Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне есiрткi құралдары,
психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымын бақылау мәселелерi бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 жылғы 18 қыркүйектегі № 947 қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 14 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
2. Есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар нормативтiк құқықтық кесiмдердi осы қаулыда көзделген талаптарға сәйкес келтiру жөнiнде шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 18 қыркүйектегі № 947 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар
1. "Экспорттық бақылауға жататын өнiмдер транзитiнiң кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 11 тамыздағы № 1143 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 42, 496-құжат):
кiрiспеде "Қару-жарақты, әскери техниканы және екі ұдай мақсаттағы өнiмдердi" деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Экспорттық бақылауға жататын өнiмдердi Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге Қазақстан Республикасы Үкіметінiң рұқсатын берудiң тәртібінде:
1-тармақта:
"Қару-жарақты, әскери техниканы және екi ұдай мақсаттағы өнiмдердi" деген сөздер алынып тасталсын;
"Заңына сәйкес" деген сөздерден кейiн "құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар өнiмдердi қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын.
2. "Қазақстан Республикасында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 10 қарашадағы № 1693 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 47-48, 556-құжат):
1-тармақ 2) тармақшада "қосымшалар" деген сөзден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы тармақшамен толықтырылсын:
"3) құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар бар өнiмдердiң транзитiне Рұқсаттар нысандары";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесінде:
1-тармақтың үшiншi абзацында "әкетуге," деген сөзден кейiн "транзиттеуге" деген сөзбен толықтырылсын;
4-тармақтың мәтiнiнде:
"II кестесіндегі" деген сөздер "кестелеріндегі" деген сөздермен ауыстырылсын;
1), 2) және 3) тармақшалары "есiрткi құралдары мен психотроптық заттар" деген сөздерден кейiн "прекурсорлар" деген сөзбен толықтырылсын;
9-тармақтың 2) тармақшасында:
"әкелудi (әкетудi)" деген сөздерден кейiн "және оларды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуді" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы бөлiммен және 154, 155, 156, 157, 158, 159, 160, 161, 162, 163, 164 және 165 тармақтармен толықтырылсын:
"17. Есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiне қойылатын біліктiлiк талаптар.
154. Жалпы ережелер
Есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды сақтай отырып, Комитет берген Транзитке рұқсаттың негiзiнде жүзеге асырылады (13, 14, 15-қосымшалар).
Транзитке рұқсат - құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар өнiмдердi онда көрсетiлген мерзiмде бiр рет өткізудi жүзеге асыруға рұқсат беретiн құжат және көлiк құралдары мен жүкке рұқсатсыз қол жеткізуге жол бермеу және тиiстi қауiпсiздiк шараларын жүзеге асыру мақсатында кіру мен шығу пункттерiнде және басқа да кедендiк бақылау аймақтарында коммерциялық тасымалдаушылар мен тиiстi органдар арасындағы ынтымақтастықты қамтамасыз етуге негiз болады.
Транзитке рұқсатта мыналар көрсетiледi:
1) импорттаушы заңды тұлғаның деректерi;
2) экспорттаушы заңды тұлғаның деректерi;
3) соңғы жүк алушының деректерi;
4) Тiзiмнiң I, II, III және IV кестелерiне енгiзiлген құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар өнiмдердiң атауы және көлемi. Рұқсат құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар, келісім-шартқа енгiзiлген олардың атауларының санына қарамастан, өнiмдердiң бiр түрiне берiледi;
5) бағыты (экспорттаушы елден әкету және импорттаушы елге әкелу пункттерi көрсетiледi), көлiк түрi;
6) Транзитке рұқсаттың қолданылу мерзiмi. Егер құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар өнiмдердiң транзитi көрсетiлген мерзiмде жүзеге асырылмаса, онда рұқсаттың күшi жойылады.
155. Транзитке қойылатын талаптар.
Транзитке рұқсатты ресiмдеу үшiн өтiнiш берушi Комитетке мыналарды ұсынады:
1) белгiленген үлгiдегi өтiнiш (17-қосымша);
2) өтiнiш берушi ұйымның мемлекеттік тiркелгенi туралы куәлiгiнiң нотариальды расталған көшiрмесi;
3) өтiнiш берушi мемлекетiнiң қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтiнiш берушi елiнiң мемлекеттік органы есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке берген лицензияның не сертификаттың нотариальды расталған көшiрмесi;
4) сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасы бойынша кодтары көрсетiлген, транзитке жататын, құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар (табиғи және құндық тұрғысында) бар өнiмдердiң атауы мен көлемi;
5) өтiнiш берушiнiң тарапынан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес транзиттi жүзеге асыру кезiнде болуы мүмкiн авариялардан келген залалды өтеу туралы сақтандыру және басқа да қаржылық кепiлдiктердi не өзге де мiндеттемелердi ұсыну;
6) құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар өнiмдердi пайдаланудың нақты мақсаты туралы соңғы жүк алушының өтiнiшi қоса берiлетiн Қазақстан Республикасында бақылауға жататын құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар өнiмдердi жеткізуге арналған келісім-шарттың нотариальды расталған көшiрмесi (16-қосымша);
7) төтенше жағдайларда мәлiмделген транзиттiк тасымалды жүзеге асыру кезiнде болуы мүмкiн аварияның салдарын жоюдың алдын алу және әрекет ету жүйесiнiң дайындығы туралы өтiнiш берушi елдiң құзыреттi ресми органының растамасы;
8) егер құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар өнiмдердi жүктi жүк алушыға беру оған байланысты емес себептер бойынша мүмкiн болмаған жағдайда, осы жүктi қайта қабылдауға мiндеттемелер туралы жүктi жiберушiнiң растамасы;
9) тасымалдаудың нақты шарттарына тексеру жүргiзуге, сондай-ақ ықтимал уақытша сақтауға, керi тасымалдауға, сараптауға және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының бұзылғаны анықталған жағдайда атқарушы органдардың басқа да қажеттi iс-қимылдарына байланысты шығыстарды, сондай-ақ анықталған ауытқуларды заңнама талаптарына сәйкес келтiру қажеттiгiне және/немесе жүктiң экспорттаушы мемлекетке қайтарылуына байланысты шығыстарды өтеу туралы өтiнiш берушiнiң растамасы.
156. Егер шет мемлекеттiң мемлекеттік органы өтiнiш берушi болған жағдайда:
осы Ереженiң 155-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды ұсыну талап етiлмейдi;
келісім-шарт (осы Ереженiң 155-тармағының 6) тармақшасы) болмаған кезде бақылауға жататын құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар өнiмдердiң транзитiн жүзеге асыру қажеттiлiгiн негiздейтiн өзге де құжаттар ұсынылады.
157. Осы Ережеде белгiленген талаптар ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан, шетелдiктердi қоса, көрсетiлген өнiмдердiң транзитiн жүзеге асыратын барлық заңды тұлғаларға қолданылады.
158. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Ережеде көзделгеннен өзге ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады.
159. Транзитке берiлген рұқсатты басқа заңды тұлғаға беруге болмайды.
160. Құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар өнiмдердiң транзитiне рұқсат өтiнiш берушiге ол бiр транзиттiк операцияны жүзеге асыруы үшiн берiледi. Транзитке рұқсаттың қолданылу мерзiмi ұзартуға жатпайды.
161. Құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар өнiмдердiң транзитiне байланысты iс-қимылдар аяқталған соң транзиттi жүзеге асырған заңды тұлға Комитетке 10 күн мерзiмде транзиттiң аяқталғаны туралы есептi ұсынуы қажет.
162. Егер осы Ереженiң 155-тармағында көрсетiлген құжаттардың толық жинағы табыс етiлмеген болса, Транзитке рұқсат беруден бас тартылуы мүмкiн.
Транзитке рұқсат беруден бас тартылған кезде өтiнiш берушiге заңнамада белгiленген мерзiмде жазбаша түрде дәлелдi жауап берiледi.
163. Клиникалық сынақтар жүргізу үшін құрамында ecipткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрi-дәрмек құралдарының үлгiлерiне, сараптама жүргiзуге арналған тест-эталондардың транзитi Комитеттiң Рұқсаты бойынша жүргiзiледi. Транзитке Рұқсатты алу үшiн өтiнiш берушi Комитетке мынадай құжаттарды бередi:
1) өтiнiш (16-қосымша);
2) импорттаушы немесе экспорттаушы елдiң денсаулық сақтау органдарымен толық көлемде клиникалық сынақтар жүргізу үшiн қажеттi құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар өнiмдердiң санын немесе көлемiн көрсете отырып, келісім-хат.
164. Есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрi-дәрмек құралдарын сараптамадан өткізу және үлгiлер үшiн, клиникалық сынақтар жүргiзу үшiн тест-эталондардың транзитiн кедендiк ресiмдеу:
1) Комитет берген Тест-эталондар транзитiне рұқсатты;
2) кедендiк жүк декларациясын;
3) дайындаушы зауыттық сапа сертификатын көрсеткен кезде жүзеге асырылады.
165. Кедендiк бақылау агенттiгi құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар транзиттiк өнiмдi Транзитке рұқсатта көрсетiлген Қазақстан Республикасының аумағындағы өткізу пункттерi арқылы нақты әкелу немесе әкету туралы ақпаратты (есептi) тоқсан сайын Комитетке жiберiп отырады (18, 19-қосымшалар)".
3. "Қазақстан Республикасының есiрткi құралдары мен психотроптық заттарды қажетсiнуiнiң нормалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 7 қыркүйектегi № 1162 қаулысына:
көрсетiлген қаулыға "Есiрткi құралдарына қажеттiлiктi есептеуде" 1-қосымшада:
"Есептеуге жататын жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша қоймадағы қорда сақталуға тиiс мөлшерi" деген 4-бағанда:
"Тебаин" деген жолда "кг" деген баған "1" деген санмен толықтырылсын;
"Дримеперидин" деген жолда "кг" деген баған "5" деген санмен толықтырылсын;
"Синтетикалық есiрткi құралдарын дайындау көлемiнiң жылдық есептеулерiнде":
"1961 жылғы Конвенцияның II тiзiмiне енгiзiлген синтетикалық есiрткi құралдары" деген II бөлiмде:
"Синтетикалық есiрткi құралдарын дайындайтын өнеркәсiптiк кәсiпорындар", " Әр өнеркәсiптiк кәсiпорында дайындалатын синтетикалық есiрткi заттарының мөлшерi (килограммен)" деген бағандар "Тримеперидин", "200" деген бағандармен және "Химфарм" ААҚ деген жолмен толықтырылсын;
көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада:
IV тiзiмде:
"Фенобарбитал" деген жолда "2215,670" деген сандар "19803,670" сандармен ауыстырылсын.
Түсі Қызыл 13-қосымша
"Транзит" микрошрифтiсiмен
бiрдей нөмiрлi 4 бланк 1-лицензиатқа
2-экспорттаушы ел
3-импорттаушы ел
4-кеден органы
ҚР ЕЛТАҢБАСЫ
Құрамында есiрткi құралдары бар өнiмдердi
Қазақстан Республикасы арқылы
ТРАНЗИТКЕ РҰҚСАТ
N
NS сериясы
1. Импорттаушының атауы __________________________________________
(елi, заңды мекен-жайы, телефоны, факсы, E-mail)
__________________________________________________________________
2. Экспорттаушының атауы _________________________________________
(елi, заңды мекен-жайы, телефоны, факсы, Е-mаil)
3. Есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың
айналымына байланысты қызметке негiздемені растайтын лицензия
(сертификат)
туралы мәлiметтер: __________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(рұқсаттың N, берiлген күнi, қолданылу мерзiмi, лицензия (сертификат)
берген органның деректері)
__________________________________________________________________
4. Соңғы жүк алушы _______________________________________________
5. Елiмiз арқылы транзитпен өтетiн өнімдер туралы мәлiметтер:
__________________________________________________________________
Р/с Тiзімнің N Халықаралық Сауда атауы Өлшем Саны
N кестесi, патенттелмеген бiрлігi
N позиция атауы
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
6. Көлiк түрi, бағыты ____________________________________________
__________________________________________________________________
6.1. Транзит жүргiзiлетiн шекарадағы кеден органдары көрсетiледi 6.1.1.
Қазақстан Республикасының аумағына транзиттiк өнiмдердi әкелу кезіндегі
кеден органының атауы: ___________________________
__________________________________________________________________
6.1.2. Қазақстан Республикасының аумағынан транзиттiк өнiмдердi әкету
кезіндегі кеден органының атауы: ___________________________
__________________________________________________________________
7. Көрсетілген құралдар мыналар үшiн пайдаланылады: ______________
__________________________________________________________________
Басшы ____________________________________
(Лицензия берген орган (қолы)
басшысының Т.А.Ә.)
Рұқсаттың берілген күнi 200__ж. "___"_________
Рұқсатты қолданылу мерзiмi 200__ж. "___" __________ Мөр орны
№ 0000000
Түсі Қызыл 14-қосымша
"Транзит" микрошрифтiсiмен
бiрдей нөмiрлi 4 бланк 1-лицензиатқа
2-экспорттаушы ел
3-импорттаушы ел
4-кеден органы
ҚР ЕЛТАҢБАСЫ
Құрамында есiрткi құралдары бар өнiмдердi
Қазақстан Республикасы арқылы
ТРАНЗИТКЕ РҰҚСАТ
N
PV сериясы
1. Импорттаушының атауы __________________________________________
(елi, заңды мекен-жайы, телефоны, факсы, E-mail)
__________________________________________________________________
2. Экспорттаушының атауы _________________________________________
(елi, заңды мекен-жайы, телефоны, факсы, Е-mаil)
3. Есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың
айналымына байланысты қызметке негiздемені растайтын лицензия
(сертификат) туралы мәлiметтер: __________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(лицензияның N, берiлген күнi, қолданылу мерзiмi, лицензия (сертификат)
берген органның деректері)
__________________________________________________________________
4. Соңғы жүк алушы _______________________________________________
5. Елiмiз арқылы транзитпен өтетiн өнімдер туралы мәлiметтер:
__________________________________________________________________
Р/с Тiзімнің N Халықаралық Сауда атауы Өлшем Саны
N кестесi, патенттелмеген бiрлігi
N позиция атауы
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
6. Көлiк түрi, бағыты ____________________________________________
__________________________________________________________________
6.1. Транзит жүргiзiлетiн шекарадағы кеден органдары көрсетiледi
6.1.1. Қазақстан Республикасының аумағына транзиттiк өнiмдердi әкелу
кезіндегі кеден органының атауы: ___________________________
__________________________________________________________________
6.1.2. Қазақстан Республикасының аумағынан транзиттiк өнiмдердi әкету
кезіндегі кеден органының атауы: ___________________________
__________________________________________________________________
7. Көрсетілген құралдар мыналар үшiн пайдаланылады: ______________
__________________________________________________________________
Басшы ____________________________________
(Лицензия берген орган (қолы)
басшысының Т.А.Ә.)
Рұқсаттың берілген күнi 200__ж. "___"_________
Рұқсатты қолданылу мерзiмi 200__ж. "___" __________ Мөр орны
№ 0000000
Түсі Қызыл 15-қосымша
"Транзит" микрошрифтiсiмен
бiрдей нөмiрлi 4 бланк 1-лицензиатқа
2-экспорттаушы ел
3-импорттаушы ел
4-кеден органы
ҚР ЕЛТАҢБАСЫ
Құрамында есiрткi құралдары бар өнiмдердi
Қазақстан Республикасы арқылы
ТРАНЗИТКЕ РҰҚСАТ
N
P сериясы
1. Импорттаушының атауы __________________________________________
(елi, заңды мекен-жайы, телефоны, факсы, E-mail)
__________________________________________________________________
2. Экспорттаушының атауы _________________________________________
(елi, заңды мекен-жайы, телефоны, факсы, Е-mаil)
3. Есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың
айналымына байланысты қызметке негiздемені растайтын лицензия
(сертификат) туралы мәлiметтер: __________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(рұқсаттың N, берiлген күнi, қолданылу мерзiмi, лицензия (сертификат)
берген органның деректері)
__________________________________________________________________
4. Соңғы жүк алушы _______________________________________________
5. Елiмiз арқылы транзитпен өтетiн өнімдер туралы мәлiметтер:
__________________________________________________________________
Р/с Тiзімнің N Халықаралық Сауда атауы Өлшем Саны
N кестесi, патенттелмеген бiрлігi
N позиция атауы
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
6. Көлiк түрi, бағыты ____________________________________________
__________________________________________________________________
6.1. Транзит жүргiзiлетiн шекарадағы кеден органдары көрсетiледi:
6.1.1. Қазақстан Республикасының аумағына транзиттiк өнiмдердi әкелу
кезіндегі кеден органының атауы: ___________________________
__________________________________________________________________
6.1.2. Қазақстан Республикасының аумағынан транзиттiк өнiмдердi әкету
кезіндегі кеден органының атауы: ___________________________
__________________________________________________________________
7. Көрсетілген құралдар мыналар үшiн пайдаланылады: ______________
__________________________________________________________________
Басшы ____________________________________
(Лицензия берген орган (қолы)
басшысының Т.А.Ә.)
Рұқсаттың берілген күнi 200__ж. "___"_________
Рұқсаттың қолданылу мерзiмi 200__ж. "___" __________ Мөр орны
№ 0000000
16-қосымша