6) контрактылар жасасу тәртібін белгiлейдi;
7) конкурсқа шығарылуға тиiс , кең таралған пайдалы қазбалары бар жер қойнауы учаскелерiн қоспағанда, жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбесiн, оның iшiнде ұлттық компанияның қатысу үлесi бар жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбесiн бекiтедi;
8) модельдiк контрактылар әзiрлейдi және бекiтедi;
9) 01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
10) кең таралған пайдалы қазбалардан басқа жер қойнауын пайдалануға контрактылар жасайтын және орындайтын құзыреттi органды айқындайды;
11) республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектiлерiнiң тiзбесiн бекiтедi және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда оларды шаруашылыққа шектеп пайдаланудың тәртібін белгiлейдi, сондай-ақ экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды, республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жатқызылған жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбесiн бекiтедi.
12) Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн, мемлекеттік және (немесе) халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзу кезiнде пайдалану үшiн немесе келісім-шартпен байланысты iлеспе қызмет үшiн мiндеттi түрде конкурстық негiзде алынуға тиiстi тауарлардың, жұмыстардың және көрсетiлетiн қызметтердiң тiзiлiмiн жүргiзу тәртібін бекiтедi;
13) келісім-шарттар шарттарының орындалуын қадағалаудың мониторингiн және оны бақылауды жүзеге асырудың тәртібін айқындайды.
14) пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға рұқсат беру тәртібін айқындайды;
15) жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көму және қалдық суларды ағызу тәртібін айқындайды.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-I Заңымен 8-бап жаңа редакцияда; 01.12.04 ж. № 2-III (бұр. ред. қара) ; 2005.14.10 № 79-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 8-бап өзгертілді
8-бап. Құзыреттi органның атқаратын қызметтерi
1. Құзыреттi органның атқаратын қызметтерiне мыналар кiредi:
1) барлау, өндiру және бiрлескен барлау мен өндiру жүргiзуге жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшiн конкурс дайындау және ұйымдастыру;
2) контрактiнiң шарттары туралы жер қойнауын пайдаланушымен келiссөздер жүргiзу, жер қойнауын пайдаланушымен бiрлесiп контрактiнiң жобасын дайындау;
3) жер қойнауын мемлекеттік зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргiзуге арналған жобалық-сметалық құжаттаманың сараптамасын қоспағанда, келісім-шарттық құжаттардың жобаларына сараптама жүргiзудi ұйымдастыру;
4) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге немесе бiрлесiп барлау мен өндiруге арналған келісім-шартты қоспағанда, келісім-шарт жасасу және оны тiркеу;
5) жер қойнауын пайдаланушылардың келісім-шарттардың талаптарын орындауының мониторингi және оны бақылау.
Келісім-шарттардың талаптарын орындауды сақтау мониторингiнiң және оны бақылаудың құрылымын, мазмұнын және оны жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi;
6) осы Заңның 14-бабына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын табыс етуге рұқсат беру, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге беру жөніндегі мәмілені тіркеу;
7) контрактiнi заңдарда көзделген тәртiппен және негiздер бойынша атқаруды және бұзуды қамтамасыз ету;
8) Қазақстан Республикасының Үкіметіне контрактiнiң орындалу барысы туралы жыл сайынғы есептi табыс ету.
9) мүдделi мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, жер қойнауын пайдалану құқығын алу конкурсының талаптарына енгізу үшiн жер қойнауын пайдалану және iлеспе қызметте жоғары технологиялар, жаңа және өңдеу өндiрістерi, магистральдық және өзге де құбырлар, инфрақұрылымдық және өзге де объектiлердi тұрғызу мен бiрлесiп пайдалану операцияларын жүргiзу кезінде қазақстандық мазмұн, дамыту және пайдалану жөнiнде конкурс қатысушыларына ұсыныстар әзiрлеу.
10) көмiрсутегi шикiзатын өндiру жөніндегі кен орындарын игеру жобаларын әзiрлеу және бекіту тәртібін айқындау;
11) жер қойнауын пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актiлердi, нормативтiк-техникалық құжаттарды әзiрлеу және бекіту.
2. Құзыреттi орган :
1) контрактiнi жасау және атқару жөніндегі өзiнiң қызметiнiң барысында Қазақстан Республикасы мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге;
2) өндiру жөніндегі операцияларды жүргiзуге кен орындарының қорларына мемлекеттік сараптамадан және өнеркәсiптiк санаттағы қорлары бар екендiгi расталғаннан кейiн ғана конкурс өткізуге және келісім-шарттар жасауға мiндеттi.
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 8-1-баппен толықтырылды ; 2005.14.10 № 79-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 8-1-бап жаңа редакцияда
8-1-бап. Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі
уәкiлеттi органның құзыретi
Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi орган:
1) жер қойнауын геологиялық зерттеу және кешендi пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты iске асырады;
2) тау-кен жұмыстарын дамытудың жоспарларын (жобаларын) бекiтедi;
3) көмiрсутегi шикiзатын қоспағанда, пайдалы қазбаларды өндiру жөніндегі кен орындарын игеру жобаларын бекiтедi;
4) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге, сондай-ақ барлауға және (немесе) өндiруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын бередi;
5) пайдалы қазбалар қорларының, пайдалануға берiлетiн жер қойнауы учаскелерi туралы геологиялық және экономикалық ақпараттың, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу және мониторинг жөніндегі жұмыстарды жүргiзуге арналған жобалық-сметалық құжаттаманың мемлекеттік сараптамасын ұйымдастырады және жүргiзедi, пайдалы қазбалардың қорларын бекiтедi;
6) пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансын, кен орындарының және пайдалы қазбалар көрiнiс белгілерiнiң, қауiпті геологиялық процестердiң мемлекеттік кадастрларын жасауды ұйымдастырады және жүргізедi;
7) тарихи шығындардың көлемiн, жер қойнауы туралы геологиялық ақпарат алудың құны мен шарттарын айқындайды;
8) жер қойнауының геологиялық ақпаратының республикалық және аумақтық қорларын ұйымдастырады және жұмыс iстеуiн қамтамасыз етеді;
9) атқарушы органдар мен жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасын және кең таралған пайдалы қазбаларға қатысты бөлiгiнде жер қойнауын пайдаланудың белгiленген тәртібін сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
10) жер қойнауын зерттеу және пайдалану мониторингiн жүзеге асырады;
11) жер қойнауының ұтымды және кешендi пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
12) жылдық жұмыс бағдарламаларын келiседi;
13) жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды әзiрлеудi жүзеге асырады.
2005.14.10 № 79-III ҚР Заңымен 8-2-баппен толықтырылды
8-2-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы
уәкiлетті органның құзыретi
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган:
1) жер қойнауын қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
2) жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көмудiң және қалдық суларды ағызудың Мемлекеттік кадастрын жүргiзедi;
3) жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органмен бiрлесiп жер қойнауын қорғау саласындағы талаптарды бұзудың салдарынан келтiрiлген зиянның мөлшерiн айқындайды;
4) келісім-шарттық аумақтағы немесе оның шегiнен тыс жерлердегi барлауға және (немесе) өндiруге байланысты емес және радиоактивтi қалдықтарды, зиянды заттар мен қалдық суларды көмуге арналған жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға рұқсат берудi келiседi.
2005.14.10 № 79-III ҚР Заңымен 8-3-баппен толықтырылды
8-3-бап. Жер қойнауын пайдалану саласындағы өзге де
уәкiлеттi органдардың құзыретi
1. Сауда және индустриялық саясатты мемлекеттік реттеу саласындағы уәкiлеттi орган:
1) қазақстандық өндiрушiлердiң және Қазақстанда өндiрiлген, мемлекеттік және (немесе) халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн және мiндеттi түрде конкурстық негiзде сатып алынатын тауарлардың, орындалатын жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң мемлекеттік тiзілімiн қалыптастырады және жүргiзедi;
2) облыстық атқарушы органдардың облыста тiркелген, мемлекеттік және (немесе) халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн тауарлар өндiретiн, жұмыстарды орындайтын және қызметтер көрсететiн ұйымдар бойынша деректер тiркелiмiн қалыптастыру жөніндегі қызметiне әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады;
3) жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттардағы тауарларға, жұмыстарға және көрсетiлетiн қызметтерге қатысты қазақстандық мазмұнды есептеу әдiстемесiн құзыреттi органмен келісім бойынша әзiрлейдi және бекiтеді;
4) жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуға қатысты қазақстандық мазмұн бөлiгіндегi келісім-шарттық мiндеттемелердi орындауының мониторингiн жүзеге асыруға қатысады;
5) Қазақстан Республикасында дамытылатын басым жоғары технологиялық өндiрiстердiң тізбесiн құзыреттi органмен келісім бойынша бекiтедi.
2. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың iске асырылуын үйлестiрушi уәкiлеттi орган:
1) қазақстандық кадрларға қатысты қазақстандық мазмұнды есептеу әдiстемесiн құзыреттi органмен келісім бойынша әзiрлейдi және бекiтедi;
2) жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық кадрларды тарту бөлiгінде қазақстандық мазмұн бойынша келісім-шарттық мiндеттемелердi орындауының мониторингiн жүзеге асыруға қатысады.
ҚР 11.05.99 ж. № 381-1; 11.08.99 ж. № 467-I ; 01.12.04 ж. № 2-III (бұр. ред. қара); 2004.20.12 ж. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 9-бап өзгертілді
9-бап. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдардың құзыретi
Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдар:
1) жер туралы заңдарға сәйкес, контрактыда белгiленген мөлшерде және мерзiмге жер қойнауын пайдаланушыға жер пайдалану құқығына жер учаскесiн бередi; қажет болған жағдайда көрсетiлген мақсаттар үшiн жер туралы заңдарда анықталған тәртiппен жеке меншiк иесiнен немесе жер пайдаланушыдан жер учаскесiн алып қояды;
2) өздерiне заң актілері берген құзырет шегiнде жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргiзу үшiн берiлген жер және су учаскелерiнiң қорғалуына, жер қойнауын пайдаланушының экологиялық қауiпсiздiк ережелерiн бұзбауына, археологиялық ескерткiштер және басқа тарихи-мәдени мұра объектiлерiнiң сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
3) контракт жасалған кезде аймақ тұрғындарының әлеуметтiк-экономикалық және экологиялық мүдделерiн сақтаумен байланысты мәселелердi шешу үшiн жер қойнауын пайдаланушымен келiссөздер жүргiзуге қатысады;
3-1) қазақстандық мазмұн мен аумақтарды әлеуметтiк дамыту бөлiгiнде жер қойнауын пайдаланушылардың келісім-шарт мiндеттемелерiн орындау мониторингiн жүзеге асыруға қатысады;
3-2) жер қойнауын пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат бередi;
3-3) мемлекеттік және (немесе) халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзу кезiнде конкурстық негiзде сатып алу үшiн немесе келісім-шартпен байланысты iлеспе қызмет үшiн қазақстандық өндiрушiлер мен Қазақстанда шығарылатын тауарларды, орындалатын жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттік тiзiлiмге енгiзiлуге тиiстi тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi өндiретiн салада тiркелген ұйымдар бойынша деректердiң тiзiлiмiн жасауды жүзеге асырады;
5) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге және бiрлескен барлау мен өндiруге келісім-шарттар жасасады, оларды тiркейдi және орындайды;
5-1) жер қойнауын пайдалануға байланысты ғылыми, тарихи-мәдени және эстетикалық мәнi бар объектiлердi құру мен сақтауға жәрдемдеседi.
6) құзыреттi орталық атқарушы органдармен келiсе отырып, жергiлiктi маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектiлерi мен экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды, жергiлiктi маңызы бар ерекше - қорғалатын табиғи аумақтардың санатына жатқызылған жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбесiн бекiтедi.
3-Тарау. Жер қойнауын пайдалану құқығы
ҚР 11.08.99 ж. № 467-I ; 01.12.04 ж. № 2-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 10-бап өзгертілді
10-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығы
1. Жер қойнауын пайдалану Құқығы мынадай операцияларды жүргiзу үшiн берiледi:
1) Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу;
2) барлау;
3) өндiру;
3-1) бiрлескен барлау және өндiру;
4) барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану.
2. Жер пайдалану құқығы тұрақты немесе уақытша, иелiктен алынатын немесе алынбайтын, өтемдi және өтемсiз болуы мүмкiн.
3. Жер қойнауын пайдаланушыға жеке меншiк немесе уақытша жер пайдалану құқығымен тиесiлi жер учаскелеріндегі кең тараған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшiн өндiру жер қойнауын пайдаланудың тұрақты және өтемсiз құқығы бойынша жүзеге асырылады.
Жер қойнауын пайдалану операцияларының басқа түрлерiнiң бәрi уақытша және өтемдi жер қойнауын пайдалану негiзiнде жүзеге асырылады.
4. Осы Заңда және басқа заң актілерінде негiздерден өзге, ешкiм жер қойнауын пайдалану құқығынан ажыратылмайды.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-I Заңымен 11-бап өзгертілді
11-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығының субъектiлерi
1. Жер қойнауын пайдалану құқығының субъектiлерi қазақстандық және шетелдік жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкiн.
3. Жер қойнауын тұрақты пайдаланушылар - олардың жер қойнауын пайдалану құқығының мерзiмсiз сипаты бар тұлғалар.
Жер қойнауын уақытша пайдаланушылар - жер қойнауын пайдалану Құқығы белгiлi бiр мерзiммен шектелген тұлғалар.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-I Заңымен 11-1-баппен толықтырылды
11-1-бап. Жер қойнауын пайдалануды шектеу
1. Жер қойнауының жекелеген учаскелерін пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша елдің қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында шектелуі немесе тыйым салынуы мүмкін.
2. Елді мекендердің аумақтарында, қала маңы аймақтарында өнеркәсіп, көлік және байланыс объектілерінде жер қойнауларын пайдалануға, егер мұндай пайдалану адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіруі, шаруашылық объектілеріне немесе қоршаған ортаға залал келтіруі мүмкін болатын жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша ішінара немесе толық тыйым салынуы мүмкін.
3. Ерекше қорғалатын аумақтардың шектеріндегі жер қойнауларын пайдалану Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын аумақтары туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-I Заңымен 11-2-баппен толықтырылды; 01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 11-2-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
11-2-бап. Сервитуттар
1. Жер қойнауы учаскесiне сервитут мүдделі тұлғаға, егер мұндай тұлғаның қызметті заңды жүзеге асыруы мұндай сервитут берілмей мүмкін болмайтын не мұндай тұлғаны шамадан тыс шығынға әкеп соғуы мүмкiн жағдайда ғана берілуі мүмкін.
2. Сервитутты беруге, егер мұндай беру адамдардың өмiрi мен денсаулығына немесе қоршаған ортаға қатер төндiретiн, сондай-ақ жер қойнауы учаскесiнде барлау және (немесе) өндiру жүргiзу мүмкiн еместiгiне не оның тиiмсiздiлiгiне әкеп соғатын жағдайда тыйым салынады.
2-1. Сервитут алуға мүдделi тұлға (сервитут алуға үмiткер) сервитутты алу үшiн сервитут белгiленуi тиiс жер қойнауының учаскесiне жер қойнауын пайдаланушымен сервитутты белгiлеу мүмкiндiгi туралы келісімге қол жеткізуге және сервитутты белгiлеу туралы шарт жасасуға мiндеттi.
2-2. Сервитут алуға үмiткер мен жер қойнауын пайдаланушы арасында сервитутты белгiлеу мүмкiндiгi туралы келісімге немесе сервитутты белгiлеу шартының ережелерiне қол жеткiзiлмеген кезде, мүдделi тұлға сотқа жүгiнуге құқылы.
3. Сервитутты беру құзыреттi органның шешiмi негiзiнде жүзеге асырылады.
3-1. Сервитут құзыреттi органда тiркелуге жатады.
3-2. Жер қойнауының учаскесiне сервитут белгiлеу кезiнде, егер сервитуттың талаптары туралы шартта немесе Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сервитуттың құқық иегерi жер қойнауын пайдаланушының сервитутпен байланысты шығындарын өтеуге мiндеттi.
3-3. Сервитуттың талаптары туралы шартта сервитуттың құқық иегерiнiң жер қойнауын пайдаланушыға төлейтiн төлемі көзделуі мүмкiн.
3-4. Сервитут мерзiмiнiң өтуiмен не ол берiлген негiздер тоқтатылған кезде тоқтатылады.
4. Сервитут мәмiленiң, соның iшiнде сатып алу-сату мен кепiлдiң дербес нысанасы бола алмайды. Сервитут басқа тұлғаларға тек мұндай сервитутты қамтамасыз ету үшiн берiлген құқықпен бiрге ғана ауысуы мүмкiн. Сервитут жер қойнауын пайдалану құқығы берiлген және жер қойнауын пайдалану құқығы сервитутпен ауыртпалық салынған жер қойнауы учаскесiне қатысты әмбебап құқық мирасқорлығы тәртібімен басқа тұлғаға ауысқан жағдайда сақталады.
5. Сервитутты жер қойнауы учаскесiнiң бөлiгiне беру осындай сервитутты алу қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарына сәйкес жер учаскесiне сервитут беру үшiн негiз болады.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-I Заңымен 12-бап өзгертілді
12-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығының пайда болуы
1. Жер қойнауын пайдалану Құқығы:
1) жер қойнауын пайдалану құқығын беру;
2) жер қойнауын пайдалану құқығын өзгеге беру;
3) жер қойнауын пайдалану Құқығы әмбебап құқықтық мұрагерлiк тәртібімен ауысу жолымен пайда болады.
2. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру тұлғаға жер қойнауын пайдалану құқығын мемлекеттiң тiкелей беруiн бiлдiредi.
3. Жер қойнауын пайдалану құқығын өзгеге беру жер қойнауын пайдалану құқығын тұлғаға басқа жер қойнауын пайдаланушының беруiн көрсетедi.
4. Жер қойнауын пайдалану құқығының әмбебап құқықтық мұрагерлiк тәртібімен көшуi заңды тұлғаның қайта құрылуы кезеңiнде құқықтық мұрагерде жер қойнауын пайдалану құқығының пайда болғанын бiлдiредi.
11.08.99 ж. № 467-I; 01.12.04 ж. № 2-III (бұр. ред. қара); 2004.20.12 ж. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ; 2005.14.10 № 79-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 13-бап өзгертілді
13-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру
1. Барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге, жер қойнауын пайдалану құқығын беру контракт жасасу арқылы жүргiзiледi.
1-1. Барлау, өндiру немесе бiрлескен барлау мен өндiру жөніндегі операцияларды жүргiзуге арналған келісім-шарт конкурс өткізудiң нәтижелерi негiзiнде жасалады.
Конкурс өткiзбей тiкелей келiссөздер негiзiнде:
1) барлауға арналған келісім-шарттың негiзiнде коммерциялық табумен байланысты өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға айрықша құқығы бар тұлғамен бiрлесiп өндiру жөніндегі операцияларды жүргiзуге;
2) барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жер асты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалануға беру жөніндегі операцияларды жүргiзуге;
3) ұлттық компаниямен бiрлесiп барлау және (немесе) өндiру жөніндегі операцияларды жүргiзуге келісім-шарттар жасалады.
1-2. Келісім-шарт аумағында немесе одан тыс жерлердегi барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес және радиоактивтi қалдықтарды, зиянды заттарды және ағынды суларды көмуге арналған жер асты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалануға беру үшiн жер қойнауын пайдалану құқығын беру қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлетті органмен келісім бойынша жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органның жазбаша рұқсаты негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
1-3. Барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты және барлауға және (немесе) өндiруге арналған келісім-шарттардың жұмыс бағдарламаларына құрамдас бөлiк болып кiретiн жер асты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға беруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру талап етiлмейдi.
1-4. Шаруашылық-ауыз су және өндiрiстiк-техникалық мақсатқа арналған жер асты суларын тәулiгiне 2000 текше метрден аз алу лимитiмен барлау және (немесе) өндiру құқығын беру Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен арнаулы уәкiлеттi орган берген рұқсаттың негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге немесе бiрлескен барлау мен өндiруге үшiн жер қойнауын пайдалану құқығын беру облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқару органымен контракт жасасу жолымен жүргiзiледi.
2-1. 01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу үшiн жер қойнауын пайдалану құқығын беру жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органмен жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды жүргiзуге шарт жасасу жолымен жүргiзiледi.
4. Кең таралған пайдалы қазбаларды және жерасты тұщы суларын өз қажетi үшiн өндiруге арнап жер қойнауын пайдалану құқығын беру, қойнауында кең тараған пайдалы қазбалар мен жерасты сулары бар жер учаскесiн жеке меншiкке немесе жер пайдалануға берумен бiр мезгiлде қатар жүргiзiледi. Жер учаскесiн уақытша пайдалануға берген кезде Кең тараған пайдалы қазбалар мен жерасты суларын өз қажетiне пайдалану шарттары уақытша Жер пайдалану туралы шартта көрсетiлуi мүмкiн.
4-1. Жер қойнауын пайдалану Құқығы бiрнеше тұлғаға берiлуi мүмкiн. Осындай беру жағдайында мұндай тұлғалар жер қойнауын пайдалану құқығының бiрлескен иелерi болып табылады. Мұндай тұлғалардың өзара құқықтары мен мiндеттерi, сондай-ақ құзыреттi органға қатысты құқықтары мен мiндеттерi контрактiде айқындалады. Жер қойнауын пайдалану құқығының бiрлескен иелерi контрактiнiң негiзiнде туындайтын мiндеттемелер бойынша ортақ жауапты болады.
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 13-1-баппен толықтырылды ; 2005.14.10 № 79-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 13-1-бап өзгертілді
13-1-бап. Геологиялық және тау-кен бөлулерi
1. Барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге, сондай-ақ барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жер асты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығының иегерi жер қойнауын пайдалану жөніндегі тиiстi операцияларды геологиялық немесе тау-кендiк бөлуге сәйкес белгiленген жер қойнауы учаскесiнiң шектерінде ғана жүргiзуге құқылы.
2. Өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының иегерi барлау жөніндегі операцияларды тау-кендiк бөлумен белгiленген жер қойнауы учаскесiнiң шектерiнде жүргiзуге құқылы. Қорлар өсiп, оларды мемлекеттік сараптама растаған жағдайда келісім-шартқа тараптардың жазбаша келісімiмен Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тиiстi өзгерістер енгiзiлуге тиiс.
3. Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган конкурс жеңiмпазының немесе осы Заңда көзделген жағдайларда жер қойнауын пайдалану құқығы конкурс өткiзбей ұсынылатын тұлғаның өтiнiш берген күнiнен бастап жиырма күн iшiнде оларға геологиялық бөлудi бередi.
4. Тау-кендiк бөлудi жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi орган конкурс жеңiмпазына немесе осы Заңда көзделген жағдайларда жер қойнауын пайдалану құқығы конкурс өткiзбей ұсынылатын тұлғаға, аталған тұлға тау-кендiк бөлу жобасын ұсынған күннен бастап жиырма күннен кешiктiрмей бередi.
11.08.99 ж. № 467-I ; 01.12.04 ж. № 2-III (бұр. ред. қара) ; 2005.14.10 № 79-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 14-бап өзгертілді
14-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығын басқа тұлғаға беру
1. Жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану құқығын ақылы не тегiн негiзде басқа тұлғаға iшiнара немесе толықтай беруi, құрылатын заңды тұлғаның жарғылық қорына жарна ретiнде берудi, жер қойнауын пайдалану құқығын жер қойнауын пайдаланушының банкроты кезiнде конкурстық өндiрiс процесiнде не жер қойнауын пайдаланушыларды - мемлекеттік кәсiпорындарды жекешелендiру процесiнде сатылатын мүлiктiк кешен құрамында берудi, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге берудi қоса алғанда, құзыреттi органның рұқсатымен жүзеге асырылады. Құзыреттi органның рұқсаты немесе рұқсат беруден дәлелдi бас тартуы өтiнiш берген күннен бастап қырық бес күн iшiнде берiледi.
1-1. Жер қойнауын пайдалану құқығы кепiлге қойылып алынған кредит келісім-шартпен көзделген жер қойнауын пайдалану мақсаттарына ғана пайдаланылуға тиiс.
1-2. Жер қойнауын пайдалану құқығының кепiлiмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған кезде кепiлге салынған мүлiктi өндiрiп алу айналымы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.