Қазақстан Республикасының
Заңы
Өзара сақтандыру туралы
(2020.06.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
2-бап. Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамасы
3-бап. Өзара сақтандыру принциптерi
4-бап. Өзара сақтандыру объектiлерi
5-бап. Уәкiлеттi органның қоғамға қатысты құзыретi
2-тарау. ҚОҒАМДЫ ҚҰРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЗМЕТIН ТОҚТАТУ, МҮШЕЛЕРIНДЕ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI
6-бап. Қоғамның атауы
7-бап. Қоғамды мемлекеттiк тiркеу
8-бап. Қоғамның құрылтай құжаттары
9-бап. Қоғам мүшелерi
10-бап. Қоғам мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi
11-бап. Қоғамға мүшелiктi тоқтату
12-бап. Қоғамды қайта ұйымдастыру немесе тарату
3-тарау. ҚОҒАМНЫҢ ҚЫЗМЕТI
13-бап. Өзара сақтандыру қызметін жүзеге асыру талаптары
14-бап. Қоғамның өзара сақтандыруды жүзеге асыру тәртiбi
15-бап. Қоғамның қызметi
16-бап. Қайта сақтандыру қызметiн жүзеге асыруға тыйым салу
4-тарау. ҚОҒАМНЫҢ ОРГАНДАРЫ
17-бап. Қоғамның органдары
18-бап. Қоғам мүшелерiнiң жалпы жиналысы
19-бап. Атқарушы орган
20-бап. Қоғамның iшкi аудит қызметi
5-тарау. ҚОҒАМНЫҢ МYЛКI
21-бап. Қоғамның мүлкiн қалыптастыру көздерi
22-бап. Сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру төлемдерi
23-бап. Қосымша жарналар
24-бап. Қоғамның сақтандыру және өзге де резервтерi
6-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
25-бап. Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық
26-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң өзара сақтандыруды жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді және өзара сақтандыру қоғамдары қызметінің құқықтық негіздерін белгілейді.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) қосымша жарна - өзара сақтандыру қоғамы мүшесінің өзара сақтандыру қоғамының өзара сақтандыру ережелерінде көзделген тәртіппен және жағдайларда қосымша енгізетін сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігі;
2) өзара сақтандыру - сақтандыру нысандарының бірі, онда әрбір сақтандырушы өзара сақтандыру қоғамының мүшесі болып табылады;
3) өзара сақтандыру қоғамы (бұдан әрі - қоғам) - өз мүшелерінің мүліктік мүдделерін өзара сақтандыруды жүзеге асыру мақсатында тұтыну кооперативі ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға;
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді
4) уәкілетті орган - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
2-бап. Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді әрі осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. «Тұтыну кооперативi туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қоғамдар қызметіне осы Заңмен реттелмеген бөлігінде қолданылады.
3-бап. Өзара сақтандыру принциптерi
Өзара сақтандыру принциптері мыналар:
1) қоғам мүшелерінің құқықтары мен міндеттерінің теңдігі;
2) қоғам мүшелерін өзара қорғау және олардың өзара жауапкершілігі.
4-бап. Өзара сақтандыру объектілерi
1. Өз қызметтеріне байланысты белгілі бір тәуекелдермен біріккен қоғам мүшелерінің заңды мүліктік мүдделері өзара сақтандыру объектісі болуы мүмкін.
2. Өзара сақтандыру Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес «өмірді сақтандыру» саласы және «жалпы сақтандыру» саласы бойынша жүзеге асырылады.
3. Өзара сақтандырудағы сақтандыру салалары мен сыныптарын біріктіру Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Қоғам Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленетін сақтандыру сыныптарын біріктіру жөніндегі шектеулер ескерілген, қоғамның жарғысында көзделген сақтандырудың екі және одан да көп сыныптарының белгілері мен мазмұнын ұштастыратын сақтандыру түрін әзірлеуге құқылы.
5. 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 6 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.19.03 № 258-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 5-бап өзгертілді; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5-бап. Уәкiлеттi органның қоғамға қатысты құзыретi
Уәкiлеттi орган:
1) қоғамдардың тізілімін жүргізеді;
2) қаржылық есептiлiкті қоспағанда, қоғамдардың есептілік тiзбесiн, нысандарын, оны беру мерзiмдерi мен тәртiбiн белгілейді;
3) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды және әкiмшiлiк жаза шараларын қолданады;
4) қоғамның активтерін инвестициялаудың тәртібі мен мөлшерін белгілейді;
5) қоғамдардың қаржылық есептілік тізбесін, нысандарын және оны беру мерзімдерін белгілейді;
6) қоғамдардың бастапқы статистикалық деректерінің тізбесін, оларды беру нысандары мен мерзімдерін айқындайды;
7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2-тарау. ҚОҒАМДЫ ҚҰРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ТОҚТАТУ, МҮШЕЛЕРІНДЕ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРI
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6-бап. Қоғамның атауы
1. Қоғамның атауында «өзара сақтандыру қоғамы» деген сөздер болуға тиiс.
2. Егер қоғам өзара сақтандырудың бiр ғана түрiн жүзеге асыратын болса, онда оның атауында сақтандырудың осы түрi көрсетiлуге тиiс.
3. Қоғамның атауында кез келген тiлде толық не қысқартылған түрде «ұлттық», «мемлекеттік», «орталық», «бюджеттік», «республикалық» деген сөздер болмауға тиiс.
4. Қоғам өзiнiң тұрақты жұмыс iстейтiн оқшауланған бөлiмшесi орналасқан жерiн өзгерткен кезде бұл туралы уәкiлеттi органға он бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей хабарлауға мiндеттi.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 7-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 7-бап жаңа редацияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7-бап. Қоғамды мемлекеттік тiркеу
Қоғам мемлекеттік тiркелген күннен бастап отыз жұмыс күні iшiнде уәкiлеттi органды мемлекеттік тiркеуден өткенi туралы:
2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы анықтаманы және жарғының нотариат куәландырған көшiрмесін;
2) қоғамды құру туралы шешім қабылданғанын куәландыратын құжаттарды қоса беріп, жазбаша хабардар етуге мiндеттi.
8-бап. Қоғамның құрылтай құжаттары
1. Қоғамның құрылтай шарты мен жарғысы оның құрылтай құжаттары болып табылады.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қоғамның құрылтай шартында:
1) құрылтайшылардың сақтандыру шартына қол қою және сақтандыру сыйлықақыларын енгізу жөніндегі міндеті;
2) құрылтайшылардың қоғамды құруға және оның қызметін ұйымдастыруға байланысты әкімшілік шығыстарға енгізетін ақшалай жарналарының мөлшері қамтылуға тиіс.
3. Қоғамның жарғысында, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген мәліметтерден басқа:
1) өзара сақтандыруға жататын мүліктік мүдделердің ортақтығын, қоғам мүшелерінің қай кәсіп иесі екенін, қызметтер аясы мен мүдделерінің ортақтығын көрсетуді қоса, қоғам мүшелерін біріктіру негіздемесі;
2) қоғам мүшелерінің жауапкершілігі, оның ішінде сақтандыру міндеттемелері бойынша, сондай-ақ қосымша жарналар енгізу жөніндегі субсидиарлық жауапкершілігі;
3) сақтандыру сыныптары;
4) сақтандыру сыйлықақылары мен өзге жарналарды төлеу тәртібі;
5) қоғам құратын сақтандыру және өзге де резервтерді қалыптастыру мен пайдалану тәртібі;
6) 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) қоғам мүшелеріне қоғам қызметі туралы ақпарат беру тәртібі;
8) қоғам мүшелігіне кіру тәртібі, сондай-ақ қоғамға мүшелікті тоқтату негіздемелері және тәртібі қамтылуға тиіс.
Қоғам жарғысында Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да ережелер болуы мүмкін.
4. Қоғамның жарғысына жеке тұлғалар үшін - тегі, аты және қалауы бойынша әкесінің аты, сондай-ақ тұратын жері мен жеке басын куәландыратын құжат деректері, заңды тұлғалар үшін - толық атауы, орналасқан жері мен мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы деректер көрсетілген қоғам мүшелерінің тізімі қоса беріледі.
Қоғам өз мүшелерінің тізімін жүргізу мен сақтауды қамтамасыз етеді.
5. Қоғам жарғысы қоғам мүшелігіне кандидаттарға танысу үшін берілуге тиіс.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редацияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Қоғам жарғылық, соның ішінде әділет органдарында қайта тіркеуді талап ететін құжаттарына енгізілетін өзгерістер немесе толықтырулар мемлекеттік тiркелгеннен кейін күнтізбелік он күн iшiнде уәкiлеттi органға жарғылық құжаттарға енгізілген өзгерістердің немесе толықтырулардың нотариат куәландырған, оны тіркеген әділет органының белгісі мен мөрі бар көшірмесін табыс етуге міндетті.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
9-бап. Қоғам мүшелерi
1. Жеке және (немесе) заңды тұлғалар қоғамның мүшелері болып табылады.
Қоғам мүшелерінің саны екi жүз елуден кем болмауға тиіс.
2. Қоғамға мүше болу жасалған сақтандыру шартына сәйкес алғашқы сақтандыру сыйлықақысын төлеген соң туындайды.
10-бап. Қоғам мүшелерінің құқықтары мен міндеттерi
1. Қоғам мүшелері:
1) қоғам көрсететін сақтандыру қызметінің барлық түрлерін пайдалануға;
2) қоғамды басқаруға қатысуға және оның органдарына сайлануға;
3) өзара сақтандыру ережелерінде және қоғам қызметін реттейтін өзге де құжаттарда белгіленген шарттарда өздерінің мүліктік мүдделерін сақтандыруға;
4) қоғамның органдарынан өздерінің қызметі, қоғам қызметі туралы кез келген ақпаратты алуға, оның ішінде қоғам жарғысында белгіленген тәртіппен бухгалтерлік есеп, есептілік деректерімен және басқа да құжаттамамен танысуға;
5) қоғам жарғысында көзделген тәртіппен және жағдайларда қоғамдағы мүшелігін тоқтатуға;
6) тиісті жинақтаушы сақтандыру шартында көзделген сатып алу сомасы шегінде қоғамнан қарыз алуға;
7) сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге қарыздар алуға;
8) қоғамның атқарушы органының қарауына сақтандыру жағдайының басталу тәуекелінің алдын алу үшін ақша беру туралы өтініш беруге;
9) қоғамның жарғысында көзделген тәртіппен қоғам мақсаттары үшін өзге де жарналар енгізуге;
10) қоғамның атқарушы, бақылаушы және өзге де органдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) қатысты қоғам мүшелерінің жалпы жиналысына шағымдар жасауға;
11) қоғам мүшелерінің мүдделерін қозғайтын қоғам органдарының шешімдеріне сот тәртібімен шағым жасауға құқылы.
2. Қоғам мүшелері:
1) қоғам жарғысын сақтауға;
2) қоғам органдарының өз құзыреті шегінде қабылдаған шешімдерін орындауға;
3) сақтандыру сыйлықақыларының төлемдерін уақтылы төлеуге;
4) осы Заңға және қоғамның жарғысына сәйкес қоғам мүшелерінің жалпы жиналысы белгілеген мөлшерде қосымша жарналар төлеуге міндетті.
3. Қоғамның жарғысында қоғам мүшелерінің Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де құқықтары мен міндеттері белгіленуі мүмкін.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Осы Заңның 22-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, қоғам мүшесін сақтандыру сыйлықақыларын және қосымша жарналарды төлеу міндетінен босатуға, оның ішінде қоғамға қойылатын талаптарды есепке алу жолымен босатуға жол берілмейді.
11-бап. Қоғамға мүшелікті тоқтату
1. Қоғамға мүшелік:
1) қатысушылар құрамынан өз еркімен шыққан;
2) қоғам жарғысында көзделген негізде және тәртіппен қоғам мүшелігінен шығарылған, оның ішінде сақтандыру сыйлықақысын төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындамаған;
3) қоғам мүшесі - заңды тұлға таратылған;
4) қоғам мүшесі қайтыс болған, өлді деп жарияланған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен хабарсыз кетті деп танылған;
5) қоғам таратылған жағдайларда тоқтатылады.
2. Егер қоғам мүшесі қоғам мақсаты үшін бұрын өзге жарналар енгізген жағдайда, ол қоғамға мүшелігі тоқтатылған кезде қоғам алдындағы берешегін шегере отырып, оларды қоғамның жарғысында көзделген мерзімде кері қайтарып алуға құқылы.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, қоғам мүшесі төлеген сақтандыру сыйлықақылары мен қосымша жарналар қайтарылуға жатпайды.
3. Қоғамға қатысушылардың оның құрамынан ерікті түрде шығу туралы өтінішін қарауды және өтініш берушіге осы баптың 2-тармағында көрсетілген жарналарды қайтаруды қоғам өтініш берілген күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімде жүзеге асырады.
4. Қоғам мүшесі қайтыс болған жағдайда оның мұрагері қоғамның жарғысында көзделген тәртіппен қоғамға кіруге құқылы.
Мұрагер қоғамға кіруден бас тартқан жағдайда, қоғам мұра қалдырушының бұрын енгізген осы баптың 2-тармағында көзделген өзге де жарналарын төлейді.
5. Құрылтай шартында белгіленген мерзімде сақтандыру сыйлықақыларын енгізбеген және сақтандыру шартына қол қоймаған құрылтайшы құрылтайшылар құрамынан шығарылады.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12-бап. Қоғамды қайта ұйымдастыру немесе тарату
Қоғамды қайта ұйымдастыру немесе тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
3-тарау. ҚОҒАМНЫҢ ҚЫЗМЕТI
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 13-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 13-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13-бап. Өзара сақтандыру қызметiн жүзеге асыру талаптары
1. Өзара сақтандыру қызметi лицензиялауға жатпайды.
2. Қоғам:
1) азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру бойынша;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 6 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) міндетті сақтандыру түрлері бойынша қызметті жүзеге асыруға құқылы емес.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
14-бап. Қоғамның өзара сақтандыруды жүзеге асыру тәртібi
1. Қоғамның өзара сақтандыруды жүзеге асыру қызметі осы Заңға сәйкес жүргізіледі.
2. Қоғам өз мүшелерінің мүліктік мүдделерін өзара сақтандыруды сақтандыру шартын жасасу арқылы жүзеге асырады.
3. Өзара сақтандыру жүзеге асырылатын жалпы шарттар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 825-1-бабының талаптарына сәйкес келетiн өзара сақтандыру ережесiнде айқындалады.
4. Өзара сақтандыру ережесi қоғам мүшелiгiне кiруге тiлек бiлдiрген адамдарға таныстыру үшiн ұсынылуға тиiс.
15-бап. Қоғамның қызметi
1. Өзара сақтандыру қоғам жүзеге асыратын қызметтің негізгі түрі болып табылады.
2. Қоғам өзара сақтандырудан басқа мынадай қызмет түрлерін:
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен көзделген тәртiппен инвестициялық қызметтi;
2) тиісті жинақтаушы сақтандыру шартында көзделген сатып алу сомасы шегінде өз мүшелеріне қарыздар беруді;
3) өз мүшелеріне сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге қарыздар беруді;
4) қоғамдар қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету өнімін сатуды;
5) сақтандыру және сақтандыру қызметі жөніндегі арнайы әдебиетті ақпарат жеткізгіштің кез келген түрінде сатуды;
6) қоғамның мұқтаждары үшін бұрын сатып алынған мүлікті сатуды немесе жалға беруді;
7) сақтандыру қызметіне байланысты мәселелер бойынша консультация беру қызметін көрсетуді;
8) өзара сақтандыру саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында оқытуды ұйымдастырып, өткізуді жүзеге асыруға құқылы.
3. Қоғамға осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделмеген мәмілелерді жүзеге асыруға және операциялар жүргізуге тыйым салынады.
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
3-1. Қоғам «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәліметтерді және ақпаратты қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
4. Қоғамдар өзара сақтандыру бойынша қауымдастықтарға (одақтарға) біріккен, сондай-ақ олар бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт негізінде консорциум құрған жағдайларды қоспағанда, қоғамның басқа заңды тұлғаларға қатысуына жол берілмейді.
5. Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес филиалдар мен өкілдіктер құруға құқылы.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды
6. Қоғам осы Заңда көзделген тең құқықтарды қоғамның барлық мүшелерiне беруге мiндеттi.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16-бап. Қайта сақтандыру қызметiн жүзеге асыруға тыйым салу
Қоғамның өзi қабылдаған сақтандыру тәуекелдерiнiң бәрiн немесе бiр бөлiгiн уәкiлеттi органның тиiстi лицензиясы бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына немесе Қазақстан Республикасының резидентi емес қайта сақтандыру ұйымына қайта сақтандыруға беруiне, сондай-ақ делдалдық қызметтi немесе қайта сақтандыруға арналған тәуекелдердi қабылдау жөніндегі қызметтi жүзеге асыруына тыйым салынады.
4-тарау. ҚОҒАМНЫҢ ОРГАНДАРЫ
17-бап. Қоғамның органдары
1. Қоғамның органдары мыналар:
1) жоғары орган - қоғам мүшелерінің жалпы жиналысы;
2) атқарушы орган - алқалы орган (басқарма) немесе атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын адам (төраға);
3) бақылау органы - ішкі аудит қызметі.
2. Қоғамның жарғысында қоғамның өзге де органдарды құруы көзделуі мүмкін.
18-бап. Қоғам мүшелерінің жалпы жиналысы
1. Қоғам мүшелері жалпы жиналысының айрықша құзыретіне:
1) қоғамның өз мүшелерімен жасаған сақтандыру шарттарының талаптарын айқындау;
2) қоғамның бюджетін бекіту;
3) қоғам аудитін жүргізу туралы шешім қабылдау және аудиторлық ұйымды таңдау;
4) қоғам мен оның мүшелері арасындағы дауларды қарау тәртібін айқындау;
5) өзара сақтандыру ережелерін бекіту;
6) сақтандыру тарифтерін есептеу тәртібін айқындау;
7) қоғамның қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті, қоғамның сақтандыру және өзге де резервтерін қалыптастыру мен толықтыру, оларды пайдалану тәртібін айқындау;
8) қоғамның инвестициялық саясатын бекіту;
9) сақтандыру тәуекелдерін оларды қайта сақтандыру үшін беру саясатын бекіту және сақтандырудың әрбір түрі бойынша өзінің ұстап қалу лимиттерін белгілеу;
10) тиісті жинақтаушы сақтандыру шартында көзделген сатып алу сомасы шегінде қоғам мүшелеріне қарыздар беру туралы шешім қабылдау;
11) қоғам мүшелеріне сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге қарыздар беру туралы шешім қабылдау;
12) қоғамның атқарушы органы ұсынған қорытынды негізінде сақтандыру жағдайының басталу тәуекелдерінің алдын алуға арналған іс-шараларды өткізуге ақша бөлу туралы шешім қабылдау;
13) ішкі аудит қызметінің жұмыс тәртібін, ішкі аудит қызметі қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мөлшерін және шарттарын айқындау;
14) қоғамға жаңа мүшелердің кіруі туралы шешім қабылдау;
15) Қазақстан Республикасының басқа заңнамалық актілерінде, сондай-ақ қоғамның жарғысында көзделген өзге де мәселелер жатады.
2. Қоғам мүшелерінің жалпы жиналысы қоғам қызметіне байланысты кез келген мәселені қарауына қабылдауға құқылы.
3. Жалпы жиналысты (оның ішінде кезектен тыс жиналысты) шақыру, өткізу, шешім қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасының тұтыну кооперативі туралы заңнамасында айқындалады.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Жалпы жиналыстың шешімі қабылданған кезде қоғамның әрбір мүшесі қоғам мүлкіндегі өз үлесінің шамасына қарамастан, бір дауысқа ие болады.
19-бап. Атқарушы орган
1. Қоғамның атқарушы органының құзыретіне:
1) қоғам қызметінің басым бағыттары бойынша ұсыныстар қалыптастыру;
2) қоғамның инвестициялық саясатын әзірлеу;
3) сақтандыру тәуекелдерін оларды қайта сақтандыру үшін беру саясатын және сақтандырудың әрбір түрі бойынша өзінің ұстап қалу лимиттерін әзірлеу;
4) жылдық қаржылық есепті және қоғамның келесі жылға арналған бюджетінің жобасын әзірлеу;
5) бекітілуі қоғам мүшелері жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатқызылған есептерді қоспағанда, қоғам есептерін бекіту;
6) Қазақстан Республикасының басқа заңнамалық актілерінде, сондай-ақ қоғамның жарғысында айқындалған өзге де мәселелер жатады.
2. Қоғамның төрағасы қоғам мүшелерінің жалпы жиналысында қызметке сайланады және қызметтен босатылады.
Қоғамның төрағасы қоғамның мүшесі болмауы да мүмкін.
3. Қоғамның басшысын қоса алғанда, оның атқарушы органы (басқармасы) өзінің жарғысында көзделген санда және мерзімге қоғам мүшелерінің жалпы жиналысында сайланады.
Қоғам мүшелері жалпы жиналысының шешімі бойынша қоғам басқармасының кез келген мүшесінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
4. Қоғамның атқарушы органының басшысы осы органның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді және оның отырыстарын басқарады.
5. Егер қоғам басқармасының отырысына оның мүшелерінің жартысынан астамы қатысса, ол шешім қабылдауға құқылы. Шешімдер жай көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда басқарма төрағасының даусы шешуші болып табылады.
6. Қоғамның атқарушы органы қызметінің және оның шешімдер қабылдауының тәртібі қоғамның жарғысында және қоғам мүшелерінің жалпы жиналысында қабылданған өзге де құжаттарда айқындалады.
20-бап. Қоғамның ішкі аудит қызметi
1. Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды жүзеге асыру үшін ішкі аудит қызметі құрылады, егер қоғам жарғысында өзгеше көзделмеген болса, ол қоғам мүшелерінен тұрады.
2. Қоғамның ішкі аудит қызметінің жұмыс істеу тәртібі қоғамның жарғысында және ішкі құжаттарда айқындалады.
3. Қоғамның атқарушы органының мүшесі ішкі аудит қызметінің мүшесі бола алмайды.