Халықтың сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы хабардар болуын арттырудың тиiмдi құралдарының бiрi мамандандырылған баспасөз басылымының шығарылымы болуы тиiс (қазiргi уақытта ол жоқ), оны мемлекеттік органдардың, сондай-ақ сақтандыру рыногының кәсiби қатысушыларының қатысуы әбден мүмкiн.
5.4. Сақтандыру статистикасының толыққанды базасын
қалыптастыру
5.4.1. Ағымдағы жай-күйi
Жалпы алғанда сақтандыруды, оның iшiнде оның жинақтаушы түрлері мен аннуитеттердi ұсыну жүйесiн дамытудың қажетті факторы статистикалық және өзге деректердiң ауқымды базасының болуы болып табылады.
Қолданылып жүрген мемлекеттік статистикалық сақтандыруда толық көлемде қолданылмауы мүмкiн.
Бiрiншiден, өмiр ұзақтығының жалпы кестелерi деректердiң жоғары дәлдігімен және толық салыстыруға болатындығымен, сондай-ақ олардың математикалық өңделу мұқияттылығымен ерекшеленбейді.
Екiншiден, мемлекеттік статистиканы нақтылау сақтандырудың міндеттi сияқты ерiктi түрлерiнiң де тарифтерін негіздеу үшін қажетті көптеген актуарлық кестелерді құруға мүмкіндік бермейді. Мемлекеттік статистика деректерiнде актуарлық есептеулердi жүргізу үшін көптеген қажетті мәлiметтер жоқ.
Үшiншіден, сақтандыру компаниялары халықтың ерекше тобымен: әр түрлi уақытта, әр түрлi жаста және әр түрлi тәуекелдерден сақтандырылған тұлғалардың жиынтығымен жұмыс iстеуде.
Актуарлық есептеулер кезiнде шынайы статистикалық деректердi пайдаланудың маңыздылығын түсiне отырып, көптеген отандық сақтандыру компаниялары өздерiнiң деректер базасын жүргізу қажеттiгін түсiндi. Бiрақ бұл мәселенiң толыққанды шешiмi болып табылмайды, өйткенi мұндай бытыраңқы есеп болған жағдайда (әрбiр жекелеген сақтанушы) алған ақпараты аз көлемдi, бiр тектес емес және онша шынайы емес те болады.
5.4.2. Сақтандыру статистикасының толыққанды базасын
қалыптастыру қажеттігi
Сақтандыру тарифтерiн және сақтандыру резервтерін есептеу сапасын жақсарту жөнiнде iс-шараларды ойдағыдай iске асыру, атап айтқанда оларды есептеу жөнiндегі бағдарламалық өнiмдi әзiрлеу мен қолданысқа енгізу мұндай деректер базасынсыз мүмкiн емес.
Деректер базасы халықтың жалпы өлiм-жiтiмi, халықтың жекелеген санатының өлiм-жiтiмi (мысалы, жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысатындар және тұрақты түрде зейнетақы жарналарын төлейтіндер), мүгедектердiң өлiм-жiтiмi туралы мәлiметтердi, мүгедектiктен қалпына келу көрсеткiшiн, мүгедектік, жарақаттылық және тағы басқалардың артуының көрсеткiштерiн қамтуы тиiс.
Сақтандыру статистикасының жинақталуы оны сақтандыру рыногының кәсiби қатысушылары, атап айтқанда актуарийлер, андеррайтерлер пайдалануы үшiн қиын әрi шығынды мiндет болып табылады. Бұл мынадай себептермен негiзделген:
Бiрiншiден, деректердi жоғары дәрежеде нақтылай отырып есеп берудi нысандарын әзiрлеу және оны барлық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының жұмыс тәжiрибесiне енгізу қажет.
Екiншiден, қажетті статистикалық ақпаратты жинақтау процесiн ұйымдастыру бойынша жұмыс, сондай-ақ деректер базасын қалыптастыру, жаңарту және мониторингi бойынша жұмыс көп еңбек сiңiрудi қажет етедi.
Үшіншіден, сақтандыру кезіндегі шынайы көріністі бара-бар көрсететiн статистикалық және өзге де деректерді қалыптастыру және жинақтау үшiн 3-5 жылдай ұзақ уақыт аралығы қажет.
Бұдан басқа, статистикалық және өзге де ресми деректердiң қажеттi базасының болуы сақтандыру тәуекелдерінің түсу мүмкiндігін және қандай да бiр мiндеттi сақтандыру түрін енгізудің мақсаттылығы туралы мәселелердi қарау барысында олардың келтіретін ең көп мөлшердегi зиянын бағалау үшiн қажет.
Ақиқаттылық деңгейi жоғары мұндай деректердiң болуы жалпы алғанда жеке сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру тарифтерiнiң бара-бар мөлшерiн белгiлеуге мүмкiндiк бередi.
5.4.3. Сақтандыру статистикасының толыққанды базасын
қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылуы қажет iс-шаралар
Сақтандыру статистикасының деректер базасын жасау және қалыптастыру жөнiндегі жұмыс сонымен қатар мынадай құрамдас бөлiктерден тұруы қажет:
бiрiншi кезекте мiндетті сақтандыруда жинақталатын деректердi жинау, сақтау және өңдеу үшiн бiрыңғай әдiстемелiк базаны әзiрлеу;
сақтандыру ұйымдарының қажеттілігін көрнекi және бара-бар көрсете алатын көрсеткiштер тiзбесiн айқындау;
сақтандыру рыногының өзгеруi барысында сақтандыру түрлерiнiң тiзбесiн және көрсеткіштер тiзбесiн түзету (қажет болған жағдайда) механизмiн, сондай-ақ осындай түзетуге статистикалық ақпарат тұтынушыларының қатысу тетігін жасау.
Сақтандыру статистикасы көрсеткiштерiнiң әзiрленетiн тiзбесi мынадай талаптарға жауап беруi тиiс:
сақтандырудың барлық саласын қамту;
байланыстарды көрсететiн (бiрыңғай жiктеулердi және жiктеушiлердi пайдалану арқылы) бiрнеше талдау операцияларының негізiнде сақтандыру статистикасы жүйесiнiң өз ішiндегі деректердiң өзара байланысын қамтамасыз ету;
сақтандыру жағдайының сақтандырылған объектiлердiң әр түрлi кластары үшiн туған кезiнде ерекшелiктерiн анықтау мүмкiндігін беру.
Тiзбенi әзiрлеу кезiнде осы саладағы халықаралық сақтандыру ұйымдары мен актуарлық қоғамдардың жинақтаған тәжiрибесiн ескерген жөн. Бұдан басқа, сақтандыру статистикасы көрсеткiштерiнiң әзiрленетiн тiзбесi әдiстемелiк және методологиялық жағынан әлемде қабылданған ұқсас көрсеткiштермен сәйкес келгенi жөн.
Көрсетiлген деректер базасын жасау, қалыптастыру және оған тұрақты мониторинг жүргізу жөнiндегі шаралар өмiрдi сақтандыруды ғана емес, жалпы барлық жеке сақтандыруды дамытуға қосымша серпін береді.
Осы мақсатта статистикалық есеп берудiң егжей-тегжейлi нысандарын әзiрлеу мен енгізу бөлiгiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және "Қазақстан Актуарий орталығы" ЖАҚ-мен бiрлесiп сақтандырудың әр түрлi түрлері (кластары) бойынша статистикалық деректер базасын қалыптастыру бойынша жұмысты белсендiру болжанып отыр.
5.5. Мiндетті сақтандыру жүйесін дамыту
Дамыған нарықтық экономикасы бар елдердiң тәжiрибесi көрсетiп отырғандай міндетті сақтандыру механизмі мемлекеттік әлеуметтiк тұрақтылығын қамтамасыз ету және экономикасының дамуын жеделдету мақсатында кеңiнен қолданылады.
Бұл тәжiрибе Қазақстанда да қолданыс табуда. Соңғы жылдары мұнда азаматтардың заңды тұлғалардың және мемлекеттің мүлiктік мүдделерiн табиғи, техногендiк, экономикалық және өзге де тәуекелдерден қорғау жөнiндегі міндеттерді шешу үшiн мiндетті сақтандыруды пайдалану аясы бiршама кеңейді.
Сонымен қатар мiндеттi сақтандырудың отандық жүйесiнде әлi де шешiмi табылмаған мәселелер бар, олардың көбici осы салада бiрыңғай мемлекеттік саясаттың болмауымен байланысты.
Атап айтқанда, әр түрлi мемлекеттік органдар мiндеттi сақтандырудың қандай да бiр түрiн енгізу туралы шешiмдi қабылдау барысында әдетте, елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының басым бағыттарын, ұлттық сақтандыру рыногының және әлуеттi сақтандырушылардың қаржы мүмкiндiктерiнiң шынайы жай-күйiн ескермей-ақ ведомство ауқымындағы мүдделердi басшылыққа алады.
Мiндеттi сақтандырудың осы және басқа да мәселелерiн шешу мақсатында мынадай негізгi мiндеттердi шешу қажет:
1. Мынадай мәселелерден тұратын мiндеттi сақтандыру саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру.
1) Мiндеттi сақтандыру түрiн енгізудiң құқықтық, экономикалық және өзге де негіздерi
Азаматтар, шаруашылық жүргiзушi субъектілер және мемлекет үшiн әлеуметтік-экономикалық маңызы сақтандырудың қандай да бiр түрiн мiндеттi сақтандыруға жатқызудың басты критерийi болуы қажет.
Заң актісiнде міндетті сақтандыру түрiн көздейтiн норманы көрсету және/немесе ол бойынша тиiсті заң қабылдау үшiн енгізілетiн мiндеттi сақтандыру түрi қажеттілігінiң, тиiмділігінiң және экономикалық мақсаттылығының әлеуметтік-экономикалық негiздемесi әзiрленуi қажет.
"Мiндеттi сақтандыру" ұғымын, принциптерi мен оның қолданылу аясын нақтылау мақсатында Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселенi қарау қажет. Мұндайда жекелеген заң актiсiне немесе шартқа орай - мiндеттi сақтандыруды жүргiзудiң құқықтық негiздемелерi нақты шектеуi тиiс.
Мемлекет мүддесін қорғау тұрғысынан алып қарағанда, міндетті сақтандыру түрiн енгізу мүмкіндігінше, халықтың және шаруашылық жүргiзушi субъектілердiң әлеуметтік, техногендiк, экологиялық, табиғи, кәсiпкерлiк және өзге де тәуекелдерден болған зияндарын өтеу көзi ретіндегі республикалық бюджетке түсетін ауырлықты азайту мақсатын көздеуi қажет.
Осыдан келіп, мыналарды алдын ала қарау қажет:
сақтандырудың тәуекелдерді басқарудың басқа да құралдарымен салыстырғандағы экономикалық пайдасы (мақсатты резервтер және қорлар, шығынды тiкелей бюджеттен өтеу, өзiн-өзi сақтандыру және басқалары);
статистикалық деректердiң толыққанды базасын қалыптастыру және экономикалық бағалауға қажетті қолданыстағы деректердің болу мәселелерi;
сақтандыруға тәуекелдердi қабылдаудың нақты мүмкiндігі, ол бiрiншi кезекте ұлттық сақтандыру нарығының көлемiмен (сақтандырушыларды капиталдандырумен), тәуекелдердің табиғатымен және олардың болуынан туындайтын салдардың мөлшерiмен, өндiрiстiң қауiпсiздiк және жұмыс iстеу кезеңiнің деңгеймен және басқа да факторлармен айқындалады;
енгізiлетiн міндетті сақтандыру принциптерiнiң сақтандырудың негiзгi ережелерiне (онысы экономикалық мәнiнiң сақтандыру қатынастарының осы түрiн ұйымдастырудың ерекше шарттарына) сәйкес келуi;
әлеуетке сақтандырушылардың сақтандыруды қаржылай қамтамасыз ету үшiн қаражатының (сақтандыру қызметтерiн пайдаланушы тұтынушылардың жеткілікті сатып алу деңгейінің) болуы;
мiндетті сақтандыруды жүргiзудi қамтамасыз ететiн тиiстi салалық инфрақұрылымның болуы;
енгізілетiн мiндеттi сақтандыру шарттарының сақтандырудың халықаралық тәжiрибеге сәйкес келуi.
2) Мiндетті сақтандырудың қағидаттары
Мiндетті сақтандыру түрiн қолданудың аясы және оны жүргiзудiң құқықтық негіздерi мынадай негізгi принциптерге сәйкес келуi тиiс:
сақтандырудың шарттары мен жүргізу тәртібiн заң белгiлейді (немесе онда жекелеген мәселелердiң басқалай реттелу мүмкiндiгi);
сақтандыруға жататын объектiлердi түгелiмен қамту;
сақтандыру қызметiн жүргізудiң жеткіліктi түрдегі ұзақтығы (тәртiп бойынша шарт жасау мiндетi сақтандыру объектісi жойылған жағдайда ғана тоқтатылады);
мiндеттi сақтандыруды жүзеге асырудың негізгі талаптары туралы ақпараттың ашықтығы;
сақтандырушылардың және басқа тұлғалардың шарт бойынша өз мiндеттерiн орындауының нақты мүмкiндігі;
сақтандыру шарты тараптарының және өзге де тұлғалардың, оның iшiнде мемлекеттің жауапкершілiк талаптары.
3) Мемлекеттiң міндетті сақтандыру саласына қатысуы
Мемлекеттің мiндеттi сақтандыру саласына қатысуының негізгі мақсаты оны өткізуге бақылауды қамтамасыз ету болуы тиiс.
Осы мiндеттерді іске асыру міндетті сақтандырудың сенімді жүйесiн жасауды көздейді, оның негізгі буындарының бірі сақтандыру қызметiн тұтынушыларға мемлекеттік кепілдік ұсыну болуы тиіс. Бұл үшін мемлекеттің осы жүйеге жанама әрі тікелей қатысуын көздейтін механизмдер пайдаланылуы тиіс.
Жанама қатысу мемлекеттiң сақтандыру ұйымдарының қызметiне, оның iшiнде олардың қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігіне қойылатын талаптар деңгейін көтеру, олардың мiндетті сақтандыру рыногына кіруiне қосымша талаптарды белгілеуді қосқанда әр түрлі механизмдерді пайдалануын көздейдi.
Мемлекеттiң сақтандыру қызметін тұтынушылардың мүдделерін қорғау саласына тiкелей қатысуына айырықша тиiмдi механизмi сақтандыру ұйымдары мұны жүзеге асыра алмаған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беретiн жүйенi құруы болып табылады.
Бұл мақсатты "Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы № 423-ІІ Заңына сәйкес құрылған Сақтандыру төлемдерiне кепілдік беру қорының көмегімен кезеңдi түрде iске асыру жобаланатын болады. Дәл осы уақытта сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру жүйесiне сақтандыру жағдайлары тууының жоғары мүмкiндiгiмен және оған қатысты олардың тууынан болатын аз мөлшерлi зиянмен сипатталатын мiндеттi сақтандырудың неғұрлым көп түрi енгізiлген. Перспективада сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорының капиталдандырылуының өсуіне орай, мiндетті сақтандырудың басқа түрлерiне де Қордың кепiлдiк төлемдерiн және жүзеге асыру негiздемелерi кеңейтiлуi мүмкiн.
Сақтандыру қызметін негізгі тұтынушылардың сатып алу қабiлетiнiң төмендігі, отандық сақтандыру ұйымдарының сақтандыру мәмiлелерiн жасау бойынша шектеулi мүмкiндiктерi және Қазақстанның сақтандыру рыногына және жалпы оның экономикасына тән басқа да объективтi себептер мiндеттi сақтандыру, оның iшiнде апатты тәуекелдермен қоса жүретiн сақтандыру аясын бұдан әрi кеңейтуге мүмкiндiк бермей отыр.
Бұл жағдайлар тәуекел факторларының деңгейiн төмендету жөніндегі, осы мәселелер бойынша шаралар кешенiн орындау жөніндегі iс-шаралардың жеделдігі мен маңыздылығын алдын ала айқындайды.
Атап айтқанда, Қазақстан халқының қаржыны айырықша ауыр, ал көп жағдайда орны толмастай жоғалтуы табиғат апаты салдарынан, олардың тұрғын үйлерiнiң бүлiнуi немесе жойылуына байланысты болуы мүмкiн екендiгін ескере келiп, республикада осы тәуекелдердi қорғауды қамтамасыз ететiн жүйе құру қажет болып отыр.
Сондықтан Қазақстан Республикасында тұрғын үй иелерiне табиғи апаттардан болған зиянды өтеу жүйесiн құруды қарау орынды болмақ.
2. Мiндеттi сақтандыру туралы заңнамаларды жетiлдiру
"Сақтандыру мiндеттілігі" туралы формальды заң нормаларын қайта қарауды қосқанда, мiндеттi сақтандырудың кейбір қолданыста бар түрлерiн сақтаудың мәнділігін анықтау қажет болып отыр.
Мiндеттi сақтандыру саласының объектілерi бойынша және оларды өткізудің басқа талаптары бойынша мейлінше әртүрлі сақтандыру түрлерi қосылғанын (қосылуы мүмкін екендігін) назарда ұстай отырып, сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру сомаларының мөлшерін (заң, нормативтiк құқықтық кесімі не сақтандыру шарты арқылы) белгілеудiң мүмкiн болып отырған негіздемелерін кеңейткен орынды.
Республиканың мiндеттi сақтандыру жүйесiне (жоспарланатын мiндетті сақтандырудың жаңа түрлерін енгізуді ескере отырып) сақтандырудың 10-ға жуық түрі енгізіледі, сондықтан заңдарды жүйелеу iс-шаралары аясында елде өткізілетін жекелеген заң актілерін міндетті сақтандыру түрлерi бойынша бiртұтас нормативтік құқықтық актіге шоғырландырудың орындылығы туралы мәселені қарау қажет.
3. Қазақстан Республикасының халықаралық сақтандыру жүйесiне кіру және міндетті сақтандыру аясында халықаралық кесiмдер жасау талаптары мен перспективаларын айқындау
Осы мiндеттi шешу - Қазақстанда жұмыс iстеп отырған халықаралық сақтандыру схемасына интеграциялауға қажеттi бiрқатар шараларды жүзеге асыруды көздейдi.
Жуық арадағы перспективада Қазақстанмен iргелес мемлекеттердiң аумағында көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық жауапкершілігін мiндеттi сақтандыруды енгiзгеннен кейiн пайда болған мемлекетаралық автомобиль бағыты проблемасын шешу қажет болып отыр.
Атап айтқанда, бұл проблемалар уақытша болатын елдiң ұлттық заңдарының шетелдiк автокөлiк иесiмен оның азаматтық жауапкершiлiгін сақтандыру шартын жасау мiндеттілігі туралы талаптарына байланысты. Сонымен бiрге ұсталатын сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерi де едәуiр жоғары.
Осыған байланысты ЕурАзияЭҚ не ТМД аясында көлiк құралдары жауапкершiлігінiң иелерiнiң халықаралық жүйесiн құруға байланысты мәселелердi қарау қажет болып отыр. Сонымен бiрге базалық модель ретiнде болашақта осы жүйеге қосылуға мүмкiндiк беретiн "Жасыл карта" халықаралық автосақтандыру жүйесiн пайдаланған орынды.
5.6. Сақтандыру рыногiнiң инфрақұрылымын дамыту
Сақтандыруды ұйымдастырудың маңызды элементтерi, әсiресе iрi тәуекелдердi сақтандыруда сақтандыру рыногының қатысушылары актуарийлер, сақтандырушы делдалдар (сақтандырушы брокерлер және сақтандырушы агенттер), сюрвейерлер, апаттық комиссарлар, аджастерлер (claims аdiusters) және басқалар болып табылады. Бұл ең алдымен, сақтандырылатын тәуекелдердi және сақтандыру жағдайының орын алуы салдарынан шеккен зиянның мөлшерiн нақты бағалауға (қаржылық, техникалық) қажеттілігіне байланысты себепшi болып отыр. Сонымен бiрге аталған қатысушылар сақтандыру қызметiнiң сапасын және олардың тұтынушыларға жеткiзiлуiн жақсартуда үлкен роль атқарады.
Сонымен қатар, қазiр қазақстан сақтандыру рыногында осы тiзiмнен ресми түрде тек сақтандыру делдалдары мен актуарийлер ғана ұсынылып отыр. Бұл ретте сақтандыру делдалдығы мәселелерi бойынша қолданылып жүрген заңдар жетiлдiрудi, сонымен бiрге сақтандыру брокерi мен сақтандыру агентi қызметiнiң талаптарын белгілеудi мейлiнше нақтылай түсудi қажет етедi. Мұндайда сақтандыру жүйесi дамыған елдерде сақтандыру брокерлерi сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы делдалдық қызметтен басқа сақтандырылатын тәуекелдерге бағалау жүргізетiнiн, шығынды реттеуге байланысты мәселелердi өздерiне алатындығын ескеру қажет.
Сақтандыру рыногының аталған қатысушыларының қызметтік мақсаты оларды міндетті сақтандыру схемасына,әсiресе iрi тәуекелдердi сақтандыруға байланысты түрлерi бойынша тарту қажеттігін көрсетедi.
Сақтандыру рыногының әр қатысушысының қызметi мен өкiлеттiгін заңды түрде белгiлеу және олардың қалыптасуы мен дамуы үшiн басқа да алғышарттар жасау керек.
2003 жылы құрылған экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөнiндегі алда мемлекеттік сақтандыру корпорациясын қалыптастыру және дамыту жөнінде кешендi шараларды жасау керек болып отыр. Аталған сақтандыру ұйымының негізгі міндетті отандық экспортерлер мен инвесторларды саяси және кәсiпкерлiк тәуекелдерден сақтану қорғанысын қамтамасыз ету болып табылады.
Сондай-ақ 2003 жылы құрылған, халықтың ипотекалық кредит беру жүйесiне кіруiн кеңейту арқылы халықты тұрғын үймен қамтамасыз етiлуiн көтеру және оның қызмет ету сапасын жақсарту мақсатын көздеген (оның iшiнде кредит беру мерзiмiн ұзарту, кредиттер мөлшерiн ұлғайту, проценттiк ставкаларды және бастапқы жарна мөлшерiн төмендету) Қазақстан ипотекалық кредиттерге кепiлдiк беру қоры қызметiнiң мәселелерiн қарау қажет.
Атап айтқанда, аталған қорды сақтандыру ұйымына қайта ұйымдастыру көзделуде, бұл қолданылып отырған сақтандыру заңдарына өзгерістер енгізудi талап етедi. Ең алдымен, бұл тәсіл негізiнен халықаралық тәжiрибеге сәйкес келедi. Атап айтқанда, Еуропалық кеңестің директивалары сақтандыру кредиттерiн, оның iшiнде ипотекалық кредиттердi сақтандыру ұйымдарының жүзеге асыратынын болжалдайды.
Ипотекалық сақтандыру заемшының төлем қабiлетсiздігі ықтимал болған кезде кредиттік тәуекелдi төмендету құралы болып табылады, сондай-ақ кепілге берiлген мүлiктi сату кезiнде жылжымайтын мүлiк рыногындағы бағаның ауытқуының кредиторды шығынға душар етуге әкелуi және оның осыған душар болуының халықаралық тәжiрибеде оны жүргiзудiң негізгi принциптерiнiң бiрi заемшының бастапқы жарна бөлігінде (top-tier) сақтандырушы болып табылады.
Ипотекалық сақтандыру кредиторлардың қаржылық тұрақтылығына тiкелей ықпал ететінін және өзара тығыз қарым-қатынаста болатынын ескере отырып, ипотекалық сақтандыруды жүзеге асыру принциптерiн заң шығару деңгейiнде белгілеу мәселелерi, оның iшiнде ипотекалық сақтандыруды жеке сақтандыру сыныбы ретінде бөлiп көрсету арқылы қарауды талап етедi. Мұндайда ипотекалық кредиттердi беруге байланысты тәуекелдердi сақтандыру мүлiктік сақтандырудың басқа түрлерi бойынша жүзеге асырылмауы тиiс.
Айтылғандарды ескере отырып, ипотекалық сақтандыруды (капиталдандыру деңгейi, сақтандыру резервтерін қалыптастыру тәртібі) жүзеге асырушы сақтандыру ұйымдарының қызметiне арнайы талаптар белгiлеу қажет. Ең алдымен бұл сапалы және тартымды ипотекалық сақтандыру рыногының қалыптасуына ықпал ететiн осы сақтандыру ұйымдарының төлем қабiлеттiлігі мен қаржылық тұрақтылық деңгейiн көтеруге мүмкiндiк бередi.
Сонымен бiрге, сақтандыру рыногының түрлi кәсiби қатысушыларын (сақтандыру агенттерi, актуарийлер, апат комиссарлары және басқалар) бiрiктіретін сақтандыру рыногындағы өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарды (ӨРҰ) дамытуға ерекше көңiл бөлу қажет. Сақтандыру рыногының жекелеген кәсiби қатысушыларына лицензия беру және рынокқа кіруiне рұқсат берудi осы өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарға беру жоспарланып отырғанын ескерсек, осы проблеманың айырықша мәнге ие болатынын байқаймыз.
5.7. Сақтандыру рыногының есебiн автоматтандыру және оны
ақпараттандыру
Сақтандыру рыногының кәсiби қатысушыларының қызметiн, сонымен бiрге бухгалтерлiк есеп жүргiзу саласын автоматтандыру және ақпараттандыру елдегі сақтандыру рыногын дамытудың осы кезеңiндегі маңызды мiндеттердiң бiрi болып табылады.
Ең алдымен, автоматтандырылған жүйенi ендiру сақтандыру рыногының кәсiби қатысушылары жүргiзетін операциялардың сенiмдiлігі мен айқындығын көтеруге мүмкiндiк бередi, қызметкерлердiң күнделiктi еңбегiн жеңiлдетедi, ақпаратты жасау, өңдеу және талдау процестерiн жеделдетедi.
Осы мақсатпен сақтандыру рыногының кәсiби қатысушыларымен олардың бiрлестiктерiмен бiрлесе отырып бухгалтерлiк есептi жүргiзуге мүмкiндiк беретiн және қаржылық есептi автоматтандырылған тәсiлмен жүргізетiн автоматтандырылған ақпарат жүйесi (бағдарламалық қамтамасыз ету) бойынша жұмыс жүргiзу қажет.
Бұл ретте бастапқы кезеңде стандартты бағдарламалық қамтамасыз ету мыналарды қамтамасыз етуi тиiс:
1) барлық филиалдар мен өкiлдiктердi (болған жағдайда) ескере отырып автоматтандырылған ақпарат жүйесiне ендiрілген Бас бухгалтерлiк кiтапты жүргізу;
2) барлық жасалатын операциялар бойынша қосалқы бухгалтерлiк есептi жүргiзу;
3) қолданылатын автоматтандырылған ақпараттық жүйенiң сенiмдiлігі мен қауiпсiздігі.
Бұдан басқа, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында стандартты бағдарламалық қамтамасыз етудi және оған сақтандыру статистикасының деректер базасын жүргізу, талдау бойынша қойылатын талаптарды әзiрлеу қажет. Бұл шаралар сақтандыру резервтерi есебiнiң рәсiмдерiн жеңiлдетуге және оңайлатуға мүмкiндiк бередi, актуарийлер растаған олардың есептерi мiндетті болып табылатындығы және сақтандыруды қадағалау органына тұрақты негізде ұсынылып отыратындығы ескерiледi.
5.8. Кадрлық әлеуетті дайындау
Отандық сақтандыру рыногының жедел дамуы және оның әлемдiк сақтандыру кеңiстiгіне кіру қажеттігі сақтандыру индустриясы кадрларының кәсiби біліктілігін түбегейлi түрде көтеру қажеттiлігін қойып отыр.
Қазiргі уақытта сақтандыру ұйымдарының басшыларының және мамандарының мейiлiнше көпшiлiгінiң не арнайы білімi, не сақтандыру iсi саласында жеткiлiктi тәжiрибесi және білімi болмай отыр. Бұл сақтандыру ұйымдары менеджерлерiнiң дұрыс тарифтiк және инвестициялық саясат белгiлеуiне, оңтайландырылған сақтандыру портфелiн және тағы сол сияқтыларды қалыптастыруда көрiнiс беріп, нәтижесiнде сақтандыру ұйымының тұрақтылығына, олар көрсеткен қызметтің саны мен сапасына терiс әсер етiп отыр.
Сақтандыру индустриясы кадрларының басым бөлігінiң кәсiби дайындығының болмау проблемалары негiзiнен республикада сақтандыру саласы бойынша мамандандырылған ғылыми-зерттеу және білім беру орталықтарының болмауына байланысты. Бүгiнгi күнi сақтандыру мәселелерiн зерттеу заң және экономикалық жоғарғы оқу орындарындағы жекелеген пәндермен (сақтандыру ұйымдарындағы бухгалтерлiк есеп, сақтандыру құқығы және басқалар) шектеліп отыр.
Сақтандыру ұйымдары мамандарының қайта даярлау және кәсiби деңгейiн көтеру жөніндегі бiртұтас бағдарламаның болмауы осы мәселелердi әр сақтандыру ұйымының жеке өз аясында шешуге мәжбүр етiп отыр, бұл iрi материалдық және өзге де шығындармен байланысты. Сондықтан өз қызметкерлерін шетелде оқытуды немесе осы мақсат үшiн шетелдiк мамандарды таратуды тек iрi сақтандыру ұйымдары ғана ұйымдастыра алады.
Сақтандыру саласындағы кадрларды кәсiби даярлауға қатысты осы және басқа проблемаларды шешу мақсатында мынадай негiзгі мiндеттердi шешу қажет:
1. Сақтандыру рыногы қызметкерлерiн қайта даярлау және біліктiлiгiн көтеруді орта және жоғары кәсіби білім беру жүйесі, оқу-практикалық конференциялар, курстар, оқу орталықтары, семинарлар және басқа оқыту нысандары жүйесі арқылы жүзеге асыру.
Бұл жұмыс Қазақстан сақтандырушыларының қоғамдық бірлестігі жасаған тиісті оқу бағдарламасы негізінде жүргізілуі тиіс. Осы мiндеттi iске асыру мақсатында сақтандырушылардың қоғамдық бiрлестігі жанынан қарасты оқу орталығын барлық сақтандыру ұйымдарының үлестiк қатысы есебiнен құру туралы мәселені қарау қажет.