Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 619 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 248 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Екінші деңгейдегі банктердің студенттерге берген кредиттеріне «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамының кепілдік беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі № 745 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 30, 386-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің студенттерге берген кредиттеріне «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамының кепілдік беру ережесінде:
3-тармақтың 8) тармақшасындағы «кредиттер мерзіміне, сондай-ақ,», «мен кредиттер», «актуарлық үлгі негізінде есептелген» деген сөздер алынып тасталсын;
9-тармақ алынып тасталсын;
16-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Кепілдікті міндеттемелер Қаржы орталығының Директорлар кеңесі бекіткен кепілдік беру көлемі шегінде беріледі.»;
мемлекеттік тілдегі мәтінде 17-тармақтың 3) тармақшасындағы «қолданылған» деген сөзден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 4-тармақшамен толықтырылсын:
«4) Бас келісіммен көзделген өзге де»;
23-тармақтағы «80» деген сандар «95» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |