Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 774 Қаулысы
(2007.06.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 977 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) ҚР Үкіметінің 2007.06.12. № 1193 Қаулысымен алынып тасталды (бұр.ред.қара)
2) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 желтоқсандағы № 1240 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Адамдар, көлік құралдары мен жүктер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтетін кезде оларды өткізу пункттерінде бақылауды жүргізу тәртібі туралы нұсқаулықта:
23-тармақта:
1) тармақшадағы «жүргізушілердің еңбек ету және демалу режимінің есебін тіркеу парағының,» деген сөздерден кейін «тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру және/немесе автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарының,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшадағы «рұқсат қағазы» деген сөздерден кейін, тасымалдаушының жолаушылар алдындағы және/немесе көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттары» деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми түрде жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі | Д. Ахметов |