Келісім-шарт аумағында өндірілген мұнайды мердігер жүргізетін өлшеу және салмақтау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы № 478 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 12 қарашадағы № 1195 Қаулысымен күші жойылды
«Мұнай туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 маусымдағы Заңының 39-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Келісім-шарт аумағында өндірілген мұнайды мердігер жүргізетін өлшеу және салмақтау ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2006 жылғы 31 мамырдағы
№ 478 қаулысымен бекітілген
Келісім-шарт аумағында өндірілген мұнайды мердігер жүргізетін өлшеу және салмақтау
ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Келісім-шарттық аумақта өндірілген мұнайды мердігер жүргізетін өлшеу және салмақтау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Мұнай туралы» және «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заңдарына сәйкес әзірленді.
2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) төрелік сынама - төрелік талдау үшін пайдаланылатын бақылау сынамасы;
2) мұнай көлемінің өлшемдері жүйесі (бұдан әрі - МКӨЖ) - өлшеу құралдарының (шығысты, тығыздықты, ылғал мөлшерін, тұз мөлшерін, тұтқырлықты, температураны, қысымды, масса өлшеуіштерді түрлендіргіштердің), өлшеу нәтижелерін өңдеу, сақтау, индикациялау және тіркеу құрылғыларының, өлшеуіш ақпаратының дабылдарын автоматты және қолмен өңдеу үшін қолайлы нысанда өңдеуге арналған технологиялық және қосалқы жабдықтардың (құбыр жолдарының, сүзгілердің, сорғылардың, сынама іріктегіштің, бекітуші және реттеуші арматураның және басқаның) жиынтығы;
3) өлшеу сызығы (бұдан әрі - ӨС) - шығысты түрлендіргіштен немесе қысымды және температураны өлшеу құралдарымен, ысырмалармен және сүзгілермен жарақтандырылған құбыржолдардың тік сызықты учаскелері бар масса өлшеуіштен тұратын МКӨЖ құрылмасының бөлігі;
4) жұмыс өлшеу сызығы - МКӨЖ пайдаланудың стандартты режимінде жұмыс істейтін өлшеу сызығы;
5) бақылау өлшеу сызығы - шығысты жұмыс түрлендіргіштерінің метрологиялық сипаттамаларын бақылау үшін қолданылатын өлшеу сызығы;
6) резервтік өлшеу сызығы - кез келген уақытта жұмысқа қосылуы мүмкін болатын ажыратылған өлшеу сызығы;
7) мұнай шығыны мен тұтқырлығының жұмыс диапазоны - пайдаланылатын шығын түрлендіргіштерінде олардың метрологиялық сипаттамалары нормаланған шығындар мен тұтқырлық мәндерінің саласы;
8) метрологиялық сипаттамаларды бақылау - тексерулер арасындағы кезеңде өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамалары мәндерінің нақты мәндерден немесе соңғы тексеру кезінде айқындалған мәндерден ауытқуын айқындау және өлшеу құралдарының одан әрі пайдалануға жарамдылығын белгілеу;
9) бақылау арасындағы аралық - өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамаларының тексеру кезінде анықталған мәндерден ауытқуын анықтау үшін жүргізілетін екі кезекті бақылау актісінің арасындағы уақыт аралығы;
10) есепке алу операциялары - кейінгі есептер үшін, сондай-ақ арбитраж кезінде мұнай массасын анықтауды білдіретін, тапсырушы және қабылдаушы тараптар жүргізетін операциялар;
11) мұнайдың жалпы массасы - сапа көрсеткіштері нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін мұнайдың массасы;
12) мұнайдың таза массасы - жалпы масса мен балласт массасының арасындағы айырма;
13) мұнай балластының массасы - мұнайдағы судың, тұздар мен механикалық қоспалардың жалпы массасы.
3. Мердігердің келісім-шарттық аумақта өндірген және шығаратын мұнайының есебі тоннамен жүзеге асырылады. Мұнай массасын өлшеудің дұрыстығын, сондай-ақ өлшеу сапасын бақылауды қамтамасыз ету үшін мердігерлердің техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган пайдалануға рұқсат еткен және Қазақстан Республикасының өлшем бірліктерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген қажетті жабдығы мен өлшеу құралдары болуы тиіс.
4. Мұнайдың жалпы массасы МКӨЖ-ді қолдана отырып, көлемдік-массалық серпінді әдіспен немесе масса өлшеуіштерді қолдана отырып, массалық серпінді әдіспен айқындалады.
Сондай-ақ көлемдік-массалық статикалық әдісті қолдануға рұқсат етіледі.
5. Мұнай массасын өлшеу дәлсіздігі мыналардан аспауы тиіс:
1) көлемдік-массалық немесе массалық серпінді әдіс кезінде:
+ 0,25% - мұнайдың жалпы массасын өлшеу кезінде;
+ 0,35% - мұнайдың таза массасын өлшеу кезінде;
2) көлемдік-массалық статикалық әдіс кезінде:
+ 0,5% - мұнайдың таза массасын өлшеу кезінде.
2. Өлшеу құралдары
6. МКӨЖ құрамына кіретін өлшеу құралдарының өлшем бірліктерін қамтамасыз ету жөніндегі заңнамаға сәйкес үлгіні бекіту туралы немесе метрологиялық аттестаттау туралы, өлшем құралдарын тексеру туралы сертификаты болуға тиіс.
Сыйымдылықтың өзгеруіне байланысты әрбір жөндеуден кейін резервуар қайта өлшемденуі тиіс, ал оның ішкі жабдықпен жарақтандырылуы өзгергеннен кейін өлшемдеу кестесі қайта қаралуы және белгіленген тәртіппен бекітілуі тиіс.
7. Тексеруді мемлекеттік метрологиялық қызмет, сондай-ақ қызметтің осы түріне аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері жүзеге асырады.
8. Өлшеу құралдары пайдалануға қосылар алдында, пайдалану кезінде және жөндеуден кейін Ережеге 1-қосымшаға сәйкес тексеруге жатады. Тексеру мерзімділігін техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
9. Өлшеу құралдарын кезектен тыс тексеруді өлшем бірліктерін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес, сондай-ақ мынадай жағдайларда жүргізеді:
1) өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамаларын ағымдағы бақылау кезінде теріс нәтижелер алу;
2) көлемді шығыс түрлендіргіштерді пайдалану жағдайындағы мұнай тұтқырлығы мәндерінің, егер ақпаратты өңдеу құрылғысының тұтқырлық бойынша түзету функциясы болмаса, барынша рұқсат етілетін шектерде тексеру жүргізілген кездегі мәндерден ауытқулары;
3) көлемді шығыс түрлендіргіштерді пайдалану жағдайындағы f/v мәндерінің - жиіліктің тұтқырлыққа қатысы, егер ақпаратты өңдеу құрылғысының (бұдан әрі - АӨҚ) тұтқырлығы бойынша түзету функциясы болса, дәлдеу жүргізілген кезде f/v параметрінің жұмыс ауқымы мәндерінен ауытқулары;
4) мұнайды тапсыратын немесе қабылдайтын тараптардың талаптары.
10. Мұнай көлемінің өлшемдері мен сапа көрсеткіштері жүйесінің техникалық жай-күйі мен оның метрологиялық қамтамасыз етілуі үшін жауапкершілікті оның иесі көтереді.
3. Мұнайдың массасын өлшеу және салмақтау
§ 1. Мұнайдың массасын көлемдік-массалық серпінді әдіспен
өлшеу және салмақтау
11. Осы әдіспен қабылдау-тапсыру операциялары кезінде мұнай массасы айқындалады.
Мұнайдың жалпы массасы шығынды түрлендіргіштердің (бұдан әрі - ШТ) және тығыздықты ағынды түрлендіргіштердің (бұдан әрі - ТТ) көмегімен өлшенеді.
12. Бұл ретте масса көлемнің тиісті мәндерінің және өлшеу (температура, қысым) шарттарына келтірілген тығыздық көлемінің немесе бір қалыпты шарттарға келтірілген тығыздықтың немесе көлемнің көбейтіндісі ретінде ақпаратты өңдеу құрылғысымен есептеледі.
Жұмыс істеп тұрған тығыздық түрлендіргіші ажыратылған және резервтегісі болмаған кезде, мұнай тығыздығы ареометрмен немесе рұқсат етілетін шекті дәлсіздігі + 0,5 кг/м3 зертханалық тығыздық өлшеуішпен айқындалады.
Шығыс түрлендіргішінде немесе мұнай есептеуішінде мұнай қысымы мен температурасы кезінде алынған мұнай көлемін өлшеу нәтижелері стандартты шарттарға келтіріледі.
Мұнай сапасының параметрлерін өлшеу блогындағы температура мен қысым кезінде ағынды ТТ-мен өлшенген мұнай тығыздығының мәні мұнай көлемі өлшемінің шарттарына және стандарттық шарттарға (температура, 20 0С-қа тең, артық қысым, 0-ге тең) келтіріледі.
13. Ақпаратты өңдеу құрылғысы немесе оператордың мұнай есебінің барлық процестерін басқаруды жүзеге асыратын автоматтандырылған жұмыс орны мынадай функциялардың орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:
1) жұмыс жағдайлары кезінде мұнай көлемін есептеу;
2) мұнай сапасының параметрлерін өлшеу блогындағы температура мен қысым кезінде мұнай тығыздығының ағымды мәнін есептеу;
3) мұнай көлемі өлшемінің шарттарына мұнай тығыздығының ағымды мәнін келтіру;
4) мұнайдың жалпы массасын есептеу;
5) стандарттық шарттарда көлемді өлшеу жағдайларында мұнай тығыздығының орташа ауысымдық мәнін есептеп шығару;
6) температура мен қысымның орташа ауысымдық мәнін есептеп шығару;
7) МКӨЖ жобасында, өлшеу құралдарын тексеру туралы куәлікте және техпаспортта көрсетілген параметрлердің шекті мәндерін енгізу және өзгерту.
Ақпаратты өңдеу құрылғысы мынадай қосымша функцияларды орындай алады:
1) мұнай көлемін стандарттық шарттарға келтіру;
2) мұнай тығыздығының ағымды мәнін стандарттық шарттарға келтіру;
3) шығыстың өзгерістерінен немесе шығыстан және тұтқырлықтан ШТ түрлендіру коэффициентін автоматты түзету;
4) мұнай мөлшері мен сапа көрсеткіштерін өлшеу процесін бұзбай ШТ тексеруді автоматты орындау;
5) жұмыс істеп тұрған ШТ-ың метрологиялық сипаттамаларын құбырпоршендік тексеру қондырғысы немесе бақылау ШТ бойынша бақылау;
6) бір мезгілде жұмыс істейтін екі тығыздықты түрлендіргіштердің көрсеткіштерін салыстыру және белгіленген шектен артуы кезінде дабыл беру;
7) мұнай параметрлерінің шекті мәндерін автоматты бақылау, индикациялау және дабылдату;
8) судың, хлорлы тұздардың және механикалық қоспалардың құрамын қолмен қосу кезінде немесе сапа талдауышы болған кезде мұнайдың таза массасын есептеу;
9) есеп берулерді, актілерді, мұнай сапасының паспорттарын қалыптастыру;
10) сынамаалғышпен басқару;
11) монитор экранында мынадай параметрлерді индикациялау және автоматты жаңарту: массасын, көлемін, әрбір өлшеу сызығы бойынша шығысты, f/v параметрін, өлшеу сызықтарында және мұнай сапасының параметрлерін өлшеу блогындағы температураны, қысымды, мұнай тығыздығы мен тұтқырлығын өлшеу.
14. МКӨЖ-ды пайдалануға қойылатын негізгі талаптар:
1) МКӨЖ-ды пайдалану процесінде мынадай параметрлер бақылануы тиіс:
өлшеу сызықтары арқылы мұнай шығысы. МКӨЖ құрылмасы массаны өлшеу кезінде өлшеу сызықтары арқылы жүйені метрологиялық аттестациялау туралы сертификатта көрсетілген жұмыс диапазонының 2,5%-ынан аспайтын ауытқумен мұнай шығысын қамтамасыз етуі тиіс;
шығу коллекторындағы мұнай қысымы. МКӨЖ шығуындағы мұнай қысымы көлемдік ШТ-ның кавитациялықсыз жұмысын қамтамасыз етуі тиіс және мынадай формула бойынша белгіленген мәннен кем болмауы тиіс:
Р = 2,06 х Рн + 2/\Р,
мұндағы Р - МКӨЖ шығуындағы ең аз артық қысым, МПа;
Рн- қаныққан бу қысымы, МПа;
/\Р - ШТ-ағы немесе техникалық паспортта көрсетілген масса өлшеуіштегі қысым айырымы, МПа;
сүзгілердегі қысым айырымы. Сүзгілердегі қысым айырымы сүзгінің осы түрінің паспортында көрсетілген мәндерден артық болмауы немесе 2/\Рф аспауы тиіс, мұндағы /\Рф - сүзгіні тазартқаннан кейін пайдалану орнында белгіленген ең көп шығыс кезіндегі сүзгідегі қысым айырымы. Сүзгілерді тазарту кем дегенде үш айда бір рет актіні ресімдеумен жүргізілуі тиіс;
мұнай тұтқырлығы. Тұтқырлық бойынша көлемді ШТ-ның түрлендіру коэффициентін түзету жөніндегі құрылғы болмаған кезде, мұнай тұтқырлығы көлемді ШТ-ны тексеру жүргізілген кездегі үлгіні бекіту немесе ШТ-ның басқа түрлерін пайдалану жағдайларында метрологиялық аттестациялау үшін сынақ жүргізу кезіндегі белгіленген шектерден аспайтын тұтқырлық мәндерінен айрықшаланбауы тиіс;
2) пайдаланудың негізгі талаптары бұзылған және өлшеу құралдары жұмыс істемеген кезде мұнайдың есебі осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес жүргізілуі тиіс.
15. ШТ-ны пайдалануға қойылатын негізгі талаптар:
1) ШТ-ны пайдалану кезінде тексеру және метрологиялық сипаттамаларды бақылау жүргізіледі;
2) жұмыс ШТ-ны тексеру және метрологиялық сипаттамаларды бақылау уақытында мұнайдың есебі бақылау өлшеу сызығы бойынша жүргізуге болады;
3) ШТ-ны тексеру пайдалану орнында өлшеу сызықтары элементтерімен (егер жобамен көзделінсе ағыс түзеткіштермен, тік учаскелермен) жиынтықта МКӨЖ пайдаланылатын шығыстардың жұмыс диапазонында жүргізілуі тиіс;
4) ШТ-ны түрлендіру коэффициенті тексеруден кейін АӨҚ-қа қолмен де, сонымен бірге автоматты түрде де енгізілуі мүмкін.
АӨҚ-қа градуирлік сипаттаманы іске асыру тәсіліне байланысты ШТ-ны түрлендіру коэффициенті мынадай түрде ұсынылады:
1) шығыстардың барлық жұмыс диапазонындағы тұрақты мән;
2) шығыстың түрлі диапазондарында түрлендіру коэффициентінің мәндері;
3) шығыстардың жұмыс диапазоны нүктелерінде түрлендіру коэффициентінің мәндері;
4) тексеруаралық өту аралығында ШТ-ның метрологиялық сипаттамаларын бақылау.
ШТ-ның метрологиялық сипаттамаларын бақылау шығыстардың жұмыс диапазонындағы жұмыс жағдайларында пайдалану орнында түрлендіру коэффициентін және ШТ немесе АӨҚ (АӨҚ жадында сақталатын) қайталама аспабында белгіленген мәндердің түрлендіру коэффициентінен алынған мәннен ауытқуын анықтаудан тұрады.
ШТ-ның метрологиялық сипаттамаларын бақылау құбыр поршендік дәлдеу қондырғысы бақылауаралық интервал арқылы пайдалану орнында бақылау ШТ бойынша жүргізіледі.
ШТ бақылауаралық интервалын белгілеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) әрбір жаңадан енгізілетін МКӨЖ үшін, сондай-ақ ШТ-ның ауыстырумен қайта құрудан кейін ШТ-ның бақылауаралық интервалы белгіленеді. Бақылауаралық интервал сонымен бірге ШТ-ны жөндеуден кейін де белгіленеді;
2) бақылауаралық интервал ШТ-ны пайдаланудың қарқындылығына байланысты не істеу сағаттарында не КДҚ бойынша түрлендіру коэффициентін бақылау нәтижелері бойынша күнтізбелік уақытта (күндермен немесе айлармен) белгіленеді;
3) ШТ-ның үздіксіз жұмысы кезінде 5 күн аралық мерзіммен 30 күн ішінде түрлендіру коэффициентінің мәнін бақылау жүргізіледі және бақылауаралық интервал 5, 10, 15, 20, 25, 30 күн болып белгіленеді;
4) бақылауаралық интервалды статистикалық деректердің нәтижелері бойынша белгілеуге рұқсат етіледі;
5) резервте тұрған және ұзақ уақыт бақылаудан өтпеген ШТ-ны бақылау оларды пайдалануға қосу алдында ғана жүргізіледі;
6) бақылауаралық интервалдың шамасы МКӨЖ формулярына енгізіледі;
7) бақылауаралық интервалды белгілеуді өткізуші және қабылдаушы тараптардың өкілдерімен келісе отырып, МКӨЖ қызмет көрсетуді жүргізетін ұйым орындайды.
16. Ағынды ТТ-ны пайдалануға қойылатын негізгі талаптар:
1) ағынды ТТ-ны тексеру металды арынды пикнометрлердің өлшеу жинағы бойынша немесе эталондық тығыздықтыөлшеуіш бойынша жүргізіледі;
2) ағынды ТТ-ны тексеру зертханада немесе пайдалану орнында жүргізіледі. Ағынды ТТ-ны тексеруді егер мұнайдың тығыздығы жыл ішінде 100 кг/м аспаса, пайдалану орнында жүргізуге рұқсат етіледі;
3) зертханада ТТ-ны кезекті тексеруден кейін оны пайдалану орнына орнатар алдында ауа нүктесі бойынша метрологиялық сипаттаманы бақылау орындалады;
4) бұл үшін мұнай сапасының параметрлерін өлшеу блогында немесе басқа бейімделген үй-жайда ТТ қоректендіріледі, тығыздықты өлшеу сызығына қосылады (20+5) 0С температура кезінде шығу дабылын есептеу жүргізіледі;
5) шығу дабылының тербеліс кезеңі тексеру сертификатында (ауамен тексеру) көрсетілген тербеліс кезеңіне сай келуі тиіс.
17. Егер тексеру немесе бақылау кезінде ТТ дәлсіздігі белгіленген шектерден асатын болса, кейін тексерумен градуирлеуге жатады. Ағынды ТТ-ны градуирлеу пикнометрлердің өлшеу жинағы бойынша немесе эталондық тығыздықты өлшеуіш бойынша зертханада немесе пайдалану орнында нормативтік құжаттарға сәйкес жүргізіледі.
Ағынды ТТ-ны градуирлеуді, егер мұнайдың тығыздығы жыл ішінде 100 кг/м3 аспаса, пайдалану орнында жүргізуге рұқсат етіледі.
18. Ағынды ТТ-ны бақылау 10 күнде бір рет ТТ жұмыс көрсеткіштерін мұнайдың тығыздығын эталондық тығыздықты өлшеуішпен тығыздықтың жұмыс мәні кезінде жұмыс жағдайларында өлшеу нәтижелерімен немесе резервтік ТТ көрсеткіштермен салыстырып қарау әдісімен жүргізіледі.
Резервтік ТТ таза болуы тиіс және одан мұнай салыстырып қарау кезінде ғана өтуі тиіс.
Мынадай шарттар орындалуы тиіс:
|рп.л. - р0| < /\п.л. + /\0,
мұндағы рпл- жұмыс ТТ-мен өлшенген, мұнай тығыздығының мәні, кг/м3;
р0 - эталондық тығыздықты өлшеуішпен немесе резервтік ТТ-мен өлшенген, мұнай тығыздығының мәні, кг/м3;
/\пл- жұмыс ТТ-ның рұқсат етілетін абсолюттік дәлсіздігінің шегі, кг/м3;
/\0 - эталондық тығыздықты өлшеуішпен немесе резервтік ТТ-ның рұқсат етілетін абсолюттік дәлсіздігінің шегі, кг/м3.
Эталондық тығыздықты өлшеуіш болмаған кезде немесе резервтік ТТ-мен МКӨЖ жарақтандыруға дейін жұмыс ТТ-ны бақылау талдамалық зертханамен мұнай тығыздығын өлшеу нәтижелері бойынша жүргізіледі.
Кем дегенде 10 күнде бір рет ТТ көрсеткіштері рпл мұнай тығыздығын тығыздық өлшеуішпен немесе зертханалық тығыздық өлшеуішпен өлшеу нәтижелерімен салыстырылады және төмендегі формула бойынша /\рк, кг/м3 тығыздықтарының әртүрлілігі есептеледі.
/\рк = рпл - рлк,
мұндағы рлк - мұнай сапасы параметрлерін өлшеу блогында шарттарға келтірілген, рпл өлшеу сәтіне іріктелген сынамада тығыздық өлшеуішпен немесе зертханалық тығыздық өлшеуішпен өлшенген мұнай тығыздығының мәні, кг/м3.
Мынадай шарттар орындалуы тиіс:
|/\рк| < /\пл + /\ , (1)
мұндағы /\ - тығыздық өлшеуішпен немесе тығыздықты өлшеуді орындау әдістемесін метрологиялық аттестациялау туралы куәліктен зертханалық тығыздық өлшеуішпен өлшеу әдісінің дәлсіздігі, кг/м3.
Әдіс дәлсіздігін бағалауды өткізгенге нормативтік құжаттарға сәйкес былайша ТТ бақылауды жүргізуге жол беріледі:
/\р мына формула бойынша анықтайды:
__ 1 30
/\р = ---- Х Е /\pi
30 і=1
,
/\pi = Pплі - Pлi ,
мұндағы /\p - нормадан ауытқушылыққа тексерілген, ТТ тексеруден кейінгі алғашқы /\pi әртүрлілігінің орташа мәні, кг/м3. Шұғыл байқалатын өлшеулер табылған жағдайда оларды қосымша өлшемдер нәтижелерімен алмастырады.
рплі - тексеруден кейін алғашқы 30 ауысымда 1-ші ауысымды жұмыс ТТ өлшенген, мұнай тығыздығының мәні, кг/м3;
рлі- мұнай сапасы параметрлерін өлшеу блогында шарттарға келтірілген, рплi өлшеу сәтіне іріктелген сынамада ареометрмен немесе зертханалық тығыздық өлшеуішпен өлшенген мұнай тығыздығының мәні, кг/м3.
ТТ жұмыс көрсеткіштері 10 күнде кемінде бір рет ареометрмен немесе зертханалық тығыздық өлшеуішпен өлшенген мұнайдың тығыздығымен салыстырылады және төмендегі формула бойынша /\p, кг/м3 тығыздықтарының әртүрлілігі есептеледі.
/\p = Рпл - Рл,
мұндағы Рл- мұнай сапасы параметрлерін өлшеу блогында шарттарға келтірілген, Рпл өлшеу сәтіне іріктелген сынамада ареометрмен немесе зертханалық тығыздық өлшеуішпен өлшенген мұнай тығыздығының мәні, кг/м3.
Мынадай шарттар орындалуы тиіс:
|/\р - /\р| < /\п.л. + /\ар , (2)
мұндағы /\ар - тығыздық өлшеуіштің (+0,5 кг/м3) немесе зертханалық тығыздық өлшеуіштің жол берілетін дәлсіздігінің шегі, кг/м3, (тексеру туралы куәліктен алады).
Егер (1) немесе (2) шарттар орындалмаса, ауытқу себептері анықталады: өлшеулердің қателері, бақылау шарттарын сақтамау, ескерілмеген факторлар.
Қатарынан үш ауысым ішінде шарттар сақталмаған кезде және метрологиялық бас тарту жағдайында ТТ бөлшектейді, жуады, мұнай сапасы параметрлерін өлшеу блогына қайта орнатады және осы әдіс бойынша бақылайды. Қосымша екі ауысым ішінде жағымсыз нәтижелер алынған кезде ТТ кезектен тыс тексеруге жатады.
Қабылдаушы және өткізуші тараптардың уағдаластықтары бойынша бақылау мерзімділігін өзгертуге жол беріледі.
ТТ-ның метрологиялық сипаттамаларын бақылауды ұсынудың көрнекілігі үшін және метрологиялық бас тартулардың диагностикасы мүмкіндігін іске асыру үшін жоғарыда көрсетілген өлшемдерді компьютерге енгізу және сақтау кестелер түрінде монитор экранында индексациялау ұсынылады.
19. ТТ-ны ағыту кезінде мұнайдың жалпы массасы мұнайдың біріктірілген сынамасы зертханалық талдаулар бойынша мұнай тығыздығы ескеріле отырып анықталады (тәуліктігі не тобы үшін). Метрологиялық бас тартудың немесе ТТ-ны ағытудың дәл сәтін анықтау мүмкіндігі болмаған жағдайда осы кезең үшін мұнай тығыздығын арбитраждық сынама бойынша қабылдау қажет.
ТТ-ны ағыту кезінде және резервтік ТТ болмаған кезде мұнайдың жалпы массасы (Мбр), т, мына формула бойынша есептеледі:
Мбр = V х Рар.л. х 10-3
мұндағы V - МКӨЖ арқылы өткен мұнай көлемі, м3;
Рар.л.- көлемді өлшеу шарттарына немесе стандарттық шарттарға келтірілген, ареометрмен немесе зертханалық тығыздық өлшеуішпен өлшенген мұнай тығыздығы, кг/м3.
Әдіс дәлсіздігін бағалауды өткізгенге дейін өлшеуді ареометрмен орындау әдістемесіне сәйкес мұнайдың жалпы массасы мына формула бойынша анықталады:
Мбр = V х Рл х 10-3 + /\М,
мұндағы Рл - көлемді өлшеу шарттарына немесе әдістің жүйелік дәлсіздігінің есебінсіз стандарттық шарттарға келтірілген, ареометрмен немесе зертханалық тығыздық өлшеуішпен өлшенген мұнай тығыздығы, кг/м3;
/\М - төмендегі формула бойынша анықталған жалпы мұнай массасына түзету
__
/\М = V х Pл х Kpх 10-3,
__
мұндағы Kp- түзетуші көбейткіш.
§ 2. Мұнайдың жалпы массасын массалық серпіндi
әдіспен өлшеу және салмақтау
20. Осы әдіспен құбыржолмен тасымалданатын мұнай массасы тікелей анықталады. Өлшеу нәтижесіне мұнайдың тұтқырлығы мен тығыздығының өзгеруі әсер етпейді.
Ұсынылатын МКӨЖ құрамы және дәлсіздігінің жол берілетін шектері төменде келтірілген:
| МКӨЖ құрамына кіретін өлшеу құралдары мен жабдықтардың атауы | Дәлсіздіктің рұқсат етілетін шегі | Ескертпе |
| 1 | 2 | 3 |
1 | Негізгі өлшеу құралдары мен жабдықтар | | |
2 | Масса өлшеуіш | ±+ 0,25 % | |
3 | Манометр | кт.1.0 | |
4 | Сүзгі | | |
5 | Ысырмалар | | |
6 | Сынама алу құрылғысы | | |
7 | Автоматты сынама алғыш | | |
8 | Сынаманы қолмен алуға арналған сынама алғыш шүмек | | |
9 | Сынама алғыш басқару блогы | | |
10 | Қосымша өлшеу құралдары мен жабдықтар | | |
11 | Резервті масса өлшеуіш | ±+ 0,25 % | |
12 | Бақылау масса өлшеуіші | + 0,20 % | Жоба бойынша болуы кезінде |
13 | Өлшеу сызығындағы қысымды түрлендіргіш | + 0,6 % | |
14 | Тығыздық өлшеуіш | ± 0,5 кг/м3 | |
15 | Ылғал өлшеуіш | ± 0,1 % (абс. бірл.) | Жоба бойынша болуы кезінде |
16 | Мұнай сапасының параметрлерін өлшеу блогындағы температураны түрлендіруші (бұдан әрі - СӨБ) | + 0,2о С | |
17 | СӨБ-егі қысым түрлендіруші | ± + 0,6 % | |
18 | Ақпаратты өңдеу құрылғысы | ±+ 0,05 % | |
19 | Қысымды реттеуші | | |
20 | Шығысты реттеуші | | |
21 | Газдануды бақылау датчигі | | |
22 | Бос газды бақылау датчигі | | Жоба бойынша болуы кезінде |
23 | Қалдық газ құрамын (ерітілген газды) өлшеуге арналған құрылғы | | Жоба бойынша болуы кезінде |
24 | Өлшеу сызықтарындағы температура түрлендіргіштер | ±+ 0,2о С | |
21. Масса өлшеуіштерді пайдалану процесінде масса өлшеуіштің нөлін нақты масса өлшеуішке техникалық сипаттауға сәйкес ығыстыру бақыланады.
22. Масса өлшеуіштерді дәлдеу мен бақылау пайдалану орнында, сонымен қатар тексеру стендінде де жүргізіледі. Масса өлшеуіштерді дәлдеу нормативтік құжаттарға сәйкес жүргізіледі.
Бақылау ШТ дайындаушы-зауыт ҚТҚ сыныбынан немесе аттестацияланған әдіс бойынша Прувер сыныбынан төмен емес сынып бойынша аттестациялауы тиіс.
Масса өлшеуіштердің метрологиялық сипаттамаларын бақылау мынадай әдістеме бойынша кемінде айына бір рет өткізіледі:
1) Масса өлшеуіштің жұмыс ауқымынан кез келген шығын мәні кезінде бір уақытта мұнай массасын салмақ өлшеуішпен және құбырпоршендік тексеру қондырғылары (бұдан әрі - ҚТҚ) жинағымен және ТТ немесе бақылау масса өлшеуішпен өлшеу жүргізіледі;