Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 31 шілдедегі № 1165 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 маусымдағы № 517 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 4 қыркүйектегі № 970 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. «Жастар ісі жөніндегі кеңесті құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 31 шілдедегі № 1165 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 31, 396-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңес туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:
Бабақұмаров - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Ержан Жалбақұлы ақпарат вице-министрi
Досжан - Қазақстан Республикасы Президентінің
Ардақ Дүкенбайұлы Әкімшілігі Әлеуметтік-саяси бөлімнің
меңгерушісi
Көтербеков - Қазақстан Республикасы Көлік және
Дулат Қазистайұлы коммуникация министрлігі Көліктік
инфрақұрылымды дамыту комитетінің төрағасы
Құрманғалиева - Қазақстан Республикасы Экономика және
Аида Дәденқызы бюджеттік жоспарлау министрлігі Әлеуметтік
сала шығыстарын жоспарлау департаментінің
директоры
Орсариев - "Астана қаласының Ішкі саясат
Арын Амангелдіұлы департаменті" мемлекеттік мекемесінің
директоры
Жумин - "Қазақстан жастары конгресі" қауымдастық
Данат Есболұлы нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің
атқарушы директоры
Жүніспаев - Қазақстан студенттері альянсының
Алмас Серікқажыұлы көшбасшысы
Жүсіпов - "Жасыл ел" республикалық штабының
Жанат Ермекұлы төрағасы
Қалауи - "Атырау облысы жастар қоғамдық
Мейірім Жоламанұлы бірлестіктері қауымдастығы" заңды
тұлғалар бірлестігінің төрағасы, "Отан"
республикалық саяси партиясының "Жас Отан"
Атырау облыстық бөлімшесінің төрағасы,
Атырау қаласы әкімінің жастар ісi
жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі,
"Жасыл ел" облыстық штабының басшысы
Қалымов - "Отан" республикалық саяси партиясының
Ерік Бекболатұлы "Жас Отан" Ақмола облыстық бөлімшесінің
төрағасы, Ақмола облысы әкімдігінің
жанындағы жастар ісі жөніндегі үйлестіру
кеңесінің мүшесi
Кәрімбаев - Студенттік құрылыс және жастардың еңбек
Нұрсұлтан Тұрлыбекұлы жасақтары республикалық штабының төрағасы
Новодворская - Қостанай облысының Балалар және жастар
Наталия Борисовна ұйымдары қауымдастығының төрайымы
Сатыбалдиев - Батыс Қазақстан облысы әкімінің жастар ісi
Марс Қадырғалиұлы жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі;
мына:
"Баймұқанов - Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты
Нұрбол Болатұлы (келісім бойынша)"
деген жол мынадай мазмұндағы жолмен ауыстырылсын:
"Баймұқанов - "Қайсар" республикалық қоғамдық-саяси
Нұрбол Болатұлы жастар қозғалысының төрағасы"
көрсетілген құрамнан Алшанов Рахман Алшанұлы, Әлжан Ақсәуле Қанатқызы, Байжанов Ерлан Сапарұлы, Бейсенов Арман Қадырбайұлы, Исаев Батырхан Арысбекұлы, Кәлетаев Дархан Аманұлы, Қожахмет Мадияр Қожахметұлы, Сыздықова Бақыт Ахметқызы, Шәуеев Азат Сәдметұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 6 маусымдағы
№ 517 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 31 шілдедегі
№ 1165 қаулысымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінің жанындағы Жастар
ісі жөніндегі кеңес туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, өзге де нормативтік құқықтық кесімдерді, Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын, сондай-ақ осы Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңес туралы ережені басшылыққа алады.
3. Кеңес өз қызметін Кеңестің мақсаттары мен міндеттеріне қызметі қайшы келмейтін халықаралық ұйымдарды қоса алғанда, мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктермен және басқа да заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады.
2. Кеңестің міндеттері, функциялары мен құқықтары
4. Кеңестің негізгі міндеттері:
мемлекеттік жастар саясатының:
жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
жастарға көмек пен әлеуметтік қызметтер көрсету;
жастардың әлеуметтік маңызды бастамаларын іске асыру жөніндегі міндеттерін іске асыруды талдау;
мемлекеттік жастар саясатының басым бағыттарын іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
5. Кеңестің функциялары:
мемлекеттік жастар саясатын одан әрі іске асыру және жетілдіру;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты мәселелері жөніндегі заңнамасын жетілдіру;
мемлекеттік органдар мен жастар ұйымдарының өзара іс-қимылы;
жастар мен жастар ұйымдарының халықаралық ынтымақтастығына жәрдем көрсету;
Қазақстан жастарының Жалпы республикалық форумын өткізу жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
6. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін:
мемлекеттік органдардан, ұйымдардан Кеңес міндеттерін іске асыру үшін қажетті ақпарат пен материалдарды белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;
Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарына мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;
қажеттілікке қарай Кеңес жұмысына ғалымдарды және мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың мамандарын тартуға;
орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мен басқа да ұйымдардың өкілдерін Кеңес отырыстарында Кеңестің құзыретіне енетін мәселелер бойынша тыңдауға құқылы.
3. Кеңестің қызметін ұйымдастыру
7. Кеңес төрағасы оның жұмысына басшылық жасайды, Кеңестің отырыстарына төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Кеңес іске асыратын қызметке, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестіруге дербес жауапты болады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары атқарады.
8. Кеңес хатшысы Кеңестің жұмысын ұйымдастырады, қажетті материалдарды дайындауды жүзеге асырады және отырыстар хаттамаларын ресімдейді. Хатшы Кеңес мүшесі болып табылмайды.
9. Кеңес отырыстарына материалдар оның өткізілуіне дейін кемінде 3 күн қалғанда Кеңес мүшелеріне жіберіледі. Отырыстың күн тәртібін, сондай-ақ оның өткізілетін орны мен уақытын Кеңес мүшелерінің келісімі бойынша Кеңес төрағасы айқындайды.
10. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде жарты жылда бір рет өткізіледі. Кеңес мүшелері Кеңес қызметіне алмастыру құқығынсыз қатысады.
Кеңес шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған Кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданған болып саналады.
Кеңес отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша оның барлық мүшелері міндетті түрде қол қоятын хаттама толтырылады.
Кеңес мүшелері айрықша пікір құқығына ие, ол білдірілген жағдайда, жазбаша түрде баяндалуға және хаттамаға қоса тіркелуге тиіс.
11. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.
4. Кеңес қызметін тоқтату тәртібi
12. Кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің негізінде тоқтатады.