Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 тамыздағы № 800 Қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Іргелі зерттеулердің басым бағыттарына арналған ғылыми-техникалық әлеуетті шоғырландыру, іргелі ғылымды басқаруды жетілдіру және елдің әлеуметтік-экономикалық даму міндеттерін шешуде оның үлесін күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Химиялық-технологиялық зерттеулер орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен оның «А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты», «Д.В. Сокольский атындағы Органикалық катализ және электрохимия институты», «Физикалық-техникалық институт», «Металлургия және кен байыту институты» еншілес мемлекеттік кәсіпорындары және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Геологиялық-географиялық зерттеулер орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен оның «У.М. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және гидрофизика институты», «Қ.И. Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институты», «География институты», «Сейсмология институты» еншілес мемлекеттік кәсіпорындары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Жер туралы ғылым, металлургия және кен байыту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі - кәсіпорын) қосылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.
3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні ғылым саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
4. Кәсіпорынға қосымшаға сәйкес еншілес мемлекеттік кәсіпорындар құруға рұқсат берілсін.
5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Физикалық-математикалық зерттеулер орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Математика, информатика және механика институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта аталсын.
6. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.
7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 700 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлімде:
реттік нөмірлері 1, 5-жолдар алынып тасталсын;
реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Математика, информатика және механика институты»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 17-жолмен толықтырылсын:
«17. Жер туралы ғылым, металлургия және кен байыту орталығы».
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 23 тамыздағы
№ 800 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым
комитетінің «Жер туралы ғылым, металлургия және кен байыту
орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық
мемлекеттік кәсіпорны еншілес мемлекеттік кәсіпорындарының
тізбесi
1. ҚР Үкіметінің 2007.21.08. № 724 Қаулысымен алынып тасталды (бұр.ред.қара)
2. ҚР Үкіметінің 2007.21.08. № 724 Қаулысымен алынып тасталды (бұр.ред.қара)
3. «Физикалық-техникалық институты» | Алматы қаласы |
4. «У.М. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және гидрофизика институты» | Алматы қаласы |
5. «Қ.И. Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институты» | Алматы қаласы |
6. «География институты» | Алматы қаласы |
7. «Сейсмология институты» | Алматы қаласы |