Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Дарын" мемлекеттік жастар
сыйлығы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1996 ж. 7 тамыздағы № 983 қаулысы
(2005.29.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2006 ж. 22 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Жастардың ғылыми, шығармашылық және қоғамдық қызметiн қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
ҚР Үкіметінің 20.09.02 ж. № 1038 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Дарын" Мемлекеттік жастар сыйлығын беру туралы, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Дарын" Мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі Комиссиясы туралы қоса берiлiп отырған ережелер бекітілсiн.
2. ҚР Үкіметінің 27.10.98 ж. № 1086 қаулысымен 2-тармақ алынып тасталды
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгiленген тәртiппен сыйлық беретiн жылы мемлекеттік бюджетте Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Дарын" Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттарына ақшалай сыйлық төлеуге қаражат көздесiн.
4. Қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1996 жылғы 7 тамыздағы
№ 983 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Дарын"
мемлекеттік жастар сыйлығы туралы
ЕРЕЖЕ
ҚР Үкіметінің 20.09.02 ж. № 1038 26.08.04 ж. № 897 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. "Дарын" Мемлекеттік жастар сыйлығы (Бұдан әрi - сыйлық) Қазақстан Республикасының 35 жасқа дейiнгi азаматтарына қоғамдық, кәсiби жағынан танылған жемiстi ғылыми, шығармашылық және қоғамдық қызметi үшiн берiледi. Сыйлық талантты жастарды ынталандыру және олардың айрықша сіңірген еңбегін тану мақсатында беріледі.
ҚР Үкіметінің 20.09.02 ж. № 1038 қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Сыйлық мынадай (саны 10): ғылым, әдебиет, журналистика, спорт, халық шығармашылығы, дизайн және бейнелеу өнері, эстрада, театр және кино, классикалық музыка, қоғамдық қызмет атаулары бойынша екі жылда бір рет беріледі.
3. Сыйлықтың ақшалай мөлшерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі берiлетiн жылы белгiлейдi.
ҚР Үкіметінің 20.09.02 ж. № 1038 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді
4. Сыйлық беруге қызметі инновациялық болып табылатын және тиісті саланы және тұтастай алғанда қоғамды дамытуға ықпал ететін кандидаттар ұсынылады.
Бір кандидатураны сыйлыққа қайта ұсынуға болмайды. Бір кандидатураны бір саладан артық сыйлыққа , сондай-ақ еңбектерiнiң жиынтығы бойынша ұсынуға болмайды.
ҚР Үкіметінің 20.09.02 ж. № 1038 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді
5. Шығармалар мен еңбектердi ұсыну, оларды қабылдау, сараптау және iрiктеу, талқылау және сыйлыққа ұсыну туралы шешiмдер Конкурстық құжаттарды қабылдау тәртібін Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Дарын" Мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі Комиссия (бұдан әрi - Комиссия) жүзеге асырады.
Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі сыйлық берiлетiн жылы бекiтедi.
ҚР Үкіметінің 20.09.02 ж. № 1038 қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда
6. Кандидатураларды сыйлыққа ұсыну тәртібі мен мерзімі туралы хабарландыру, сондай-ақ жекелеген атаулар бойынша Комиссияның қарауына берілетін қажетті конкурстық материалдардың тізбесі осы Ереженің 13-тармағына сәйкес сыйлық ресми тапсырылғанға дейін төрт айдан кешіктірмей баспасөзде жарияланады.
Конкурсқа қатысатын кандидатуралар тізімі мен оларды ұсынған ұйымдарда да баспасөзде жарияланады.
ҚР Үкіметінің 20.09.02 ж. № 1038 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді
7. Кандидатураларды сыйлыққа орталық, жергілікті және өзге де мемлекеттік органдар, шығармашылық және кәсіби одақтар, қоғамдық жастар бірлестіктері және өзге де ұйымдар ұсынады.
Сыйлыққа ұсынылған адамға мынадай құжаттар керек:
Ұсыныс-мiнездеме;
Ұсынушы ұйымның шешiмi;
Жеке iс парағы;
2 сурет (көлемi 4Х6).
Комиссия сыйлыққа ұсынылған адамның қызметiн сипаттайтын қосымша материалдар сұратуға құқылы. "Ғылым" атауы бойынша үміткерлерге міндетті мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың қорытындысы қосымша беріледі.
ҚР Үкіметінің 20.09.02 ж. № 1038 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді
8. Сыйлық алу конкурсына қатысушы кандидаттардың қызметі көпшiлiк алдында көрсетiлуi және бұқаралық ақпарат құралдарында талқылануы керек. Талқылау материалдары Комиссияға жiберiледi.
ҚР Үкіметінің 20.09.02 ж. № 1038 қаулысымен 9-тармақ өзгертілді
9. Спектакльдердi, кино және телефильмдердi, бейнелеу өнерiнiң көрмелерiн қарауды, концерттiк бағдарламалар мен музыкалық шығармаларды тыңдауды ұйымдастыру, сыйлыққа ұсынылғандардың қызметімен таныстыру ұсынушы ұйымдармен бірге Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Дарын" Мемлекеттік жастар сыйлығы жөніндегі Комиссиясына жүктеледi.
ҚР Үкіметінің 20.09.02 ж. № 1038 қаулысымен 10-тармақ алынып тасталды
10. Сыйлыққа бір ұжымды ұсынған кезде қосқан үлесi шешушi болған кандидатуралар ғана тiзiмге кiргiзiлуi керек. Сыйлыққа ұсынылғандар ұжымына біреудi тек лауазымына қарай қосуға болмайды.
11. Сыйлық алған адамдарға Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Дарын" Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты" атағы берiлiп, диплом, омырауға тағатын белгi және ақшалай сыйлық табыс етiледi.
ҚР Үкіметінің 20.09.02 ж. № 1038 қаулысымен 12-тармақ өзгертілді
12. Сыйлық авторлар ұжымына берiлсе, оның ақшалай бөлiгi олардың мүшелері арасында тең бөлiнедi.
13. Сыйлықтар салтанатты жағдайда тапсырылады, наградтау рәсiмi Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiк Күнiне орайластырылады.
14. Лауреаттың омырауға тағатын белгiсi мен дипломның сипаттамасын Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Дарын" Мемлекеттік жастар сыйлығы жөніндегі Комиссиясының төрағасы бекiтедi.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1996 жылғы 7 тамыздағы
№ 983 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 20.09.02 ж. № 1038 қаулысымен тақырыбы өзгертілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Дарын"
Мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі
Комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
ҚР Үкіметінің 20.09.02 ж. № 1038; 26.08.04 ж. № 897 ; 2005.29.09. № 964 қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Дарын" Мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі Комиссия (Бұдан әрi - Комиссия) сарапшы-кеңесшi орган болып табылады, ол өз мiндеттерiн қоғамдық негiзде атқаратын мәдениеттiң, өнердiң, ғылымның беделдi қайраткерлерiнен, орталық атқарушы органдардың жауапты қызметкерлерiнен құрылады.
Комиссия қызметінің ұйымдық, материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 20.09.02 ж. № 1038; 26.08.04 ж. № 897 қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді
2. Комиссияның жұмысын төраға бастаған төралқа басқарады.
Комиссияның дербес құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі сыйлық берiлетiн жылы бекiтедi.
Комиссияның сандық құрамы 28 адамнан аспауға тиiс.
ҚР Үкіметінің 20.09.02 ж. № 1038 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді
3. Комиссия өзiне жүктелген мiндеттерi бойынша:
сыйлыққа ұсынылған кандидатуралардың конкурстық құжаттарын қабылдап, алдын ала қарайды, оларды ұсыну тәртібінiң сақталуын қамтамасыз етедi;
кандидатураларды iрiктеп алып, конкурсқа қатысуға рұқсат ету туралы ұсыныстар енгiзедi, конкурсқа жiберiлген кандидатураларды ұсынған авторлар мен ұйымдарды көрсете отырып, олардың тiзiмiн баспасөзде жариялайды;
конкурсқа жiберiлген кандидатуралардың қызметін кең және ашық талқылануын ұйымдастырады;
сыйлықтарды беру туралы шешiм қабылдайды;
сыйлық лауреатының дипломдары мен омырауға тағатын белгiсiн ресiмдейдi.
ҚР Үкіметінің 20.09.02 ж. № 1038 ; 2005.29.09. № 964 қаулыларымен 4-тармақ өзгертілді
4. Комиссия сыйлыққа ұсынылған кандидатураларды алдын ала қарау үшiн, олар жөнiнде қорытындылар мен ұсыныстар әзiрлеу үшiн секциялар мен сараптау топтарын құрады.
ҚР Үкіметінің 20.09.02 ж. № 1038 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді
5. Сыйлыққа ұсынылған кандидатураларды Комиссия екi кезеңде қарайды. Бірiншiсiнде - Комиссия сыйлыққа ұсыну конкурсына қатысатын кандидатураларды таңдап алады, екiншiсiнде - сыйлықтар беру туралы шешiм қабылдайды.
Кандидатураларды конкурсқа қатыстыру туралы шешiм жәй көпшiлiк дауыспен ашық түрде қабылданады.
Сыйлық беру туралы шешiм әрбір кандидатура бойынша бөлек жасырын дауыспен қабылданады.
Кандидатқа сыйлық беру үшiн оған мәжіліске қатысушылар санының кемiнде 3/4-i дауыс беруi тиiс.
Комиссияның және оның секцияларының құрамының кемiнде 2/3-i қатысса, олардың мәжілістерi заңды деп есептеледi.
ҚР Үкіметінің 20.09.02 ж. № 1038 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді
6. Егер де сыйлыққа Комиссия мүшесiнiң кандидатурасы ұсынылған болса, оның авторы Комиссияның секциялары мен мәжілістерiнiң жұмысына қатыспайды.
7. Мемлекеттік сыйлықты беру туралы шешiмдi Комиссия жасырын дауыс беру нәтижелерi бойынша қабылдайды және ол Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткеннен кейiн күшiне кiредi. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Мемлекеттік сыйлықты беру туралы қаулысы Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiк Күнiне орай баспасөзде жарияланады.
ҚР Үкіметінің 27.10.98 ж. № 1086 қаулысымен құрам алынып тасталды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1996 жылғы 7 тамыздағы
№ 983 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Дарын" Мемлекеттік
жастар сыйлығы жөніндегі Комиссияның
ҚҰРАМЫ
Тасмағамбетов И.Н. - Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрінің орынбасары, төраға
Досмұхамбетов Т.М. - Қазақстан Республикасының Жастар
iсi, туризм және спорт министрi,
төрағаның орынбасары
Әлiмбекова Г.С. - Қазақстан Республикасының Жастар
iсi, туризм және спорт министрлi.
гiнiң жастар саясаты бөлiмiнiң
бастығы, жауапты хатшы
Безус Н.С. - Қазақстан Республикасы Үкіметі
Аппаратының әлеуметтiк-мәдени
даму бөлiмiнiң референтi
Ғылым, техника, сәулет және спорт секциясы
Әбдiхалықов Н.А. - Қазақстан Республикасының Денсаулық
сақтау министрлігінiң ғылым, білім
және кадр саясаты басқармасының
бастығы, медицина ғылымының докторы
Арынов Е. - Қазақстан даму институтының
президентi, экономика ғылымының
докторы
Асқарова Н.А. - Қазақстан Республикасының Жастар
iсi, туризм және спорт министрлi.
гiнiң жастармен жұмыс iстеу
жөніндегі басқармасының бастығы
Досымбетов Т.К. - Қазақстан Республикасы Ұлттық
олимпиадалық комитетiнiң бірiншi
вице-президентi
Ертiлесова Ж.Ж. - Қазақстан Республикасының Экономика
министрінің орынбасары
Ыбраев Е. - сәулетшi
Котов А.К. - Қазақстан Республикасының Парламентi
Сенатының депутаты, заң ғылымының
докторы
Құдайбергенов С.Е. - Қазақстан Республикасы Ғылым акаде.
миясының халықаралық байланыстар
басқармасының бастығы, химия
ғылымының докторы, профессор
Көмеков С.Е. - Білім министрлігінiң инспекциялау
басқармасының бастығы, физика-
математика ғылымының докторы
Никитинский Е.С. - Қазақстан Республикасы Президентi
Әкiмшiлiгiнiң iшкi саясат бөлiмi
меңгерушiсiнiң орынбасары
Мәдениет, әдебиет, журналистика және өнер секциясы
Аманшаев Е. - Қазақстан Республикасы Үкіметі
Аппаратының Мәдениет секторының
меңгерушiсi
Богатенкова Л.П. - Тiл және әдебиет институтының
аға ғылыми қызметкерi, өнертану
докторы, профессор
Герций Л.С. - "Экспресс К" газетi редакторының
орынбасары, Қазақстан Республикасы
Журналистер одағының мүшесi
Дiнiшев Ә.М. - КСРО халық артисi
Жұманиязов Б.С. - Қазақстан Республикасы Композиторлар
одағының бірiншi хатшысы
Касейiнов Д.К. - Құрманғазы атындағы Алматы
мемлекеттік консерваториясының
ректоры, Қазақстан Республикасының
еңбек сiңiрген артисi
Обаев Е.Н. - Қазақстан Республикасының Мәдениет
министрінің бірiншi орынбасары
Раушанов Е. - "Жазушы" баспасының бас директоры
Төлепбаев Е. - еңбек сiңiрген өнер қайраткерi,
суретшi
Теменов Т.А. - театр және кино институтының
ректоры, Қазақстан Республикасының
Кинематографистер одағы басқарма.
сының мүшесi
Оңғарсынова Ф. - Қазақстан Республикасының Парламентi
Мәжілісiнiң депутаты, ақын
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1996 жылғы 7 тамыздағы
№ 983 қаулысымен
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң күшi
жойылған кейбір шешiмдерiнiң
ТIЗБЕСI
1. "Дарын" Мемлекеттік жастар сыйлығын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 11 тамыздағы № 666 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., № 32, 489-бап).
2. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 11 тамыздағы № 666 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 9 тамыздағы № 888 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 34, 374-бап).
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 16 мамырдағы № 525 қаулысының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 22, 229-бап).
4. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 9 тамыздағы № 888 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 24 желтоқсандағы № 1462 қаулысы.