«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 28 сәуірдегі
№ 475 қаулысына толықтыру енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 маусымдағы
№ 575 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1313 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Қаржы лизингі шарттары бойынша қаржы лизингіне беру мақсатында лизинг беруші әкелген, импорты қосылған құн салығынан босатылатын мүлік тізбесін және оны қалыптастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 сәуірдегі № 475 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 19, 245-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы лизингі шарттары бойынша қаржы лизингіне беру мақсатында лизинг беруші әкелген, импорты қосылған құн салығынан босатылатын мүлік тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 38-2.1-жолмен толықтырылсын:
«38-2.1 Автомат-кассирлер 8472 90 300 0».
2. Ocы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Премьер-Министр | Д. Ахметов |