2. Орта және жоғары кәсіби оқу орындары базасында сақтандыру iсi мамандарын дайындау жөніндегі орталықтар құру.
Осы мiндеттi iске асыру тиісті оқу орындарында тұрақты жұмыс iстейтiн сақтандыру ұйымдары қызметкерлерiнiң оқыту, білiктілiгiн көтеру және қайта даярлау курстарын ашу мәселесін, сондай-ақ "сақтандыру" мамандығы бойынша оқыту топтарын ашу мәселесін зерттеуді көздейді.
3. Халықаралық бағдарламаларды және халықаралық қаржы, сақтандыру және басқа ұйымдардың мүмкiндiктерiн мамандарды даярлау және біліктiлігін көтеру мақсатында барынша пайдалану.
5.9. Сақтандыруды қадағалауды дамыту және тиiмділігiн арттыру
5.9.1. Сақтандыру заңнамаларын Еуропа Одағының
Директиваларымен және Сақтандыруды Қадағалаудың Халықаралық
Қауымдастығының сақтандыруды қадағалау қағидаттарымен және
стандарттарымен кезең-кезеңмен үйлестіру
Қолданылып жүрген сақтандыру заңдары сақтандыру секторын реттеудiң мейiлiнше тиiмдi құралы болып табылады, бұл ретте ол уәкілеттi мемлекеттік органның тәуелсiздiгiн және жеткiлiктi өкiлдiктерiн қамтамасыз етiп отыр. Сақтандыру қатынастарының қатысушылары арасындағы өзара қарым-қатынастар және сақтандыру қызметiн ұйымдастырудың көптеген мәселелерi реттелдi.
Сонымен бiрге, жаңа сақтандыру өнiмдердi және оны iске асыру технологиялары дамуда, сақтандырудың кәсiпкерліктің бiр түрi ретiнде даму үрдiстерi, әлемдiк сақтандыру рыногына мейлiнше интеграциялануы, сөйтiп халықаралық сипатқа ие бола бастағандығы көзге түсуде. Осыған байланысты, экономиканың осы секторын реттеу әдiстерi халықаралық стандарттар мен принциптердi ескере отырып жетiлдiрудi талап етуде.
Белгілi болып отырғандай, реттеудiң негізгі мiндеттерi мыналар болып табылады: сақтандыруды қадағалау органының сақтанушылардың заңды мүдделерінің қорғауының тиімділігін арттыру, яғни сақтандыру ұйымдарының өздерінің алдындағы міндеттерін орындайтынына сенімді болуы тиіс, сондай-ақ сақтандыру рыногындағы бәсекелестік ортаны қолдау және оның инфрақұрылымын сақтандыру ісін ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесіне сәйкес дамыту.
Өз кезегiнде сақтандыру рыногындағы қызметке бiрдей талаптар қою сақтанушылар үшін ұсынылатын сақтандыру қызметі құнының төмендеуіне және тізбесінің ұлғаюына, сапасының артуына мүмкіндік береді.
Жоғарыда аталған проблемаларды шешу Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңдарының сақтандыру қызметiн реттейтiн еуропалық директивалармен және Сақтандыруды қадағалаудың Халықаралық Қауымдастығының сақтандыруды қадағалау стандарттарымен және негiзгi принциптерiмен кезең-кезеңiмен үйлесуiне мүмкіндік бередi.
Осы мақсат үшiн, яғни тиiмдi, әдiл және тұрақты сақтандыру рыногын дамытуға ықпал ететiн, сондай-ақ түрлi елдердiң қадағалау органдарымен қарым-қатынасты одан әрi дамытуға бағытталған қазақстандық сақтандыру заңдарының халықаралық стандарттармен өте жоғары дәрежедегі сәйкестiгiн қамтамасыз ету қажет.
5.9.2. Сақтандыру делдалдығын реттеу
Қазiргi уақытта сақтандыру делдалдары қызметiнiң талаптары iс жүзiнде реттелмей қалып отыр. "Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес сақтандыру брокерлерi мен сақтандыру агенттерi қызметiнiң талаптары және тәртібі аталған Заңның 17 және 18 баптарымен ғана реттелiп отыр.
Сонымен бiрге сақтандыру рыногы субъектiлерiнiң қызметiн реттейтiн және қадағалайтын уәкiлеттi орган тарапынан делдалдардың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарымен және сақтанушылармен (сақтандырылғандармен, тиiмдi сатып алушылармен) өзара қарым-қатынасы Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк, құжат айналымына.
Делдалдар қызметiне бақылаудың және талаптардың болмауы олардың заңға қарсы әрекеттер мен операциялар жасауына терiс мақсатта пайдалануына мүмкiндiк беруде.
Айтылғандарды, сондай-ақ сақтандыру делдалдары қызметiне бақылауды жүзеге асыруды көздейтiн халықаралық тәжiрибенi ескере отырып, сақтандыру делдалдары қызметiн нақты реттеу, заңды тұлғалардың қолданылып жүрген заңдарға тиiсiнше өзгерістер мен толықтырулар енгізу және нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеу арқылы сақтандыру агенттiктерiн құруға және қызмет ету талаптарын белгiлеуiне мүмкiндiк беру саласында жұмыстар жүргізген жөн.
5.9.3. Сақтандыруды қадағалаудың жаңа қағидаттарын енгізу
Қазiргi уақытта сақтандыру қызметiн реттеу мен қадағалау жалпы алғанда, қадағалау субъектiлерiнiң белгіленген нормативтердi, оның ішiнде пруденциалдық реттеу деп аталатын пруденциалдық нормативтердi орындауды тексеру негізiнде жүзеге асырылады. Бұл әдiс бұрыннан бар проблемаларды және оны шешудiң (жоюдың) алдағы тәсiлдерiн iздестiруден тұрады. Осы әдiс қаншалықты қажет болғанымен, көптеген елдердiң тәжiрибесiн ескере отырып, оның ең негізгі кемшіліктерiнiң бiрi, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында қандай-да бiр проблема пайда болған жағдайда оны нәтижелі шешуге күш салудың өте кеш болатынын атап айтқан жөн.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметiн қадағалау мен реттеу жүйесiн жетілдіру мақсатында компанияларда орын алуы мүмкiн тәуекелдердiң жаңадан пайда болу кезеңiнде анықтауға қабiлеттi реттеушi жаңа әдiстер мен механизмдердi әзiрлеу қажет.
Қадағалаудың тиімділігі проблемасын шешудiң бiр жолы проблема нақты болғанға дейін-ақ (оның iшiнде пруденциалдық нормативтердi бұзу) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметiн бiр iзге түсiрiп, тәуекелді төмендетуге арналған тәуекелді бағалауға негізделген қадағалау тұжырымдамасын (Risk - Bosed Super-vision) пайдалану болып табылады.
Тәуекелдердi бағалау негiзіндегі қадағалауды әр сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өз қызметі душар болатын құрылымдық процесс немесе негiзгi тәуекелдi анықтауға және жiктеуге бағытталған дәйектi құрылымдық процесс немесе дәйекті реттеу рәсiмдерiнiң кешенi тәуекелдердi бағалау және осы тәуекелдер туралы ескерту, төмендету немесе алдын алу жөнiндегі iс-шаралардың бағдарламасын әзiрлеу үшiн құралдарды іріктеу деп сипаттауға болады.
Қаралып отырған тұжырымдаманы пайдаланатын елдердегi (оның iшiнде АҚШ) зерттеулер қорытындысы бойынша мыналар анықталды, бiрге алынған аз ғана коэффициенттер мен ара-қатынастар (12-ден - 15-ке дейiнгі шекте) арқылы сақтандыру ұйымдарының төлем қабiлеті жоқ болып қалғанға дейiнгi екi жыл ішінде жағдайсыз болып қалуының 75%-iн, және тiптi әрi кеткенде, банкрот болардан 1 жыл бұрын жағдайсыз болып қалуының 95%-iн болжауға болады.
5.9.4. Сақтандыру қызметін реттеу мен қадағалауды одан әрі
жетілдіру
Сақтандыру қызметiн реттеу мен қадағалауды одан әрi жетiлдiру жөнiндегі негізгi мiндеттердi iске асыру шеңберiнде сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын қызметке тiкелей ықпал ететін қолданыстағы заңдар базасы мен заң аясындағы нормативтiк құқықтық актілерге сараптама жасалуы, кейiннен сақтандыру қызметiне реттеу мен қадағалау жасайтын уәкiлеттi органның қолданылып жүрген заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізудi жүзеге асыруы тиіс.
Атап айтқанда, осал бағытта мынадай мiндеттерді қарау жоспарланып отыр:
сақтандыру қызметін реттеудiң ұлттық режимі мен халықаралық принциптер мен стандарттардың жақындасуын республиканың Дүниежүзiлiк Сауда Ұйымына интеграциялануы қажеттігін, оның ішінде шетелдiк қатысуды шектеудi кезең-кезеңiмен төмендету арқылы ескере отырып қамтамасыз ету;
сақтандыру ұйымдары мен сақтандыру брокерлерінің қайта сақтандыру қызметін қадағалауды Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру брокерлерінде кредиттік рейтингтердің (Credit Raiting) міндетті түрде болуын талап етуді белгілеу жолымен күшейту;
сақтандыру рыногы қатысушыларының (апат комиссарларының, аджастерлердiң, андеррайтерлердiң, сюрвейерлердiң, диспашерлердiң және басқалардың) құқықтық негiзiн нақтылау, сақтандыру брокерлерi мен сақтандыру агенттерiнiң қызметін шектеу және нақтылау;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық тұрақтылығы және төлем қабілеттілігі талаптарын одан әрi дамыту;
актуарийлердiң, iшкi және сыртқы аудиторлардың қызметiн пайдалануға нұсқаларды, сондай-ақ делдалдар мен сақтандыру агенттерiнiң өзара қарым-қатынасын реттейтiн сақтандыру ұйымының iшкi ережелерiне қойылатын талаптарды әзiрлеу;
корпоративті басқару және тәуекелдерді басқару жүйелеріне, оның ішінде жүзеге асырылатын операциялардың нақты ретінің болуына қойылатын талаптар әзірлеу;
сақтандыру операцияларының бухгалтерлік есеп жүйесiн жетiлдiру және қаржы қызметiнiң айқындығын арттыру;
сақтандыру тарифтерiнiң есептеу тәртібіне қойылатын талаптарды белгiлеу;
сақтандыру рыногының кәсiби қатысушыларын құрған, лицензиялаған, келiскен кезде белгіленетiн талаптарды басқа қаржы ұйымдарына қойылатын мынадай талаптармен салыстыра отырып бiрегейлендiру және стандарттау;
тәуекелдерді бағалау жүйесiне негiзделген алдын-ала ескерту тестерiн жүргiзу;
деректердi жинау және өңдеу жүйесiн автоматтандыру.
5.9.5. "Өмiрдi сақтандыру" саласындағы сақтандыру ұйымдарының
қызметiн реттеу мен қадағалаудың тиiмділiгін арттыру
Сақтандыру рыногі субъектілерiнiң қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегі уәкілетті орган алдында өмiрдi сақтандыруды дамытуды одан әрi ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасы заңдарының жекелеген талаптарын қайта қарау, оның iшiнде сақтандыру ұйымдарының "өмiрдi сақтандыру" бойынша және жалпы алғандағы нормалары мен лимиттерiн қадағалау жөніндегі пруденциалдық және басқа мiндеттi нормативтердi, сақтандыру бизнесiнiң ("жалпы сақтандыру" және "өмiрдi сақтандыру") түрлi саласындағы қызметiн жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарын қадағалауды жүзеге асыруға арналған тәсiлдерiн бөлу мiндетi тұр.
"Өмiрдi сақтандыру" саласы бойынша қызмет атқаратын сақтандыру ұйымдарының дамуын айқындайтын фактор - ұзақ мерзiмдi бағалы қағаздардың толыққанды отандық рыногының болуы болып табылатынын айта кету қажет.
Бұл проблема "өмiрдi сақтандыру" саласы бойынша қызмет атқаратын сақтандыру ұйымдары үшін айрықша мәнді ұзақмерзiмдi қаржы құралдарының дамуымен байланысы бар кең ауқымды іс-шаралар кешенiмен, оның iшiнде ел Үкiметінің қатысуымен шешілуi тиiс жалпы проблемалардың бiрегейi болып табылады.
5.9.6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына iшкi басқару
жүйесін ендіру
5.9.6.1. Корпоративті басқару
Кез-келген шаруашылық жүргізушi субъектінiң, сондай-ақ жеке тұлғаның қызметі тәуекелмен байланысты. Экономикалық ұғым бойынша, тәуекелмен төмен рентабельдік немесе экономикалық шығындар арқылы зиянға душар ететiн қолайсыз жағдайдың орын алу ықтималдығы.
Сақтандыру ұйымдары қызметiнiң негізгі түрi басқа тұлғалардың тәуекелдерiн өзiне қабылдауы екенiн ескере отырып және сондықтан онда осындай тәуекелдердiң басым бөлiгі топтасатындықтан, бара-бар реттеу қажеттілiгі, сондай-ақ корпоративті басқару жүйесін ендiру негiзiнде сақтандыру ұйымдары қызметiнiң тиiмділiгін арттыру қажеттігі пайда болады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында корпоративтi басқару жүйесiн ендiру - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын жеке дамыту әрi жалды сақтандыру рыногын дамытудың мейлiнше өзектi мәселелерiнiң бiрi болып табылады.
Корпоративтi басқарудың, шағын жүйесi ретiнде акционерлер, директорлар кеңесi және басқарма арасында жарғымен, регламентпен компанияның iшкi ресми саясатымен белгіленген өзара қарым-қатынастар жүйесi танылады.
Бұл салаға сақтандыру рыногындағы iшкi аудит қызметiнiң, байқау кеңесiнiң, тәуекелдердi басқарудың толыққанды жүйесiнiң, өтiмділіктi басқару жүйесiнiң, инвестициялық, дивидендтік саясаттың және басқаларының болу талаптары кiредi. Қоғамның басқарушы органы Директорлар кеңесiнiң, қоғамның атқарушы органы - Басқарманың және Басқарма Төрағасының белгiленген және бекітілген өкiлдiктерiнiң, сондай-ақ компания қызметкерлерiнiң iшкi рәсiмдермен және саясат арқылы белгіленген қоғамның шешімдері мен қаулыларын сақтандыру ұйымдарының барлық қызметкерлерiнiң нақты орындайтын қызметтiк нұсқаулықтарының болуы және олардың қолданылуын реттеу айырықша орын алады.
Корпоративтi басқару жүйесi сақтандыру ұйымы қызметiнiң түрлi процестерiнiң жан-жақты сипатталуының (формализациялау) болуын болжалдайды.
Қазақстанда корпоративтi басқару жүйесiн дамыту мақсатында оны кең ауқымда ендiруге байланысты мәселелер осы басқару үлгiсiн барлық компаниялар мен корпорациялар iс жүзiнде тиiмді пайдаланып отырған басқа елдердiң тәжiрибесiн талдауды және зерттеудi талап етедi.
Сондай-ақ "Корпоративтiк мiнез-құлық кодексінің" нормалары мен ұсыныстарын iс жүзiнде ендiру және қолдану бойынша iс-шараларды жүзеге асыру міндеті тұр.
5.9.6.2. Тәуекелдердi басқару жүйесi
Компанияның орын алуы мүмкiн тәуекелдерiн олардың алғашқы пайда болу кезеңiнде анықтау, сондай-ақ жалпы рынокта, әрі компанияның iшiнде жағдайдың өзгеру мүмкіндігін ескере отырып, кәсiпорынның дамуын болжау қажеттілігі мақсатында, корпоративтік басқару жүйесінің маңызды бір құрамдас бөлігі ретінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тәуекелдерін басқару жүйесін (risk management) енгізу қажет болып отыр.
"Тәуекел менеджментінің" мақсаты тәуекелдердi талдау және анықтау, оларды бағалау және жіктеу құралдарын таңдау жөніндегі сабақтас іс-әрекеттердің кешенін ұйымдастыру, оларды ескерту, төмендету немесе алдын-алу және осы бағдарламаларды пайдалану жөніндегі іс-шаралар бағдарламасын әзірлеу болып табылады.
Тәуекелдерді басқару компанияның ірі қолайсыз факторлар алдындағы қаржылық осалдығын ескертуді қамтамасыз етуі тиіс.
Сақтандыру компаниясының тәуекел менеджмент жүйесін құру кезінде іс жүзінде қаржы-шаруашылық қызметінің барлық бағыттары бойынша тәуекелдердің пайда болуының және ықпал етуiнiң күрделi сипатын ескеру қажет.
Тәуекелдерді басқару процесі жалпы алғанда мынадай кезеңдерден өтеді:
тәуекелдердi анықтау;
тәуекелдердi жiктеу;
тәуекелдердi бағалау;
басқару әдiстерi мен құралдарын анықтау;
таңдап алынған әдiстердi нақты iске асыру.
Бұл ретте мынадай көпбағыттылық, жеделділік, объективтiлiк, кешендiлiк принциптерiне негізделген менеджмент тәуекелi жүйесi неғұрлым тиiмдiрек деп ұсынылып отыр.
Сақтандыру компаниясына ұсынылып отырған тәуекел менеджмент жүйесi сақтандыру рыногын дамытудың қазiргi кезеңдегi талаптарына сай тәуекелге қарсы басқарудың функционалды механизмi болып табылады. Тәуекелдердi басқару проблемасына aз көңіл бөлiнiп отырғанына қарамастан, болжанып отырған сақтандыру операцияларының көлемi мен бәсекелестiктiң өсуiнiң күшеюі отандық сақтандыру ұйымдарында тәуекел-менеджменттiң даму проблемаларын жақын арада шешу қажеттiгін айғақтап отыр.
Қазақстан Республикасының банк секторында тәуекелдердi басқару жүйесiн ендiру бойынша осындай жұмыстардың жүргізiлiп келдi және жүргiзiлгендiгі және жүргізiле беретіндігі белгілi. Осы орайда, банктердегi тәуекелдердi басқару жүйесiн ендiрудiң практикалық тәжiрибесi сақтандыру ұйымдары үшiн пайдаланылуы мүмкін.
5.10. Қайта сақтандыру және ортақ сақтандыру рыноктарын дамыту
Отандық сақтандырушылардың сақтандыру тәуекелдерiн, әсiресе iрiлерiн қабылдау мүмкiндiктерi шектеулi болжап отырған жағдайында ортақ сақтандырудың және қайта сақтандырудың рөлi бiрнеше мәрте өседi.
Қайта сақтандыру сақтандырушының төлем қабiлеттiлiгін және қаржылық тұрақтылығы деңгейiн көтерудiң тиiмдi механизмдерiнiң бiрi болып табылады, сондай-ақ тура сақтандырушының сақтандыру тәуекелiн қабылдауына қосымша мүмкiндiктер бередi.
Отандық қайта сақтандыру рыногының тиiсiнше дамымауы себептi қазақстандық сақтандырушылар тәуекелдерiнiң үлкен бөлiгі шетелдiк қайта сақтандыру рыногында орналастырылып отыр. Қазақстанда әзiрше қайта сақтандыруды айырықша қызмет түрi ретiнде жүзеге асыратын бiрде-бiр ұйым (қайта сақтандыру ұйымы) жоқ.
Қазіргі уақытта шетелге қайта сақтандыруға берілетін сыйлықақылар үлесiнiң көрсеткiшi жиналған сақтандыру сыйлықақыларының 54%-н құрайды. Істiң мұндай жағдайын сақтандырушылардың қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігіне қолдау көрсетудiң, отандық сақтандыру қызметiн көрсету рыногының әлемдік кеңiстiкке интеграциялануының және озық сақтандыру технологиясы мен жаңа сақтандыру өнімдерiнiң келуiнiң қажеттiгi тұрғысынан оң қарауға болады. Екiншi жағынан, бұл қазақстандық сақтандыру рыногын барынша әлсiз және ауқымды қайта сақтандыру рыногының өзгергіштiгiне тәуелді етедi.
Сақтандырушылардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудiң тағы бiр механизмi ортақ сақтандыру, яғни бiр тәуекелдi бiрнеше сақтандырушының бiрлесiп сақтандыруы (сақтандыру пулi) болып табылады. Ортақ сақтандыру арқылы iрi немесе елеусiз және жаңа тәуекелдер көбiрек сақтандырылады. Халықаралық тәжiрибеде пулдiк сақтандыру апатты тәуекелдердi сақтандыру кезiнде барынша жиi қолданылады.
Ортақ сақтандыру механизмi Қазақстанда қазiрше iс жүзiнде кеңiнен қолданыс тапқан жоқ.
Осыны ескере отырып, мемлекеттiң қайта сақтандыру және ортақ сақтандыру механизмдерiн дамытуды ынталандыру бойынша бiрқатар нақты шараларды қолға алғаны жөн. Бұл ретте бiрiншi кезекте, оны жүргізудiң құқықтық негізiн жасау керек. Мұнда әңгіме қолданыстағы сақтандыру заңдарын жетiлдiру қажеттігі туралы болып отыр, олар қазiргі кезде қайта сақтандыру шарттарының және қайта сақтандыру қызметiнiң бүкiл ерекшелiктерiн ескермеген. Атап айтқанда, алда қайта сақтандыру шарттарының стандартты ережелерiн айқындау, қазақстандық қайта сақтандыру рыногының iскерлiк айналымы дәстүрлерiнiң жиынтығын қалыптастыру мiндетi тұр.
Алдымызда капиталды заңсыз аудару және ақшаны жылыстату үшiн трансшекаралық қайта сақтандыру операцияларын ескерту және пайдалануды болғызбау мақсатында қайта сақтандыру қызметiне тиiстi бақылауды қамтамасыз ету мәселесiн қарау мiндетi тұр.
Соңғы жылдары байқалып жүрген сақтандыру ұйымдарының капиталдандыру деңгейiнiң ұлғаю және олардың қаржылық жағдайының нығаю үрдiсiн ескере отырып сақтандырушының қолданылып жүрген заңдарда белгiленген жеке ұсталымдары лимитінiң мөлшерiн ұлғайтудың ақылға сыйымдылығын қарау қажет. Ocы шара ұлттық сақтандыру рыногының сыйымдылығын ұлғайтуға және валюта құралдарының трансшекаралық қайта сақтандыру арналары бойынша шетелге кетуiн қысқартуға мүмкiндiк бередi.
Сақтандыру ұйымдарының сақтандыру пулдерiне мiндеттi қатысуы туралар талапты сақтандыру ұйымдарының аса iрi тәуекелдердi сақтандыруға қабылдауды көздейтiн мiндеттi сақтандырудың жекелеген түрлерiн жүргiзуге рұқсат берудiң қосымша шарты ретiнде пайдалануға болады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) пулдерiмен бiрлескен сақтандыруды жүзеге асыру талаптарын, оның iшiнде сақтандыру шартын жасау, сақтандыру тәуекелiнiң мөлшерiн анықтау, жауапкершілiктi бөлу, өзара есеп айырысуды ұйымдастыру және т.б. тәртібін реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жылдың қалыптастыру қажеттігі бар.
5.11. Салық салуды жетiлдiру
Халықтың және шаруашылық жүргізушi субъектiлердiң мүдделерiн қорғаудың негiзгі құралы ретінде сақтандыру жүйесiнiң қалыптасуы мемлекет тарапынан тиiстi салық салу режимiн құруды талап етедi.
Сақтандыру институты әлеуметтiк-экономикалық жүйенiң органикалық элементі ретiнде бiртiндеп өскен дамыған елдерден айырмашылығы қазақстан экономикасында сақтандыруды дамыту жылдамырақ қарқынды талап етедi.
Осыған байланысты сақтандыру жүйесiн жедел дамыту жолдарының бiрi сақтанушыларға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына салық салу жүйесiн жетiлдiру болып табылады.
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi
Осы Бағдарлама мемлекеттiң, оның орталық салалық органдарының, сақтандыру рыногы субъектiлерiнiң және оның инфрақұрылымының отандық сақтандыру индустриясын дамыту жөніндегі шаралар кешенiн әзiрлеу және iске асыруға жан-жақты қатысуын көздейді.
Бағдарламада белгіленген мiндеттердiң басым бөлiгі тиiстi нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру арқылы шешiледi, ол бюджет қаражатынан қосымша шығынды талап етпейдi.
Сақтандыру ұйымдарының және сақтандыру рыногының өзге де субъектілерiнің мамандарын даярлау, қайта даярлау және кәсiби деңгейiн көтеру жөніндегі iс-шараларды iске асыру үшiн шетелдiк сарапшыларды және халықаралық қаржы және өзге де ұйымдардың гранттарын, сондай-ақ рыноктың кәсiби қатысушыларының өздерiнiң қаражатын тарту көзделуде.
Мөлшері 2005 жылғы бюджетте анықталатын, республикалық бюджет қаражатын талап ететін Мемлекеттік аннуитет компаниясын құру туралы ел Үкіметінiң шешiмiн қабылдау.
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
Осы Бағдарламаны iске асыру:
ұлттық сақтандыру индустриясының тұрақтылығын және сенiмдiлiгiн нығайтуға, елде жеке сақтандыруды дамытуға бастапқы негiз қалауға;
мiндеттi сақтандырудың тиiмдi жүйесiн құруға мүмкiндiк беретiн ұлттық экономиканың басым салаларының қажеттіліктерін халықты әлеуметтiк қолдауды ескере отырып міндетті сақтандыру саласында ұзақ мерзiмдi мемлекеттік саясатты жасауға;
сақтандыру рыногының толыққанды инфрақұрылымын құруға қолдау көрсетуге, сақтандыру саласында кадрлық әлеуетті жақсартуға;
жаңа сақтандыру өнімдері мен технологияларды ендіруді жандандыруға, сақтандыру қызметінің сапасын жақсартуға және оның тізбесін кеңейтуге;
сақтандыру рыногы субъектілерiн қадағалау мен реттеу стандарттарын көтеруге;
ұлттық сақтандыру рыногын халықаралық рыноктарға интеграциялау процестерiн және сақтандыру (қайта сақтандыру) схемасын тереңдетуге мүмкiндiк береді.
Мiндетті сақтандырудың жаңа түрлерін ендiрудi және жеке сақтандыру жөнiндегі қызметті жандандыруды ескере отырып сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық көлемi 2005 жылға қарай 2003 жылмен салыстырғанда орташа алғанда 100%-ке көбейдi, 2006 жылы 2-2,5 есе, 2007 жылға қарай -3-3,5 есе ұлғаяды.
Сақтандыру сыйлықақыларының көлемiнiң ұлғаюы оның жалпы iшкi өнiмдегі үлесiнiң 2003 жылы 0,6%-тен 2004 жылы 1%-1,2%-ке, 2005 жылы 1,4%-1,6%-ке және 2006 жылы 2%-ке ұлғаюына алып келедi.
Сақтандыру ұйымдарының жиынтық активтерi, осы кезеңде 2 еседей өседi, бұл сақтандыру рыногының инвестициялық әлуетiн 40 млрд. теңгеге дейiн дерлiк ұлғайтуға мүмкiндiк бередi.
Ұлттық сақтандыру индустриясының дамуы жалпы мемлекеттiң экономикалық және әлеуметтiк қауiпсiздiгін қамтамасыз етуге қажеттi алғышарттарды құруға жағдай жасайды.
8. Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногын
дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын
iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары
1. Жеке сақтандыруды дамыту
┌─────┬─────────────────┬────────┬──────────┬────────┬────────┬──────────┐
│ P/c│ Iс-шаралар │Аяқталу │Орындауға │Орындалу│Болжамды├Қаржы. │
│ № │ │нысаны │жауаптылар│мерзімі │шығыстар│ландыру │
│ │ │ │ │ │(млн. │көздерi │
│ │ │ │ │ │теңге) │ │
├─────┴─────────────────┴────────┴──────────┴────────┴────────┴──────────┤