасымал- дарын субси- диялау | Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен тәртіпке сәйкес облыс- аралық қатынастарда жолаушы тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдау- шылардың шығындарын субсидиялау. | жыл бойы | Қазақстан Республи- касының Көлік және ком- муникация минис- трлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтижесі: Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша жолаушыларды темір жол көлігімен тасымалдауды жүзеге асыру.
Соңғы нәтижесі: Қазақстан Республикасы тұрғындарының темір жол көлігімен тасымалдарға қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Қаржы-экономикалық тиімділігі: жолаушы тасымалдаушылардың шығындарын өтеуді және тұрғындардың темір жол көлігімен жүруге қол жеткізуін қамтамасыз ету.
Уақтылығы: жыл бойы.
Сапасы: Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы № 122-І бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк багажын тасымалдау ережесіне сәйкес жолаушыларға үздіксіз және қауіпсіз қызмет көрсету.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
164-қосымша
215 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
«Көлік және коммуникация саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер»
деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 88404 мың теңге (сексен сегіз миллион төрт жүз төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңы; «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңы; «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңы; «Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен орындалатын қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламаларын қалыптастыру мен іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 ақпандағы № 145 қаулысы; «Қазақстан Республикасының халықаралық көлік дәліздерін дамыту тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 сәуірдегі № 566 қаулысы; «Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2001-2008 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 мамырдағы № 726 қаулысы; «Қазақстан Республикасы мемлекеттік көлік саясатының тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы № 801 қаулысы; «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы № 1385 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі № 903 қаулысы; «Қазақстан Республикасының транзит-көлік әлеуетін дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 желтоқсандағы № 1351 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстанның транзит-көлік әлеуетін дамыту; республиканың көлік магистральдары бойынша транзиттік және экспорт-импорттық тасымалдардың тиімділігін арттыру; автожол және автомобиль саласы қызметінің тиімділігін арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізу, халықаралық талаптарға сәйкес автожол және автомобиль саласындағы ұлттық нормативтік-техникалық құжаттарды пысықтау және жетілдіру, Қазақстан Республикасының транзит-көлік әлеуетінің қазіргі жай-күйін талдау, транзит-көлік әлеуетін дамыту жөнінде негізгі бағыттарды және іс-шараларды әзірлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
N п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 010 | | Көлік және комму- никация сала- сындағы қолдан- балы ғылыми зерт- теулер | 1. Автожол саласында 8 жаңа тақырып бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу, соның ішінде: 1) автомобиль жолдары- ның көліктік-пайдала- нымдық көрсеткіштері- нің өзгеру заңдылық- тарын зерттеу және оларды пайдалану мерзімдерін негіздеу; 2) қатқыл типтегі жол төсемелерін жобалау тұжырымдамасын өзгерту қажеттілігін анықтау мақсатында олардың күшпен бұзылу жай- күйіне кешенді зерттеу жүргізу; 3) Қазақстан Республи- касының автомобиль жолдары жамылғыларын- дағы тозу қабаттарына және беттік майда ке- дір-бұдырлы өңдеулерге зерттеу жүргізу және технологиясын әзірлеу; 4) өндіріс қалдықтары мен техногендік өнімді пайдалану арқылы салқын ресайклинг технологиясын қолдану жөнінде зерттеулер жүргізу және ұсыныстар әзірлеу; 5) автомобиль жолдары- ның пайдаланымдық ресурстарын арттыру мақсатында жол төсе- мелері жер төсемінің жұмыс қабатының топырақтарын бекіту жөнінде зерттеулер жүргізу және ұсынымдар әзірлеу; 6) асфальт-бетон құры- лымының қалыптасуын кешенді зерттеу және жол құрылысында оларды пайдалану жөнінде ұсы- нымдар әзірлеп әртүрлі қоспалармен оларды жетілдірудің жолын іздестіру; 7) жалпы пайдаланымда- ғы автомобиль жолдары- ның учаскелерін жол бойындағы қоршаған ортаның ластануына олардың ықпал ету деңгейі бойынша бөлу; 8) халықаралық талаптарға сәйкес ҚР автожол саласының нормативтік-техникалық құжаттамаларын жетіл- діру жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізу. 2. Транзит әлеуеті саласында 3 тақырып бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу, соның ішінде: жаңа тақырып бойынша: 1) ішкі және халықа- ралық рыноктағы отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілі- гін арттыру мақсатында жалпы ішкі өнімдегі (ЖІӨ) және бағалардағы көліктік құрамдас бөліктің қалыптасу шарттарын зерттеу және оларды азайту жөнінде шаралар жүйесін әзірлеу; зерттеулер жалғастырылатын тақырыптар бойынша: 1) ғылыми зерттеулер нәтижелерін қорыту және көлікті дамыту және СПЕКА бағдарла- масының шеңберінде шекараларды кесіп өтуді жеңілдету мен оларды іске асыру мониторингі саласында ұсыныстар әзірлеу; 2) Қазақстан Республи- касының транзит-көлік әлеуетін дамытудың ғылыми негізін және стратегиялық бағыттарын әзірлеу. 3. Автомобиль көлігі саласында 6 тақырып бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу, соның ішінде: ауыспалы тақырып бойынша: 1) Қазақстан Республи- касындағы автокөлік құралдарына рыноктық жағдайда пайдалану, техникалық қызмет көрсету, жөндеу және сақтау кезінде қойылатын бірқалыпты техникалық талаптарды зерттеу, негіздеу және әзірлеу; жаңа тақырыптар бойынша: 1) облысаралық қаты- настарда жолаушыларды тасымалдауды диспет- черлік басқару мәселе- лерін зерттеу және қала маңындағы, қала- аралық, облыс ішіндегі және облысаралық қатынастардағы қозға- лыс кестесін келісу жүйесін әзірлеу; 2) автомобиль көлігін ақпараттандыру мәселе- сін зерттеу және саладағы басқарудың ақпараттық жүйесін дамыту жолдарын әзірлеу; 3) Қазақстан Республи- касының АКҚ және автомоторлы отынға қойылатын техникалық талаптар саласындағы халықаралық стандарт- тарға қосылуы жөнін- дегі ұсыныстарды әзірлеп, автомобиль көлігінің экологиялық қауіпсіздігін арттыру мәселелерін зерттеу; 4) ДСҰ-ға Қазақстан- ның кіруі жағдайында халықаралық автомобиль тасымалы рыногындағы отандық операторлар- дың жай-күйін және бәсекелестікке қабі- леттілігін күшейту жолдарын зерттеу; 5) автовокзалдардың тасымалдаушылармен өзара іс-кимылының құқықтық негізін жетілдіру және жолаушы автомобиль көлігі бойынша вокзал қызмет- теріне арналған тариф- терді белгілеу жөнін- дегі ұсыныстарды зерттеу және әзірлеу. 4. Мемлекеттік ғылыми- техникалық сараптаманы жүргізу жөніндегі қызметтерге ақы төлеу. | жыл бойы | Қазақстан Республи- касының Көлік және ком- муникация минис- трлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтижесі: автожол саласында 8 тақырып бойынша; транзит әлеуеті саласында 3 тақырып бойынша және автомобиль көлігі саласында 6 тақырып бойынша қолданбалы ғылыми зерттеу жүргізу.
Соңғы нәтижесі: автокөлікпен жолаушыларды және жүктерді тасымалдау келемін 1,5% арттыру; автомобильдерді пайдалану кезінде зиянды газдардың бөлінуін 2-3% төмендету; халықаралық тасымалдарды орындайтын автокөлікӨқұралдарының санын 5-10 % арттыру; жол жұмыстарының құнын төмендету және автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту және пайдалану сапасын арттыру.
Қаржы-экономикалық тиімділігі: бір тақырып бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізудің орташа құны 5 188,2 мың теңге.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес бір жылдың ішінде.
Сапасы: қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу жолаушыларды және жүктерді тасымалдау сапасын арттыруға ықпал етеді, бұл автомобиль тасымалдарының табыстылығын 3% және пайдалылығын 2% арттыруға және автомобиль санын 3,5% көбейтуге септігін тигізеді. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, автомобиль жолдарының және жасанды құрылыстардың ұзақтығын және сенімділігін арттыру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
165-қосымша
215 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
«Темір жол саласының стандарттарын әзірлеу»
деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 27648 мың теңге (жиырма жеті миллион алты жүз қырық сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: темір жол көлігі кәсіпорындары көрсететін қызметтер сапасын арттыру үшін жағдай жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: темір жол көлігі саласындағы стандарттау жөніндегі стандарттар мен нормативтік құжаттар кешенін жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
N п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 011 | | Темір жол са- ласының стандар- ттарын әзірлеу | 45 стандартты әзірлеу бойынша қызметтерге ақы төлеу. | жыл бойы | Қазақстан Республи- касының Көлік және ком- муникация минис- трлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижесі: темір жол саласының 45 стандарттарын әзірлеу және бекіту.
Соңғы нәтижесі: жүк жөнелтушілерге, жолаушыларға және темір жол көлігі кәсіпорындарының қызметін пайдаланатын басқа пайдаланушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін жағдайлармен қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық тиімділігі: бір стандартты әзірлеудің орташа шығыны 614,4 мың теңгені құрайды.
Уақтылығы: жыл бойы.
Сапасы: МемСТ талаптарына сәйкес келеді.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
166-қосымша
215 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (қалааралық)
және ішкі бағыттардағы темір жол жолаушылар тасымалдарын
субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»
деген 013 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1107800 мың теңге (бір миллиард бір жүз жеті миллион сегіз жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: »Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылы 8 желтоқсандағы Заңы; «Қазақстан Республикасының темір жол көлігін қайта құрылымдаудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 ақпандағы № 145 қаулысы; «Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1188 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы тұрғындарының темір жол жолаушы тасымалдарына қажеттіліктерін қанағаттандыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша темір жол жолаушылар тасымалын ұйымдастырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын жабу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
N п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 013 | | Облыстық бюджет- терге, Астана және Алматы қала- ларының бюджет- теріне әлеу- меттік маңызы бар аудан- аралық (қала- аралық) және ішкі бағыт- тардағы темір жол жо- лаушылар тасымал- дарын субси- диялауға бері- летін ағымдағы нысаналы транс- ферттер | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджетте- ріне әлеуметтік мәні бар ауданаралық (қалааралық) және ішкі қатынастарды субсидиялауға арналған ағымдағы мақсатты трансферттерді аудару. | жыл бойы | Қазақстан Республи- касының Көлік және ком- муникация минис- трлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтижесі: жергілікті атқарушы органдар белгілеген әлеуметтік мәні бар ауданаралық (қалааралық) және ішкі қатынастар бойынша темір жол көлігімен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыру.
Соңғы нәтижесі: Қазақстан Республикасы тұрғындарының темір жол жолаушы тасымалдарына қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Қаржы-экономикалық тиімділігі: жолаушы тасымалдаушылардың шығындарын өтеуді және тұрғындардың темір жол көлігімен жүруге қол жеткізуін қамтамасыз ету.
Уақтылығы: жыл бойы.
Сапасы: Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы № 122-1 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк багажын тасымалдау ережесіне сәйкес жолаушыларға үздіксіз және қауіпсіз қызмет көрсету.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
167-қосымша
215 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
«Ішкі суларда жүзетін «өзен-теңіз» кемелерін жіктеуді
және олардың техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету»
деген 014 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 45465 мың теңге (қырық бес миллион төрт жүз алпыс бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: »Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңы; «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ішкі суда жүзу кемелерінің және «өзен теңізде» жүзу кемелерінің техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Тиесілігі мен меншік түріне қарамастан, ішкі су жолдарында пайдалануға арналған, ішкі суда жүзу кемелерін және «өзен-теңізде» жүзу кемелерін жіктеу және олардың техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 014 | | Ішкі суларда жүзетін «өзен- теңіз» кеме- лерін жіктеуді және олардың техни- калық қауіп- сіздігін қамтама- сыз ету | Кемелердің техникалық жай-күйін бақылау және кемелерді жіктеу, куәландыру, техникалық бақылау және эколо- гиялық қауіпсіздігі жөнінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу үшін штат саны 22 адам «Кеме қатынасы тіркелімі» мемлекеттік мекемесін құру және күтіп-ұстау. «Кеме қатынасы тіркелімі мемлекеттік мекемесі- нің қызмет қамтамасыз ету үшін негізгі құралдарды сатып алу. | жыл бойы | Қазақстан Республи- касының Көлік және ком- муникация минис- трлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
тікелей нәтиже: шамамен 400 бірлік кемелерді жіктеу және куәландыру;
Кемелерді жіктеу, куәландыру, техникалық және экологиялық бақылау қауіпсіздігі жөнінде кеме қатынасы тіркелімі ережелерін әзірлеуге техникалық тапсырма дайындау; «Кеме қатынасы тіркелімі» мемлекеттік мекемесін сервермен (1 д.), пайдаланушының жұмыс станцияларымен (20 д.), тасымалды компьютермен (1 д.), принтерлермен (13 д.), мониторлармен (21 д.), көбейту аппаратымен (1 д.), автокөлікпен (1 д.), кеңселік жиһазбен (22 комплект) қамтамасыз ету.
Соңғы нәтиже: кеме қатынасы процесіне қатысатын кемелердің және басқа да инженерлік құрылыстардың техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық тиімділігі: 1 кемеге жіктеу мен куәландыру жүргізу үшін орташа шығын шамамен 39,3 мың теңгені құрайды;
Кемелерді жіктеу, куәландыру, техникалық бақылау және экологиялық қауіпсіздігі жөнінде кеме қатынасы тіркелімі ережелерін әзірлеуге техникалық тапсырма дайындау жөніндегі орташа шығындар 5674,0 мың теңгені құрайды.
Уақтылығы: белгіленген мерзімде кемелерді, басқа құрылыстар мен объектілерді техникалық куәландыру.
Сапасы: флоттың авариясыз жұмыс істеуі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
168-қосымша
215 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
«Транспорттық деректер базасы және тасымалдар қауіпсіздігі
қарқыны мониторингінің ақпараттық талдау жүйесін құру»
деген 015 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 329441 мың теңге (үш жүз жиырма тоғыз миллион төрт жүз қырық бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 1-бабы, 6-бабы, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңының 1-бабы, 5-бабы, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі № 903 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 сәуірдегі № 566 қаулысыменмақұлданған Қазақстан Республикасының халықаралық көлік дәліздерін дамыту тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 21 маусымдағы № 801 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының 2008 жылғы кезеңге дейінгі мемлекеттік көліктік саясатының тұжырымдамасы,, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 желтоқсандағы № 1351 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының транзит-көліктік әлеуетін дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы, «Экономиканың басым секторларында пилоттық кластерлерді жасау мен дамыту жөніндегі жоспарларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 633 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 633 қаулысымен бекітілген «Көліктік логистика» пилоттық кластерін жасау мен дамыту жөніндегі жоспардың 9, 10, 11-тармақтары, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің 2003 жылғы 16 қазандағы мәжіліс хаттамасы.