Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 желтоқсандағы № 1240 Қаулысы
(2013.29.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 977 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 13 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2012.26.04. № 533 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің ашылу, жұмыс істеу және жабылу қағидалары;
2) ҚР Үкіметінің 2012.26.04. № 533 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) ҚР Үкіметінің 2012.26.04. № 533 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) ҚР Үкіметінің 2012.26.04. № 533 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2012.26.04. № 533 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1240 қаулысымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің ашылу, жұмыс істеу және жабылу
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің ашылу, жұмыс істеу және жабылу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің (бұдан әрі - өткізу пункттері) ашылу, жұмыс істеу және жабылу тәртібін айқындайды.
2. Өткізу пункттері Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен халықаралық қатынастарын қамтамасыз етуге арналған.
3. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 13 қаңтардағы Заңына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы темір жол, автомобиль, теңіз, әуе және өзге де қатынастардың өту орындарындағы өткізу пункттерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Өткізу пункті тиісті технологиялық жабдығы бар ғимараттар, үй-жайлар және құрылыстар кешенін қамтиды, бұларда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында бақылауды жүзеге асыратын кеден органдарының және басқа да органдардың бақылау-өткізу пункттері құрылады.
4. Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтуінің, ол арқылы көлік құралдарын, жүктерді, тауарларды, жануарларды, өсімдік өнімін және өзге де мүлікті (бұдан әрі - көлік құралдары мен жүктер) өткізудің белгіленген тәртібін сақтауды қамтамасыз ету үшін өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодекстерінде, «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Жарлығында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 1993 жылғы 13 қаңтардағы, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі, «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі, «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі заңдарында белгіленген тәртіппен шекаралық, кедендік, санитариялық-карантиндік, ветеринариялық-санитариялық, көліктік және мемлекеттік фитосанитариялық бақылау жүзеге асырылады.
5. Өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген бақылаудың басқа түрлерін ұйымдастыруға және жүзеге асыруға, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың шекарадан өтетін көлік құралдарына, жүктерге және жолаушыларға қызмет көрсетумен байланысты емес шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.
6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттері былайша сыныпталады:
1) халықаралық қатынастар түрі бойынша: автомобиль (автожол), темір жол, теңіз, өзен (көл), әуе, жаяу жүргінші, аралас;
2) халықаралық қатынастар сипаты бойынша: жүк, жолаушылар, жүк-жолаушылар;
3) жұмыс істеу тәртібі бойынша: тұрақты (тұрақты негізде жұмыс істейтін, маусымдық, тұрақты емес негізде жұмыс істейтін) және уақытша;
4) мәртебесі бойынша: көпжақты (халықаралық) және екіжақты (мемлекетаралық);
5) жұмыс режим бойынша: күндізгі, тәулік бойғы.
7. Өткізу пункттері:
1) азаматтығына (бодандығына) қарамастан жеке тұлғалардың және үшінші елдердің аумағында тіркелген көлік құралдарының мемлекеттік шекарадан өтуі үшін көпжақты;
2) шекарадан Қазақстан Республикасының және шекаралас мемлекеттің азаматтары мен көлік құралдарының ғана өтуі үшін екіжақты болуы мүмкін.
8. Өткізу пункттерінің, олардың халықаралық қатынастағы түрі мен сипаты, жұмыс істеу тәртібі, жұмыс мәртебесі мен режимі бойынша сыныпталуы көрсетілген өткізу пункттерін ашу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері ресми баспасөзде жариялануға жатады және оларды «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы Заңында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасындағы шет мемлекеттердің дипломатиялық (консулдық) өкілдіктерінің және мүдделі халықаралық ұйымдардың, Қазақстан Республикасының шетелдегі дипломатиялық және консулдық өкілдіктерінің назарына жеткізеді.
2. Өткізу пункттерінің ашылу тәртібі
9. Өткізу пунктін орнатудың орындылығын айқындау үшін мүдделі мемлекеттік орган (бұдан әрі - бастамашы) осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген белгіленген бақылау түрлерін жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға (бұдан әрі - мемлекеттік бақылау органдары) мынадай материалдарды:
1) өткізу пунктін орнатудың орындылығын, жоспарланатын өткізу қабілетін және ашылу мерзімін, құрылысқа (қайта жаңартуға) кететін шығындардың есептемесін, жабдықты, техникалық жарақтауды, көлік, инженерлік және әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымды құру мен дамытуды, сондай-ақ қаржыландыру көздерін көрсете отырып, оны орнату туралы қолдаухатты;
2) жергілікті (облыстық) атқарушы органның өз аумағында өткізу пунктін орнатуға келісімін (егер ол бастамашы болып табылмаған жағдайда) жібереді.
Мемлекеттік бақылау органдары өздеріне ұсынылған материалдарды қарайды және олар ұсынылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде бастамашыға өз қорытындысын жібереді.
Бастамашы Кеден одағының сыртқы шекарасында автомобильдік өткізу пунктін орнату бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетіне, Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасындағы автомобильдік өткізу пункті бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, ал темір жол, әуе және теңіз (өзен) өткізу пункттерін орнату бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне жоғарыда көрсетілген материалдар мен мемлекеттік бақылау органдарының қорытындыларын жібереді.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі өткізу пунктін орнату мәселесін шектес мемлекетпен келіседі, одан кейін Кеден одағының сыртқы шекарасында автомобильдік өткізу пункті бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті, Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасындағы автомобильдік өткізу пунктін орнату бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, ал Мемлекеттік шекара арқылы темір жол, әуе және теңіз (өзен) өткізу пунктін орнату бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі тиісті келісім жобасын дайындайды.
10. Шекаралас мемлекетпен Келісімге қол қойылған жағдайда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Кеден одағының сыртқы шекараларында автомобильдік өткізу пунктін, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасындағы автомобильдік өткізу пунктін, ал Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі темір жол, әуе және теңіз (өзен) өткізу пунктін орнату туралы шешім қабылдау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген, халықаралық қатынас түрі мен сипаты, жұмыс істеу тәртібі, мәртебесі және жұмыс режимі бойынша олардың сыныпталуын көрсете отырып, өткізу пунктін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын ұсынады.
11. Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пунктін орнату туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған шешім объектілерді жобалауға, салуға (қайта жаңартуға), жайластыруға және өткізу пунктін техникалық жарақтандыруға қаржыландыруды ашу, көлік, инженерлік және әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылым құру және дамыту үшін, сондай-ақ онда бақылау органдарының бөлімшелерін құру үшін негіздеме болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2013.29.05. № 534 Қаулысымен 11-1-тармақпен толықтырылды
11-1. Теңіз (өзен) өткізу пункттерін салуды және жайластыруды мемлекеттік бақылау органдарының келісімі бойынша теңіз (өзен) порттарының иелері немесе теңіз терминалдарының операторлары жүзеге асыра алады.
3. Өткізу пункттерінің жұмыс істеу тәртібі
ҚР Үкіметінің 2013.29.05. № 534 Қаулысымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12. Осы Қағидалардың 11-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, Кеден одағының сыртқы шекарасында автомобиль өткiзу пунктiн орнату туралы Үкiметтiң шешiмi қабылдағаннан кейiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кедендiк бақылау комитетi, Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасындағы автомобиль өткiзу пунктiн - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi, темiр жол, әуе және теңiз (өзен) өткiзу пунктiн орнату бойынша - Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi өткiзу пунктiн жобалау, салу (реконструкциялау), жабдықтау және техникалық жарақтандыру жөнiнде тапсырыс берушiнiң функциясын атқарады.
13. Тапсырыс беруші мүдделі мемлекеттік органдар ұсыныстарының негізінде «Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен өткізу пунктін жобалауды және салуды, сондай-ақ өткізу пунктін салу (қайта құру) аяқталғаннан кейін аяқталған объектіні қабылдауды қамтамасыз етеді.
ҚР Үкіметінің 2013.29.05. № 534 Қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
14. Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерін жабдықтау және ұстау теңгерімінде осы өткізу пункті болатын мемлекеттік органға жүктеледі.
Теңіз (өзен) порты иесінің немесе теңіз терминалы операторының қаражаты есебінен теңіз (өзен) өткізу пунктін жайластыру кезінде кейіннен ұстауды теңіз (өзен) портының иесі немесе теңіз терминалының операторы жүзеге асырады;
15. Өткізу пунктінің жалпы жұмыс тәртібі (жұмыстың басталу және аяқталу уақыты, технологиялық үзілістері, кестелері, Мемлекеттік шекара арқылы жүретін көлік құралдары мен жүктердің қозғалыс кестелері) халықаралық келісіммен немесе көлік ұйымдары әкімшілігімен (әуежайдың, теңіз немесе өзен порттарының, шекаралық темір жол вокзалының, станциялардың және өзге де көлік кәсіпорындарының бастықтарымен) келісім бойынша бақылау органдары басшыларының бірлескен шешімімен бекітіледі.
Өткізу пунктінің жалпы жұмыс тәртібі шекаралас мемлекеттердің шекара өкілдерімен келісіледі.
16. «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес бажсыз сауда дүкендерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде қызмет көрсету саласының объектілерін орналастыруға рұқсат етілмейді.
17. Нақты өткізу пункттерінің жергілікті жағдайларын ескере отырып, бақылау органдары басшыларының бірлескен шешімдерімен және көлік ұйымдары әкімшіліктерінің келісімі бойынша өткізу пунктінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы жеке тұлғаларды, көлік құралдары мен жүктерді өткізудің бірлескен технологиялық схемалары қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының адамдар, көлік құралдары мен жүктер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтетін кезде оларды өткізу пункттерінде бақылауды жүргізген кезде өзара іс-қимыл тәртібі мемлекеттік бақылаушы органдардың бірлескен актісімен айқындалады.
18. Бақылау органдары мен көлік ұйымдарының әкімшіліктері өткізу пункттерінде өздерінің қызметін мынадай негізгі бағыттар бойынша үйлестіреді:
1) өткізу пунктінде қалыптасқан жағдайды бірлесіп талдау, жолаушы және жүк ағындарының өзгеруі бойынша үрдістерді, жеке тұлғалардың Мемлекеттік шекарадан өту және шекара арқылы көлік құралдары мен жүктерді өткізу ережелерін ықтимал бұзушылықтарды болжау;
2) өткізу пунктінің жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және іске асыру;
3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өтудің бірлескен технологиялық схемалары мен өзара іс-қимыл жоспарларын әзірлеу және бекіту.
4. Өткізу пунктінің жабылу тәртібі
19. Өткізу пункті уақытша немесе толық жабылуы мүмкін.
20. Өткізу пунктін уақытша жабу мынадай:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша төтенше жағдайлар, дүлей апаттар, техногендік сипаттағы ахуалдар, адамдардың карантиндік және аса қауіпті инфекциялық ауруларының және/немесе Халықаралық эпизоотикалық бюро тізіміне енгізілген жануарлар ауруларының, карантиндік зияикестердің, өсімдік ауруларының немесе арамшөптердің таралу қаупі жағдайында және көлік қатынасын жүзеге асыруға немесе бақылау органдарының жұмыс істеуіне мүмкіндік бермейтін басқа да жағдайларда, санитарлық-эпидемиологиялық ахуал нашарлаған жағдайларда;
2) өткізу пунктін салу (қайта жаңарту) көрсетілген өткізу пунктінде мемлекеттік бақылауды жүргізуге кедергі келтірген жағдайда жүргізіледі.
Қажетті жағдайларда (Мемлекеттік шекараны бұзушыларды іздеген, өткізу пункті ауданындағы криминогендік ахуал шиеленіскен жағдайларда, санитариялық-эпидемиологиялық ахуал нашарлаған жағдайда және ел аумағына жұқпалы және паразиттік аурулардың әкелінуін болдырмау мақсатында) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасымен, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерімен келісім бойынша Шекара қызметі директорының шешімімен Қазақстан Республикасының шекара өкілдері шекаралас тараптың өкілдерін хабардар ете отырып, нақты өткізу пунктінің жұмысына уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін.
21. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген тәртіппен өткізу пунктін уақытша жабу туралы шешімді қабылдау немесе бұзу туралы Қазақстан Республикасымен шекаралас мемлекеттерге, ал қажет болған жағдайда - басқа да мүдделі мемлекеттерге дипломатиялық арналар бойынша хабарланады.
22. Уақытша жабылатын өткізу пунктінің жұмысы қайта басталғанға дейін бақылау органдарының құрылымдық бөлімшелері таратылуға жатпайды және өздері бағынатын тиісті басшылардың шешімі бойынша қызметті жүзеге асырады.
23. Мынадай:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы көлік қатынасын тоқтату туралы Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының күшіне енуі;
2) Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын тиісті халықаралық шартқа өзгерістер енгізу не өткізу пунктінің одан әрі жұмыс істеуінің орынсыздығы немесе мүмкін болмайтындығы туралы Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарының, облыстардың жергілікті атқарушы органдарының ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының одан шығуы;
3) Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын тиісті халықаралық шарттан қатысушы мемлекеттің шығуы негізінде өткізу пункті толығымен жабылуы мүмкін.
24. Өткізу пунктін толық жабу кезінде жабудың бастамашысы өткізу пунктін жабу туралы барлық мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген қорытынды дайындайды және оны Үкіметтің қарауына енгізеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің өткізу пунктін жабу туралы шешімі өткізу пунктінің қызметін тоқтату үшін негіз болып табылады.
Үлгі шарттары. ҚР Үкіметінің 2012.26.04. № 533 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)