«Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу үшін алым ставкаларын, жеке кәсіпкерді
мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 желтоқсандағы № 1586 Қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 21 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы Заңына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексіне (Салық кодексіне) сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу үшін алым ставкалары;
жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысаны бекітілсін.
2. «Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды тіркеу үшін алым төлеудің және оның ставкаларының тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 28 шілдедегі № 1037 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., № 26, 304-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары 2002 жылғы 1 қаңтарға дейін өздерінің бұрын қабылданған нормативтік құқықтық кесімдерін осы қаулыға сәйкес келтірсін.
4. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін осы қаулының 1, 2-тармақтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2001 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 1586 қаулысымен
Бекітілген
Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу үшін
алым ставкалары
Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу үшін алым ставкалары:
1) жеке кәсіпкерлер ретінде Қазақстан Республикасының аумағында заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларды мемлекеттік тіркеу кезінде алым төлейтін күнге қолданылып жүрген төрт еселік айлық есептік көрсеткішті құрайды;
2) мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын алған кезде осы қосымшаның 1) тармақшасында белгіленген алым ставкасының жиырма бес пайызын құрайды.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2001 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 1586 қаулысымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс
министрлігі
___________________ Қазақстан
___________________ бойынша Салық комитеті Республикасының
Елтаңбасы
Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы
КУӘЛІК
Сериясы №
Салық төлеушінің атауы «__________________________________________»
Тегі _______________________________________
Аты ________________________________________
Фотосуретке Әкесінің аты
_______________________________
арналған СТН
________________________________________
Орын
____________________________________________
____________________________________________
____________________________________________
Артқы беті
Жеке басты куәландыратын құжат __________________________
Тіркеу органының тіркеу нөмірі __________________________
Тіркелген күні __________________________________________
Салық органының басшысы: ________________________________
аты-жөні
__________________________________________
қолы М.О.
Берілген күні _______________________
Қолданылу мерзімі __________________________________
(жеке кәсіпкердің өтініші бойынша)