7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтижесі: 131 км пайдалануға бере отырып республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жол-құрылыс жұмыстарын жүргізу, Риддер - Ресей Федерациясы шекарасы автожолын салуды аяқтау, Атырау-Астрахань автомобиль жолындағы Қиғаш өзені арқылы өтетін көпір салу жөніндегі жұмыс көлемдерін жүргізу.
Соңғы нәтижесі: автожолдарды пайдалануға бере отырып оның техникалық-пайдаланымдық жай-күйінің сапасын арттыру, республикалық және халықаралық қатынастың автомобиль жолдарында көлік құралдарының қауіпсіз және үздіксіз жүруін қамтамасыз ету; жүру уақытын қысқарту.
Қаржы-экономикалық нәтижесі: жүктер мен жолаушыларды баратын жеріне дейін жеткізу мерзімдерін қысқарту; көлік құраған шығындарды қысқарту есебінен тауарлардың өзіндік құнын төмендету.
Уақтылығы: жұмыс жүргізу үшін жасалынған кестеге сәйкес, жасалған келісім-шарттар бойынша қабылданған міндеттемелерге сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне (ҚНжЕ) сәйкес.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
159-қосымша
215 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
«Республикалық маңызы бар автожолдарды күрделі, орташа
және ағымдағы жөндеу, ұстау, көгалдандыру, диагностика және аспаптық
құралдармен тексеру»
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 17277492 мың теңге (он жеті миллиард екі жүз жетпіс жеті миллион төрт жүз тоқсан екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 17-бабы; «Жол саласының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 қазандағы № 1527 қаулысы; «Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп ұстауға арналған қаржыландыру нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 сәуірдегі № 423 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша көлік құралдарының қауіпсіз және үздіксіз жүріп өтуін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, көгалдандыру, күтіп ұстау, пайдалануды басқару жөніндегі жұмыстарды, авариялық көпірлерді күрделі жөндеуге арналған жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу және мемлекеттік сараптамадан өту, көпірлерді күрделі жөндеу, жол-құрылыс және жөндеу жұмыстарының орындалу сапасын қамтамасыз ету үшін зертханаларды сатып алу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 003 | | Респу- бликалық маңызы бар автожол- дарды күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, ұстау, көгал- дандыру, диаг- ностика және аспаптық құрал- дармен тексеру | Авторлық қадағалауға, жер бөлуге, жолдарды және жол құрылыстарын, көпірлерді, ғимарат- тарды, өндірістік базаларды күрделі жөндеуге арналған жобалық-сметалық құ- жаттаманы дайындауға, мемлекеттік және экологиялық сараптама жүргізуге, технология- лық қамтамасыз етуге, техникалық қадағалау- ға, көпірді сынауға, ауыл шаруашылық өнді- рушілерінің шығындары мен залалдарын өтеуге, жұмыстар көлемдері ведомостарын таралымдауға арналған шығындар. Жобалық-сметалық құжаттамаға және шарт- тарға сәйкес ұзындығы 110 км автожолдарды және жол құрылыстарын күрделі жөндеу жөнін- дегі жұмыстарды жүргі- зу, 10 көпірді күрделі жөндеу, 222 км жолды күрделі жөндеуге ар- налған жобалау-іздес- тіру жұмыстарын жүргізу, жалпы сомасы 4127940 мың теңге 36 авариялық көпірлерді күрделі жөндеуге арналған жобалау- іздестіру жұмыстарын жүргізу, соның ішінде: 1) Ақмола облысы - 3 км жолды күрделі жөндеуге арналған жобалау-іздестіру жұмыстары; 2) Ақтөбе облысы - 10 км «Ақтөбе-Астрахань» автожолы бойынша күрделі жөндеу, 16 км жолды күрделі жөндеуге арналған жобалау-із- дестіру жұмыстары, 8 көпірді күрделі жөн- деуге арналған жобалау -іздестіру жұмыстары; 3) Алматы облысы - 33 км жолды күрделі жөн- деуге арналған жобалау -іздестіру жұмыстары, 3 көпірді күрделі жөн- деуге арналған жобалау -іздестіру жұмыстары; 4) Атырау облысы - 27 км «Ақтөбе-РФ шекарасы (Астраханға)" автожолы бойынша күрделі жөндеу, 8 км жолды күрделі жөндеуге арналған жобалау- іздестіру жұмыстары; 5) Шығыс Қазақстан облысы - 27 км жолды күрделі жөндеу, соның ішінде: «Өскемен- Семей» автожолы бойын- ша 10 км, «Өскемен- Зырян-Большенарын- Катон Қарағай-Рахманов бұлағы» бойынша 17 км; 7 көпірді күрделі жөндеу: «Алматы- Өскемен» автожолы, «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы» автожолы, «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолы, «Өскемен-Зырян-Боль- шенарын-Катон Қарағай -Рахманов бұлағы», 28 км жолды күрделі жөн- деуге арналған жобалау -іздестіру жұмыстары, 12 көпірді күрделі жөндеуге арналған жобалау-іздестіру жұмыстары; 6) Жамбыл облысы - 16 км жолды күрделі жөн- деуге арналған жобалау -іздестіру жұмыстары; 7) Батыс Қазақстан облысы - 15 км жолды күрделі жөндеуге арналған жобалау- іздестіру жұмыстары, 2 көпірді күрделі жөн- деуге арналған жобалау -іздестіру жұмыстары; 8) Қарағанды облысы - 10 км «Жезқазған-Есіл -Петропавл» автожолы бойынша күрделі жөндеу, 2 көпірді күрделі жөндеу: «Жез- қазған-Есіл-Петропавл» автожолы, «Қызылорда- Павлодар» автожолы, 3 көпірді күрделі жөн- деуге арналған жоба- лау-іздестіру жұмыста- ры, 54 км жолды күрде- лі жөндеуге арналған жобалау-іздестіру жұмыстары; 9) Қостанай облысы - 36 км «Қарабұтақ-Дени- совка-Рудный-Қостанай» автожолы бойынша күр- делі жөндеу, 1 көпірді күрделі жөндеу: «Малютка-Қостанай» автожолы, 3 көпірді күрделі жөндеуге ар- налған жобалау-іздес- тіру жұмыстары, 14 км жолды күрделі жөндеуге арналған жобалау- іздестіру жұмыстары; 10) Павлодар облысы - 21 км жолды күрделі жөндеуге арналған жобалау-іздестіру жұмыстары; 11) Солтүстік Қазақс- тан облысы - 14 км жолды күрделі жөндеуге арналған жобалау- іздестіру жұмыстары, 5 көпірді күрделі жөндеуге арналған жобалау-іздестіру жұмыстары. Ақаулық ведомоске, сметалық есептерге және шарттарға сәйкес кемінде 2100 км жолды орташа жөндеу жөнінде- гі жұмыстарды соның ішінде, төмен түскен жерлерді көтеру арқылы жол жиегін бекіту, ісінулерді жою және тегістеу қабатын тө- сеу) жүргізу, 7800000 теңге сомасында құбыр- лар мен көпірлерді жөндеу, соның ішінде облыстарды бөле оты- рып, мынадай облыстар бойынша кемінде: 1) Ақмола облысы - 177 км; 2) Ақтөбе облысы - 133 км; 3) Алматы облысы - 265 км; 4) Атырау облысы - 100 км; 5) Шығыс Қазақстан облысы - 280 км; 6) Жамбыл облысы - 124 км; 7) Батыс Қазақстан облысы - 70 км; 8) Қарағанды облысы - 235 км; 9) Қостанай облысы - 120 км; 10) Қызылорда облысы - 130 км; 11) Павлодар облысы - 220 км; 12) Солтүстік Қазақс- тан облысы - 36 км; 13) Оңтүстік Қазақстан облысы - 110 км. Ақаулық ведомость пен шарттарға сәйкес 4943552 мың теңге сомасына республикалық маңызы бар автожолдар- ды ағымдағы жөндеу, күтіп ұстау және көгалдандыру бойынша жұмыстар жүргізу, соның ішінде: 1) республикалық ма- ңызы бар автожолдарды (шұңқыр жөндеу, отыру- ларды, ойықты, жолта- банды жою, жолдардың жағдайы), жол құрылыс- тарын, ғимараттарды, өндірістік базаларды, қосалқы құрылыстарды ағымдағы жөндеу; жол- дарды жарықтандыру, Астана қаласының нөл- дік шақырымынан кило- метражды ескере отырып шақырымдық және басқа да жол белгілерін және ақпаратты қалқандарды орнату және ауыстыру; 2) ақаулық ведомоске, сметалық құжаттамаға және есептеулерге, шарттарға сәйкес кө- галдандыру және орман көшеттерін күту бойын- ша жұмыстарды жүргізу, мемлекеттік және эко- логиялық сараптамалар жүргізу арқылы респу- бликалық маңызы бар автожолдарды көгалдан- дыратын көшет егісте- рін отырғызуға (орман алқабы) арналған жобалау-іздестру жұмыстары; 3) шарттарға және нормативтерге сәйкес республикалық маңызы бар автомобиль жолда- рын, қысқы, жасанды құрылыстарды, өндіріс- тік базаларды, жол зертханаларын күтіп ұстауды қоса алғанда күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізу және олардың қосалқы құрылыстарын, жолдарды жарықтандыруды, жұмыл- дыру резервтерін тексеру; 4) автомобиль жолдарын басқару, диагностика және аспаптық құрал- дармен тексеру, техни- калық паспорттар мен өндірістік базаларға арналған тұрақты жер пайдалануға мемлекет- тік актілерді ресім- деу, орман алқаптарын қоса алғандағы респу- бликалық маңызы бар автомобиль жолдары. Жол-құрылыс және жөндеу жұмыстарының орындалу сапасын қамтамасыз ету үшін 406000 мың теңге сомасына 14 жол зертхананы сатып алу. | жыл бойы | Қазақстан Республи- касының Көлік және ком- муникация минис- трлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтижесі: республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына арналған жол-жөндеу жұмыстарын жүргізу, соның ішінде:
110 км автожолдарды және 10 көпірді күрделі жөндеу;
222 км жолды күрделі жөндеуге арналған жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу;
36 авариялық көпірді күрделі жөндеуге арналған жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу;
құбырлар мен көпірлерді жөндеумен 2100 км орташа жөндеу;
жол-құрылыс және жөндеу жұмыстарының орындалу сапасын қамтамасыз ету үшін 14 жол зертхананы сатып алу.
Соңғы нәтижесі:
қауіпсіз және үздіксіз жүріп өтуді қамтамасыз ету;
жүктер мен жолаушыларды жеткізу мерзімдерін қысқарту;
көлік-құрамдас бөліктік шығындарды қысқарту;
110 км республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы авариялық учаскелерді азайту;
10 дана мөлшерінде республикалық маңызы бар жолдарда авариялық көпірлердің санын қысқарту;
Республикалық маңызы бар жолдарды салу, қайта жаңарту және жөндеу бойынша жүргізілген жұмыстарды ескере отырып, жолдардың жылдың аяғындағы жай-күйі шамамен мыналарды құрайды:
жақсы жай-күйде - 3,65 мың км немесе 16 %;
қанағаттанарлық жай-күйде - 9,72 мың км немесе 42 %;
қанағаттандырғысыз жай-күйде - 9,63 мың км немесе 42 %.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бюджеттік қаражаттарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мынадай жолдармен жүзеге асырылады:
күрделі және орташа жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес конкурс өткізу;
қолданыстағы нормаларға сәйкес жолдарды жөндеу және күтіп ұстау сапасына бақылау жүргізу;
Уақтылығы: жасалған шарттардың талаптарына сәйкес қаржы жылының ішінде.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
160-қосымша
215 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
«Су жолдарының кеме жүретін жағдайда болуын
қамтамасыз ету және шлюздерді ұстау»
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1553645 мың теңге (бір миллиард бес жүз елу үш миллион алты жүз қырық бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қыркүйектегі Заңының 9-бабы; «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік ішкі су жолдары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 21 желтоқсандағы № 1429 қаулысы; «Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 қыркүйектегі № 901 қаулысы; «Су объектілерін кеме жүзетін су жолдары санатына жатқызу ережесін және кеме жүзуі үшін ашық кеме жүретін су жолдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 қаңтардағы № 105 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ішкі су жолдарында кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: навигациялық құралдар және жабдықтар белгілерін қою және күтіп-ұстау арқылы кеме жүрісінің кепілдендірілген көлемдерін қамтамасыз ету; түбін тереңдету (жер қарпу), түзету және түбін тазарту жұмыстары, кеме қатынасының гидротехникалық құрылыстарын (шлюздерді) қауіпсіз жұмыс жағдайында күтіп-ұстау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 005 | | Су жол- дарының кеме жүретін жағдайда болуын қамтама- сыз ету және шлюздер- ді ұстау | Павлодар облысы: Ертіс өзенінің ұзақ- тығы 634 км учаскеле- рінде навигациялық жабдықтың белгілерін қою (алып тастау) және оларға қызмет көрсету; 1400 мың текше м. көлемінде түбін тереңдету (жер қарпу) жөніндегі жұмыстар; түбін тазалау жұмыстары - 5500 т; флотты жөндеу: ағымдағы жөндеу 14 (бірлік); орташа жөндеу 4 (бірлік); жағдайлық мүкәммал мен мүлікті жөндеу және шығару. Шығыс Қазақстан облысы: Шығыс Қазақстан СЖК Ертіс өзенінің ұзақ- тығы 796 км учаскеле- рінде навигациялық жабдықтың белгілерін қою (алып тастау) және оларға қызмет көрсету; 250 мың текше м. көле- мінде түбін тереңдету (жер қарпу) жөніндегі жұмыстар; Ертіс және Қара Ертіс өзенінің ұзақтығы 315 км учаскесінде қалыптарды жобалау- іздестіру жұмыстарын жүргізу; Өскемен, Бұқтырма және Шульба шлюздерін күтіп ұстау және ағымдағы жөндеу; Өскемен, Бұқтырма және Шульба шлюздерінің авариясыз жұмысын қамтамасыз ету және террорға қарсы іс-ша- ралар жүргізу, соның ішінде КС-108 және 2 бірлік жол шебері катерлері негізінде спутниктік геодезиялық түсірулер жабдығын сатып алу; флотты жөндеу: ағымдағы жөндеу 23 (бірлік); орташа жөндеу 3 (бірлік); жағдайлық мүкәммал мен мүлікті жөндеу және шығару; мемлекеттік техникалық өзен флотын жаңарту және жаңғырту, соның ішінде: сүйрегіш теплоход (1 бірлік); Семей СЖК: Ертіс өзенінің ұзақ- тығы 288 км учаскеле- рінде навигациялық жабдықтың белгілерін қою (алып тастау) және оларға қызмет көрсету; 415 мың текше м. көле- мінде түбін тереңдету (жер қарпу) жөнінде жұмыстар; түзету жұмыстары 55 мың текше м.; флотты жөндеу: ағымдағы жөндеу 18 (бірлік); орташа жөндеу 4 (бірлік); күрделі жөндеу 2 (бірлік); жағдайлық мүкәммал мен мүлікті жөндеу және шығару; мемлекеттік техникалық өзен флотын жаңарту және жаңғырту, соның ішінде: жабдықтау теплоходы (1 бірлік); карчекран жобасын әзірлеу (1 жиынтық); Батыс Қазақстан облысы: Жайық өзенінің ұзақ- тығы 623 км учаске- лерінде навигациялық жабдықтың белгілерін қою (алып тастау) және оларға қызмет көрсету; 240 мың текше м. көле- мінде түбін тереңдету (жер қарпу) жөніндегі жұмыстар; түбін тазалау жұмыстары - 5200 т; флотты жөндеу: ағымдағы жөндеу 22 (бірлік); орташа жөндеу 3 (бірлік); жағдайлық мүкәммал мен мүлікті жөндеу және шығару. Атырау облысы: Жайық өзенінің ұзақ- тығы 333 км учаске- лерінде навигациялық жабдықтың белгілерін қою (алып тастау) және оларға қызмет көрсету; 500 мың текше м. көле- мінде түбін тереңдету (жер қарпу) жөніндегі жұмыстар; флотты жөндеу: ағымдағы жөндеу 7 (бірлік); жағдайлық мүкәммал мен мүлікті жөндеу және шығару. Алматы облысы: Іле өзені мен Қапшағай су қоймасында 330 км учаскелерінде навига- циялық жабдықтың белгілерін қою (алып тастау) және оларға қызмет көрсету; 18,2 мың текше м. көлемінде түбін терең- дету (жер қарпу) жөніндегі жұмыстар; флотты жөндеу: ағымдағы жөндеу 4 (бірлік); жағдайлық мүкәммал мен мүлікті жөндеу және шығару. Қарағанды облысы: Балқаш өзенінде 978 км учаскелерінде навига- циялық жабдықтың белгілерін қою (алып тастау) және оларға қызмет көрсету: флотты жөндеу: ағымдағы жөндеу 3 (бірлік); күрделі жөндеу 1 (бірлік); жағдайлық мүкәммал мен мүлікті жөндеу және шығару мемлекеттік техникалық өзен флотын жаңарту және жаңғырту, соның ішінде: жабдықтау теплоходы - 1 (бірлік) | жыл бойы | Қазақстан Республи- касының Көлік және ком- муникация минис- трлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
ұзындығы 3982 км су жолдары учаскелерінде навигациялық жабдықтың белгілерін қою (алып тастау) және оларға қызмет көрсету;
2823,2 мың текше м. көлемінде түбін тереңдету (жер қарпу) жөніндегі жұмыстар; 55 мың текше м. көлемінде түзету жұмыстары; 10700 тонна көлемінде түбін тазалау жұмыстары;
ұзындығы 315 км Ертіс және Қара Ертіс өзені учаскелерінде арналық жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу;
Өскемен, Бұқтырма және Шульба шлюздерін ұстау және ағымдағы жөндеу;
Өскемен, Бұқтырма және Шульба шлюздерінің авариясыз жұмысын қамтамасыз ету және террорға қарсы іс-шаралар жүргізу;
төтенше жағдайлардан кейін қалпына келтіру жұмыстары;
флотты жөндеу: ағымдағы жөндеу 91 (бірлік); орташа жөндеу 14 (бірлік); күрделі жөндеу 3 (бірлік);
активтерді сатып алу:
Өскемен, Бұқтырма және Шульба шлюздерінің авариясыз жұмысын қамтамасыз ету және террорға қарсы іс-шаралар жүргізу бойынша, соның ішінде:
спутниктік геодезиялық түсірулер үшін жабдықпен жарақтаумен КС-108 катерін (1 бірлік);
жол шебері катерін (2 бірлік);
мемлекеттік техникалық өзен флотын жаңарту және жаңғырту бойынша, соның ішінде:
сүйрегіш теплоход - 1 бірлік;
жабдықтау теплоходы - 2 бірлік;
карчекран жобасын әзірлеу - 1 жиынтық.
Соңғы нәтиже:
алдыңғы жылға қарағанда жүк айналымының және жолаушылар айналымының 5% өсуі;
ішкі су жолдарын қанағаттанарлықсыз күтіп ұстау себебінен авариялық жағдайлардың саны.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
навигациялық жабдықтар белгілерін қою (алып тастау) және қызмет көрсету шығыны 1 км.-ге - 61 мың теңге.
Сапасы және уақтылығы:
кеме қатынасы су жолдарын қанағаттанарлықсыз күтіп ұстауға арыздардың болмауы;
кеме қатынасы су жолдарының қанағаттанарлықсыз жағдайы себебінен көліктік оқиғалардың болмауы.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
161-қосымша
215 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
«Әуе көлігі инфрақұрылымын дамыту»
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 5368250 мың теңге (бес миллиард үш жүз алпыс сегіз миллион екі жүз елу мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасы мен Жапонияның Халықаралық Экономикалық Ынтымақтастық Қоры арасындағы Астана қаласындағы әуежайды қайта жаңарту жобасы бойынша заем туралы» келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 19 мамырдағы Заңы; «Астана қаласында халықаралық әуежайды қайта жаңарту» жобасын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 29 маусымдағы № 611 қаулысы; «Қазақстан Республикасының транзит-көлік әлеуетін дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 желтоқсандағы № 1351 қаулысы; «Қазақстан Республикасы мен Жапонияның Халықаралық экономикалық ынтымақтастық қоры арасындағы Астана қаласындағы әуежайды қайта жаңарту жобасы жөніндегі қарыз туралы келісімге түзетуге қатысты Қазақстан Республикасы мен Жапон Халықаралық Ынтымақтастық Банкі арасындағы қосымша келісім-хатқа қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 маусымдағы № 637 қаулысы; «Астана халықаралық әуежайы» жабық акционерлік қоғамын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 мамырдағы № 483 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: әуежайлар инфрақұрылым объектілерін дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық талаптармен сәйкестікке келтіру үшін Қазақстан Республикасы әуежайларының жер үстіндегі инфрақұрылым объектілерін жаңғырту мен дамытуды жүзеге асыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 006 | | Әуе көлігі инфрақұ- рылымын дамыту | | | |
2 | | 004 | Сыртқы қарыздар есебінен жобаны іске асыру | Астана қаласындағы халықаралық әуежайды қайта жаңарту: ККАА/ РСІ консорциумының консалтингтік қызметтері; Астана қаласындағы әуежайдың ғимаратын және оған іргелес Siemins-Marubeni-Laing -Alarko консорциумының құрылыстарын қайта жаңарту бойынша құрылыс жұмыстары. | 3 тоқсан | Қазақстан Республи- касының Көлік және ком- муникация минис- трлігі |
3 | | 005 | Ішкі көздер есебінен жобаны іске асыру | Белгіленген тәртіппен бекітілген «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақ- стан Республикасының Заңын іске асыру тура- лы» Қазақстан Респу- бликасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқ- сандағы № 1228 қаулы- сына 2-қосымшаға сәй- кес сомалар шегінде келесі инвестициялық жобаларды іске асыру, жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес мынадай іс-шаралар бойынша: 1) Ақтөбе қаласындағы халықаралық әуежайдың аэровокзалын қайта жаңарту Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруа- шылық істері комите- тінің 2005 жылғы 1 шілдедегі № 186 ЖІЖ бұйрығы), соның ішінде: жобалық-сметалық құ- жаттаманы мемлекеттік ведомстводан тыс сараптауды әзірлеу мен жүргізу жөніндегі жұмыстарға байланысты шығындар; белгіленген тәртіппен бекітілген жобалық- сметалық құжаттамада көзделген жұмыстарды жүргізуге байланысты шығындар. 2) Шымкент қаласындағы әуежайдың ұшу-қону жолағын қайта жаңарту (Қазақстан Республи- касы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің жұмыс жобасын бекіту туралы 2005 жылғы 28 шілдедегі № 224 ЖІЖ бұйрығы), соның ішінде: жобалық-сметалық құ- жаттаманы мемлекеттік ведомстводан тыс сараптауды әзірлеу мен жүргізу жөніндегі жұмыстарға байланысты шығындар; белгіленген тәртіппен бекітілген жобалық- сметалық құжаттамада көзделген жұмыстарды жүргізуге байланысты шығындар. 3) Павлодар қаласында- ғы әуежайдың ұшу-қону жолағын қайта жаңар- ту, (ТЭН-ге мемлекет- тік сараптаманың 2005 жылғы 27 шілдедегі № 16-306/05 қорытын- дысы). Осы жобалар шеңберінде мынадай іс-шаралар жүргізіледі: жобалық-сметалық құ- жаттаманы әзірлеу және мемлекеттік ведомство- дан тыс сараптау жүргізу; белгіленген тәртіппен бекітілген жобалық-сметалық құжаттамада көзделген жұмыстарды жүргізу. | жыл бойы | Қазақстан Республи- касының Көлік және ком- муникация минис- трлігі |
4 | | 016 | Жобаны респу- бликалық бюд- жеттен сыртқы қарыз- дарды бірлесіп қаржы- ландыру есебінен іске асыру | Астана қаласындағы халықаралық әуежай құрылысының жобасы: ВОТМ комиссиясының төлемдерін өтеу. | 3 тоқсан | Қазақстан Республи- касының Көлік және ком- муникация минис- трлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтижесі: жұмыс кестесіне сәйкес Ақтөбе қаласы әуежайының аэровокзал кешенін қайта жаңарту - жалпы ауданы 7888 шаршы метр, соның ішінде қолданыстағы аэровокзал ауданы - 5000 шаршы метр және жаңадан жобаланған ауданы - 2888 шаршы метр; Шымкент қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңарту - ЖҰҚЖ ұзақтығы 3300 метр, жасанды жамылғылар ауданы 376901,7 шаршы метр.
Мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамадан өткен бекітілген жобалық-сметалық құжаттама; Павлодар облысы Павлодар қаласындағы әуежайдың ұзындығы 2500 м және ені 45 м, әуе кемесінің бұрылуы үшін 4 кеңейтушісі бар әуе кемелерінің қазіргі заманғы үлгілерін пайдалану үшін, рульдеу жолының ұзындығы - 209 м және ені - 18 м, перрон өлшемі - 198x134 м, мөлшері 168x132 м тұру орындары бар жасанды ұшу-қону жолағын қайта жаңарту жөніндегі жұмыстардың басталуы.
Соңғы нәтижесі: Қазақстанның транзит әлеуетін дамытуды қамтамасыз етуге, авиакомпаниялардың да және жолаушылардың да сапалы әуежайлық қызметтеріне өсіп отырған қажеттіліктерін қанағаттандыруға, әуежайлардың негізгі өндірістік қорларын қайта жаңарту есебінен ұшу қауіпсіздігінің тиісті деңгейін қамтамасыз етуге қабілетті Қазақстан Республикасы азаматтық авиация әуежайларының желісін құру; Қазақстан Республикасының әуежайлары арқылы жолаушылар ағынын және жүк ағынын ұлғайту; отандық авиакомпаниялар орындайтын халықаралық та және ішкі де ұшулардың географиясын ұлғайту; Қазақстан Республикасы әуежайларындағы халықаралық нормаларға жауап беретін жердегі инфрақұрылым деңгейін арттыру.